Вольтердің әлеуметтік көзқарастары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы : Франциядағы ағартушлық дәуір
Орындаған: Аблаева Н. М. Ж
Қабылдаған: Садыкова Р. О
Алматы қ., 2009 жыл
Жоспар
- Француз ағартушылығы революциясының идеологиялық даярлығы ретінде бастау алуы
- Ш. Л. Монтескье саяси билік бөлінісі жайында
- Ж. Ж. Руссоның әлеуметтік және саяси-құқықтық көзқарастары
- Вольтердің әлеуметтік көзқарастары
- Энциклопидистер және ағартушлық көзқарастарының басым бағыттары
XV Людовиктің басқару кезеңі - буржуазия мен абсолютизмнің қарқынды түрде бір-бірінен ажыраған уақыт. Буржуазия экономикалық тұрғыдан дамып келе жатқандықтан, абсолютизмге сенімін жоғалтып, оған көбірек түсініспеушілікпен қарады. Феодалдық экономикалық базисте қорғау мен дамытуда идеологиялық көзқарастар орын алғандықтан, буржуазия осы көзқарасқа қарсы шықты. Алдыңғы қатарлы буржуазия ойшылдары қалыптасқан қоғамдық құрылысты дұрыс емес деп бағалады, және Францияның болашағы үшін оны жоюға тырысты. Оның орнына одан кішкене болса да асып түсетін буржуазиялық тәртіпті ұсынды. Ол кезде, яғни XVIII ғасырда, нақты ғылымдар алдыға кетіп, діннің еш қажеті болмай қалатын еді.
Бірақ та сол кезде корольдік отбасының да жағдайы мүшкіл болатын. Соған қарамастан жаңа, тың, алдыңғы қатарлы абсолютизмге қарсы идеяларды насихаттауды буржуазия өкілдері қолдарына алған болатын. Өз кезегінде қарапайым халықтың көсемдеріне қарағанда буржуазия өкілдері оқыған, сауатты, идеологиялық біріншілікке дайын болды.
1789 жылғы революцияға дейін буржуазиялық революцияның қалыптасуы мен дамуы тұрақты болған жоқ. Ағартушы өкілдердің кейде бірігіп, кейде бірікпей жұмыс жасауы, философиялық, идеологилық, қоғамдық саяси көзқарастарының сан алуан болуы бұл бағыттағы ағартушылықтың тоқтауына алып келді.
XVIII ғасырдың соңына қарай бүкіл француз қоғамдық ойшылдыққа тән бір- біріне қарама- қарсы екі тенденция болды: бірі барлық ағымдарды бір ұйымға біріктіру болса, екіншісі, керісінше, әр ағымды жеке қарастыру болды. Бұл бағытты әсіресе революция-демократияшыл ағартушылар қолдады. Бұл ұйым басында әр түрлі уақытта әр түрлі ойшылдар тұрды, дворяндық Вольтерден бастап, Тюрго бастаған физиократтарға дейін. Соның салдарынан консолидация тек жоспар күйінде қала берді.
Шарль Луи Монтескье (1689-1755ж. ж) жоғары лауазымды, провинциалды басқаруда қызмет атқарған, жазушы, социолог, тарихшы, Франциядағы ағартушылық қозғалыстардың өкілі. «Парсы хаттары» атты анонимді романында феодалдық -абсолюттік құрылымды сынға ала отырып, елдің басқару жүйесінің әлсіздінне, діни шыдамсықдыққа баға береді.
Монтескьенің еңбектеріндегі басқару жүйесі үш формаға негізделді- қорқыныш астарындағы қанаушылық пен құлшылдық, абырой астарындағы монархия және республика. Теориялық түрғыда республика артықшылықтарын ескере отырып оның тек кішкентай республикаларда жүзеге асатындығын айтты. Ал қанаушылық шығыс елдеріне- Персия, Үндістан, Қытайға ғана тән екендігін мәлімдеді. Сондықтан Франция үшін ең тиімді басқару форма монархия болып шешілді. Сонымен қатар Монтескье ағылшындардың мемлекеттік құрылымында қолданылып жатқан басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Бір-бірінен тәуелсіз бірақ бір-бірінің әрекетін қадағалайтын заңды, соттық, атқарушы инстанцияларды қолдады.
Монтескье көзқарасы сол кез үшін прогрессивті, сонымен бірге қарама қайшылыққа толы болды. Революциялық күрес әдістерін мойындамай, Монтескье басқарудың заңды түрде болғанын талап етті. Сондықтан либералдар арасынан оны жақтаушылар көп болды. Ол американдық конституция мен біраз конституциялық құжаттарда бірінші француз революция кезеңдері деген көрініскті енгізуге тырысты.
Жан- Жак Руссо жаңа эгалитаризм бағытын ұстанушылардың бірі болды. Оның ең көрнекті еңбектерінің бірі саяси құқыққа арналған «Қоғамдық келісім немесе саяси құқық ұстанымдары» трактаты болды.
Руссоның басты қасиеті жаңашыл көзқарас иелеріне ықпалының жүруі болды. Өз еңбектерінде түсінбей қалып қойған жайттарды ашып, халыққа жеткізуінің өзі Русоның сол кездегі қоғамға тигізген әсерін сипаттайды. Оның пікірінше әлеуметтік теңсіздік ғасыр проблемасына айналды. Теңсіздіктің қарама қайшылықтары мен оның жан жақтылығы түсіндірілгенімен, бұл талаптың өзі революциялық толқулардың болуына септігін тигізді.
Руссо радикалды, ұсақ буржуазияшыл ағартушылар қатарына жатты. Өзінің «Ғылым мен өнер туралы толғаныстар» кітабында терең, породоксалды, новаторлы идеялар жүйесін ұсынды. Руссоның түпкі көздеген мақсаты биліктің халықтық демократиялыққа өтуі, атқарушы биліктің халыққа қызмет етуі, әрбір азаматтың еркін ойын жеткізу болып табылды. Руссоның көзқарастары якобиндіктердің демократиялық идеяларына әсерін тигізді.
Ағартушылардың «үлкен ұрпақтар» басында Вольтердің ұлы өкілеттілігі тұрды. Вольтердің ақылы мен парасаты тек Францияда ғана емес, бүкіл Еуропада ағартушылық салада өзгерістер алып келді. Ол «ғылым мен өнер» королі, «философтар патриархы » атанды. Вольтер1694 жылы туылып, әдеби публицистикалық қызметті ерте бастайды да Франциядан отыз жылға қуылады, Англияда үш жылдай уақыт өткізеді. Ол жақтан көптеген алдыңғы қатарлы идеяларды алып келеді. Оның әлемтанудағы бастаулары ағылшын буржуазиясы ғана емес, француз скептикасы мен дінге қарсыластық болды. Вольтер субъективті түрде революцияға емес, керісінше монарх билігін шектеу арқылы оны жоғарыдан болдырмау жолдарын ойластырады.
Вольтердің дінге деген көзқарасы қарама қайшы көрініс тапты: оны варварлық наным түрде жек көріп, ақымақтық пен идеяның шіруі ретінде көрсе, енді бірде ешқандай ауылдар мен қалаларды дінсіз басқаруды мүмкін емес деп санады.
Вольтер- ең алдымен жарқын, сананың жетілуі мен адамдық тұлғаның қалыптасуы үшін күрескен, католиктік сенімге, феодалдық құлдыққа, әлеуметтік артықшылдыққа қарсы күрескен майталман.
Ағартушылық дәуірдің жарқын өкілдері Дидро, Даламьер, Гельвеций, Гольбах болды. Бұлардың барлығы таза материалистер мен атеистер қатарынан шықты. Бірақ олардың философиялық материализмі диалектік сипатта болған жоқ. Философ - материалистерге, әсіресе, XVIII ғасырда Дидро мен Гольбахқа Жан Мельенің идеялары, яғни халықтық қоғамдық ойшылдар ағымы әсерін тигізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz