Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі
Дағды, икемділік, әдет
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің
қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды.
Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің
барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды
(оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады),
терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын
байқамайды, оның орнына жазған нәрсенің мазмұнына ерекше көңіл бөледі.
Өйткені соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс- әрекеттің
тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.
Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді
байқауға болады:
1. дағды алудың белгісі - әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау
(мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы).
2. Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу
жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға
төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т.б. адамда әлі
де дағдының жоқтығының белгісі)
3. Дағдыланудың үшінші белгісі – бірқатар жеке амалдарды біріктіріп,
одан тұтас бір амал жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда,
сөздерді әріаке, буынға тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем
құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды,
сөйлемдерді шапшаң оқитын болады.
Сауаты ашылған адам,- деп жазды А.Байтұрсынов (1873-1937), - жазылған я
басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып
оқиды...Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам
танып, шапшаң оқымақшы... Адам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын,
бірі қысқа келіп, сөз әлпіне... ашық сурет береді. Бір жағынан онысы,
екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін
көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады.
4. Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы
артады (мәселен, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің
жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда
көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше
көңіл бөледі)
5. Дағдыда машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің
болуы, мәселен, машинистка тексті көшіргенде, әрдайым оның көзі алға
жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде,
оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер
сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді
қамтиды. Адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің
мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының
антиципациясы дейді.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсыснда да ерекше маңыз алады. Ол іске
шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің
санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырады. Мұндай
жұмыстың табысты болуы қамтамасыз етіледі. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану
арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын,
ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам, әсіресе, өзінің
негізгі мамандығына, көп істес болатын нәпсесіне дағдыланса, бұдан
біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдавланатын болады.
Өндірістегі жұмысшылардың, инженерлер мен техниктердің шаруашылықтың сан-
саласына күн сайын енгізіп жатқан дағдыларының өте-мөте жетілгендігін
көрсетеді. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының
қатарына алып келеді. Еліміздегі ғылыми- техникалық прогресс адамдарда
жан-жақты білім болумен жақсы дағдының болуын қажат ете түсетіні
сөзсіз.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана
емес, сонымен қатар оны түрлі дағды-әдеттерге, бір нәрсені істеп
үйретуге жаттықтыру болып табылады. К.Д.Ушинский дағды, әдеттердің
тәрбие процесіне қатысы қандай екендігін былайша түсіндірген: Әдеттер
мен дағдыларды бері қалыптастырып, соның негізінде құрылатын тәрбиенің
өз негізі де берік болмақ, бұлар тәрбиенің сипатына өзінің белгілі
бір принципін енгізуге мүмкіндік береді Бұрынғыдан гөрі жедел дамып
отырған психология ғылыми қазіргі кезеңде білім негіздерін тиісті
дағдыларсыз жақсы меңгеруге болмайтындығы анықталып отыр.
Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олардың Бастылары: мектептік (кітап
оқу, жазу, есептеу т.б), спорт (коньки тебу, футбол ойнау, күрес т.б),
ебек, түрлі мамандық (токарь, слесарь, әскери, дәрігерлік т.б) Спорттық
дағдыларды – қозғалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық ( тікелей қабылдау)
және интеллектік дағдылар деп те атайды.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы
біріне-бірі өте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырп алуға
да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай
білі қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады,
ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген.
Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған.
Бұл мысал балада дағды болмағанмен, онда осы ойынға икемділіктің
барлығын көрсетеді.
Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін
салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі
болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі
икемділігі бұрынғысынан күрделірек болып келеді. Икемділік білім мен
тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол
адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен
білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады.
Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын меңгеру ережесінің
түрліше болып келетін себебі – икемділік дәрежесінің әр түрлігінен деуге
болады.
Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді,
икемділік амалады жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз
байланысын жатады. Оқушы орфографиялық ережелерді жаттап алғанмен, жазуда
қате жіберіп қояды. Бұл оның білімі икемділігімен байланыспағаны. Дағды,
білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның үйрену
тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті
білімдерді тезірек меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан, адамда
дағды ме білімнің жетіспей жатуы оның икемділігінің арта түсуіне
кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір-бірімен кері құрылымдастық қатынаста
болып отырады.
Үйрену мен білімнің арасында да белгілі байланыс бар. Үйрену
жануарларда да кездеседі. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі-
білім. Соңғысы жануарларда жоқ. Оларда тек стимул мен реакцияны
айыру қабілеті ғана бар. Мұны (рефлекстік үйрену) дейді. Адам түрлі
ғылыми білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал тәсілдер
қолданады, мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі
проблемалық жағдайға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен
айналысады. Күрделі үйренудің қиысуы адамды мақсатқа сай әрекетті,
ойлаудың жоғары түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренудің
интеллект сатысындағы түрін оқу әрекеті дейді. Соңғысы жануарлар
дүниесінде кездеспейтін,қоғамдық-әлеуметтік мәні бар саналы іс-әрекет болып
табылады.
Дағды мен икемділіктен әдеттнрді айыра білу керек.Әдеттер де әрекеттің
автоматтанылған құрамдары.Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада:әдетте
қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып,оны қажетсініп
тұрады.Мәселен,адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны
ылғи да қажетсінеді,мұны істемесе,көңілі көншімейді.
Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады,есепсіз
қайталайды.Егерде адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп
уақытын жіберіп жатса,мұның өзі өте ессіздік болар еді.Сондықтан да
дағдылар пайдалы,пайдасыз болып бөлінбейді.Өйткені оның қай-қайсысы да
пайдалы.Ал,әдеттің ұнамды,пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері
де кездеседі.Ұнамды әдеттерге:жүйелі түрде еңбек ете білу,қызмет орнын
ұқыпты ұстау,тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б.жатады.Бұд
адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер.Ұнамсыз әдеттерге:орынсыз
ысқыру,қарындашты ауызға салу,тісін үнемі шұқылап отыру,столда отырып аяқты
селкілдету,сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану,қолы қалтасында, аузында
шылымы тұрып,жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т.б. жатады.Әдеттердің
соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық “Әдет-әдет емес,жөн әдет”деп өте дұрыс
айтқан.Расында да бізге керегінің өзі пайдалы әдеттер.Үйреншікті әдет
болмайынша,адамның істеген ісінің берекесі де болмайды.Егер адам:өзінің
бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса,оның ісі оңайланып,көңілді рахат
тауып отырады.Үйреншікті әдет адамның табихи қылығы сияқты бойына сіңіп
кетеді. “Ауру қалса да,әдет қалмайды” деген нақыл осы сөзден шықса керек.
Әрине,мұны тіке өз мағынасында түсінбеу қажет.Бұл жерде үйренген әдеттен
құтылу қиын екені жөнінде айтылып отыр.
Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі-балалық шақ,әсіресе,мектепке
дейінгі дәуір.Балалардың кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде
ұнамсызәдеттердің қалыптасуына себепші болады.Мәселен,кейбір отбасында бала
үлкендерге еліутеп шылым шеккісі,шарап ішкісі келіп тұрады.Ата-аналар мен
мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып,зиянды әдеттерден
баланы арыту жағын қарастыруы қажет.Әдеттерді белгілі бір мағынасына қарай
бірнеше топқа бөлуге болады,олар: Адамгершілік, немесе моральдық (әр
уақытта да шындыққа айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу,
уәдеде тұру т.б), мәдени мінез-құлықтың (сыпайылық, үлкенге және жасы
кішіге қамқорлық жасау, дұрыс сөйлеу т.б), гигиеналық (тамақ алдында қол
жуу, тап-тұйнақтай болып жүру т.б), еңбек, ақыл-ой әдеттері. Осы айтылған
топтардың ішінен ұнамсыз, нашар әдеттердің де бірнеше түрлерін
кездестіруге болады.
Атақты ағылшын драматургі В.Шекспир (1564-1610): Жақсы әдет жақсылыққа
бастайтын періште десе, орыс педагогі К.Д.Ушинский: Жақсы әдет өсімге
берген ақша, адам өмір бойы соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет
борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімімен азап шегеді,- дейді.
Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабығында бекіп
қалыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер
жатады. Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын ( еңбек, спорт саласындағы)
алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализаторында жасалған уақытша жүйке
байланыстарының жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да
қажет болып отырады. Мәселен, екніші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау,
тапсырма беру т.б) өткен тәжірибеде жинақталған қимыл-қозғалыстардың
тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар дағдының кейбір
керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік
береді. Әдеттер де физиологиялық тұрғыдан ми қабығындағы динамикалық
стереотиптің бір көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы
бар алаптарында ғана емес, сонымен бірге тежелуге ұшыраған алаптарында
да пайда болып отырады.
Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай
қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Мәселен, мылтық атып
дағдылану үшін түрлі ату әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу
әдістерін меңгеру керек болады.
Кез-келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы,
көп қайталағанмен түзелмейді.
Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі
ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен
жүріп отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да ие болу қиын.
Адамның дағдыға машықтана алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәжитесін үнемі біліп
отыруға байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен
уақыттың азаюынан, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің болмауынан,
орынсыз шұғылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді. Мәселен, белгілі
амалды қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі туралы,
орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері
туралы есеп берде, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі
шапшаңырақ дамитын болады.
Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кіріссе, жаттығулардың
арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса, үйрену
әдістерін жетілдірсе, үйренуге өзінің қатына-сын жақсартса, үйренетін
дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез
қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады.
Үшіншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі
себептерді білудің маңызы зор. Мұның біріншісі –объективтік, екіншісі
–субъективтік деп аталынады. Объективтік себептердің (яғни дағдыланушы
адамның жеке басына қатысы жоқ кедергінің) біріне дағдыға қажетті құрал-
жабдықтардың сапасының нашар болып келуін жатқызуға болады. Мәселен,
жазуға алғаш үйренген кезде баланың сиясы сұйық, қағазы нашар, қалам
ұшы бұзық болса, жазу дағдысының тезірек қалыптасуына бөгет жасайды.
Сондай-ақ оқу кітаптарының шрифтерінің ұсақ болуы, класс жарығының
кемдігі, ауаның нашарлығы, отыратын партаның қолайсыздығы т.б. мектептік
дағдылардың ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін объективтік кеселдер
болып табылады. Мұғалімдер тарапынан болатын қате нұсқаулар мен
түсіндірулер де осындай себептердің қатарына жатады.
Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер
адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса, табансыздық
көрсетсе, ол тез арада машыөтана алмайды. Мәселен, біреулердің велосипед
тебуді тез үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтындығы
осы секілді жеке қасиеттерінің ерекшелігіне де байланысты болады.
Дағдыға машықтанар алдында адам не нәрсеге қол жеткізуі керек, мұны
қандай қажеті үшін үйренетіндігін, мүддесіне сәйкес келетін
келмейтіндіг айқын түсініп отыруы қажет. Субъективтік себептердің біразы
осы секілді мақсаттың айқын болмауынан да туып отырады. Мұндада адам
өзінің жасын, денсаулығы мен дене бітісін, жүйке жүйесінің
ерекшеліктерін ескеріп отырмаса болмайды. Осы айтылғандар дағдыны
меңгерудің қосымша шарттары болып есептеледі. Дағдының қалыптасуына
кедергі келтіретін, оның нәтижесін уақытша төмендететін басты себептер
төмендегі схемада көрсетілген.
Дағдылану үстіне қандай болмасын бір ұтымды әдісті тауып алу, мұны
кейіннен нығайтып бекіту- осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде
болатын негізгі факторлар. Мұндайда адам: О, мен істің тетігін енді
таптым, айналасына түсіндім,- дейді. Осыдан былай қарай адамда
жаттығудың барысы арта бастайды- іс шапшаң орындалып және сапалы бола
түседі.
Кейін дағдының нығаю, автоматталына бастау кезінде оның орындалуы
көзге түсерліктей болмайды. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңінде
адам неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті
өрнектейтін қисық сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір
дағдылардың әдістерін меңгеру тез уақыт ішінде жүзеге аспайды
Осыған орай, оның қисық сызығы да бірден көтеріле қоймайды. Ал істің
айналасын, тетігін біліп алғаннан кейін бірден көзге түсіп,
көтерілетін болады.
Кей уақытта дағды жаттығуын өрнектейтін қисық сызықтың жатық немесе
осыған ұқсас түрлері болады. Қисық сызықтың осындай түрге келуін
психологияда плато деп атайды. Бұл дағдыдағы қажетті білімнің уақытша
орнығып бекуінің белгісі.
Жаттығудың жүрісіндегі мұндай кідірістер түрлі себептерден (адамның
шаршауы не үйрену әдісінің олақтығы т.б) туып отырады. Платодан соң
қисық сызық қайтадан жоғары өрлеп көтерілуі мүмкін. Бұл үйренушінің
көңіл-күйінің жақсара түсуінің немесе оны жақсы әдіс арқылы дағдыны
үйреніп жатқанының көрінісі. Сөйтіп, жаттығуды өрнектейтін қисық
сызықтардың ирек-ирек болып келуі, дағдының қалыптасуы кейбір күндері
артудың орнына қайта кеми түсетіндігін көрсетеді. Бұл көбінесе сол
күші жағымсыз жағдайларға, сондай-ақ дағдының қалыптасу жолының
заңдылықтарына (мәселен, жаңа әдіске төселер кезде адам ісінің
өнімділігі кемиді) байланысты болып отырады.
Осындай көріністерді желеу етіп кейбір психологтар дағды белгілі
шекке дейін ғана дамиды, одан аса алмайды дегенді айтады.
Физиологиялық шек теориясын жақтаушылардың осындай пікірлері адамның
тағдырын жазмыш билейді дейтін жалған түсініктің бір нұсқасы.
Шындығында адамға барлық психикалық құбылыстарын, сондай-ақ, дағды
әдеттерін қалағанынша дамыта алуына болады. Оның дамуы еш нәрсемен
шектелмейді.
Өйткені бұлардың қалыптасуы үлкен еңбекке, сан алуан жаттығулар мен
қайталауларға негізделіп отырылады.
Дағдылардың өзара қатынасы түрліше жағдайда көрінеді. Кейде бұрынғы
дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, енді біреулері
керісінше, кейінгілерінің қалыптасуына кедергі келтіреді.
Ескі дағдының жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесуін дағ-дылардың
тасымалы дейді. Мәселен, шет тілдің біреуін білу, екіншісін үйренуге көп
жеңілдік келтіреді. Мұның себеьі бұрынғы қалыптасқан дағды мен жаңадан
қалыптасатын дағдының арасында ұқсастықтардың айтылуындағы және
грамматикалық ережелердегі ұқсастықтар. Осы заңдылыққа сәйкес,
арифметикада қосу амалын білу көбейту амалын үйренуге, алу амалын
білу, бөлу амалын тез меңгеруге жағдай жасайды. Осылайша қалыптасқан
дағдыны оқушы басқа пәндерден жазатын дәптеріне де ауыстырады. Токарь
станогінде жұмыс істеуді меңгерген жұмысшы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz