Тарих сабағынан тыс жұмыстар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай Мемлкеттік Педагогикалық Институт

Реферат

Тақырыбы: Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

Орындаған: Хасенова
Асем.
Тарих
мамандығы, 3 курс студенті.

Тексерген: Аға оқытушы Исенов Ө.И.

Қостанай 2008 жыл
Жоспар:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. Негізгі бөлімі:
1) Сабақтан тыс тарихи жұмыстардың негізгі
еркешелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 4
2) Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс
жұмыстардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..8

III. Тарих сабағынан тыс жұмыстар өте
қажет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

V. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 17

Кіріспе.

Ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің стратегиялық
міндеттерінің маңызды саласының бірі – тұлғаны әлеуметтендіру. Бастауыш
мектеп оқушысы әлеуметтендірк нәтижесінде адам, адамзат, елжандылық,
ұжымшылдық қасиеттердің алғашқы түсініктерін білуге, экологиялық білімді
меңгеруге міндетті. Ал негізгі орта мектептің оқушысы рухани-адамгершілік,
азаматтық-патриоттық қасиеттнрі қалыптақан ұлттық және әлемдік мәдениеттің
құндылықтарын игере білетін, кәсіби қызмет саласын таңдап, әлеуметтендіру
мен өмір сүру нормаларын қолдана алатын болады. Сонда мектеп түлегі:
өзінің даралығын сезінетін жеке азамат ретінде өзін-өзі дамытуға, өзінің
позициясын іске асыруға, өзі дұрыс деп санайтын жоспарлар жасауға, оны
қорғауға, болашақ маман, болашақ отбасы иесі, қоғамның жасаушысы ретінде
сезіне білуіне қол жеткізуіміз қажет.
Сыныптан тыс жұмыста оқушының жеке тұлғасын дамытуға, оқуға деген
қызығушылығын арттыруға, сөздік қорын молайтуға, тұлғаның қиындықты жеңе
білуне, сыйласу, өзара адамгершілік қарыс-қатынас жасай білуіне
бағытталады. Мұнда оқушы тақырыпқа өз көзқарасын, пікірін айтып, меңгере
білуі қажет, ал мұғалім тек ұйымдастырушылық ролін атқарады.
Оқушылардың көпшілік алдында қиялын, ой-өрісін дамыту, ойын өз
тілімен жеткізе білу қабілетін арттыру мақсатында тарих сабағынан тыс
жұмыстар маңызы зор болып келеді.
Тарих сабағынан тыс жұмыстарды оқытудың мақсаты:
1. Білімділік – ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесеі биік
мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор азаматты қалыптастыру.
2. Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын
молайту, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету.
3. Тәрбиелік – оқушыларды адагершілікке, адалдыққа, елжандылыққа
тәрбиелеп, ата-анасын, өскен ортасын, туған жерін құрметтеуге
баулу.
Тарих сабағынан тыс жұмыстарды оқытудың міндеті одан өзіне
керекті, жаңа мағлұматты ала білуге үйрету. Оқушылар бұл жұмыстан жаңа
мағлұматты ала отырып, оқу барысында алған білімдерінің іс жүзіндегі
құндылығын түсінеді.
Тарих сабағынан тыс жұмыстардың оқушыларға қажеттілігі – бұл тыс
жұмыстар оқушыларды тарихқа үйрету, тарихқа деген қызығушылығын арттыру
мақсатына бағытталған.
Тарих сабағынан тыс жұмыстар мұғалімнің басшылығымен және оның
ұйымдастырылуына байланысты тарихи кеш, тарихи олимпиада, сайыс, пікір-
талас, ойын, конференция, көрініс, т.б. түрде өткізуге болады. Сонымен
бірге, бұл сабақтан тыс жұмыстарды тек қана мектептің ішінде ғана емес,
кітапханада, мұражайда, тарих оқиғаларымен байланысты жерде жүргізуге
болады. Әрине, бұл жұмыс мұғалімнің көрнекілігіне және сол жұмысты қалай
ұйымдастырлуына байланысты болып келеді. Осы жұмыс арқылы мұғалімнің
оқушылармен қарым-қатынасын, оның ұжыммен байланысын, жұмысын көруге
болады.

Сабақтан тыс тарихи жұмыстардың негзгі ерекшелігі

Халық ағарту жүйесін қайта құрудың басты бағыттарының бірі – жалпы
біім беретін маетептердің оқу жоспарларын, оларда оқытылатын пәедердің
құрамын, сондай-ақ бағдарламаларын да қайта толықтырып жасау болып отыр.
Осыған орай қоғамдық-тарихи пәндерді оқытуды қайта құру ісінде бірқатар
шаралар қолға алына бастады. Мәселен, біздің республика көлемінде
Қазақстан тарихын оқытуды жақсарту мақсатында ол оқу жоспарына жеке пән
болып енгізілді. Жалпы білім беретін мектепте Қазақ ССР тарихын оқытуды
қайта құрудың тұжырымдамасы жасалды, бірнеше вариантты бағдарламалар
жарияланды. Мұның өзі халық ағарту жүйесін қайта құруда ұлт
республикаларының тарихын, оқытуға баса көңіл бөліне бастағандығын
дәлелдейді. Мұны КСРО халыққа білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті
ұсынған жалпы орта білім беретін мектептердің базалық оқу жоспарынан да
байқауға болады. Бұл рқу жоспары: одақтық-республикалық және жергілікті
комитеттерден құралады. Соңғы екі компоненттің құрамына енетін пәндер мен
курстарды, оларға бөлінетін сағаттарын санын республикалардағы халық
ағарту орындары мен мектеп өздері анықтайды және осы мақсатта барлық оқу
сағаттарының тең жартысына дейінін пайдалана алады. [2. 3б.]
Жаңа, базалық оқу жоспарының осы ерекшелігі аса маңызды. Өйткені,
ол оқушылардың талап-тілектерін ескере отырып, түрлі пәндерді, курстарды
оқытып-үйренуге, әсіресе аймақтық, туған өлкенің тарихын, мәдениетін,
әлеуметтік-экономикалық жағдайын, т.б. ерекшеліктерін толық таныстыруға
мүмкіндік береді.
1990-91 жылында республиканың кейбір мектептерінде өз аймағы мен
өлкесіне қатысты курстар ұймдастырылды. Мәселен, Шымкент облысының
Түлкібас ауданындағы Рыбалко атындағы орта мектеп мұғалімі Б. Ешімбетов 8
– класта құрастырған курсты оқытып шықты. Туған өлке мәдениеті мен
тарихы курсының бағдарламасы мен оқу құралын біздер Алматы облысының
Жамбыл ауданы мектептерінің мұғалімдерімен бірлесе отырып жасадық. Қазір
бұл курс осы ауданның бірқатар мектептерінде жүргізіліп жатыр.
Өлке тарихын оқытып-үйретудің зор білімдік, тәрбиелік маңызы бар.
Сондықтан да болар мектептерде оқу-тәрбие процесінде өлке материалын
пайдалануға тым ерте-ақ, яғни 20-жылдардың басынан бастап-ақ, көңіл бөліне
бастады. Ал, 30-жылдардан бастап кең етек алды.
Өткен жылдардың тәжірибесі оқушыларға өзі туып өскен өлкенің
тарихын оқытып-үйрету өте пайдалы екенін көрсетті. Атап айтқанда, оның
сабақтары тарихи фактілерді нақтылай түсуге, тарихи түсініктерді
қалыптастыруға көмектеседі, демек оқушылардың білімін тиянақты етеді,
өткен тарихи оқиғаларды жақындатып, оқушылардың саналықпен түсінуіне
көмектеседі.
Бұған дейін өлкетану матераилы тарихи сабақтарында қосымша
материал есебінде ғана пайдалананып келді. Ал енді ол арнайы курс болып
оқу жоспарына ендірілгенде ғана бүкіл курс материалы негізгі материал
болып оқытылады.
Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті курсын жасағанда бұған дейін
өлке материалын оқытуды жинақталған тәжірибе мұқият пайдаланылды.
Енді курсты құрастыруға қай тұрғыдан қарау керек, қай класта қанша
сағат бөліп оқытқан дұрыс, оның мазмұны мен көлемі қандай болуы керек,
олар қандай принцптерге сүйеніп анықталады деген мәселелерге тоқталайық.
Негізгі мәселенің бірі – Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті мектептің
қай бақышында және қай класта оқытылантындығы.
Біз өткен оқу жылдарындағы тәжірибелерді ескере отырып, бұл курс
мектептің екінші басқышында, 8-класта, 68 сағат көлемінде оқытылғаны дұрыс
дейміз. Өйткені осы класта Қазақстан тарихының жүйелі оқыту курсы
басталады, яғни қазақ халқының тарихын жете меңгеруге көмектеседі.
Мектептнің екінші басқышын бітіргеннен кейін оқушылардың көпшілігі
бағдарлы мектептерге, арнаулы оқу орындарына, кәсіптік-техникалық
училищелерге, өндіріске кетеді. Демек, осы кластардан кейін оқушылардың
бәріне бірдей өз өлкесінің тарихын мен мәдениетін оқып үйренуге мүмкіндік
бола бермейді. Оның үстіне осы кластағы оқушылардың өз өлкесінің тарихын
білуге аса қызығатын де ескерген дұрыс.
Туған өлке деген кең, ауқымды ұғым. Ол әрбір адамның туып -өскен
жерінен басталып, әрі қарай колхоз, совхоз, аудан болып ұлғая түседі.
Сонда 68 сағаттық курстың шеңберін қандай территориямен аяқтауға болады?
Негізінен, мектеп, тұрғын ауал, аудан және облыстың территориясының тарихы
мен мәдениетінің ең басты кезеңдерін қамтыған дұрыс.
Бұл да өзіндік мектептік тарих курсы болғандаықтан басқа тарих
курстары алдына қойған міндеттерді шешуді мақсат етеді. Оларды толық
қайталамай-ақ осы курстың оқытудың мақсаты: оқушылардың тарих ғылымының
басты-басты кезеңдері мен мәселелерінен бағдарламалық талаптарға сай білім
алуына, олардың жан-жақты дамуына жағдай дасап, өндірістік қатынастарға
белсене араласуға дайындау, жалпы азаматтық мәдени қазына құрмет тұта
білуге және жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленуіне көмектесу. Бұлар
Туған өлке тарихы мен мәдениеті курсын оқыту барысында төмендегі
міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады: оқушыларды өлке территориясындағы
адамзат қоғамының ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі тарихының басты-
басты кезеңдерінмен таныстыру; өлкеде болып өткен тарихи құбылыстарды,
оқиғаларды, фактілерді тек шындық тұрғыдан ғана баяндай отырып,
оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру; өокенің тұрғын халқының
тарихын, көрші халықтар мен елдердің тарихымен байланыстыра қарастыру,
халықтарды жақындастырған себептерді, әсіресе, олардың арасындағы мәдени
байланыстарды ашып көрсету, халықтр достығы, интернационализм рухында
тәрбиелеу.[2. 4б.]
Осы курстың мазмұнын құрастыру үшін материал іздегенде мына сұрақтарды
басшылыққа алған дұрыс:
1. Өлкенің тарихы, табиғаты, оның адамдары, олардың тұрмысы мен тіршілігі
қандай әдеби шығармаларда баяндалған?

2. Өлкеде қандай тарихи, мәдени ескерткіштер бар?

3. Өлкетану музейлері мен архивтергде курстың мазмұнына енгізетін қандай
экспонаттар мен құжаттар бар?

4. Өлкенің тарихы, мәдениеті, табиғаты, әлеуметтік –экономикалық дамуы,
тұрғылықты халық туралы мерзімді баспасөз беттерінде қандай материалдар
бар?
Жинақталған матераилдарды ұқсастығына қарай топтарға бөліп,
таблицаларға түсірсе, пайдалануға өте тиімді болады.
Өлкетану матераилдарын археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген
жерлрден табылған заттар, жергілікті жердегі тарихи орындар, табиғатқа
жасалған экскурсиялар мен жорықтар кезінде табылған заттар мен жазба
материалдар, тарихи оқиғалардың куәгерлерінен жазылып алынған естеліктер
толықтыра түседі.
Келесі маңызды мәселенің бірі – Туған өлке тарихы мен мәдениеті
курсының мазмұнын құрайтын, яғни оның бағдарламасы мен оқу құралына енетін
материалдарды іріктеп, сұрыптағанда нені басшылыққа лау керектігін, қандай
принцптерге сүйену керектігін анықтау.
Бұл да тарих пәнінің бір бөлігі болғандықтан оның мазмұнын
анықтағанда сол пәнге, оны оқытуға қойылатын белгілі дидактикалық
принцптерге басшылыққа алынады. Олар:
1. Материал мазмұнын ғылымилығы, ғылыми жағынан күмән келтірмейтін
дұрыстығы, дәлелденгендігі, объективтілігі, тарихилығы.

2. Сұрыпталған материалдың жүйелілігі қандай, бір оқиға, факті болсын
біртіндеп, жүйелі баяндалуы үздік-үздік баяндауға болмайтындығы.

3. Материал мазмұнының сол класс оқушыларна түсінікті болуы.

4. Курс мазмұнында оқушыларға таныс емес жаңа материалдардың мол болуы,
өлке тарихына, мәдениетіне тікелей қатысты маңызды фактілер мен
ұғымдарды жете түсіндіріп, олардың қажетті қорытындылар жасай отырып,
оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру.

5. Іріктелген материалдар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін
ұйымдастыруға, осы арқылы олардың тарихи ойлауын дамытуға, өмірде
қажетті біліктер ді қалыптастыруға, еңбекке белсене араласуға, т.б.
дайындауға қолайлы болуы тиіс.

6. Халық ағарту жүйесін қайта құрудың негізгі принцптері –
демократияландыру, гуманитарландыру және дамытушылықты осы курстың
мазмұнын құрастырғанда үнемі ескеріп отыру керек. Егер өлке
еңбекшілерінің сол өлкедегі барық байлықты жасаушы, тарихи-мәдени
ескерткіштерді орнатушы, елдің тәуелсіздігін қорғап қалушы екенін нақты
деректер арқылы көрсете білсек, яғни өлке тарихындағы халық бұқарасының
шешуші ролін ашып бере алсақ, бұл міндеттің орындалғаны. Курстың
мазұнын құрастырғанда гуманнитарландыру принцпін жүзеге асыру үшін
өлкеде туып өсіп, қызсет еткен адамдардың, әсіресе халық батырларының,
әдебиет пен өнер адамдарының, атақты шеберлердің, соғыс батырлары мен
еңбек ерлерінің, мемлкет қайраткерлерінің өз өлкесіне, халқына, еліне
сіңірген еңбегін көрсете білу қажет.

7. Курстың бағдарламасы мен оқу құралын жасағанда, срндай-ақ оны оқытқанда
кейінгі дылдарға дейін ССРО және Қазақ ССР тарихындағы бұрмаланып
көрсетіліп, объективтік бағасын ала алмай келген бірқатар маңызды
мәселелерге тарихи шындық тұрғысынан баға беруді ескеру керек. Олар:
патша өкіметінің отаршылдық және қоныс аудару саясаты, революцияға
дейін қазақ халқының мәдени даму дәрежесі және оған берілген баға;
отырықшылққа көшіру, коллективтнедіру, индустрияландыру, ашаршылық,
репрссия; 20-30 жылдардағы көрнекті қайраткерлер; 60-70 жылдары
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени құрылысты
жүргізудегі бұрмалаушыдықтар.

8. Курстың мазмұның құрастырғанда фактілерді толық және нақты деректермен
ашып көрету қажет. Олар: өлкенің байырғы халықтары кімдер және олар қай
жерлерде, қашан пайда болған, өлкенің сырттан келген халықтары кімдер
және олар қашан, қандай ебептерге байланысты келген? Өлкенің байырғы
халықтарының тәуелсіздік жолындағы күресі; көшпелі тұрмысқа лайық төл
мәдениеттің қалыптасуы және оның түрлері салалары; өлке шаруашылығының
белгілі бір тарихи кезеңдер бойынша дамуы; өлкенің байырғы халқының
көршілес халықтармен, елдермен қатынасы; экономикалық, сауда-саттық
және мәдени байланыстары; ислам дінінің өлкедегі қызметі; патшалық
Россияның отаршылдық саясатына қарсы азаттық, революциялық
қозғалыстарға өлке еңбекшілерінің қатысуы; өлке тарихына еңбегі сіңген
қайраткерлер.

9. Курстың мазмұнында өлкенің тарихы мен мәдениетін баяндайтын
материалдарың тең болуы.

10. Бағдарлама мен оқу құралдары жасаған кезде әрбір өлкенің өзіндік
ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру қажет.
Бұл курсты дайындап, ұйысдастыруда тарих пәнінің мұғалімі
жетекшілік жасауы тиіс. Өйткені курс бұған дейін бірнеше жыл жүргізілген
өлкетану жұмысына және сол бойынша жинақталған материалға негізделеді.
Әр өлкенің ерекшелігін ескере отырып, жергілікті жерлерде оқу-
методикалық кешен жасау курстың мазмұнын және маңызын арттыра түседі.[2.
5б.]

Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс
жұмыстардың ролі.

Бала тәрбиесінің бастауы – халық даналығы. Тәуелсіз еліміздің
тіліне, ұлтымыздың болашағына деген жарқын үміт бел ала бастады. Рухани
қазыналарымызды қастерлеп, оны келер қрпаққа жеткізудің кезеңі туды. Әрбір
халық өзін ұлт ретінде сақтауы үшін, ұрпағына өз дәстүрін, қадір-қасиетін,
ана тілімен, тарихын, әдет-ғұрпын, ұлттық тәрбиесін сіңіру қажеттігі айдан
анық. Бұл мәселеде этнопедагогика және этнопсихологияның алар орны ерекше.
Ұлттық рух пен халықтық өсиет - өнегенің, тәлім тәрбиенің бастау алар
орны, білім ордасы болмақ.
Бүгінгі заман талабына сай жаңашаланған, жаңғырған ұлттық өнегені
шәкірт бойына сіңірген – ата-анасы, тәрбиешілері, мектеп ұстаздары.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан тәжірибесіне сүйенсек, балаға
тәрбие беру ісі ана тілін терең меңгертуден, ақыл-ойын өсіру, денесін
жетілдіру, еңбекке баулу, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді бойына сіңіру
болып табылады. Бұл тәрбие, әрине,, бесіктен басталады. Бала тәрбиесі -
бесеіктен , Ел болам десең, бесігінді түзе деген қанатты сөздер тегін
айтылмаған.[3. 110б.]
Ата-ана баласының болашағынан үлкен үміт күтіп, жастацыннан
тәрбиелеп, халықтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, адал азамат болып, ер
жетуіне бүкіл саналы өмірін арнайды. Ұлы Абай Адамның адамшылығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан басталадыдеген.
Оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда, бұл
бағыттың негізгі мақсаты – оқушыларда әлеуметтік қатынастар жүйесін
қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару және құқық мекемелеріне.
Оқушының негізгі қоғамдық сапарларының мазмұны қандай? Маңыздысы –
қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам
білдіре алу. Азаматтық борыш жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл сапа
тәртіптілікпен, яғни оқушының маңызды әлеуметтік-адамгершілік қасиетімен
тікелей байланысты.
Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынасты ұғуға болады.
Тәртіптілік әр адамның қоғам нормалары мен қылық ережелерін саналы орындау
әрекеттерінде көрінеді.
Саналы әртіпті үйретудің негізгі жолы – тәрбие ісін ұйымдастыру.
Бұл жұмыстың мақсаты – оқушылардың мінез-құлқық ережесін, күн тәртібі
талаптарын сақтауын, өмірлік іс-әрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол
үшін әрбір оқу орнында мінез-құлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер
бір жағынан – сол оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.
Өмірлік ұстаным – блұ ішкі наным, оқушының қоғамға субъективті
қатынасын көрсететін, оның дүниетанымдық, моральдық, психологиялық
сапаларынан шығатын сана сезім бағдары.[6. 44б.]
Тарих сабағынан тыс жұмыстар және де сыныптан тыс мәтіндерді оқу
баланың жан-жақты дамуына, оның өзіндік ойдың қалыптасуына көмектеседі.
Сыныптан тыс мәтіндерді оқу барлық оқушыға тән. Ол жыл бойы жүргізіледі
және одан оқушы сыныптан тыс уақыттарда өзіне керектіі пайдалы, қызықты
жаңа мағлұматтар алып отырады. Сондықтан, сыныптан тыс мәтіндердің мазмұны
жоғары буында оқитын оқушылардың немесе сол сыныптағы білім деңгейі орташа
оқушының қабілетіне сай етіп алынуы керек. Мұғалім сыныптан тыс оқу
сабағында білім деңгейі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар, сұрақтар
бере алады. Ал, білім деңгейі төмен оқушыларды орташа оқушылардың
деңгейіне жеткізу үшін көп жұмыс істелуі керек.
Сонда ғана мұғалім оқу жылының аяғында сыныптағы оқушылардың
білімін бірдей дәрежеге жеткізе алады.
Әр оқушының қабілетіне қарай сыныптан тыс оқу мәтінді жан-жақты
терең түсінуді талап етпейді, оның жалпы мазмұнын түсіне білуді қажет
етеді.
Сыныптан тыс оқу жолдары - таныса оқу, қарап шығу, зерттей оқу.
Жоғары сынып оқушылары көбіне қарап шығуды таңдайды, себебі бұл жолда
мәтіннің негізгі мазмұны не екенін түсінуі керек.
Сыныптан тыс мәіндерді оқу үрдімінде огқушылар грамматикалық,
лексикалық білідерін толықтырып, бекітіп ауызекі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан топсеруен өткізу
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Мектепте технология пәнін оқыту
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Сыныптан тыс оқу
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесін зерттеу
Ыбырай ата
Түркістан АКСР білім мәселелері
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы
Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер