Ағылшын сентиментализмінің философиялық негізі
Жоспар.
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...2
2. Ағылшын сентиментализмінің философиялық негізі ... ... .4
3. Джеймс
Томсон ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .6
4. Эдуард
Юнг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .7
5. Томас
Грей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...8
6. Оливер
Гольдсмит ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...9
а) Векфильдік дін қызметшісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
7. Лоренс
Стерн ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
а) Сентиментальды
саяхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
8.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...20
9. Пайдаланған әдебиет тізімі
Кіріспе.
Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың
болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы
мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм
(французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем
әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен
өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы
Л.Стерн. Оның Франция мен Италияға сентименталдық сапар атты романы
Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді.
Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл - күйін суреттеуге
ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық
тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және
орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын береді. Әдебиетте
психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер
көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін
құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп,
қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара
тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса,
бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға
табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай
басқа жанама жайларды қосарлап береді.
Сентиментализм
Сентиментализм әдеби бағыт ретінде 18 ғасырдың 50-60 жылдарында
Англияда қалыптасып, кейін Францияға тарады. Сентиментализм бұл атауын
sentiment – сезім деген сөзден алған; бұл атау Стерннің Сентиментальді
саяхатының жарыққа шығуымен тұрақталды және сентименталисттерге тән сезім
культін білдірді. Англиядағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың тереңдей
түсуі сентименталиттердің дворяндыққа және сонау буржуазияға деген өткір
әлеуметтік сынның өрбуіне әкелді. Интелигенцияның ең көрнекті өкілдері
шаруашылықтың пауперизациясына (пауперизация-(лат. pauper — кедей)-халықтың
кедейленуі), кедейленгендер арқасында байығандарға, біреулердің
екіншілерді қанау арқылы орнын ауыстыруына қайғымен қарады. Алайда, бұл
буржуаздық қатынастардың сыны сентименталисттерде қарама-қайшы сипат алды.
Өзінің Экономикалық романтизмге сипаттама атты еңбегінде
В.И.Ленин швейцар экономисті Сисмондиді сынап, капитализмнің
сентиментальді және романтикалық сынының барлық түп-негізін ашып береді.
Сисмонди сияқты ағылшын сентименталисттерінің көзқарастарының негізінде
патриархалды ауылшаруашылық пен кісіптің ұйымдастырылуы жатыр. 18 ғ. аяқ
кезі мен 19 ғ. басындағы кішігірім буржуаздық экономисттер мен жазушы-
сентименталистер капитализмнің қашып құтыла алмайтын құбылыс екеніне
сенгілері келмеді. Олардың идеялары өркен жайып келе жатқан пролетариатпен
байланысты болашаққа емес, өткен шақтағы майда өндірушілер патшалығына
бағытталған. Сисмондиді мысалға ала отырып В.И.Ленин капитализмнің
сентиментальді сынының әлсіздігі мен кішігірім буржуаның өкінішін, оның
патриархалды топастық эдемінің қирауына байланысты қайғысын және ауыл
халқының ынжықтығын көрсетеді.
Ағылшын сентименталистері өнеркәсіп төңкерісі кезеңінде, яғни 18 ғ.
60-70 жж. көп жазды. Жаңа машиналарды ойлап тауып, оны енгізу зауыттар
мен қалалардың өсіп, өркендеуі, Англияны кішкентай қалалары мен едәуір жер
өңдеуші халқы бар мемлекеттен өнеркәсіпті капиталистік мемлекетке
айналдырды. Бұл өнеркәсіптік революция сентименталисттерді қорқынышқа
әкелді. Сентиметалисттер оның қарқынды дамып келе жатқан жақтарын
көргілері келмеді және буржуаздық қатынастардың қатігездігін әділ сынай
отырып, патриархалды топастық эдемін аңсап күрсінетін.
Сентименталисттердің дүниетанымындағы қарама-қайшылық олардың адамдық
санаға және оның мүмкіндіктеріне деген қатынаста көрініс тапты. Олар
буржуазды қоғамды сана принциптері негізінде қалыптасқан қоғам ретінде
есептеді. Алайда ол қарама-қайшылықтар құрсауында қалып, адамзат тағы да
қайғы-қасіретке душар болды. Бұл барлаулар 18 ғ. аяқ кезіндегі
жазушылардың ( әсіресе Англия ) сана мүмкіндіктері мен адамзаттың болашақ
тағдырынан мүлде көңілін қалдырды. Пессимизм, байырғы сана культіне сезім
культін қарама-қарсы қоюға ынта, иррациональды шешімдерді іздеу, мұның
барлығы ағылшын сентименталист-жазушыларына тән болды.
Ағылшын сентиментализмінің философиялық негізі.
Беркли мен Юмның субъективті идеализмі ағылшын сентиментализмінің
негізі болып табылады.
Епископ Беркли өзінің Адамзат танымының принциптері туралы
трактатында (1710) материяның барын жоққа шығарып, сыртқы дүниенің
заттары тек сезімдер қатынасы екенін, адам тек өзінің сезімдерін ғана
білетінін дәлелдейді. Локканың дүние жайлы жалғыз хабар бере алатын тек
сезімдер деген ілімін қолдана отырып , Беркли оны идеалистік бағытта
өрбітеді. Материалистік теория бойынша бізге сыртқы дүние жайлы хабар
беретін сезімдер ,ал Беркли бойынша өзіндік мәні бар нәрсе . Өмір
сүру деген – біреумен түсінісу , зат пен сезімнің мәні бір , бір-бірінен
бөлінбейді деп тұжырымдады Беркли. Әрине шіркеу қызметкері Беркли
әдеттегіден тыс теорияны жасап, тек бір-ақ мақсатты көздеді – дінді
қорғау. Ол адамның сезімдері метериалды дүние әсерінен пайда
болмайды, оны құдай жібереді деп есептеді.
В.И.Ленин өзінің Материализм мен эмпириокритицизм атты еңбегінде
орыс махисттерін ( махизм -19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Э. Мах пен Р.
Авенариус негізін қалаған философия мен методологиядағы бағыт ) жазалап,
сонымен бірге бүкіл субъективті идеализм бағытын қатал сынға алады.
Берклидің субъективті идеализмі кейін 19 ғ. соңындағы неміс
философтары – Фихте, Шеллинг, Англияда – Давид Юммен жалғастырылды.
Берклиден кейін Юм ақиқатты тек ой мен әсердің жиынтығы деп қарастырды:
оның ойынша адамның өмір жайлы ойларының барлығы қате болуы мүмкін , ал
ақиқаттың әр түрлі заңдылықтары шын мәнінде жоқ нәрселер. Ақылдың
негізінде сезімнен басқа ешнәрсе болмайды және ол сезімдер мен заттар
арасындағы байланыс арқасында ешқандай тәжірибе жасай алмайды.
Юмның бұл ойлары Берклидікі сияқты дүниенің материалдығын жоқтау
болып табылады. Дінді ашық түрде қорғау, енді жабық түрге ауысты. Егер
біз сыртқы дүние жайлы сөз етсек, онда біз жоғарғы болмыстың бар екенін
көрсететін дәлелдерді жоғалтамыз.
Ағылшын сентименталисттері көзқарастары мен ойлары бойынша Беркли
мен Юмға жақын. Оларға адам санасының мүмкіндіктерінен көңілдері қайтуы,
дүниені тануы, субъекитвизм тән.
Ағылшын сентиментальді поэзиясында халықтың өмірі мен еңбегіне
деген шынайы қызығушылық , патриархалды шаруашылық болмысының
консервативті идеализыциясына бірігеді. Қарапайым шаруалар мен
еңбекқорларды тәкаппар байларға қарсы қоя отыру арқылы , поэзияға
демократиялық тенденцияны енгізді.
Мұндай табиғат аясындағы шаруа өміріне деген сүйсіну Джеймс
Томсонның сентиментальді поэзиясында кездеседі.
Джеймс Томсон
Джеймс Томас (1700-1748) шотланд пасторының баласы, ақын, Лондонның
консервативті адамдар шеңберінің қорғаушылығында болған, Биле, Британия,
теңіздерді(Правь, морями, Британия) әнұранын жащған , Жыл мзгілдері
(1726-1730) атты төрт поэмадан тұратын (Қыс, Жаз, Күз, Көктем)
циклін жазып атағы шыққан ақын.
Табиғатқа сүйсіне отыра, қысқы немесе көктемгі ландшафттарды
суреттей отыра Томсон ешуақытта өз поэмасына шаруа өмірінің
көріністерін : егін жинау, балық аулау мен. Қойдың жүнін қырқу сияқты
сияқты көріністреді енгізуді ұмытпайды. Ағылшын шаруасының өмірі еңбек
пен жоқшылыққа толы; сентиментальді бояуланыңқыраған; еңбек жиын-той,
мейрамдармен кезектесіп тұрады. Томсон оқырмандарды толғандырып, тебіренту
мақсатында салған қайғылы және трагикалық оқиғалар көбінде күтпеген
апаттардан пайда болады: үйінде жары мен бала-шағасы күтіп отырған, адасып
қалған жолаушының аязды боранда үсіп мерт болуы; сүйіктісінің көз алдында
найзағай тиіп өлген жас жігіт, т.б. Жыл мезгілдері циклін Томсон уақыт
айналымы мен әлемді жарасымды үйлестіре алған жаратушыға арналған
әнұранмен аяқтайды. Сентиментализмнің пессимсттік және діни тенденциясы
Юнгтың шығармашылығында ерекше көрініс тапты.
Эдуард Юнг
Эдуард Юнг (1683-1765) лирикалық поэзия саласындағы алғашқы
сентименталисттердің бірі болған. Оның 20 жылдары жазылған халықтық
одалары , қанды тагедиялары мен аристократияға арналған сатирасы
классицизм сарынында болып, жұрт ілтипатына ие болмады. Ақырында Юнг
классицизмді сынап , суретшілер сезім мен құмарлықты бейнелеуде қатал
тәртіптен боматылсын деп талап етті. Пастор бола тұра ол дінді уағыздауды
көздеді. Ал жақындары - әйелі мен асыранды қызының дүниеден өтуі дінге
деген құмарлығын арттыра түсті. 1742-1745 жж. Юнг ауқымды Шағым немесе
өмір, өлім және мәңгілік өмір жайлы түнгі ойлар атты діни дидактикалық
поэмасын жазды. Поэма ақ өлеңмен жазылған 9 өлеңнен тұрып, бояулы,
әсерлі жазылып сол кездегі көп ағылшындықтардың үмітсіздігі мен
опасыздығын шебер суреттегендіктен халық көңілінен өз орнын таба алды.
Өз поэмасында Юнг бұл жалғанның опасыздығын ойлап , қайғырады.
Ұйықтап жатып түн ортасында жақындарын есіне алып, кедей болсын, бай
болсын, бар адамның ақыры бір - өлім екенін айтады. Адам Юнг үшін қарама-
қайшылықтарға толы, бір жағынан ұлы екінші жағынан әлсіз , түгелімен
құдай еркіне бағынатын жәндік.
Юнг өзінің қапас меланхолиялық поэмасымен мола поэзиясын
қалыптастырушылардың бірі болып табылады.
Юнгтың поэмасымен бір уақытта , тіптен сәл ертерек дәл осындай
тематикада жазылған шығармалар: Парнельдің Өлімнен түнгі үзінді (1718),
шотландық пастор Блердің Бейіт поэмасы (1743), Джеймс Гарвидің Қабір
арасындағы ойлары (1748) және біршама атақты Грейдің Ауыл моласында
жазылған элегия (1751) өлеңі.
Мола поэзиясы бағыты 18 ғ. Англия халқының кішігірім буржуаздық
деңгейін қамтыған амалсыздық пен өкініш сезімдерінің дәлелі бола
алады. Мола элегияларындағы кейіпкерлер қабір арасында жүріп ,
сағаналарға түсіп, бассүйек пен қаңқаларға қарап, бай мен кедей деп
бөлмейтін өлім туралы ойланып-толғанады. Буржуазия идеологтарының
дворяндықпен күрестегі теңдік тақырыбы ағылшын сентименталисттерінде діни
реңке ие болды; бұл тек өлім алдындағы теңдік, құдай алдындағы теңдік.
Томас Грей
Томас Грейдің Ауыл моласында жазылған элегияларында мола
лирикасының тенденциялары, дүниенің жалғандығы шаруаның еңбегімен
үйлесіп жатады. О дүниеге аттанған ауылдастарын есіне ала отыра, Грей
олардың қарапайым еңбегін қуанышпен, көтеріңкілікпен суреттейді.
Грей элегиясына демократиялық пафос, кедейлік пен білімсіздіктің
қатал шарттары, кедейлердің қабілеттерін шектейді деген ойлар тән.
Грей жер астында шаруалар емес, өз қабілеттерін білмей кеткен
саяси қайраткерлер мен ақындар жатыр деген болжам жасады.
Алайда элегия өзінің демократиялық мағынасын жоғалтып, тек
шаруалардың ынжықтылығы мен топастығын мадақтауға арналды.
Жетіспеушілікке, білімсіздік пен жоқшылыққа толы бақытсыз өмір Грейде
адам өмірінің идеалы етіп берілген.
Элегияның жалпы фоны ретінде бай мен кедей құтыла алмайтын
өлім жайлы меланхолялық ойлар сақталып қалған. Осы тұрғыдан ақын
кедейлердің өміріне жақ болады. Бұл өмірдің тартымсыз болғандығы
соншама , өлім кезінде ешнәрсеге де өкінбейсің.
Оливер Гольдсмит
Сентиментализмнің Англиядағы көрнекті өкілдерінің бірі Оливер
Гольдсмит пен Лоренс Стерн болып табылады.
Оливер Гольдсмит(1728-1774) Ирландияда ауыл дін қызметшісінің
отбасында дүниеге келген. Өзінің жастық шағы мен жанұясын Оливер
Гольдсмит Векфильдік дін қызметшісі атты романында әкесін Примроз,
ал өзін оның баласы Джордж бейнесінде суреттейді. Бұл кейіпкердің
басынан өткен жағдайлары дәл Гольдсмиттің өмірінен алынған. Алайда
Гольдсмит бұл кейіпкер сияқты материалдық байлыққа кенелген жоқ.
Жас кезінде Гольдсмит Дублиндегі Тринити колледжінде білім
алып, Шотландия мен Англияның әр түрлі университеттерінде білімін
ары қарай жалғастырған. Ол Эдинбургте, Лондонда, Лейденда (Голландия)
заң. Медицина және философиялық ғылымдар бойынша дәрістер тыңдады.
Алайда, ақшаның жетіспеушілігі салдарынан толық білім ала алмады.
Көп нәрсені білуге және көруге әуестеніп Гольдсмит жаяу және
ақшасыз Еуропаға саяхатқа аттанады. Голландиядан ол Фландрия арқылы
Францияға және Германияға , Италияға дейін жетеді. Жол жүре
отырып ол әр түрлі жолмен ақша табатын: флейтада ойнаған; кезіп
дүрген коммедиант ретінде сахнада өнер көрсетті; университеттер мен
монастырьлар ұйымдастырған ғалымдар диспуттарында өнерін көрсеткен.
1756 ж. Англияға қайта оралып, Ричардсон типографиясындағы және
басқа да мамандықтарды бірінің артынан бірін ауыстырды. Мұнда оның
әдеби шығармашылығы бастау алды. 1758 ж. Гольдсмит Ара атты
сатиралық еңбегін жарыққа шығарып, Қоғамдық ақпарат атты газетте
өзінің сатиралық Қытай хаттарын жариялады. Алайда, беделді әдеби
қызмет, атақты сыншы Сэмюэль Джонсонның көмегі Гольдсмитті
жоқшылықтан құтқара алмады. Векфильдік дін қызметшісі романы енді
ғана аяқталған кезде, қарыздары үшін қамауға алынды. Түрмеден ,
осы кітапқа берілген толем ақы арқасында босатылды.
Гольдсмиттің әдеби мұрасы өте бай. Ол Векфильдік дін
қызметшісінен басқа Саяхатшы (1765) және Тастанды ауыл (1770)
атты поэмалары, Мейірімді адам (1768) және Ол жеғу үшін
келіседі (1773) атты комедиялар, Англия тарихы , Рим тарихы,
Әлем азаматы немесе Лондонда тұратын қытай философының Шығыстағы
достарына арнап жазған хаттары, т.б. еңбектерін жазды.
Өзінің поэмалары мен Қытай хаттарында Гольдсмит бүгінгі
ағылшын ақиқатын сынады. Қытай хаттары Француз философ-ағартушы
Монтескьенің Парсы хаттарының ықпалынан жазылған (1721).
Гольдсмиттің сын тенденциясы Тастанды ауыл поэмасында күшейе
түседі. Бұл жерде Гольдсмит қаңырап қалған ауыл суретін көрсетеді.
Ауыл орнында енді мал бағатын жер пайда болған; ал жерлерінен
айырылған шаруалар , туған жерлерін тастап, үйлері жоқ қаңғыбастарға
айналды.
Гольдсмит Англияның қарапайым адамдарына шын мәнінде жаны
ашиды. Оны ұлттық табыс қуантпайды, себебі ұлттық байлық тек
байлардың қалтасын қалыңдатып, кедейлерді одан ары тығырыққа тірейді
деп ойлайды. Ол байлықтың балалары, яғни өз қамы үшін шаруаларды
жерлерінен алыстатқан ағылшын помещиктері мен саудагерлеріне ерекше
жек көрушілікпен қарайды.
Алайда, Гольдсмиттің байлық пен молшылық жайлы ойларында
өркениетке қарсылық, сентименталисттерге тән патриархалды кедейлікті
мадақтау айқын көрінеді. Тастанды ауыл поэмасының алғысөзінде
Гольдсмит: Мен осы күнге дейін көптеген хандықтарды жермен-жексен
еткен байлықты өкімет үшін қауіпті апат ретінде есептеймін
деген. Бұл ретте Гольдсмит атақты Руссомен ынтымақтас.
Гольдсмиттің дұрыс идеалдары консервативті. Прогресс, даму,
болашаққа деген үміт Тастанды ауыл поэмасында өз орнын
таппаған. Поэма басынан аяғына дейін қираған патриархалды жұмақ,
яғни ағылшын өткен күндерін суреттейтін элегия болып табылады. Ол
қарттар сыра ішіп, саяси жаңалықтарды талқылауға , ал ауыл
жастары сауық-сайран құруға жиналатын жайлы ауыл сыраханасын,
ойындар мен биді; яғни ағылшын шаруасының өткен күндері мен осы
күнгі қаңырап қалған ауылдың жағдайын табиғат аясында шынайы
салыстырып көрсеткен.
Векфильдік дін қызметшісі
Гольдсмиттің дүниетанымындағы қарама-қайшылықтар күшті және
әлсіз жақтары оның ең басты еңбегі болып табылатын Векфильдік
дін қызметшісі атты романында көрініс тапқан .
Роман тлығымен кедей дін қызметшісі Примроздың өмірі және
оның жанұясына бай помещик ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz