Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары
Кіріспе
Антик деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим психологиясын
білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны
білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін
аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың
көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал,
хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик психологиясы өзінің бастауын
б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император
Юстинианның барлық христиандық емес мектептерді ресми түрде жаптырған
датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі
кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен
аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы
(б.з.д. IV ғ.);
Ежелгі кезеңде мәдениеттің өзгерістері өзара қарым-қатынаста жүрді:
идеалар, рухани құндылықтар қалыптасқан мәдениет тағы басқалары бір-бірімен
тығыз қарым-қатынаста болған.Сондықтан ежелгі грек өркениеті шығыс пен
батыс жетістіктерімен алшақтықтан қарастырылуы тиіс. Бұл антикалық
философияға жатады.Адамдардың өмірлік құндылықтарыкезеңдермен өзгеріске
ұшырайдыӨндірістік ревалюцияда өзіндік ерекшеліктері тас дәуірлері мен
басқа дәуірлер арасында алмастырылып келген.Алғашқы философиялық жүйелер
пайда болған.мұның авторлары негізінен зерттеу обьектісіне өмір негіздерін
енгізген.
Грек философиясы физис философтары немесе натурфилософтар болған
милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен
және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін
іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып,
философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік
ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес
барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп
атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны,
Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді.
Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және
абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты
физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген
ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен
байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол
мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып,
екі түрлі бағытты ұстануға болатын еді: бір жағынан білместік принципі
(мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін) ғылымды теріске шығаруға
әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның
афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның Сократ апологиясы) бір жағынан
қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық ,
метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан
софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі
логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис
қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі
ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі
жолдармен жүрді.
Сократка дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен
бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен
натуралистер деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен
салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы,
Фалес бәрі құдайға толы деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз
қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің
де жаны болады (гилозоизм).
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған
қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық
және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің
негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия
түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, тығыздалу
мен сиректелу үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен,
себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп
бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты
түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне
айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз -
от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар,
түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның бәрі
ағады, бәрі өзгереді деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды.
Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір
қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы,
олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат
пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары
бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Кіші физиктер немесе физик-плюралистер — Эмпедокл мен Анаксагордың
көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге талпыныспен байланысты
болды. Олардың плюралистік концепциялары элейліктердің де, иониялықтардың
да монизміне қарсы бағытталды. Ал бұл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт
түбір ұғымынан өзге біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік беретін Махаббат
пен Дұшпандық деп аталған ғарыштық күштерді де енгізеді. Анаксагор болса
(Афиныдағы философияның дамуы оның есімімен басталады) әлемдегі сан жетпес
сапалар мен өзгерістердің көп құбылмалы себебін заттардың ұрықтары
(гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бір тәртіпке келуі арқылы
түсіндіреді.Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсатты
талпыныс Левкипп пен Демокрит үсынған олемнің атомистік картинасы болды.
Әлемдегі барлық өзгерісті, қозғалысты түсіндіретін - атом (абсолютті,
тығыз, онан әрі бөлінбейтін болмыс), бос кеңістік (болымсыздық) және
олардың қозғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай
ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақыл-мен пайымдалады.
Элеаттардың апорийларын игеру мақсатында олар әр түрлі сезімдердің болуы
атомдардың сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсіну атомдардың өмір сүруін
ақылмен ұғыну арқылы іске асады дей отырып, ақиқатты да, пікірді де
сақтап қалды. Демокриттің бүкіл дүниетанымынан байқалатын атомизм принципі
ғаламның шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан алуандылығы, себептілік пен
кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет тарихына көзқарасында, моральды
зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.
Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін жоғары классика дәуірі болып табылады. Бұл
дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі
философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері
қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы
Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның
шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа
бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның
философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен
мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде
оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар
аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын
жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі,
онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-
соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен
байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды
кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және
материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың
негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына
заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және
нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар
ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған
жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан.
Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте
негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және
Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы.
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын
ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық
майевтика болып табылса, ал ди-алектика термині онда жаңа мағынаға ие
болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау
ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің логикалық емес жолы.
Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тон), таным
тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның
мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-
түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның
бүкіл ой-толғамдарым қорытындылайтын Мемлекет диалогы болып табылады.
Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше),
онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет
қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның
төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті
практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң
Платон өзінің Саясат және Заңдарында барлық нәрсенің өлшемі — Құдай
деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға
ұмтылады.
Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани
дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге
бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның
ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген.
Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына,
органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің —
метафизиканың, физиканың психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың,
логиканың даму жолдарының негізін қалады.
Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы,
Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап
аты (жалпақ, кең), өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz