Болмыстың негізгі формалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе. Болмыс ұғымы
2.Негізгі бөлім. Болмыстың негізгі формалары. Пайда болған терминдер
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.

“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде
философида ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді,
өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты
проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны
өздерінің философиялық ой-пікірлер системасының негізгі мәселесі деп
санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол барма, әлде жоқ па? –деген
сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес
жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын
табу үшін болмыс ұғымының философиялық мән-мазмұнын ашып көрсету қажет.
Ең кең мағынада алғанда, болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын
шегіне жеткен жалпы ұғым –философияық катигория болып табылады. Болмыс
дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар
мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі-бәрі. Тіпті
адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір
көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық катигориялардың
барлығы: материя, сана, сапа, сан, құбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар
т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық катигориялардың
оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан
алғанда, көтеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық
катигорияға сәйкес сөздердің мән-мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын
түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі
сөздер білдіретін философиялық катигорияның ерекше, тек философия ғана
анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау қажет.
Сондықтан философиялық “болмыс” катигориясының мәнін түсіну үшін оның өзіне
ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасы мен байланысын
ескерудің маңызы зор.
“Болу” деген етістік өткен шақта да, осы шақ пен болар шақта да ең
жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады. “Быть”, “есть” деген етістіктер
еуропалық тілдердің де көпшілігінде сөйлемде жиі кездесіп отыратын
логикалық байланыс ( неміс тілінде- “ist”, ағылшын тілінде- “is”, француз
тілінде- “est” және т.т.). қазақ тілінде “болу”, орыс тілінде “есть”
байланысы көбінесе ауызша, жазбаша сөйлеуде айтылмай, ойда тұрады. Мысалы,
“Роза – қызыл гүл”, “Бейсен – жігіт” т.б. сөйлемдерде байланыс айтылмаса да
ойда түр. Егер бұл сөйлемдерді формальды логика тұрғысынан талдау жасап,
толық формасына келтірсеек, (“S дег. P” деп),онда”Роза дегеніміз қызыл
гүл”, “Бейсен дегеніміз жігіт” дер едік. Бұл жердегі “S дег. P” деген
пікірде “дегеніміз” деген байланыс субъектіге (Роза, Бейсен) предикатта
көрсетілген белгі (қызыл гүл, жігіт) тән екенін көрсетеді. Ал бұл
пікірлерге диалектикалық логика тұрғысынан талдау жасасақ, онда жеке адамға
(Бейсенге) жалпы тектік белгі (жігіттік) тән екні, розаға қызыл гүлдік
жалпы белгі тән екені бейнеленіп тұр, яғни осылайша жалпылаудың нәтижесінде
таным процесінде жеке мен жалпының арасында байланыс орнатылады, ойлау
процесінде біртіндеп түрден текке көше отырып, ең жалпы ұғымдар –
катигориялар қорытып шығарылады.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен
қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы
байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін “болмыс”
деген жалппы ұғым қорытып шығарылды, болмыстың толып жатқан түрлерін танып
білді. “Болмыс” катигориясын философияға тұңғыш енгізгендердің бірі
ертедегі Греция философы Парменид болды.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай
негізгі формаларын танып білді:
1) заттар (денелер), процестер болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас
табиғат – болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер
болмысы болып екіге бөлінеді;
2) адам болмысы; бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза
адамдық болмыс болып бөлінеді;
3) рухани (идеялық) болмыс; бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы)
және обьективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып
жіктеледіҒ
4) әлеуметтік болмыс; бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан
тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде материлдық болмыс және
рухани болмыс болып, екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы
қатынастан философияның негізгі мәселесі –руханидың (ойлаудың, сананың)
руханидан тыс, тәуелсіз обьективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі
шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады:
бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің
бірлігі неде?
Бұл бірлік жайындағы ой-пікірлер дүниеде бар барлық нәрселерден
бәріне ортақ негіз туралы түсініутің тууына алып келеді, ал бұл
философияда субстанция катигориясын тудырады. Субстанция (латынша
substantia – негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты
заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі
бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық
нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негзін түсінеді. Егер түрліше жеке
заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция
жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана
өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол – өзі өзінің себебі және басқа
нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде
философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының
тууынан және айналадағы дүниенің субстанциялық бірлігінің, шындық дүние
құбылыстарының заңды байланысыныңң тууынан болды.
Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм
философиясына жатады. Алайда негізгі алатын субстанция түрліше болады –
субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған
сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның
т.б. ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің
философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалыстік түсінігі
бар. Дуализм түсінігі бойынша екі бастапқы негізі – материалдық және
идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі денесі бар шындық дүние
заттары болса, екіншісі – рух дүниесі( Р.Декарт).
Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді.
Мәселен, Ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде
дүниенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: не су
(Фалес), не ауа (Анаксимен), не от (Гераклит) т.т. Алайда, бұл
түсініктердің бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз
көрсете аламады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанциясының
ешқайсысында қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады.
Левкипп пен Днмокрит негзін салған, кейіннен Эпикур әрі қарай
дамытқан субстанцияның атоммистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік
принципі ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды.
Бұл теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер –
атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста
болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айрылады деген
пікір ұсынылды.
Атомистік теория жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану
ғылымдарында, атап айтқанда, Ньютонның, Гассендидің, Бойльдің,
Ломоносовтың, Гольбахтың, Дидроның және басқа ойшылдардың еңбектерінде одан
әрі дамуын тапты. Соның негізінде жылудың табиғатының, диффузияның, жылу
өткізгіштіктің, көптеген химиялық құбылыстардың ғылыми түсіндірмесін
жасауға қол жетті. Ол жарықтың корпускулалық теориясының тууына көмектесті.
Алайда сол кездегі ғылымның дамуының төмендегі табиғат пен қоғамның
көптеген құбылыстарының мәнін түсіндіруге мүмкіндік бермеді.
Сонымен қатар Маркске дейінгі материлизмнің өкілдері материя
жайындағы ғылымның одан әрі дамуын теріске шығарған бірқатар метафизикалық
үстірт пікірлер айтты. Олар, атап айтқанда, дүниедегі құбылыстардың барлық
байқалатын қасиеттерін таратушы не “тірегі” ретінде белгісіз бір бастапқы
және өзгермейтін материалдық субстанция бар жегенді мойындады, заттар пайда
болып және жойылып, түрлі өзгерістерге ұшырап отырғанымен, бірақ субстанция
біртекті және оның негізі мызғымайды, оның сыртқы формасы ғана өзгереді
деп санады.
Материялық субстанцияның сапалық біртектігі жөніндегі түсінік
дүниенің механистік ұғымының негізі болып келді. Ньютон механикасының
заңдары табиғаттың универсалды заңдары ретінде, табиғат пен қоғамның барлық
басқа заңдарына байланысты болатын болмыстың іргелі принциптері ретінде
қарастырылды.
Материализмге, атомдық теорияға қарама –қарсы субстанция ретінде
түрліше идеалистік теориялар пайда болып, олар дүниенің ең жалпы негізі
ретінде құдайдың жаратушылық идеясын, дүниежүзілік ақыл-ой немесе
абсолюттік рух идеясын т.б. ұсынды. Адам миының қасиеті болып табылатын
психикалық процестерді ми қызметінен бөліп алып, материяны, кеңістік пен
уақытты жаратушы дүниежүзілік ақыл-ой, абсолюттік рух деп жариялады.
Субстанцияның идеалистік және соған жақын діни түсінігі дүниенің мәні
жайындағы мәселенің шешімін ілгері дамыту былай тұрсын, керісінше, олар
белгісіз “бірдеңені” одан да гөрі белгісіздеу сиқырлы басқа “бірдеңемен” –
бүкіл әлемдік құдайдың әмірімен, абсолюттік рухпен, адамның қабылдауына,
түсінігіне көнбейтін ғаламат күшпен ауыстырады. Сөйтіп, идеализм мен дін
дүниенің табиғи-ғылыми түсінігін әрдайым жалған, қияли уағыздармен
ауыстырып, адамнын санасын шатастырумен болды. Бұған қарама-
қарсыматериалист-философтар құбылыстардың табиғи себептерін ашып көрсетіп,
олар материя қозғалысының объективтік заңдарының әрекетінің нәтижесі
екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Материализм дегеніміз дүние, табиғат іс
жүзінде қандай болса, оларды дәл сол күйінде, ешбір қоспасыз ақиқат күйінде
түсіндіретін көзқарас. Дүниені осы тұрғыдан түсіндірудің дұрыстығын
ғылымның дамуы барған сайын дәлелдей түсті, сөйтіп дүние жайындағы діни-
идеалистік түсініктердің бәрін дәйекті түрде әшкерелеп отырды.

Онтология
Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде
философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді,
өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі
болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны
өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп
санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген
сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес
жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын
табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым -
философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір
сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де,
қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы,
ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де
болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы:
материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі
тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды
білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда,
көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық
категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын
түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі
сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана
анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек.
Сондықтан философиялық болмыс категориясының мәнін түсіну үшін, оның
өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен
байланысын ескерудің маңызы зор.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар
екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе,
олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін болмыс деген жалпы
ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді.
Болмыс категориясын фплософияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек
философы Парменид болды.
Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: Болмыс бар, болмыс
емес жоқ - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, болмыс еместіні тануға,
білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен
болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. Ойлау мен болу бір дейді Парменид.
Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара
отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі
формаларын танып білді:
1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және
адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;

2.Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық
болмыс болып бөлінеді;
3.Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және
объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;
4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және
рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы
қатынастан философияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
Табиғат болмысы
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну негіздері
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Философиядағы субстанция мәселесі
Болмыс философиясы. Материя
Сана және оның формалары
Болмыс формалары
Болмыстың негізгі түрлер
Пәндер