Сыбайлас жемқорлықтың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
ТЕАТР
ӨЕНЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
СЦЕНОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес Заңы

Аға оқытушы: А.А Нұрмұхамбетов
Орындаған: Бектенова С. А.

АЛМАТЫ,2010
ЖОСПАР

Кіріспе Бөлім.
а) Сыбайлас жемқорлықтың әлемдік даму тарихы
б) Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
2. Негізгі Бөлім. Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің қалыптасуы және дамуы
3. Қорытынды

1. Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты
француз философы Шарль Луи Монтескье: Көптеген ғасырлар тәжірибесі
көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және
де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді, - деп
айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан
түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын
алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші
Конгресінің хатшылығы әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
практикалық шаралар атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы
тамыз-қыркүйек).
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері
жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды:
Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет
жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік
қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
М.О. Нәукенов: Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыс ұғымдарын
бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас
жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын
бақылау құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік
тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік
органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер
қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: кез келген қызметкердің қызмет
жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы, - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы Заңының 2-бабына сәйкес: Мемлекеттік міндеттерді
атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық
өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не
мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке
өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен
артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың
аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды
сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей:
Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір
мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Қазіргі отандық әдебиеттерде: Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен
соrruptio - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны
білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың
сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы
басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін
және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген
лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу
мақсатында жасаған қылмысы.

Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы(1-Кесте)
Сыбайлас жемқорлық
типологиясының өлшемдері Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Қызметтік бабын өз басыныңМемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық
пайдасына пайдаланушы сыбайлас жемқорлық
субъект Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтық Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды
қарым-қатынастың пара беруге мәжбүрлейді.
бастамашысы Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Пара беруші субъект Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)
Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері,
мысалы, есірткі таратушылар)
Параның түрі Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір
мақсаты істі жедел орындауы тиіс)
Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің
орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік
міндеттерін бұзады)
Жылы көзбен қарау үшін берілетін пара (пара
алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның
тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс )
Сыбайлас жемқорлықтық Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез
қарым-қатынастың келген адам өз бетінше әрекет етеді).
орталықтандырылу дәрежесі Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық төменнен
жоғары жаққа қарай (төменгі сатыдағы
шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары
тұрған басшылықпен бөліседі)
Сыбайлас жемқорлықтық Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас
қарым-қатынастың таратылу жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы
деңгейі сатыларында)
Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас
жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және
саяси қайраткерлер)
Халықаралық сыбайлас жемқорлық
(шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Сыбайлас жемқорлықтық Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық
байланыстардың жиілігі Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық
Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі
ретіндегі сыбайлас жемқорлық )

Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық
қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі,
қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім.
Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің
белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар
белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер
лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын
түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас
жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының
ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас
жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған
дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында corrumpire деген
термин пайда болып, бүлдіру, біреуді сатып алу деген мағынаны білдіріп,
билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет
неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік
деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі
және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан
жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі.
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу
дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші
жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін
мемлекетті сатып алуға кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен
сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші
жартысында үшінші әлем елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде,
олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық
жолына түскен еді. Үшінші әлем елдерінде төменнен жоғары жаққа қарай
сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін
мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ
жоғарыдан төменге қарай сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай
жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған
парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас
жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады). Үшінші әлем
елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде)
клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық
әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс
орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге
айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен
қарқынмен дамыды.
Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-
қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа
айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы
сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие
болды.

1.2 Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары

Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік
ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың
өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда
керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген
зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына
едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін
инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа
тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен
қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға
бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи
ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас
жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа
екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың
болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың
төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел
экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас
жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген
зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты
төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың
мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді.
Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке
секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен
болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай
жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара
алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар
өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына
жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған
қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын
көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен
шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.
Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің
бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі.
Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму
деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз.
Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:
- жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас
жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып
табылады.
- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар
белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған
құралдар болуы әбден мүмкін.
Саяси себептер.
- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен
болуының кепілі.
- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас
жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.
- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік -
экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.
Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер
көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды
негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы
салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең
өріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Жемқорлық тарихы мен бүгінгі жағдайы
Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: өзге мемлекет мысалымен салыстыру
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Саяси себептер
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық туралы
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу
Сыбайлас жемқорлық.Пара беру
Пәндер