Экологиялық қылмыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Экологиялық қылмыс
Жоспары
1.Кіріспе
2.Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері.
3.Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар
4.Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын
қылмыстар
5.Жерді,құрлықтық шельф,жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол
сұғатын қылмыстар
6.Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге
байланысты экологиялық апат аймақтары

Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан 
халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып
жүр.Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім:
теңіздер,өзендер мен көлдер ластанып,жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып
жатыр,миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға  мәжбүр болып,халық
арасындағы өлім саны да көбейді.
Бүгінгі таңда-ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп
түсуде,ал олардың  түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр. Мысалы,
жер,су,ауаның ластануы қалыпты деңгейден 2-3 есе, кейбір жерлерде 10-15 есе
асып кеткенін,жеріміздің 44 пайызы аридті (шөл), 23 пайызы субаридті
(шөлейт) екенін,еліміздің егістік жерінің 20-30 пайызы табиғи жолмен
пайдалану шеңберінен шыққанын,63 млн.гектар тозып кеткен жайылымдық жер
тіркелгенін,республика жерінде 20 млрд. тонна өндіріс қалдығы бар
екендігі,оның ішінде 237 млн.тонна радиоактивті қалдықтардың ашық аспан
астында үйіліп жатқандығы мен ормандардың тілсіз жау өрт құшағына оранған
оқиғалар жиілеп кеткендігін анықтап алған кезде сөзсіз Экология кодексін
қабылдау қажеттігі туындайды.
Ол туралы Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында:
2007 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен
үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін
жетілдіруге бағытталған. Экология кодексі қабылдануға тиіс деп ерекше атап
өткен болатын.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылы 9
қаңтарда қабылданған. Экологиялық кодексі келесі негізгі мәселелерді
қарастырады:
1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау,экологиялық
нормалау,экологиялық сараптама,рұқсаттар,экологиялық аудит;
2. қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу,табиғи
ресурстардың мемлекеттік кадастрлары,өндіріс пен тұтыну қалдықтарының
мемлекеттік кадастры,зиянды заттарды,радиоактивті қалдықтарды көму мен
сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры;
3. жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық
зілзала аймақтарын белгілеу,жерді пайдалану кезіндегі экологиялық
талаптар,суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар,ормандарды және өзге
де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;
4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында
шаруашылық қызметті жұзеге асыру кезінде қойылатын экологиялық
талаптар,радиациялық материалдарды,атом энергиясын пайдалануға қойылатын
экологиялық талаптар;
5. өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық
талаптар,қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.  
Осыған орай,халық арасында заңдарды құрметтеу,әрбір адамның құқықтық
санасын ояту және оларға құқықтық насихат жүргізу жұмыстарын жетілдіру
мақсатын көздеген Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20
қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының
Құқықтық саясат Тұжырымдамасы дүниеге келді.Жалпы Тұжырымдама ұсынылған
экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары
бойынша зерттеулердің,оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілмелі
дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай
жүйесін енгізу, Қазақстан аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы
картографиялау үрдістері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2004-
2007 жылдар,2008-2010 жылдар және 2011-2015 жылдарды қамтитын үш кезеңдегі
бағыттары мен негізгі тетіктерін жоспарлы түрде айқындап берілді.
Қазақ халқының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарын өткізуіне, яғни
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, тұлғаны,
оның құқықтарын және бостандықтарын қорғауы маңызды роль болып, әлеуметтік
– саясаттық,экологиялық және  экономикалық шараларымен бірге құқықтық
тәртіпті орнатылуы танылады. Бұл мақсатты іске асыруы қоғамдық өмірдің
барлық салаларында заңдылықты сақтау, экологиялық құқық бұзушылықпен
күресудің тиімділігін арттыру қажетімен байланысты.Экологиялық құқық
бұзушылық –бұл Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне  қауіп-
қатер.Сондықтан біздің мемлекетіміздің Президенті осы мәселеге көп көңіл
аударады. Қазақстан Республикасының Президенті экологиялық құқық
бұзушылықпен күресу бұл Мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағытының бірі
деп мәлімдеді.
Бүгін мен бұрын болмаған мөлшерде экологиялық зиян келтіріліп жатқаны
туралы баса айтуға тиіспін деп ойлаймын. Экологиялық зиян деп қоршаған
ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған  ортаның жай-
күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра
алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын
материалдық және материалдық емес игіліктердің,оның ішінде адамның өмірі
мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн. Зиянсыз құқық бұзушылық
болмайды,қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі,себебі қоғамдық
қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады. Мысалы,қазақстандық
ғалымдардың  Правовое обеспечение рационального  природопользования атты
еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен
қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдауға,оларды тиімді
пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе 
жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын-ала
шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
ретінде берілген. [22,б.117]
Бүгінгі таңда экологиялық құқық бұзушылықтардың жасырын деңгейі өте жоғары
деп айтуға болады.Бұл жағдай нақты құқық бұзушыны айқындау қиындықтарымен
де,құқық бұзушының іс-қимылдары мен зиян келтірудің арасындағы себептік
байланыстарды дәлелдеу,сондай-ақ зиянның мөлшерін белгілеу қиындықтарымен
де байланысты.
Сондықтан қазіргі уақытта ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің күш-
жігері қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне және
экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік жағдайларына жұмсалуы қажет деп
ойлаймын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты– экологиялық құқық бұзу факторларын айқындау
және табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың маңызын ашу,қоршаған
ортаға келтірілген зиянды өтеу  жолдарын және осындай зиян үшін
жауапкершілік шараларын белгілеу мәселелері болып табылады.Бұл мынандай 
мақсаттарды көрсетеді:
1. Экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстарды сипаттау;
2. Қоршаған ортаға келтірілген зардаптардың маңызын ашу;
3. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілікке жалпы
сипаттама жасау;
4. Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыздық салдарынан экологиялық
апат аймақтарын белгілеу;
5. Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерді тиімді шешу жолдарын
айқындау.
Жұмысты жазған кезде мен келесі тәсілдерді пайдаландым:тарихи әдіс –
экологиялық қолайсыз аймақтарының пайда болуына тарихи шолу жасау
анализі,әлеуметтік- заңгерлік, яғни нормативтік актілері мазмұндарының
өңдеуі мен анализі,статистикалық әдіс -  санды деректерді өңдеу.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы
Заңы;Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Су кодексі, Орман
кодексі және басқа нормативтік актілері, сондай-ақ журналдар,
монографиялар, авторефераттар, мерзімді баспалардың мақалалары.
Менің ойымша,табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстар тақырыбы актуалды
болып келеді.Себебі,қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және
табиғи байлықтарды тиімді пайдалану шараларын іздестіру қазіргі уақыттағы
қоғамдық қатынастар саласында ең маңызды шешілетін  сұрақтардың бірі болып
табылады.
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану —
коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану
коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның
парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері
үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық
қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады.
Экология — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — Жер туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және
ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол
өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура
осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір
сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім
ретінде колданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам
жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі
қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін
экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық кажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі
болып табылатын экономикалык кызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз — құлықтылык
қызмет.
Адам — табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінін өнімі. Табиғатқа қатынасына
байланысты ол — оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді
болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды
пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты
бейімдеуші субъект ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар
негізінде — табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс
табады. Табиғат ресурстарын пайдалану — материалдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған қоғамнын экономикалық мүддесімен анықталады.
Табиғатты қорғау — қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін коршаған табиғи
ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып
табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да)
жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету
керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін,тек табиғи ортамен ғана
өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана
табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялык заңдарды сақтауға аса назар
аудару керек. Қоршаған ортада — бұл әлеуметтік экологияның заты емес.
Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология
кіреді. Құқықтық экология деп — қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан
туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың
жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология
құқығы танылады. Экология құқығы — бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін
коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен
табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің экологиялық қызметінің дамуы — экология қүкығы деген атқа ие
болған жаңа қүқықтык бірліктің кұрыл-уына алып келді. Құқық саласының
құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе
коршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңньщ болуы және бол~ мауына
байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің болуы берілген бірлестіктің ішкі
даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың
түбегейлі кажеттіліктерінен туындайтын болса.
Экология құқығы, құқык саласы ретінде біздің ортақ үйіміз өмір сүру
мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету
мақсатында экологиялык қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы
тәсілдерді реттейтін құкықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе — біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші
көптеген элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері — қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді
байланыска жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, коғамға да катысты
зандылықтардың құкықтык, реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология
құқығы 3 негізде окытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.
Экологая құқығы сала ретінде — экологиялык құкықты сала, пән ретіндегі
танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқыкты — құқык
саласы ретінде тану үшін біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның
нормаларына түсінік береміз.
Экологиялық құкықты оқу пәні ретінде біз, теориялык және тәжірибелік
сұрақтарын камтитын оқыту әдістемесіне және де кұқық нормалары мен олардың
тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары — Қазақстан
Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және
азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың
құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға
байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның
денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге
бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық
шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға
құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық
ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық
аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құкықтары
Қазақстан Республикасының зандарында ары қарай дамуы көзделген.
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны
қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың
демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны
жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-
гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы
заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. қоршаған ортаны қорғауға байланысты
құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың,
сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға,
оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы
зандардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың
өтеуін алуға құқы бар.
Азаматтардың:
— белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және
толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен
сауықтыруға катысуға;
— қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар
құруға;
— қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге,
шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
— коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға
хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап
етуге;
— коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

— кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де
объектілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстар
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Экологиялық зиян ұғымы
Экологиялық қылмыстар туралы
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Құқықтық экология
Пәндер