ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ҰЛТ САЯСАТЫНДАҒЫ ДІНИ ФАКТОР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ . . . 5

2. ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ

ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНИ ФАКТОР . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 16

КІРІСПЕ

Мұсылман қоғамдарының ішіндегі соғыстар саяси сипаттың салдарынан болды. Саяси билікке қарсы күрес саяси өкімет дін басшыларының қолында болған мемлекет құрылысының қоғамдарында міндетті түрде топтық, қауымдық және тағы басқа наразылығын, Христианствадағы анологиялық егестерді туғызды, бірақ ислам әлемінің ішінде ғылыми және философиялық тоерия жүйесіндегі егестер болған жоқ. Дәстүрлер мен салт жораларын атқару жағдайы- жанама. Омейядскідегі, Абассидскідегі және басқа да халифаттардағы алмастырулар- діни емес, саяси дауласулардың салдарынан. Бұл сосын еуропалық отаршылдардың келуімен, діни алаауыздықтың элементтері саяси дауласудың катализаторы ретінде пайдалана бастады.

Адам баласы ХХ-ғасырда бұрын-соңды болмаған ғылыми-технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, «Жер» деп аталатын планетамыз кішірейген сайын кішірейіп, бір алақанға сыйарлық жағдайға дейін жетті. Өткен ғасыр ғылым, білім, мәдениет және өнер, спорт салаларындағы орасан зор табыстармен ерекшеленді. Дегенмен, өткен ғасырда адам баласының тарихында болмаған зұлымдықтар да болды. Еуропа халықтары екі рет әлем соғыстарын ашып, дүние жүзін қызыл қанға бояды. І және ІІ дүниежүзілік соғыстарда бір діннің уәкілі болғанына қарамастан еуропалықтар бірімен бірі қырылысты. Батыс халықтары басып алған мемлекеттерде үш жүзден астам ірілі-ұсақты соғыстар жүріп жатты. Кей халықтар ұлт-азаттық көтерілістерді бастап жатса, енді бір елдерде төңкерістер жасалып, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар қырылып, өлмегені сүргінделіп яки жарғыланып (сотталып), әсілі, жабайы һәм тұрпайы әлеуметтік кезеңде болмаған зұлымдықтар жасалды.

Жаһандану заманында “дүние жүзі - бір ел” деген қағида жиі қайталанады. Әлем халықтарының мидай араласып, өзара ықпалдасып, байланысып, ортақ тіл табысып жатқаны анық. Сонымен бірге, тегі, тілі, діні, басқа да ортақ құндылықтар адамдарды жақындататыны соншалықты, басқалардың “бөтендігі” көзге ұрып тұрғандай. Кеңес одағын дүр сілкіндірген, Югославияны қанды жанжалдардың майданына айналдырған, жер жүзінде талай қайшылықтар туғызатын - ұлттық қозғалыстар.

Ұлттың ұлы-кішісі жоқ. “Адамдардың ақыл-парасаты оның бойымен өлшенбейтіні сияқты, ұлттың ұлылығы халқының санымен өлшенбейді”, деген француз жазушысы Виктор Гюго. Жер жүзіндегі ұрыс-соғыстардың 70 пайызы этносаралық сипат алады. Этностар араласқан тұста оқшаулану, алалану, шеттетумен қатар жақындасу, жалғасу, тұтасу бірге жүреді. Ұлт саясаты осы диалектикалық қарым-қатынастардан, қайшылықтардан бастау алады.

1. ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.

Кенес империясының ыдырауы мен Орталық Азия республикаларының тәуелсіздікке қол жеткізуі сөз болғанда батыс ғалымдары мен сарапшылары 1986 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның біраз қалаларында орын алған оқиғаларға соқпай өтпейді.

Ұлт саясатын менсінбеу кезінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіорын алды.

Қазақ жастарының Кеңес Одағы халықтарының «ар-ожданы» саналатын Компартиясы Орталық Комитетінің шешіміне қарсы тұрып, дербестік ұранын көтеруін ешкім де күтпеген еді.

Кеңес Одағының ерте ме, кеш пе тарих сахнасынан кететіндігіне сеніп келген шетел ғалымдарының өздері де Желтоқсан көтерілісін ашық күндегі найзағайдай қабылдайды.

Жапон профессоры Т. Куционың «Қазақстандағы ұлттық көтерілістер», Неміс тарихшысы Катрин Веннер Қазақстан халықтарының өзара қарым - қатынасы жөнінде зерттеу жүргізіп, 1996 жылы Гамбургте жарық көрген кітабында көтеріліс тарихына арнайы тоқталады.

Оқиғаның түп төркінін ұлтаралық қатынастар.

Жалпы алғанда көтерілістің шығу себептері батыс советологиясында берік орын алған «ұлтшылдық концепциясы» шеңберінде қарастырылады.

Желтоқсан көтерілісі «ұлттық сана - сезімнің -өсуінің белгісі». Бірақ бұл процесс «этникалық және діни сезімнің, Кеңес мемлекеті саясатының жиынтық туындысы» екендігін ескере отырып, Орталық Азия республикаларында ислам дінінің ықпалының артуына көбірек мән береді. Батыс советологиясында мұсылман республикаларындағы қандай да болсын саяси - әлеуметтік мәселелерді «ислам факторы» арқылы түсіндірудің шындықтан біршама алшақ жатқанын айта кеткен жөн.

С. Азиз-аль Ахсан «Орталық Азиядағы ұлттық құрылыс» деген мақаласында модернизацияның Кеңес Одағындағы ұлтаралық қатынастарға тигізген ықпалын зерттеген ғалымдар еңбектеріне баға бере келіп, көптеген шиеленісті мәселелердің Орталық Азия халықтарының «түрікшілдік және діни» бірлігін жойып, жаңа кеңес ұлтын құру, қазақтарды «орыстандыру» саясатынан туындап отырғанына назар аударады. «Кеңес құрылысы тілі мен діні бөлек халықтар арасында зорлық-зомбылық, ұлттық құныдылықтарды түбірлі өзгерту арқылы жүзеге асырылды» дейді ол.

Батыс авторларының «ұлтшылдық феноменін» асыра көрсетуіне М. Горбачев пен оның жақтастарының ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтарды жасырып, көтеріліс жауапкершілігін қазақ халқына жүктеуге тырысуының да әсер еткені белгілі.

Кеңес өкіметінің ұлт саясаты өзінің мән-мағынасы жөнінен қазақ және орыстан өзге басқа да халықтардың мүдделерін қанағаттандыруы мүмкін емес, себебі ол пролетарлық төңкеріс пен тарихи прогресс үшін қандай да болсын құрбандықты ақтайтын ұлттар мен ұлттық қатынастардың маркстік теориясына негізделген еді.

Халық тәуелсіздігі мен бостандығы жөніндегі ұран маркстік-лениндік ілімде табиғи құқық пен тарихи әділеттіліктен емес, утилитарлық пайымдаудан туындайды.

Тарихи тұрғыдан қарасақ, тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда ұлт саясаты империялық мүддеге негізделді: патша заманында бұратана халық болдық, кеңес заманында да орталық биліктің нысанына айналдық. Стратегиялық тұрғыдан терең сараланған демократиялық ұлт саясаты болған емес. Патшалық Ресейде де, Кеңес одағында да ұлт саясаты ұлттарды қылт еткізбей құрсауда ұстап, ұлтсыздануды қолдады. Патша үкіметі басқа ұлттарды “инородец”, бұратана халық десе, кеңес үкіметі “нацмен” мәртебесін берді, ұлттарға көбірек назар аударғансып, автономия беріп арқасынан қағып, орыс бұғауында ұстады. Ұлттардың еркіндігі, дамуы империялық идеяның тар шеңберінде ғана болды. Империяның экономикалық, мәдени дамуы ұлттардың білім алуы, кәсіби жетілуіне байланысты болғандықтан, ұлт мамандары даярланды, мәдениеті дамыды.

Тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастарды реттейтін жүйелі тетік бірден қалыптасуы мүмкін емес еді. Сонымен бірге қалыптасқан тарихи, демографиялық жағдайлармен есептеспеуге болмады. Елдегі ұлтаралық ахуал да күрделі еді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, әр түрлі саяси мақсаттар көздейтін ұлттық қозғалыстар өз бағдарламаларын жүзеге асыруға тырысты. Оған қоса демократия, сөз бостандығы ұлт өкілдерінің шешіліп сөйлеуіне жол ашты. Әртүрлі шовинистік нәсілшілдік топтар ұлтаралық қатынастарды шиеленістіріп, ұлттардың арасына от тастауға тырысты. Ұлттық сана-сезім оянғанмен, шыдамдылық, төзімділік әлі бойымызға терең дарымаған еді. Ұлттық жаңару басқаны жатсыну, өзін бөтенге қарсы қоюмен қатар жүрді. Оны ұлттық-радикалдық топтар да, империялық пиғылда тәрбиеленгендер де өз мақсаттарына пайдалануға тырысты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлтаралық ахуалдың бір ерекшелігі - бұрынғы тілі, жалпы мәртебесі жоғары орыс, славян текті диаспоралардың қатардағы диаспора мәртебесіне икемденуі психологиялық жағынан қандай қиын болса, тәуелсіздік алған қазақ ұлтының енді еркіндікке, бостандыққа бейімделуі, өз тағдырына өзі қожа екенін де сезіну оңай болмады.

Балтық жағалауындағы елдердің байырғы халықтары тәуелсіздік алғаннан кейін зорлап таңылған орыс тілінде сөйлемей, ана тілдерін пайдалануға бірыңғай бет алса, қазақтардың бір тобы, басқа мемлекеттегі этностық топтарды айтпағанда, қазақ тілін, дінін меңгеруге дайын емес еді.

Еліміздегі диаспоралардың саяси, психологиялық ұстанымдары бірдей емес. Кәріс, әзірбайжан, басқа диаспоралар өздерін қатардағы этностық топтар ретінде сезінсе, орыстарға бірден қатардағы ұлттық диаспора қауымдастық мәртебесі болды.

Қазақстан мемлекеті ұлт саясатын алуан түрлі мүдделерді, сұраныстарды үйлестіруге икемдеді. Билік пен қазақ ұлты мен диаспоралар арасындағы байланыс ұлттық теңдік, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік қағидаларына негізделінді:

- әр ұлттық топтардың мүдделері мен мұң-мұқтажын, тарихи ерекшеліктерін ескере отырып жаңа жағдайға бейімдеу;

- әр этностық топтардың мәдени құндылықтары мен тілін дамытуға жағдай жасау;

- мемлекеттік тілді дамыту, қазақ рухани әлемін жаңғырту;

- экстремизм, ұлтаралық араздық, алалауға жол бермеу.

2. ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ

ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНИ ФАКТОР

Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген (Қазақстан Республикасының Консти-туциясы) . Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді.

Мемлекеттің басты заңына сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің, халықаралық тәжірибелеріне негіз-делген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Дегенменде, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.

Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық - дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Қазіргі уақытта еліміздегі діни фактор айтарлықтай алуан түрлі құрылым және ол өзінің жиынтығында адамға, оның дүниетанымдық құндылығына, өнегелілік бағыт-бағдарына мінез-құлық ерекшелігіне, оның жан-дүниесіне ықпал етуге қабілетті рухани күшке айналғаны күмәнсіз.

Сондықтан Н. Назарбаев басты құндылық деп тек этносаралық келісімді сақтау және бекіту ғана емес, сонымен қатар барлық діни толеранттылықты, конфессияаралық үнқатысу келісімді сақтау мен нығайту деп санайды. Қазақстанда рухани келісім Еуразия құрлығындағы екі үлкен этностың - түркі тілді және славяндардың діні болып табылатын екі әлемдік дін - ислам мен христианның арасында басым болуы тиіс. Міне, сондықтан да Қазақстандағы "ислам-христиан" арқылы қазақстандықтардың толеранттығы қалыптасады және сақталады. Келісім тек уақытша ғана нәрсе емес: ол жаһандану жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының базасында және жақсылықты, ізгілікті, сенімді, ашықтықты, алыс-жақындарға деген құрметтеушілікті, лайықты мінез-құлықты және игі істердегі адамдардың қатысуын өсіруді парыз санайтын ислам мен христиандықтың маңызды өсиеттері мен ғибраттары негізінде жүзеге аса алады. Континенталдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің факторы, конфессияаралық үнқатысудың ізгілікті негіздері осындай.

Дін біріктірудің, интеграциялық үдерістердің күшті факторы бола алады.

Қазақстан мемлекеті 50 елдің қатарынан көріну үшін - ұлттық сана - сезім, діни сезім басты принциптер болу керек.

Еліміздің болашағы ұлт мәселесімен байланысты бола береді. Әлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелер әр кезде де ұлттық сипат алып, барлық іс-әрекеттердің шешуші ролі болатыны да анық.

Ұлтаралық қатынастарды реттеуде ұлттың тарихи - жады, санасының орны бөлек. Қазақ тарихы тек отарлаушылармен күрестің жылнамасы емес, қазақтың ұлт болып өз мәдениетін, тілін, болмысын сақтап қалудың, көрші мемлекеттермен, елді мекендеген басқа да халықтармен сыйластықтың да тарихы. Қазақстан Республикасының ұлт саясаты, Президент Н. Назарбаевтың ұстанымы осы адамгершілік қағидаларды негізге алды.

Еліміздегі диаспоралардың психологиялық, демографиялық жағдайларын ескере отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары орыс диаспорасының, басқа да этностық топтардың көңіл-күйіне зор мән берілді. Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болғанымен де, көп халықтың бірі ретінде қабылданды. Ол демографиялық жағдайға да байланысты еді. Тәуелсіздік жариялағанда қазақ Қазақстанда 42 пайыз болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы “ішімнен тынып, жағдай қалай болып кетер екен деген ұсыныспен шыққанмын”, - деп еске алады. Қазақ мәселесін ұлттық эгоизм деп қабылдаушылар да аз болмады. Бұл тұста қазақ ұлты байсалдылық және ұстамдылық танытты.

Ұлт саясатын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Ұлттық-мәдени орталықтар мәдени ерекшеліктерді сақтау, мәдени сұраныстарды қанағаттандыруда, ана тілін үйренуде үлкен қызмет атқаруда. Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институттарының біріне айналды. Оның қоғамдағы орны бүгін конституциялық деңгейде де рәсімделді.

Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.

Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген.

Қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы дінге бөлінушілік және діни өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы . . .

Қазіргі заңдарды пайдаланып, миссионерлер елімізге дендеп кіріп, жаппай азаматтарымызды көндіріп жатқанда, саналы мұминдердің қарап отырғаны аландатады.

Араб тілінің теңдесі жоқ шебері Рағыб әл-Исфаһани (уаф. 1108) бір еңбегінде былай деп жазған: «Ақыл қолбасшы болғанда, дін әскер. Ақыл болмаса дін жарамды және баянды болмайды. Әлбетте, дін болмағанда ақыл да тентіреп қалады. Бұл екеуінің бірігіп, құшақтасуы болса «нұр үстіне нұр» болады.

Рәсұлұллаһ бір хадисінде: «Адамның сүйеніші - ақылы. Ақылы жоқтың діні де жоқ!» деген.

Кейбір азаматтар неліктен басқа дінге өткенді - оның ең басты екі себебі бар тәрізді. Оның біріншісі экономикалық, ал екіншісі әлеуметтік себептер. Бұл жерде өкініштісі азаматтарымыз өз дінін білмейтіндігі болып отыр. Діни білімі азырақ азаматтарымыздың өз дінін қандай қымбат және ұлтшылдық сезімін ояту керек.

Ғылыми теориялар басқа дінге кеткен азаматтар басқа этносқа айналатындығын дәлелдеген. Ұлттардың қалыптасу теориялары бар. Осы теория бойынша пенделер ортақ дін айналасында бас қосады. Секталарда бүгін мың адам болса, ертең 10 мың, 100 мың, тіпті миллион адамға дейін өсе береді. Басқа діннің жетегінде кеткен азаматтарымыздың өмір сүру салты, киген киімі, ішкен асы, той-томалағы, өлім-жітімі, өмірге деген көзқарасы, менталитеті өзгереді. Кейбірі өздеріне басқа ат қояды да, басқа ұлтқа айналады. Оған тарих дәлел.

Бұл тарихи деректердің барлығы да қазақтың дінге бөлінбегендігін көрсетеді.

Мемлекеттің басқа салалары сияқты ұлт саясаты да реттеуші, бақылаушы қызмет атқарып, ұлтішілік, ұлтаралық қатынастарды белгілі бір арнаға - келісімге, көндіруге, үстемдікке - бағыттап отырады. Демократиялық бағыттағы саясат - әртүрлі ұлттар мен этностық топтардың экономика, билік, мәдениет, тіл, дәстүр, басқа да мүдделерін үйлестіруге арналған іс-әрекеттер, амал, әдіс-тәсілдер мен жолдар. “Кішкене кілт үлкен сандықты ашады”, дейді намысқой кавказ халықтары. Әр ұлт ерекше құндылықтардың иесі, бір кілтпен барлық ұлттардың жүрегіне жол табу мүмкін емес. Ұлт саясатының негізгі бағыттары ұлтаралық ахуалды талдау, оның алаңдататын тұстарын саралау, қауіп-қатерлердің алдын алу, саяси, әлеуметтік, рухани өмірдің маңызды тұстарын қадағалау, болашақ үдерістерді болжаудан тұрады. Ал жанжалдар мен қақтығыстарға себеп көп. тұжырымына қарағанда, ұлтаралық араздық қоздыратын 150-ден астам себептер бар екен. Ұлт мәселесінің төңірегінде қаптаған ақылшылар, кеңесші-арандатушылар да жүреді.

Ұлт деген үлкен организм адамдардың ғасырлар бойы ортақ отан, ортақ тіл, ортақ дін, ортақ тарих пен тағдыр төңірегінде біте қайнасуы нәтижесінде пайда болады. Ұлтты қалыптастыратын құндылықтардың қайсыбірін болсын ауыстыру - сол ұлттың тағдырымен ойнау деген сөз.

Қазақ халқы атам заманнан ислам дініндегі халық. Біздің жеріміз Ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер.

Ата-бабамыз қабылдаған ислам діні 1250 жыл бойына қазақтармен бірге жайылып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі жаһандану дәуірі әлем мемлекеттерінің арасын тек экономикалық, саяси, әскери тұрғыда жақындастырып қоймай, діндік тұрғыда да бірлікке, ынтымаққа, өзара бейбіт өмір сүруге шақырып отырғаны мәлім. Кім-кімге де белгілі, адамзат тарихындағы қаншама дау-жанжалдар мен соғыстарға дінмен өркениеттің әркелкілігі себепші болған. Бүгінгі күні де жаһанның әр жер, әр жерінде бірі өшіп, бірі тұтанып жатқан үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қантөгістер астарынан да осы діни ала-құлалықтың қолтаңбасы байқалады.

Жер шары - күллі адамзатқа ортақ үй. Оны сақтау - бәріміздің алдымызда тұрған аса күрделі мәселе. Бүгінгі алмағайып та қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақтың күшейіп, дамуы үшін, әсіресе діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен үш жылда бір өткізіліп тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде діни алауыздықты болдырмау, адамзатты бір-біріне өшіктірмей, үнқатысу мен прогреске шақыру, дінді қару етуге болмайтындығы, адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп отырған соғыстарды қарудың күшімен емес, сыйластық пен түсіністікке негізделген келісімдермен ғана шешуге болатындығы жөнінде айтылып келетіні жайдан-жай емес.

Н. Ә. Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезінде: «Біртұтас діни кеңістік құруға болмайды. Қазіргі айырмашылықтарды ақырына дейін еңсеруге болмайды, оның үстіне олар ұлы діндердің негізіне қатысты болып отыр. Алайда тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, базбір «алтын ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады» деген болатын.

Иә, діндераралық үнқатысу - барлық діндерді біріктіріп, қолдан бір дін жасау емес. Жер шарындағы барша әлемдік діндер насихаттап отырған гуманизм идеалары мен ортақ құндылықтары арқылы ұлты мен діні, ділі мен мәдениеті бөлек жер бетіндегі күллі адамзатты бейбіт ғұмыр кешуге шақыру.

Ұлттық бірлік деп этностық қоғамдастықтың біртұтас мемлекет құрамында өмір сүруі, ел азаматтарының Қазақстан Республикасымен, қазіргі құндылықтар және мұраттар жүйесімен сәйкестендірілуінің жоғарғы деңгейі түсініледі.

Қазақстандық қоғамның ұлттық бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды ортақ мақсатқа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады.

Қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтанышы біздің ортақ тарихымыз болып табылады.

Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М. Кастельс. Информационная эпоха. М., 2000г.
  2. Ж. -Ж. Серван-Шрайбер. Американский вызов. М., 1970г.
  3. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері» Алматы, «Жеті жарғы» 2000ж.
  4. Д. Жамбылов Саясаттану. Алматы - 2003 ж.
  5. Егемен Қазақстан. «Қоғамның саяси өмірінде париялардың ролі артады» (3)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазакстанның рухани келбеті-ұлттық идеялогия
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz