Мүдделері бойынша топтар
Тақырыбы: Әлеуметтік топтар, элиталар мен таптар
саяси қызметтщ объектілері мен субъектілері реттінде
Орындаған:
Тексерген:
Қарағанды, 2009 ж
ЖОСПАР:
1. Кіріспе
2. Әлеуметтік топтар
3. Саяси элиталар теориясы жөніндегі көзқарастар
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Саясатты адамдар жасайды. Адамдардың саясатқа қатысуын олардың әр
түрлі қажеттіктері туғызады, атап айтқанда, олар: өзін-өзі баянды етуді
немесе мойындауды, қарым-қатынасты немесе өзін-өзі сақтауды, бостандықты
қажетсіну немесе қамқорлық жасауды қажетсіну. Мүдделер, мақсаттар мен
қисындар айрықша роль атқарады, оларды терең түсіну адамдарды әрекет етуге
итермелейді, сонан соң оларды коғамдық қозғалыстарға алып келеді және
аталған мүдделер мен мақсаттардың қанағаттандырылуы немесе
қанағаттандырылмауы көбіне адамның саясатқа қаншалықты деңгейде
тартылатынына ықпал етеді. Ал адамдардың іс-қимылына дем беретін және оны
алға жетелейтін сансыз көп мақсаттарды, мүдделер мен ұмтылыстарды қалай
іске асыруға болады? Бұл даралық (индивидуалдық) сипаттағы әрекеттер
бұқаралық сипатқа ие болғанда, даралық әрекеті әлеуметтікке өзінше
теңескен жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл теңесудің заңды болуы мынаған
негізделген: адамдардың шексіз сан алуан іс-әрекеттеріндегі,
ұмтылыстарындағы, мақсаттары мен мүдделеріндегі ортақ, елеулі және тән
белгілер мұнда да бар. Бұл ортақ белгілер материалдық қоғамдық
қатынастардың пайда болуы нәтижесінде айқын көрінеді, осы қатынастардың
негізінде әлеуметтік құрылымдар қалыптасады, ал жеке адамдардын іс-
әрекеттері осы құрылымды құрайтын үлкен әлеуметтік топтардын, іс-
әрекеттерімен байланысып, бірігеді.
Демек, тұлғаның саяси процестің барысына әсер етуінің міндетті
алғышарты даралық әрекеттің әлеуметтік әрекетке теңесуі, яғни, әрине, жеке
адамдардан тұратын, бірақ олардын өзіне тән даралық, өзіндік ерекшеліктері
мен белгілері ұқсамайтын үлкен әлеуметтік топтардын, бөлінуі болып
табылады. Саяси процесс — барлық жеке адамдар мен әлеуметтік
қауымдастықтардың және олардың ұйымдарының, аса көрнекті тұлғалардың да
қызметтерінің нәтижесі. Бірақ кімде-кім өзінің қоғамдағы орнын танып-біліп,
қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен мүдделерді басшылыкқа ала отырып, оларды
жүзеге асыру жолындағы күреске қатынасқан кезде ғана субъекті деңгейіне
көтеріле алады.
Саясатты оның субъектілері тұрғысынан талдау осы объективті саяси
процеске қатынасатын нақты байланыстарды айқындауға, олардың қалай әрекет
ететінін түсінуге, бұлардың әрқайсысынын қоғамдық өмірді өзгертуге қосқан
үлесін көрсетуге, соның ішінде аса маңызды әлеуметтік өзгерістердің
қажеттілігін, мазмұнын, бағытын және қарқынын айқындайтын пәрменді
субъектілерді бөліп керсетуге мүмкіндік жасайды. Субъектінің анықтамасына
сүйене отырып, субъектілерді олардың әлеуметтік құрылымдағы орнын және
қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі топтастыру керек. Осы
белгілеріне сәйкес тұлғаны, әлеуметтік топты және үлкен әлеуметтік топты
және қауымдастықты саясаттын субъектісі ретінде көрсетіп қана қоймай, әр
түрлі әлеуметтік топтарға да сипаттама беруге болады. Олардың біріншісіне
қоғам дамуының табиғи-тарихи процесі барысында ғана пайда болатын және
жойылатын адамдардың әлеуметтік-тарихи қауымдастығының (әлеуметтік жіктер,
таптар, әлеуметтік-этникалык, қауымдастықтар) топтары (әр түрлі белгілері
мен мүдделері бойынша қалыптасқан) мен әлеуметтік ұйымдар (отбасылары)
жатады. Екінші топты адамдардың тұрақты бірлестіктері құрайды, бұл
бірлестіктерді олардың мүшелерінің өзі саналы түрде құрады немесе оларға
үстем таптар немесе басшылық саласындағы адамдардық тобы құрылтайшылық
жасайды.
Саяси процестің әр кезеңіндегі әртүрлі әлеуметтік субъектілердің нақты-
тарихи арақатынасын, әрбір субъектінің әлеуметтік ролінің оның қоғамдағы
жағдайымен, қажеттіктерімен және мүдделерімен, өзінің қоғамда алатын орнын
танып-білу деңгейімен байланысын зерделеу қажет. Тиісінше, халық
бұқарасының, таптың саяси қимыл объектісінен онын субъектісіне айналу
зандылығын, сонан сон, осының негізінде сапалы іс-қимыл ролінің артуын,
саяси процестін. кең ауқымды өрістеуін де атап көрсету керек. Бірлескен
саяси іс-қимылды жүзеге асыруда стихиялык болмауы үшін жай сана ғана емес,
саналылық пен ұйымшылдық, ерік-жігер, табандылық пен дәйектілік кажет.
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР
Шағын топтар. Жеке адамдар (индивидтер) тұрақты бірлестіктерге кіреді,
олар әр түрлі нысандар мен түрлерде әрекет етеді. Құндылықтары мен
мүдделері ортақ, өзара байланысты және әлеуметтік институттармен қатынас
орнатқан адамдардың құрамын жеке топ деп атауға болады. Алайда, жеке
адамдар өздерінің бүкіл тұлғалық ерекшелерін түгелдей көрсете бермейді.
Өзінін осы топтағы әлеуметтік роліне қатыстыларын ғана көрсетеді. Ал топ
моральдық және адамгершілік принциптерін айқындайды, бұл принциптер топқа
кіргендердің іс-әрекеттерінен көрініс табады. Мысалы, студент өзінің
мінезімен, іс-әрекетімен студенттер қауымына лайықты болуға тиіс. Топтық
мүдделері мен қызмет ету әдістерін тұлғаның саяси қызмет саласы айқындайды.
Бұл тұрғыда топ саясаттың бірінші кезекті субъектісі, ал оның мүшелері
екінші кезекті және туынды субъектісі болып табылады.
Қауымдастықтың тәжірибесі мол, танымал тұлғаларын референттік
(кеңесші) топтар деп атайды. Олар бір мезгілде екі міндетат қарады.
Біріншісі — нормативтік, мұнда олар тұлғалардың іс-қимыл нормалары мен
дағдыларын таратушылар ролін атқарады, екіншісі — салыстырмалы, бұл міндет
арқылы адам өзінің іс-әрекетін топтың жалпы жұмысымен салыстырады.
Демек, референттік жеке тұлға да, әлеуметтік орта да болып табылады.
Референттік топ арқылы тап жеке тұлғаларға өзіндік билік орнатады.
Мүдделері бойынша топтар: Бұл топтардың мүшелері белгілі бір
шешімдерді жүзеге асыру мақсатында ынтымақтасады. Бұл адамдарды немесе
жекелеген топтарды біріктіретін ұйымдарды басшылықтың ерікті түрде немесе
амалсыздан қабылдаған қолданылып жүрген зандарына сәйкес ортақ мүдделері
мен ортақ кызметтерін терең түсініп, білуі байланыстырады. Саясаттанушылар
оларды төмендегіше жіктейді:
1. Қызмет мақсаты. Мүшелері тиісті саяси шешімдерді жүзеге асыру
жолымен кажетті іске қол жеткізу мақсатында ынтымақтасатын топтарды жіктеу
мыналарды қамтиды:
а) экономикалық мүдделері бойынша топтар:
- негізгі емес (кооператив мүшелері, тұтынушылар, шаруалар, ұсақ
кәсіпкерлер, еркін кәсіп өкілдері және т.б.);
- жұмыс істеушілер (кәсіптік одақтардың орталықтары);
-концерндердің, трестердің, синдикаттардың өкілдері болып табылатын
капиталистер, менеджерлер, бұлардың саяси маңызы мемлекеттен тыс жерлерге
де белгілі болады;
б) саяси мүдделері бойынша топтар, бұлар белгілі бір саяси мақсатты
көздейтін ұйымдар болып табылады, бірақ олар партиялармен байланысты
болмайды (діни, мәдени, гуманитарлық, экологиялық және антиядролық
бағыттағы бірлестіктер).
2. Қызмет орны. Саяси билік құрылымына күштерді орналастыратын жері
бойынша (АҚШ-тың қысым жасау жүйесі, Италия мафиясы, үкіметтік дотацияға
қол жеткізетін әрі өзін-өзі басқаратын ұйымдар).
3. Қызмет түрі. Топтық, мүдделер аймақтардың, діни сенімдердің,
жіктердің және таптардың шегінде қалыптасады. Экономикалык және басқа
мүдделерді үйлестіру нәтижесінде олар саяси сипатқа ие болады.
4. Кызмет әдістері. Бұл топ мейлінше пәрменді, ашық және ресми әрекет
етеді немесе ол занды және ресми емес әдістерді (масондық құпия әрекеттер,
террорлық ұйымдар) пайдалана отырып, орталық билік аппаратына қысым
жасайды.
Қысым жасау топтары. Олар латентті (жасырын) саяси күш болып табылады.
Ол кайсыбір жағдайларда тосыннан немесе бірте-бірте аса белсенді факторға
айналуы мүмкін. Әдетте саясаттануда мұндай топтарды жеке адамдардың шоғыры
ретінде көрсетеді, олар ортақ мүдденің ықпалымен өз талаптарын білдіреді,
қоғамдық өмірдің басқа салаларына қатысты өздерінің қарсы пікірлерін
тікелей немесе жанама түрде айтады. Тиісті жағдайда олар саяси күштер,
партиялар, саясаттанған қозғалыстар ретінде саяси оқиғалардың алдыңғы
легінен көріне алады.
Кейбір кәсіби ұйымдар өз ниеттестерінің қолдап, дем берумен өмір сүріп
тұрған билікке қарсы билік құрамын құра алады. Белгілі бір қызмет
саласындағы ықпалды адамдардың тобы саясатты жүзеге асыру ісінде
мемлекеттік билікпен жарыс-тас болуы мүмкін.
Кәсіподақ күштері қоғамның топтары мен жіктерге белгілі бір бөліну
кезеңінде пайда болады. Кәсіподақтар Англияда XVIII ғасырдың соңында пайда
болып, өнеркәсібі дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің еңбек пен
тұрмысқа қатысты мүдделерін білдірушілер ретінде бірте-бірте қалыптаса
бастады. Кәсіподақтар еңбекшілердің (кәсіподақ мүшелерінің ғана емес)
әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауды, олардың мәдени деңгейін
көтеруді алдарына мақсат етіп қойды.
Кәсіподақтар кей елдерде өзінің қызметінде жұмысшы табына сүйенетін
саяси партиялармен ынтымақтаса жұмыс істейді. Бұл орайда қоғам өмірінде аса
зор роль атқарады. Кәсіподақтар еңбекшілердің мүддесін қолдап, қорғаса, ал
үстем таптар белгілі бір басқару жүйелерін қалыптастыру, әлеуметтік жік
ретіндегі элита жетекшілерінін тобын құру жолдарымен өздерінің мүдделерін
қорғайды.
Кез келген әлеуметтік құрылымның қажетті құрамдас бөлігі артықшылыққа
ие жоғары тұрған жік немесе басқару міндетін жүзеге асыратын жік — элита
болып табылады, ол жалпы мемлекеттік шешімдерді қалыптастырады және оларды
үстем таптың атынан оның басым бөлігінің, сондай-ақ адамдардың қалған
бөліктерінің, мүдделері үшін қабылдайды деп дәлелдейтін көзқарастар бар.
Үстем таптың билеуші элитаға деген көзқарасы айқын. Олардың арасындағы
өзара байланыстың үш негізгі түрі бар;
1) түптеп келгенде, саяси процестің мүдделердің әлеуметгік топтар
арасында таралуына, үстем таптардың мүдделеріне тәуелді болуы;
2) билеуші элиталардың үстем мүдделерінің көзқарасын нығайтуға
ұмтылуы;
3) үстем мүдделер мен билеуші элиталар тәжірибесі арасында тактикалық
мәселелерге де, ұлттың ортақ мүдделер маңызының артуына байланысты да
белгілі бір келіспеушіліктің тууы.
САЯСИ ЭЛИТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ КӨЗҚАРАСТАР
Белгілі бір көзқарастар жүйесі ретінде элиталар теориясын Парето,
Моска, Михельс тұжырымдады. Олар тарихты белгілі бір элита түрлерінің
үстемдігімен сипатталатын әлеуметтік кезендердің жиынтығы ретінде
қарастырады. Әлеуметтік өмірдің негізі теңсіздік болып табылады. Саяси
қатынастардың және ең алдымен үстемдік ету мен бағыну қатынастарынын,
абсолюттігі жөніндегі ілімнің бастау қағидасы, халық егемендігі идеяларын
сынау осыдан туындайды.
Билеуші элиталар жөнінде белгілі бір саяси мектептер қалыптастырған
бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар — макиавеллдік тұжырымдама, элиталардың
құндылық теориясы, элиталардың демократиялық үстемдігі тұжырымдамасы,
элиталардың міндеттілік теориясы. Элиталар сонымен қатар саяси,
бюрократиялық, экономикалық, әскери, және идеологиялық болып бөлінеді,
бұлар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесінде айрықша міндеттер атқарады.
Билеуші элиталардын, қалыптасуы бірқатар жолдармен: өкілеттік беру,
тағайындаулар, қолдаулар арқылы жүзеге асады. Әдетте, билеуші элита —
өзіндік мәртебеге ие, психологиясы да өзгеше, мінез-құлқы инабатты
адамдардың тұрақты тобы. Сонымен қатар бұл элитаның ұзақ өмір сүруі оның
ашықтығына, яғни өзінің қатарына үстем ғана емес, үстем емес те жіктердің
аса білікті өкілдерін мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға
тарта білу қабілетіне байланысты. Үстем таппен салыстырғанда билеуші элита
шалымды, ширақ және реформалық өзгерістер жасауға бейім келеді.
Қоғамның элитарлық құрылымы жөніндегі тұжырымдамалардағы талдамалық
және нормативтік көзқарастарды ажырата білу керек және элиташы терминін
қоғамды элитаға және бұқараға бөлуді мәңгілік әрі табиғи құбылыс ретінде
қарайтындарға, элиталық қоғамнан белгілі мұратты көретіндерге қолданған
жөн. Миллс қоғамның элита мен бұқараға бөлінуін мойындай отырып, соның
негізінде буржуазиялық демократияның сипатын ашып көрсетеді, оның мұраты —
антиэлитарлық. Элиташылар элитаның бөліну процесін қоғамның әлеуметтік
саяси және мәдени өмірінің тиісінше дамуы, өркениеттің белгісі ретінде
көрсетуге ұмтылады.
Элитаның биліктен айырылуын немесе әлсіреуін коғамның қауіпті дертке
ұшырауы, өркениетке төнген қауіп деп біледі. Элитизмнін қағидаты: адамзат
барлық кезде үстем және езілуші таптарға бөлінуге тиіс, көпшілік өздерін
кімнің билейтінін таңдаудан басқа келешекте ештеңеге де қол жеткізбейді.
Элитизм саяси қатынастармен саяси билік әлеуметтік қатынастардың алғышарты
және негізгі жиынтық көрінісі деген қағидаға сүйенеді. Бұл көзқарас
тұрғысынан алғанда, қоғамды басқару барлық кезде саяси сипатта болады,
басқаруды бүкіл қоғам жүзеге асырмайды, бұл міндетті сөзсіз, тіпті таза
техникалық себептермен, білікті азшылық атқарады (Михельс). Бұл азшылық
басқару міндетін жүзеге асыра отырып, ең алдымен өзінің жетекшілік жағдайын
нығайтады, үстем азшылық ретінде өзінің нық орнығуын ойлайды. Себебі элита
ретінде танылуы бірқатар — мүліктік, мәртебелік және басқа артықшылықтарға
ие болумен байланысты, осы артықшылықтарды қорғау үшін таңдаулы азшылық
біршама ірі немесе шағын топ болып бірігеді (билікті жоғалтып алу қорқынышы
артықшылыққа ие топтың мүшелерін бір-біріне берік байланыстырады). Элита
белгілі бір топтың мінез-құлық нормаларын жасайды, осылайша артықшылығы
жоқтардың топқа енуіне және олардың құзырына қол сұғуларына жол бермейді.
Элитаның басты үстемдік ету құралы мемлекет болып табылады, элитаның
өкілдері мемлекеттік органдарда шешуші қызметтер атқарады, сондықтан Моска
элитаға мемлекеттік тап деген атау берді.
Жекелеген элиташылар осы бағытты одан әрі жалғастыра отырып, элитаны
билеуші таппен теңестіреді, Парето, Моска теориялары марксизмге қарсы
екендігіне қарамастан, қазіргі элиташылар олардың еңбектерінде маркстік
ықпалдың салқыны бар екендігі жөнінде жазып, бұл жүктен толықтай арылуға
шақырып жүр. Мангейм бұл терминді таптық мазмұнынан тазартуға алғаш
әрекет жасады, қазіргі заманғы ұйымдастырушылық теориясы элитаны басқару
міндетін жүзеге асыратын таптан тыс жік ретінде қарастырады.
Шумпетердің нарық жағдайындағы демократия жөніндегі тұжырымдамасында
элитаны өзінің бағдарламаларын бұқараға сатуға алып шығады, ал бұқара
(сайлауларда) ол бағдарламаларды сатып алады немесе қабылдамай тастайды деп
көрсетеді. Мангейм: демократия элита мен бұқараның қарым-қатынасын
жақсартады ма? деп сұрақ бере отырып, демократияның айрықша белгісі —
биліктің көзқарасын колдайтын ашық элиталарға және элита мен бұқараның аса
тиімді демократиялық қарым-қатынасына қатысты бәсеке деп жауап береді.
Итальян әлеуметтанушысы Боббио элитизм мен демократия ымыралас, себебі
өзін-өзі басқару мен жоғары халық билігіне тіпті де ұқсамайды деп
көрсетеді. Лассуэлдің элита термині қатарынан лидерлер шығып, саясатқа
тартылатын әлеуметтік жікті анықтау үшін қолданылады және демократия
олигархиядан элитаның ашықтық сипатымен ерекшеленеді дейтін қағидасы кең
тараған.
Даль Миллсті сынай отырып, батыс қоғамын элитаның емес, полиархияның
үстемдігі орнаған қоғам ретінде қарастырады. Қоғамда мамандандырылған
элиталардың кешенді жүйесі өмір сүреді. Оның үстіне элиталар плюрализмі
осы заманғы қоғамдар плюрализмінің көрінісі болып табылады, алайда
элиталардың бәрі бірдей ықпалды емес, оны әдетте билік етуші, саяси элита
деп атайды; ол стратегиялық элиталар деген терминді енгізді.
Элиталар плюрализмі теориясы саяси ықпал жасау теорияларымен алмаса
отырып, өз кезегінде, әлеуметтік биліктің саяси және басқа нысандарының
күрделі байланысын есепке алады, саяси шешімдерді ресми саяси құрылымдардан
тыс қабылдау (билеуші тап тобы) негіздеріне, көптеген топтардың мүдделері
есепке алынатын саясатты жасау процесінің күрделілігіне, лоббизм (қысым
жасау) жүйесіне ерекше мән береді.
Элита теориясын әлеуметтік процестің тұтастай мәнін ашып берді деуге
болмайды: элитаның бір бөлігі бұқара деп дәлелдей отырып, олар тарихтың
қозғаушы күші ретінде жоғары жікке баса көңіл бөлді, осының өзі-ақ оларды
бір жақтылықка әкеп соқтырады; ал бұқаралық қоғам теориялары дүниені
элитарлық тұрғыдан тану тұрғысында қоғамға тұтас жүйе ретінде талдау жасау
міндетін орындайды.
Бұқаралық қоғам теориясының тікелей ізашары Ницше болған еді, бұдан
былай басты рольді бұқара атқарады (ал ол барлық қатардағы жандар алдында
бас иеді) деп көрсетті ол. Бұл теорияның алғашқы біртұтас ілімі
ақсүйектік ілім немесе Х.Ортега-и-Гассеттін, Бұқараның көтерілісі
кітабында баяндалған консервативтік нұсқа болды. Жақсылықты білмейтін
бұқара элитаның соңынан ерудің орнына, басқаруға қабілеті жоқ болса да,
билікке ұмтылуда. Элитаны оның дәстүрлі саласынан — саясаттан, мәдениеттен
және т.б. шеттетуге тырысуда, бүл XX ғасырдағы дағдарыстардың себебі болып
табылады. Бұл теория бірнеше нұсқаларға бөлінді, ақырында бұқаралық
қоғамдық позитивтік тұрғыдан түсіндіру нұсқасы пайда болды, мұнда
бұқаралық қоғам әлеуметтік қатынастардын, белгілі бір түрлерінің үлгісі
ретінде, қоғамның әр түрлі жіктері арасында биік мәртебелі келісімге қол
жеткізген, ал бұқара элитаның құндылықтары мен идеяларын айтарлықтай деңгей-
де қабылдаған (Мартиндейл), экономикалық, әлеуметтік және саяси бір
тектілікке жету бағытын ұстанған осы заманғы жоғары мамандандырылған
(Парсонс) қоғамға тән ұйым ретінде қарастырылады.
Бұқаралық қоғам әдетте әлеуметтік жүйелердің байланысы дегенді
білдіреді, бұл байланыстың ішінде жеке тұлға әлеуметтік мақсатқа бұқараның
элементі ретінде ғана қатысты болады; ұсақталған, өзіндік ерекшелігінен
айырылған адамдардан тұратын бұқара мен әлеуметтік мақсат арасында
қайшылықтар туады. Бұл қоғамда индивидуализм идеологиясы (еркін бәсеке
қоғамына тән) бюрократиялық жалған ұжымшылдық идеологиясымен (этикамен де)
алмасады, мұнда бюрократиялық қоғамның дағдылары мен ұстанымдарын
қабылдауға дайын, әлеуметтік ізденіске ынтасын жоғалтқан, ымырашыл, тұтыну
үшін ғана өмірге келген көңілді роботтың өмірлік мұраты үстем болады.
Бұқаралық қоғамға элита мен оңай қармаққа ілігетін элита
еместердің қоғамы, мүнда жаппай белсенділік өмірлік орталықтарға басып
кіруге әкеп соқтырады деп анықтама бере отырып, Корнхаузер қағиданың шын
сырын: әңгіме бұқараның саясатқа басып кіруі жөнінде болып отырғанын ашты.
Оның бағдарламасы — элита мен бұқараны бір-бірінен оқшаулауды күшейту,
олардың арасына аралық топтардан тосқауыл қою. Бұқаралық қоғамға балама
ретінде плюралистік қоғам теориясы ұсынылады, бұл қағида бойынша, адамдар
көптеген топтарға (әлеуметтік жіктерге, ұйымдарға, одақтарға) бірігеді;
буржуазиялық демократияның ғажайып бейнесі жасалады; мұнда әлеуметтік
бөлшектенуге жол берілмейді-міс, бұқара оқшау топтардың жүйесі арқылы
элитаның жүгенсіздігінен қорғалады, бұқараның әлеуметтік бас көтерулерін
туғызатын себептер жойылады, олардын, саясатқа тікелей араласу
мүмкіндіктерінін әсіресе кесемдердің бәсекесі мен элитанын реформа жасау
қызметінің өзгеруіне әкеп соқтыратын революциялық қозғалыстардың жолы
кесіледі.
Бұқаралық қоғам теориясы әлеуметтік құрылым ретінде пайда болады,
мұнда жеке тұлға қуыршақ деңгейіне дейін төмендетіледі, бұл қоғамда ол
белсенді әлеуметтік субъекті бола алмайды, керісінше, өзін ешкім жауап
бермейтін әлеуметтік процестін кұрбаны ретіңде сезінеді. Екінші жағынан
адамдардың мәдени деңгейі, ақпарат көлемі, техникалық жарақтануы өседі.
Бірінші жағынан, ол әлеуметтік жағдайлардың құлдығына бұрынғыға қарағанда
анағұрлым көбірек түседі, бұл жағдайлардын алдында өзінін, дәрменсіздігін
сезінеді де, бұдан шығар жол осы қоғамның талабын мойындап, ағынмен ыға
беру деп түсінеді, сосын ымыраласа жүріп, қоғам ішінде өз мансабын жасауға
ұмтылады.
Қоғамда өзінің алатын орнына, мүддесі мен ұмтылыстарына қарай әр алуан
әлеуметтік топтар немесе таптар болатыны қашаннан белгілі. Олардың шығу
тектері жөнінде әр түрлі көзқарастар өздерінше түсіндіруге тырысты.
Бірқатары олардың шығу көзін адамдардық рухани қасиеттерінен, психологиялық
ерекшеліктерінен немесе діни кезқарастары мен дүние танымдарынан, ал
екіншілері әл-ауқаттың денгейінен іздеді. Шын мәнінде, таптардың шығу
тектері қандай, олардың түп бастаулары неде жатыр?
Қоғамды жеке адамдардың жай жиыны, олардың әр қайсысы тәуелсіздік
құқығына ие дейтін идея ұзақ уақыт үстем болды. Бірақ бұл идея тым
қарапайым еді, ол қоғамның шынайы құрылымын ашып көрсете алмады. Қоғамнын.
кейбір түп бастауларын табуға басқа да әрекеттер жасалды. Мысалы, Руссо:
Барлық қоғамдардын ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бірі — отбасы, — деп
жазды. Оның пікірінше, отбасы саяси коғамның алғашқы үлгісі болып табылады:
...билеушісі — әке сияқты, халық — балалары, және бәрі де тең және
бостандықта дүниеге келген егер адам өзінін бостандығын біреуге берсе, ол
мұны өзінің пайдасы үшін ғана жасайды. Бірақ саяси қоғам, яғни саясат
адамдардың қарым-қатынасы мен саяси биліктің саласы болып табылатың қоғам
отбасы шыққаннан кейін сан мындаған жылдардан соң пайда болды.
Материалистік көзқарас тұрғысынан алғанда, экономикалық, саяси және
идеологиялық қатынастардың нақты-тарихи жүйесінің әлеуметтік өкілдері
әлеуметтік таптар болып табылады. Белгілі дәрежеде таптар әр түрлі қоғамдық
қатынастардың шешуші факторы да болып табылады. Бұдан мынандай қорытынды
жасауға болады: таптық коғамда таптык қатынастардын сипаты қоғам өмірінің
барлык, саласы мен деңгейін айқындайды, таптар қоғамның саясатынада,
идеологиясынада ықпал етеді. Таптарды зерттеудегі материалистік көзқарас
таптар мен таптық қатынастарды, олардың құрылымдарын, әлеуметтік міндеттері
мен генезисін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамнын әлеуметтік-
таптық құрылымы адамдардың тұрақты қауымдастығының жиынтығын: таптарды,
әлеуметтік жіктер мен топтарды білдіреді; бұл әлеуметтік қауымдастықтар
арасындағы және олардың ішіндегі өзара байланыс пен өзара іс-қимылдар
әлеуметтік-таптық қатынастарды құрайды.
Әлеуметтік-таптық құрылым ұғымы таптық кұрылымнан кеңірек ұғым.
Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік құрылым ұғымы бұдан да кеңірек. Ол
өзіне әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-этникалық (ұлттық), әлеуметтік-
демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және басқа құрылымдық шағын жүйелерді де
қамтиды.
Тап ұғымы разряд деген ұғымды білдіреді. Адамдарды тапқа алғаш Рим
императоры Сервий Туллий бөлді. Рим тұрғындары адамдардың мүліктік
жағдайына сәйкес бес тапқа бөлінді. Кейінірек тап ұғымы кең тарай
бастады. Бұл ұғым адамдардың үлкен топтарын білдіреді, олардан қоғам
бөлінді. Платон мен Аристотель адамдардың билеушілер мен езілушілерге
бөлінуін табиғи нәрсе ретінде мойындай отырып, олардың арасындағы күреске
көптеген саяси және тарихи процестер мен құбылыстар себепші болатынын
көрді.
Қоғам таптарға бөлінген кезден бастап таптық бөліну, таптық
қатынастар, таптық, тұрғыдан бағалаулар қоғам өмірінде зор роль атқара
бастады.
Қоғамның таптарға жіктелуінің негізгі алғышарты екі процестің:
өндіргіш күштер мен еңбек бөлінісінің дамуы болды. Бұл екі процестің өзара
тығыз байланыстығы соншалық олар жөнінде сөз болғанда, іс жүзінде, бір
құбылыстың өндіргіш күштердің жалпы ілгерілемелі дамуының екі жағы жөнінде
айтылады. Адамдардың әлеуметтік жіктерге бөлінуі аталған жалпы дамудың
нәтижесі ретінде көрінді, бөліну терендеген сайын белгілі бір таптың
қалыптасуы да соншалықты жеделдей түсті. Тарихқа белгілі еңбектің алғаш ірі
бөлінуі жалпы тайпалар қауымынан мал өсіретін тайпалар бөлінген кезде
болды, сөйтіп мал өсірушілер мен диқандар арасында тауар алмасу басталды,
бұл қоғамдық байлықтың молаюына және адамдардың әлеуметтік жіктелуіне
жағдай жасады.
Екінші бұдан да ірі еңбек бөлінісі егіншіліктен ұсақ кәсіпшілердің
бөлініп шығуы арқылы жүрді. Бұл алмасуды айтарлықтай жеделдетіп, адамдардың
экономикалық теңсіздігін тереңдете түсті. Осы бағыттағы келесі қадам ой
еңбегінен дене еңбегінің бөлінуі болды. Бұл еңбек түрлерінің арасындағы
қарама-қарсылық бүкіл таптық-антагонистік қоғамдардың айқындаушы белгісі
болды. Таптардың шығу тегінің түп бастаулары, олардың генетикалық
негіздері, міне, осындай.
Қоғамның таптарға бөлінуінің ерекше маңызы мынадан көрінеді: оның
негізгі өндіріс құрал-жабдықтарына базистік меншік қатынастары болып
табылады. Феодалдық меншік және оған сәйкес келетін рента нысандары
феодалдық коғамды оның негізгі екі табына — шаруалар мен помещиктерге
бөлді, олардың қарым-қатынастарының сипатын, қанау нысандарын айқындады.
Буржуазиялық жеке меншік қоғамды буржуазия мен пролетариатқа бөлді.
Марксизм қоғам дамуына материалистік көзқарасты, нақты-тарихи жағдайды
негізге ала отырып, өзінің таптар теориясын жасады. В.И.Ленин К.Маркс пен
Ф.Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, өзінің Ұлы бастама деген
еңбегінде қоғамдық таптарға: белгілі бір тарихи қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай,
еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы роліне қарай, демек, өздеріндегі қоғамдық
байлықтан тиісті үлесті алу әдісі мен мөлшері бойынша бөлінетін адамдардың
үлкен тобын таптар деп атайды. Таптар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz