Ұлттық Статистика агенттігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым министрлігі
Еуразия академиясы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұлттық Статистика агенттігі

Орындаған: 513 топ студенті Сисенғалиева Р.Ш
Тексерген: Абдулаева Л.И

Орал 2009 ж

Жоспар

1. Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
 
2. Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері

3. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің міндеттері мен негізгі
мәселелер
 
4. Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңның
жобасы 

1. Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші
Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи
мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас
өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың
адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және
орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың
екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына
кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс
патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-
қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық
орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні -
1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу
облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында
Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында)
және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ,
1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық
қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ
Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26- тамыз)
байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен
"Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ
АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның
орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың
8-қарашасы болып қабылданды.
1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның
астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның
екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып
өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып
нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.
1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына
және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап
Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап
статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі
жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық
Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі
Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.
Статистика органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің
1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі
жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде
басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын,
еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық
шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен
орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен
жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.
Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі
сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп,
жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген
кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып
шығарды.
Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның
статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға
кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ
сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы"
Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады. 

2.  Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері
1897ж. - Бірінші жалпы халық санағы.
1920 ж. 8- қарашада- Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені бекітті.
Қазақ АКСР-ның Статистика басқармасы құрылды.
1948 ж. - Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі жанынан Статистика басқармасы
құрылды.
1960 ж - Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Статистика басқармасы,
Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық Статистика Басқармасы
(Қазақ КСР-ның ОСБ) болып қайта құрылды.
1987 ж. 19 - тамызда - Қазақ КСР-ның ОСБ-ы, Қазақ КСР-ның Статистика
жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (Қазақ КСР-ның Мемстаткомы) болып қайта
құрылды.
1991 ж. 1- наурызда - Қазақ КСР-ның Мемстаткомы, Қазақстан Республикасының
статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті болып қайта құрылды.
1991 ж. - Экономиканың барлық секторында бағаның деңгейі мен серпінін
(тарифін) реттеп бақылауды іске асыратын, бағаны тіркеудің арнаулы
мемлекеттік қызметі құрылды.
1992 ж. қаңтарда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII-
сессиясында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы“
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
1992 ж. желтоқсанда - Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) ендіруге негізі болып
қызмет атқарған 1992 - 1995 жылдардағы алғашқы және бухгалтерлік есеп,
статистиканы қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама болып қабылданды.
1993 ж. - Қазақстан Республикасының бірінші Төлем балансы жасалды.
1996 ж. қазанда - 1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.
1997 ж. 7- мамырда - “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан
Республикасының жаңа Заңы қабылданды.
1998 ж. қарашада - 1999 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.
1999 ж. 22- қаңтарда - “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлттық статистикалық
агенттік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі болып
қайта құрылды.
1999 ж. 25- ақпан - 4- наурыз аралығында - Қазақстан Республикасының
Бірінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.
3. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің міндеттері мен негізгі
мәселелер
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы заңына сай
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша
мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады.
Қазақстан Республикасының  Президентінің 1998 жылдың 30.06  Мемлекеттік
басқару органдарын белсендіру шаралары туралы Жарлығына сай Қазақстан
Республикасының  статистика жөніндегі Агенттігі  Үкімет құрамына кірмейтін
орталық атқарушы орган болып саналады. Статистикалық есеп жүргізу
әдістемелерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының стаистика
жөніндегі Агенттігі тәуелсіздікке ие, өз қарамағындағы аймақтық құрамдарына
басшылық етеді, өзіне бағынышты ұйымдардың әрекетін бағыттайды.
Өкілетті органның статистиканы ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық
актілері Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген жағдайда барлық 
жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.
                Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің
негізгі мәселелері:
-         мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты
қалыптастыру  бойынша ұсыныстарды дайындау,
-         халықаралық стандарттарға және ғылыми әдістемелерге сай бірдей
статистикалық ақпараттық жүйені жақсартуды және іске асыруды
қамтамасыздандыру,
-         статистикалық көрсеткіштердің толық және нақты болуын
қамтамасыз ету,
-         мемлекетте болып жатқан экономикалық және әлеуметтік
процесстердің даму қарқынын зерттеу, сараптау және  талдау.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі өзіне жүктелген 
мәселелер негізінде  келесі міндеттерді атқарады:
-         мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты
қалыптастыру  бойынша ұсыныстарды дайындайды,
-         статистика саласы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдармен мемлекеттік статистиканың дамуына  бағытталған келіссөздер
жүргізеді және келісімдер жасасады,
-         халықаралық статистикалық стандарттарға сай  статистикалық
әдістемені құрастырады,
-         статистикалық жұмыс жоспарларынан тыс халықаралық санақ
жүргізеді,
-         статистикалық бақылаудың  мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейді
және бекітеді,
-         бекітілген бағдарлама негізінде мемлекеттік органдардың
статистикалық әрекеттерін бағыттайды,
-         шаруашылық есебін іске асыруға әдістемелік басқару жүргізеді.
-         мемлекеттік статистикалық мәселелер бойынша  нормативтік
құқықтық актілер қабылдайды,
-         статистикалық жұмыс жоспары бойынша жалпы мемлекеттік
статистикалық бақылау жүргізеді,
-         Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіп бойынша
мемлекеттік органдарда статистикалық аналитикалық ақпаратпен
қамтамасыз етеді,
-         халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік статистикалық
регистрлерін жүргізеді,
-         заңды және  жеке тұлғалар үшін статистикалық ақпараттарға
қолжеткізу мүмкіндігін береді,
-         келісімдер негізінде белгіленген міндеттемелерге  сай
халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат береді, сондай - ақ шет
мемлекеттерімен статистикалық ақпарат алмасуын жүргізеді,
-         мемлекеттік статистикалық органдарға ақпарат беретін заңды және
жеке тұлғаларға статистикалық формадағы бланктермен және оларды
толтыру нұсқауларымен қамтамасыз етеді,
-         Республиканың және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық
жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер базасын толтыруын,
жүргізуін және ақпараттардың өзекті болуын қамтамасыз етеді,
-         статистикалық ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырады,
-         жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың алғашқы және
статистикалық санағына қадағалау жүргізеді,
-         әдістемелік нұсқаулардың орындалуына қадағалау жүргізеді.  

4. Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңның
жобасы 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1-бап. Негiзгi ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік деректер – әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын
шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін қоса алғанда, жеке немесе заңды
тұлғаның жеке сандық жәненемесе сапалық сипаттамалары;
2) әкімшілік дереккөздер – орталық және жергілікті атқарушы органдар,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және статистикалық қызметті қоспағанда,
стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру
процесінде есептік немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын өзге
де мемлекеттік органдар;
3) шаруашылықтар бойынша есепке алу – жеке қосалқы шаруашылықтар
бойынша кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері жүзеге асыратын
әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі;
4) бастапқы статистикалық деректер – статистикалық байқау объектісінің
респондент беретін жеке сандық жәненемесе сапалық сипаттамалары;
5) ведомстволық статистикалық байқау – уәкілетті органды қоспағанда,
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық жұмыстарды жүргізуге
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі жүргізетін статистикалық байқау;
6) жалпымемлекеттiк статистикалық байқау – Статистикалық жұмыстар
жоспарына сәйкес уәкiлеттi орган жүргiзетiн статистикалық байқау;
7) мемлекеттiк статистика – мемлекеттiк статистика органдарының жүйесі
қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат;
8) мемлекеттік статистикалық тіркелім – олардың сандық жәненемесе
сапалық сипаттамаларымен бірге заңды тұлғалардың, филиалдардың,
өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің жүйеленген тізбесі;   
9) пайдаланушы – мемлекеттік статистиканы пайдаланатын жеке немесе
заңды тұлға;
10) респондент – статистикалық байқау объектісі бойынша деректер
беретін жеке немесе заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары,
өкілдіктері) не оның учаскелері немесе олардың топтары;
11) санақ – міндеті статистикалық байқау объектісінің сандық
жәненемесе сапалық сипаттамаларын айқындау болып табылатын арнайы
ұйымдастырылған статистикалық байқау;
12) статистикалық ақпарат – бастапқы статистикалық деректер мен
әкімшілік деректерді өңдеу процесінде алынған біріктірілген деректер;
13) статистикалық ақпаратты тарату – бұл ретте пайдаланылатын нысандар
мен құралдарға қарамастан, статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті
қамтамасыз ету;
14) статистикалық әдіснама – статистикалық қызметте пайдаланылатын
ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдердің, әдістер мен ережелердің
жиынтығы;
15) статистикалық байқау – бастапқы статистикалық деректерді ғылыми
ұйымдастырылған жинау;
16) статистикалық байқау объектісі – зерттелетін құбылыс бірлігі
немесе олардың жиынтығы, ол туралы сандық және сапалық сипаттамалар
жиналуға тиіс;
17) статистикалық қызмет – статистикалық әдіснаманы әзірлеуді,
статистикалық байқау жүргізуді, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен
таратуды қамтитын процесс;
18) статистикалық жіктеуіш – жасау және жүйелеу принциптерінің,
әдістерінің сипатын қамтитын, топтарға, сыныптарға, разрядтарға бөлінген
құбылыстардың, объектілердің жүйелендірілген тізбесі, сондай-ақ әрбір
құбылысты немесе объектіні сәйкестендіру құралы болатын код;
19) статистикалық тіркелім – статистикалық байқау бірліктерінің сандық
жәненемесе сапалық сипаттамаларымен олардың жүйелендірілген тізбесі;
20) уәкілетті орган – мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты
және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 
2-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнама 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы
қатынастарды реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда қамтылғандардан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады. 
3-бап. Заңның қолданылу аясы 
Осы Заңның қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік
статистика органдарының жүйесі, респонденттер, әкімшілік дереккөздер мен
пайдаланушылар қатысатын статистикалық қызмет процесінде туындайтын
қатынастарға таралады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу
саласындағы қатынастар Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке
алу туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді
ескере отырып, осы Заңмен реттеледі. 
4-бап. Мемлекеттік статистика органдарының жүйесі 
Мемлекеттік статистика органдарының жүйесін мыналар құрайды:
уәкілетті орган;
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық
байқаулар жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі.        
5-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттiк саясат 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы
мемлекеттiк саясаты мемлекеттік статистиканы құруға, оның жұмыс iстеуiне,
оны дамытуға және жетiлдiруге бағытталған.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік
статистиканың мынадай принциптеріне негізделеді:
1) мемлекеттік статистиканың жалпыға бірдей қабылданған халықаралық
тұжырымдамаларға, стандарттарға, жіктеулер мен әдістерге келісімді және
салыстырмалы болуы;
2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіби тәуелсіздік;
3) тең құқықтылық және пайдаланушылардың мемлекеттік статистикаға тең
қол жеткізуін қамтамасыз ету;
4) құпиялылыққа кепілдік беру және бастапқы статистикалық деректерді
тек статистикалық мақсаттар үшін пайдалану;
5) мемлекеттік статистика органдарының жүйесі қалыптастыратын ақпарат
көздерінің барлық түрлерін пайдалану;
6) мемлекеттік статистиканың анықтығы, ғылыми негізділігі, уақтылы
берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;
7) статистикалық ақпараттың, бастапқы статистикалық деректер мен
әкімшілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.    
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер 
Мемлекеттік статистика саласындағы негізгі міндеттер:
статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
мемлекеттік статистика принциптерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Қазақстандағы статистика ғылымы
Жедел есеп және ұлттық статистика
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Халықаралық статистика ұйымы
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Статистикалық есептемелерді жинаудың оның мәлеметтерін өндеудің, құрастырудың тәртібін белгілеу және статистикалық есептемені жетімдірік отыру және оған тиісті шара қолдану
Халық санағының мақсаты мен міндеттері
Пәндер