Мүшел - түріктердің жыл санау жүйесі


Кіріспе
Төрткүл дүниенің түкпір - түпкіріне тарап кеткен бүгінгі жүз алпыс миллиондай түрік тілдес халықтардың түп атасы - көне түріктердің рухани өмірі қанша күрделі болғанымен, ол бабаларымыздың табиғат пен туған жерге деген сүйіспеншілігін, сауаттылық пен білікке ұмтылған құлшынысын, ел тұтастығын сақтауға деген талпынысын паш ететін ертедегі тарихымыздың жарқын беттері болып табылады. Сондықтан да көне түріктердің дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерделеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Оны зерттеу-игілікті іс деп есептеймін.
Көне түріктердің уақытты белгілеу жүйесі олардың жазба ескерткіштерінде айқын көрініс береді. Қазіргідей 24 сағаттық тәулік түсінігі болмаңанымен, күн мен түнді айырып, бөлек санаған.
Түндер ерекше жағдайда, мысалы, тунде болған маңызды болған маңызды оқиғаны көрсеткен кезде болмаса, есепке алынбаған. Қытайдың Чу әулеті жылнамасында түрікдердің жыл санауы жайлы:«Олар уақытты көгерген шөптің шығуы бойынша есептейді және дылдың жүйелі ауысуын білелі », - деп жазылған. «Жас от» деп көне түріктер жайқалңан жасыл шөпті атаңан. Осы жас от шыққанла мал төлдейтінін байқаңан малшылар «бірінші, екінші, үшінші . . . жас от» деп мал жасын айыратын болңан. Андолы түріктері әлі күнге дейін осылай жас айырады, мысалы, «оңан үш жасыл» деген секілді. Адам баласы жасы әрине, жылдың кез келген мезгілінде туулуы мүмкін болңандықтан, жасыл желеңмен өлшеуге келмейді. Көктем көне түріктерде жыл басы болып есептелгендіктен адамның неше жыл жасағаны, қанша жыл басын, көктемді қарсы алғанымен өлшенетін болған. (1) «Мен, Төп-апа, 15 жасымда қытйлардың тәрбиесіне алындым . . . Менің 67-де, құлағым тас керең болды»(2), -деген енисей ескерткішіндегі жазу немесе «Күлтегіндегі»: «Інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» - деген жолдар көне түріктердің өздерінің жас ерекшелігін ажырата алғандығына дәлел бола алады. «Алтынкөл I және II ескерткіштері текстінде: «Апам мені он ай бойы көтерді. Мен ұл болып туылдым. Мен жауынгер болып өстім», - делінеді(3) . Көне туріктердін есептеу жүйесіне шаққанда он ай, яғни жаңа айлдың он рет тууы біздің қазіргі тоғыз айға сәйкес келетін болған. Мұнда ешқандай қателік жоқ. Жоғарыда келтірілген мәліметтер көне түріктердің жүктілікті айдың тууына қарап айқындағанын аңғартады. Түрік тайпалары он екі жыл уақытты мүшел деп атаған. Мүшелдің шығуымен дамуын арнайы зерттеген француз ғалымы Э. Шаванн(1865-1918) өзінің «Түркілердің он екі жылдық мүшелі (1916) атты еңбегінде мүшел есебін ойлап тапқан түріктер деген қорытынды жасаған. » Күлтегін ескерткішінде: «Қой жылы өлді, мешін жылы осы тасты орнаттық»деген жазу бар. «Қырғыздар он екі хайуан арқылы белгілейді», - дейді қытай жылнамашылары(4) . Демек, көне түріктер мүшел есебін өте жақсы білген. Халық күнтізбесін зерттеуші ғалым М. Искаков Орхон түркілерінің мүшелінде он жыл болғандығын, он саны олардың ескерткіштерінде өте көп айтылатындығын, мешін мен ұлудың мүшелге кейін қосылғанын дәлелді көрсеткен(5) . Мүшелге байланысты әр түрлі жосықтар болған. Мысалы, қой жылы туғандар қойды, сиыр жылы туғандар сиырдды, жылқы жылы туғандар жылқыны бауыздамаған. Бұлд жосықтар Махмұд Қашғаридің «Диван лұғат әт- түрікінде» де айтылған(6) .
Жалпы тақырыптың мақсаты - көне түріктердің жыл санауын зерттеп, оның өзекті мәселе екенін көрсету.
Міндеттері:
- Көне түріктердің жыл санауының шығу тегін айқындау;
- Мүшелдің жалпы сипатын ашып көрсету;
- Көне түріктердегі айлар жүйесіне назар аударып, олардың ерекшкліктерін анықтау;
- Көне түріктердің жыл санауын зерттеу арқылы азаматтық өркениетке қосқан үлесін ашып көрсету;
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тізімінен тұрады.
Түріктердегі жыл санаудың шығу тегі.
Түріктер жыл санауында мүшел ерекше орын алады. Осы мүшелдің шығуы туралы мәселе Шығысты Зерттеушілердің ерекше назарын аударған. Жозеф Галеви мүшелдің ең алғашқы варианты Египетте шыққан, бірақ түркі тілдес халықтар оны өңдеп, жаңартып, осы күнгі қалпына келтірген деп түсіндірген. 12 жылдық айналымды Галеви түркі мүшелі деп атаған. Бірақ оның мүшелдің Египеттен шығуы жайындағы дәлелдері қанағаттанарлық емес. Неміс ғалымы Герман Хирт Финляндия ғалымы И. А. Миккола мүшелді Грецияда шығып. Бактрия мен Соғды арқылы Қытайға ауысқан деп топшылаған. Неміс ғалымы Иделердің пікірінше, мүшел Батыс Азиядан шығып, Кейін басқа елдерге тараған. Венгрия шығыс зерттеушісі Армений Вамбери мүшелді «татар мүшелі» деп есептеген. Орыс лингвистері П. К. Коковцев пен Н. П. Остроумов мүшелді монғолдар шығарған деп қорытқан. Академик А. Н. Самойлович жоғарыда аттары аталған зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасап, өзінің «Таврияның ғылыми археологиялық комиссиясының хабарларында» жазған мақаласында айтылған пікірлердің бәрінің де дәлелдері жеткеліксіздігін көрсеткен. Профессор Г. П. Сердюченко кабардин-черкестердің, абазиндердің және ноғайлардың жыл қайыру есебін талдап, өз пікірін «мүшел түркі халықтарынан шыққан » деп түйген. Енді осы келтірілген пікірлерді қарастырып өтейік. Мүшелдің Египетте шығуы мүмкін емес, өйткені оның ескі тарихында мүшел мүлде айтылмайды. Орта ғасырларда египеттік арабтарға мүшелдегі 12 хайуанның атаулары белгілі болған, бірақ бұл атаулар түркі тілдес халықтардан ауысқан. XIII-XIV ғасырларда Египет пен Алтын Орданың арасында сауда қатынастары мен мәдени байланыстар болған. Бірақ Галеви ежелгі египеттіктердің хайуандарға табынғанын, хайуандардың суреттері онда ғибадатханларда тұратынын дәлел етті. Мұнымен қатар ибис пен скарабейдің тек Египетте ғана болатынын айтты. Галевише мүшел Қытайда шықпаған, өйткені мүшелде қытайлардың «киелі» деп санайтын хайуаны тасбақа мен су хайуандары жоқ. Галевидің пікірінше мүшелді түркілір шығарды деуге болмайды, түркілер - көшпелі халық, ал календарьды тек отырықшы елдер жасай алады-мыс. Галевидің дәлелдерінің шалғайлығы көрініп тұр. Өзгені қойғанда «көшпелі халықтар календарь жасай алмайды » деу үлкен қателік болып табылады. Сондықтан да шығысты зерттеушілердің көпшілігі мүшелді шығарушылар египеттіктер емес, бірен-саран мағлұматтарды египеттіктер мен вавилондықтардың ұзын құлақтан естіп жазғандары, оның өзін де шатастырып жазған деген қорытындыға келген. Мүшел Вавилоннан немесе Ассириядан шықты деу де дұрыс емес. Олардың жазылып қалған тарихи документтерінде мүшел кездеспейді. Егер мүшел Вавилон мен Ассириядан шықса, ол, сөз жоқ, Урарту елінде де, сондықтан Армения мен Грузияда да болар еді. Ал Армения мен Грузияның халықтары мүшелді білмейді. Мүшел Греция мен Римде де болмаған, өйткені олардың барлық ғылыми және мәдени мұраларын көшіріп және өз тіліне аударып алған арабтар 12 хайуанды Орта Азиядан ғана естіген. Оның бірі -арабтарды шошындыратын шошқа-доңыз. Мүшел есебі бұрын Үндістанда болмаған, қазірде жоқ. Ескі парсы календарында да мүшел есебі қолданылмаған. Мүшелді Орта Азияның ежелгі халықтары-соғдылықтар мен хорезмдіктер шығарды деуге болмайды. Орта Азияның межелгі тарихы, сақталып қалған жазба документтері бізге белгілі. Оларда мүшел жоқ. «Татар мүшелі » теориясына айрықша тоқталудың қажеті жоқ. «Татар» сөзін екі мағынада түсінуге болады: бірі- Шыңғысхан тұсындағы шапқыншы монғолдар, екінші- қазіргі татар халқы. Бірінші мағына бойынша татар мүшелі болуы мүмкін емес, өйткені монғолдардың мүшелді түркілерден алғаны мәлім. Ал екінші мағынаны қарастырсақ, Татар халқы - түркілердің бір ұрпағы. «Түркі мүшелі» дегенде оған татар халқы да ортақ болды. Шығысты зерттеушілердің көпшілігі, солардың ішінде «түркі мүшелі» теориясының негізін салушы Шаванн Мүшелді ежелгі түркілерден шығарды, қытайлар түркілерден алды деп айтады. Ол Галевидің «көшпенділер календарь жасай алмайды »деген пікірін орынсыз деп тапты. Сонымен бірге Египет пен Вавилоннан қалған мыңдаған жазуларда уақыт мүшел хайуандары бойынша есептелмегенін айтып, Галеви тұжырымын жоққа шығарды. Шаванның түсіндіруінше, түркілерде шыққан мүшел Қытайға, Қытайдан Рим империясына, одан әрі Египетке жеткен. «Түркілер жерінде маймыл болмайды мүшелде маймыл бар» дейтін пікірге де Шаванн жауап табады: б. з 1 ғасырында Кашмирдің (Үндістан, Иран, Ауғанстан аралығындағы ел) түркілер билеген (Кашмир жерінде маймыл болады. ) Сонымен қатар мүшелдің Қытайдан шықпағанын Шаванн қытай деректері бойынша дәлелдейді. Тань дәуірінен қалған бір жылнамада: «Қырғыздар жылды он екі хайуан арқылы белгілейді. Жыл инь таңбасына келгенде олар барыс жылы дейді. »делінген. Түркі тілдес халықтардың бізге белгілі ең ескі документі- Күлтегін зиратындағы жазу. Онда жылдардың берік тәртіппен айтылуына қарағанда мүшел әлдеқайда ерте шыққан. Бірақ одан бұрынғы тарихты баяндайтын дерек жоқ. Ал жазба документтің жоқтығынан мүшел Күлтегіннің тұсында ғана шықты деуге болмайды. Мүшел есебі бұдан 3000-4000 жыл бұрын шыққан деуге болады, ол өзгерістерге ұшырай отырып, б. з. басында біржолата қалыптасқан. Тарихи зерттеулер бойынша мүшелде 4 хайуан болған: ұлу, бөдене, барыс және тасбақа. (С. В. Иванов кітабын қараңыз) «Мүшел» сөзінің қайдан қашан шыққаны белгісіз. Бұл мәселені ешкім қарастырмаған. Европалық ғалымдар оны «цикл» - айналым деп аударып, өгіз, барыс, . . . деп баяндай берген.
Жылдардың мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің мүшелдеп есептей бастауы ұмтылған, Алтын Орда ханадары сондықтан да мүшел жылдарына хиджра жылдарын қоса жазып отырған.
Мүшел - түріктердің жыл санау жүйесі.
Он екі жыл уақыт мүшел деп аталды. Мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды, он екі түрлі хайуанның атымен аталып отырады. Жылдардың тарихи қалыптасқан реттері мен атаулары төмендегідей:
1-жыл- тышқан 7жыл-жылқы
2жыл-сиыр 8жыл-қой
3жыл-барыс 9жыл-мешін
4жыл-қоян 10жыл-тауық
5жыл-ұлу 11жыл- ит
6жыл-жылан 12жыл-доңыз
Мүшел аяқталып, енді одан әрі 13-жылдан санағанда тағы да тышқан жылы деп, есепті қайтадан бастайды. Мүшел есебі көптеген елдерде -Жапониядан Болгарияға, Бирмадан Сібірге дейін жайылған. Демек, адамзаттың жартысы уақытты мүшелдеп есептеген. Іс жүзінде мүшел есебі 2 жүйеге бөлінді. Бірі- түркі халықтары қолданған «таза мүшел», ол әрбір 12 жылда аяқталып, содан кейін қайталанып отырады. Екіншісі -12 жылдан кейін қайталанып, 60 жылда аяқталатын Шығыс Азия халықтарының айналымы. Кейбір авторлар мүшел есебінің саяси және экономикалық ролі болған жоқ, ол тек адамның жасын есептеуге ғана қолданылды деген пікірді айтқан. Бұл мүлде қате. Ертеде маңызды документтердің бірінің де уақыттары мүшел бойынша көрсетіліп отырған. Ежелгі түркілердің бір ханы Қытай императорына 584 жылы жазған былай бастаған: «Ұлу жылы, тоғызыншы айдың оны күні жазылды». Күлтегін зиратындағы жазулар да мүшел бойынша келтірілген. Мүшелдегі 12 хайуан халықтардың басым көпшілігінде жоғарыдағы ретпен келіп отырады. Жылан түркі тілдерінің көпшілігінде -йылан дап аталады. Жылқы көне түркі тілінде - йонд. Ит түркі тілдерінің көпшілігінде - ит. Доңыз түркі тілдерінің көпшілігінде - тоңғуз. Көне түркі ескерткіштері -Орхон жазуларында доңыз жылы лағзын жылы делінген. Күлтегін ескерткіштеріндегі «лағзын» сөзін оны алғаш зерттеуші Дания ғалымы В. Томсен «алғазын» деп қате оқып, оны маньчжурдың «оулгиан» сөзімен жақындастырмақ болған. Бертін «лағзын» атауы неге екені белгісіз, қолданудан шығып қалған. «Құтадғу білікте» лағзын жоқ, доңыз жылы айтылады. Мешін түркі тілдес халықтарда мешін, мәчін, мечіні, бөчін, пічін, т. с. с. болып айтыла береді. Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уалиханов атындағы тарих. Археология және этнография институтының экспедициясы 1957ж ОҚО Созақ ауданында археологиялық қазу жұмыстарын жүргізді. Т. Н Сенигова басқарған отряд 3 метр тереңдіктен мүшелді бейнелейтін, мыстан жасалған түркі медалын тапты. Медалдың екі жағында да мүшел хайуандарының мүшел есебіне сәкес орналасқан суреттері бар. Бируни мен Ұлықбектің еңбекиерінде ежелгі түркілердің жылды 12 айға бөлгендігі, ол айлар 30-31 күннен болғандығы айтылады. Айлардың 2 жүйесі болған, бірінде айлар реттік сан есімдер арқылы, екіншісінде мүшелдегі хайуандар арқылы аталған. VII-VIII ғасырлардан қалған көне түркі жазуларынан теріп алып, тізгенде реттік айлар былай аталады: ілік ай, екінті ай, үчінчі ай, төртүнчі ай, бісінчі ай, латынчы ай, житінчі ай, секізінчі ай, тоғұзынчы ай, онұнчы ай, бір йегірмінчі ай, екі йегірмінчі ай. Ежелгі түркілер «он бірінші, он екінші» деу орнына «бір йегірмінчі, екі йегірмінчі» деген. Айлардың бұл атаулары даусыз. Күлтегін ескерткішінде: «жетінші айдың 27 күні зиратына тас орнаттық» делінеді. Мойын шор ескерткішінде: «бір йегірмінчі айдың 18-інде жолықтым делінеді. » Бируни мен Ұлықбектің келтірген мағлұматтарына қарағанда мүшелдік айлар былай аталған: кешку немесе күску (тышқан), ут немесе ұд (сиыр), барыс, тувушқан немесе табышқан(қоян), ұлу немесе нек, ыйлан, юнед, немесе юнд, өон(қой), бічін немесе січін, доқұқ немесе тақығу(тауық), іт(ит), лағзын(доңыз) . 10 ғасырдан бергі жазба документтерде «лағзын» орнына «доңұз» айтылды. Әзірше белгілі көне түркі жазуларыда мүшелдікайлар кездеспейді. Ал түркі тілдес халықтардың ешқайсысы да қазір айларды тышқан айы, сиыр айы т. с. с. демейді. Бірақ Бируни мен Ұлықбек жазып қалдырғандықтан, ондай айлардың қолданылғандығына күмәндануға болмайды. Ал Ежелгі түркілердің жұлдыз айларында 12 ай 30 күннен алынып, жыл аяғында 5-6 күннен қосылып отырғаны мәлім. Бірақ бертін қолданылған жұлдыз айларда неше күннен болғандығы жөнінде әзәр дәл мағлұмат жоқ. Хамал, сәуір, зауза т. с. с. айлар тізбегі бар, қайсысында нақты қанша күн болғандығы әдебиетте айтылмаған. Көне түріетердің календарында зодиак айлар да болған олардың көне түркіше атаулары - қозы, уд, ерентұз т. с. с. Хас Хаджибтің кітабында (1069ж жазылған) келтірілген. Ежелгі түркі календарындағы реттік айлар мен мүшелдік айлардың аттары сол айлардың жыл ішіндегі орындары арқылы түсіндіріледі. Енді азамттық айлардың аттарын түсіндіру ғана қалды. Тіл мамандарынан ай аттарын арнайы зерттеген кісі жоқ. Бұл мәселе «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде» де шешімін таппаған. «Наурыз» парсы сөзі болғанымен, өте ерте заманда кірігіп, қазақ тұрмысына сіңіп кеткен сөз. Оның үстіне наурыздың бұрынғы, ескі турікше немесе қазақша аты белгісіз. Ал мамыр айының көне түрікше атауы-маны, ал монғолша-манғұл. Сарша бұл - ескі түркі сөзі, арғы тегі - «сары шақ», жер қуарып шөптің
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz