Сиамға көрші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
XVI-XIX ғасырлардағы Тайланд
АСТАНА-2008
Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Ерте Жаңа замандағы Тайланд.
3. XVIIғ.ортасы-XIXғ.ортасындағы Тайланд.
4. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Тайланд.
5. Жаңа замандағы Тайланд мәдениеті.
6. Чакри династиясы.
7. Қорытынды.
8. Тарихи хронология.
КІРІСПЕ.
Аютиялық кезең Тайланд тарихында төрт ғасырға созылды және бұл
кезде түбегейлі билік жүйесі, қайталанбас Тайланд мәдениеті қалыптасты. Осы
кезеңде европалықтармен алғашқы қатынастар орнады. Бұл уақытта аумақтағы ең
беделділер португалдықтар болды, тайландықтар олардан қару жасау тәсілін
үйренген болатын. Сиам европалықтармен дипломатиялық байланысты орнатып,
оны тұрақтандырған алғашқы меммлекеттердің бірі болды. Аютия мемлекетімен
қатар сол кезде қазіргі Тайланд жерінің солтүстігінде Чанг Май корольдігі
өмір сүрді. Екі елдің екеуі де Бирмаға және кхмерлер империясына қарсы
күрес жүргізіп отырған. 1569 жылы бирмалықтардың шабуылынан тайландықтар
жеңіліс тауып, Аютайя қаласы құлайды. Бірақ тайландық ханзада Наресуан
жауды елден тысқары жерге қуып шығып, ел астанасын қайта құрады. Дамыған
экономикасы және мәдениеті бар Аютайя қаласы екінші рет 1767жылы жаулап
алынды. Бұл жолы бирмалықтар қаланы толығымен өртеп жіберді, мыңдаған
адамдарын құлдыққа әкетті. Алайда бұл ретте де бирмалық билік ұзаққа
созылмады, генерал Пья Таксин басқарған тайландықтар тағы да бирмалықтарды
жеңіліске ұшыратады. Пья Таксин билікке келеді, астананы Тхонбуриге
көшіреді. Бірақ 1782жылы Пья Таксин жүргізген саясатқа көңілдері толмай,
Прайя Чакри бастаған тайланд элитасының өкілдері Тхонбуриді жаулап алып,
өздерінің Чакри династиясының билігін орната алды. Прайя таққа Рама І деп
отырды, ол ел астанасы деп Бангкокты жариялады. Осылайша Тайланд тарихына
ұзақ жылдарға Чакри династиясы келеді.
Тайланд(Аютия,Сиам).
Ерте Жаңа замандағы Тайланд.
Жаңа заман басында Қазіргі Тайланд жерінде болған басты елдердің
бірі 1350-1767 жылдары өмір сүрген Аютия мемлекеті еді. Ол монкхмерлер мен
таилардың әлеуметтік құрылымдарын біріктіру жолымен құрылған болатын. Бұл
уақытта дәстүрлі тайлар қоғамы қалыптасқан.
Аютияның саяси жүйесінің басында монарх болды. Ол өз қарамағындағы
адамдардың жерлері мен басқа мүліктерінің басты иегері болып табылды.
Түскен пайда сол әлеуметтік топтың қоғамдағы дәрежесі мен алатын орнына
байланысты бөлінді. XIV ғасырдан бастап Тайландта мемлекет қызметінде
бірінші орынға саяси және діни қызметті,ал содан кейін барып экономиканы
қоятын тхеравада буддизмі басты орында болды. Билеушінің тұлғасы әрі
құдай,әрі жай адам келбетінде қаралды. Монарх діни,әрі діни емес, әскери
тұлға болды. Билеушіден басқа, оның жақын туыстарынан уппарат - екінші
король тағайындалды. Сонымен қатар оның өз билігінде шенеуніктер аппараты
болды және ол мемлекеттік шешімдерге әсер ете алды. Екі бмиеушінің арасында
жиі келіспеушіліктер болып тұрды. Буддистік қоғам – сангха – халық пен
билеуші элита арасында аралық жағдайда болды.
XIV ғасырдан бастап, Аютия біртіндеп халықаралық сауда қатынастарына
ене бастады. Бұл тай қоғамының өмірінде экономикалық факторлардың ролінің
артуына,яғни өмірлерінің өзгеруіне әкелді.
Елде қоныстың бірнеше түрі болды: ауыл тұрғындары аумағына қарай
бандар (ауыл), чиенги (вьенги) – нығайтылған орталықтар, накхон (нагара) –
астаналар. Бан жергілікті элита өкілдері және саудагерлер мен қолөнершілер
тұрған чиенга мен вьенгаларға бағынды. Бірақ, еуропалық түсінікте олар қала
болып есептелмеді. Қалалық бекітілген орталықтарға(шамамен 7-10 мың тұрғын
болған) олармен ортақ әкімшілігі болған мыангы территориялары да бағынды.
Өз алдына қалалық билік болмады. Мыангы тұрғындары жер шаруашылығымен
айналысты. Мыангы орталықтарында нагара болды, оларда тек діни емес, мәдени
орталық болып есептелген буддистік монастырлар(вата) салынды. XVII
ғасырлардан бастап, Тайландта басқа мемлекеттермен сауда қатыстарына шыға
бастаған қалалар пайда бола бастады.
Шаруалар мен шенеуніктер арасындағы қатынастар бірінші кезекте
имандылық парыз ұстанымдарына байланысты құрылды. Шаруалар крепостнойлық
тәуелділікте болған жоқ, ал олардың ірі жер иеленушілермен қатынастары
қорғаушылықпен және мемлекет пайдасына салық төлеу керек дегенді
түсінушілікпен байланысты болды. Тәуелді халыққа қарағанда шаруалар
көбірек болды.
Мемлекеттік қызметте болған элита өкілдері қалаларда тұрды және жер
иеленушілікпен аса байланысты болмады. Мемлекет үлкен қоғам болды және таи
азат халқы формальді түрде мемлекет алдында тең болды.
Тай элитасы най деген сөзбен белгіленді. Оған билеуші отбасысы,
куннанг -қызмет етуші ақсүйектер тобына жатқан астаналық ақсүйектер енді.
Олардың дәрежелері билеуші отбасысына қарағанда, мұрагерлікпен берілмеді.
Ақсүйектер тобына ену үшін білім алып, бірқатар уақыт будда монастырында
тұру, ал одан кейін арнаудан өту керек болды.
Буддистік монашество ерекше топ болып есептелінді, олар физикалық
еңбекпен айналыспады және мемлекеттік қызметпен тұрмады. Материалдық
тұрғыда ол толығымен ақсүйектік билікке тәуелді болды.
XVIIғ.ортасы-XIXғ.ортасындағы Тайланд.
XVIIғ. ортасынан бастап, Сиам өмірінде өз мақсаты ретінде оның
сыртқы саудасын монополизациялауды ұстанған голландық Ост-Инд компаниясы
маңызды роль ойнай бастады. Бұған белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсету
үшін сиамдық үкімет олардың тауарларын өздері сатып алып, кейін оны ішкі
нарықта сатып отырды. XVIIғ. 30-40 жылдары Сиам мен голландықтар арасындағы
қатынастар нашарлады, бұл голландықтардың сиамдық кемелердің голландық
Компанияның рұқсатынсыз мемлекет сыртына тауарларды шығаруына байланысты
дискриминацияның әсерінен еді. Олардың кемелерін теңізде байқап қалған
жағдайда оларды кемелерімен қоса конфискациялаған. Соған қарамастан, Сиам
өзіндік сауда флотын құра берді, алайда күштер тең болмады, сондықтан
1664ж. тамызда Сиамдық үкімет өз тарихындағы Голландиямен алғашқы тең емес
келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес голландықтар экстерриториялық құқыққа
және айтарлықтай сауда басымдықтарына ие болды.
Бұл кезде Сиамға Ұлыбританияның Ост Индия компаниясының
қызығушылығы ояна бастады. 60-жылдардың басында олар қайтадан өздерінің
сауда факторияларын жандандырды, монархқа жұмысқа тұрды, тіпті сарайда
айтарлықтай жоғары шендерге ие болды. 1685 жылы ағылшын үкіметі Сиамнан
өзінің әскери қамалын салу үшін жағалаулардан жер талап етті. Сиамдықтар
кері жауап қайтарғандықтан, ағылшындықтар әскери күш қолдануға бел
байлайды. Сонда тайландтықтар әскерлері 1687жылы Бангкок пен Мергуяда
орналасқан француздармен құрады. Алғашында олар ойлаған мақсаттарына жетіп,
ағылшындықтарға соққы береді, алайда кейін оларға одақтастарының өздерімен
соғысуға тура келеді. 1688 жылы халық көтерілісі басталады, оның барысында
тайланд монархы тұтқынға алынып, көп ұзамай қайтыс болады. Француз
гарнизоны қоршауда қалып, француздар елден кетуге мәжбүр болды және келесі
150 жылда олар Сиамға айтарлықтай қызығушылық көрсетпеді.
Бұл жеңіске Сиам оңайлықпен жеткен жоқ. Өз егемендігін қорғап қала
алғанымен, мемлекет Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістан арасындағы делдалдық
ролінен айрылып қалды. Бұл оның экономикалық жағдайының нашарлауына,
шаруалар жаппай көтерілуіне, Корат пен Лигорада сепаратистік күштердің
әрекеттер жасауына алып келді. Жағдай құрғақшылықтың әсерінен одан әрі
күрделене түсті.
Қандай да болмасын деңгейде жағдайды қалпына келтіру үшін, король
XVIIIғ. басында бір жағынан шаруалардың жағдайын жақсартуға бағытталған, ал
екінші жағынан ірі жер иеленушілерге қарамағындағы шаруаларға өз билігін
нығайтуға мүмкіндік берген бірнеше жарғылар қабылдады.
1733-1758 жылдары Сиамды король Боромокот басқарды, оның кезінде
ішкі саяси жағдай біршама тұрақтанды. Бірақ, XVIIIғ. ортасында Сиамға көрші
Бирма шабуылдады. 1759 және 1765 жылдар аралығындағы үзілісті соғыс
әрекеттерінен кейін, бирмалықтар алдымен Сиамның батыс және солтүстік
бөлігін, одан кейін Бангкокты басып алды. 1767жылы бүкіл ел бирмалықтармен
талқандалып, олардың қол астына қарады, ал қалңан айтарлықтай бөлігі
Бирмаға айдалып әкетілді. Бірақ көп ұзамай сиамдықтардың тәуелсіздік үшін
күресі қайта басталды, бұл күресте оларды жергілікті қытайлықтар қолдады.
Елдің оңтүстік-шығысында, Чантхабун провинциясында сиам әскербасыларының
бірі – Пья Таксин басшылық еткен қарсылық ету ошағы ұйымдастырылды. Сол
кезеңде территориясында қытайлық әскерлер орналасқан Бирманың қиын жағдайын
пайдаланып, көтерілісшілер Орталық Сиамды азат етіп, 1768жылы астанасы
Тхонбури болған тайландтық мемлекет құрды. Ол камбоджалық Батамбанг және
Сием Реап провинцияларында билік орната алды.
1782жылы Пья Таксин жүргізген саясатқа көңілдері толмай, Прайя
Чакри бастаған тайланд элитасының өкілдері Тхонбуриді жаулап алып,

отырды және 1782-1809 жылдар аралығында билік етті.
1795жылы Сиамға қайтадан бималықтар шабуыл жасады. Әскери істер
ХІХ ғасырдың басына дейін жалғасты және Сиамның солтүстік, батыс, оңтүстік
бөліктерінде өтті; нәтижесінде сиамдықтар айбарлы көршісімен өжет күресте
өздерінің тәуелсіздіктерін сақтап қала алды. 1828жылы Сиамға Вьентян
территориясы қосылды және оған Луанг Прабанганың вассалдық тәуелділігі
күшейді.
1824жылы ағылшындықтар мен бирмалықтардың арасындағы бірінші
соғыстың басталуынан кейін, ағылшындықтар Сиамды өңірдегі өз серіктестері
деп қабылдады. 1826жылы Сиам мен Ұлыбритания арасында екі ел арасындағы
және малайзиялық княжестволықтармен қарым-қатынастарын анықтайтын
келісімшарт жасалды. Нәтижесінде Сиам өзінің Селангордағы құқығынан
айрылды.
XVIII ғасырдың соңында болған Вьетнамдағы тэйшондар қозғалысын
пайдаланып, Сиам камбоджалық тақта өз орынбасарын нығайта алды, бірақ
Вьетнам империясы құрылғаннан кейін бұл екі ел арасында Камбоджа үшін күрес
одан әрі күшейе түсті.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай Сиам айтарлықтай үлкен территориясы
бар мемлекетке айналды. Сыртқы қатынастар кеңейді, қолөнершілік өндіріс
дамыды, әсіресе, бұл этникалық қытайлықтар көп қоныстанған қалаларда
байқалды.
ХІХ ғасырдың басында Сиамға онда өзінің экономикалық позициясын
нығайтпақ болған Ұлыбританияның қызығушылығы қайта ояна бастады.
1833 жылы Сиамға олармен сауда келісімдерін жасаған американдықтар келді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Тайланд.
ХІХ ғасырдың ортасында Тайландта алғашқы өнеркәсіп орындары мен
жалдамалы жұмысшылар пайда болды. Бангкок тұрғындарының саны 500мыңға дейін
жетті. Елдің солтүстік-шығысында жаңа қалалар – Убон, Стунг Тренг және т.б.
пайда болды. ХІХ ғасырда Тайланд өзінің территориялық шекараларын
белгілемеді, халық саны 6 миллионға жуық болды, оның ішінде 1 млн этникалық
малайзиялықтар, сонша лаостықтар, 500 мың кхмерлер болды. Жалпы алғанда
тайландтықтар саны елдің барлық халқының үштен бір бөлігіндей ғана болды.
1851-1868 жылдар аралығында тайландтық тақта Рама IV (Монгкут)
отырды, ол өзін қабілетті реформатор ретінде көрсетті. Ол сыртқы қауіп
алдында батыстық державалар жағынан өз мемлекетін нығайтуға тырысты, елді
жауларға әскери жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын қарсы тұра
алатындай етті. Ол мемлекеттік монополияларға тыйым салды, жаңа мемлекеттңк
идеология орнатуға тырысты, сол үшін ол буддистік секта тхаммаютиканы
құрды.
1855жылы ағылшындықтар Сиамды күш көрсету арқылы қауіп-қатер
төндіреміз деп қорқытып, Сиамды тең емес келісімшарт жасасуға мәжбүр етті.
Оған сәйкес ағылшындықтар экстерриториялық құқыққа ие болды және сиамдық
нарық ағылшын тауарларын шектеусіз елге әкелу үшін ашық болды.
1856-1862 жылдары осыған ұқсас келісімшарттарды Сиам АҚШ, Франция,
Португалия, Голландия және Пруссиямен де жасауға мәжбүр болды. 1867жылы
Сиамды Камбоджадағы құқығынан бас тартқызды, алайда Сиам өзінің Батамбанг
және Сием Реаптағы биліктерін сақтап қалды.
Сиам әлемдік сауда нарығына ет, күріш, орман шығарды, соның ішінде
күріш экспортта басым болды.
Осы кезеңде Сиамда капитализм элементтері дами бастайды.
Жергілікті буржуазия негізінен этникалық қытайлықтардан құралды. Бангкокта
ағылшындық колониялық банктердің бөлімшелері ашылды. 90-жылдары
ағылшындықтар Сиамның солтүстік аймақтарында тик әзірлеуді бастады.
Нәтижесінде көптеген дәстүрлі қолөнершілік және мануфактуралық өндіріс
құлдырауға ұшырады. Шаруалардың едәуір бөлігі жұмыс іздеп қалаға кетіп
жатты. Оларға Қытайдан келген эмигранттар қосылып отырды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде елде бірқатар реформалар жасалды,
олар ХХ ғасырдың басына қарай аяқталды. Реформалардың басты мақсаты
экономика мен әлеуметтік қатынастарды модернизациялауда қолайлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz