Архетип және ұжымдық бейсананың бейнелеу өнерімен байланысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
Кіріспе

Негізгі бөлім

• Архетип және ұжымдық бейсананың бейнелеу өнерімен байланысы

• Этноархетип түсінігі

Қорытынды

Бейсаналық психологиясына талдау жасап, архетип ұғымын енгізіп, оның
тұтас дүниетанымдағы, рухани саладағы, тұрмыс-тіршіліктегі көріністерін
алғаш сипаттаған К.Г. Юнг болатын . Дегенмен, осы тұста ғылым тарихын
өздігінше құрастырған еуроцентристік көзқарастардан арылсақ,
психоанализдік бастаулардың орта ғасырдағы араб-мұсылмандық фәлсафадан
тамыр тартатындығын есте ұстаған жөн. Бұл бағытты өркендете түскен
неофрейдистер (Ж. Лакан, Э. Фромм, С.Гроф, және орыс психологтары А.Н.
Леонтьев, Л.С. Выготский) өнер туындыларындағы бейсаналық көріністерге
баса назар аударды.

ХХ ғасырдың басынан бастап архетип ұғымы өнерге сыни талдау жасау
әдісі болып қалыптасты. Осыған орай қазіргі кезде архетиптерді зерттеу
барысында коцептуальді ғылыми аппарат қалыптасқан. Соның негізінде
архетипке байланысты мынадай түсініктерді енгізген ойшылдар белгілі бір
әдіснама бағдарын ұстанды: эпистемалар – М.Фуко, көркем шығармалардағы
кодтар жиынтығы – Р.Барт, семиотикалық континуум - Ю. Лотман, психопоэтика
мен мифопоэтика, интертекстуалды талдау – В.Топоров , мәнерлі поэтика – А.
Жолковский, А. Щеглов, коғамдық менталитет - А. Гуревич , мәңгі қайталану
туралы миф – М.Элиаде, мәдениетті верлибризациялау және логоэдизациялау –
В. Руднев, ментальді модель – А. Большаков, мифопоэтикалық астарлы мәтін
(подтекст) - В.Тюп, мәдениеттегі дуальды кеңістік - А.А Пелипенко және
т.б..

Жеке адамды қоғамдық жан иесі деп қарастырған К.Г.Юнг ұжымдық психика
мүмкіндігін былайша түсіндіреді: ...әрбір адамға туғанынан оның бай
рухани іс-әрекетінің мүмкіндігін қамтамасыз ететін ... жоғары дамыған ми
берілген. Қандай өлшемде жекелеген адамдардың миы ұқсас дамыған болса,
сондай өлшемде осы ұқсастықтың арқасында мүмкін болатын рухани функция да
ұжымдық және әмбебап болып табылады. Мидың әмбебап ұқсастығынан бір типтес
рухани функция үшін әмбебап мүмкіндік туындайды. Осы функция ұжымдық
психика болып табылады. Осы адамның миы құрылысының ұқсастығы оның
атқаратын функциясының ұқсатығын білдіреді, ал бұл оның әмбебаптылығын,
яғни оның бүкіл адамзатқа тән екендігін білдіреді.

Көркем образ бір сәттік, бір мезеттік көрініс емес, оның образға
айналуы қандай да бір кеңістік пен уақыт аралығында пайда болып
тұрақталады немесе идеалды-образға айналады. Идеалды-образдылықты тарихи
танымның логикалық құрылымынан ажыратып, оны мәдениет концептісінен
туындайтын өнер саласы бойынша анықтау дүниені танып-білудің ерекше бір
парадигмасы деп тұжырымдауымызға негіз бар.

Демек, көркем образдың қалыптасуы мен туындауындағы сезімдік-
интуитивтік буыннан ұжымдық бейсаналылықтың туындау процесін атап
көрсетсек, сезімдік-интуитивтік – ұжымдық бейсаналық – бейсаналық
–архетиптер құрылымының тізбегін байыптай аламыз. Осыдан көркем образ
тудырудағы саналылық пен бейсаналылықтың қатынасын және трансформациялану
жағдайларын психоанализдік тұрғыдан сараптау қажеттілігі туындайды.

Классикалық психоанализдің негізін қалаған З.Фрейд: шығармашылық –
адамның психикасының бейсаналық үдерісі, өнер – сублимацияның нәтижесі деп
тұжырымдайды. Аналитикалық спихологияның негізін құрған швейцарлық
психолог-философ К.Г.Юнг: Бастапқы образдар – бұл адамзат елесінің көне
және ең жалпы формалары. Олар өздері тепе–тең түрде сезімді де, дәл солай
ойды да елестетеді; олар тіпті жекелеген жандардың өміріндей болатын
өзіндік, дербес, өмірге ұқсас әлденеге ие, ал мұны біз бейсаналыны
қабылдауды тануымен өзіндік көзі ретінде иеленетін философиялық немесе
гностикалық жүйелерден оп–оңай көре аламыз. Юнг бейсаналық қабатты
адамзаттың барлық құдайлары мен демондарын және барлық ең күшті идеяларын
өзінде тұтатын жабық жатқан қазна және мұнсыз адам адам болудан қалады деп
білген.

Осы идеялардан көркем өнердің бейсаналылық аймаққа қатысты
болатындығы, эмоцианалдылықтан туындайтындығы, интуитивті ұғынылатындығы,
образды-символдық түрде иррационалды жақтар арқылы түйсінілетіндігі,
психологиялық еркін ассоциациялар арқылы қалыптасатын шығармашылықпен
өрбитіндігі, субъектінің ішкі толғанысының сезімдік және өзіндік
ақиқатынан туындайтын логикалыққа бағына бермейтіндігі тәрізді қырларын
жинақтай аламыз.

Жалпыадамзаттық болып табылатын әмбебеп образдар инстинкттермен,
бастапқы образдармен байланысты туындайтын болса, ұлттық архетиптер
адамзаттың этностық және ұлттық ерекшеліктері бойынша ажырай бастайтын
кезеңінде қалыптасқан тұтас дүниетанымнан өрбиді. Осыдан көркем
образдардың бейнелеу өнеріндегі ұлттық сипаты ашылады. Демек, жоғарыда
көрсетілгендей, әмбебап мәдени архетиптерден ұлттық мәдениет архетиптері
туындайды. Сондықтан біз: ұлттық мәдениет архетиптері дегеніміз
мәдениеттегі архетиптердің жіктелуінен туындайтын белгілі бір ұлттың тұтас
дүниетанымын бейнелей алатын психофизиологиялық құрылымдағы ұжымдық
бейсаналылықтың көрінісі деп тұжырымдай аламыз. Осы тұстан байырғы
образдармен қатар ұлттық танымға байланысты бейнелеу өнеріндегі жеке
образдар пайда болады.

Адамның мәніне терең үңілу мен оның тарихи-әлеуметтік, мәдени-
психологиялық қырын зерделеу философиядағы антропологиялық ағымдардың сан
алуан дискурсын қалыптастырды. Соның ішінде адам рухының ішкі
заңдылықтарына, тұлғаның психологиялық тұңғиығына бойлай енуді басшылыққа
алған. Фрейд негізін салған психоанализ ағымы кейіннен қоғамдық сананың
қарапайым және теориялық деңгейлеріне ерекше ықпал етіп, өзіндік танымдық
маңызын айғақтап берді.

Фрейд үшін бейсаналық иррационалдықтың тұрағы, жоғары саналылықта
орын табылмаған ұмтылыстар мен тілектердің жиналатын концентрациясының
жертөлесі болса, К.Г. Юнг: санадан тысқарылықта даналықтың терең
бастаулары жатыр, ал сана тұлғаның интеллектуалдық бөлшегі болып табылады
деп бейсаналылықты түпсіз тұңғиықтағы тылсым парасаттылықтың негізі
ретінде ұғындырды.

Психиканың сана, сана асты, жекелік бейсана, ұжымдық бейсана сияқты
құрылымдарын ашқан К.Г.Юнгтің түсінігі бойынша, адам психикасының сана мен
бейсаналы аймақтары бір-біріне өту арқылы байланысып жатады. Бұл тұста
сананың маңызды қызметтерінің ішіндегі ес (память) бізді ығысқан немесе
ұмыт болған сананың астындағы аймақпен байланыстырады. Бейсаналылық пен
саналылықтың байланыс механизмдерін ашып көрсеткен ойшылдың түсінігінде
адам ырықсыз әрекеттерінің нәтижесіне саналы жауап бере алмайды, демек
бейсаналы сфера бөлігінде қандай-да бір көлеңке бөлік салтанат құрады,
бұнда түрлі ойлар мен қиялдар туындап, ол аффекттілік-физиологиялық
өзгеріс ретінде бағаланады.

Демек, ес - көркем өнер туындысының мазмұнының құрыла бастау
шағындағы өткенге шолу жасаудың (ретроспективтіліктің) құралы, сананың
потенциалды шығармашылық аймағы арқылы компенсация жасау үшін
бейсаналықпен байланыстыратын медиа буын ретінде қызмет етеді деп айта
аламыз. Өнер туындысы пайда болу сәтінің өн бойында бейсана потенциалынан
сусындап отырады, сондықтан оның кейбір элементтері мен нәтижелері таза
рационалды өнім болмай шығады.

Бейсаналылық аймақ информациялардың тұтастай шығу көзі болып
табылмаса да, бастапқы сигналдарды бере алады, сондықтан ол биопсихика
информациялық орталық ретінде мәдени-әлеуметтік информациялармен бірігеді.
Яғни өнер туындысының бейсаналық мазмұнын осы тұста екіге айырып
қарастырмыз. Біріншісі – жеке адамның имманентті инстинктивтік-
иррационалды бастауларынан туындайтын ішкі мотивтерге бағынышты
көріністер. Мәселен, өнер туындысының авторының психологиялық толғанысы
мен шығармашылығы оның өзінің өмір-тәжірибесінің тұтас өн бойында
жинақталған бейсаналылыққа өткізілген көңіл-күйдің жарыққа шығуға
ұмтылысының нәтижесін білдіреді. Екіншісі – жеке санаға тән емес
жалпыадамзаттық толғаныстың бейсаналық көрсеткіштері белгілі бір ортақ
мотивтер мен образдарды қалыптастырады. Демек, тұтас жалпыадамзаттық
дүниетанымның байырғы элементтерінің өнер туындыларында бой көрсетуі болып
табылды. Бұны да Ф.Бэконның жалпыадамзатқа тән тектік елестерімен
салыстырсақ, ол адасуды білдіретін болса, өнердегі ортақ тектік
бейсаналылық дүниенің көркемдік танымын қалыптастырудың ортақ бір
жобаларын береді. Шындығында, өнердің жалпыға тән қабылданған эстетикалық-
аксиологиялық мазмұны мен функцияларының бір арнаға тоғысуы нәтижесінің
бір қыры да осында болып отыр.

Олай болса, өнер иесі туа біткен идеяны өзінің таланты арқылы іске
асырады. Сондықтан таланттың өзі осы идеядан ғана қуат алады. Демек,
талантың сабақтастығының айқын көрінісі болып табылатын генетикалық
информациялар рухани информациялардың шартын да бірге тасымалдайды.

Діни дүниетанымның өн бойында архетип пен ұжымдық бейсаналылыққа
байланысты идеялар мен концепцияларды көптеп мысалға келтіруімізге болады.
Сондықтан оларды топтап көрсетіп, бейнелеу өнеріне қатынасты тұрғыдан
қысқаша зерделеп алуымыз қажет:

1. Діни (экстаз, наитивизм, т.б.). Мәселен, наитивизм ағымында адамға
шығармашылық идеялар мен танымның нәтижелерінің кейбір тұстары жоғарыдан,
кенеттен, күтпеген жерден тылсым күштердің жіберген мәліметтері арқылы
ғана берілетіндігін атап өтіледі.

2. Мистикалық (әлемдік ақыл, ата-бабалар рухымен тілдесу және т.б.).
Мәселен, өлген ата-бабалар рухымен тілдесетін, қатынасқа түсетін, түсінде
аян беретін құбылыстардың формасы архетиптерге жақын.

Бұдан өнерді мистификациялау керек деген түсінік тумауы тиіс.
Архетиптердің мистикалық негіздерге тұспалды түрде сәйкес келетін жақтарын
ашу өнер иелерінің қабілеттерін мистикасыздандыру қажеттігінен туындайды.
Сондықтан көркемөнер субъектісі рухтармен архетиптік түрде байланыс
орнатады деп пайымдауымызға болады.

Архетип - адамның жинақтаған тәжірибелерінің жиынтығы (бейімділік,
орныққан жағдайлар, дәстүр шаблон, өмірде қайталанып отыратын жағдаяттар
және т.б.) және өмірдің психикалық бейнесі (барлық психикалық процестер,
күйзелістер, қуаныштар, туа біткен түсінік формалары мен елестер, идеялар
мен кез-келген шығармашылық қиялдар) болатын болса, оның тасымалдану
(трансформациялану) тетіктерін зерделеп алуымыз қажет.

Көркемөнердегі мифтің қайта жаңғыруын - мәңгі өміршең бастау ретінде
танып, өмір философиясы деп жариялағандар (Ф.Ницше, А.Бергсон, Р.
Вагрен), психоанализдік талдауларда мифтік сюжеттерге сүйенгендер (З.
Фрейд, К.Г.Юнг), бұрыннан орныққан дәстүрлі мифологиялық түсінікті
тереңдете түсіп, жаңа этнологиялық теорияны енгізген зерттеушілер (Дж.
Фрейзер, Б.Малиновский, Л. Леви-Брюль, Э. Кассирер) мифология алғашқы
қауымдық құрылыс адамдарының қоршаған ортасын танып білуге ұмтылудан туған
жадағай түсінік қана емес, оның қандай да бір қоғамдық және табиғи
тәртіпті реттеп тұратын функциясы бар екендігін атап көрсетіп, ол адамның
шығармашылық қиялымен, армандау формаларымен туыстық байланысы бар рәмізді
жүйе деген тұжырымға келеді.

Демек, миф адамның ойлау әрекетінің фундаментальді негіздері, қоғамдық
және табиғи тәртіпті реттеп тұратын бастапқы образ, идея, форма, жоғарғы
логикалық рәміз және т.б. ретінде бүкіл адамзатқа тән. Бүкіл адамзатқа тән
осындай сәйкестікті психолог К.Г.Юнг адам психикасы құрылымының ұқсастығы
арқылы түсіндіреді.

2. Белгілі бір аймақтың немесе этностың рухани танымындағы ұмытылмауға,
мәңгілік сақталауға тиісті деп анықталған компоненттер бейнеленіп,
нақышталуы тиіс болды. Осы тұста тасқа жазу (тастағы суреттер,
символдар, оқиғалар, т.б.) барлық халықтар үшін де белгілі бір тарихи жады
қызметін атқарған. Демек, өміршең ұстанымдар, сезім мен түйсікке әсерлі
ықпал еткен және ұзақ жылдар бойы сабақтасқан дүниетанымның кодтары
қысқаша түрде берілуді бейнелеу өнеріне жүктеді деп айта аламыз.
Бейнеленген объектінің көп мәліметті қысқаша әрі жинақтап жеткізетіндігіне
байланысты (концентрациялайтындығына) оңай ұғынылатын әдіснамалық жағының
болуы аса маңызды роль атқарады.

Адамзат табиғаты этникалық, географиялық және т.б. ерекшеліктеріне
қатыссыз алғанда да бейсаналық механизмді көркем қиял арқылы күшейте
түседі. Бұл тұстағы ұжымдық бейсаналықтың шынайы көрінісі болашақта көркем
шығармашылыққа негіз болатын архетипке айналған бейнелерді сыртқа шығару
(экстратрансляциялау) екендігін аңғаруымызға болады. Сондай-ақ, көркем
өнердегі “архетиптік әрекет” деп шындық болмысты түйсінудің, дүниетанымның
және әлем туралы түсініктің белгілі бір тарихи уақытта қалыптасқан түрін
қарастыруымызға болатындығына байланысты қазіргі уақытта “архетип” көркем
сынға талдау жасаудың және оны түсіндірудің де негізгі құралына айналып
отырғандығы да шындық.

Осыған орай, бұл бөлімде біз қарастырып өткен бейнелеу өнеріндегі
архетиптер мен ұжымдық бейсаналықтың көріністерінің тарихи-танымдық
маңызын былайша тұжырымдауға болады:

- Мәдениет пен өнердің өткен мен бүгінді байланыстыратын сабақтастығын
қамтамасыз етеді.

- Осыған байланысты көне сенімдер мен тұрақты образдардың белгілі бір
рухани қоры ретінде тарихи-әлеуметтік жады қызметін атқарады.

- Қайталанып тұруы арқылы дәстүршілдік пен тарихилық принципті
сақтайтын регуляторлық қызмет атқарады.

- Байырғы танымның қайта жаңғыруы бойынша бейнелеу өнерінің
спецификасына сәйкес ескі мен өткеннің эстетикалық құндылығын
нақыштайды.

- Адамзаттық, аймақтық, халықтық, ұлттық рухты сақтау мен оятудың
визуалды механизмдерін қалыптастыруға жетелейді.

- Көркемдік таным арқылы мемлекеттік немесе ұлттық идеяны
қалыптастырудың психотехникалық үрдістерін жасауға септігін тигізеді.

- Архетиптердің ұлттық түрі арқылы әрбір этностың дүниетанымы мен
бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктерін дифференциациялауға көмектеседі.

Ұлттық рух пен өмірлік күш – этноархетиптердің сабақтасуының тәсілі
және генезисінің бастауы ретінде алғышартты құрайды. Әрбір халық өзіне
тән ерекше рухқа ие, бірақ олардың әрбірі оны сезінбейді. Халықтар
өздерін, егер сәйкесті жағдаяттар бар болғанда ғана сезіне алады. Халық
рухы дінде, өнерде, құқық жүйесінде, саясатта, философияда өзін сезінеді,
- деген пікір де рухтың жалпыадамзаттық сипатынан гөрі белгілі бір ұлтқа
тән ерекшелігін қамтамасыз етіп отыратын тылсым күш екендігіне келіп
тоғысады. Гегельде тұлғаның құндылығы ол қандай дәрежеде халықтық рухты
бейнелейтіндігіне байланысты болып келеді.

Ұлттық рухтың бейсаналы-архетиптік түрде болса да сақталуының кепілі
оның биогенетикалық жалғасатын, түбегейлі жоғалмайтын тылсым күш
екендігімен айшықталады. Яғни этноархетиптер негізінде құрылған өнер
туындысының түп қазығы, негізгі субстанциалық шығу көзі осы ұлттық рухқа
астасуында екендігі белгілі. Себебі ол потенциалды қор және қозғаушы
стимул ретінде ғылымнан, саясаттан, спорттан, сондай-ақ көркем өнерден де
архетиптер арқылы айқын көрініс табады. Сәйкесінше, ұлттық рух архетиптер
жандануының мотивациясына айналып, өнер иесі үшін ұлттық туындыларды
жарыққа келтірудің қозғаушы күші ретінде көрінеді.

Архетиптердің өмір сүруінің шарты – өмірлік күш. Өмірлік күш – ұлттық
рух түсінігімен генетикалық туыстық жағынан жақын, сәйкес келетін және
өзінің әрі қарай жалғасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Сана. Өзіндік сана
Сана - психиканың жоғары формасы, сананың пайда болуы және дамуы
Адам психикасы
Жанталдау әліппесінде негізгі психоанализ терминдері мен ұғымдарының жеңілдетілген анықтамалары
Бейсаналық мәселесін қарастырған Фрейд, Юнг теориялары
Саналы және санасыз психикалық процесстердің психофизиологиясы
Жеке адам психологиясы туралы теориялар. З.Фрейдтің теориясы
Ежелгі тарихи мифтер
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Пәндер