Әкімшілік құқық нормаларының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... .8
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..12

1. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері
Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың
жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар
құрайды. Әкімшілік - құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық
басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа
сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты,
прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе
бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған
жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.
Әкімшілік - құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:
1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке
келтіру;
2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты
нығайту;
3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың
кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын
белгілеу; Әкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру,
әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез
- құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.
Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды
ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;
2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.
3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай
жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;
4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару
сферасынан шығаруға бағытталған.
Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық
жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен
әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін
белгілейді.Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің,
мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.
Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан
қорғайтын нормаларда бар.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мыналарға міндеттейді:
1)белгілі бір әрекеттер жасауға;
2)басқа әрекеттер жасауға тиым салуға;
3)өзге де әрекеттерді жасауға рұқсат беруге
Әкімшілік реттеу үшін мына ықпал ету нормалары тән:
1) Әрекет жасауға бұйрық, жарлық (алдын-ала жазылған);
2) Рұқсат беру;
3) Әрекет етуді қолдау;
4) Тиым салу.
Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны
үшін заңды жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі
құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының
белгіленген тәртібі.
Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:
1)гипотеза;
2)диспозиция;
3)санкция.
Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың
гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды
тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы,
адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды
жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы,
бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік
жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі
болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын
жоғалтып алу (әрекет).
Гипотезаның мынадай түрлері болады:
- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды
көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.
- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын
жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.
- Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің
құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын
басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар,
жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.
Санкция – бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен
қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.
Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған
жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен
байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.
2. Әкімшілік құқық нормаларының түрлері
1) мазмұны бойынша:
а) материалды әкімшілік құқық нормалары- әкімшілік құқықтық қатынас
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін заңды түрде
бекітетін нормалар.
б) іс жүргізушілік (процессуалдық) әкімшілік құқық нормалары - бұл
мемлекеттік басқару органдары қалай және қандай тәртіпте әрекет ететінін,
мемлекеттік басқару сферасында істерді қарау және шешу тәртіптерін
анықтайтын нормалар. Бұл нормалар материалды нормалардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз ететін нормалар болып табылады.
2) ұйғарымының сипатына қарай:
а) міндеттеуші – белгілі бір жағдайдарда нормада көрсетілген
әрекеттерді міндетті түрде істеу керек екендігі бұйырылады (алдын ала
жазылып белгіленеді), мысалы, азаматтың шағымын алған орган оны 30 күн
ішінде қарауы қажет;
б) тиым салушы – нормамен берілген әрекеттерді істеуге тиым салу
қарастырылған;
в)өкілеттілік етуші – құқық нормасы талабының шегіндегі өз қалауы
бойынша әрекет етуге рұқсат етеді.
3) мерзімдік әрекеті бойынша:
1) мерзімді- алдын-ала әрекет ету мерзімі анықталған нормалар;
2)мерзімсіз – алдын-ала әрекет ету мерзімі белгіленбеген нормалар.
4) ұйғарымының нысаны бойынша:
а)императивті – бұл нормалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін
бірден қалыптастырады және құқық нормасымен реттелетін қатынастардың
қатысушыларының қалауы бойынша өзгертілмейтін нормалар болып табылады
б)диспозитивті - әкімшілік құқықтық қатынастардың қатысушылары
құқықтары мен міндеттерін өздері норманың шегінде белгілейді.
в)ұсынушы – нақты кеңес, ұсыныстар түрінде болатын нормалар және сол
немесе өзгеде әрекеттерді жасаудың мақсатқа сәйкестігін көрсетеді.
5) Кеңістіктегі әрекеті бойынша:
а) Республика шегінде әрекет ететін нормалар;
б) жергілікті (локалды) – қала, аудан, облыс шегінде әрекет ететін
нормалар;
в)салалық – мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласында әрекет ететін
нормалар.
г)сала аралық – мемлекеттік басқарудың бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқық жүйесінің түсінігі
Азаматтық құқық бұзушылық
Құқық бұзушылықтың құрамы
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы ақпарат
Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құқық нормаларының құрылымы
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
Пәндер