Құқықтық - саяси ілімдер тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Қытайдағы құқықтық-саяси ойдың

қалыптасуы және оның ерекшеліктері.

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Жалпы саяси-құқықтық ойдың бастаулары.

II Негізгі бөлім

2. 1 Даоцизм. Лао-цзы.

2. 2 Конфуций.

2. 3 Легизм. Шан Ян.

2. 4 Мо-ди.

III Қорытынды:

3. Саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыда.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Саяси және құқықтық ілімдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты? Олардың авторлары кімдер? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықытық ілім тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.

Саяси-құқықтық ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдектерде және т. б. халықтардың мифтік аңыздарда көрініс табады.

2. 1 Даоцизм. Лао-цзы.

Жалпы саяси-құқықтық ілімдерде діни-мифологиялық көзқарастар сақталып қана қоймай, ақыры ары қарай дамыды. Мысалы, Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Египет - Ма-ат, Үндістанда - «рта», Қытайда дао, гректерде дике ұғымдары өмір сүрді. Бұл ұғымдар шындық пен мінез-құлық - Ка принципіне сәйкес болу керек. Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшеліктері Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімнің негізін салушы болып б. з. д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі “Дао және дэтуралы кітапта” (“Дао дэ цзн”) Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі “дао” ұғымына негізделеді, ал “дао” “алғашқы түп негіз” дегенді білдіреді.

Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т. б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.

Лао-цзы даоны аспан және адам даосы деп екіге бөледі. Оның айтуынша, аспан даосы байлардың артық дүниелерін алып, кедейлерге береді., ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып, байларға береді.

Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мен тікенектер ғана өседі, үлкен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады.

Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірге қайта оралуды және білім мен ғылымынан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға “дао” жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндеті - елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

2. 2 Конфуций.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б. з. д. 551-479 жылдары мір сүрген Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған “Лунь юй” (“Әңгімелер мен пікірлер”) кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен қөзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едауір ықпал етті. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси істерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ол “даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол - еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу” деді.

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды - патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, “қараңғы адамдар”, “төменгі адамдар”, “құрметті адамдар”, “жоғарғы шенді адамдар”, “лауазымды адамдар” ретінде көрсетіледі.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған конфуций билеушіліерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі конфуцийден “Шөп жел соққан жаққа қисаяды” деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы болады дейді. “Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуы анық түсінген адам ақиқатқа жақын тұрады”.

Конфуцийдың этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері, ата-аналар мен үлкендерге құрмет, адамдық қасиет, адамдар қамқорлығы, билеушіге адамдық, парыз және т. б. жатады.

Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді”, сондықтан да оны тірлішілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет деп ой түйеді. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты.

Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келеді. Сондықтан да адамдардың мінезін жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыпынан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке басып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: “Менің қателігімді дұрыс қөрсеткен адам - менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі - менің досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар - менің жауым”.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен әкімдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берілді. Конфуций бойынша “ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзі үлге-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді”. Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін ролін атқара бастады.

2. 3 Легизм. Шан Ян.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б. з. д. IV ғасырларда жарық көрген “Шан цзюн шу” (“Шан облысы билеушісінің кітабы”) трактатында баяндалған. Бұл трактаттың негізгі бөлімдерін Шан Ян деген атпен белгілі болған Гунсунь Янь жазды.

Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкеен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елді тәртіп орната алды деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттуге болатындығын айтты. Бұл “кімді кімнің жеңетіндігі” туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтынша, “халық өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі қуатты болады”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси процесс
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Саяси ойлар
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz