Инвестициялық қоржынның қалыптасу тәртібі мен принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау мұнай және газ институты

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Тақырыбы: Инвестициялық қоржынның қалыптасу тәртібі мен принциптері

Орындаған: .
Қабылдаған: .

Атырау – 2010
Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

1) Инвестицияның негізгі ұғымы.

2) Қоржындық инвестицияның тиімділігі.

Қорытынды.

Кіріспе.

Ивестициялар – бұл пайда (табыс) табу және әлуметтік оң пікірге қол
жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын
мүліктің барлық түрлері.
Ивестициялық қоржын – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни
меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға,
облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты мақсаты – не ол,
не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымнын сенімділігін
және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша
бірін – бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.
Қоржынды басқару әр түрлі құнды қағаздар жиынтығына иелік істеу өнерін
түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес, сонымен бірге қандай
болса да тәуекелділікке байланысты емес түпкілікті табыс табу.
Қағида бойынша, қоржынды басқару екі тәсілге бөлінеді – активтік және
пассивтік.
Отандық экономика дамуының ерекшелігі, инвестициялық қоржынды әр түрлі
екі жағынан жақындатуға мүмкіндік береді:
• классикалық көзқарас негізінде инвестициялық қоржынды
қалыптастыру;
• экономиканың нақты жағдайын еске ала отырып, инвестициялық
қоржынды қалыптастыру.
Инвестициялық кәсіпкерліктің теориясы мен практикасы инвестициялық
қызметті реттеу құқығына белгілі ғылыми база жасауға көмек етеді. Сонымен
қатар, мұнан әрі инвестициялық заңдарды жетілдіру және шаруашылық құқығының
басқа да салаларының өзара байланысын қамтамасыз етеді.

1. Инвестицияларды, кез келген басқа құбылыс сияқты, кең және тар
мағыналарында қарастыруға болады.
Кең мағынасында ( қазіргі таңда тым таралған ) пайда ( табыс ) табу
және ( немесе ) әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік
және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктін кез келген
Түрін инвестициялар деп түсінуге болады. Аталған жағдайда инвестиция
ұғымының түсіндірмесі аса кең болып табылады, өйткені инвестициялар ретінде
мүліктік және зияткерлік ( интеллектуалдық ) құндылықтардың, сондай – ақ
оларға деген құқықтардың ең бір алуан түрлері шығатынына болжам жасалады.
Алайда инвестициялардың бастапқы түсінігін де, яғни инвестициялар пайда
болған мезеттен бастап – ақ, олардың тек бос ақша қаражаттарымен
ұқсастырылған мағынасын есте ұстаған жөн. Сондықтан да тар мағынасында
инвестициялар – ол инвестордың пайда ( табыс ) табу мақсатында салатын және
материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталған жеке, қарызға алған
немесе тартылған ақша қаражаты.
Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып,
инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс
белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы
белгісі – олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер
құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе
қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан
көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал – жабдық немесе инвестициялық
қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған
материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан
шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге
берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты.
Келесі белгілері инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады – олар,
негізінен, пайда ( табыс ) мақсатында салынатын және оларды инвестор өз
атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде
инвестициялық қызмет, кәсіпкерлік қызмет сиякты, дербестігімен, яғни өз
бетінше әрекет ететіндігімен және бастамашылығымен сипатталатынын айрықша
атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір – бірімен сәйкесуі де,
сәйкеспеуіде мүмкін; тисінше инвестордың кәсіпкер мәртебесін иеленуі де,
иеленбеуі де мүмкін.
Сонымен, инвестициялар – бұл пайда (табыс) табу және әлуметтік оң
пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына
салынатын мүліктің барлық түрлері болып шықты.
Инвестициялардың сан қилы түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың және
оларды жіктеудің үлкен теориялқ және практикалық маңызы бар, өйткені олар
инвестициялық қатынастардың реттеуге және инвестициялық заңдарды әрі қарай
жетілдіруге себепкер болады.

2. Ивестициялық қоржын – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни
меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға,
облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Құнды қағаздарды инвистициялаудың мақсаты – процент алу, капиталды
сақтау және капиталдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Капиталдың қорлануы және инвестиция
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЖЫННЫҢ ТҮСІНІГІ
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
Инвестициялар жайлы
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық инвестиция табыстылығы және тәуекелділігі
Пәндер