Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі


ЖОСПАР
1. Индивид, тұлға, даралық түсініктері
2. Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде
3. Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Индивид, тұлға, даралық түсініктері
Индивид - бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. К. А. Абульканова - Словская нақты субъектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік - мәдениленген салаларын ережеге сай детерминацияланбайды. Ал тұлға ( А. Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) - мәдени - тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды - физиологиялық алғы шарттармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене - бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама - қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады.
Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады. Олардың көзқарастарын бір - бірімен салыстыру талдауын жүргізген М. С. Егорова болды.
Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір - біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық - бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.
Бұл күрделі анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. ДАдамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды - бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама - қайшылықты, қақтығысты бастан кешіреді, яғни, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.
Сонымен, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық - бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.
Дифференциалды психологиядағы обьективті бақылаудың мінез - құлық тапсырмасын дифференциалды психофизиологияға жүктеуі мүмкін.
2 . Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде
Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды.
Ф. Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін, яғни факторлық анализ негізін ұсынды.
1900 жылы В. Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.
В. М. Бехтерев және Л. Франкпен қызметтестік әсерінен А. Ф. Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.
Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В. М. Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т. б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы - биохимиялық, вегетативті және бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.
В. М. Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды.
Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В. С. Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:
1) биохимиялық;
2) соматикалық;
3) нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті) ;
4) психодинамикалық (темперамент) ;
5) тұлға қасиеттері;
6) әлеуметтік рөлі.
Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С. Л. Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:
· жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;
· тұлға бағдары;
· адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;
· адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.
С. Л. Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады.
3. Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді. Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т. б. қарастыру.
ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л. фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды.
Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.
Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.
А. П. Нечаев, В. М. Бехтерев, А. Н. Бернштейн; Н. Е. Румянцев, А. Ф. Лазурский, А. А. Токарский, С. С. Корсаков, Н. Н. Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz