Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

( бөлім

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
1.2. Жалпы сыртқы борыш статистикасын қалыптастырудың
ерекшеліктері
3. Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау

ІІ бөлім

2.1. Жалпы сыртқы борыштың құрылымы
2.2. Борыштың салыстырмалы параметрлері
2.3. Жалпы үйлестіру, ұйымдастыру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзгеруі осы
елдер ішінде қандай болса, әлемдік нарықта да соншалықты экономикалық
өзгерістер туғызды. Дамушы елдерде қаржы құралдарының жетіспеуі, ал дамыған
елдерде олардың молшылығы бір жағынан елдерде экономикалық әр сатыға бөлсе,
екінші жағынан халықаралық қатынастардың дамуына әсерін тигізді.
Халықаралық қатынастардың дамуы, өз негізінде, нашар дамыған елдердегі
технологиялық процестің жылдамдауына ықпал жасады.
Осы сыртқы қаржы құралдарын қолдануда ең маңыздысы халықаралық
еңбек бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру,
мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарды анықтау тәрізді
экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен
әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді
шешуде сыртқы құралдардың тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі
нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы елдер,
оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда сыртқы
қаржы құралдарын маңызды факторлардың бірі есебінде қарастыра бастады.
Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар
ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек
мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами
экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден
елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге
айналды.
Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған
елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін
соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты
жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзее асыру
қажеттіліктерін туғызды.
Қарыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-
несиелік қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де
болса бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз
мәселесі созылмалы түрге ие болып дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайына, жалпы әлемдік экономика жағдайына кері әсерін
тигізуде.
Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан
Қазақстан Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді
жүргізе бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық,
ұйымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үшін сыртқы
секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды.
Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзгеруі осы елдер
ішінде қандай болса , әлемдік нарықта да соншалықты экономикалық өзгерістер
туғызды. Дамушы елдерде қаржы құралдарының жетіспеуі, ал дамыған елдерде
олардың молшылығы бір жағынан елдерде экономикалық әр сатыға бөлсе, екінші
жағынан халықаралық қатынастардың дамуына әсерін тигізді. Халықаралық
қатынастардың дамуы, өз негізінде, нашар дамыған елдердегі технологиялық
процестің жылдамдауына ықпал жасады.
Осы сыртқы қаржы құралдарын қолдануда ең маңыздысы халықаралық
еңбек бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру,
мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарды анықтау тәрізді
экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен
әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді
шешуде сыртқы құралдардың тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі
нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы елдер,
оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда сыртқы
қаржы құралдарын маңызды факторлардың бірі есебінде қарастыра бастады.
Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар
ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек
мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами
экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден
елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге
айналды.
Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған
елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін
соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты
жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзее асыру
қажеттіліктерін туғызды.
Қарыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-
несиелік қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де
болса бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз
мәселесі созылмалы түрге ие болып дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайына, жалпы әлемдік экономика жағдайына кері әсерін
тигізуде.
Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің
тәуелсіз кредит рейтингінің жақсаруы, шетел инвестициясының үлкен көлемін
тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің
валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуында сөзсіз шешуші рөл алады.
Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан
Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе
бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық,
ұйымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үшін сыртқы
секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды.

І бөлім

1.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік
кодексінің 201 бабына сәйкес:
Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi
атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және
өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық
мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы мемлекеттiк борыш болып табылады.
Мемлекеттiк борыш iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты қамтиды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының
резиденттерi алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық
мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк
iшкi борыш болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент еместерi алдындағы мемлекеттiк
сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк
борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк сыртқы борыш болып табылады.
Мемлекеттік қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын
нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік
кодексі (12-бөлім Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу
және борыш, мемлекет кепілгерлігі);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен
бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі
(12-бөлiм Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет
кепілгерлігімен тартылатын қарыздар).
Методологиялық негізі
Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру методологиясы Халықаралық
Валюта Қорының, Дүниежүзілік Банктің және басқа да халықаралық ұйымдардың
Сыртқы борыш статистикасы нұсқаулығында (2001 ж.) баяндалған методологияға
негізделген және БҰҰ-ң ұлттық есепшоттар жүйесі (1993ж.) мен төлем балансы
статистикасының (Төлем балансының нұсқаулығы, ХВҚ, 1993ж.) негізгі
прициптеріне сәйкес келеді.
Сыртқы борыш статистикасының нұсқаулығындағы анықтама бойынша – “жалпы
сыртқы борыш нақты төленбеген борышты және белгілі бір уақытта негізгі
борышты жәненемесе пайыздарды төлеуді талап ететін резидент еместер
алдындағы осы елдің резиденттерінің ештеңемен шарттастырылмаған
міндеттемелерін білдіреді”.
Заңдық негізі
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы” Заңына сәйкес жалпы сыртқы борышты бағалауды қалыптастыру ҚР Ұлттық
Банкісі жауапты. Сонымен қатар Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
сыртқы борыштың бағалауын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
қалыптастырады.
Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу, кәсіпорындардың
резидент еместерге қаржылық талабы және олардың алдындағы міндеттемелері
туралы статистикалық есебі мемлекет кепілдік бермеген борыш пен жалпы
сыртқы борыштың бағалауын қалыптастыруда негізгі дерек көздері болып
табылады.

1.2. Жалпы сыртқы борыш статистикасын қалыптастырудың ерекшеліктері

Фирмааралық берешек. Жалпы сыртқы борыштың басым бөлігін қазақстан
резденттерінің резидент еместердің алдындағы фирмааралық берешегі құрайды.
Фирмааралық берешекке акцияны сатып алуды, акционер емес кәсіпорындардың
жарғылық капиталына жарнаны салу және қайта инвестицияланған пайданы
қоспағанда республикаға келген барлық тікелей инвестициялар кіреді. Мұндай
тәсіл жалпы алғанда Сыртқы борыш статистикасы жөніндегі нұсқаулықта
берілген методологикалық принциптерге сәйкес келеді. Бірақта республикада
сыртқы борыш статистикасынын қалыптастыру ерекшеліктерінің бірі - шетел
компанияларының қазақстандағы филиалдарының өздерінің бас компанияларынан
алатын қаржыларын сыртқы қарызға қосу. Қазақстан заңы бойынша шетел
компанияларының қазақстандағы филиалдары резидент еместер болып табылады,
сондықтан шетел компаниялары филиалдарының міндеттемелері құқықтық тұрғыдан
сыртқы борыш болып есептелмейді. Методологияға келсек, Сыртқы борыш
нұсқаулығында шетел заңды тұлғалар филиалдары өздерінің бас компанияларынан
тартатын қарызын капиталға қатысу құралы ретінде жіктеу мүмкіндігі
қарастырылады. Бұл жағдайда егерде осындай займдар белгілі бір шарттарды
қанағаттандырса, онда олар сыртқы қарыз болып есептелмеуі мүмқін. Осыған
қарамастан қазіргі кезде, қарызды тарту мен қайтару туралы толық
деректердің жоқтығына байланысты, тікелей инвесторлардың өз филиалдарына
берген займдары сыртқы қарыз ретінде есепке алынады.
Алайда бұдан әрі филиалдар қызметін зерттеу нәтижесінде шетел
капиталын тарту шарты туралы егжей-тегжейлі деректер алынса филиалдардың
сыртқы берешегін бағалау тәсілі қайта қаралуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің еурооблигациялары. Сыртқы қарыз статистикасын
қалыптастыру методологиясы бойынша сыртқы борышты қалыптастырғанда резидент
еместердің қолындағы резиденттердің нақты бар борыштық бағалы қағаздары
ғана есепке алынады. Дегенмен Қаржы министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік
борыш статистикасы Қазақстан Республикасы үкіметінің еурооблигацияларының
алғашқы эмиссияларының толық көлемін есепке алады және де бұл жерде
еурооблигациялар резидент еместерден резиденттердің жеке меншігіне өткен
фактісі ескерілмейді. Ал Ұлттық Банк жалпы сыртқы борышты бағалауды
қалыптастыру кезінде Қаржы министрлігінің бағалауына сүйенеді.
Екінші деңгейдегі банктердегі резидент еместердің депозиттерін есепке
алу. Банк есебінде депозиттер резиденттіктің заңдық анықтамасына сәйкес
есепке алынады, бұл сыртқы борыштың қабылданған методологиясына сай
келмейді. Осыған байланысты, сыртқы борышты қалыптастырғанда тек қана АБК-
дың (арнайы бағыттағы кәсіпорындар) ұзақ мерзімді депозиттері ғана енеді.
Банк есебінде мұндай депозиттер бойынша жеке есеп жүргізіледі.
Борышты өтеу және оған қызмет көрсету. Борышты өтеу жєне оған қызмет
көрсету бойынша төлемдер есептеу методы бойынша көрсетіледі. Бұл
есептелген, бірақ төленбеген ( кейін төленетін немесе мерзімі өткен) сыйақы
төлемдері өтелмеген сыртқы борыш сомасын көбейтеді. Борышты өтеу
төлемдеріне қайта ұйымдастырылған борыштар да енгізіледі. Борышты қайта
ұйымдастыру – заемшы үшін бұрын белгіленген тәртібінің, қызмет көрсету
шартының және берешекті өтеу талаптарының өзгеруі. Борышты қайта
ұйымдастыру, негізінен, қысқа мерзімді кредиттерді өтеу мерзімдерін ұзарту
арқылы және талапты қайта табыстау немесе борышты аудару, сондай-ақ
борыштыакцияға своп, (заемшының жарғылық капиталдағы үлесі) көмегімен
жүзеге асырылады.

1.3. Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы
қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111
миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке
сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген
сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң
100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш –
оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы. 2009 жылдың
алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 225,5 пайызға
жеткен. Ұлттық банк деректерiне сүйенсек, сыртқы мiндеттеменiң, әсiресе,
2007-09 жылдары едәуiр өскенiн байқаймыз. 2007 жылы елiмiздiң жалпы сыртқы
қарызы 23 миллиард долларға, ал 2008 жылы 11 миллиард долларға өскен.
Шетелден көп қарыз алғанымызбен, қайтарғанымыз аз. 2009 жылдың алғашқы
жарты жылдығында сыртқы қарыз небәрi 1,5 миллиард долларға қысқарған.
2007 жылға дейiн алынған сыртқы қарыздың басым бөлiгi екiншi деңгейлi
банктерге тиесiлi болса, қазiргi кезде банктердiң қарызы 30 пайызға
қысқарып, өзге секторлардiкi едәуiр өскен. Бүгiнде елiмiздiң таза сыртқы
қарызы 67 миллиард доллар болса, оның 32 миллиарды банк секторына тиесiлi.
Билiк кезiнде сырттан тым көп қарыз алғаны үшiн банкирлерге кiнә артып,
жазғырған-ды. Бiрақ, бүгiнде Ақорданың өзi де шетелден көп-көрiм қарыз алып
отыр. Биылдың өзiнде сырттан тартылған инвестиция көлемi 25 миллиард
долларға жеткен. Ұлттық банктiң 30 шiлде бойынша берген мәлiметiне
сүйенсек, Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз алыппыз. Оның 3,4 миллиарды
қытай банктерiнен алынған несие. Ұлттық банктiң негiзгi кредитор елдер
бойынша есебiне сүйенсек, Қазақстан ең көп қарыз алған ел – Нидерланды. Бұл
елден 39,6 миллиард доллар көлемiнде инвестиция тартылған. Десек те, АҚШ
пен Ұлыбританиядан алған қарызымыз да аз емес. АҚШ-тан 7,8 миллиард доллар,
ал Ұлыбританиядан 7,5 миллиард доллар көлемiнде қаржы тартылған. Алайда,
Ұлттық банктiң 2009 жылды қорытындылайтын есебiнде Қытайдың алдыңғы орынға
шығатыны анық. Аспанасты елiнен алынған қарыздың сұрауы тым қымбатқа түстi.
Маңғыстаумұнайгаздың 50 пайыз акциясын қытайлықтарға ұстаттық. Қалған
қаржы Қытай жағымен бiрлескен жобаларды iске асыруға жұмсалмақ.
Сөз жоқ, макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, елiмiздiң сыртқы қарызы
қомақты. Мұның артында үлкен қауiп-қатердiң тұрғаны билiктiң ойына кiрiп-
шықпайтын сияқты. Айталық, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев
сыртқы қарыз экономиканың өсуiне оң әсерiн тигiзедi деп есептейдi. Сыртқы
қарыз отандық экономика өндiргеннен анағұрлым көп көлемде тұтынуға,
инвестициялауға мүмкiндiк бередi. Оны тиiмдi жұмсау экономикалық прогрестi
жеделдетедi, – дейдi ол. Рас, шетелден алынған қарыз есебiнен экономиканы
дамытуға болатынын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, Ресей кезiнде сыртқы
қарызын темiржол салуға жұмсаған. Сол сияқты Америка сырттан қарыз алу
арқылы өндiрiсiн өркендеткен. Ал Қазақстанның қарызы тиiмдi жұмсалып жатыр
ма? Бұл жағы белгiсiз. Шетелден ең көп сыртқы қарыз алған салаларға келсек,
қаржы қызметi, геологиялық барлау және iздестiру жүргiзу бойынша қызмет,
құрылыс саласын бөлiп айтуға болар.
Сыртқы қарыздың терiс тұстары көп. Ең алдымен кредиторлар алдындағы
экономикалық, саяси тәуелдiлiк. Сондықтан көптеген экономистер сыртқы
қарыздан гөрi iшкi қарыздың берерi көп деп есептейдi. Өйткенi, сыртқы
борышты өтеуге жұмсалатын пайыз өзге елдiң экономикасына бағытталады. Бұдан
өз елiмiздiң резиденттерiне келiп-кетер пайда жоқ.
Алмақтың да салмағы бар. Басты мәселе қарызды қайтаруға тiрелетiнi анық.
Экономикада Гвидотти ережесi бар. Бұл ереже халықаралық резервтердiң
өтелмеген қысқа мерзiмдi борышқа қатынасын көрсетедi. Яғни, бiр жыл iшiнде
өтелуi тиiс негiзгi қарыз бен пайызға қатынасын анықтайды. Гвидотти
ережесi бойынша елдiң халықаралық резервтерi қысқа мерзiмдi борышты өтеуге
жетуi тиiс. Ұлттық банктiң халықаралық резервтерiнiң қалған өтеу мерзiмi
бойынша қысқа мерзiмдi борышқа қатынасы 73,4 пайызға жеткен. Мемлекеттiң
қысқа мерзiмдi борышын өтеуге әлеуетi жетедi делiк. Ал қарыздың қалған
бөлiгiн қалай өтемек? Айталық, биылғы жылы 15,7 миллиард долларды, ал
келесi жылы 14,7 миллиард долларды қайтарған күннiң өзiнде 2011 жылдан
кейiнгi мерзiмде 73,7 миллиард долларды өтеу керек. Билiк соншама қарыздан
қалай құтылмақ сонда? Әлбетте, салық төлеушiлердiң есебiнен. Және бұл
борышты өтеуге болашақ ұрпақтың несiбесi де жұмсалатыны анық.
Билiк бейқамдылығының арты дефолтқа әкеп соқтыратынын тарих сан мәрте
дәлелдедi. 1998 жылы қарызға белшеден батқан Ресей дефолтқа ұшыраса, 2001
жылы шетелге 132 миллиард доллар қарыз болған Аргентина дефолт жариялады.
Аргентинаға сыртқы қарызды қайта құрылымдау тым қиынға соқты. Оның сыртқы
кредиторлармен келiссөздерiнiң өзi үш жылға созылды. Жеке кредиторлар
әупiрiмдеп жүрiп Аргентинаға борыштың 75 пайызын кештi, әйтеуiр. Қазақстан
Аргентинаның кебiн кие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама
Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалау
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несие мен қарыздар
Мемлекеттік борыш және оны басқару
Мемлекеттің сыртқы борышы
Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары
Пәндер