Бұқарамен байланыс қызметтерінің мақсаты билік органдары қызметтеріне қоғамдастық алдында олардың беделін, сенім мен қолдауды қамтамасыз ету


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазіргі Қазақстандағы PR қызметі»
Орындаған: Доскалиева М. К.
Учет и аудит - 31
Тексерген: Марқабаева Г. Т.
Қостанай 2010 жыл.
PR тәжірибесінің ұзақ та бай тарихына карамастан, қазіргі қоғамда оның қызметтері мен институционалдық анықтамасы әлі де болса ашық сұрақ болып қалып отыр, зерттеушілер мен мамандар арасында осыған байланысты кептеген пікірталастар өз жауабын тапкан емес. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде сонау өткен ғасырда пайда болған бұл өнер мен ғылым үйлесуінің сансыз анықтамаларының болғаны да осыны көрсетеді. Дегенмен, PR дамуының қазіргі қезеңіндегі PR ғылымының мәселелерінің өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан кұбылыстың мәні арқылы айкындалады. Оған қоса, бүгінде паблик рилейшнз қызметінің нарыкка шығуы абырой-бедел, бренд атауы, имидж сияқты көрсетқіштерінің аса маңызды роль атқаруына алып келгені де соның ажырамас дәлелі. Нарыктық қатынастардың қабырғасы бекіген батыс елдеріне қарап көш түзеген қоғаммен байланыс саласы сан түрлі болып келеді.
PR-дың негізгі максаты - ұйым мен жұртшылық арасында екі жақты байланыс орната отырып, өзара түсіністікке жету, сөйтіп нәтижелі катынас орнату. Сондықтан да көріп отырғанымыздай, PR арқылы мемлекеттік саясаттың шығарылғаны, кабылданғаны жөнінде ғана акпарат тарату арқылы бір жақты қызмет атқармай, оны халыққа жеткізіп, одан әрі жүзеге асу жолдарын қарастыру, оның қаншалықты пайдалы екенін, қандай нәтижелер күтіп тұрғанын, оны дамытуға бұқараны да жұмылдыру, жастарды тарту, қызықтыру жолымен барлық аудиторияға паш ету. Бұл үшін мемлекеттік саясаттағы ұтымды мәселелерді алға қою, кезек күттірмейтін жағдайларды шешу, бұқараның ең өзекті деген мәселелерін тек сайлау кезінде ғана емес, күнделікті өмірде саяси жарнама арқылы, коғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, партиялар арқылы басты орынға қою арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, еліміздің саяси нарығында мемлекеттік PR әлі де болса даму үстінде, себебі оған мейлінше маңызды деп есептемеуі мен мән берілмеуі. Әр түрлі PR агенттіктердің бағалауы бойынша, тек сайлау кезінде ғана мемлекет тарапынан тапсырыс келіп түсетіні, ал жай уақытта онша мән берілмейтіні анықталып отыр. Мұндай жағдайдың орын алуына басты себептердің бірі мемлекеттің бұл кызметке байланысты қаржылық ресурстарының болмауы, еліміздің бюджетінде арнайы ақша бөлінбеуі, бұл мәселені маңызды деп есептемеуі де әсерін тигізіп отыр. Бұл жағдайды әрине басқа да мүдделес топтармен бюджеттен тыс ведомствалық көздер арқылы да шешуге болар еді. Тағы да бір себеп, маманданған PR- агенттіктердің тез арада бейімделіп, жағдайға үйреніп кете алмауы. Аналитикалық орталыктардың болжамдарына қарағанда, алдағы 3-4 жыл ішінде мемлекеттің экономикалық сондай-ақ тағы да баска кызметтерін дамыту мен жүзеге асыру барысында PR-ға байланысты ұсыныстардың өсуі мүмкін. Үкіметтік құрылымдарға да кабылданып жатқан шешімедерді насихаттау бойынша акпараттық кампаниялар қажет. Алдағы уақытта мемлекеттің PR-қызметтерді қолданудағы белсенділігі артып, басты тапсырыс берушілердің алды болады деп ойлаймыз.
Дегенмен де бізде әзірге коғаммен байланыстын өтпелі моделі жүзеге асырылып отыр. Қазакстандағы демократияның кұрылуы мемлекет пен калыптасып келе жаткан азаматтық қоғам арасындағы диалогты кұру кажеттілігін тудырды.
Қазіргі Казақстанда мемлекет пен коғам арасындағы карым-қатынастар шынайы түрде баскарушы мен бағынушы ретінде қалып отыр. Бұл жағдайда PR да саяси жүйеге карай өз қызметінен сәл ауытқып, мемлекеттін баскарушы құрылым ғана емес, адамдар арасындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды реттеуші құрылым ретінде де орын алуы әсер етеді. Сондыктан да осы орайда қоғам мен мемлекет арасындағы коммуникация стратегиясы өзара әрекеттестік принципіне ғана негізделу арқылы PR қызметін жалғастыра береді. Сондыктан да PR-дың дамуына кедергі болып отырған мынадай жағдайларды келтіруге болады.
• Мемлекет күшті де куатты институцианалданған күштеу құрылымдары мен формаларына ие болып отыр, ал азаматтық коғам енді ғана қалыптасып келе жаткандықтан үнемі мемлекетке тәуелді жағдайда қалып отыр, мәселен, құқыктық корғау, экономикалық және қаржылық қолдау мәселелерін айтуға болады.
• Мемлекет үнемі жағымды оң саяси диалогқа барғанмен де, өзінің аргессивті, қарсыластық жағын да көрсетіп отырады.
• Азаматтық коғам да өзінің алға қойған саяси басымдықтары мен мақсатгарына қалайда болсын жету жолында барлық тәсілдерді
колдану арқылы нормаға сәйкес келмейтін жағдайларды да туғызуы мүмкін.
Негізінен мемлекеттің қоғамдық құрылымдармен өзара қатынасы мынадай әрекеттерден де байқала отырып, осындай формаларда жүзеге асырылады, мәселен мемлекеттік органдардың қызметтері жөнінде ақпарат алу құқығының болуы, ой-пікірлер мен ұсыныстардың ескерілуі, шешімдерді дайындауға, қатысуға тарту, мемлекеттік органдарға жұмыс жасауға тарту, бақылау өкілеттіктерінің болуы. Сондай-ақ ашық демократия инстигуттарының болуы, келісім комиссияларының, қоғамдық кеңестер мен палаталардың болуы да біршама ашықтық пен жариялылыктың белгілері болып табылады. Бірақ заңды түрде келісілген, бекітілген түрлерінен баска да коғаммен байланыстың технологиялары мен механизмдерінің бар екенін білеміз. Олар билік органдарына керек және заман талабына сай болып кажеттілік табылады. Мемлекет пен қоғам қатынастары өтпелі кезеңде сендіруші коммуникациядан басқа да пісіп-жетілген PR-ды, оның ішінде мақсатты, көздеген бұқараны зерттеудің ғылыми-зерттеу әдістерін жиі қолдана отырып, кері байланысты орнататын нағыз PR-ды кажет ететіні анық. Бірақ, тек PR-дың пісіп-жетілген түрінде ғана мемлекет пен коғам серіктестік қатынасқа түседі.
PR бұқараның мемлекетке, билікке деген сенімсіздігін жоғалтпауға, оларға ақпараттың адекватты түрде жеткізеді. Ал егер де бұл жағдай бұкарамен байланыс мамандарының кәсібилігі мен біліктілігінің болмауы жағдайында болса, онда бұл өтпелі кезендегі технология жетіспеушілігі мен ұйымдастырушылықтың деңгейі туралы ақпарат береді. Тағы да бір себеп ретінде біз материалды-техникалық базаның жетіспеушілігі, ресурстардың, қаржының дұрыс бөлінбеуі жөнінде айтуға болады.
Бұл айтылған мәселелердің барлығы да РR-дың мемлекеттік билік органдарында, жалпы мемлекеттік саясатты дамыту барысында келесідей нақты бағыттар бойынша шешілуі мүмкін:
• Азаматтармен, ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату, қолдау көрсету, байланысты кеңейту;
• Бұқараны қабылданатын шешімдер жөнінде хабардар ету;
- Қоғамдық пікірді зерттеу;
- Лауазымды тұлғалар мен билік органдарының қызметтеріне деген қоғамдастықтың, бұқараның реакциясына талдау жасау;
- Қоғамдық-саяси процесстерге болжам жасау;
• Мемлекеттің, ұйымның мемлекеттік органдардың жағымды имиджін қалыптастыру, үнемі назарда ұстау;
• Мемлекеттік саясаттың қай саласы болмасын әр түрлі тәсілдермен, саяси технологиялар арқылы, саяси жарнамалар жасап отыру арқылы халықты өзіне тарту;
• Мемлекеттік саясат бойынша PR - құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, жұмылдыру.
Мемлекеттік саясатты дамыту мен калыптастырудағы PR туралы айта келе бүгінгі күнде оны көбінесе инновациялық технологиялар арқылы дамыту тиімділігін арттырар еді. XX ғасырдағы ғылым мен технологияның дамуы барлық салаларға елеулі өзгерістер әкелді. Оның ішінде интернет, e-maill, әрбір мемлекеттік билік органдарының жеке web-сайттарының болуы, өз органдарының құрылымы мен қызметтері жайлы ашық жариялауы, олар туралы мақалалар мен ашық ой-пікірлірдің, еркін пікір бөлісулер біршама мемлекет өміріне әрбір ғаламдық тордағы адамның ақпарат алуына, ақпарат алмасуына жол ашты. Бұл ретте еліміздің қыруар шаруа атқарып жатканын білеміз, мысалы үшін, электронды үкімет соның айғағы болып отыр. Осындай ғылым мен инновацияның, мультимедиялық технологиялардың дамуы PR мен мемлекеттік саясат арасын да жакындатып отыр. Сондыктан да мемлекеттік саясат саласындағы PR өнімділігінің өсуі мен табыстылығы ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде орнықты дамытуды қамтамасыз етуді басты міндет деп есептейміз. Технологиялар мен инновациялар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының біріне айналуы тиіс. Үкімет отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені одан әрі қалыптастыру үшін шаралар кабылдайтын болады.
Технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау арқылы PR, баска да мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Жалпы алғанда бұл тек жергілікті ғана емес, мемлекеттік деңгейде қаралып отырған мәселе болып табылады. Мәселен, телекоммуникациялар және технологиялық сервис саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру экономиканың накты секторы үшін озық шетелдік технологияларды қолдану, әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған өнірлерінде қазіргі заманғы үрдістерге сай инновациялық технологиялар жүйесін қалыптастыру, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру сияқты өзекті мәселелер негізінде реттеліп отыр. Мұндай инновациялық технологиялардың дамуы, акпарат алмасу, РR-технологиялардың қолданылуы барлығы ақпараттық қоғамның бастамасы болып табылады. Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының жұмыс істеуі, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік - жеке серіктестік салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде шаралар кабылдайтын болады. Осындай мемлекеттік саясатты дамыту барысында PR-дың көмегімен бірқатар шаралар жүргізуге болар еді.
Сондықтан да, мемлекеттік саясатты дамыту Казақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елінің катарына кіру стратегиясын табысты іске асырудың ажырамас шарты болып табылады. Ол үшін негізгі міндет ғылыми және инновациялык сипаттағы серпінді секіріс жобаларын іске асыру, осы іспеттес басқа да мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру барысында қолайлы колданылған PR-дың әрі қарайғы дамуы мен іске асуына қосатын үлесі де мол болады. Ол үшін әрине, РR-ға қырын қарамай, бұл да баска мемлекеттегі шешімін күтіп тұрған маңызды мәселелер сияқты шынайы қарау қажет. Ол үшін әрине алдымен оның мәртебесін көтеру, оған құқықтық-нормативтік, сондай-ақ, осы саланың дамуын айкындайтын басқа да негізгі бағдарламалық құжаттар әзірленуі керек, сонымен қоса, одан әрі дамытуға бағытталған жағдайлар жетілдіруге ат салысу керек. Сол жағдайда ғана мемлекет пен PR арасында өзара қарым-қатынасы мен байланыстар туындайды деп ойлаймыз. «Халықтың ақпараттық мәдениетін жоғарылату мақсатында қызмет Интернетке тарифтерді елеулі азайтуға және РR кампанияларды өткізе отырып, «электрондық үкімет» бастамаларын танымал етуге, ІТ-оқытуды ұйымдастыруға шоғырландырылады».
Мемлекеттік саясатгы жүзеге асыру барысында сенімді репутацияға ие болу үшін күресу, сенімді атмосфераны жасауға және алға койған стратегияны жүзеге асыруға кірісу, диалог пен келісімге келуге тырысу оның маңызды мәселелерінің бірі. PR идеологиялық, коммуникативтік-ақпараттық, зерттеу-аналитикалық, ұйымдастырушы-бағыттаушы қызметтерін атқара отырып, тікелей мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ат салысады.
Жалпы алғанда мемлекеттік басқару барысында идеологияға халықтың, әлеуметтік топтардың сезімін, мүдделері мен қызығушылықтарын, тілегін, сенімін енгізу, жеткізу және керісінше осы айтылғандардың барлығын қоғамға қайтадан мемлекеттік органдардың бағдарламалары мен ұстанымдары түрінде қайта ұсыну қоғаммен байланыстың негізгі атқаратын іс шараларының қатарын құрайды.
PR-дың мемлекет пен қоғамдастық арасындағы қарым-қатынасын қалыптастыратын, реттейтін бірінғай мемлекеттік ақпараттық саясат болып табылады. Сондықтан да осы ақпараттық саясат шеңберінде мемлекет өз саясатын жүзеге асырады. Мемлекеттіқ PR - дың тиімділігі мен сапасын, әсер етуін күшейту үшін, алдымен мемлекеттік дәрежедегі PR қызметкерлерінің кәсібилік біліктілігін көтеру керектігі жөнінде мәселе өзекті болып отыр. PR-ды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін, коммуникация әдіс-тәсілдерін анықтап, көздеген аудиторияны тандау, іс-шаралар жоспарын құруды қажет етеді. Бұқарамен байланыс қызметтерінің мақсаты билік органдары қызметтеріне қоғамдастық алдында олардың беделін, сенім мен қолдауды қамтамасыз ету.
«РR ұйым мен коғам арасындағы коммуникация құралы және демократиялық қоғамның кажетті атрибуты», - деп аныктайды А. С. Серикбаева. Осыған орай, жаңадан қолданылын жатқан механизм ретінде мемлекеттіқ баскарудағы PR-дың мақсаты мемлекет қызметкерлер үшін әртүрлі технологияларды, әдіс-тәсілдерді колдану арқылы қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Өзара тиімді үйлесімді қарым-қатынасты ұйымдастыра отырып, РR арқылы қоғамдастық санасында билік органдары, лауазымды тұлғалар, олардың ұсынып отырған мемлекеттік саясаты жөнінде жағымды имиджді калыптастырады. Сондай-ақ қоғамдық мүдделерді үйлестіру, шиеленістер мен түсінбеушіліктердің алдын алу, болжау, жүзеге асушы мемлекеттік саясаттың қоғамдастыққа әсерін зерттеу және талдау жасау сияқты маңызды қызметтер атқарады. Барлық әлеуметтік таптар бойынша қоғамдық пікірлер спектрін зерттей отырып, олардың билік органдарының сенімінен айырмашылығын анықтау және қоғамдық пікір бойынша қандай мемлекеттік саясат жетекші тенденцияда тұрғанын анықтаумен айналысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz