Қоғамдық бірлестіктер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР . . . 2

1. Қоғамдық бірлестіктер . . . 2

2. Діни бірлестіктер . . . 7

Пайдаланған әдебиеттер . . . 10

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

1. Қоғамдық бірлестіктер

Азаматтардың бірлесуге бостандығының құқығы ҚР-сы Конституциясының 23-б-да қаралған. Бұл құқықтың мазмұны, негізгі мемлекеттік кепілдіктер, қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі, оларды құрудың, қызметінің, қайта құрудың және таратудың тәртібі бірнеше заңдармен реттеледі. Олардың ішінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 ж мамырдың 31-дегі Қ. Р-сы заңының ерекше маңызы бар, өйткені ол, діни бірлестіктерлен, құрылу тәртібі мен қызметі өзге де заң актілермен белгіленетін аумақтық өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдардан басқа, азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге қолданылады.

ҚР-да партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарда қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептілігі және жариялылығы негізінде құрылып, жұмыс істейді.

Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, кономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғау, белсенділігі мен ынталылығын дамыту, кәсіби және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру, ғылыми техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, қайырымдылық қызметке қатысу, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргізу, тарих және мәдени ескерткіштерін қорғау, патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, ҚР-ның заңдарына тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс істейді.

Экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында көзделмеген әскерилендірген құрылымдарды құруға тыйым салынады.

Азаматтардың денсаулығы мен адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер қызметіне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз арарласуына және мемлекеттің оларды қаржыландыруына болмайды.

ҚР-да республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылуы мүмкін.

Республика облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады. Республика облыстарының жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері бар бірлестіктер аймақтық бірлестіктерге жатады. Жергілікті қоғамдық бірлестіктеге бір облыстың шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады.

Қазақстан аумағында халықаралық және шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері құрылулары мүмкін.

Қоғамдық бірлестік Қазақстан азаматтарының жарғы қабылданып, бпасшы органдар құрылатын Құрылтай съезін шақыратын, кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігі ол заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады. Бұл жағдайда олар мемлекеттік тіркеуді жасаған тиісті әділет органы тіркелгендігі туралы куәлік береді. Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу-мемлекеттік бақылаудың нысаны болып табылады.

ҚР-ның азамттары қоғамдық бірлестіктердің мүшелері бола алады. Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері бола алады.

Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етулеріне болмайды.

Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді және халықаралық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін мемлекеттік тіркеуді ҚР-ның Әділет министрлігі, жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді-аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу « Заңды тұлғалары мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 ж 17 сәуірдегі заңда көзделген тәртіп бойынша және қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Қоғамдық бірлестіктің мәртебесін айқындау жөнінде оның Құрылтай съезі қабылдаған жарғысының үлкен маңызы бар.

Мемлекеттік статистика органдары тіркеуші орган хабарламаларының негізінде қоғамдық бірлестіктер туралы мәліметтерді мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізеді.

Қоғамдық бірлестіктердің табиғи қасиетіне байланысты мемлекеттік биліктік өкілеттіктері болмағанмен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл етуі, келісімдер жасауы, шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.

Жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер заңдарда белгіленген тәртіппен: өз қызметі туралы ақпарат таратуға; соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға, жиналыстар, митингілер т. б өткізуге; заңдарға қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Қоғамдық бірлестік:ҚР-ның заңдарын, сондай-ақ заңда көзделген нормаларды сақтауға, ақша қаражатының келіп тусуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар етуге; тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және статистикалық тіркелімге енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралды тіркеуші органга хабарлап отыруға міндетті.

Қоғамдық бірлестіктердің заңдарды сақтауына қадағалау жүргізуді прокуратура органдары іске асырады.

Қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін әділет органдары олардың қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келуіне бақылау жүргізеді. Бірлестіктердің заңнамаларды бұзғандығын немесе олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетін іс-әрекеттерін тапқан жағдайда әділет органы бірлестіктің басшылық ететін органдарына жазбаша ескерту жасауы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктердің табыстарының көздеріне, олардың алатын қаражаттарының мөлшерлері мен төлейтін салықтарына бақылау жасау қаржы органдарына жүктелген. Қоғамдық бірлестіктердің қолданылып жүрген нормалар мен стандарттардың орындалуына қадағалау мен бақылауды экологиялық, өрт, эпидемиологиялық және өзге де мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдары жүзеге асыруы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктердің жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер оның меншігі болып табылады. Бірлестіктің ақша қаражаты кіру жарнамлары мен мүшелік жарналардан, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, ерікті жарналар мен жылудан, лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралардан түскен түсімдерден, өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан, заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да түсімдерден қалыптасады.

Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды бұзу заңдарда көзделген тәртіп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады. Бірлестік Қазақстан заңдарын бұзған немесе қз жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерді бірнеше рет жасаған жағдайларда оның қызметі сот шешімі бойынша үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы немесе қызметіне тыйым салынуы мүмкін.

Қоғамдық бірлестік съездің немесе жалпы жиналыстың шешімі бойынша не болмаса сот тәртібімен таратылады. Бірлестікті соттың шешімімен тарату-оны мемлекеттік тіркеу фактісіне қарамастан, оның қызметіне тыйым салуды білдіреді. Заңды тұлға болып табылатын қоғамдық бірлестікті тарату туралы шешім, заңды тұлғаларды мемлекеттік статистикалық тіркелімнен шығару үшін, тіркелген органға жіберіледі.

2 . Діни бірлестіктер

ҚР-ның Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актілер мен келісімдерде баянды етілген азаматтардың діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтарын іске асыруға қажетті кепілдіктері және діни ұйымдардың құқықтық жағдайы «діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 ж 15-қаңтардағы заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.

Аталған заң адам мен азаматтың ар-ождан бостандығына және діни сенім бостандығына құқықтары жөніндегі қатынастарды, сондай-ақ біни бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттейді. Заңның мазмұны Қазақстанның Конституциясына, өзге заңдарына және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарының мәселелері жөніндегі жұртшылық таныған принциптер мен нормаларға сәйкес келеді. Егер ҚР-сы бекіткен халықаралық шартта 1992 ж 15-қаңтардағы Қазақстан заңының өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

ҚР-ның, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы.

Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгендігі және барлық діндер мен діни бірлестіктердің заң алдында бірдейлігі бекітілген. Сондықтан мемлекет діни бірлестіктердің заңды қызметіне араласпайды. Олар да кезегінде қандай да болсын мемлекеттік қызметтер атқармайды, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының сайлауына қатыспайды, сяси партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді.

Заңда діни бірлестіктерге, ерікті құрамаларға айқын заңдық анықтама берілген. Ол бойынша жергілікті діни бірлестіктер, діни басқармалар, сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатқаналар ҚР-дағы діни бірлестіктер деп танылады.

Жергілікті діни бірлестіктер діни мүдделер мен қажеттерді бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың ерікті құрамалары болып табылады. Діни бірлестіктер құдайға құлщылық етуге немесе діни жиналыстар өткізуге жұрт емін-еркін келе алатын орындар, сондай-ақ қайсыбір дінді ұстанушылар құрметтейтін олрындар ашып, оларды ұстауға құқылы.

Діни бірлестіктер кемінде кәмелетке толған 10 азаматтың басшылығымен құрылады. Бұл үшін олар жиналыс шақырады, онда жарғы қабылдайды. Дін бірлестік өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады, онда: бірлестіктің атауы, өз қызметін жүргізетін аумақ, қызметінің мәні мен мақсаты, құрылымы, басқару органдарының мемлекеттік тіркеуге жатады. Мемлекеттік және есептік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеуден бас тарту қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәтіп пен мерзімде жүзеге асырылады. Діни бірлестік оның жоғары органының немесе соттың шешімі бойынша тоқтатылады.

Соттың шешімі бойынша діни бірлестік, мысалы, 1992 ж 15-қаңтардағы заңның талаптарын орындамаған, өзінің жарғысына қайшы келетін іс-әрекеттерді үнемі жүзеге асырған, заң актілерінде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не заңдарды бірнеше мәрте немесе өрескел бұзған және өзге де жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңда миссионерлік қызметтің ұғымы мен есептік тіркеу тәртібі белгіленген. Миссионерлік қызмет- өз қызметін ҚР-ның аумағында жүзеге асыратын діни бірлестіктердің жарғылық ережелерінде жоқ діни сенімді діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату. ҚР-ның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-ның аумағында миссионерлік қызметті жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады. Миссионерлер есептік тіркеу үшін атқарушы органга заңда белгіленген құжаттар мен материалдарды ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесінің конституциялық құқықтық реттелуі
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz