Лингвистика - тіл туралы ғылым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: _______________________________

Орындаған: ________________

Тобы: _______________

Қабылдаған: _______________

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Лингвистика – тіл туралы ғылым
2 Әлеуметтік лингвистиканың жалпы түсінігі, зерттелетін пәні
3 "Қазақ әйелі" концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан
сипаттау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің
барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын
алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық
ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық
кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде
қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік
цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген
шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша
үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің
күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы
ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен
аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман,
тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп
болды.
Бүгінге дейін құрылымдық лингвистика тұрғысынан бірнеше ғылыми еңбекте
қарастырылған баспасөз тілі жұмысымызда алғаш рет Адам факторының
айналасында шоғырланған ақпараттық кеңістіктің материалдық көрінісі ретінде
нысанаға алынды. Осыған орай жазба мәтіндегі тілдік және бейтілдік құралдар
оларды пайдаланушы субъектілердің мақсат-мүдделері мен прагматикалық
интенциясын жеткізуші тәсілдер ретінде қарастырылды.
Мақсаты: әлеуметтік лингвистика пәнінің жалпы түсінігін, зерттеу
пәнін, зерттеу объектісін және т.б. анықтау.
Міндеттері:
• Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісін, пәнін анықтау;
• Әлеуметтік лингвистиканың қалыптасу тарихымен танысу;
• Әлеуметтік лингвистиканың басқа лигвистикалық ғылымдармен
байланысын, ерекшеліктерін анықтау.

1 ЛИНГВИСТИКА – ТІЛ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік,
экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру
салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын
да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып
жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның
ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау,
талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке
ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың
ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия,
радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика
ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық
реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде
қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық
белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.
Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды
тілдік бірліктердің ғана емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың
қосындысы деп санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін
когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда
тіл сырттан келіп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған
мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады.
Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық
кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда
орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері
көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының
қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған
қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие
ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап айтқанда Адам факторымен,
кең мағынасында алғанда қоғаммен, тілдік социуммен байланыста қарастыру
бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан іргелі ғылым саласының
талабынан туындап отыр. Біздің зерттеу нысанамызға алынған медиа-мәтіннің
жасаушысы да (журналист), қабылдаушысы да (оқырман), объектісі де – Адам
болғандықтан, әрі тақырыптық аясын жалпыадамзаттық проблемалар мен
құндылықтар құрайтындықтан жұмысымыздың өзектілігі Адам факторын
психосоциопрагмалингвистикалық аспектіде қарастырудан келіп шығады
Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі
классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті
константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда
болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір
нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды
деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін
тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы
айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей
қызмет етеді.
Шындығында, тіл — бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-
бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл
бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзінің
нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі
идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көп түрлі мағынаның болуы бір
ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген социолекттерге бөліп-бөліп жібереді.
Осы социолекттерді М. Бахтин әлеуметтік-идеологиялық тіл, айтылған
сөз деп, Р. Барт жазу типі деп атайды.
Адамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принципті
түрде тамамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде
өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді
бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған
тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көп
дауыстылықтан, көп мағыналылықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені
білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік иісі, тіпті өзіндік дәмі де бар.
Рухани өлемнің өзіндік ерекшелігін оның белгілік, таңбалық қасиетінен
іздеу керек. Рухани болмыс — мағыналы белгі, таңба болмысы. Рухани өлемнің
белгілік болмысы оны адам болмысының материалдық шындығынан өзгешелеп
қана қоймайды, тіпті материалдық әлем мен жақындастырып,
біріктіреді.Өйткені, белгі қашанда материалдық, заттық белгі. Сондықтан
да белгілік шығармашылықтың жемістері — өнер туындысы, ғылыми жұмыстар,
діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі — адамды қоршаған шынайы
әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі
оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.
Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік
қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдар
сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілік шығармашылық және
ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынас, сұхбат негізінде ғана
жүзеге асуы мүмкін.
Басты-басты лингвистикалық бағыттағы мектептердің жалпы поэтика мен
өнердің теориясына айтарлықтай ықпал еткендігі байқалады. Осыған Л.
Шпитцердің (1928 жылғы)  Өнертану грамматикализацияланып келеді деген
жазбасы да дәлел. Теориялық поэтика мен теориялық  лингвистиканың 
арақатынасы туралы ірі-ірі пікір қақтығыстары да осы кезең еншісінде.
Мұндай пікір қақтығыстарына негіз болған жағдайдың бірі деп  төмендегі
тезисті келтіруге болады: ... наука о языке выработала объективный метод
исследования, и вопрос о научной поэтике есть вопрос о применении этого
метода к поэзии, а не внесении интуитивных, оценочно-эстетических или
наивно-социологических моментов в научное исследование.  Орыстың жас
поэткасының өрлеу барысын сараптай әрі В.М.Жирмунскийдің: Поскольку
материалом поэзии является слово, в основу систематического построения
поэтики должна быть положена классификация фактов языка, которую дает нам
лингвистика, деген пікірін тілге тиек ете отырып, Г.О. Винокур
төмендегідей тұжырым жасайды: Совпадение схем этих свидетельствует лишь об
одном: принципы, с помощью которых группирует свой материал поэтика, суть
те же принципы, что и лингвистике. Все те отдельные моменты, которые будет
наблюдены лингвистом в структуре слова вообще, будут повторены и в той 
структуре, какую образует факт поэтической. Осы мәселеге қатысты Г.О.
Винокурдің : Поэтика находит себе настоящее основание в лингвистике как
наука о языке вообще. Так, поэтика возможна только через лингвистику деген
батылдау пікірі тағы бар.
Дегенмен, теориялық поэтика мен  лингвистика аясындағы нағыз
пікірсайыс 1920-жылдары ПТЗҚ-да (Поэтикалық тілді зерттеу қоғамы)  Р.О.
Якобсонның  жасаған баяндамасынан кейін басталды. Бұл  тақырып  басты
проблемаға айналып, 1921-1922 жылдары В.М. Жирмунскийдің, 
Б.М. Эйхенбаумның, В.В. Виноградовтың еңбектерінде баяндалады.  Бұлар, Р.О.
Якобсонның поэтикалық тілге Поэтикалық диалектология  тұрғысынан
қарағандығын қатаң сынға алады. Дегенмен, поэтика  диалектологияға басы
байлы емес екендігі және кейбір тұстарда жалпы әдеби сарынға тәуелділігі 
басы ашық мәселе. (Бұл туралы  толығырақ, 1921.С. 69 қараңыз. Сонымен
бірге, Якобсонның кітабына жазған рецензиясы. Орыстың жаңа поэзиясы.
Бірінші қолжазба, Виктор Хлебников. Прага , 1921. Басы, 1921. № 1. С.214.
Эйхенбаум, 1969. С.335. Виноградов, 1976. С. 464.)  Бұдан өзге, аталмыш
пікірталастың  тағы бір қырына негіз болғаны – В.М.  Жирмунский мен Б.М. 
Эйхенбаумның  Р.О.  Якобсон пікірімен келіспеуі. Олардың пікірінше поэтика
телеологиялық қағидаларға негізделуі қажет. Сонымен қоса,  Б. М. Эйхенбаум,
поэтикаға қарағанда  лингвистика – жаратылыстану ғылымдарына жатады және 
поэтиканың  әдістемелік ережесімен салыстырғанда  біршама өзге
заңдылықтарға бағынатынын алға тартады: Лингвистика оказывается в ряду
наук о природе, поэтика - в ряду наук о духе ... лингвистика же, как и все
естествознание, имеет дело с категорией причинности и потому исходит из
понятия явления как такового. Бұл жөнінде Николаевтың дәйекті түрде
байқағаны Р.О. Якобсон мен Б.М. Эйхенбаум  екеуі де екі түрлі  эстетикалық-
философиялық   дәстүрлерді негізге  алдығы: Б.М. Эйхенбаум опирается на
риккертианское деление наук о духе, а Р.О. Якобсон, что и сказалось в его
определениях, на феноменологию Г.Г. Шпета, враждебного любым видам
неокантианства.  Осы сөзсайыс айналасындағы  дау да толас таппады. Әрі
қарай, Николаев маңызды деген тағы бір мәселеге тоқталған. Дәлірек айтсақ, 
бұл ПТЗҚ-мен  МЛҮ ( Мәскеудің лингвистикалық үйірмесі) арасындағы
текетірес.
Бұл үйірме 1915-24 жылдары  ғылыми қоғам ретінде біріккен. Осы 
үйірменің ұйымдастырушылары Мәскеу Университетінің  тарих және филология
факультетінің  студенттері  (А.А.Буслаев, Р.О. Якобсон, С.С. Рогозин, Ф.Н.
Афремов, П.Г. Боготырев, Н.Ф. Яковлев және П.П.Свешниковтер) болатын. МЛҮ
студенттік дәрежесінен тез арада өсіп,   танымал қоғамға айналды.  МЛҮ-дің
тұрақты мүшелерінің тізімінде: С.И. Бернштейн, С.М. Бонди, О.М. Брик, В.М.
Жирмунский, М.М. Кенигсберг, Б.В. Томашевский, В.М. Шкловский,  Б.И. Ярхо, 
Г.Г. Шпет, Ю.Н.Тынянов,  А.М. Пешковский, С.О. Карцевский, Ю.М. Соколов
және басқалары да болды. Формалистік әдісті қолдаушылар секілді МЛҮ-дің
мүшелері де М.М. Кенигсбергтің сөзімен айтсақ анализ форм выражения
словесных форм деп санады. Дегенмен, МЛҮ-дің әдістемелік  жүйесінің
формализмге  жақындығы туралы үзілді-кесілді айта алмаймыз. Оның өзі
бірқатар түсініктемелерді қажет етеді. Себебі, формализм - мазмұнды пішін
ретінде баяндайды. Сондықтан  ол мазмұнның рәсімделуін зерттейді. Яғни, 
бұл жерде басты міндет тілді (пішінді)  суреттеу болып табылады. Бұған
себеп,  формализмнің баяндау барысында  мазмұн  тек дәйек ретінде ғана
алынады.  Формализмге қарама-қайшы структурализм болса,  керісінше пішінді
мазмұн ретінде баяндағандықтан, пішіннің мазмұндалуын іздеуге тура келеді.
Структуралист үшін  алғашқы қадам пішін (тіл) болады.  Оны зерттеу  жалпы
мәтіннің этикалық  мазмұнын меңгеруге әкелуі тиіс.  Бұл жөнінде М.И.
Шапирдің ойына жүгінсек: направление Московского лингвистического кружка
следует определить скорее не как формализм, а как предструктурализм:
членами кружка форма рассматривалась, в первую очередь, в оппозиции к
содержанию, а не к материалу. Москвичи шли к поэтике от лингвистики, а
петроградцы (имеется веду члены формальной школы, которым и являлся
петроградский ОПОЯЗ - У.Е.) – от теории литературы. Жалпы алғанда, Мәскеу 
лингвистикалық үйірмесінің тіл қызметін зерттеу шеңберінде поэтикалық тіл
категориясы маңызды орында болған.  Ең алдымен поэтикалық тілдің (ақын
тілі) мәні оның поэтикалық (эстетикалық) қызметінде.  Осы көзқарас
тұрғысынан алсақ, 20-жылдары поэтика негізгі және  жетекші  лингвистикалық
ілім ретінде қабылданған.
Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері
көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің
қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму
ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-
қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты
заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл
жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл
тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика,
психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге
ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет.
Айырықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі өмір талабына байланысты
тәжірибеге араласуы қоғамдағы қалыптасқан тілдік ахуалға байланысты.
Қазақстандағы тілдік қарым-қатынастың сан қырлылығы мен күрделілігі қазір
тілдің типологиялық, генетикалық және функционалдық қасиеті жөнінде
тұрақталған тұжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап отырмыз.
Ұзақ жылдар бойы орыс тілінің басымдылығын көріп келген қазақ тілінің
тазалығымен мәдениетін орыс тілінің қарым-қатынасынсыз қарастыру мүмкін
болмай отыр. Бұл мәселелерді көтермес бұрын қазіргі қазақ қоғамында
қалыптасқан тілдік ахуалға назар аударуымыз қажет. Тарихта біртұтас ұлттың
дінге, мәдениетке, идеологияға және тілге байланысты себептердің салдарынан
екіге бөлінуі бізге белгілі.
Қазіргі қазақ қоғамына көз жүгіртетін болсақ, қазақтардың тілге
байланысты орыс тілді және қазақ тілді қазақтар болып екіге бөлініп
қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл әсіресе Қазақ елінің егемендік алуынан
кейін жандана бастағаны айқын болып отыр.
Осы мәселелерге түбегейлі көз жүгірту үшін бірнеше жәйіттің басын ашып
алуымыз қажет. Мәселен, қазақтардың ұлтқа ұюы мен олардың консолидациялану
жолы, әдеби тілдің қалыптасуының ұлттық сезімді қалыптастыруға ықпалы,
қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму жолдары және осыдан келіп шығатын тіл
мәдениеті мен оның тазалығын сақтаудың проблемалары сияқты мәселелерге
ұласады.
Лингвистикадағы әлемнің тілдік көрінісі деген саласына жүгінетін
болсақ, халықтың санасында осы ұғымның тұрақтылығын біз Ресейге қоныс
аударған орыстарды ресейліктердің қазақтар деп қабылдауынан, Монголия мен
Қытайдан қоныс аударған қандастарымызды жергілікті қазақтардың монғол не
қытай деуінен байқаймыз, бұл мемлекеттен сырт халықтардың оларды өздері
келген мемлекеттегі ұлттың құрамдас бөлшегі деп тануынан шығып отыр.
Қазақтың жазба, төл ұлттық тілі ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Абай мен
Ыбырай шығармаларының негізінде қалыптаса бастағаны белгілі. Әдеби тіл осы
ауызша және жазбаша тілден нәр алып қалыптасады, дамиды, сөйте тұрып,
олардың да нормаға түсіп, толысуына ықпал етеді. Тілдің ауызша және жазбаша
формалары жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін
нормаға түсуі қажет. Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса тіл де
соғұрлым мінсіз қызмет етеді.
Қорыта келгенде, қазақ тілінің мәдениеті мен тазалығы көптеген
факторларға тәуелді екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Тіл білімі тарихында
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Фонемаларды түзету
Пәндер