Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

  1. XIX ғ-ң соңғы шегіндегі патша өкіметінің аграрлық және қоныстандыру саясаты . . . 5
  2. ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ шаруаларының жағдайы . . . 6
  3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру . . . 12
  4. Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты . . . 16

Қорытынды . . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 21

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Реферат қазақ көшпелі шаруашылығының жаппай отырықшылануының «ақтаңдақ» беттерін ашып, Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатын талдауға және оған қарсы шаруа наразылығын сипаттауға арналған.
Реферат жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негiзiне тарихи, этнографиялық, статистикалық, мұрағат, баспасөз материалдары бойынша кешендi деректер алынды.
Реферат мазмұнында сонымен қатар тақырыпқа қатысты кезеңдегі заң жинақтары, Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары, ұжымдастыру науқаны туралы жарияланған құжаттық жинақтар мен материалдар да кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар БК(б) П шешімдері мен мен құжаттық материалдары да кеңестік мемлекеттік саясатты талдауға арқау болды. Атап айтқанда БК(б) П XV съезінің стенографиялық есебі, БК(б) П Қазақ өлкелік комитеті қаулылары, Қазақстан Компартиясы съездері, пленумдарының шешімдері, қарарлары, СОКП съездерінің, конференцияларының және пленумдарының материалдары да жұмыста көрініс тапты.
Реферат жұмысының мақсаты: Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау. Осы мақсат тұрғысынан алға мына міндеттер қойылды:
- революцияға дейінгі қазақ шаруаларының жағдайы;
- ХХ ғ. 20-жж. қазақ шаруаларын жерге орналастыру және отырықшыландыру мәселелеріне шолу жасау;
- жаппай ұжымдастыру қарсаңында қазақ шаруаларының жағдайы және отырықшылыққа көшіру мәселесі;
- көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшылықтандыру және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру;
-отырықшыланатын шаруашылықтарға мемлекеттік және қоғамдық жәрдем дәрежесін айқындау;
- ауыл шаруашылығындағы күштеу саясатын талдау;
- отырықшыландыру комитеті және оның қызметін сипаттау;
- ұжымдасқан қазақ ауылдарындағы мәдени-әлеуметтік жағдай;
- отырықшыландырудың негізгі нәтижелері мен мәселелеріне анықтама жасау. Мұрағат құжаттары мен тарихи деректер негізінде қазақ шаруаларын отырықшыландыру мәселесі аясында Кеңес өкіметінің сыңаржақ аграрлық саясатына талдау жасалынады.
- Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатында қазақ шаруаларының көп жағдайда дәстүрлі шаруашылық ерекшеліктері есепке алынбағаны баяндалады. .
- Жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру арнайы даярлықсыз, материалдық-техникалық негізі жасалмай, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру аясында қосалқы науқан ретінде іске асырылуын көрсету.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері. Диисертацияның теориялық-әдіснамалық негіздерін тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің жиынтығымен қатар тарихи талдауға тән таным теориясы заңдылықтары құрайды. Осындай ұстанымдарды пайдалану белгілі бір тарихи оқиғалар мен процестерді саралауға мүмкіндік берді.
Жұмыста проблемалық, тарихилық, объективтілік, әлеуметтік жүйелеу, талдау, логикалық принциптер мен әдістердің қолданылуы шынайы ақиқатқа жетудің басты шарттары ретінде саналып, еңбекте кең қолданылды. Сонымен қатар қазақ шаруаларына қатысты статистикалық деректер мен құжаттар салыстырмалы түрде сараланып, тақырыптың мазмұнын ашуда объективтік принцип басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
- көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру мәселесінде жер туралы кеңестік мемлекет саясатын пайымдау;
- жаппай ұжымдастыру қарсаңында қазақ шаруаларын отырықшылықтандыруға экономикалық негіздердің жетіспеуін көрсету;
- жаппай отырықшылыққа өтуде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанының қатар жүргізілгенінің зардаптарын айқындау;
- отырықшыландыру науқанына қатысты мемлекеттік және қоғамдық жәрдем деңгейі төмен болуы;
- ауыл шаруашылығындағы күштеу саясаты мен отырықшыландыру науқанының қатар жүргізілуі - бұл мәселедегі кеңестік мемлекеттік саясат;
- отырықшыландыру комитеті және оның қызметі;
- шаруалар үшін жер участоктарының белгіленіп, усадьбалық жоспарлау жұмыстарының барысы;
- отырықшылыққа көшкен халықтың әлеуметтік мәселелерінің шешімін таппағандығы.
Зерттеу пәні. ХХ ғ. 20-30-жж. көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландыру науқанын іске асыру.
Зерттеу объектісі. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатының бір нысаны болған қазақ шаруашылығының жаппай отырықшылануы дәстүрлі шаруашылыққа соққы болғаны және осыған қарсы қазақ шаруа қарсылығының өріс алуы.
Реферат жұмысының тәжірибелік маңызы. Рефератта алынған ғылыми қорытындылар кеңестік тоталитарлық жүйенің қазақ халқының қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіне тигізген ықпалын, сталиндік-голощекиндік солақай саясаттың мәнін ашуға мүмкіндік береді.

  1. XIX ғ-ң соңғы шегіндегі патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г. А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар - Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды) . Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191, Кавказдан - 1672, Финляндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10, 5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартысында осылайша жүзеге асырылды.

  1. ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ шаруаларының жағдайы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ XVIII Ғ. СОҢЫ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың қүқықтық базасы
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
1928 ЖЫЛҒЫ ШЫҒЫС ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ AУҚAТТЫ ШAРУA ҚОЖAЛЫҚТAРЫН ТӘРКІЛЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz