Қазақстандағы өзбек диаспорасы


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін белсенді диаспоралық саясат жүргізіп, этникалық бірегейлікті сақтап қалуға бағытталған, Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін маңызды стратегиялық мәселелерді ұсынып отыр. Демографиялық жағдай дағдарыста тұрған кезде мемлекет ішінде диаспора қосымша адами ресурс. Бір жағынан, қазіргі заманғы жаһандық және ықпалдасу жағдайында өзбек диаспорасы сыртқы саяси және ішкі экономикалық-саяси күшке айналуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында: «…ұлттық қауіпсіздіктің маңызды приоритеттерінің бірі демографиялық және миграциялық саясат» - деп көрсетіп берді. Бұл дегеніміз қазіргі таңда Қазақстандағы өзбек диаспорасына да тікелей қатысы бар екендігін білеміз. Сондықтан тарихи демографияның, оның ішіндегі елдегі өзбек диаспорасын зерттеу қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы өзбек диаспорасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын, саяси-мәдени аспектілерін және олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.

Міндеттері:

  • Өзбек диаспорасының қалыптасу тарихын қарастыру.
  • қазақстандық қоғамдағы өзбек диаспорасын зерттеудің теориялық-әдіснамалық, әдістемелік негіздерін жасау;
  • диаспора түсінігін, типологиясын, құрылымын анықтау және диаспоралық саясатты қарастыру;
  • Өзбектердің әлеуметтік-экономикалық және рухани салалардағы орнын қарастыру;
  • Қазақстандағы өзбектердің өмірлік құндылықтары мен ұстанымдарын айқындау;
  • Қазақстандағы өзбектердің көші-қон үдерісін және олардың әлеуметтік экономикалық жағдайын зерттеу;
  • Қ. Р. ұлттық саясатының қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру;
  • Өзбек диаспорасының қазақстандық қоғамға кірігу тенденцияларын бағамдау;

Зерттеудің объектісі:

Қазақстанда тұратын өзбек диаспорасы

Зерттеудің пәні:

Өзбек диаспорасының қазақстандық қоғамдағы орны.

Негізгі ұғымдар:

диаспора, ирредента, миграция, Ассамблея, халық, ұлт, ұлтшылдық, саясат

Зерттеу болжамдары:

1. Өзбектер тарапынан көп игерілген салалар құрылыс, транспорт, шикізат өнеркәсібі, ауыр өнеркәсібі, егін шаруашылығы болып табылады

2. Қазақстанда өзбектер отбасылық бизнестің кең етек жаюына елеулі үлес қосуда.

3. Қазақстанға қазіргі таңда көшіп келіп жатқан өзбектер көп жағдайда отбасыларын асырау, тұрмыс жағдайын жақсарту, қосымша қаражат табу мақсатында келген.

4. Өзбектер күнделікті тұрмыста тек өз ана тілін қолданады

5. Өзбектерде дәстүрлі отбасы сақталған және олардың репродуктивтілік көрсеткіштері жоғары.

6. Өзбектердің жеке қасиеттері арқылы қазақстандық қоғамға идентификациялануы қарқынды жүруде.

7. Өзбектерде ассимиляция үдерісі өте төмен деңгейде жүреді.

8. Өзбектер өздерінің мәдени институттарын, ана тілін және өз отандастарымен байланыстарын жақсы сақтап қалған.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі ретінде жүйелі талдау әдістері қолданылды. Диплом жұмысын жазу барысында әлеуметтік шындықты талдаудың жалпы ғылыми әдістері қолданылды: жүйелілік, кешенділік, салыстырмалылық, тарихи, статистикалық әдістері және типтеу әдісі.

Зерттеу әдісі: сауалнама, контент анализ, эксперттік сұхбат

Іріктеу жиынтығы негіздемесі: Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жүргізіледі сауалнама.

Хронологиялық кезең

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан 2012 жылға дейінгі диаспоралық саясаты.

Демографиялық көрсеткіштері бойынша репонденттер саны

Жынысы:

Әйел - 50

Ер - 50

Ұлты : өзбек

1 ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ МЕКЕН ЕТУ ТАРИХНАМАСЫ

  1. Диаспора туралы жалпы түсінік

Диаспора грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарға репатрианттар деген термин қолданылады.

М. Тәтімов диаспора сөзін қазақша шашырау, ал репатрианттарды ізгі тілекпен тарихи Отанына қайтып оралған майтабандар деп атаған. Ал екі халықтың ортасында отырып, не қазақ не тағы басқа халықтың құрамына кірмейтіндерді маргинал терминімен аталады. Қазақстаннан тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде шашырап кеткен қазақ диаспорасының саны 1991 жылдың соңы мен 1992 жылдың басында жалпы саны 3 миллион 400 мың деп есептелінді. Ол халқымыздың 32, 2% яғни үштен бірін құрайды. Қазақтардың шет елдердегі шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан, қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башқұрттардан 2 еседен артық. Осының өзін-ақ олардың бәрін қоссақ, бір қауым халық екені белгілі. Қазақстанада өздіктерінен күн көріп кетуі қиынырақ. Сондықтан жақын шетел қазақтарын көшіру саясаты ұтымды да, алыс шетел қазақтарын көшіру онша ұтымды емес. Бірақ, әрине, өз мүмкіншіліктерімен көшіп келген қазақтарға қолайлы жағдай жасаған орынды.

Ұлттық диаспора деп Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп келген халықты айтамыз. Себебі Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың жартысынан астамы, яғни, 1, 8 миллионы (1993 жыл бойынша) өзінің ежелгі атамекенін бұрынғыдай жайласа, ал қалған 1, 6 миллионы бөтен жерлерді қоныстанған. Қазіргі Қазақстан Республикасының территориясы бүкіл қазақтың атамекені тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек қазақтың ежелгі атамекені 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 12 млн. шаршы шақырымы Ресейде (600 мың шаршы шақырым), Орта Азияда (200 мың шаршы шақырым) және Қытайда (400 мың шақырым) қалып қойды.

Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т. б. факторлар әсерімен пайда болады.

Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алгаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б. з. б VI ғасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ӀӀ-шінің, одан соң б. з Ӏ-ӀӀ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаган. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.

Диаспоралардың бес түрі анықталган, олар мына жағдайлардың нәтижесінде қалыптасады:

  1. туған жерінде қудалауға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан туған мәжбүрлік (еврей, армян, ирланд, ресей, қазақ, т. б. ) ;
  2. отарлық көші-қон салдары (британ, неміс, португал, испан, орыс) ;
  3. еңбек миграциясы (қытай, итальян, үнді және т. б. ) ;
  4. кәсіби (бизнес, сауда), миграция (жапон, қытай, ливия және т. б. ) ;
  5. "мәдени" миграция (латынамерикандық, үнділік, қытай) .

1. 2 Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі

Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады.

Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі - Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.

Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді. Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні елден көшу саябырсыды, ел халқының басым көпшілігі ұйысып, азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Елде ірі этнодемографиялық өзгерістер болды: Қазақстан екі этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемелекеттен, сан жағынан бір этнос, қазақ этносы басым мемлекетке айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін жиырма жылдай уақыт өтті, ұлт мәселелерін жаңа ой елегінен өткізудің қажеттілігі туды. Қоғамдық санада, БАҚ-та және ғылыми жиындарда бұл мәселелер жиі көрініс алды. Осы тұста елді дүрліктірген «Ел бірлігі доктринасы» жобасы өмірге келді, ол қызу талқыланды. Оның жаңа үлгісі де мақұлданды. Бірақ Доктрина ел бірлігінің «құқықтық, әлеуметтік-этникалық, саяси, мемлекетттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болып табылады» делініп, көптеген нақты мәселелерге жауап бере алмады. Оның қайшылықты тұстары да жетерлік. Ел бірлігінің қажеттілігі былайша түйінделеді: «Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезегінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады».

Төзімділік пен келісім елімізге сырттан келген идея емес, қазақ халқына ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келетін құндылықтар. Қазыбек би: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз», - дей келіп: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз», - деген асыл ойлы сөздер төзімділік, байсалдық бүгінде ел тұтастығына кеше де, бүгін де қызмет жасап келді, ел дамуының жаңа кезеңінде де қызмет жасайды, барлық азаматтар мойындаған ортақ құндылықтар болып қала береді, оларды бірлікке қарсы қоюдың реті жоқ.

Доктрина «бір мемлекет - бір ұлт» идеясына негізделген. Бұл жаңалық емес, әлемде көп тараған идея. Сонымен, қанша ерімізді бауырымызға алып тулағанымызбен казақстандық ұлт идеясын мойындадық. Тек көбірек орыс тілінде сөйлеп, ойлап дағдыланған қазақстандықтар орыс тілді жаңа этнос өмірге келеді деп қабылдау қаупі жоқ емес.

Ұлт саясатында шексіз либерализм де, ұрда-жық, ымыраға келмейтін, бұлтартпайтын саясат та қауіпті. Сонымен бірге ұлт саясаты биліктің барлық деңгейлеріндегі шешім қабылдайтын, оны жүзеге асыратын адамдарға байланысты. Олардың ұлтжандылық, патриоттық болмысы, не ұлтсыздық, нигилистік, болмаса бейтарап ұстанымы этникалық қатынастарға ықпалын тигізеді. Олардың шешімді асығыс не кешігіп қабылдауы да этносаралық кайшылықтарды ушықтыруы мүмкін.

Ұлт болмысы күрделі, оны тамақтың тоқтығымен, күйлілікпен ғана өлшесек, мәдени-рухани өмір тасада қалады. Сонымен бірге, оны мәдени мекемелердің, сарайлардың, концерттердің санымен де өлшеуге болмайды. Ұлт кедей, қайыршы күй кешіп, біліксіз, кәсіби деңгейі төмен, басқа этностық топтардың арасында өзінің лайықты, сыйлауға тұрарлық орнын алмаса, ұлт мәртебесі төмен болатыны белгілі. Сондықтан этносаралық қатынастарды жан-жақты ойластырған байсалды ұстаным қажет екені сөзсіз.

Ұлт саясаты, тек қазақ саясаты емес, қазақ өз мүддесі үшін атасы басқаның арасынан дау шықпауын, ауылы басқаның арасынан жау шықпауын ойлайды. Сондықтан кешенді жаңа ұлт саясатына мүдделі. Тек қазақтар ғана емес, диаспоралар да қоғамдық келісімді, ел бірлігін жоғары бағалайды. Бірақ бірлікті нұсқаумен, тікелей, үзілді-кесілді түрде қалыптастыруға болмайды. Ол елдің іргесін нығайтатын нақты да айқын және өзара іштей байланысты жүйелі идеяларды негізге алу арқылы жүзеге асады. Оның негізгілеріне тоқталайық.

Еліміздегі белді этностың бірі - өзбектер. Өзбектердің жалпы саны 20 млн. адамнан артық. Соның ішінде 18 млн-дайы Өзбекстан Республикасында тұрады. Ауғанстан мен Тәжікстанның әрқайсысында 1 миллионнан артық өзбек бар. Содан кейінгі көп тараған елдері Қырғызстан, Қазақстан және Түркіменстан. Қазақстанда тұратын өзбектер саны 400 мың адамға жуық. Облыстар арасында ең көп тараған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. Ондағы өзбектердің саны 350 мың, яғни бүкіл Қазақстандағы санының 90 пайызы сонда.

Өзбектер - Орталық Азиядағы көне халықтардың бірі, сондықтан тарихы да алуан қырлы. Қазіргі Өзбекстан аумағында алғаш құрылған мемлекеттер біздің жыл санауымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтан бері белгілі. Олар тарихта Бактрия, Хорезм, Соғда құл иеленуші мемлекеттері деген атаулармен белгілі. Жыл санауымыздан бұрынғы VІ ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттерді парсылардың Ахеменид державасы жаулап алады. Сөйтіп парсы тілі мен мәдениеті етек алады. Содан кейінгі ұзақ жылдар бойы қазіргі өзбек жеріндегі халықтар Ескендір Зұлқарнайын, одан кейін грек жаулап алушылары (Диодот) қоластында болды. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда жергілікті халықтар арасындағы қошан тайпасының көсемі Кафиз жатжұрттықтарға қарсы күш біріктіріп, Қошан патшалығын құрады. Бұл мемлекет біздің дәуіріміздің ІІІ ғасырында тарап, көшпелі эфталит атты күшті тайпаға бағынуға мәжбүр болады.

Ел аумағында VІ-VІІ ғасырларда декхан сословиесі пайда болып, феодалдық қатынастар дамиды. Ал эфталиттердің қарамағына түскен Қошан патшалығы ыдырап, Соғда, Бұхара, Хорезм, Ферғана, Елек және Шаш (Ташкент) атты шағын иеліктерге бөлініп кетеді. VІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі өзбек жеріндегі халықтар Түркі қағанатына бағынады. Осы кезден бастап негізінен парсы тілдері тобына жататын олардың тілдерінің ұзақ уақыт бойғы түркіге ауысу үдерісі жүреді және ол қазіргі өзбек халқы тілінің негізі болды. Ал VІІ ғасырдың екінші жартысындағы араб шапқыншылығы бұл аймаққа ислам дінін әкелді. Сөйтіп, әртүрлі діндерде болған тайпалардың рухани бірігуі басталып, ол ХІ-ХІІ ғасырларда түркілердің Қараханидтер әулетінің басып алған кезімен аяқталады. ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін Орталық Азия ханның Шағатай есімді ұлының иелігіне беріледі. Бірақ ұлыстың әлсіреуінен ірі қалалар өз алдына мемлекет болып кетеді. Соның бірі Самарқан ХІV ғасырдың екінші жартысынан Шыңғыс хан тұқымдарына бағынбай, үлкен империя құрады. Империяның басында Әмір Темір (1370-1405) болды. Ол өлгеннен кейін мұрагерлерінің арасында тақ таласы басталды. Бірақ бәрін Темірдің ұлы Шахрух жеңеді. Ол қазіргі Өзбекстан аумағын үлкен ұлы Ұлықбектің еншілігіне береді. Ұлықбектің (1409-1449) тұсында ғылым қатты өркендеп, Самарқанда тамаша обсерватория салынғаны белгілі.

ХVІ ғасырда Дешті Қыпшақ даласынан барған Мұхаммед-Шәйбани бастаған көшпелі өзбек тайпалары Орталық Азиядағы қазіргі Өзбекстан жерін жаулап алады. Сөйтіп, ондағы түркі тілдес халықтармен араласа келе оларға өзінің атауын берген. Қазіргі өзбек тілі үлкен үш тілдік орта - қыпшақ, оғыз және қарлұқ-ұйғырдың араласуынан шыққан ерекше ауыр тілдік құрылым. Онда ташкенттік, самарқан-бұхаралық, ферғаналық, оңтүстік-хорезмдік және басқа да тілдік диалектілер бар. Ал әдеби тілдік норма ретінде Ташкент пен Ферғананың говоры бекітілген.

Дешті Қыпшақтың орнында қалған тайпалар қазақ ұлысын құрды. Сөйтіп, қазақ пен өзбектің шыққан тегі бір болып шығады.

Шәйбани әулетінің тұтас Өзбекстан аумағында құрған хандығы ХVІ ғасырдың аяғында әлсірей бастайды. Соңғы хан Абдулланың тұсында ғана берік хандық болып, ыдырау кейін Бұхара, Хиуа және Бұхарадан бөлінген Қоқан хандығының құрылуына әкелді. 1740 жылы бұлардың жеріне парсының шахы Нәдір басып кіреді. Сөйтіп, ол өзі басып алған жерлерінде жаңа тәртіп орнатады. Мәселен, Бұхараның басшысы бұдан былай хан болмай, әмір деп аталады. Артынан, ХVІІІ ғасырдың аяғында Хиуадағы билікті қоңырат тайпасының басшысы Мұхаммед-Әмин тартып алады.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында орыс патшалығының Орталық Азияны отарлауы басталды. 1865 жылы олар Ташкентті, 1868 жылы Самарқанды басып алды. Бұхара әмірлігі мен Хиуа хандығы да өзінің үстінен орыс үкіметінің қарайтынын мойындады. Сөйтіп, Орталық Азияда Ресейдің үстемдігі орнады.

Қазан төңкерісінен кейін, ел аумағында “Қоқан автономиясы”, “Түркістан автономиялы КСР-і”, бұрынғы Хиуа хандығының орнында “Хорезм халықтық республикасы” және “Бұхара халықтық кеңестік республикасы” атты бірнеше мемлекеттік құрылымдар болды. 1924 жылы мұның бәрі біріктіріліп, Өзбек КСР-ін құрады. 1991 жылы Өзбекстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Өзбектердің діні - мұсылман сүннит. Жазуы 1927 жылға дейін араб әліпбиінің негізінде болса, содан кейін аз уақыт латын әліпбиіне көшірілген. 1939 жылдан бастап ол кириллицаға өткен, бірақ тәуелсіздік алған соң өзбектер қайтадан латын әліпбиіне көшті.

Қазақстандық өзбектер 1992 жылдан өздерінің ұлттық мәдени орталығын тіркеткен. Қазір еліміздегі бір белді диаспора ретінде олар өздерінің мәдениетін дамытуда. Өзбек тілінде оқытатын мектептер бар және газет-журналдар шығып тұрады. Радио мен телевизиядан да арнаулы күндері хабарлар мен ән-күйлер беріледі. Өзбектің өнері әсем, әрі қазаққа жақын.

Қазақ және өзбек халқы бірнеше ғасырлар бойы бір-бірімен ауылы аралас, қойы қоралас, шекаралас жатқан жерлерде мекендеп келеді. Оларды күрделі оқиғалар ғана емес, мәдениет ортақтығы да тығыз байланыстырып отыр. Екі халықтың тарихи және жеке тағдыры бір-бірімен біте қайнасып кеткелі қашан. Қазақстан 448 мың өзбектің екінші Отанына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы туралы
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Қазақтар
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қазақ диаспорасы
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация
Lиаспора сөзінің хатқа түсу тарихы мен диаспора, этнос терминдерін қолдану аясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz