Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді - интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктері


Тарау ІІ. Сөз тіркестерін модульді-интерактивті технологиясы арқылы оқыту ерекшеліктері мен тиімділігі
2. 1. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану және оқу модулін даярлау технологиясы
Қазіргі уақытта қазақ тілі білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
«Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық - техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім - оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс - шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. ) сабақта жиі қолдану.
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия - технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық - техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын - ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал - саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т. б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Синхромды оқу жүйелері оқу процесіне оқушы мен оқытушының бір мезгілде қатысуын қарастырады. Бұл жүйелерге:
-интерактивті теледидар;
-бейнеконференциялар,
-IRC;
-MUD;
-MOO жатқызылады.
Асинхронды оқу жүйелері оқушы мен оқытушының оқу процесіне бір мезгілде қатысуын талап етпейді. Оқушы сабақтың уақыты мен жоспарын өзі таңдайды. Қашықтан оқытуда мұндай жүйелерге баспалдық материалдар негізіндегі, аудио-және бейнетаспалардағы, электрондық почталардағы, WWW, FTR курстары жатады.
Интерактивті әдіс, тәсілдерді келесі сызба - нұсқа бойынша жеке - жеке сипаттама беріп, анықтамаларын айтар болсам олар мыналар:
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай) . Олар:
-визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізі мазмұны бейнелі түрде - сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
-лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
-лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
-проблемалық лекция мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалдар ұсынылады.
Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып. Түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда; әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда; міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.
ІІ кезең - мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
↓
↓
3. Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар
(Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін
(есептер мен мысалдардың шешімін және т. б. ) дайындау
↓
4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап
Үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту)
Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін біз мұғалімдерге Б. Блумның таксономиясын ұсындық.
ІІІ («жеңілдетілген») деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.
Олар шамамен мынадай түрде беріледі:
Білу Түсіну
. . . атаңыз
. . . қай жылы болды
. . . қайда болды
. . . формуласын жазыңыз
. . . атап көрсетіңіз
сөйлемді аяқтаңыз . . .
не білдіңіз . . .
неге . . .
сөйлемді өзгертіңіз . . .
өзара байланысын түсіндіріңіз . . .
өз сөздеріңізбен айтыңыз . . .
ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады. :
Қолдану Талдау
Қолдану мақсатын түсіндіріңіз . . .
Үй есебін бірнеше тәсілмен шешіңіз . . .
Осы құбылысты қандай теория түсіндіреді . . .
Берілген гипотезаны тексеріңіз . . .
қорытындылар
. . . Құрылымы қандай
. . . топтастырыңыз
. . . салдары не
. . . салыстырыңыз
. . . себебін талдаңыз
І деңгей дегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі («стандарттан жоғары») тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:
Топтау Бағалау
өз шешіміңізді табыңыз . . .
алгоритмді ұсыныңыз . . .
баламасын табыңыз . . .
бөліктерден құраңыз . . .
түсініктемесі қандай . . .
жүйелестіріңіз . . .
зерттеңіз . . .
Қисынды ойды бағалаңыз . . .
Жетістіктерін айтыңыз . . .
Критерийлерін көрсетіңіз . . .
. . . сәйкес келе ме
. . . туралы не ойлайсыз
. . . қаншалықты дұрыс
Қорытынды жасаңыз . . .
ІІІ кезең - қорытынды (бақылау) бөлімі
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылау дың 2-3 түрін даярлау.
Бақылау формалары
Мұғалімнің таңдауына қарай
● сынақ
● релелік сынақ
● бақылау жұмысы
● диктант, шығарма, мазмұндама
● оқу пәні бойынша конференция
● семинар
● толықтыруды қажет ететін тестілер
● еске салушы тест
● балама жауаптары бар тестілер
● таңдамалы тест
● сәйкестілік тесті
● реттік бірізділікке берілген тест
● құрама тест
Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау
Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауына зор мән беріледі.
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Күрделі тапсырмалар - о (І деңгей), орташа күрделілік дәрежесіндегілер - □ (ІІ деңгей), жеңілдетілген тапсырмалар - Δ (ІІІ деңгей) шартты белгісімен көтсетіледі. Олардың біреуін орындау «5», немесе «4», немесе «3» баллдарымен бағаланады. бағалар мынадай болады:
Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар мен бағалар - ынталандырушы сипатта. Эксперимент барысында біз бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада «аударудан» өткеннен сооң ғана қоюды ұсындық:
Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырақ балл алуына мүмкіндік беріледі.
Баға - бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның мазмұны мен формасына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері (парционалдық бағалар) ықпал етеді. Неғұрлым тиімдісі - қолдау-бағалаулар, яғни оқушының бір нақты қызметінен кейін көрсетілетін және балада жұмысты қайталауға немесе одан әрі жалғастыруға ниет тудыратын әсерлер (ықпал ету) . Бұл жерде оқушы қызметі мұғалімнің мақтау сөздерінен немесе өз жетістігіне қанағаттанғандық сезімінен қолдау табады.
Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің (саморегуляция) құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік (процессуалдық) және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Сондықтан дұрыс жауабы (жауап үлгілері, есеп шешімдері) бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушылырға немесе кеңесшілерге таратып беру керек.
2. 2. Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді -интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктері
Техникалық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.
Сөз тіркесін, оны өзін ұқсас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитафонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитафон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.
Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақырып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.
1. Сабақтың тиімділігін артыруда кодоскоптық атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқылы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, оқулықта берілген схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz