Құран туралы әлемге әйгілі ғалымдардың пікірі
Мазмұны
Құран және ғылым.
Кіріспе
Уахидың
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .4
Құран-Кәрімнің Аллаһ Тағала тарапынан жіберілгендігінің
нақты
дәлелдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...5
Құран мұғжизалары.
Адам биологиясы
Адам баласының дүниеге
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.7
Шәуеттің бір
тамшысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .8
Шәуеттегі қоспа
сұйықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 8
Сәбидің
жынысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..8
Құрсаққа ілініп тұратын
ет ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 9
Сүйектердің бұлшық етпен
қапталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Биікке көтерілген сайын кеуденің
қысылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Адамдардың бармақ іздері
әртүрлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Нерв талшықтары теріде
орналасқан ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...11
Дүрсілдеген
жүрек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 11
Ми ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Тістеріміз ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Шаш, қас,
кірпіктеріміз ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 13
Әлем біреу ғана емес басқа әлемдердің бар болуы
хақ ... ... ... ... ... ..13
Әлем әуелде газ
болған ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..13
Ғалам жаратылған сәтінде бір тұтас
болған ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 14
Планеталар орбиталарында
қозғалады ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...14
Аспан әлемі үнемі
кеңеюде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 14
Аспан
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 15
Негізінде көктермен жер тиіскен
еді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Күн бір орында
тұрмайды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...16
Жаңбырдың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .16
Жаңбырдағы
өлшемділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...17
Желдің тозаңдау
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 18
Жер планетасында
қозғалады ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..18
Жердің
домалақтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..19
Жердің айналу
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...19
Темірдің пайда

... ... ... ...20
Таулардың
қозғалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 21
Теңіздердің бір-біріне
араласпауы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2
Теңіз
тұңғиығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .23
Өсімдіктер әлеміндегі ғылыми жаңалықтарға Құран не дейді? ... .23
Барлық нәрселердің
жұптығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 25
Жәндіктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Бал
арасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Бал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Ғылыми пәндер мен Құранның байланысы
Эмбриология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Анатомия
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 29
Физика

... ... ... ... ... ... ... 32
Геология
саласында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..32
Эпидемиология

... ... ...34
Дауасыз дерт жоқ
Медицина

... ... ... ... ... 34
Алапес пен
карантин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 38
Ит тұмсығы
тигенде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 38
Қол
тазалығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 39
Ауыз тіс
саулығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 40
Ішіп жеу
өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .41
Сүрме ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Күнжіт ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Шыбынға қатысты
шындық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..42
Іш
қанауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Ішімдіктің ем
еместігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..43
Сүндет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Ғылымның басқа
салаларында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.44
Құран туралы әлемге әйгілі ғалымдардың пікірі ... ... ... ... ... .45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .47
Құран және ғылым
Уахидың басталуы
Осы тақырыпты ең жақсы толыққанды түрде жеткізген хазіреті Айша былай
баяндайды: Аллаһ Елшісіне алғашқы келген уахи түсінде көрген ақиқат
түстерімен басталған.Оның көрген түстері таңғы шапақтай дәл
келетін.Кейіннен ол елден бөлек оңаша қалуды қалады. Осыдан кейін ол һира
үңгіріне барып, Аллаһ тағалаға құлшылық қылатын.Азық алу үшін ғана үйге
келіп, көп кідірмей қайта кететін. Ақырында Аллаһ Елшісі Хира үңгірінде
болған сол күндердің бірінде уахи келді. Оған періште келіп оқы деді. Ол
мен оқи алмаймын деп жауап қайырады. Аллаһ Елшісінің өзі былай дейді:
Сол уақытта періште мені қапсыра құшақтап алып, тынысым тарылғанға дейін
қысты. Содан мені қоя берді де оқы деді. Мен оқи алмаймын деп жауап
бердім. Ол мені қайта құшақтап оқы деді. Мен қайта оқи алмаймын дедім. Ол
үшінші рет қысып тұрып қоя берді де Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол
адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Қаламмен үйреткен Ол Раббың аса
ардақты.Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен аятын оқыды. Осы аятты
алған Аллаһ Елшісі жүрегі дірілдеп Хадиша әйелінің жанына келіп, жамылғы
әкеліп үстімді жап деді. Оның қорқуы басылғанға дейін үстін жауып қойды.
Кейіннен ол тұрып, әйеліне болған жайды баян етіп: өзімнен қорқамын деді.
Сол уақытта әйелі Аллһ тағаламен ант етейін! Раббың сені еш қашан сені
ұятқа қалдырмайды. Өйткені сен туыстарға қарасып, әлсіздерге болысып,
жарлыға жәрдем еткен һәм қонақтарды күтіп, хақ жолында халыққа көмекетескен
адамсың деп оған дем берді. Осыдан кейін хазіреті Хадиша Аллаһ Елшісін
ертіп, немере ағасы Уарақа ибн Науфалға барды. Ол христиан дініне кірген,
ибрани тілін білетін және Інжілден кейбір нәрселер алып жазған адам еді. Ол
уақытта әбден қартайған, екі көзі көр еді. Хазіреті Хадиша Аға, мына
бауырыңның не дегеніне құлақ сал? деді. Аллаһ Елшісі басынан кешкеннің
бәрін баян етті.Уарақа сонда: Бұл көргенің Аллаһ Тағаланың Мұсаға
жіберілген Намус Әкбар (Жебірейіл). Әттең-ай! Сенің елді дінге шақырған
кезінде жас жігіт болып, халқыңның сені елден шеттететін кезіңді көрсем ғой
шіркін деді. Аллаһ Елшісі Олар мені елден шеттете ме? деп сұрады. Иә
бауырым, Сендей адамдардың елінен дұшпандық көрмегені жоқ. Егер сенің
дінге шақырған күндеріңе өмірім жетсе, саған көмектесемін деп жауап берді.
Алайда көп ұзамай Уарақа бақилық болды. Сол заманда уахи да аз уақыт келмей
тоқтап қалған еді[1]
Құран-Кәрімнің Аллаһ Тағала тарапынан жіберілгендігінің нақты дәлелдері.
Біріншіден сөз өнеріне қатысты дәлелдер:
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың ауыз әдебиет, сөз өнерінің
әсіресе ақындықтың шыңдардың шыңына жеткені соншалық, ақындар бір шумақ
өлеңдерімен бейбіт жатқан екі елді соғыстырып, қылыштарын қындарынан
шығарып, соғысайын деп тұрған екі елді татуластыратындай дәрежеде болған.
Жыл сайын сөз өнерінде жарыстар ұйымдастырылып алғашқы жеті орынға ие
болған шайырлардың есімімен өлеңдерін қағбаға алтынмен әшекейлеп жазып,
іліп қоятын болған. Тіпті ,жалпы қара қалықтың өзі бір-бірмен өлеңдесіп
сөйлескен. Міне сөз өнерінің осындай шыңына жеткен уақытында
Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір шайырларының
Пайғамбарымызға: (с.а.у.) Құранды өзің ойдан жазып жатырсың деген
жалаларына қарсы Аллаһ Тағала:Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер
адамдармен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін
қолдап, күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды[2] –деп аят
түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап етеді. Алайда араб
ақын- шешендері Құранға ұқсас бір кітап жазу қолдарынан келмегендіктен үн-
түнсіз қалаберді.
Аллаһ басқа бір аятта:
Жоқ әлде (кәпірлер), Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр ма? (Мұхаммед
(с.а.у.) оларға айт: айтқандарыңа рас болсаңдар Аллаһтан басқа шақыра
алатындарыңды (жәрдемге) шақырыңдар (бәрің бірігіп) сендерде сол сияқты
құрастырылған он сүре жазыңдар![3] –деп намысшыл болып келетін шайырлардың
ауыздарына құм құйылып дәрменсіздіктен Аллаһтың бұл талабын да жауабсыз
қалдырды. Он сүре жазуға шамалары келмеген шайырларды АллаһТағала басқа бір
аятта былай деп бар білетін өнерлерін көрсетуге шақырады. Егер құлымызға
түсіргенімізге (Мұхаммедге түсірілген Қүранға) күмандансаңдар, қанекеи бір
сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Аллаһтан басқа сенетіндеріңнің
барлығын шақырыңдар, егер айтқандарыңа рас болсаңдар. Бұны жасай
алмасаңдар,-ешқашан жасай алмайсындар да- отыны адамдармен тастар болған
тозақ отынан сақтаныңыздар[4]. Әншейінде намысшыл келетін шайырлар бұл
жолы тағыда Аллаһтың талбына дәрменсіз қалып, Құранға ұқсас бір кітап емес,
тіпті он сүреде емес жалғыз сүре жазу қолдарынан келмегендіктен құлаққа
ұрған танадай үнсіз қалды. Иәкүмән келтірген арабтардың өздерінен талап
етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки, он сүресін тіпті жалғыз сүресін
жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әр
оңай жолы бола тұра, мал жандарын қатерге соғатын соғыс жолын
таңдауларының астарында Құран сүресінің ұқсасын жаза алмауларында
еді.Өйтекні Құран мағанасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі
жағынан арабтардың не қара сөздеріне не өлең шумақтарына ұқсамайды. Он төрт
ғасырдан бері құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені күллі адам баласының жаза
алмауы Құранның Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің
айқын дәлелі.
Екіншіден тәсіл жағынан дәлелі:
Құранның тәсілімен Пайғамбарымыздың (с.а.у.)хадисінің тәсілінің арасында
жер мен көктей ерекшелік бар. Ерекшелігі соншалық, кез келген арабша
білетін адам мағаналары бір болып келетін Құран аяттары мен хадистерді,
мынау - аят, мынау – хадис деп оп-оңай ажырата алады. Арабтар
пайғамбарымыздың хадистерін өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды
өздері қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата алмай, қайран
қалатын.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған уақытымызда терең ойланып,
Аллаһтың ұлылығына бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі сезіледі.
Пайғамбарымыздың бір-бірінен өте ерекше екі тәсілді әр жерде, еш
ойланбастан, оп-оңай түрде ажыратып, қолдануы Құранның Иләһи екендігінің
ашық дәлелі болса керек.
Үшіншіден:
Мектеп – Университет оқымаған сауатсыз адамның (Оның сауатсыздығына жанымыз
пида болсын!) еш кемшіліксіз жеке тұлғалық, жанұялық, қоғамдық,
экономикалық және заңға байланысты ережелер қойып, жүйе құруы және бұл
жүйенің ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан-алуан ұлттар тарапынан іс жүзінде
қолданылып, ескірмеуі Құранның еш күмәнсіз хақ екендігінің айғағы.
Төртіншіден:
Құранның бұрын болып кеткен оқиғалары мен келешекте болатын оқиға,
жаңалықтарынан хабар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған
туындысы деу ақылымызға теріс нәрсе болса керек. Бұл жерде барлығын қамтып
жазудың мүмкін еместігін ескерте отырып, кейбіреулеріне тоқтала кеткенді
жөн көрдім. Салих, Лут, Муса сияқты пайғамбарлар мен қауымдарының ғұмыр
кешкен мекендері мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана
зерттеп тапқан қазіргі ғылым Құранға еріксіз таң қалуда. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) дәуірінде Румдықтар мен Сасанидтерден соңғы соғыста қайта бас
көтерместей жеңіліске ұшырайды. Құран Кәрім Румдықтардың осы жеңілістерінен
кейін Сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін былай деп
баяндайды:Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен
кейін бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіске жетеді[5]. Шындығында
Румдықтардың Сасанидтерді Құран Кәрімнің хабар бергеніндей қайта жеңуі,
Құран Кәрімді баянында растауы болса керек.
Бесіншіден:
Құран-Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген
ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр яғни, микроскоптан, телескоптан
мақрұм бір ғасырда қорытынды түрде дөп басып, айтып кетуі көптеген батыс-
шығыс ғалымдарын таң қалдырып Исламға бас идірген. Міне, бұл Құранның
авторы Мұхаммед(с.а.у.)емес Аллаһ тарапынан жіберілгендігін толған айдай
айқын етіп білдірсе керек.
Құран мұғжизалары.
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда пендені иманға
жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер келтіріледі.Адам көзін ақиқатқа ашу үшін
Жаратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде
жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып
салады.Сол сияқты, Құранның көптеген аяттарында адам баласының өз басының
дүниеге қалай келетіні, Аллаһтың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай
даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы Мүминун
сүресінде:
Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны
шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір
тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге
айналдырдық,сосан сүйектерді етпен қаптадық, сосын, оны басқа бір жаратылыс
жасадық. Аллаһ ең керемет Жаратушы[6] - делінеді. Осы сияқты мұғжизаға
толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттарда 7-ші ғасырда
адамдардың білуі мүмкін емес болған ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға
соқпайды. Мысал бере кетсек:
1.Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене бөлігінен,яғни
аталық клеткадан (спермадан)жаратылатыны,
2.Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
3.Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып тұратыны,
4.Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде өсетіні, т.б.
Бұл детальдар 20 ғасырда, ғылыммен технологияның шарықтау шегінде ғана
айқындалғандығы адамды Құранға және оны түсіруші Аллаһқа жақындата түспеуі
мүмкін емес сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала кетелік.
Шәуеттің бір тамшысы
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін бірталай сапар
шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында, 250 миллион аталық клетканың тек
мың шамасындайы ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана тұз
ұсағының жартысындайы ғана аналық клеткаға кіреді. Яғни адамның негізі –
шәуеттің түгелі емес, оның тек бір кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл
ақиқат былайша баян етіледі:
أيحسب الإنسان أن يترك سدى * ألم يك نطفة من مني يمنى
Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) бос қоя берілемін деп ойлай
ма? Ол(әу баста жатырға) тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?[7]
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Шәует сұйығы – тек аталық клеткалардан ғана тұрмайтынын ғылым дәлелдеп
отыр. Керісінше, ол бір-бірінен бөлек әртүрлі сұйықтардың қоспасынан
тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың қажет ететін энергияны тасу, аналық
клетканың кіре берісіндегі түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың
қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты қызметтері бар.
Ақиқат айнасы – Құранда шәуетті қоспа сұйық деп бейнелеп, енді-енді
ашылып жатқан ғылыми детальдарға ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады.
إنا خلقنا الإنسان من نطفة أمشاج ...
Біз адамды әртүрлі аралас қоспа шәуеттен жараттық...[8]
Сәбидің жынысы
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан
айқындалады деп есептеп келген. Алайда, VII ғасырда түскен Құран-Кәрімде
бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа
құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айтылады:
وأنه خلق الزوجين الذكر والأنثى * من نطفة إذا تمنى
Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын жатырға тамызылған бір тамшы шәуеттен
жаратты[9].
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика мен микробиология
ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін
аталық клетка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл
ойнамайды.
Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға байланысты. Ағзадағы барлығы 46
хромосоманың екеуі – жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома
еркектерде XУ, әйелдерде XX ретінде белгіленеді. У хромосомасы еркектік,ал,
X хромосомасы әйелдік гендерді тасиды.
Адам баласының түзілуі – жұптала жүретін осы хромосомалардың еркекпен
әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың
екеуі де Х болса, еркекткерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, жаңа
жаратылған сәбидің еркек немесе әйел болуы – ана ағзасындағы Х
хромосомасының аталық клеткадағы У немесе Х хромосомасымен бірігіуіне
байланысты болмақ.
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүнги түссек, ана құрсағындағы сәбидің даму кезеңдері
туралы әлі көптеген деректерге қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы құралатын зигота атты
жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды.
Алайда зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болғандықтан, ол
анақұрсағына жабысып, ілініп тұрады.Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті
қоректі ана құрсағына жабысып,ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі ұшін
қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік туады.Талайды
таңғалдырған тағы бір ақиқат Құран аятында былайша баяндалады:
{اقرأ باسم ربك الذي خلق * خلق الإنسان من علق}
Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен
(жатырға жабысқан клеткадан*) жаратты[10].
Әлақ сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір жерге жабысып, ілініп
тұрған нәрсе деген мағананы білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты ана құрсағындағы
сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, алдымен сүйектер бітіп, кейін сол
бұлшық еттер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді:
{ولقد خلقنا الإنسان من سلالة من طين * ثم جعلناه نطفة في قرار مكين * ثم
خلقنا النطفة علقة فخلقنا العلقة مضغة فخلقنا المضغة عظاما فكسونا العظام لحما
ثم أنش أناه خلقا آخر فتبارك الله أحسن الخالقين}

шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге ( жатырға ) орналастырдық. Сосын
ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір
тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық,
сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын, оны басқа бір жаратылыс жасадық.
Аллаһ ең керемет Жаратушы[11].
Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбриология ғылымы –
көпке дейін сүйектермен бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда
болып келген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат айғақтарына
қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микроскоп, УЗИ сияқты
құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сәбидің өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп
басып, бүге-шігесіне дейін дәлме-дәл айтып кеткен Құранның жаңалықтарын
соңғы технологиялардың көмегімен енді ғана тауып,ашқан қазіргі эмбриология
ғылымы Құранға еріксіз таңғалып, ар ожданы
ояу жандар: Сен – Аллаһтың шынайы кітабысың деуде.
Биікке көтерілген сайын кеуденің қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айтпаса да белгілі. Біздің
дем алуымыз – ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал,
биіктеген сайын жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен, атмосфераның
қысымы мен қан айналымына түсетін оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни дем
алу қиындау түседі де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін адам
баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам
дем алудың қиындығынан талыпта қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын
оттегінің азая түсетіндігін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отырса,
Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен:
فمن يرد الله أن يهديه يشرح صدره للإسلام ومن يرد أن يضله يجعل صدره ضيقا حرجا
كأنما يصعد في السماء
Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал
кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейнебір көкке көтеріліп бара
жатқандай қысады[12].
Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір
сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі
қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген
Мұхаммедтің (с.а.у.) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
қалайша бас имессің?!
Адамдардың бармақ іздері әртүрлі:
Шын мәнінде, жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық адамдардың бармақ
іздері әр түрлі. Осы себептен оны әр адамның жеке төлқұжаты деп саналып,
барлық елдерде пайдаланып келеді.
Бармақ ізінің қасиеті туралы ХIX ғасырдың аяқ кезінде ғана мәлім болды.
أيحسب الإنسان ألن نجمع عظامه * بلى قدرين على أن نسوى بنانه *
Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине оны
саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз.[13] - деп құранда дөп басып
айтып кеткен.
Нерв талшықтары теріде орналасқан
ХIV ғасырдан соң анатомия саласының аса көрнекті мамандарының бірі Таджасат
тері жанғаннан кейін ауруды сезіну тоқталатынын, қашан терінің жоғарғы
қабаты жанып кеткенде, онда орын тепкен рецепторлық, аппарттың (жүйке
талшықтарының түйіскен жері) жұмысы бұзылатынын дәлелдеп шықты. Ал, Аллаһ
тағала кәпірлердің азап тартулары үшін жанған терілерін ауыстыратыны жайлы
айтқан.
إن الذين كفروا بأيتنا سوف نصليهم نارا كلما نضجت جلودهم بدلنهم جلودا غيرها
ليذوا قواالعذاب إن الله كان عزيزا حكيما *
Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламызда
олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін, оны басқа терілерге
ауыстырамыз[14].
Дүрсілдеген жүрек
Дүниедегі ең керемет мотор – көкірегіңіздің сол жағында орналасқан
жүрегіңіз.Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне
денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта
орташа көлемді машинаны 1 мтр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады.
Жүрек қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды
3 мтр жоғарыға ытқыта алады.Жүректің ең бір ерекше қасиеті – тоқтамастан
шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда дүниедегі тоқтамай
демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек - шамамен
минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста
болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға
отырып, 300 миллион летірдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде
жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып жұмып тұра аласыз?
Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға
мәжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан,
денеміздің түпкір- түпкіріне сағатына жүздеген литр қан ды айат
Айдатқызып тұрған қандай күш? Тағыда кездейсоқтық па? Жоқ алде...
Ми
Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, адам миының маңдай бөлімінде тұрған
шұңқыры, адамның іс-әрекеттерін реттеуде маңызды қызмет атқарады. Яғни сол
маңдай бөлігіндегі ми жақсы және жаман іс-әрекеттерді істеуді реттейді.
Ғалымдар бұл жаңалықты ХХ ғасырда тапса, Құранда бұл 14 ғасыр бұрын былай
айтылады:
كلا لئِن لم ينته لنسفعا بالناصية * ناصية كذبة خاطئَة
Жоқ! Айт болсын, егер ол тоқтатпаса, әлбетте біз оның маңдай шашынан,
сол жалғаншының адасқан маңдай шашынан ұстап, (тозаққа атамыз)[15] дейді.
Яғни бұл жерде маңдай шашпен мидың алдыңғы бөлігі меңзеліп тұрғанын
байқаймыз.
Тістеріміз
Тістеріміздің орналасу ретін ойлаңызшы. Алдыңғы күрек тістеріміз үшкір,
өткір болып келеді. Ал артқы азу тістеріміз жалпақ. Демек күрек тістеріміз
жейтін қорегімізді қырқып, үзу үшін өткір етіп, ал азу тістеріміз сол
алдыңғы өткір тістерімізбен қырқып, үзген қоректерімізді шайнап, үгітуге
қолайлы жалпақ етіп жаратылған. Егер барлық тісіміз жалпақ немесе,
керісінше барлығы үшкір,өткір болса қалай болар еді?
Астыңғы тістермен үстіңгі тістердің арасында керемет бір үйлесімділік
бар. Жағымыз жабылған уақытта астыңғы тістеріміз бен жоғарғы тістеріміз бір-
бірімен қабысады. Мысалы, азу тісіміздің біреуі сәл ұзындау болса, тамақ
жеу, сөйлеу сияқты кейбір істерімізді еш ақаусыз атқара алар ма едік?
Жас нәресте сүтпен ғана қоректенгендіктен онда тіс болмайды. Бірақ
басқа қатты нәрселермен қоректенетін шаққа жеткенде, дереу тісі өседі.
Тістердің өте шебер орналасу реттері мен бір-бірімен үйлесімдігі және
қажетке қарай өсу уақыты кездей соқтық емес, Аллаһтың теңдессіз шеберлігі
мен әр нәрседегі дәлме-дәл есебі екені айдан анық.
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай үнемі өсуін кездейсоқтық деп
қабылдасақ,неліктен шаштың құрамына қастарымыз бен кірпіктеріміз өспестен
бір қалыпты тұр? Бұған қоса кірпігіміздегі Эстетикаға, нәзіктікке,
сұлулыққа қараңызшы, бұл жерде кездейсоқтық емес, басқа бір тылсым күш
тарапынан әдейі жасалғандығын аңғарасыз. Ал мұрнымыздың ішіндегі түктерді
ше? Оның ауаны жылыту, фильтрлеу, оданда басқа қызметтерін ескерместен, өз-
өзінен, бостан-босқа, еш қызмет міндетсіз өсіп тұр деп кім айта алады?
Міне, адам баласының өзі ойланған жанға үлкен бір әлем. Әрбір адам
ақылына, сана сезіміне салып ойланса, адам атты әлемнің құдіретті күшті бір
иесінің бар екеніне таңғалып, оның алдын да бас иіп мойындаймыз.
Әлем біреу ғана емес,
басқа әлемдердің бар болуы хақ
Құран 1400 жыл бұрын түсті. Сол кезеңдегі адам ақылы жер планетасынан
өзге планеталар (немесе басқа әлемдер) сияқты нәрселерді елестете алмағанда
шындық. Құранда ғана, әлемдердің Раббысы Аллаһқа байланысты көптеген
сүрелер бар, бұл біздің планетамыздан басқа әлемдердің де бар екенін
растайды.
الحمد لله رب العلمين*
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһқа тән[16]. деуі де бірден-
бір дәлел болып табылады.
Ғалам әуелде газ болған
Қазіргі заманның аппараттарының көмегімен және ғарыштық зерттеулер
нәтижесінде көктегі жұлдыздар түтінді еске түсіретін газ күйіндегі
заттардан пайда болғандығы дәлелденіп отыр. Бүкіл ғалам содан жаратылған.
Міне, осылайша барлық жұлдыздар әдепкіде газ күйіндегі немесе түтін
тәріздес заттар болған.
ثم استوى إلى السماء وهى دخان فقال لها وللأرض ائتيا طوعا أو كرها قالتا
أتينا طائِعين *
Сосын көкке жөнелді. Ол бір түтін еді[17].
Ғалам жаратылған сәтінде біртұтас болған
ХХ ғасырда астрофизиктердің ашқан жаңалығы алғашында ғаламның біртұтас
болғандығын толығымен дәлелдеді. Бүгінгі күні астрофизика саласындағы
фактілер ғылыми әлемді мынандай тұжырымға әкелді: Ғалам өзінің материалдық
және уақыт жөніндегі ауқымдығы ғаламат жарылыс нәтижесімен бір сәтте пайда
болған.
أولم يرالذين كفروا أنالسموت والأرض كا نتا رتقا ففتقناهما وجعلنا من المآء
كل شىءٍ حىٍ أفلا يؤمنون
Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер тиіскен еді. Екеуін
ажыратқанымызды, әртүрлі жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме
?[18]
Планеталар орбиталарында қозғалады
Құранда келтірілген шындық бүгінгі күнде астрономиалық зерттеулер
нәтижесінде эксперименталды түрде нақтыланды. Күн солар Апекс деп аталатын
орбита бойымен Вега жұлдызына бағытталып 720 000 шақсағатқа тең орасан зор
жылдамдықпен қозғалады. Сондай-ақ, 200 миллиардтан аса галактикадағы ғарыш
денелерінің барлығы дерлік нақты белгіленген орбиталар бойымен қозғалуда.
وهوالذى خلق اليل والنهار والشمس والقمر كل فى فلك يسبحون
Ол сондай Аллаһ, түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әр қайсысы өз
айналасында жүзеді[19].
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа бүтін галактикалар бізден
қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы
астроном Хабл (Hubble) зерттеп тапқан еді. Оның айтуына қарағанда, жарық
жылдамдығымен есптегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір
жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтағы жұлдыз
екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен
тоқтамастан алыстауда.
Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген Big-bang Үлкен жарылыс заңын
Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни, астрономия ғылымының дамымаған, телескоп
сияқты құралдардан мақрұм ғасырда:
والسماء بنيناها بأيد وإنا لموسعون
Аспанды құдыретімізбен біз жараттық және тоқтатпастан әрқашан
кеңейтудеміз[20],- деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін
өзіне бас идіретіні сөзсіз.
Аспан әлемі
Аллаһ Тағала Тәбәрак сүресінде: Жеті қабат аспанды бір-біріне
үйлесімді етіп жаратқан – Ол Аллаһ. Рахманның жаратуында ешбір ақау,
жүйесіздік көре алмайсың. Сал көзіңді көре аласың ба бір ақау? Сосын
көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау таба алмағандықтан шаршап,
талған күйде саған қайта оралады[21]- деп аспан әлеміндегі керемет жүйені,
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен
қақтығыспай өте жіңішке есеппен, өте керемет жүйемен миллиард жылдар бойы
істеп тұр. Бұларды бір-бірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске
қосып тұрған күш қандай күш? Тартыылс күші делік. Тартылыс күшіндегі нәзік
те ғажайып тепе- теңдікті ұстап тұрған тылсым құдірет қандай құдірет? Егер
бір планетаның тұрақты тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен
азйса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан боларын бір сәт ойландыңыз
ба? Барлық планеталар мен жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-
бірінің ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар. Тартылыс
күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір Ұлы құдіреттің
жаратқанын меңзейді.
Негізінде көктермен жер тиіскен еді
أولم يرالذين كفروا أن السموت والأرض كانتا رتقا ففتقنهما وجعلنا من الماء
كل شىءٍ حىٍ أفلا يؤمنون
Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер тиіскен еді, екеуін
ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме?[22]
Бұдан 1400 жыл бұрын ядролық физикадан хабары жоқ адамның жер мен басқа
планеталардың бір мезгілде пайда болғанын өзінің ақылымен біліуі мүмкін
емес. Егер Құрандағы барлық деректерді, соның ішінде жер мен оның пайда
болуын, жалпы ғылым туралы айтылғандарды жинақтайтын болса, оның бәрінің
ақылға қонымды әрі шындық екеніне көз жеткізесіз және оның бәрін ғылыми
тұрғыдан дәлелдеуге болады. Деп АҚШ-тың әйгілі биологы Құранның қазіргі
ашылып жатқан біліммен өте тығыз байланыста екендігін айтқан.
Күн бір орында тұрмайды
Аллаһ Тағала Құранда күн және ай туралы біраз аяттарда келтірген.
Сондай-ақ ай мен күнді бағындырды. Барлығы да белгілі бір мерзімге дейін
жүреді.
Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр
нәрсені білуші Аллаһтың өлшеуі.
Күннің айға жетуі мүмкін емес.
Күнмен ай есеппен жүреді.
Ол сондай Аллаһ, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға)
жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі.
Тағы айдың орындарын да өлшеп қойдық. Құрманың ескі бұтағындай болғанға
дейін.
Құран, ай туралы айтқанда – нұр, ал күн туралы айтқанда – жарық, сөздерін
қолданады.
Сондай мол иелік иесі Аллаһ, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда
бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.
Міне осы сияқты төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып, үйлесімді жүйемен
тұрған сансыз жымыңдаған жұлдыздар мен жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір
мағына-хикметке толы жалпы жаратылыс және адамның өзі – Ұлы жаратушымызды
танытатын ерекше үлкен кітап. Аспан әлемінің әрбір қабаты – бұл үлкен
кітаптың жеке-жеке беттері, әрбір галактика – сол беттегі жеке-жеке
мағаналы сөйлем, сол галактикалардағы әрбір жұлдыз - том-том кітаптарға
пара-пар мағаналы жарық сөз. Жер шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын қамтитын
негізгі беті болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұн-мағанасы. Барлығы
Ұлы Жаратушы Аллаһты өз болмысымен танытып, Оның бар екендігін һәм бір
екендігін күллі әлемге әйгілеп тұрған жоқ па?
Жаңбырдың пайда болуы
Метеорологтар жаңбыр бұлттарын зерттей келе, бұлттардың бірнеше кезеңнен
өтетінін анықтаған. Олардың ең бастапқы кезеңі, желдің кішкентай бұлттарды
бір орынға қуалай жинау кезеңі болып табылады. Екінші кезең шартараптан
жиналған бұлттар үлкен бұлт құрайды. Үшінші кезеңде бұлттар созылып,
ортанғы бөлігі ауырлап, шеткі жеңіл бөліктері жоғары жылжиды. Бұлт
атмосфераның жоғарғы суық қабатына жеткен кезде, ол жерде су тамшылары мен
бұршақтар пайда болады. Ол тамшылар өсіп, ауырлап кейін салмағы себебінен
төмен қарай құлайды.
Бұл кезеңдерді ғалымдар жақында тапса, Құран бұл қиын құбылысты бұрыннан
бері суреттейді.
الله الذى يرسل الريح فتثير سحابا فيبسطه فى السماء كيف يشاء و يجعله كسفا
فترى الود ق يخرج من خلله فإذا أصاب به من يشاء من عباده إذا هم يستبشرون
Аллаһ сондай желдерді жібереді, сонда олар бұлттарды айдайды, сосан өзі
қалағанындай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сіз олардың арасынан
жаңбыр шығып жатқанын көресіз[23] - деп бір аятта айтқан болса, екінші бір
аятта былай дейді:
ألم تر أن الله يزجي سحا با ثم يؤالف بينه ثم يجعله ركاما فترى الود ق يخرج
من خلله وينزل من السماء من جبال فيها من براد فيصيب به من يشاوويصر فه و
يصرفه عن يشغ
Аллаһ бұлттарды айдауды, сосын біріктіруді, сонан соң оларды қабат-қабат
қылғанын көрмедің бе? Кейін бұлт арасынан жаңбыр шығып жатқанын көресің.
Көктегі бұлттар тауынан бұршақ жаудырып, оның (зиянын) қалағандарға
жеткізеді және өзі қалағандардан аулақ етеді.[24]
Аяттардағы кезеңдер ғылым дәлелдеріне еш қайшы келмейді. Нұр сүресінің
аятындағы бұлт таулары сөзі нені меңзейді. Метеорологтар зерттеуі бойынша
ол бұлттар биіктігі 25000-30000 мың футты құрайды екен. Шынымен де тау
биіктерімен сәйкес келмей ме?
Жаңбырдағы өлшемділік
Құран- Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде жауатыны туралы былай
делінген:
والذي نزل من السماء ماء بقدر فأنشرنا به بلدة ميتا كذلك تخرجون
Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су беруде. Біз онымен өлі бір
өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта
тірілесіңдер.[25]
Жаңбырға байлынысты айтылған бұл мөлшер де технология мен ғылымның
дамыған біздің заманымызда табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша,
жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл
мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне
жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су әрдайым
белгілі бір тепе теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәлде
болса бір өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып,
тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес,
сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз
дегенде 1200 биіктікте болады. Егерде үлкендігімен салмағы жаңбыр
тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 сағ жылдамдықпен
келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат
бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер
бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 кмсағ-дан аспайды. Деп
қазіргі ғылым тауып жатса, осыдан 14 ғасыр бұрын Құранда айтып кеткендігін
көреміз.
Желдің тозаңдау қызметі
وأرسلنا الرياح لواقح فأنزلنا من السماء ماء فأسقينا كموه
Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жауғызып,
сендерді сусындандырдық[26]... аяты жаңбырдың жаууында, желдің
тозаңдандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-бірімен қақтығыстырады. Бұл
қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады. Жел бұлттарды сығыстырып
тығыздау арқылы жерге жаңбыр жауғызады. Демек, желдің позитив-негатив
бұлттарды сығыстырып, тығыздап, тек қана оң немесе теріс зарядты жаңбыр
жасап жауғызуы, тозаңдауы болмақ. Мұнымен қоса жел ескен уақытта
өсімдіктердің аталық тұқымдарын аналық тұқымдарына қондыру арқылы оларды
тозаңдандырады. Міне, Құран-Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналық-
аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив-негативті бұлттар да
тозаңдандыру қызметін атқаратынын ашық айтып кеткен. Кешірек білінген
аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын жай бір адамның білуі мүмкін емес
еді.
Жер планетасы да қозғалады
Аллаһ Тағала Құранда таудың қозғалысын жүру немесе атқару мағанасында
айтады. Қазіргі ғалымдар мұны континент дрейфі деген терминмен атайды.
Бұл жер қыртысының қозғалысы ХХ ғ басынды ашылған. Ғылыми әдебиетте
тектоникалық плиталар жер бетімен қозғалатыны және өзімен бірге континент,
мұхит түбінде ала жүретіндігін түсіндіреді. Материктердің қозғалысы жылына
1 ден 5 см-ге дейін құрайтыны есептелген.Олардың қозғалысының нәтижесінде
жердің географиясы біртіндеп өзгереді.
Ғылым жақында ашқан жаңалығында жердің қозғалыста екені туралы айтты.
Бірінші қозғалыс, бұл жылдық қозғалыс, табиғаттағы жыл мезгілдерін
реттейді. Ал екінші қозғалыс бұл тәуліктік қозғалыс, бұл күн мен түннің
алмасуына әкеледі.
إن ربكم الله الذى خلق السموت والأرض في ستة أيام ثم استوى على العرش يغشى
اليل النهار يطلبه حثيثا والشمس والقمر والنجوم مسخرت بأمره ألا له الخلق
والأمر
Тауларды көріп тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді
жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Аллаһтың шеберлігі Бұл жердің жылдық
айналымына дәлел болса, ал жердің тәуліктік айналымына мына бөлігі дәлел
болмақ:
Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды,
жұлдыздарды да әміріне бағындырған.[27]
Жердің домалақтығы
Басқа бір аятта:
يكور الليل على النهار ويكور النهار على الليل
Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды -деп жердің шар
тәріздес екендігін анық білдіреді.
Араб тілінде такуир сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір нәрсені орау,
байлау деген мағананы білдіреді. Демек жер шар тәріздес болғандықтан күн
мен түн үшін орайды сөзі қолданылып отыр. Осылайша Құран такуир сөзі
арқылы жердің шар тәріздес екенін білдіреді. Назиғат сүресінің отызыншы
аяты жер пішінінің аздап сопақтау екенін білдіреді:
والأرض بعد ذلك دحاها
Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді* - деп
анық, айқын түрде білдіреді.
Жердің айналу бағыты
وتري الجبال تحسبها جامدة وهي تمر مر السحاب
Тауларды көріп, оларды табжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса,
бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда.
Аллаһ Тағаланың адмдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып
түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес,
сонымен қатар оның айналу бағыты да таңғаларлық білгірлікпен айтылып
кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-
4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан
батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін көбінесе батыстағы
жағдайға назар аударылуының себебі де содан. Ал, бұлт жиындарының батыстан
шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені
жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл
ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет
емей немене?
Ал, енді отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шарымызбен жылыуын күлімдей
төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне байланысты 135 немесе 149,5
миллион шақырым. Егер осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз
мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды немесе аз мөлшерде
көбейсе, күйіп-жанып кетерімізді бір мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен
Күннің арасындағы осы ыңғайлы арақашықтықты қойып, оны ғасырлар бойы
бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты айналу орбитасы,
қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер шары сағатына 1670 шақырым жылдамдықпен
өз-өзін айналса, Күнді сағатына 108000 шақырым жылдамдықпен айналады. Егер
осындай жылдамдықпен жүретін көлік жасалған жағдайда жалпы дүниенің
шеңберін 22 минутта айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл
сандар тек жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы мүлде таңғаларлық.
Ғарыштық (космоста) жүйелердің көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары
да арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы орталығын айналудағы
жылдамдығы сағатына тұп-тура 720000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200
миллиард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының ғарыштағы жылдамдық
мөлшері сағатына 950000 шақырым. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы әрі
өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып, қақтығысуы әбден мүмкін бола
тұра ғарышта ешбір ақауға куә болмадық. Иә, миллиард жылдар бойы
жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен жалғасуда. Мысалы, біз
автокөлікпен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатып, оқыс тоқтасақ,
терезе әйнегін быт-шыт қып сыртқа тесіп шығаратынымыз анық. Ал енді біздің
сенімді бесігіміз – Жер шары бір мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты
жылдамдығын аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа тарыдай
шашылып кетер еді. Демек, миллиард жылдар бойы Жер анамызды және басқа да
жұлдыздарды бір мезет тоқтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты
жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы Жаратушы болуға тиіс. Егер
мұның бәрін кездейсоқ жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол
сенімсіз кездейсоқтың әсерінен Жер - анамыздың тоқтап немесе жылдамдығында
кідіріп қалуынан еш қорықпастан, уайымдамастан үстінде жайбарақат жүрміз?
Бұлда болса бір Аллаһ Тағаланың құдіретін, ілімін, шеберлігін көрсетеді.
Темірдің пайда болуы
Ауыр металдар тек өте жоғарғы температурада пайда болады. Және
миллиондаған градус пен өлшенетін алып жұлдыздар ядросында пайда болады.
Күн системасында тіпті темір секілді металды түзетін еш ғаламшар жоқ. Ал
темірдің күннен әлдеқайда үлкен жұлдыздар ядросында пайда болатыны ғылыммен
дәлелденген. Яғни жұлдыз ішіндегі темір мөлшері көбейіп, температурасы
өскенде, өзімен-өзі жұлдызда жарылыс туып, сыртқа шығарылады.
Бұдан кейін метеорит пайда болып, ғарыш кеңестігіне шығады. Бір сөзбен
айтқанда темір біздің жер планетасында түзілуі мүмкін емес. Демек қазіргі
кездегі темір кендері сол метеориттердің біздің жерге енуі кезінен қалған
қалдықтар боп есептеледі. Ал бұны ғылым өткен ғасырда ғана тапқан.
14 ғасыр бұрын түскен Ұлы Құранда Аллаһ Тағала былай дейді:
وأنزلنا الحديد فيه بأس شديد ومنفع للناس و ليعلم الله من ينصره ورسله
بالغيب إن الله قوي عزيز
Сондай-ақ біз темірді түсірдік. Онда күш-қуат және адамдар үшін пайдалар
бар. Аллаһ ғайыпта тұрған қалпында, өзіне және пайғамбарына жәрдем
беретіндерді білу үшін. Әлбетте Аллаһ күшті де құдіретті.[28]
Бұл аяттан көріп тұрғанымыздай темірдің түсірілгені айтылады. Демек
бұндайды Пайғамбар заманында қайсібір адам білді екен?!
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажырамас бөлігі – таулардың
әрдайым қозғалыста болатыны турасында былай делінген:
وترى الجبال تحسبها جامدة وهي تمر مر السحاب
Тауларды көріп, оларды көріп тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар
болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда.[29]
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты болады. Жер
қабығы болса, мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш 20 ғасырдың
басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда
біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені
туралы тұжырымды ортаға салған болатын.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес, ғылыми
ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни, 1980 жылдары
ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай ғасыр бұрын
бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – Құранда айтылып кеткен еді...
Вегенердің 1915 ж. Жарияланған мақаласында мына деректер келтірілген еді:
жер бетіндегі құрлықтар шамамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған,
Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Шамамен 180
миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған
бұл екі құрлықтың бірі – Африка, Австралия, Антарктика және Үндістанды
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Америка және
Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия болатын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған бұл құрлықтар
үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметірлік жылдамдықпен жылжып отырады.
Бұл жерде айта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz