Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ - КОНФУЦИЙ ІЛІМІ8

1. 1 Конфуций ілімінің негіздері мен ерекшеліктері8

1. 2 Конфуций ілімінің рухани құндылықтары26

II КОНФУЦИЙ ІЛІМІНІҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ43

2. 1 Қазіргі Қытай қоғамындағы Конфуций ілімінің ықпалы43

2. 2 Конфуций іліміндегі адамның қазіргі қоғамдағы модернизация процесіне бейімделуі53

ҚОРЫТЫНДЫ61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65

КІРІСПЕ

Конфуцийдің өзі ертедегі ойшылдардан үйрене отырып, олардың сөздерін өздерінше ойланып - толғануға мүмкіндік қалдырса, енді көне мұраға абсолютті бедел, мызғымас қуат ретінде қабылдау доктринасы күшіне енді. Уақыт өткен сайын, конфуциялық ілім мен тәрбие өткенге, тарихқа үлкен мән берді.

Өткендегі "алтын ғасыр" болашақтың да үлгісі болады, деген үміт күшейе түсті. Мұндай түсініктен практикалық нақты тұжырым: заман өзгерсе де қоғамдағы қалыптасқан тәртіпті және қытайлықтардың келбетін сақтау, - басты міндет деген ұйғарым туындады.

Конфуций идеясы, ілімі, идеологиясы екі мың жылдан артық уакытта қытайлықтардың сана - сезімін қалыптастырды, олардың мінез - құлқына, психологиясына, сеніміне шешуші ықпал етті, өмір салтын жалғастырды. Осы бас бағыт пен үлкен әрекет барысында ұлттық тұтас менталитет қалыптасты. Мұның бәрі де ұлттық мінездегі конфуцийлік ерекшеліктер еді.

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт - жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси - философиясының негізін салушылар Конфуций, Сао - цзы, Мао - цзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың Қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс - тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған ілімдерімен танысамыз. Бүгінгі біздің бітіру жұмысымызда қарастырылып отырған осындай ілімнің бірі - Конфуций ілімі. Қоғамдағы жеке тұлғаның мән - маңызы Батыс пенШығыста біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Қытайдың рухани мәдениетінде бұндай рөлді Конфуций ілімі алды.

Конфуцийліқ доктрина қытай жерінде күшті мемлекеттің құрылуына, әлеуметті тәртіп тұрғысынан ұйымшылдықпен сақтауға үлкен септігін тигізді. Бұл доктрина қытай өмірін қилы - қилы заманда мемлекет деңгейінде реттеді.

Қытайдағы инвестицияның көп бөлігін шетелдердегі байқуатты қандастары құйған. Басқа жерден табыс табады да, ақшасын Қытайға алып келеді. Бұл дәстүрлі құндылықтардың негізінде туған ілім мен сенімнің жемісі. Қытайдың рухани дүниесінен үйренуіміз керек деудің себебі де осы. Қытай атомдық технологияны, ғарыштық технологияны игерді, артық болмаса, ешкімнен кем емес. Қалай болғанда да біз басқа мемлекетке барып келгенде, дипломатиялық қатынас жасағанда таң қалу үшін емес, олардың осындай ішкі тұңғиық сырларынан үйренуіміз керек. Отбасылық борыш мемлекеттік борышқа айналса ғана, ұтамыз.

Қазіргі кезде көңіл аударарлық жәйт бұл Қытайдағы әлеуметтік - экономикалық жағдай. Аз ғана салыстырмалы уақыттың ішінде мемлекет экономикалық дағдарыстан шығып, жаңа сапалы саяси экономикалық дамуға түсті.

1949 жылға дейін Қытайда Конфуций ілімі ресми идеология болды. 50-ші жылдардан бастап көптеген жылдар бойы Конфуцийшілдік қатаң қадағаланып отырды. Бірақ уақыт өте келе мемлекет өзінің дағдарысын шешуге мәжбүр болған жағдайда Қытай қоғамы Конфуций ілімі мен олардың жалғастырушыларына көңіл аудара бастады.

Соңғы жылдарда Конфуцийшілдік өзінің ықпалын шығыс аймақтарында жоғалтпай, керісінше өзінің деңгейін әрдайым күшейтіп жатыр.

Шығыс елдері және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері дәстүрлі қытай мемлекетінің өркениетінің ықпалына кіретін, яғни конфуцийшілдік идеялары осы мемлекеттердің халықтарына жақандануына зор ықпалын тигізеді. Экономикалық жетістіктерін “Маленьких Драконов Юго - Восточной Азии” көптеген ғалымдар және саяси зиялылар конфуцийшілдікпен байланыстырады. Қазір ХХІ ғасырда, кейбір Шығыс Азия мемлекеттері, фундаментальдық конфуцийшілдік құндылықтарын сақтап қалып, өзінің экономикалық әлеуметтік дамуында алға шыққан себептерін ғылыми және саяси тұлғаларды толғандырады.

Экономикалық „ғажаптың” жаратушысы Ли Куан Конфуцийшілдіктің маңыздылығын айтып өткен: “Мы на этом держимся, если мы позаимствуем западные моральные ценности, силы сцепления, которые поддерживают наше общество, рухнут”. Шығыс және Оңтүстік - Шығыс елдерінің экономикалық ресурстары және этикалық ресурстары конфуцийшілдікке жаңаша көзқараспен қарап және бұрын соңды елемеген құндылықтарына көңіл аудартқызады /1/.

Қазіргі Қытайдың саяси және әлеуметтік процестері объективтік тұрғыда зерттеле алмайды, өйткені қазіргі болып жатқан жәйттарды тани отырып, сонымен қатар ұлттық саяси - қоғамдық идеалдарының ерекшеліктерін, яғни негізгі қоғамдағы жаһандануы ретінде Қытай қоғамының тарихи дамуын дұрыс түсінбеген болса, өзінің объективтік сараптамасын бере алмайды.

1999 жылы қазан айында Пекинде және Цюйфуда Конфуцийдің туғанына 2550 жыл болғанына байланысты халықаралық конференция өтті. Осы конференцияда ғалымдар Конфуций ілімі Батыс елдеріне де өзінің пайдасын тигізетінін атап өтті. Р. Деллиос өзінің “Конфуцианская парадигма глобальной политики” докладында қазіргі әлем өте қатты жаһандануын атап өтті. Әлеуметтік және саяси коммуникациялардың әлемдік экономиканың дамуы - бұл қазіргі уақыт шындығы болып табылады /2/.

Басқаша сөзбен айтқанда - бүкіл әлем бірлігіне инфраструктура дайындалу үстінде. Бірақ бұл бірлік материалдық бірлік болып табылады, ал рухани бірлік Деллиостың және басқа ғалымдардың ойынша Конфуцийшілдік бола алады.

Көптеген Батыс саясаттанушылары, соның ішінде С Хонг - Тингтон „конфуцийліқ демократия” ішкі қайшылықты түсінік болып табылады деп есептейді: олардың ішінде бірыңғай мойындалатын факт дәстүрлік Конфуцийлік не демократиялық не антидемократиялық деп есептеу. Дегенменде Ф. Фукуяма өзінің „Конфуцийшілдік және демократия” деген еңбегінде, конфуцийліктің демократияға қарсы емес аймағын қарастырған. Осындай аймақтық бірі ретінде ол мемлекеттік аппаратқа ұсынлушыларды таңдауда емтиханның дәстүрлі конфуцийлік жүйесін атап көрсетеді. Конфуцийлік пен демократияның бір - біріне қарсы келмеуінің келесі аймағын ол демократияның маңызды белгісі болып табылатын білімге деген назардың жоғары болуы, сонымен қатар қоғамды әртүрлі жаңалықтардың түрін қабылдауда Конфуцийлік моральдік қажеттілікке мән бере отырып, жоғары ұйымдасқан қоғамды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары құратындығынан көрінеді.

Конфуций ілімі, Конфуцийшілдік жайында Батыс ғалымдары, орыс және қытай ғалымдары көртеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, төптеген еңбектер жазған. Мысалы айта кететін болсақ: Афанасьев А. Г. „Борьба против конфуцианства в период „движения за новую культуру”. - Конфуцианство в Китае. Проблемы теории и практики. - Москва, 1982. Кобзев А. И. Проблема природы человека в конфуцианской социальной утопии. - Китайские социальные утопии. - Москва, 1987. Переломов Л. С. „Книга правителя области Шан” (Москва, 1993), „Конфуцианство и легизм в политической истории Китая” (Москва, 1981), „Конфуций „Лунь юй”” (Москва, 1998), „Слово Конфуция” (Москва, 1992), „Мао, легисты и конфуцианцы” (Москва, 1975) . Сонымен қатар көптеген батыстық, қытайлық және отандық ғалымдардың зерттелген еңбектері сан алуан.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - Конфуций ілімінің құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи - әлеуметтік тұрғысынан талдаулар жасау; Конфуцийшілдіқтің негізгі ілімін сараптаудан өткізу және қазіргі Қытай өркениетінде танылған - Конфуций ілімінің ықпалын, ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:

  1. Конфуций ілімінің негіздері мен ерекшеліктерін анықтау;
  2. Конфуций ілімінің рухани құндылықтарын көрсету;
  3. Қазіргі Қытай қоғамындағы Конфуций ілімінің алатын орны мен ыпалын анықтау;
  4. Конфуцийшілдік жеке тұлғаның қазіргі қоғамға бейімделуін көрсету.

Зерттеу жұмысымыздың жаңалығы.

Бітіру жұмысымыздың ғылыми жаңалығы - Конфуций ілімінің негізгі құндылықтарына тарихи - әлеуметтік талдаудың жасалуында және қазіргі қоғамдағы ықпалын ашу.

Бітіру жұмысымыздың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ - КОНФУЦИЙ ІЛІМІ

1. 1 Конфуций ілімінің негіздері мен ерекшеліктері

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт - жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктерін көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне апарады. Ежелгі мемлекеттің өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси - философиясының негізін салушылар Конфуций, Лао - цзы, Моцзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс - тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған ілімдерімен танысамыз.

Ежелгі Қытай саяси - этикалық философиясының әртүрлі мектептері болды. Олар бір - бірінен адамның мінезі мен мәні, оның қоғам мен мемлекеттегі орны, адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым - қатынас т. с. с. мәселелерді шешуге деген тәсілінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытай философтары табиғатқа емес, адамға, қоғам мен мемлекетке көп көңіл аударады. Олардың барлығына қалыптасқан әлемді өзгертуге деген талпыныс пен адамзатты ұйымдастыруының негізіне ең идеалды, ең мақсатты, ең әділетті болып көрінген принциптерді қалау тән болды.

Жеке адамның мән маңызы Батыс пен Шығысты біздің эрамызға дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де Еуропалық „болмыста жеке адамға ғана табынуды жақтау” дәстүрінің негізі жеке адамды өзіндік бір әулие ретінде қарайтын христиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетіндек бұндай ролді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық идеалдық қасиеттерін бойына жинақтаған „Цзюнь - цзы” (Қайырымды адам) атқарды. Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (Чжань го) дәуірлері - ежелгі Қытай тарихында өзгеріске толы кезең еді. Қоғамда болған әлеуметтік - экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей қоймайды. Ежелгі Қытай ойшылдарының таңқалған назарларының алдында бұрын беймәлім адамның мінезі мен жүріс - тұрысы ашылды. Егер бұрын жеке адам өзінің жүріс - тұрысын, талпынысын, туысқандық коллектившілдікке бағындырып, өзін жанұядан сырт елестете алмайтын жанұяның бір құрамды бөлігі ғана болса жерге жеке меншіктің пайда болуы, жеке кәсіптердің, сауданың дамуы, қалалардың бой көтеруі оны жанұядан алыстатты. Адамдардың жүріс - тұрыстарында да өзгерістер болды. Кей кезде атасы кедей, немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарынан көмек көрсетуден бас тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Осындай адамдардың моральдық құлдилауы ойшылдарды таңқалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен, қайтып келмес „Алтын ғасырды” аңсады. Бұл Конфуций ілімінде де байқалды.

Ежелгі Қытай ойшылдары сияқты Конфуцийді де адам табиғаты қызықтырмай қоймады. Ол алдымен ең болмағанда өзі үшін оның түп тамырын ұғынғысы келді. Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдармен әңгімелесу оған жұбанышты қорытындыны бермеді. „Лунь юй” (әңгімелсу және талқылау) кітабында өзі енгізген „жэнь” (адамгершілік) ұғымына сипаттама берген кезде, біз адам табиғатына оның берген нақтылы анықтамасын кездестіреміз: Ұстаз „Конфуций” айтты: „Байлық пен атақтылық міне осыған барлық адам талпынады. Егер олардың бұған жетуіне Даоны „Жол” тағайындамасақ, онда оған жетпейді. Кедейлік пен жеккөрушілік - міне осыны барлық адамдар жек көреді. Бұдан құтылу үшін Даоны (жолды) тағайындамасақ, онда олар бұдан ешқашан құтылмайды. ”/3/

Конфуцийдің пікірінше, байлық пен атаққұмарлыққа талпыну, кедейлік пен жеккөрушілердің қатарында болып қалудан қорқу адам табиғатына тән бірдей нәрселер. Ежелгі Қытай ойшылдары соның ішінде Конфуцийден жүз жыл кейін өмір сүрген Ян Чжу Конфуцийдің көзқарастарын қолдады. Ян Чжу ұзақ өмір сүру мен атақ абыройды қосып төрт негізгі талпынысты атап көрсетті: „Адамдарға тыныштыққа жетуге маза бермейтін төрт нәрсе бар:

  • бірінші - ұзақ өмір сүруге талпыныс;
  • екінші - атақ абырой;
  • үшінші - қоғамдағы жағдай;
  • байлық.

Осы төрт нәрсені иемденушілер рухтан қорқады, адамдардан қорқады, күштен қорқады, жазалаудан қорқады. ” /4/

Конфуцийдің адам табиғаты туралы айтқандары аса көп емес, мүмкін бұл ұстаздың өзін қоршағандардың ренжіткісі келмегенімен түсіндірілген шығар. Дегенмен „Лунь юйде” кездесетін кейбір айтқандарына қарап Конфуцийдің адамның табиғи қасиеттеріне соншалықты масаттанбағанын шамалауға болады. Цзы Гун (Конфуцийдің сүйікті шәкірттерінің бірі) айтты: „мен басқа адамдардың көреалмағанын қаламас едім, сонымен қатар өзімнің басқа адамдарды қорлағанымды да қаламас едім”. Ұстаз айтты: „сен бұған ешқашан жетпейсің”/5/.

Конфуций үшін басты нәрсе адамның жасырын табиғатын анықтап алып, оған қажетті бағытта әсерлі ықпал ету болды. Адамдар егер, оларға тұрақталған даомен жүрсе, сонда ғана өздерінің талпыныстарын іске асырып, тіпі жексұрын жағдайлардан да құтыла алады. Конфуций „Дао” түсінген (Дао - Цзыдан айырмашылығы) тек „адам” тақырыбымен байланыстырды. Адам мен Даоны салыстыра отырып, Конфуций өзінің ілімінің орталық тақырыбы адам екенін атап көрсетті. „Лунь юйде” Дао (жол) Конфуцийдің тұтас ойларын, принциптерін, әдістерін білдірді. Даоның көмегімен ол адамдарды ақиқат жолында бастауға, бағындыруға, оған әсер етуге әзірленді. Даоны ұғыну бұл, яғни ақтқатты түсіну жолына бастау.

Дегенмен, Конфуций әркімнің оның даосын игеруге қабілетті екеніне сенбеді, бірақ мұндай мүмкіндіктің бар екенін естен шығармады. Конфуций қоғамда әлеуметтік теңсіздік бар екенін, адамдардың жоғарғылар мен төменгілердің, байлар мен кедейлер деп бөлінетінін түсіндірді. Бірақ бұндай теңсіздікті қалай жоюға болады? Оған адамдардың әлеуметтік жағдайларына қарамай, оларды моральдық - этикалық жолмен тәрбиелеу арқылы ғана жетуге болады. Егер қанаушы мен қаналушы, әмір мен қызметшілер тұрақталған моральдық - этикалық принциптерді ұстайтын болса, Конфуций ілімі бойынша, әділеттілік жеңіске жетеді.

Алғашқы кезеңдегі Конфуцийшілдер әлеуметтік мәселелерді экономикалық жолмен емес, адамгершілік рухындағы оқытулар мен және этикалық ережелер арқылы шешуге тырысты. Конфуций оларды „аспанның” өзі биік жүргізуге жіберген деген.

Конфуций осыған орай жалпы Қытай қоғамын, адамдарды үш категорияға бөлді:

  • біріншісі. Цзюнь - Цзы (қайырымды адам) ;
  • екіншісі. Сяо жэнь (сөзбе - сөз аударсақ „кішіпейіл адам”, „арам адам”) ;
  • Жэнь (адам) .

Цзюнь - цзы және Сяо жэнь - бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше жүздеген жылдар бойы тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге Қытай ұлтының рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Цзюнь - цзы Конфуций ілімінде орталық орындардың бірін алады. Оған идеалды адамның ролі берілген, басқа екі категорияның өкілдері еліктеу үшін көрнекті мысал.

Сяо Жэнь - өзіне әрі этикалық, әрі әлеуметтік жүкті көтерген, бір мағыналы емес термин. Бұл термин көбінесе Цзюнь - Цзыға қарама - қарсы қолданылады.

Жэнь термині - әдеттегі қарапайым адамдарды айқындау үшін қолданылады.

Конфуций іліміндегі адам - бұл жанұя мүшесі, әлеуметтік адам, өз орнын, коллективтегі орнын анық білетін адам. Адамдар тең емес. Олардың әлеуметтік - жанұялық жағдай, ең алдымен өзіндік абыройы мен қызметі тұрғысынан қатты өзгеруі мүмкін, сондықтан тең болуы да мүмкін емес. Бірақ олардың әрқайсысына қоғамдағы орнын көрсету - Конфуций ілімінің зор еңбегі осында. Бұның мәні ақыр - аяғында „барлығы адамдардың игілігі үшін” дегенге саяды. Бұған дейін билеушілердің даналықтарын коллективтік санамен барлық қоғаммен жүріс - тұрысының бейнесі ретінде қараса, Конфуций әдеттегі қарапайым адамға сүйенді. Бірақ шындығында, кез - келгенге емес, адамгершілті, ақылды, қабілетті және білімге ұмтылған, өз ойларымен жүріс - тұрысына сенімділерге, нақтырақ айтсақ „қайрымды адамдарға” сүйінді.

Н. А. Бердяевтің айтуынша: „адам - ол не құдайға сеніп өмір сүруге, не идеалмен үлгі тұтып, табынуға сеніп өмір сүруге лайықталған”/6/.

Қытай халқы үшін осындай идеал ретінде ұзақ ғасырлар бойы Конфуций сомдаған „Цзюнь - цзы” болды.

Үлкен әріпті адам, яғни Цзюнь - цзы болу, Конфуцийдің пікірінше әркімнің қолынан келеді. Дегенмен философ тәжірбиеде шәкірттерінің зеректігін жоғары бағаласа да, адамдар әртүрлі қабілетке ие екенін жақсы түсінседе, адамдарға сенді, кез - келген „Дао” жолына түссе, өзгеретіндігін, өзін - өзі жетілдіретін, идеалға жақындай түсетіндігіне сенді. „Тек ең ақылдылар мен ең ақымақтар ғана өзгермейді”. Ең ақымақтар жайлы айтпасақта түсінікті. Ал ең ақылдыларға Конфуций ежелгі кезеңдердегі даналардың кейбіреуін ғана қосты, ал өз замандастарын, тіпті өзін де ең ақылдылардың санатына қоспады. Конфуций өзін көне заман, көне заман жаналарын жақсы көретіндердің қатарына қосты. Енді, Конфуций іліміндегі идеал, кемелденген адам Цзюнь - цзынь қарастырайық. Астан - кестең өмір қарсылығына төтеп беретін әрі өзінің абыройын сақтап қалатын тек „Қайрйымды адам”. Рухани негізі жоғарғы моральдан құралғандар „Қайырымды” болып табылды. „Аштықтан өлу - бұл үлкен уақиға емес, ал адамгершіліктен айырылу бұл үлкен оқиға” деген Конфуций /7/.

Қайырымды адамға Конфуций мынадай өнегелі қасиет берген:

Кунь - Цзы (Конфуций) айтты: „Қайырымды адам тоғыз нәрсе туралы ойлайды

  • анық көру туралы; анық істеу туралы; оның жүзі ақжарқын болу туралы; оның іс - қылығы ізетті болу туралы; сөзі шынайы болу туралы; оның қимылы сақ болу туралы; күдік туған кезде өзгелерден сұрау қажеттігі туралы; ашу - ызаның зардабы неге әкеліп соқтыратыны есінде болу қажеттігі туралы; пайда табуға мүмкіндік бар кезде әділеттілік қажет екені туралы”/8/.

Ұстаз „Конфуций” айтты: „Қайырымды адам әртүрлі қабілеттерге ие емес екенініе мазасызданады, бірақ адамдар ол, Цзюнь - цзы, туралы білмегеніне мазасызданбайды”/9/.

„Цзы - Гун сұрады: Қайырымды адамның біреу - міреуге деген жеккөршілік сезімі бар ма? Конфуций жауап береді: Жек көрушілік сезімі бар. Адамдар туралы жаман айтқандар оған жек көрінішті. Төменде тұрып жоғарыдағылаға жала жабатындар оған жек көрінішті. Батыл бола тұрып, салт - дәстүрді сақтамайтындар оған жек көрінішті. Табанды бола тұрып, ойламай қимылдайтында оған жек көрінішті”/10/.

Бұл келтірілген Конфуцийдің пікірлерінен қайырымды адамдарының өнегелі байлығы көзге елестетуге болады. Цзюнь - цзы бұл этикалық және моральдық нормалардың іске асуы. Конфуций оған спайылық, шыншылдық, әділеттілік, құрметтеу, бай болу, ой - арманын іске асыруға талпыну сияқты қасиеттер тән ейді. Цзюнь - цзы ешқашан өзінің қол жеткігенімен тоқтап қалмайды. Ол үнемі жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіре түседі. Адам өзінің ішкі дүниесінің жетіспеушілігін түзету қажет.

Егер біз Конфуций іліміндегі ең маңызды ұғым - „жэнь” (адамгершілік, адамсүйгіштік) жайлы айтпасақ, қайырымды адам - ның моральдық абыройы толлық болмаған болар еді. Жэнь мәселесі (адамгершілік мәселесі) барлық дәуірдің мәселесі. Оның пікірінше „жэньнан” айырылған адам Цзюнь - цзы емес. Енді осы ұғымға тоқталайық.

„Жэнь” ұғымы жан - жақты. „Жэньге” иелерге бұл қасиет өмірден қымбат, ол қандай да бір өзіндік терең нәрсе. Адамға келген әрі берекет, бір көп нәрсеге міндеттендіретін ауыртпалық. Ол адамға жаңа әлемді ашады, оған барлығына басқаша қарауға көмектеседі. Жэнь - қоршаған әлемнің әдемілігі бірақ бос бояма сөзбен, кекірейген үлгі - Жэнь емес; Жэнь - шынайы, ішкі жан дүниенің байлығы, және де аса мол қажеттілік; Онсыз қол жеткізген біліміңді сақтап қала алмайсың. Жэньге ие болу үнемі жетіліп отыруды шамалайды; Жэньді жақсы көру және оқуды жақсы көрмеу - ақымақтық. Олай болуы мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
Қытай халқы мәдениеті
Конфуций діні
Білімдендіру философиясы дүниетанымның жаңа моделі
Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Этиканың құрылымы
Ұлттық тұлға қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Қытай. Үнді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz