Аспан әлемі үнемі кеңеюде



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім.
Бірінші тарау. Әлемге байланысты
1 Әуеліде көк біртұтас
болған ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Барлық нәрсе судан
жаралған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Аспан әлемі үнемі
кеңеюде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 Жердің
домалақтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
5 Жердің айналу
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
6 Жұлдыздардың көкте
жүзуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7 Аспанның кері қайтару
қабаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
8 Қорғау
төбесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
9 Жеті қабат
көк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
10 Таулардың құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11 Таулардың
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
12 Теңіздердің
араласпауы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
13 Жаңбырдағы
өлшем ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
14
Темір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
15 Биікке көтерілген сайын кеуденің
қысылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
Желдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
17 Барлық нәрсе өлшеммен
жаралған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Екінші тарау. Адамның жаратылуына байланысты
1 Адам баласының дүниеге
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Шәуеттің бір
тамшысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3 Шәуеттегі қоспа
сұйықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
4Сәбидің
жынысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
5 Құрсаққа ілінген
ет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
6 Сүйектердің етпен
қапталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7 Үш
қараңғылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
8 Ана
сүті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
9 Саусақтағы
мөр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
10 Терінің
әлсіздігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
Үшінші тарау. Денсаулыққа қатысты
1 Арақ темекінің
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2 Мас деп аталған жағдай қалай
туылады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Арақ адам денесінде қандай зардаптар
туғызады? ... ... ... ... ... ... .. ... .
4 Ислам дінінің арақ жайлы
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
5 Темекіге байланысты бірнеше
мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
6 Темекінің ас қорыту жүйесіне тигізетін
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ...
7 Тыныс алу жолдарына тигізетін
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
8 Темекі тарту және екі қабат
болу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Төртінші тарау. Қоғамға байланысты
1. зинақорлық анық
арсыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бесінші тарау. Жануар және өсімдік әлемі
1 Жануар және өсімдік
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Тіршіліктің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3 Өсімдік
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
4 Тағамның
әртүрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
5 Жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
6 Жануарлар әлеміндегі
туу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7 Жануарлар шоғырының бар
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
8 Аралар, өрмекшілер және құстар жайындағы мағлұматтар ... ... ... ... ..
9
Аралар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
Құстар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Алтыншы тарау. Құранның ғайып хабарларын қамтуы
2. Құранның ғайып хабарларын
қамтуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
3. Өткенге қатысты ғайып
хабарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Болашаққа қатысты ғайып
хабарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Рұм сүресіндегі
хабарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
6. Құранның жын және адамзатты күреске шақыруы ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды сөз
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан, әуелі мен
ақыры болмаған Ұлы Жаратушы Жаппар Ие Аллаһ Тағалаға тән. Оның адамзатты
қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бақыттылыққа жеткізу үшін, рақым етіп
жіберген адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры,
жартылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы пайғамбары – Хазіреті
Мухаммадқа сәлем жолдап, салауат айтамыз.
Аллаһ Тағаланың шарапатымен еліміз Қазақстан тәуелсіздігін алып,
егеменді ел болғалы дініміз де бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты
көктемде қайта оралды.
Осыған орай, елімізде, халқымыздың рухани дүниесін байыту жолында
көптеген кітаптар жазылып, діни журналдар халық қажеттілігін өтеу үшін
шығарыла бастады. Соңғы жылы Алтын қалам баспасы тұсауын кескеніне көп
болмаса да , діннен сусаған халықтың шөлін басуға көптеген елеулі еңбектер
шығарып, дін қызметіне тыңнан зор үлес қосып жатыр. Қазақстан Мұсылмандары
діни Басқармасы қолдауымен Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университеті
ашылып, халыққа имандылық нәрін себер ислам мамандарын даярлап, дін
қызметін жолға қоюы да дін ісінің алға басуы десек болады.
Десек те, әлі де дінді көненің көзі деп, исламды намаз оқу, ораза
ұстау сынды ғибадаттармен ғана шектеледі екен деп ойлайтындар аз емес.
Бүгінгі ғылым дамыған ғасырда адам баласы көптеген жетістіктерге қол
жеткізді. Ғалымдар бар күш-жігерін салып, дамыған технологиялар көмегімен
жылдап зерттеулер жүргізіп, сол арқылы әр салада жаңалықтар енгізіп жатыр.
Алайда, сол таңқалдырар жаңалықтары, осыдан 14 ғасыр бұрын исламның
шамшырағы, ақиқат шуағын сепкен Құран Кәрімде дәл бүгінгідей ғылыми
дәлдікпен , өте қысқа тілмен жеткізілген. Ғылыми технологиялардан махрұм
бір заманда Құранның дәл осылай баяндаулары оларды таң қалдырып, Құранның
алдында бастарын иіп , Оны Аллаһтың сөзі екендігіне көздерін жеткізген
ақиқатты, исламды қабылдаулары арқылы әлемге паш етіп жатқанын біреу білсе,
біреу білмес. Осы тақырыпта бұл зерттеудің маңызы зор дегім келеді. Бұл
ретте, Ислам анау айтқандай түрлі ...изм - дерге жатпайтынын айттым
болды, тында да жығыла бер дейтін дін емес, ақыл-ойға жетелейтін, ілім-
білімге ұмтылдыратын, адамгершілік пен игілікке шақыратын дін екендігін
ақыл-ой елегіне салар деген ниетпен ғылыми жетістіктерді Құран аяттарымен
байланыстырып, көрсетуді жөн көрдік.

Зерттеудің нысанасы:

Исламның алғашқы парызы болып, иман ( сенім) келеді. Ислам діні ақиқат
дін екеніне күмансыз және нақты сенген адамның нанымын ақиқат иман, дұрыс
сенім деп атайды. Ол - ақида ғылымы саналады. Бұл ғылымда жалған ұрандар
арқылы көпшілікті алдап, дінге еліктіру саясаты емес, керісінше, ғылыми
дәлелдер арқылы құдайшылдыққа үндеуді нысанаға алады. Бұған Құран Кәрімнен
дәлелдер келтірсек.
Дүниеде барлық нәрселер жұп етіп жаратылған. Бұл қазіргі уақытта
ғылыми негізде дәлелденгені даусыз. Мысалы, Құранда өсімдіктер жайлы былай
делінген:
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда қанша жұп-жұп нәрселер өсіріп
қойдық[1]
Ал, адамзат пен жануарлар әлеміне қатысты:
Көк пен жердің Жаратушысы сендерге өз жыныстарыңнан жұбайлар
жаратып, хайуанды да жұптап жаратты [2]
Құран Кәрім бұл айтылғандармен шектеліп қалмайды, дүниедегі барлық
нәрселер жұп болып жаратылғанын баян етеді.
Кіршіксіз пәк Аллаһ барлық нәрселерді : жерден өнген нәрселерді,
өздеріңнен болғандарды да және олар білмейтін нәрселерді де жұп-жұп етіп
жаратқан [3]
Жер мен көктегі нәрселердің зәредей , онан кішісі де үлкені де
Рабыңның назарынан тыс болмайды [4]
Қазіргі уақытта адам баласы білетін ең кішкентай нәрсе атом болып
есептеледі. ХІХ ғасырға дейін ғалымдардың арасында атом бөлінбейді деген
пікір болған. Дегенмен, жылдар бойы жасалған тәжірибелердің нәтижесі
атомның өзі қосымша бөлшектерден тұратынын көрсетті. Атом электрон және
протонға бөлінеді екен.
Құран Кәрім : Зәредей, онан кішісі де үлкені де Рабыңның назарынан тыс
болмайды - деуі осыны меңзейді.
Ал енді ойлап көріңізші , осыдан 14 ғасыр бұрын араб жазирасынан
шыққан оқымаған адам тозаң салмағынан да кіші атом атаулы заттың барлығын,
оның құрамы протон, электрон және нейтроннан тұратынын қайдан біледі?
Осының өзі Құранның Ұлы Жаратушының сөзі екеніне дәлел емес пе?! Міне
, осындай мәселелерді жұмыс барысында нысана еттік.

Зерттеудің материалдары:

Біздің зерттеу барысында пайдаланған материалдарымыз ең басында Құран
Кәрім , Харун Яхьяның кітаптары және Мухиддин Исаұлы , Қайрат
Жолдыбайұлының, Абдуссамад Махаттың еңбектері болды.

Зерттеудің әдістері:

Оқырманға барынша түсінікті болу үшін Құран Кәрімде келген ғылыми
маңызы бар аяттарды ғылыми еңбектерге сәйкестіріп, бір тарау аясында
топтап, баяндадық.

Жұмыстың практикалық мәні :

Дін саласындағы және әртүрлі сала мамандарына , студенттерге және
қарапайым халыққа оқуға арналған.

Жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен ( бұл бөлімді жеке тарауларға бөліп
қарастырдық ) және қорытынды бөлімнен тұрады.

Мухаммад (оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын)! Оларға
түсірілген нәрсені адамдарға ашық баян етерсің деп саған зікірді (Құранды)
түсірдік. Мүмкін олар ойланар .
Нахыл сүресі, 44 аят

Негізгі бөлім

Бірінші тарау. Әлемнің пайда болуына байланысты

Ұлы Жаратушы адамзатты қараңғылықтан нұрға шығарар шамшырақ етіп Құран
Кәрімді түсіргенде Елшісіне (с.ғ.с) уахи етіп Болашақта дәлелдерімізді
ғаламзат және өз жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде Құранның ақиқат
екендігіне олардың анық көздері жетеді[5]. Яғни, келешекте адамзаттың
күллі болмысы мен Құран арасындағы тылсым байланысты түгел зерттеп, ақыр
соңында Құранның Ұлы Жартушының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің
көздері жетеді дейді.
Құран Кәрім жоқтан жаратылған жеті қат әлем атты алып кітаптың шексіз
тәржімесі. Ұлы Жаратушы әлемді Өзінің Ұлылығы мен құдыреттілігін таныту
үшін жаратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ Тағала: мен құпия қазына едім. Мені
танып білсін деп әлемді жараттым - дейді. Әлем кітабын адамзатқа арнайы
ұсынып, сол кітабы арқылы бізбен тілдеседі!
Ендеше, адам баласы алып кітапты оқып, оның тылсым сырын ақтарып,
негізгі мақсатты табуы шарт. Әлемнің мән-мағынасын ұғынуы керек. Бірақ адам
баласының санасы өлшеулі. Сансыз болмыстың құпия сырын адамзат Ұлы
Жаратушының пайғамбары арқылы жіберген кітап кілтімен ғана аша алады. Ол
Ұлы Жаратушының әлемді көз алдымызға елестетіп, бізге танытқан Құран
кітабы[6].
Ұлы Жаратушы осынау әлемді жаратушы болғандықтан оңдағы тылсым-
сырларды да Өзі біледі. Әйтпесе, оқу-жазу білмеген адам ғылым жайында кітап
жазуы әсте мүмкін емес. Ендеше, ғаламның жаратылысы мен оның тылсым-
сырларын Құранда кім баян етуі мүмкін? Сол заманның барлық ғалымдары
жиналса да олардың он ғасырдан кейін ашылатын жаңалықтарды ашуы еш
қисынсыз.
Құран астрономия, химия, геология, физика т.б ғылым салаларына
байланысты жаңадан ашылып жатқан жаңалықтарды сол уақытта – ақ баян еткен.
Және келешекте ашылатын жаңалықтардың бәрі Құранды растайтыны даусыз[7].
Енді ғылыми жаңалықтардың Құранда айтылған аяттардың байланысына тоқталатын
болсақ, бұл айтылған шындыққа көзімізді жеткізген боламыз.
Қазіргі уақытта жартылыстану, физика, химия, астрономия салаларындағы
көптеген ғалымдар өз зерттеулерімен Құран Кәрімнің аяттарын растауда[8].
Әуелі Құран Кәрімдегі мына аяттарға назар салайық; Мухаммад(с.ғ.с) сен
оларға былай де: Жерді екі күнде жаратқан Ұлы Аллаһқа қарсы болып, Оған
серік қосасыңдар. Ол бүкіл Әлемнің иесі емес пе? Оның үстіне асқар таулар
қойып, оны тіршілікке жарамды қылды. Оны сұраушылар болса, төрт күнде жер
үстінің рызық несібесін белгіледі. Сосын мұнартқан түтінді аспанға
құдыретін салып, аспан мен жерге Өз еріктеріңмен немесе мәжбүр болса да
келіңдер - деді. Сонда олар біз бағынып келдік - деді[9].
Құран Кәрімнің бұл аяттарынан дүние жаратылар уақытында түтін немесе
газ түрінде болғаны байқалады. Белгілі астроном Джеймс Джинс :
Жаратылардан бұрын, дүниедегі барлық нәрсе газ халінде болған. Сол газ
құрамындағы нәрселердің бірі- бірімен бірігуі нәтижесінде планеталар пайда
болған дейді. Құран Кәрім осыдан 1400 жыл бұрын түсірілген. Қазіргі
уақытта химиялық тілде газ деп аталатын химиялық заттың пайғамбарымыз
Мухаммадтың (с.ғ.с) дәуірінде өмір сүрген арабтарға аты да заты да таныс
емес-ті. Тек арабтар оны духан (түтін) деп атаған. Демек, Құран
Кәрімнің дүниенің жаратылысы туралы берген мағлұматы рас, ғылыми
зерттеулердің нәтижесі де соған дәлел[10].
Құран Кәрім түскен заманда Меккеде ғылыми-зерттеу орталығы тұрмақ,
медресенің өзі жоқ еді. Солай бола түра, Құранның көптеген аяттары қазіргі
таңда ғалымдардың бастарын қатырып жатқан сүбелі тақырыптарда сөз қозғайды.
Кәпірлер аспан мен жердің біртұтас болғанын , сосын оларды
ажыратқанымызды көрмей ме? Және Біз судан бар тіршілік иесін жараттық. Олар
осыған да сенбей ме?[11] Бұл аят Құран Кәрімдегі мұғжизалардың[12] яғни,
Аллаһтың барлығына дәлелдің бірі. Өйткені аятта айтылғандай, жер мен аспан
бір болып, кейін бір-бірінен ажыратылғанын қазіргі ғылым дәлелдеуде[13].
Бұл жайында енді ғалымдар не дейді? Ғалымдардың айтуынша, әуеліде барлық
нәрсе газ қалпында болып, кейін бөлшектерге бөлінген. Күн жүйесі де сол
бөлінудің нәтижесінде пайда болған. Бұған дәлел жердегі 92 химиялық
элементтердің 67-сі күнде бар екендігі . Сондай-ақ, Айда да жердегі
химиялық элементтердің кездесетіні анықталған. Осыдан Құран Кәрімде
айтылғандай, әлемдегі барлық нәрсе лердің пайда болған түп негізі бар екені
көрінеді.
Енді аяттың Біз судан бар тіршілік иесін жаратқанбыз дегені,
ғалымдар ашқан ең жоғары деңгейдегі ғылыми ақиқат осы десек артық емес.
Өмір сүру мен өсіп-өну үшін қажет болған химиялық өзгерістер судың
қатынасынсыз болмайды. Бұл даусыз нәрсе.
Жер жүзінің үштен екісі судан тұрады. Ол біріншіден, жер бетіндегі
ауаның қызуы бір қалыпта болуына ықпал етсе, екіншіден, жер бетіндегі
тіршіліктің көзі, негізі де болып табылады.
Судың бұл айтылғаннан да басқа қасиеттері баршылық. Олардың әрбірі
Аллаһ Тағала суды жәндіктердің өміріне себеп болатын нәрсе етіп,
жаратқандығына дәлел.
Мысалы: химиялық заңы бойынша, суықтың әсерімен әрбір денедегі судың
химиялық құрамы қысымға түсіп, нәтижеде қоюланып, салмағы ауырласа, суықтың
әсерімен мұзға айналған судың көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдейді. Осының
нәтижесінде мұз астындағы судың бойындағы жылудың сақталуына ықпал жасайды.
Егер судың бойында бұндай қасиет болмаса, теңіз, көл, өзен сулары тұтасымен
мұзға айналып, оңдағы жәндіктер түгел қырылып қалар еді.
Құран Кәрім осыған меңзейді. Дүниедегі ешбір кітап Құран тәрізді аз
ғана сөзбен жер жүзіндегі тіршіліктің шексіз сырларын баян ете алмаған[14].

Құран Кәрімдегі көптеген аяттар аспан, жер және бізді қоршаған
галактиканың жаратылуына көңіл аудару арқылы бір Жаратушы Иеге деген
сенімді күшейтуге үндейді. Аллаһ Тағала: сенбейтіндер аспан мен жердегі
Аллаһтың иеліктеріне назар салмай ма? деп, және осыған ұқсас
Көптеген аяттарда ойламайсыңдар ма? , көрмейсіңдер ме? деген
сөздермен құлдарын әлемге қарап ойлануға, ізденуге шақырады. Сондықтан да
адам баласы Құран Кәрімде айтылған шындыққа жанасатын ғылыми мәліметтерді
біліп, солардың негізінде Құран Кәрімді Хақ Тағаланың сөзі және Оның
барлығына, бірлігіне дәлел ретінде қабылдаулары керек. Өйткені адам санасы
басқа жаратылыстарға қарағанда жоғары ғой.
Астрономдардың айтуынша, жер күн жүйесіндегі кішкентай ғана бір
планета болып есептеледі. Күн жүйесі біздің галактикамыздың бір бөлігі
ғана. Ал, галактикадағы жұлдыздар саны қанша?
Астрономдардың есебі бойынша аспанға оптикалық құралсыз қараған
кісінің көруі мүмкін болған жұлдыздардың саны алты мыңнан аспайды. Ал шын
мәнінде галактикамыздағы жұлдыздардың саны 40 миллиардтан 100 миллиардқа
дейін жетуі мүмкін екен. Біздің өмір сүріп жатқан жүйеміздің өзегі болып
есептелетін Күн сол жұлдыздардың бірі. Бізге жақындығынан Күн үлкен болып
көрінгенімен басқа жұлдыздармен салыстырғанда орташа ғана.
Енді біз өмір сүріп жатқан галактикалардың көлемі қанша? Ғалымдардың
есебі бойынша жарық жылдамдығымен (секундына 299793 км) жылжығанның өзінде
галактикамыздың бір шетінен екінші шетіне кесіп өту үшін 100 000 жыл керек
екен! Сонда галактикамыздың көлемі қанша шақырым болғаны? Бұны анықтау үшін
жарықтың бір жыл көлемінде өтетін қашықтығын (10 000 000 000 000, яғни 10
триллион км) жүз мыңға көбейтеміз. Нәтижесі: 1000 000 000 000 000 000 (1
квинтиллион) шақырым болады.
Галактикамыздағы жұлдыздардың ара қашықтығы, орта есеппен 60 триллион
км.
Бұл тек біздің галактикамызға жүргізілген есеп. Ал, басқа
галактикалар ше? Олардың саны және олардағы жұлдыздардың саны қанша?
Астронавт Джон Гленн жұлдыздардың қатаң тәртіппен бір заңдылыққа
сәйкес қозғалуының әсерімен өзіне өзі : Осының барлығы өздігінен пайда
болуы мүмкін бе? Космостың айдын даласында қалқып жүрген жұлдыздардың
айналып жүретін жолына (орбитасына) түсуі кездейсоқ нәрсе
ме? деген сұрақ берген. Соңынан : Мен бұл нәрсеге сенбеймін. Бір
құдыретті күш барлық нәрсені өз жолына түсіріп, оларды сол қалыпта ұстап
тұр -деген қорытындыға келген. Демек, Галактикалардағы миллиардтаған
жұлдыз, олардың қатаң тәртіппен орналасып, әрекетке келуі, баянында Құран
Кәрімнің Аллаһтың сөзі екенін дәлелдесе керек[15].
Осындай таңқаларлық , керемет нәрселерді біліп, ести тұра, Аллаһ
Тағаланың Барлығына, Оның бүкіл Әлемді Жаратушы Иесі екеніне неге
иланбасқа?
Көк пен жердің жаратылуында, күн мен түннің алмасуында ақыл иелері
үшін жетерлік өнегелер бар. Олар тік тұрып та, отырып және жамбастап жатып
та Аллаһ Тағаланы еске алады. Сондай-ақ, көк пен жердің жаратылуы жайында
ойланып: Раббымыз, сен бұны босқа жаратқан жоқсың.Сен кемшіліктерден
пәксің. Бізді от азабынан сақта! -дейді[16].

Аспан әлемі үнемі кеңеюде

Ең жақын бес-алты галактикадан басқа бүтін галактикалар бізден
қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы
Американдық астроном Эдвин Хаблл орасан зор телескоп арқылы зерттеп тапқан
еді. Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден миллион
жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен ,
екі миллион жыл ұзақтығы екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтығы үш
есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстауда.
1922 жылы ғана зерттеп білінген big bang үлкен жарылыс заңын
Құран Кәрім осыдан 1400 жыл бұрын, яғни, астрономия ғылымы дамымаған
телескоп сияқты құралдардан мақұрым бір ғасырда:
"والسماء بنيناها بأيد وإنا لموسعون"
Аспанды құдыретімізбен біз жараттық және тоқтатпастан әрқашан
кеңейтудеміз [17] деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін өзіне
бас идірері сөзсіз[18].
Тағы бір таң қалдырар Құранның мына бір аятына көз салсақ, Аллаһ
былай дейді:
"يكور اليل على النهارويكورالنهار على اليل"
Түнді күндіздің үстіне , күндізді түннің үстіне орайды.[19] бұл аятта
жердің шар тәріздес екенін меңзеп тұрғанын байқаймыз.
Араб тілінде тәкуир сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір нәрсені орау,
байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн
мен түн үшін орайды сөзі қолданылып отыр. Осылайша Құран тәкуир
сөзі арқылы жердің шар тәріздес екендігін білдіреді. Назиғат сүресінің
отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау екендігін:
"والأرض بعد لك دحاها"
Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді [20]- деп
айқын білдіреді.[21]

Жердің айналу бағыты

Мына бір аятта Аллаһ Тағала қазіргі заман технологиялары арқасында
ғана көз жеткізіп отырған шындықты баяндауда.
"وترى الجبال تحسبها جامدة وهي تمرمر السحاب"
Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп қаласың. Ал олар болса,
бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда [22]
Аллаһтың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып
түсірген Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар
оның айналу бағыты да таңқаларлық білгірлікпен айтылып кеткен. Қазіргі
заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарыының бірі – 3500-4000 м
биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан
шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін көбіне батыстағы жағдайға
назар аударылуының себебі содан. Бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай
қозғалуының негізгі себебі де содан. Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа
қарай қозғалуынв\ың негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені жер
батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл
ақиқат бірнеше ғасыр бұрын Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?[23]

Аспанның кері қайтару қабаты

Қайталап жаңбырлататын аспанға серт [24] деген аятта аспанға
байланысты ражғ қайталап сөзі қолданылған. Бұл сөзді аударғанда қайтқан
деген мағына береді. Бір қызығы Құранда айтылған бұл ерекшелік енді ғана
ғылымда белгілі болды.
Атмосфераның көп қабаттан тұратыны бәрімізге белгілі. әр қабаттың
өзіндік міндеттері бар. Зерттеулер барысында жерді қоршаған әр қабат оған
жеткен ғарыштық түрлі сәулелерді және зиянды заттарды ғарышқа немесе жердің
жоғарғы қабатына қайта жіберетіндігі дәлелденген. Мысалы жерден 13-15 км
биіктікте орналасқан тропосфера қабаты судың буланып, жоғарыға көтерілуін
қамтамасыз етіп, оны жаңбыр күйінде жерге қайта жібереді.
25 км биіктіктегі озоносфера қабаты ғарыштан тараған зиянды ультра
күлгін сәулелерді шағылыстыруы арқылы бұл сәулелер жерге жетпей ғарышқа
кері кетеді.
ионосфера бейне бір спутникке ұқсайды. Ол жерден тараған
радиотолқындарды жерге кері қайтарып, сымсыз байланысты қамтамасыз етеді.
магнитосфераға қатысты айтар болсақ, күннен және басқа да
жұлдыздардан тараған зиянды радиоактивті бөлшектерді жер анамызға жеткізбей
ғарышқа кері жөнелтеді. Аллаһтың қайтарып сөзінің мағынасы осыны білдірсе
керек.[25]

Қорғау төбесі

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде аспанның жаратылуының тағы бір ерекшелігіне
назар аудартады. аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса мұндағы
белгілерден бет бұрады [26] бұл аяттың құпиясы ғылыми зерттеулер
нәтижесінде xx ғасырда ғана белгілі болған. Жер ядросын барлық жағынан
қоршап жатқан атмосфера, жер тіршілігінің сақталуында өте маңызды міндеттер
атқарып жатыр. Ол көптеген үлкен және кіші ғарыштық тас қалдықтарды жерге
жеткізбей жойып жібереді. Сонымен қатар атмосфера тірі ағзаларға зиянын
тигізетін ғарыштық сәулелерден де қорғау қызметін мүлтіксіз атқаруда. Бұл
жерде тек қана жер тіршілігіне пайдалы инфрақызыл сәулелер мен
радиотолқындарды өткізеді. Себебі бұл сәулелер мен радиотолқындар өмірге
қажетті саналады. Атмосферадан өткен ультракүлгін сәулелер өсімдіктерде
фотосинтез жүруде және көптеген тірі ағзалардың өмірін жалғастыруда өте
маңызды рөл атқарады.
Күннен тараған ультракүлгін сәулелердің көп бөлігі, атмосфераның
озонды қабатында сақталады. Жердің жоғарғы қабатында аз мөлшерде
болғандықтан тіршілік үшін өте маңызды.
Атмосфераның қорғау міндеті тек мұнымен шектелмейді. Мұнымен қатар
зиянды ғарыш сәулелерінен қорғайтын қабаттар атап айтсақ, Ван Аллен
белдеуі. Күнде болатын жарылыстардан тарайтын сәулелер адам өмірі үшін өте
қауіпті. Олардың күштілігі сол ван аллен белдеуі болмағанда жер бетіндегі
күллі тіршілікті жойып жіберетін еді. Кеңістікке тараған бір жарылыс
сәулесінің өзі Хиросимаға тасталған 100 миллиард атом бомбасына теңелген.
Міне жер аспанының қорғау міндеті бізге Құранда көп ғасыр бұрын
айтылған.[27]

Жеті қабат көк

Құран аяттарында аспан әлемі жайлы айтылғанда аспанның жеті қабаттан
тұратындығы сөз болады. Құранда аспан әс-сәмә сөзі барлық аспан әлемін
және жер аспанын айтуда қолданылған. Бұл сөзді екінші мағынада алып
қарайтын болсақ, жер аспаны яғни, атмосфера жеті қабаттан тұрады. Бүгінгі
күні жер атмосферасы Құранда айтылғандай жеті қабаттан тұратыны белгілі
болды.
Ол сондай Аллаһ , жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін
жаратты. Содан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп
тәртіптеді. Ол әрнәрсені толық білуші [28]
сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді...Оларды жеті көк етіп, екі күнде
жасады. Сондай-ақ, әр көктің міндетін өзіне білдірді [29]
Бұл туралы ғылыми бұлақтарда былай көрсетілген: орыс тіліндегі
әдебиеттен алынған соң аудармай бергенді жөн көріп отырмын:
учёные выяснили,что атмосфера состоит из нескольких слоев. Слои
отличаютсядруг от друга такими физическими характеристиками, как
существующеев них давление и состав газов, из которых они образованы.самый
близкий к Земле слои атмосферы- ТРОПОСФЕРА.она составляет 90% общей массы
атмосферы.Слой,находящийся выше тропосферы,- СТРАТОСФЕРА.слой который
распологаясь внутри стратосферы, поглощает ультрофиалетовое излучение,
называют ОЗОНОСФЕРОЙ , выше стратосферы находится МЕЗОСФЕРА, а над ней
расположена ТЕРМОСФЕРА.ионизированные газы в термосфере образуют ИОНОСФЕРУ.
Самым внешним слоем земной атмосферы , простирающимся на высоте от 450 до
960 км от уровня земли , является ЭКЗОСФЕРА.[30]
Аталған қабаттарды оқитын болсақ, тұп-тура Құранда айтылғандай, жеті
қабаттан тұратының көреміз.
1- тропосфера
2- стратосфера
3- озоносфера
4- мезосфера
5- термосфера
6- ионосфера
7- экзосфера.
Тағы бір таңқаларлық жай, бұл тақырыпқа байланысты Фұссилат сүресінің
12 аятында айтылғандай ...сондай-ақ, әр көктің міндетін өзіне
білдірді яғни, Аллаһ Тағала әр көктің өзінің атқарар міндеті
барлығынын айтады.
Шынымен де біз әр қабаттың өзіндік атқарар қызметімен жоғарыда
таныстық., олардың атқарар міндеттері жердегі барлық жан иелеріне ,
әсіресе, жер иесі адамдар болғандықтан, солар үшін пайдалы екенін
білдік.[31]
Бұл ғажайып, бұл ғылыми жаңалық, қазіргі заман технологиялары
арқылы ғана белгілі болды. Бұл Құран Кәрімде 1400 жыл бұрын ғылыми
дәлдікпен көрсетілуі Әлемнің Жаратушысы Аллаһ екенін көрсетеді.

Жұлдыздардың көкте жүзуі

Құран Кәрімде Күн мен Ай туралы айтылғанда бұлардың көктегі жүру
жолдары да бірге сөз болады.
Ол сондай Аллаһ , түнді, күндізді, күнді және айды жаратты.
Әрқайсысы өз айналасында жүзеді [32]
Құранда көрсетілген бұл шындық бүгінгі күні астрономиялық
зерттеулер нәтижесінде экспериментальді түрде дәлелденді. Күн солар
Апекс деп аталатын орбита бойымен вега жұлдызына бағыталып,
720 000 кмсағ орасан зор жылдамдықпен қозғалады.[33]
Сондай-ақ барлық ғарыш денелері белгіленген орбиталарында қозғалуда.
Бұл жайлы Құран Кәрімде Аллаһ былай дейді: Жолдары бар аспанға
серт![34]
Аспан әлемінде 200 милиардқа жуық галактикалар бар, олардың
әрқайсысында 200 миллиард жұлдыз бар деп жобалануда. Бұл жұлдыздардың
көбінде планеталар әрқайсысы өз жолдарында көкте жүзуде. Галактикалар
орасан зор жылдамдықпен қозғалуда. Бұлардың жолдары қиылыспайды да
осынша орасан жылдамдықпен қозғалғанда бір-біріне қақтығыспайтындығы
да таңқаларлық. Құран түскен уақытта ешбір бүгінгі замандағы
телескоптар болған жоқ және ешкім де физика, астрономия ғылымын
игермеген. Туу аспан әлеміндегі жұлдыздардың жолын , есебін ешкім
білген емес. Сол кезде ...жолдары барын дөп басып ғылыми
дәлдікпен айту мүмкін емес , демек, бұл шындық Құранда тек Аллаһ
тарапынан екенін көрсетеді.[35]

Таулардың құрылымы

Таулардың геологиялық құрылымы жайлы Аллаһ Тағала Құранда былай
дейді:
Жер оларды тербетпесін деп , асқар тауларды орналастырдық
[36][37]әнбия сүресі 31 аят
Бұл шындық , Құран түскен уақытта адамдарға белгісіз еді. Қазіргі
ғылым дамыған ғасырларда ғана белгілі болды.
Геологиялық зерттеулер нәтижесінде таулар жер плиталарының өзара
қақтығысуынан жер қыртысын түзетіндігі дәлелденген. Екі плита
соқтығысқан сәтте кішісі үлкенінің астына ығысады да жердің астынғы
қабатына тереңдеп кетеді. Ал, үстінде қалған бөлігі өзіміз күнде
көретін биік-биік тауларды түзеді. Жоғарыда түзілген таулардың жалғасы
сынды, жердің астыңғы бөлігінде де тура жердің үстінде күнде көріп
жүргеніміздей таулар жалғасын табады.
Осылайша , таулар жердің асты мен үстіне кету арқылы бейнебір
жер қыртысын ұстап тұрған ұстын сияқты қызмет атқарады. Яғни тауларды
екі тақтайды бір-біріне жабыстырып , мықтап ұстап тұрған шегеге
ұқсатуға болады.[38] Басқа бір аятта бұл туралы Аллаһ Тағала:
Жерді бір төсеніш қылмадық па? Тауларды қазық қылдық[39]- дейді.

Таулардың қозғалуы

Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажырамас бөлігі –
таулардың әрдайым қозғалыста болатыны турасында былай делінген:
Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал, олар
болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда[40]
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты болады.
Жер қабығы болса, мантияның ұстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш хх
ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер жер бетіндегі
құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда
жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы тұжырымды ортаға салған болатын .

Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес,
ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана , яғни ,
1980 жылдары ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де
пәленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы Құранда айтылып
кеткен еді.
Вегенердің 1915 жылы жарияланған мақаласында мына деректер
келтірілген еді: Жер бетіндегі құрлықтар шамамен 500 миллион жыл бұрын
біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте
орналасқан. Шамамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі
бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың бірі – Африка,
Австралия, Антарктика, және Үндістанды қамтыған Гондвана, ал, екіншісі
– Еуропа, Солтүстік Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия
болатын.
Осылайша Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған бұл құрлықтар
үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады.

Бұл жерде айта кететін тағы бір нәрсе – Құран аятында таулардың
қозғалысына байланысты жылжу сөзінің қолданылуы . Қазіргі
ғалымдардың бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдаланып
жүрген термині ағылшын тілінде continental drift , яғни құрлықтық
жылжу[41].

Теңіздердің бір-біріне араласпауы

Құрандағы тағы бір ғажайып зерттеушілердің теңіздің ерекше қасиетіне
байланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Рахман сүресінде
былайша баяндалады:
Аллаһ Тағала екі теңізді ағызды , олар бір-бірімен қабысады, бірақ
араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды
Бір-бірімен қабысып жатса да сулары араласпайтын теңіздердің
жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері
тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен
табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының
тығыздықтарының әртүрлі болуы – екі теңіздің суларын бір-біріне
араластырмай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен – ақ , физика ғылымы , су асты зерттеулері , тығыздық өлшемі
сияқты нәрселер әлі адамдардың үш ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде
Құран Кәрімнің бұл ғылыми ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға
көп нәрсенің бетін ашары сөзсіз[42].

Жаңбырдағы өлшемділік

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16
миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505
триллионды құрайды . Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне жауатын
жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни су әрдайым белгілі
бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәл де болса
бір өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып,
тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады.
Жаңбырдағы мұндай аса шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес,
сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары
ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен
салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге
558кмсағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда жаңбыр тамшыларының
ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай
биіктікте болса да , тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа
есеппен алғанда 8-10 кмсағ аспайды.[43]
Міне, ғалымдардың енгізген жаңалығының бірі Құран Кәрімде енді былай
делінеді:
Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен
өлі бір өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта
тірілесіңдер [44]

Темір

Темір – Құранда ерекше назар аударған химиялық элемент. Құранда
темір деп аталатын сүреде былай делінеді:
...Сондай-ақ темірді пайда қылдық.Онда мықты күш әрі адамзат үшін
қажеттер бар [45].
әнзәлнә сөзі араб тілінде түсірдік деген мағына береді. пайда
қылдық бұл метофоралық мағынада. Бұдан шығатын нәрсе темір адам
қызметі үшін берілген. Егер бұл сөзді тура мағынада қабылдасақ,
темірдің көктен түсілгендігін аңғарамыз. Бұл айтылған аятта тағы бір
ғылыми ғажайыптың жатқанын көреміз.
Бүгінгі астрономия саласындағы жаңалық жердегі темір рудасының алыс
бір ғарыш әлеміндегі үлкен бір жұлдыздан әкелінгенін айтып, еріксіз
таң қалдыруда. Бұндай ауыр металлдар ғарышта үлкен жұлдыздардың
ядросында өңеді. Біздің күн жүйесінің құрылымы темір элементі түзілуін
көтермейді. Ол тек қана күннен де үлкен жұлдыздарда ғана пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, темір рудасы жерде пайда болмаған, метеорит
түрінде жерге түсірілген. 7 – ші ғасырда дәл осылай біреудің дөп басып
айтуы мүмкін емес. Бұл Бәрін Білуші Аллаһтың сөзі екендігі еш
күмәнсіз. Құран Кәрімнің еш ескірмей , қайта, ғасырмен бірге жаңаруы ,
ғалымдарды таң қалдыруы да Ұлы Аллаһтың сөзі екендігінін тағы бір
дәлелі болса керек.
Бұған қоса, тағы бір айта кететін ерекшелік математикалық ғажайыбы.
Темір Құранның 57-ші сүресі. Арабша аты – Әл-хадид . Әл-хадид араб
тілінде абжад есебімен алғанда, (араб жүйесіндегі әріптерді санмен
көрсету) 57-ге тең болады. Хадидтің (әл артиклінсіз) сандық есебі 26.
Ал, 26 Менделеев кестесіндегі элементінің атомдық номеріне сәйкес
келеді.[46]

Желдер

Ислам ақидасының бастауы Құран Кәрімге назар салсақ, ол барлық
нәрсенің бастамасы бар екенін , әлемде ешбір нәрсе өздігінен пайда
болмағанын, Аллаһ Тағаланың құдыретімен жаралғанынмынадай аяттармен
жеткізеді:
Біз пайдалы желді жібердік те, аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді
сонымен сусындаттық[47]
Қазіргі мектеп оқушысы да бұлтта электр қуаты бар екенін біледі.
Бұлтта электр қуаты бар болатынын 1752 жылы атақты ғалым Франклин
анықтаған болатын. Электр қуатымен зарядталған бұлттарды жел айдап,
бір-бірімен қосқан уақытта күн күркіреп, найзағай пайда болады. Бұл
бұлттардың бойында электр қуатының барлығының көрсеткіші. Физика
заңдылығы бойынша, қарама-қарсы электр зарядтар бір-біріне тартылса ,
бірдей өрістегі электр зарядтар бір-бірінен алшақтайды. Осы жағдай
бұлттардың тарап кетуіне негіз болады. Алайда жел бір жағынан
бұлттарды тарқатпай, оларды бір-біріне қосып, қалыңдатса, екінші
жағынан жер бетіндегі электр зарядтарын көтеріп, олардың бұлт ішіндегі
зарядтармен қосылуына себеп болады. Осының нәтижесінде бұлттың
құрамындағы бу су тамшыларына айналады.
Адамзаттың санасы бұлт бойында электр қуаты бар екеніне осы
ғасырларда ғана көз жеткізген болса, Құран Кәрім сол электр зарядтары
негізінде бұлт бойында су тамшылары болатынын осыдан 14 ғасыр бұрын
хабарлап қойған[48].
Көрмейсің бе? Аллаһ Тағала бұлттарды желмен айдап, сосын олардың
араларын біріктіреді. Сонан соң бұлттарды қабат-қабат қылады. Сонда
бұлт араларынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің[49]

Биікке көтерілген сайын кеуденің қысылуы

Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айтпаса да белгілі.
Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін қамтамасыз
етеді. Ал, биіктеген сайын жер шарының атмосферасы жұқара
түсетіндіктен , атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін
оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай түседі де , өкпе
қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін адам баласы дем ала алмайды.
Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам дем алудың
қиындығынан талып та қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің
азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отырса, Құран 1400
жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен:
Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін исламға ашады.
Ал, кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп
бара жатқандай қысады[50]
Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір
сүрген Мекке , Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі
қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген
Мұхаммадтың (с.ғ.с) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының
алдында қалайша бас имессің?![51]

Барлық нәрсе өлшеммен жаратылған

Құран Кәрімнің Хижр сүресінде мынадай аят бар:
Барлық нәрсенің қоры Біздің қолымызда және Біз барлық нәрсені
белгілі мөлшерде түсіреміз[52]. Ал Рағд сүресінде былай делінген:
Оның қасында барлық нәрсе өлшеулі [53]
Шынында да , айналаңызға қараңызшы. Мұқият қарасаңыз бізді қоршаған
әлемде әрнәрсенің өзіне тән мөлшері, қозғалыс реті бар екенін
байқайсыз.

Жер шары

Біздің отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын күлімдей
төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне байланысты 135 немесе
149,5 миллон шақырым. Егер осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың
әсерінен аз мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды
немесе аз мөлшерде көбейсе, күйіп-жанып кетерімізді бір мезет ойладық
па? Ойланып жер мен көктің арасындағы осы ыңғайлы арақашықтықты қойып,
оны ғасырлар бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдыретті күшті тани алдық
па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі , тұрақты айналу орбитасы ,
қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы , Жер шары сағатына 1670 шақырым
жылдамдықпен өз-өзін айналса, Күнді сағатына 108 000 шақырым
жылдамдықпен айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік
жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта айналып шығуға
болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сандар тек жер шары үшін, ал күн
жүйесінің жылдамдығы мүлде таңқаларлық. Ғарыштық (космоста)жүйелердің
көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да арта түседі. Күн
жүйесінің Құс жолы галактикасы орталығын айналудағы жылдамдығы
сағатына тұп-тура 720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 миллиард
жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының ғарыштағы жылдамдық
мөлшері сағатына 950 000 шақырым. Мұндай бір-бірімен тығыз
байланыстағы әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып,
қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра, ғарышта ешбір ақауға куә болмадық.
Миллиард жылдар бойы жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен
жалғасуда. Демек, миллиард жылдар бойы Жер анамызды бір мезет
тоқтатпастан , әрқайсысын өзіндік тұрақты жылдамдықтарымен айналдырып,
тербетіп тұрған Ұлы Жаратушы болуға тиіс[54].

Жыл мезгілдері

Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз бен түн және жылдың
төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем болып, алма-кезек өзгеріп тұратыны
бәрімізге мәлім. Жаздың қайнаған аптап ыстығынан кейін дереу қыстың
қақаған аязы мен ысқырған бораны болмайды. Екі мезгілдің ортасында күз
атты қоңыр салқын мезгіл бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында
адамдардың жаздың жылы ауа-райына үйреніп қалған ағзалары біртіндеп
қыстың қақаған суығына бой үйретеді. Сол сияқты қыстың қақаған аязынан
кейін ауа-райы күрт өзгеріп , дереу көктемсіз жаз болғанда қандай
күйде болар едік? Бәлкім ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын
болмағандықтан бәріміз жаппай ауруға шалдығар ма едік?.. Иә, жыл
мезгілдеріндегі осындай керемет рет пен үйлесімдікті және жер шарының
айналуындағы дәлме-дәл есепті қойған кім?[55]

Қар

Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі
бар. Жай көзіміздің өзімен қарағанда әрбір қар түйіршігінің бір-біріне
ұқсамайтындығын көреміз. 1 шаршы метр қарда 350 миллион қар түйіршігі
бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі симметриялы ою-
өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес алты бұрышты пішінде
кескінделген. Әрбір қар қиыршықтарының бұл керемет ғажайыптары соңғы
100 жылда белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик
фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті. Артынан Қар
түйіршіктері атты кітабын жазады. Уилсон Бертлей түсірген 5300
суреттің ішінен бір-біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін айтады.
Осы керемет есеппен есептелген жер бетіндегі барлық қардың ерекше
алтыбұрышты әрі геометриялы пішінде болуы – Ұлы Жаратушымыздың
теңдессіз шеберлігі мен барлық қардың пішінін білетін терең ілімнің
белгі , нышаны болса керек. Жер бетіне түсіп ерігенге дейін ғана өмірі
бар қарда өзінің құдыреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Аллаһ
қандай ұлы![56]

Ауаның құрамы

Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын ойланып көрейік!
Ауаның құрамында 21% оттегі , 78% азот , 1% басқа газдардың қосындысы
бар. Ауаның құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек болғанда
күн сәулелері арқылы келетін радиациялар салдарынан Жер беті түтанып,
лаулаған отқа айналып, ал аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда ,
оттегінің аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып кетер
едік.
Біздер оттегін жұтып, көмір қышқыл газын бөліп шығарамыз. Ал,
өсімдік әлемі болса, керісінше, көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп
шығарады. Осылайша ауа алма-кезек табиғи жолмен тазаланып, адамның
игілігіне айналады. Әрнәрседе өзінің құдыретін көрсеткен Аллаһ қандай
ұлық![57]

Дүрсілдеген жүрек

Дүниедегі ең керемет мотор – көкірегіңіздің сол жағында
орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен , тоқтаусыз соғуымен
тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек
бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат
бөліп шығады. Жүрек қанды айдаған кезде қолданатын күш өте қуатты. Осы
күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше
қасиеті – тоқтамастан , шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі . Осы
тұрғыдан алғанда дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз
мотор десек болады.
Жүрек – шамамен минутына 70 рет , бір жылда 37 миллионнан астам
рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі
бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды
айдайды. Ұйықтап жатқан кездің өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қанды
айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып- жұмып тұра аласыз?
Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға
мәжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан ,
денеміздің түкпір – түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып
тұрған қандай күш?

Тістер

Тістердің орналасу ретіне қараңыз. Алдыңғы күрек тістер үшкір, өткір
болып келеді. Ал азу тістер жалпақ орналасқан. Демек , күрек тістер
арқылы қоректі затты қырқып үзеді де азу тістер шайнап, үгітуге қолайлы
етіліп жаратылған. Егер барлық тістер жалпақ болғанда не істер едік?
Олардың арасындағы үйлесімдікке қараңыз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАННЫҢ ҒАЙЫП ХАБАРЛАРЫН ҚАМТУЫ
Құран туралы әлемге әйгілі ғалымдардың пікірі
Бурабай демалыс орындары
Жұлдыздардың тәуліктік параллельдері
Жаңбыр тудыратын бұлттар
ГАЖ
Оңтүстік Қазақстан баспасөзі
XX ғасырға дейінгі киім стилі
Ғарыштық ваккум
Сән
Пәндер