Мәдиналық алғашқы мұсылмандар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі

Бірінші тарау

Мәдиналық алғашқы мұсылмандар

Бірінші Ақаьа келісімі

Екінші Ақаба келісімі

Меккеден Мәдинаға қоныс аудару

Екінші тарау

Жаңа қоғам

Мәдина-мұсылмандар мекені

Иман-бауырластық бастауы

Пайғамбар мешітінің құрылысы

Пайғамбарымыздың яһудейлермен келісімі

Үшінші тарау

Мединедегі соғыстар

Шайқасуға рұқсат

Бадр шайқасы

Мұнафиқтардың пайда болуы

Қайнұқа соғысы

Ухуд соғысы

Хәндек шайқасы

Табук пайғамбарымыздың соңғы жорығы

Төртінші тарау

Рыдуан серті

Худайбиядағы бейбіт келісім

Ел билеушілерін Исламға шақыру

Алғашқы және соңғы қажылық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.

Аллаһ Тағала өзінің заңдылықтарын жіберу үшін әрбір қауымға пайғамбарлар жіберді. Сол пайғамбарлардың соңғысы және үкімі қияметке дейін болып адамдарды тура жолға бастайтың Құран Кәрім түсірілген пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның(с. а. у. ) ұлы тұлғасының (Медина кезеңіндегі дағуаты) атты тақырыбын таңдаған себебім. Оның адамзаттың азаттығы үшін атқарған іс шарасы адам баласының жазылмас жараларына абилхаят етіп ұсынылуы һәм ұлы ғұмырында ұлылығына лайықтанылуы, қарапайым бейкүнә адамдар секілді меніңде ой-санам мен ішкі сезімдерімді қызықтырғаны анық. Сондықтан да бұл мен үшін мәңгілік аңсау мен жүрек қалауынан түратын тақырып.

Ол-адам заттың ардақ тұтар тұлғасы. Он төрт ғасырдан бері әлемдегі ең үлкен кемеңгерлер, алып философтар мен ойшылдар, ғалымдар Оның артында әрқашан қол қусырып тұрып: Сен өзіміздің мақтан нткен адамсың деген пікірге бейне бір шоқ жұлдыздай мойынұсынып келген. Иә заман ағымымен кейбір ойлар көнеріп бағаланбай қалатын болса, адамдардың жан-жүрегіндегі Мұхаммет (с. а. у. ) күн сайын жаңа ашылған гүлдей мәңгілік жаңғыра бермек.

Жұма күндері мешіттерге лық толған жандарға көз салып қарасақ, олардың басым көпшілігі жастар екенін байқаймыз. Осы жастарды қыстың қақаған аязында дәрет алдыртып ең қиын кезеңдерде де мешітке асықтырған Мұхаммедің (с. а. у. ) қасиетті тартылыс күші. Ол- пайғамбарлық тұрғысынан алғанда әлемнің жаратылыс мақсатының бірден-бір себебі. Иә, мағынасы айқындалмаған дүние кітаптың жазылуы бос әуерешілік. Аллаһ Тағала мұндай нәрседен пәк. Сондықтанда әлемнің мағынасы аңғарылуы үшін ерекше кәміл куәгер керек. Енднше Ол ақырғы пайғамбар етіп жіберілмегенде ғаламда, адам да мағынасыз болар еді. Иұхаммед (с. а. у. ) затқа мән мағына әкелген адам.

Және ол қоғамдық өмірге тиісті барлық проблемаларды сары майдан қыл суырғандай оп-оңай шешетін адам болатын. Одан 13 ғасыр кейін келген Бернард шоу мына төмендегі сөздермен осы шындықты еріксіз мойындаған жүздеген қарсы шептегі адамдардың бірі: Проблемалар қат-қабат жиналған мына ғасырымызда барлық мәселелерді кофе ішкендей емін-еркін шешкен ұхаммедке (с. а. у. ) адамзат қаншалықты мұқтаж десеңізші!. Иә, оның даналығы сонша - дұшпандарыда Оның шын мәнінде Ақыл иесі екеніне шүбә келтірмеген.

Аллаһ Тағала шарапатына сүйеніп осы Ардақ тұтар Тұлға жайлы барымша осы кіріспе сөзімде айтуға тырыстым.

Зерттеу өзектілігі .

Зерттеу нысанасы:

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. у. ) затқа мән-мағына әкелген адам. Ол біз үшін сүйіктімізден әлде қайда сүйікті болғандықтан (Мәдине кезеңіндегі дағуаты) атты тақырыбты таңдадым.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Мен осы зерттеу жұмысымды Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) Мәдине кезеңіндегі (Дағуат) мәселесінің мәнін анықтау, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу және дғуаттын қолданған түрлерін баяндау. Ол үшін төмендегі міндеттер қарастырылады.

  1. Құрандағы дағуат туралы аяттармен танысу.
  2. Пайғамбарымыздың дағуат қылу әдісін қарастыру.
  3. Қазіргі таңда біздің елімізде осы тақырыпта зертеу жұмысы жазылған жазылмағанын анықтау.
  4. Пайғамбарымыздың Мәдиа кезеңіндегі дағуаты туралы Ислам ғұламаларының пікірлерімен танысу және оларға диплом жұмысын жазу барысында сүйену.

Зерттеу әдістері:

Жмыс барысында сипаттамалық, салыстырмалық, констектуалды талау әдістерін қолданамыз.

Диплом жұмысының теориялық құндылығы:

Қазақ тілінде жарық көргенСира іліміне арналлған ғылыми еңбектерге дәлелдермен дәиектер қосып, пайғамбар уағызын халыққа жан-жақты түсіндіруге үлес қосады.

Диплом жұмысының практикалық мәні:

Диплом жұмысының нәтижелерін қазақ аудиториясында «Сира», «уағыз» сияқты пәндер барысында пайдалануға болады. Осы еңбекте келтірілген материялдарды мешіттерде немесе басқа жерлерде айтылған уағыздарда, газет- журналдарда, осы мәселеде мақалалар жазғанда, басқада танымдық бағдмаларда қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы:

Жұмыс Кіріспеден, Негізгі бөлімнен, Қортындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізіімінінен тұрады. Негізгі бөлімді 4-тарауға бөліп, бірінші тарауда «Мединалық алғашқы мұсылмандар», »бірінші және екіеші ақаба келісімі» және пайғамбарымыздың һижреті баяндалады. Екінші тарауда пайғамбарымыздың һижретінен кейін «Мединадағы жаңа қоғам» пайғамбарымыздың алғашқы іс-шаралары жайлы. Үшінші тарау «Мединедегі соғыстар» яғни дағуат қылу үшін болған ғазауаттар мен дағуатқа жол ашу турасында. Төртінші тарауда пайғамбарымыздың көрегендігі мен істелген Ислам дағуатына пайдалы келісімдер. Және келісімнің себебі мен болған халық- аралық дағуат.

Бірінші тарау

МӘДИНАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ МҰСЫЛМАНДАР

Қажылық мерзімі. Мұхаммедтің пайғамбарлығының он бірінші жылы…

Меккеге Араб түбегінің түкпір-түкпірінен қажылық міндетін орындауға келгендер арасында бірнеше мәдиналық мейман да бар.

Пайғамбарлар сардары қажылық кезіндегі жылдағы әдетімен ру-тайпаларды аралап, Исламды уағыздап жүріп, Ақаба деген жерде Мәдинадан келгендерге жолығады.

Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) :

“Қай тайпадан боласыздар?”

Мәдиналықтар:

“Хазраж тайпасының өкілдеріміз”.

“Яһудилердің көршілері болып шықтыңыздар ғой”.

“Дәл солай”.

“Сіздермен әңгімелессем деп едім”.

Қонақтар келіскен сыңай танытып, жайғасып отырады.

Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) оларға Аллаhтың барлығы мен бірлігіне иман келтіру жайын уағыздап, “Ибраһим” сүресінің бір бөлігін оқып, түсіндірді. Сонан соң Исламға мойынсұнуға шақырды.

Олар ертеректе аталарынан «Пайғамбарымыздың тоғызыншы атасы - Ғалип ибн Фихрдің нәсілінен пайғамбар шығады» дегенді естиді екен…

Сондай-ақ Мәдинадағы ағайынды хазраж, әус рулары мен жергілікті яһудилер арасында бітіспес дау бар екен де, яһудилер хақ кітаптан хабардар, ілімді болғандықтан, Аллаhқа ортақ қосып пұтқа табынатын әустер мен хазраждарды менсінбей, әжуа қылады екен.

Керісіп қалса болды, яһудилер оларға:

“Сендер не білесіңдер, өңкей миғұлалар? Жуырда соңғы пайғамбар пайда болуға тиіс. Біз соның соңынан ереміз де, сендерді түп тамырларыңмен жоямыз” дейтін үнемі.

Күтпеген жерден Аллаhтың елшісіне жолығып, оның уағызына елтіген хазраждар өз құлақтарына сенбестен:

“Яһудилер айтатын пайғамбар осы болды ғой. Бұйырған кетпейді деген осы шығар, кеудемсоқтанып жүрген яһудилерден бұрын танысу бізге нәсіп болды. Иман келтіріп, дұшпанымыздан басым түсейік”- деп, ләм-мим сөзге келместен кәлимаға тілдерін келтіріп, мұсылман болды.

Сонан соң сүйікті Пайғамбарымызға былай деді:

“Біз ру-ру болып бөлініп, бір-бірімізді аяқтан шалып, дұшпандық жасауда алдымызға жан салмай келдік. Өзара ауызбірлік жоқ жерде басқалармен сыйластық қайдан болсын. Мұнан былайғы жерде сол рулардың Аллаhтың құдіретімен басы біріксе екен дейміз. Елімізге барған соң сенен естігендерімізді жұртымызға да баяндап, оларды жақсылыққа шақыратын боламыз.

Егер Аллаh Тағала оларды дін арқылы жақындастырып, ынтымақтастыратын болса, жер жүзінде сенен ардақты жанның болмағаны деп білеміз”.

Аллаh Расулының үндеуіне үн қосып, Ислам нұрына бөленген алғашқы мәдиналық мұсылмандар мыналар:

Әбу Умама Әсад, Ауф ибн Харис, Рафи’ ибн Малик, Қутба ибн Амир, Жабир ибн Абдуллаһ.

Алтауы да елдерінде елеулі, көпшілік құрметтейтін жандар. Сол себепті атамекендеріне қайтып, халқына пайғамбарды, оның өнегесін ұқтыруға асықты, насихаттары нәтижесіз қалмады. Аз уақыт ішінде Мәдинада Ислам нұры кеңінен жайылды. Аллаh пен оның елшісінің тарапынан келген ақиқат шұғыласы әрбір шаңырақты шаттыққа кенелтті…

Мәдинаға Ислам нұрының ұшқынын әкелген алғашқы алты мұсылманның арқасында қалың қауым мұсылмандар сапында бақытқа қауышты.

Осылайша Мәдинаны құшағына алған иләһи нұр бірте-бірте қаланы Ислам мемлекетінің орталығына айналдырады…

Мәдина халқының көпшілігі мұсылмандықты мойындағанмен кедергілер түбегейлі жойылды деуге болмас еді. Жақсылық тосқауылсыз болған ба?…

Әус руының басшысы Саад ибн Муаз бен Үсәййід ибн Хұдайыр мұсылмандықты қабылдамаған болатын. Олардың бұл халі қара халыққа әсер ететіні рас.

Саад ибн Муаздың Әсад ибн Зурараға жиен болып келетін жақындығы да бар.

Бір күні Хазіреті Мусаб пен Хазіреті Әсад бір топ мұсылмандармен иман төңірегінде сұхбаттасып отырды. Әңгіме қызығын тасадан садағын асынып, оқыс шыға келген Үсәййід ибн Хұдайырдың:

“Отырыстарыңа болайын, тіпті жайбарақатсыңдар ғой. Мүрдем кетірсем, кім мені тергер дейсің? Неге келдіңдер тып-тыныш жатқан еліміздің шырқын бұзып. Өзіндік пікірі жоқ деп дәрменсіз бұқараны алдап-арбап жинағандағы мақсаттарың не?” - дейді зілденіп.

Хазіреті Мусаб:

“Ау, адамның баласысың ғой сен де. Адам - сөйлескенше деген, отыр алдымен айтарымызды тыңда. Ұнаса - қабылдарсың, ұнамаса - сонан соң қарсылыққа көш” - деді.

Үсәййід мұндай лебізді күтпесе керек, қолындағы оғын жерге қадады да отыра кетті.

Хазіреті Мусаб Ислам жайында жалпы айтып шықты да, Құранды нәшіне келтіріп оқыды.

Үсәййід Құран сүресі оқылып бітпей жатып:

“Неткен керемет! Не деген шешендік!” деп таңданысын жасыра алмай:

“Бұл дінге кіру үшін не істеу керек?”-деп сұрады.

Хазіреті Мусаб оған Исламдық қағидаларды түсіндіріп шықты. Үсәййід екі сөзге келместен иман келтірді.

Сонан соң асығыс жиналып:

“Мен қазір сіздерге біреуді жіберемін. Егер ол да мұсылман болса, Мәдинада имансыз жан қалмайды” - деп кетіп қалады. Барған бойы Үсәййід Саад ибн Муазбен сөйлесіп, мұсылмандардан жамандық келмейтінін ұғындырады. Саад ибн Муаз оның айтқандарына қанағаттанбай, сенімсіздік көрсетіп өзі барғанды мақұл көреді.

Салып ұрып Мусабты қаумалаған мұсылмандардың қасына келді:

“Ей, Әсад! Менің ағайындыққа салып, үндемей жүргенімді сезетін боларсың. Әйтпесе, сенің істегендеріңе кез-келген кісі төзбес еді”- деді.

Мусаб оны да ақырын сабырға шақырып:

“Ентелеп қайда барасыз? Отырып айтқандарымды тыңдап көріңіз. Түсініп, жақтырсаңыз қабылдарсыз. Көңіл қошыңыз соқпаса, біз де сізге мұнан былай ұсыныс айтпаймыз” - деді.

Саад та мұсылман ұстаздың әңгімесіне құлақ түріп, Құранға ден қойды. Хазіреті Мусаб “Зухруф” сүресінің бірнеше аятын оқып шықты. Қасиетті кәлам оқылып жатқанда Саадтың жүзі нұрланып, көзі күлімдеп қалай жұмсарғанын өзі де байқамай қалады. Оны еліткен Құрандағы теңдессіз әуезділік пен үйлесімділік, соған негізделген нанымды насихат еді.

“ Бұл дінге кірудің жолы қандай?”- деп сұрады аптығып.

Хазіреті Мусаб оған хақ дінге кірудің негіздерін түсіндірді. Саад сол жерде куәлік кәлимасын айтып мұсылман болды.

Руластарының арасына қайтып келгендегі көңілін кернеген қуанышты қауымы да сезді. Халықты жинап:

“Ей, халайық! Мені жетекші деп мойындайтындарың рас па?” - деп сұрады.

Көпшілік бірауыздан:

“Сен біздің басшымызсың”- деп мадақ жаудырды.

“Олай болса, мен Аллаhқа, оның елшісі Хазіреті Мұхаммедке иман келтірдім. Сіздерден де соны өтінемін. Иманға келгенше сіздермен тілдесу маған харам болсын!” - деді.

Осы сөзден соң қауымы бір кісідей Саадтың айтқандарына ұйып, иман келтіргендіктерін жария етті.

Сол күнгі Әсад ибн Зурара мен Мусаб ибн Умаййрдың шаттығын бүкіл болмыс, айнала қоршаған табиғат бөліскен сыңайлы. Жер мен көк масаттанып мұсылмандарға мейірлене қарайтындай. Мәдинадағы Ислам тәлімгерлерінің иықтарынан зіл батпан жүк түскендей.

Иә, Мәдина аз уақыт ішінде иман нұрына малынды. Бастарына мәңгілік бақ қонған құтты мекеннің тұрғындары арасында Бәни Үмаййа ибн Зәйдтің отбасы ғана мүшрік қалпында қала берген…

Кейінірек олар да мұсылман болады.

БІРІНШІ АҚАБА КЕЛІСІМІ

Біздің эрамыздың 621 жылы…

Хазіреті Мұхаммедке (с. а. у. ) пайғамбарлық міндеті берілгелі он екі жыл өткен.

Бір жыл бұрын Мекке маңында - Ақабада пайғамбары-мызбен кездесіп, иман шәрбатын татқан мәдиналық алты мұсылман келер жылы дәл осы күні, сол жерде бас қосамыз деп Аллаh Расулымен сөз байласты.

Күн артынан күн, ай артынан ай жылжып келісілген мерзім де келді. Мәдиналықтар уәде бойынша қастарына тағы да алты адам ертіп, бас-аяғы он екі кісілік топ Меккеге келеді. Келісілген жерде - Пайғамбарлар Сұлтанымен (с. а. у. ) жүздеседі.

Осы жүздесудің соңында:

1. Аллаhқа ешнәрсені ортақ қоспау;

2. Ұрлық жасамау;

3. Зинақорлық жасамау;

4. Балаларын өлтірмеу;

5. Ешкімге жала жаппау;

6. Қайырлы істерге қарсылық білдірмеу жөнінде пайғамбарымыздың алдында келісімге келіп, серт береді.

Осы келісімнен соң Мұхаммед (с. а. у. ) былай дейді:

“Сіздердің берген уәдеде тұрғандарыңның қайтарымын Аллаh береді. Ол серттен таймағандар үшін жәннат сыйын дайындаған.

Кімде-кім пендешілікпен берген сертін бұзса және осы дүниеде соған сай жазаланар болса, істеген күнәсінің қайтарымы сол.

Ал егер кімде-кім пендешілікпен берген сөзінің біреуінен тайқып, оны Аллаh жазаламай, жұрттан жасырар болса, оның ақыры Аллаhқа ғана мәлім, тілесе кешірер, болмаса азапқа душар етер”.

Мұсылмандар Мұхаммедпен (с. а. у. ) төмендегі жайттар турасында да мәмілеге келді:

“Қиыншылықта да, қуанышта да басшының айтқанын тыңдау, оған мойынсұну. Пайғамбарға зәредей наразылық көрсетпеу”.

Алғашқы Ақаба келісімі деген атпен тарихта қалған бұл мәміледе айтылғандар нағыз ауызбіршіліктің іргетасын қалыптастыратын принциптер еді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармаған жағдайда қандай қоғам болмасын, сен салар да мен салардың кебін киері хақ.

Күллі адамзатты бақытқа бөлеп, бейбітшілік, өзара келісім принциптеріне негізделген Ислам дінінің алғашқы маңызды көрінісі еді бұл.

Алғашқы Ақаба келісіміне қатысқандар:

1) Әсад ибн Зурара;

2) Ауф ибн Харис;

3) Муаз ибн Харис;

4) Рафи’ ибн Малик;

5) Зәкуан ибн Қайс;

6) Убада ибн Самид;

7) Язид ибн Салаба;

8) Аббас ибн Убада;

9) Қутба ибн Амир;

10) Уқба ибн Амир;

11) Уәйм ибн Саида;

12) Әбул Хәйсам Малик ибн Тәййіхан

Мәдиналық мұсылмандар Ақабадағы мәміледен соң туған жеріне қайтып, Исламның көкжиегін кеңейтуге бар күштерін салды…

Арадан біраз уақыт өткенде мәдиналық мұсылмандар Расулаллаһқа қолқа салып, Исламның қағидаларын жан-жақты үйрететін Құран тағылымын жүргізетін тәлімгер ұстаз жіберуін өтінеді… Аллаh Расулы олардың бұл өтініштерін сол заматта орындайды. Мәдиналықтарды иман нәрімен сусындату үшін құрайыштан шыққан жаратылысынан нәзік, жоғары мәдениетті, парасаты мен көркі үйлескен жас сахаба Мусаб ибн Умайр лайық деп табылады.

Мәдиналық мұсылмандардың жетекшісі Әсад ибн Зурара Меккеден ат арытып ақиқат жолын үйретуге келген Мусаб ибн Умайрды өз үйіне орналастырады. Сол күннен бастап Әсадтың үйі Құран шәкірттерінің білім ордасына айналады.

Расулаллаhтан тікелей дәріс алған Хазіреті Мусаб уақытты, шарттарды өте ыждағатты пайдалана білетін, кез келген мүмкіндікті қалт жібермейтін аса ұқыпты жігіт еді. Бар қажыр-қайратын Мәдинада мұсылмандықтың кең өрістеуі үшін жұмсаған. Ел ағаларымен кеңесіп, жиі кездесіп жұмсақ тілімен жылы лебізін білдіріп Исламды түсіндіруге тырысатын.

ЕКІНШІ АҚАБА КЕЛІСІМІ

Біздің эрамыздың 622-жылы…

Пайғамбарлықтың он үшінші жылы…

Қағбаны дәстүрлі зиярат заманы келгенде Мусаб ибн Умайр пайғамбарымызды Мәдинадағы ахуалдан өзі хабардар ету үшін бір топ мұсылманмен бірге Меккеге келеді. Келгендердің жалпы саны жетпіс бес адам, олардың екеуі әйел.

Меккеге кірген соң көпшіліктің назарын аудармау үшін араларынан бірнеше кісіні Қағбаға -Мұхаммедке (с. а. у. ) хабар беруге жолдайды. Расулаллаh бұл сәтте Харам мешітінде Хазіреті Аббаспен сұхбаттасып отырған. Мәдиналық өкілдер кірген бойда оларға сәлем беріп:

“Уа, Расулаллаh! Біз Мәдинадан келдік. Топ адамның ішінен бізді хабаршы етіп жіберді. Өз арамызда сенің жолыңнан таймауға, саған әрдайым көмектесуге, сен үшін, сенің дінің үшін қажет болса жанымызды қиюға серттескенбіз. Осы мәселелер төңірегінде өзіңізбен кеңірек әңгімелессек деген ойымыз бар еді, кездесетін орынды белгілесеңіз” - деді.

Ардақты Пайғамбарымыз тағы да Ақабада жолыққанды жөн санады. Жүздесу түн жарымында жүзеге асырылмақ. Жан-жақтағыларға сыр білдірмеу, түнде жұртты күдіктендірмеу үшін бір-бірлеп жиналу жайы да баса ескертілді.

Мәдиналық мұсылмандар осы талаптарды орындап, түн ортасы ауғанда жан баласына сездірместен Ақабада бас қосады.

Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) Ақабаға әлі де мұсылмандықты қабылдамаған бауыры Хазіреті Аббаспен бірге барады. Хазіреті Аббастың мақсаты - жақынын маңызды мәселеде жалғыз тастамау, әрі болатындарды өз көзімен көру еді.

Алдымен сөз алған да сол. Мәдиналық мұсылмандарға қарап, әркімнің өзіне сенімі болса ғана бұл іске кірісулері қажеттігін, көңілдерінде аз күмән болатын болса, осы бастан баз кешкендері дұрыс екенін сөз етті. Мәдинадан келгендер Аллаh Расулының лебізін өз аузынан тыңдағанды хош көрді. Бәрі жапа- тармағай:

“Уа, Расулаллаh! Не тілегің болса айт, Аллаh үшін, өзің үшін сертімізді ал”- десті.

Мұнан соң мәдиналық меймандардың көш бастаушысы Хазіреті Әсад ибн Зурара пайғамбардан рұқсат сұрап, сөз бастады:

“Ей, Аллаhтың Нәбиі! Әрбір шақырудың өзіне тән жөн-жоралғысы бар, ол жол қиын не жеңіл болады.

Бүгінгі сенің халыққа тастаған үндеуің - адамдар оңайлықпен қабылдай қоймайтын шетін жол.

Сен бізді сонау ата-бабаның ғұрпымен сеніп келген дінімізді тастап, өз дініңе бас июге шақырдың. Айтуға жеңіл болғанмен, шынтуайтында оңай шаруа емес. Соған қарамастан біз сенің ұсынысыңды қабыл еттік.

Біз туған жерімізде баршадан үстем, жұртқа сөзіміз өтетін тайпа едік. Өз туысқандарың сенен безіп, мойындамай жатқанда саған шын көңілден иландық. Айтқандарыңды құптадық.

Аллаh Тағала тура жолға түсіріп, ақиқатты нәсіп етпесе анау-мынау адамның өз еркімен құптай қоймасы да хақ. Алайда біз тілімізді кәлимаға келтіріп, жүрегімізбен иманымызды бекіттік. Бар ықыласымызбен сенің өнегеңе берілдік.

Аллаhтан аян болған уахиларыңды біліп, сеніп, саған серт беруге келдік.

Біз Раббымыздың алдында ант ішеміз!

Аллаhтың құдіретіне сеніп, сенің елшілігіңе куәлік еттік.

Жанымызды, малымызды, отбасы, бала-шаға, әйел аналарымызды қалай қорғасақ, саған да солай қорған болуға әзірміз!

Егер осы сөзімізде тұрмайтын болсақ, Аллаhтың алдында антұрған, бейбақ біз болайық!

Уа, Расулаллаһ! Енді Жаратушы Аллаh үшін, өзің үшін қоятын талап-тілектеріңді бұйыр!” - деп, Хазіреті Әсад сөзін түйіндеді.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с. а. у. ) алдымен Құраннан бірнеше аят оқып, оларды тура жолға шақырып, сөзін жалғады:

“Ұлы Аллаh Тағала үшін сіздерге қоятын шартым мынау-Оған еш нәрсені ортақ қоспастан ғибадат қылыңыздар… Намаз оқып, зекет беріңіздер.

Өзім үшін қояр талабым:

Аллаhтың пайғамбары екендігіме куәлік келтіріңіздер; Өздеріңізді, әйел, бала-шағаларыңызды қорғағандай мені де қорғаңыздар!

Осы тұста Абдуллаһ ибн Рәуаха тұрып:

“Уа, Расулаллаһ! Осы айтқандарыңды орындасақ, нәтижесі не болмақ?”- деп, сауал тастады.

Пайғамбарымыз:

“Нәтижесі - жәннат сыйы”- деп жауап берді де, жоғарыда айтқан шарттарын қайталады. Сонан соң:

“Әрбір істе маған жәрдемші, баршылықта да, таршылықта да қолдаушы болатын он екі өкіл тағайындаңыздар. Мұса пайғамбар да бір кездері Исраиыл ұлдары арасынан он екі өкіл сайлаған” - деді.

Мәдиналық мұсылмандар кеңесе келе хазраж руынан тоғыз, әустерден үш өкіл сайлады.

Хазраж өкілдері мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран тарихы
ҚҰРАН ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ
Араб мемлекеті
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Хазреті Пайғамбарымыз
Араб халифатының құрылуы
Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер
Мұхаммед ибн Абдуллаһ
Тәпсір әдістемесі
Ислам – адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz