Уақыф сөзінің тілдік мағынасы


Мазмұны
1. Кіріспе . . . 2бет
2. Бірінші бөлім:Уақыфты анықтау . . . 5бет
3. Екінші бөлім:Қазақстан жеріндегі уақыфтар тарихы . . . 33бет
4. Үшінші бөлім:Уақыфтың қоғамдағы орыны . . . 43бет
5. Қорытынды . . . 53бет
Осы еңбегімді аяулы анамыз Нүрсилә Түкібайқызының
рухына, бұл өмірде балаларының қызығын көре алмаса да, о дүниеде ұрпақтарының дұғасына кенеле берсін деген перзенттік борышы ниетіммен арнаймын . . .
Кіріспе
Аллаһ Тағала сансыз шүкір мен мадақ айтып, пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның үй-ішіне, артынан ерушілерге салауаттар мен сәлемдер жолдай отыра, осы кішкене еңбегімді бастауға ниет еттім.
Аллаһқа шүкір еліміз тәуелсіздік алып, Президентіміз айтқандай алғашқы күндерінен бастап, экономикалық дербестікке қол жеткізу мақсат тұтып, қазіргі таңда Әлем алдында мойындалатын дербес ел болдық.
Әлбетте, материалдық қажеттілікпен, бірге рухани қажеттілігімізді де дамытпасақ болмайды. Қандай да бір халықтың діні, тілі, ділі болмайынша, халықтығы болмайды. Соның ең бір кіршіксіз таза болып саналатын жері - діні, имандылығы.
Имандылықтың аздығынан, қоғамымыздағы рухани дерттерге жолығып отырғанымыз белгілі нәрсе. Соның емін, адамдар имандылық орындарынан іздейді. Ендеше елімізде мешіттеріміз имандылық орындарымыз көбеюімен бірге, оның атқаратын істері көркеюі қажет.
Осы орайда, кешегі күні елбасымыз, дінбасы мен дін қызметкерлерін Президент сарайында жинап, кеңесіп, күніміздегі діни ахуалға байланысты мәселелерге тоқталуы, өзінің дер кезінде халыққа жолдаған Жолдауы сияқты, діни салаға да бағдар берер жолдауы болды.
Сол жиында Қазақстандағы мешіттерді тіркеу, мешіт жерін меншікке шығару, заңдастыру жөнінде сөз болды.
Жазғалы отырған еңбегіме де, осы мәселенің қажеттілігі бар екенін, сөз етпес бұрын, мұсылман бауырларымызды дінімізге онсыз да көп кір жағып жатқанда, бір Аллаһтың, бір дінінің ішінде тармақ-тармаққа бөлінбей, бөлінгенді бөрі жейдінің кебін кимей, қандай да бір идеологиялардың артынан еріп емес, Құранның бір үммет болу әміріне еріп, кең байтақ жерімізде өмір сүріп жатқан халықтармен Ислам көрсеткен сыйластық қарым-қатынаспен өмір сүруіміз керек.
БҰҰ-ның басшысы Кофи Анан: "Қазақстан - БҰҰ-ның кішкентай нұсқасы", - деп айтқанындай, Жер бетіндегі жері үлкен мұсылман елі болсақ, ата-бабамыз сияқты көңіліміз де, дархан болуына шақырамын.
Құран-Кәрімнің көпшілік аяттарында «Шынында иман етіп, жақсылық істегендер …», - деп, иман мен жақсылық ету сөзі бірге жүреді, яғни бірінсіз-бірі болмайды.
Сол жақсылық істердің бірі - пайғамбарымыз және оның саңлақ сахабалары көрсетіп кеткен жақсылық ету, садақаның бір түрі - уақыф екенін айтқым келеді.
Шариғатта уақыф дегеніміз - белгілі бір мал-мүлік көп мәрте қайырылымдылық жолында пайдалану үшін ұзақ мерзім жұмсамай ұстап тұру». Демек, ол - үзілмейтін садақа болып саналады. Ол мүлікті жамағат болып мешіт немесе медресе пайдалануға болады. Әйтпесе жеке-жеке адамдар пақыр, міскіндер болып та пайдалануға болады.
Ол уақыфтың шариғат анықтаған:
1. Таза діни .
2. Қайырымдылық.
3. Арнайы немесе ұрпаққа арналған түрлері бар.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған бері, мұндай орындар жерімізде бар болған, жұмыс атқарған, бірақ қилы-қилы заманды бастан кешіп, ең соңғысы 70 жылғы атеистік идеяның қамауынан шыққанында, мұндай ұғым тұрмалық, атымызды ұмытып қала жаздадық.
Уақыфты зерттеу - қазіргі таңда Исламның зерттелмей жатқан көп жақтары сияқты тың мәселе болып отыр.
Сондықтан еңбегімнің дарияға құйылған бір тамшыдай болсын пайдалы болуын тілеймін. Алдын-ала түзейтіндерінің болса түзеп, қосатындарыңыз болса, қосып отырсаңыздар, зерттеуімнің нәтижелі болғаны деп білемін.
Зерттеу жұмысының жоспары
Кіріспе
Бірінші бөлім: Уақыфты анықтау.
1. Уақыф сөзінің тілдік мағынасы.
2. Уақыф сөзінің шариғаттағы мағынасы.
3. Уақыфтың шариғаттағы үкімі.
4. Түркиядағы уақыфтарға байланысты туындаған сұрақ-жауаптарға шолу.
Екінші бөлім :
1. Қазақстан жеріндегі уақыфтар тарихы.
Үшінші бөлім : Уақыфтың қоғамдағы орыны.
1. Қазіргі ислам қоғамындағы уақыфтың маңыздылығы мен пайдалары.
2. Қазақстанға үлгі ретінде алуға болар Түркия, Мысыр елдеріндегі уақыфтар.
Қорытынды
Бірінші бөлім:Уақыфты анықтау.
Уақыфтың араб тіліндегі мағынасы:
Мысырлық фиқһ ғалымы доктор Мұхаммед Рафат Османның «Уақыфтың Ислам шариғатындағы үкімі және оған байланысты Ислам оқу орындарының ұстанымы» атты еңбегін зерттей отыра уақыфқа байланысты төмендегідей мәселелерге тоқталғанын анықтадым:
« الوقف » сөзі араб тілінде көп мағынада пайдаланылған сөздердің бірі. Оның ا « السكون » тыныштық « التعليق »тоқтату « التأخير »кешіктіру « الحبس » ұстау сияқты мағыналарда қолданғанын көреміз. Мәселен «тыныштық» мағынасына қолданғанда « وقفت الدابة » хайуан тынышталды, ал «тоқтату» мағынасында қолданғанда « وقفت الرجل عن شيء وقفا »ер адамды бір нәрседен тоқтаттым, ал «кешіктіру» мағынасына қолданғанда « وقفت قسمة الميراث الى الوضع »әйелдің босануына дейін мирасының берілуін кешіктірдім, ал «ұстау»мағынасында қолданғанда « وقفت الدار وقفا »үйімді Аллаһ жолында уақыф етіп ұстадым деген мағыналарда қолдануға болады.
Осылайша, сөз омонимді бірнеше мағына беретін сөз болып, оның қолданылуы да, мағыналары да әртүрлі болады. Мәселен « عين »сөзі араб тілінде « الباصرة »көз, « الجاسوس »тыңшы және одан да басқа қолданылған, тағы да « القرء »сөзі « الحيض »хайыз, « الطهر »тазалық мағынасында, ал « القضاء »сөзі « الأمر »бұйрық, « الإرادة »қалау, « الموت »өлім, « الحكم »үкім, « الإلزام »талап ету және тағы басқа мағыналар бергені сияқты.
. « الوقف »сөзін қолданғандағы мақсат етілген нәрсе « الموقوف »уақыф етілген нәрсе мағынасын білдіру, яғни « الرهن »сөзін кепілдік ету іс-әрекетін білдіретін түбір ретінде қолданып, ондағы « المرهون »кепіл етілген нәрсені білдіру керек болғаны сияқты. Кейбіреулер қолмен ұстаған нәрсені « أوقفته »оны қолмен ұстадым деп Әлифпен, ал қолмен ұстамаған нәрсені « وقفته »оны қойып қойдым деп Әлифсіз қолдану керек дейді. Алайда ғалымдар дұрысы деп егер Әлифсіз қолданғанда « ما أوقفك ها هنا؟ »Сені не тоқтатты? Немесе « أنت تريد أي شأن حملك علىالوقوف؟ »1 Не себепті бұл жерде тұрсың? Деген сөзде қолданып, ал « أوقفت دارى أوأرضى »деп қолдану әдеби нормаға сәйкес емес дейді. Камал ибн Аль
Һиман және Ибн Жунни айтты:Маған Әбу Али Аль-Фариси Әбубәкірден хабар етті, Әбу Аббастан, Әбу Осман Әл-Мазани айтты: « وقفت دارى و أرضى »деген не « أوقفت »деген сөзді арабтар білмейтін, сондықтан уақыф етілген нәрсе орнына « الموقوف »сөзін қоймай, бәлки масдар орнына « الوقف »сөзін бейнелеу мәшһүр болды. Осылайша « هذه الدار وقف »мынау уақыф етілген үй деп қолданды, сондықтан оның көпше түрі أفعال уәзніме وقت-أوقت, وقف-أوقف сияқты болды. 2
Ғұламалар « الوقف », « الحبس », « التسبيل »сөздерінің мағынасы біреу, яғни былай деп айтқанда: « وقفت أرضى, حبستها, سلبتها »десе оның барлығы «жерімді уақыфқа бердім» деген мағынаны білдіреді. Бұл дүниесі «уақыф» деп аталады, өйткені бұл дүние не бір адамға, не уақыф етіп тағайындалған жақта болады. Мәселен:Құран-Кәрімді жаттау медрессесі, не жетім, тастанды балалардың шығынын өтеу үшін, не осыған ұқсас қайырымдылық шараларға жұмсалып, оны не сатуға, не сыйлауға болмайды. Ал қайырымдылық дүние деп аталуы, оның пайдасына не біреу, не уақыф жақты білдіретін өкіл иелік етеді. 3
«Уақыф» сөзінің фиқшылар жанындағы анықтамасы:
Қандай да бір дүниені шариғат көрсеткен нормаларға сәйкес бір адамнан екінші адамға, не бір жақтан екінші жаққа беруге болады. Егер адам өзінің адамдар арасындағы айналымда жүрген ақшасын айналымнан алып, екінші біреуге не екінші жаққа жекеменшікке қайырымдылық ретінде бере алуын тоқтата алатын себеп жоқ. 4
«Уақыф»-тың анықтамасы жөнінде ғалымдардың пікірі әртүрлі. Мәселен Әбу Ханифада: «Уақыф етілген дүние иесінің жекеменшігінде болып, ал оның пайдасын садақа ете алады. 5
Өйткені ӘбуХанифа уақыф етілген дүние басқа біреуге жекеменшікке
берілмейді деп есептейді және ол дүниені айналымнан алу қажет емес.
Уақыф етуші қалаған уақытында уақыф еткен дүниесін кері қайтара алады және оны өз қалауынша жұмсай алады, сатуға, сыйлауға, жалға беруге хақысы бар және бұл шешімі оның өз шешімінен қайтқандығын білдіреді.
Әбу Ханифа бойынша уақыф етуші уақыфын кері алу хұқына барлық жағдайда хұқысы бар, егер өзі өлгенше қайтып алмаса, ол дүние балаларына мирас болып қалады және оны балалары мирас етілген дүние сияқты пайдалануларына хұқылары бар. 6
Тек ғана Әбу Ханифа көрсеткен қағидадан тыс екі жағдайдан басқа:біріншісі жағдай:егер өлгеннен кейінге өсиет етсе былай деп: «Егер мен өлсем, үйімді мынадай мақсатқа уақыф еттім» немесе «Мынау тіршілігімде уақыф, өлгеннен кейін садақам»десе.
Екінші жағдай:егер қазы оның уақыф етілуі қажет екндігі жөнінде шешім шығарса.
Міне осы уақыфты кері қайтара алмауға байланысты Әбу Ханифадағы қағидадан тыс екі жағдай, осы жағдайларда уақыф ету міндет болады.
Әбу Ханифаның осы пікірін кейбіреулер Али ибн Әбуталибтен, Абдулла ибн
Масғудтан (Аллаһ олардан разы болсын) жеткізеді. 7
Уақыфтың анықтамасы жөнінде Әбу Ханифаның екі шәкірті Әбу Юсуф және Мұхаммед ибн Аль-Хасан былай деген: «Белгіл бір мүлікке( حبس العين ) Аллаһтың деп үкім беру».
Әбу Ханифа мазһабы мәшһүр фиқшыларының бірі Аль-Камал ибн Аль-Хаммам уақыфты былай деп анықтайды: «Белгілі бір мүлікті уақыф мүлкі деп ұстау, одан түсетін пайданы садақа ретіде немесе одан түсетін пайданы қалағанына жұмсау. Осы соңғы сөзді Аль-Камал ибн Аль-Хаммам былай деп түсіндіреді: «Уақыф беруші адам байлардың ішінен қалаған адамына, оған жақындауды ниет етпей-ақ берсе болады. Ибн Нужейм Аль-Ханафи былай деп баяндаған: «Байларға арналған уақыф дегеніміз-садақаның бір түрі, өйткені садақаны кедейлерге де, байларға да беруге болады. Ал кейбір ғалымдар байларға берілетін садақаны сыйға берудің( الهبة ) ауыспалы түрі деп қана біледі. Ибн Нужейм Әбу Ханифа мазһабы фиқшыларынан мынадай пікірді келтіреді: «Байға садақа беруде оған жақындаудың бір түрі бар, алайда ол кедейге жақын болудан кем түседі».
Ас-Сарахси уақыфқа былай деп анықтама береді: «Басқа біреудің мүлкін иелену»деп қана айтады. 8
Енді Мәлики мазһабына көшер болсақ, үлкен фиқшыларының бірі Ибн Арафа уақыфқа төмендегідей анықтама береді: «Бір нәрсенің пайдалануын беру(сол нәрсе болып тұрғанша) ол берушінің иелігінде қала береді»9
Уақыфқа қойылған заттың иелігі иесінде қала береді, бірақ пайдасы басқаларға. Мәлики фиқшыларының бірі Ибн Шас былай дейді: «Уақыф берілген адам жеміске, сүтке, жүнге, түйе жүніне ие болады».
Тағы да Мәликилер былай деп баяндайды: «Уақыфқа берілген нәрсенің иелігі мешітке қатысты болғанда, басқаша болады. Яғни мешіт соғушы адам мешітке иелік етпейді (затын да, түсетін пайдасын да) ». 10
Шафиғи мазһабына келсек, Ар-Рамли деген ғалым уақыфқа мынадай түсініктеме береді: «Пайдалануға болатын мал-мүлікке иелігі қала береді, бірақ пайдасы басқаларға». 11Аль-Қалюби де осы пікірді айтады. 12
Ханбалиттер фиқһына келсек, Аш-шейх Муафиқуддин өзінің «Аль-Муғни»
деген кітабында уақыфқа төмендегідей анықтама береді: «Асылын ұстап тұру, жемісін жұмсау.
Ибн Құдама өзінің «Аш-шарху Аль-Кабир»деген кітабында былай дейді: «Асылын ұстап тұру, пайдасын беру». 13
Ибн Хажар Аль-Асқалани былай дейді: «Белгілі мүлікті сатуға тыйым салу, бірақ пайдалануға рұхсат беру, нақты көрсетілген үлгіде». 14
Ас-Санғани былай деп анықтама береді: «Пайдалануға болатын мал-мүлікке иелігі қала береді, бірақ пайдасы басқаларға мүбах нәрселер». 15
Ахмед Ад-Дирдир былай деп анықтама береді: «Затты немесе мүлікті пайдалануға лайықты адамға беру». 16
Қазіргі кездегі фиқшыларға келсек, Аш-шейх Мұхаммед Абу Захра былай дейді: «Иелігі өз иесінде қала беретін, бірақ пайдалануға болатын мүлікті қайырымдылықтың бір түріне жұмсау басында да, соңында да». 17
Аш-шейх Закиюддин Шағбан да солай дейді. 18
Осы анықтамалар ішінен Ар-Рамлидің анықтамасы уақыфтың мағынасына келетіндіктен оны таңдауға болады.
Жаһилият кезінде уақыф болмады:
Жаһилият кезінде адамдардың үйлерін немесе жерлерін уақыфқа қойып, қайырымдылыққа жұмсағаны жөнінде хабарлардың жоқтығын ғалымдар баяндаған. Қағба үйі олардың назарында Қасиетті, Ұлы болып саналған. Олар оның құрылысын жаңартып отырған және зәмзәм құдығын қазған(көзін ашып отырған) . Алайда ол амалдар жақындау үшін болған жоқ, бәлки өзара мақтаныш үшін жасады. 19Аш-Шафиғи шариғатта анықтамасы бар уақыфтың жаһилиятте болмағанын айтқан. 20
Имам Аш-Шафиғи былай дейді: «Біз жаһил адамның өз үйін баласына немесе Аллаһ жолында немесе міскіндерге уақыф еткенін білмейміз. Біздің білуімізше олар кейбір жануарларды уақыф еткен». (Сәибә, Бахира, Уасила және Аль-Хам) 21Бірақ Аллаһтың елшісі келгеннен соң, ол жануарларды пайдалануға болатынын айтты. 22
Уақыфқа қатысты Ислам оқу орындарының ұстанымы:
Олар екі мәселеге тоқтатылады. Бірінші мәселе уақыфтың үкімі жөнінде ғалымдардың екі бағыт ұстануы. Бірінші бағыт:Көптеген әуелгі ғұламалардың және олардан кейіңгілердің пікірінше уақыф ету-дұрыс, мәндуб болып саналады. Тіпті Жабир ибн Абдулла айтқандай: «Пайғамбарымыздың сахабалары шамасы келгендерінің уақыф етпегені болмаған».
Екінші бағыт:Кейбіреулер уақыф етуді дұрыс емес деп санаған. Имам Аш-Шафиғидің айтуынша: «Кейбіреулер уақыфқа қойылған садақаларды дұрыс емес деп есептейді». Шурейх былай деген: «Мұхаммед(с. ғ. с) келді де, ұсталып тұрған мүлікті( الحبس ) босатуды айтты: «Аллаһтың парызынан тыйыуға болмайды». 23
Ибн Құдама былай дейді: «Шурейх уақыфқа келіспеді: «Аллаһтың парызынан тыйыуға болмайды»деп, бұл Куфалықтардың мазһабы». 24
Анықтама берген кезде баяндағанымыздай, Әбу Ханифаның пікірінше уақыф дегеніміз иелігі өзінде, пайдасы басқаларға. Осы анықтаманы түсінбей, уақыфқа рұхсат емес деп ойлайтындар бар. 25
Әбу Ханифаның сөзін түсіндіретін болсақ, уақыф беруші адамның кез келген уақытта оны сатуға хақысы бар. Имам Әбу Ханифаның сөзінің сыртқы формасын алып, уақыф дұрыс емес деген сөздері дұрыс. Аль-Камал ибн Аль-Һаммам Әбу Ханифадан жеткен екі пікірді, яғни біріншісі уақыф рұхсат емес, екіншісі уақыф ету рұхсат дегенді баяндай келе, былай дейді: «Демек Әбу Ханифа уақыфқа рұхсат бермейді, бірақ әкім үкім етсе болады». 26
Ас-Сарахсидің түсіндіруі бойынша: «Әбу Ханифа уақыф етуді міндетті деп білмейді. Ал, оның рұхсат екендігі белгілі « العارية »сиқты. (белгілі бір мүлікті уақытша тегін пайдалануға беру) 27
Жоғарыдағыны қорытындылай келе Әбу Ханифа уақыфқа рұхсат берді деп айтуға болады. Екі жағдайдан басқа уақыф ету міндетті емес:
1) Қазының уақыфты міндетті деп үкім шығаруы.
2) Өсиет етіліп айтылса.
Доктор Аббас Муһажирани былай дейді: «Әбу Ханифадан жеткен сөздерді оқып шығып, қорытынды шығарғаным, ол уақыфқа рұхсат береді, бірақ міндетті деп пәтуә бермейді». 28
Уақыф жайында екі түрлі пікір бар. Бірінші пікір:Көпшілік ғұламалар соның ішінде ӘбуХанифа уақыфтың үкімі жайыз, дұрыс, мәндуб дейді. Екінші пікір:Шурейх Аль-Қадидың пікірі:уақыф дұрысемес. 29
Уақыфтың Құраннан, Сүннеттен және Ижмағтан дәлелдері.
Бірінші Құран-Кәрім:
Құран-Кәрімде жақсылыққа, қайырымдылыққа, мал-мүлік жұмсауға шақыратын аяттар көп. Уақыф соның бірі.
«Сендер Аллаһ Тағала жолында жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар». 30
«Мәдиналық ансарлардың(р. л. ғ) ішінде құрма талдары ең көбі Әбу Талха (р. л. ғ) болатын. Әбу Талха(р. л. ғ) құрма бауларының ішінде, мешіттің алдындығы Байруха деп аталатын бауды жақсы көретін еді. Расуллаһ(с. ғ. с) онда әрдайым кіріп, шырын суымен шөлін басатын. «Сендер Аллаһ Тағала жолына жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар» аяты түсірілген уақытта Әбу Талха(р. л. ғ) Расуллаһ(с. ғүс) жанына барып: «Иә, Расулла(с. ғ. с) !Аллаһ Тағала: «Сендер Аллаһ Тағала жолына жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар»деп жатыр. Дәулетімнің ішінде мен ең жақсы көретінім Байруха бауы. Сол бау Аллаһ Тағала жолында садақам болсын. Сол бауды садақа ету себебінен ізгілікке қол жеткізіп, қалауыңызша пайдаланыңыз»-дегенінде, Расуллаһ(с. ғ. с) : «Жақсы!Бұл бау пайда келтіреді. Бұл баудың пайдасы болады. Ниетіңді естідім. Менің ойымша. сен ол бауды жақын-туыстарыңа бергенің жөн»-деп жауап берді. Әбу Талха(р. л. ғ) : «Иә Расуллаһ(с. ғ. с) !Мен Сіз айтқандай істеймін, »-деп, бауды туыстары мен әке жағынан бауырларына бөліп берді».
Хадисті Әнас ибн Маликтен(р. л. ғ) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті. 31
Екінші:Сүннеттен дәлел.
1. Абдулла ибн Омар жеткізген хадисте:Омар Хайбардан бір жер алды. Аллаһтың елшісіне былай деді: «Иә, Расулаллаһ!Менің Хайбардан алған жеріме жететін ешнәрсе жоқ. Маған не бұйырасыз?». Пайғамбарымыз былай деді: «Қаласаң асылын өзіңе қалдырып, қалғанын садақа ет». Сосын Омар оны ешқашан сатылмасын деп, пақырлар, туысқандар, құлдар, қонақтар, жолаушылар тегін жемісін жеулеріне болады деп садақа етті. 32
Осы хадисті Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуф естіген және сатылмасын дегенді білгенде, Әбу Ханифаның сөзінен кері қайтып, былай деген: «Егер Әбу Ханифа осы хадисті естігенде, сол бойынша үкім берер еді». 33
2. Әбу Хурейрадан жеткен хадис: «Кімде-кім Аллаһ жолында Аллаһқа сеніп, оның берген уәдесіне иман келтіріп, бір жылқыны(атты) уақыф етсе, онда сол жылқының әр қылы, тезегі, кіші дәреті, тері Қиямет күні Мизанда болады». 34
3. Әбу Хурейрадан жеткен хадис: «Адам баласы қайтыс болғаннан кейін үш нәрседен барлық амалы тоқтайды:үзілмейтін садақасы, пайда беретін ілімі, дұға ететін ізгі ұрпағы». 35
Үшінші:Ижмағтан дәлел.
Тирмизи Омардан жеткен хадиске байланысты былай беген: «Осы хадиске пайғамбарымыздың сахабалары және ғылым иелері амал еткен, қарсы пікір айтқан ешкімді білмейміз».
Аль-Хумейди былай дейді: «Әбубәкір Сыддық өз үйін баласына, Омар Мәруадағы жерін баласына, Осман Ромадағы жерін баласына, Али Янбодағы жерін баласына, Аз-Зубейр Меккедегі үйін баласына, Амр ибн Ас Меккедегі және Мәдинәдағы үйін баласына садақа (мирас бойынша бөлінбейтін етіп) етті».
Жабир ибн Абдулла былай дейді: «Пайғамбарымыз сахабаларынан шамасы жетіп тұрып уақыф етпегені болмады», Ибн Құдама былай дейді: «Демек, бұл мәселеде Ижмағ бар. Шамасы келгендері уақыф етті. Оны ешкім теріске шығармайды». 36
Уақыфқа рұқсат бермейтіндердің дәлелдері.
Бірінші:Бұл пікірді ұстанған үлкен табиғиндардың бірі Шурейх төмендегідей дәлел келтіреді: «Мұхаммед(ғ. с) келді де, ұстауда( الحبس ) тұрғанның бәрін боатты және « لا حبس عن فرائض الله »(Аллаһтың парызынан қайтаруға болмайды) 37оның мағынасы: «Мирасқорлардың арасында бөлінетін мал үлестеріне уақыф жасауға немесе тыйым салуға болмайды». 38
Имам Аш-Шафиғи осы пікірді келтіре отырып, өзі былай деп жауап береді: «Пайғамбарымыз келді де босатты дегеніміз, الله أعلم (Аллаһ біледі) ол-жануарлар еді. Ол жаһилиятта араптар ұстаған Бахира, Сәиба, Уасила, Хам сияқты жануарлар. Пайғамбарымыз келіп оларды босатып жіберді». 39
Имам Аш-Шафиғиға қарсы шығатындар бар: «Неге Имам Аш-Шафиғи сол хадисті жануарлармен шектеп қойған ?», -деп.
Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте: «Омар Хайбардан бір жер алды. Аллаһтың елшісіне былай деді: «Иә Расулаллаһ!Менің Хайбарда алған жеріме жететін ешнәрсе жоқ. Маған не бұйырасыз?Пайғамбарымыз оған: «Қаласаң асылын өзіңе қалдырып, қалғанын садақа ет», -деді. Шурейхтың: «Аллаһтың парызынан қайтаруға болмайды»дегеніне жауап беретін болсақ, уақыф ету- Аллаһтың парыздарын тоқтатуға жатпайды. Өйткені, мирасқорлардың хұқықтары екі жағдайда ғана дұрыс болады.
Бірінші:Өлімнен кейін.
Екінші:Өлім алдындағы ауруы кезінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz