Ұлттық діндердің рухани құндылықтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ ПРОЦЕСС РЕТІНДЕ6

1. 1 Ұлттық діндер құндылықтарының өзара қатынастық сипатына қарай әлеуметтік философиялық, діни - тарихи талдаулар жасау. 6

ІI ҰЛТТЫҚ ДІНДЕРДІҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН ТАБИҒАТЫ15

2. 1 Ұлттық діндердің рухани құндылықтары15

2. 2 Қазақстандағы Ұлттық діндердің жағдайы және46

негізгі құндылықтарының алатын орны. 46

ҚОРЫТЫНДЫ54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:56

КІРІСПЕ

Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әртүрлі болып келген. Сондықтан „дін” дегеннің не екенін танып, білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Егеменді Қазақстан мемлекеті азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері жоқ емес. Елімізде жүзден астам этностар мен ондаған діні бірлестіктер бар. Сол себепті ұлттық діндердің рухани құндылықтарының мәні мен табиғатын анықтау қазіргі кездің өмір талабы деп ойлаймын.

Жер бетіндегі діни көзқарас, дүниетаным ежелгі заманнан бері келе жатқаны белгілі. Діндер өздерінде қалыптасқан мойындалатын құндылықтар дүниесін - негізінен рухани құндылықтар деп есептейді. „Діннен басқа жерде рухани құндылықтар болуы мүмкін емес” деген пікірлер кейде айтылады, яғни әлеуметтік болмыстың басқа салаларында да рухани өмірдің бар екеніне толық шектеу қойылады. Дегенменде бұл мәселенің тереңдеп, осындай қырдан, түрден көрініс беруі кездейсоқ емес, оған негіз болатын тарихи деректер де аз емес.

Дін тарихында ұлттық діндердің қалыптасып, алған орны ерекше. Ондай ұлттық діндерге: зороастризм, сикхи, индуизм, анимизм (синтоизм вуду және т. б. ), антикалық діндер, конфуциандық, даосизм жатады. Бұл зерттеу жұмысымда осы ұлттық діндерге барынша жан - жақты талдау жасалып, олардың діни дәстүр мен нанымдар арасындағы байланыстары жайлы айтылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихында құндылықтардың қалыптасуы мәселесі ерте заманнан - ақ ойшылдардың, ғұламалардың назарында болып келді. Әсіресе, рухани құндылықтардың жүйесін қалыптастыру, оның қалыптасу түпкі негіздерімен себептерін, қозғаушы күштері мен құрылымын анықтау, өтпелі кезеңдегі оның әр түрлі көріністерін айшықтау өзектілігі зор мәселе болып отыр.

Ұлттық діндер мәдениетіндегі руханилық феномен жөнінде тарихи процесте әр түрлі ғұламалар қандай пікірлер білдірді? Қоғамдағы көптеген қайшылықтардың қайнар көздерін олар немен, қандай үрдістермен байланыстырды? Міне, осындай көптеген сұрақтарға бұл бітіру жұмысымда жауап табуға талпыныстар жасалынған.

Бұл зерттеу жұмысымның көлемінде әлеуметтік философиядағы ұлттық діндер мәдениетінің құндылықтарын терең ашып, қоғамның рухани өміріндегі барлық күрделі мәлелелерге толық жауап беру қиын. Бұл зерттеуде негізінен ұлттық діндер мәдениетіндегі адамның болмысының өзегін құрайтын құбылыс рухани құндылықтар екені тұжырымдалып, олар әлеуметтік философия тұрғысынан талдаудан өткізіледі. Адамның күрделі табиғаты тек қана материалдық игіліктерді, сұраныстарды, мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен шектелмейді. Өмір сүріп жүрген қандай болмасын адамға міндетті түрде діни рухани құндылықтар қажет. Өйткені әрбір ұлттық діндердің өзіндік ерекшеліктері мен ең негізгі рухани құндылықтары бар. Сонымен қатар ақиқат, адамгершілік, әділеттілік, жақсылық, әсемдікті өмірдегі өздерінің рухани бағдары еткен әлеуметтік субъектілердің ғана бұл дүниеде шынай мәнге, дамуға мүмкіндігі ашылады. Шын мәнінде адами дамудың қайнар көзі осы діни рухани құндылықтардың басымды күшке, факторға айналған кезеңінен басталады. Қандай да болмасын қоғамның болашағы адамзаттардың тарихта жинақталған рухани құндылықтарды құрметтеуімен, өрбітуімен байланысты. Оларға бой ұсынбаған халықтың берекесі кетіп, сол қоғамда ауызбіршілік жойыла бастайды.

Дамыған мәдениетті қоғамды қалыптастыру міндеттері әрбір этикалық қауымдастықтың дамуы, мен берік мәдениет ретінде ұйымдасуына сәйкес келіп отырады. Қандай этикалық топ үшін де жаңа азаматтық қоғамға, ашық қоғамға өту жолындағы қайшылықтарды жұмыла көтеру болашағы тұр, өзара сұхбаттарды үйлесімдендіру қажеттіліктері бар. /1/

Әлеуметтік философиядағы ұлттық діндердің құндылықтарын рухани дүниені дамытуына қоғамда игілік үшін қызмет ету болып табылады. Аксиология осы мәселелерді теориялық жағынан зерттейді, басқа ілімдердің жетістіктерімен байланыстырады.

Ұлттық діндердің фундаменталдық құндылықтары атты тақырыптың зерттелу деңгейі. Құндылықтарды зерттейтін саланы аксиология деп аталатыны белгілі. Ал, осы құндылықтар мәселесіне философия тарихында қандай пікірлер білдірілді.

Қысқаша тоқтала кетсем. Антика заманында өмір сүрген Сократ: „Игілік дегеніміз не?” - деген сұрақты қойған болатын. Платон үшін ең жоғарғы құндылықтар абсолютті түрде өмір сүреді, ал софистар болса, өздернің атақты „Адам барлық нәрсенің өлшемі” деген тезисі арқылы барлық құндылықтарын адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп, олардың салыстырмалы қасиетіне назар аударған. Аристотель құндылықтар әлемін жіктеуден өткізу қажеттілігін айтады. Ол адамның даналығының өлшемі - оның қандай құнды нәрсені таба білуінде деген пікірді келтірген.

Антикалық дәстүрге тән құбылыс құндылықтарға өзіндік жіктеме беруде. Мәселен, әсемдік пен сұлулық руханилылықтың эстетикалық типінде көрініс берсе, жақсылық - этикалық мағынада қарастырылады. Платон өзінің ұстазы Сократ сияқты адами құндылықтарды игілік категориясынан туындатады. Этика мен эстетиканың ара жігін анықтаған, кейде бір - біріне қарсы қойған Аристотель болып табылады. /2/

Ф. Бэкон өзінің „Жаңа Оргононда” индуктивті методологиясы арқылы игілік пен ақиқат сияқты құндылықтарға сүйенген руханилық адам даралығының даму деңгейінің белгілі бір сатыларында ғана жүзеге асатынын айтады. /3/

Неміс классикалық философиясында құндылықтар әлемі жаңа ұғымның кең таралуымен сипатталады. Бұл „еркіндік” категориясы. Еркіндік - адамның ең құдіретті құндылығы деген ұғым қалыптаса бастайды. Кезінде немістің ұлы философтары Кант пен Гегель де құндылықтар мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген. Кант құндылықтар адамның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы факторлардың мәнділігінен туындайды деген ойды білдірді. /4/

Персоналистік онтологизм бағытының өкілі М. Шелердің басты ерекшелігі - құндылықтар дүниесінде өзіндік иерархия бар деп есептеуінде. /5/

Мәдени - тарихи релятивизм концепциясы бағытының өкілдері - Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин және т. б. Олар аксиологиялық плюрализм идеясын ұсынады, яғни әр құбылыстың көпжақты құндылығы болу мүмкіндігіне тоқталған. /6/

Құндылықтардың әлеуметтік концепциясы бағытының негізін салушы М. Вебер. /7/ Ол жаңакантшылдармен келісе отырып, олардың құндылықтық нормаларын әлеуметтік іс - қимыл мен әлеуметтік білімді тұжырымдауға қолданады.

Құндылық - әлеуметтік субъектіге қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған норма деп алынады.

Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлесін қосқан философ Ф. Ницше болған /8/

Әлемге, адамдарға, әсемдікке деген махаббат кешірімділік, қанағатшылдық, мейірімділік, қай ғасырда болмасын өздерінің тұрақты қасиеттерін сақтай алады, рухани дамудың іргелі категорияларына айналады, рухани сабақтастықтың өзегі болып табылады.

„Философияның мақсаты құндылықтарды анықтауда” - деген Ницше. Ол болмыс пен құндылықты бір - бірімен тығыз байланыста, ажыратпай, сіңістіре қарастырады. Ал, М. Хайдеггер болса ол екеуінің ара - жігін ашуға тырысады.

Әлеуметтік философиялық антропологияға қарағанда (яғни адама философиясына қарағанда) тұлға мен қоғамның салыстырмалы дербестігін мойындайды, бір - бірімен қатынастағы феномендік дербестікті ескере отырып, тұлғаның субъектілік мәртебесін жетекші рол етеді. Сондықтан философиялық, әмбебап деңгейдегі сипаттама адамға деген ерекше бағалауды туындатады.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті.

Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ұлттық діндердегі құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына діни-тарихи тұрғысынан талдаулар жасау, ұлттық діндердегі негізгі құндылықтарды сараптаудан өткізу. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • ұлттық діндердегі құндылықтарды діни-тарихи ілімінің негіздері мен ерекшеліктері ретінде талдау;
  • ұлттық діндердегі құндылықтар адам болмысының өзегі екендігін анықтау;
  • ұлттық діндердегі рухани құндылықтарды барынша ашып көрсету.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.

Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы - ұлттық діндердің негізгі құндылықтарына әлеуметтік философиялық талдаудың жасалуында.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ ПРОЦЕСС РЕТІНДЕ

1. 1 Ұлттық діндер құндылықтарының өзара қатынастық сипатына қарай әлеуметтік философиялық, діни - тарихи талдаулар жасау.

Жер бетіндегі діни көзқарас, дүниетаным ежелгі заманнан бері келе жатқаны белгілі. Діндер өздерінде қалыптасқан мойындалатын құндылықтар дүниесін - негізінен рухани құндылықтар деп есептейді. „Діннен басқа жерде рухани құндылықтар болуы мүмкін емес” деген пікірлер кейде айтылады, яғни әлеуметтік болмыстың басқа салаларында да рухани өмірдің бар екеніне толық шектеу қойылады. Дегенменде бұл мәселенің тереңдеп, осындай қырдан, түрден көрініс беруі кездейсоқ емес, оған негіз болатын тарихи деректер де аз емес еді. Мәселен, атеистік бағытты басшылыққа алған қоғамның ұстанған бағыты мен бағдары шынайы руханилықты утопиялық теңдікке тырысушылықпен ауыстырып келегніне де куә болдық емес пе?

„Өмір дегеніміз не?”, „Ақиқат деген не?” деген сұрақтар ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Бұл философияның негізгі проблемаларының қатарындағы нәрселер.

Құндылықтарды анықтау үшін оның субъектісінің елестету, ойлау, бағалау деңгейіне де көңіл аударуға тиістіміз. Өйткені көп жағдайда құндылыққа үлгі болатын түсініктер. Әр түрлі мәдени ошақтарда біркелкі болмауы мүмкін. Мәселен, сұлулықты эстетикалық тұрғыда бағалау кезеңінде әр түрлі мәдени орталықтарда, өркениеттерде қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондықтан бейнелерді жақындату үшін, ымыраластыру үшін рәміздер (символдар) қажеттілігі туындайды. Әсіресе, бұл процесс кезеңінде бір үлкен ортақ түйістіру өрісіне әкелу үшін қажет нәрсе.

Құндылықтар - универсальді өлшем ретінде мәдениеттің, адам болмысының діңгегі болып есептеледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі қалыптардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістер динамикасы мұраттардың жаңа түрлерін туындатады, әлеуметтік ауқымда кең етек алуына себепкер болады.

Мұрат - әмбебап, абсолютті құндылықтық өлшемдердің рөлін атқаратын субъектілердің айқындаған құбылыстардың жетілген бейнелерін айшықтау әрекеттерінің нәтижесі. Қоғам өзінің мұраттарын жасау арқылы болашаққа ұмтылу үмітін әлеуметтік практикада жүзеге асырып отырады. Осы тұрғыдан алғанда құндылықтың ең үздігі, ең үлгілісі, ең жетілгені мұратқа айналады. Рухани құндылықтың көп жағдайда мұраттар деңгейімен сәйкес келетінін К. Марданов өз еңбектерінде айтып кетеді. /9/

Адам бойындағы жақсы мінез құлықтар. Бір адамның және қоғамның жақсы болған нәрселері өзгелер үшін жаман болуы мүмкін. Әр бір қоғамда ұлттардың өздеріне тән әдет - ғұрпы болғанымен кейбір әрекеттер олар үшін жақсы және жаман болып қолданылуы таңқаларлық мәселе емес. Бірақ адамзат үшін ортақ болған көптеген мінез құлықтар бар.

Мысалы, діни наным - сенімдердегі адам мен атеистік бағытты ұстанған адамның, моральдық - адамгершілік принциптерге сүйенген адам мен өзімшілдік, нәсіп құмарлық қақпанында жүрген адамның құндылықтар әлемі әртүрлі болып келеді.

Құндылықтарды зерттеу барысында оның өзіндік ерекшелігін, оны айшықтаушысын, оған берілетін бағаны ажырата білу керек.

Әлемдегі құбылыстарға адамның құндылықтық қатынасы екі түрлі формада көрініс береді - „нәрселік құндылықтар” және „субъектілік құндылықтар”. Әлемнің көп түрлі құрылымы „нәрселік құндылықтар” түрінде сипатталып, оларда жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әсемдік пен құбыжықтық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. дилеммаларда көзқарастық сұрыптаулардан өтеді. Бұл құндылықтарға адамды қоршаған табиғи орта және оның өз қолымен жасаған туындылары (материалдық және рухани) жатады.

„Субъектілік құндылықтарға” - әртүрлі нормаларды танытатын принуиптер, рәміздер, ұстанымдар, талаптар, бағалаулар, шектеулер, ділдік ерекшеліктер және тағы басқалар жатады.

Құндылықтар негізінен адам арқылы анықталатындықтан және олар адам үшін, оның дамуы, жетілуі үшін қажет болғандықтан әлеуметтік сипатқа ие болады. Сондықтан адамның іс - әрекетінсіз, әлеуметтік практикасынсыз ешқандай құбылыс құндылықтық маңызға дейін көтеріле алмайды. Адам құндылықтың мәнін анықтауы үшін алдымен әлеуметтік дүниеде өмір сүруі керек.

Ал, енді тарихи процесте әр түрлі конфессия түрінде байқалатын діни бағыттар рухани құндылықтарға әр уақытта тиісті бағасын бере білді ма? Әлде діннің идеологияға, саясаттың құралына, пайда көрудің көзіне айналған кезеңдері жиірек болды ма? Бұл сұрақтарға тікелей жауап бере қою қиын. Себебі әлемдегі алуан түрлі діни конфессиялардың тарихқа, мәдениетке, өркениеттерге тигізген әсері әр түрлі болды. Оған негіз болған олардың теориялық, концептуалдық іргетасының әр қилылығы, құндылықтар жүйесінің гуманистік, жалпы адамзаттық принциптерге жақындығы, немесе алыстығы. Сол арқылы діндерге жіктемелер жасауға болады.

Француздың ғалымы Мишель Малерб өзінің „Адамзат діні” деген еңбегінде адамзат тарихындағы діндердің негізін салушылардың мынадай хронологиялық тәртібін береді.

Авраам
(Монотеизм)
б. э. д. 1850 ж.
Авраам: Моисей
(Монотеизм): (Иудаизм)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 1250 ж.
Авраам: Зороастр
(Монотеизм): (Зороастризм)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 650 - 583 жж.
Авраам: Лао-Цзы
(Монотеизм): (Даосизм)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 605 - 520 жж.
Авраам: Будда Гаутама
(Монотеизм): (Буддизм)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 563 - 483 жж.
Авраам: Конфуци
(Монотеизм): (Конфуциандық)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 551 - 479 жж.
Авраам: Махавира
(Монотеизм): (Жайнизм)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 540 - 468 жж.
Авраам: Иисус Христос
(Монотеизм): (Христиандық)
б. э. д. 1850 ж.: б. э. д. 4 ж. - 30 ж. б. э.
Авраам: Мұхаммед
(Монотеизм): (Ислам)
б. э. д. 1850 ж.: 570 - 632 жж.
Авраам: Нитирэн
(Монотеизм): (Жапон буддизмі)
б. э. д. 1850 ж.: 1222 - 1282 жж.
Авраам: Нанак
(Монотеизм): (Сикхизм)
б. э. д. 1850 ж.: 1469 - 1539 жж.
Авраам: Лютер
(Монотеизм): (Лютерандық)
б. э. д. 1850 ж.: 1483 - 1546 жж.
Авраам: Генрих ҮІІІ
(Монотеизм): (Англикандық)
б. э. д. 1850 ж.: 1491 - 1547 жж.
Авраам: Кальвин
(Монотеизм): (Кальвинизм)
б. э. д. 1850 ж.: 1509 - 1564 жж.
Авраам: Джозеф Смит
(Монотеизм): (Мормондар)
б. э. д. 1850 ж.: 1805 - 1844 жж.
Авраам: Мирза Али Мухаммед
(Монотеизм): (Бахаизм)
б. э. д. 1850 ж.: 1819 - 1850 жж.
Авраам: Чарльз Тейз Рассел
(Монотеизм): („Иегова куәлары”)
б. э. д. 1850 ж.: 1852 - 1916 жж.
Авраам: Симон Кимбангу
(Монотеизм): (Кимбангуизм)
б. э. д. 1850 ж.: 1887 - 1951 жж.

Бұл мағлұматтардың әлі де нақтылануы, дәлелдене түсуі қажет екендігін ескертеді М. Молерб /10/

Мәселен, Нитирэн жапон буддизмінің негізгі қалаушысы емес, ол буддистік діни қағидаларды ретке, жүйеге келтіруші. Бұл дін Жапонияға ҮІІ ғасырда келген. Сол сияқты осы талдауға, құрылымға енбей қалған діни конфессиялар мен ағымдар кездеседі.

М. Малерб жер бетіндегі діндерді үш үлкен топқа бөледі.

1. Бірінші топқа - „Киелі ашылу діндері” жатады. Оған:

- иудаизм;

- христиандық;

- ислам;

- мормондар.

Бұлардың бәрі монотеистік, яғни бір ғана құдайды мойындайды, қоғамдық өмірді діни ередеге бағандырады. Бұл тұтастанған діндер.

2. Екінші топқа жататын діндерге ондай тұтастық, ұйымдасқандық жоқ. Бірақ монотеистік көзқарасқа ұмтылады. Бұл топқа өтпелі діндер жатады.

- зороастризм;

- сикхи.

Ал политеистік діндерге:

  • индуизм;
  • анимизм (синтоизм вуду және т. б. ) ;
  • антикалық діндер жатады.

Біздің ойымызша, Тәңірі деп ежелгі түркі мәдениетіндегі осы екінші топқа жататын діндердің қатарында.

3. Үшінші топқа философиялық мағынадағы діндер жатады. Олар көбінесе мінез - құлық моделін, яғни моральді ұсынады. Мұндай „моральдік” діндерге:

- буддизм;

- конфуциандық;

- даосизм жатады. /11/

Әрине, бұл классификация мен пікірталастыруға, оны жақтауға да болады. Ол үшін зерттеушінің діни дүниетанымға индифференттігі қажет. Өйтпесе, ол субъекті көзқарасының, басымдалақ беретін құндылықтық бағдарының ықпалында қалады. Міне, сондықтан Кеңес Үкіметі кезеңінде қалыптасқан дінге деген бейтараптықтың да өзіндік тиімділігі де бар. Ол ғылыми сұрыптаулар жасауға, объективті бағалаулар беруге көмегін тигізеді деген сенім туғызады. Тек жауынгерлік атеизм ттұрғысына шығып кетудің, бұл іске пайдасы шамалы.

Енді әрбір ұлттық діндердің ауқымындағы рухани құндылықтар жүйесіне тоқталып, әлеуметтік философиялық талдаулар жасауға тырысып көрейін. Алдымен бірінші топқа жататын иудаизмге тоқталайын.

Иудаизм.

Израиль жеріндегі еврей халқының монотеистік діні. Адам мен Құдайдың арасындағы қатынасты жүргізу үшін құдай Өсиетін жер бетінде сақтау үшін еврей халқына жауапкершілік жүктелген деген тұжырым кездеседі. Інжілдің бірінші бөлігі „Ежелгі Өсиет” осы иудаизм дінінен алынған. Тора - Құдай мен Еврей халқының қатынасын білдіретін дереккөз деп сеніледі. Ежелгі Өсиеттен алынған „10 ереже” рухани бағдар ретінде танылады.

  • құдайды, ата - ананы, жақыныңды құрметте;
  • құдайдың атын бекерден айтпа;
  • өзіңе кез келген адамды үлгі етпе;
  • сенбі күні демал;
  • өлтірме;
  • ашыналық жасама;
  • ұрлама;
  • өтірік куә болма, - деген моральдық нормалар келтірілген.

Иудаизмде Торадан басқа Мишна, Талмуд, Мидраш, Каббала деген діни комментариялар бұл діннің рухани құндылықтарына жатады. Еврейлік қауымдастықтардың әлемге тарап кетуіне байланысты диаспора құбылысы пайда болғаны белгілі. Осы диаспоралық жағдай бұл діннің негізінен отбасылық деңгейде дамуына әкеліп соқтырды. Сондықтан көптеген қуғынға ұшыраған еврей халқы Синагога мен қатар отбасы жағдайында діни салт - дәстүрін сақтағанды, өрбіткенді дұрыс көреді. Иудаизмнің негізінде еврей халқының ассимиляцияға ұшырап кетуіне қарсы болған, Израильге шоғырлануға ұмтылуға шақыратын сионизм деген бағыт пайда болды. Сионистер өздерін зайырлы қоғамды құрушылармыз деп есепттейді. Және теократияға ұмтылмайды. Израильде оған қарсы топтар да бар, тек діни меммлекетті құруды мақсат еткен Иудаизмнің ішінде жіктеулер де кезеседі. Мәселен, Хасидизм, Караимдар, Самаритяяндар, Қара еврейлер болып бөлінеді. Жер бетінде 15 миллиондай осы конфессияның мүшесі бар. Оның 5 млн. Америка Құрама Штаттарында, 3, 5 млн. Израильде, 3 млн. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, 650 мыңға жуығы - Францияда, 500 мыңдайы - Канадада, 150 мыңнан астамы - Бразиляяяда және тағы да басқа мемлекеттерде. /12/

Зороастризм

„Өтпелі” діндерге Зороастризм жатады. Бұл ежелгі парсылардың діні. Ол ҮІІ ғасырда ислам діні келгенше мың жылдай өз позициясын ұстап тұрған болатын. Зороастризмнің кітабы „Авеста” деп аталады. Бұл діннің өкілдері Үндістанда (200 мыңдай), Иранда (50 мыңдай), өмір сүреді. Құдайларының аты - Ахура Мазда, яғни бұл конфессияны маздеизм деп атауға болады. Мұсылмандардың мейрамдап жүрген „Наурыз тойы” сол Зороастризмнен қалған дәстүр. /13/

Екінші „өтпелі” Сикхи. Бұл ХҮІ ғасырда ислам мен индуизмнің байланысынан туындаған дін. Бұл діннің негізін салушы Нонак. Нонак ХҮ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген. Кейін Аржунның кезінде „Ади Грантх” деген қасиетті кітабы жазылады. (3384 гимннен тұрады) .

„Сикх” ұғымы - оқушы, шәкірт, ізбасар деген түсінікті білдіреді. Олар өздерінің діндерін әлемге таратуды көксейді.

Политеистік діндерге:

  • индуизм;
  • анимистік діндер;
  • Жапондық синтоизм жатады.

Индуизм ежелгі Үндістан жеріндегі көпқұдайлықты мойындайтын, „Веданы” (білім) „Упанишадты” теориялық негіз деп білетін діни бағыт. Бұл конфессияда 750 млн-дай өкіл бар. Және көбісі Үндістанда тұрады. Индуизм Брахма - „жасаушы” болса, Вишну - сақтаушы, ал Шива - қиратушы құдай деп түсініледі.

Индуизмдегі түсінік бойынша адам тіршілікте („сансара”) қайта - қайта келе алады (реинкарнация) . Бірақ әрбір адамның тіршілікке оралуы өткен өміріндегі әрекеттеріне байланысты, яғни Карма заңына бағынады. Әлі де касталық жүйені мойындаушы бұл қоғамда Йоганың, медитацияның маңызы айтылады. Тек касталық алшақтықты бұл өмірде өзгертуге болмайды деген сенім бар. Йога үнділік үшін жәй ғана дененің гимнастикасы емес, ол рухани жүйе болып табылады.

Қазіргі кезеңде модернистік бағыттағы бүкіл әлемге таралуға тиісті „синкретикалық” дін жасау талаптары Ауробиндо Гхошта (1872 - 1950) болғаны белгілі. Бірақ бұл әрекет онша сәтті болған жоқ. /14/

Келесі конфессия Жайнизм деп аталады (4 млн-дай өкілі бар) . Ол үш принципке сүйенеді:

  • абсолют деген жоқ;
  • іс - қимылдың рухани күші бар;
  • кез келген өмір қасиетті, сондықтан зорлықты терістейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Діндер аралық диалогтың тағы бір ұстанымы оған қатысушылардың ашықтығы
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Дәстүрлі діннің белгілері
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Ислам діні және құндылықтары туралы бастапқы түсінік
Түркілердің ежелгі сенімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz