Құран Кәрімдегі аманат сөзінің мағыналары


Жұмыс жоспары:
Кіріспе
- Тақырыптың өзектілігі.
- Жұмысты таңдау себебі.
- Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
- Жұмысты жазу тәсілдері.
- Жұмысты жазу барысында болған қиыншылықтар
- Жұмыстың жоспары.
Бірінші тарау:
«Аманат» түсінігі
а) «Аманат» ислам дініндегі орны мен маңыздылығы
ә) «Аманат» сөзінің тіл және шариғаттағы түсінігі
б) Аманат түрлері.
Екінші тарау:
Құран Кәримдегі аманат
а) Құран Кәрімдегі «аманат»қа байланысты аяттар.
ә) Құран Кәрімдегі «аманат» сөзінің мағыналары
б) Мұсылманның Аллаһ тағаламен Пайғамбар с. ғ. с.
алдындағы аманаттары.
Үшінші тарау:
«Аманат» тұралы жалпы мағлуматтар
а) Пайғамбар с. ғ. с. ның «аманатқа» байлансысты хадистері.
ә) Пайғамбарымыз с. ғ. с. ның аманатшылдығы.
б) Сахабалардың аманатшылығы.
в) Аманатқа байланысты айтылған ғибратты сөздер.
г) Аманатқа берік болудың артықшылығы және қиянат қылудың күнәсі.
ғ) Аманаттың жемістері мен қоғамға тигізер пайдасы.
Зерттеудін негізгі нәтижелері мен қорытындылары
Пайдаланылған бұлақтар көрсеткіші
Мазмұны
بسم الله الرحمن الرحيم
Кіріспе.
الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمد و على أله و أصحابه أجمعين.
Адамдарды қараңғылықтан жарыққа шығарған және оларға аманаттарды өз иелеріне қайтаруды бұйырған Аллаһқа мақтаулар болсын. Аллаһтың сәлемі мен салауаты аманатшылдардың имамы Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, және аманатқа берік болудың қайталанбас үлгілерің қалдырған сахабаларға және оларға қиямет-қайымға дейін ілескендерге болсын!
Аманат - дінімізлегі ең ұлы міндеттердің бірі. Аллаһ тағала оны адам баласына ұсынудан бұрын, көктер мен жерге және тауларға ұсынған еді. Аманатың үлкен жауапкершілігін сезінген Аллаһтың ұлы жаратылыстары оны көтеруден бас тартқанда, өзіне жанықас-зұлымқор, жауапкершіліктен хабары жоқ адам баласы қабылдады. Аллаһ тағала аманатқа берік болғандарға үлкен сауптарды уәде қылып, оған қиянат жасағандарға жазасын белгіледі. Аманаттың міндеттілігі мен қиянат жасаудың тыйым салынғандығына көптеген аят-хадистер дәлел бола алады.
Тақырыптың өзектілігі. Аманат өте маңызды мәселе. Әрбір адамның мойынында белгілі аманаттары бар. Сондықтан адамдар өз міндеттерін білген сайын оны мейілінше дұрыс орындаулары тиіс. Кәзіргі жалпы надандық басым болған кезенде мұсылмандарға өз діндері тұрасындағы мағлуматтар өте қажет деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты. Дініміздегі «аманат» ұғымын түсіну және оны осы жұмыс арқылы басқаларға түсіндіру, Құран Кәрімдегі аманат мағыналары мен түрлерін анықтап алу.
Зерттеу материалдары. Біздің ғылыми жұмысымыз Құран Кәрімге байланысты болғаны үшін, оның зерттеу материалдары ретінде араб тіліндегі Ибн Кәсир, әл-Құртуби, әс-Сәъди сияқты ғалымдардың тафсирлері мен Ислам әдептері мен мінез-құлықтары тұралы жазылған еңбектері пайдаланылды.
Зерртеу әдістері. Осы жұмысты жазу барысында ғылыми тәсілдерді қолдануға әрекет жасадым. Негізгі тақырыпқа коса оған қатысты мәселелерді қозғауды жөн көрдім. «Аманатқа» байланысты аяттарды келтіргенде оның тафсиріне де тоқтап, мағынасын жан-жақты ашуға және айтылған көзқарастарды дәлердерімен беруге тырыстым.
Жұмысты жазу барысында болған қыйыншылықтар . Жұмыстың жазылуына байланысты ешқандай бір қиыншылақтар көрген жоқпын десек де болады. Алайда қажетті кітаптардың тапшылығы жұмыстың толыққанда жазылуына әсерін тигізді деп ойлаймын.
Жұмыс құрылымы. Кіріспе және үш бөлімнен тұратын бұл жұмыс төмендегі жоспар бойынша жазылды:
Бірінші тарау:
«Аманат» түсінігі
а) «Аманат» ислам дініндегі орны мен маңыздылығы
Дініміздегі ең қатан түрде ескертілген міндеттердің бірі - аманатқа берік болу. Аманат деген не?
Табиғаттағы әрбір нәрсе Аллаһтың адам баласына берген аманаты. Пайғамбарларға (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһтың түсірген уахиі де аманат. Сондықтан Пайғамбарлар Аллаһтың хабары болған уахиді сол қалпында жеткізуге міндетті болады. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) «Қоштасу қажылығында бүкіл жиналған сахабаларына қарап: «Мен сендерге Аллаһтан алғанымды жеткіздім бе?» -деп сұрайды. Сахабалар да: «Ия, жеткіздіңіз!» -деп жауап бергенде, Пайғамбарымыз: «Аллаһым куә бол! Аллаһым куә бол! Аллаһым куә бол!» -деп Аллаһ алдында орындағанын білдірді.
Аманат - мұсылманның мойнындағы міндеттердің бірі. Сол міндеттерді орындаумен адамның иманы кемелденіп, Аллаһ алдында мәртебесі жоғарлайды. Сондай-ақ, аманат - Пайғамбарлар мен игі жақсылардың сипаттарынан және исламның ұстануды бұйрған мінез-құлықтардың бірі.
Ғалымдар аманатты материалдық және рухани аманаттар болып негізгі екі түрге бөледі. Рухани аманаттар негізінде Аллаһтың өзіне байланысты, яғни пенделердің Оның алдындғы аманаттары болса, материалдық аманаттар көбіненсе Аллаһ құлдарының арасындағы қарым-қатынастардағы көрініс беретін аманаттар. Оған біз осы жұмыстың бірінші бөлімінде тоқталамыз. Рухани аманаттар («әл-әманат әл-мәғнауия») дегеніміз -Аллаһтың әмірлері мен тыйымдары және басқада шариғат үкімдері, сол сияқты жеке және үкімет құпиялары тәрізді нәрселер. Ал материалдық аманаттар («әл-аманат әл-маддия») болса - зат, ақша, мал-мүлік, және т. б. с. с. нәрселер. Басшылардың, өкімет басында отырғандардың үкіметтің затына қол сүқпауы, өйткені ол заттарда мемлекеттің әрбәр тұрғының ақысы бар екенің ұмытпауы керек. Халықты алдамау, мемлекет мүлкіне зиян тигізбеу, оны ысрап қылмау, ұрламау - осының барлығы да материалдлық аманаттарға жатады. Сонымен бірге Аллаһтың пендесіне берген байлық нығметі де - сол пенденің мойнындағы аманат. Аманатты сезінген адам Аллаһтын нәсіп қылған байлығын тек осы дүниенің қызықтарына жұмсамай, шын мәнінде Аллаһтың разылығына жеткізетін амалдарға да нафақа қылуы керек.
Аллаһ тағала Өзінің иманды пенделерің сипаттап, олардың аманатқа берік екендігін атап айтқан. Аманатшылдық - пайғамбарлар мен салихалы кісілердін мінез-құлықтарынан болса, аманатқа қиянат жасау - екіжұзді мунафықтардың қылықтары. Мұсылмандар пайғамбарлар ме игі жақсыларға еліктеп, дінсіздердің қылықтарынан, оларға ұқсаудан барынша сақтануға міндетті. Өйткені адам біреуді жақсы көрсе ғана оған еліктеуі мүмкін. Ал пайғамбарымыз с. ғ. с. кең тараған хадистерінің бірінде «Кісі қөзінің ұнатқанымен бірген» - деген. Келесі бөлемдер мен тарауларда «аманат» ұғымының теренірек түсіндіруге тырысамыз. Аллаһ тағла бізга шындықты шындық қылып көрсеетіп, соған ілесуімізді нәсіп етсін және жалғанды жалған етіп көрсетіп одан аулақ болуымызды нәсіп етсін!
ә) «Аманат» сөзінің тіл және шариғаттағы мағынасы
1. «Аманат» сөзінің тілдік (лексикалық) мағынасы:
Арап тілінде «аманат» сөзі ( أمن - يأمن - أمانة ) етістігінің масдары болып «сенімді болды» мағынасың білдреді. « أمنت الرجل » (әминтур-ражулә) - яғни бір кісіге сендім, сенім тапсырдым. «Әмин» деп сенімді, басқаларға қауіпі жоқ, алдап кетпейтін адамды айтады. Әл-Жәуһәри: « الأَمنََة » (әл-әмәнәту) - әр нәрсеге сенетіндер1. Ибн Манзур: «Әл-Әман» мен «әл-әмәнә» бір мағынада. Оның қарама-қайшы ұғымы «әл-хиянәһ» - яғни, қиянат (немесе сатқындық) » -деген2. Рағиб әл-Исфаһани аманат сөзің былай түсіндіреді: «Әл-әмн, әл-әман және әл-әманаһ» - негізінде түбірлер. «Әл-әман» сөзі кейді адамның амандықта болған хал-жағдайына қолданылса, кейде сол адамға сенім тапсырылған нәрселеріне қолданылады. Оның мысалы: «Аманаттарыңа қиянат жасамаңдар» -аяты (Әнфал:28) . Мойыңдарына жүктелген аманаттарыңа. Және «Расында Біз аманатты көктермен жерге . . . ұсындық» -аяты (Әхзаб:73) . Кейбіреулер бұл сөзді «таухид кәлимасы (немесе Аллаһты бірлеу сөзі) деп түсіндірсе, басқалар: «әділеттік» деген. Енді біреулер болса «аманатты» «ақыл» деп түсіндіреді және осы «пікір» дұрыс болса керек. Өйкені ақылдың бар болуымен таухидты тану жүзеге асып, әділеттілік орнатылады. Ақыл болса ғана үйренуге мүмкін болған нәрселер үйреніліп, істеуге мүмкін болған нәрселер істелінеді. Сондай-ақ адам баласы басқа махлұқаттардан ақылы арқылы ғана артық болды»3.
2 . «Аманат» сөзінің шариғатық (ғылыми) мағынасы:
«Аманат» сөзінің ғылыми термин ретіндегі шариғаттағы мағынасына келер болсақ, әл-Кәфәуи «Аманат -намаз, зекет, ораза, қарызды өтеу, қарыздардың нақтырағы уақытша берілген нәрселерді қайтару, ал одан да нақтырағын алатын болсақ - сырларды (құпияларды) жасыру сияқты Аллаһтың пенделерге барлық парыз қылған (міндеттеген) нәрселерің «аманат» дейді» -деген. Басқа жерде «Аманат адамға тапсырылған мал-мүліктер мен сырлар»4. Енді кейбір түсініктерде: «Аманат - адам баласындағы оны хақысы болмаған нәрселеден тыйып тұратын бекітілген мінез-құлқы» -делінгең.
Абдуррахман әл-Майдани өзінің «Ислам ахлақтары» атты еңбегінде «Аманат - қиянатқа қарсы, шындықты сүйюге және оны әрбір нәрседен жоғары қоюға байланысты құлықтардың бірі. Осы түсініктерге негізденіп бізге «аманаттың» негізгі үш тармағы анықталады:
1) Сенімді (аманатшыл) адамның хақысы жоқ нәрселерден тыйылуы.
2) Сенім тапсырылған адамның басқаларға тиісті өзіне міндетті болған (мойнындағы) аманатты дұрыстап өтеуі.
3) Сенімді адамға тапсырылған аманатты сақтау, оған зиян да тигізбей және салақтық жібермей орындауы»5.
б) Аманат түрлері
Аманаттың көптеген түрлері бар. Олардың негізгілері: Аллаһқа байланысты аманаттар, Пайғамбар (с. ғ. с. ) байланысты аманаттар және пенделердің өзара бір-біріне байланысты аманаттары. Аллаһпен Оның Елшісіне байланысты аманаттарға келесі тарауда тоқталармыз. Бұл тарауда Аллаһтың құлдары арасындағы аманаттарды барынша атап өткіміз келеді.
1) Мал-мүліктер. Мал-мүліктердегі аманат дегеніміз - адамның басқаларға тиісті мал құқықтарына қол созбау, ал мойынында өзгелерден хақылары болған жағдайда оны дұрыстап орындау, оны иелеріне қайтару. Аманаттың осы түрі сауда-саттық, қарыздар, мирастар, сақталынуға, бодауға және жалға беру сияқты қарым-қатынастарда, басшылықтардың үлкен және кіші түрлерінде болады.
2) Ар-намыстар. Ар-намыстардағы аманат деп адамның өзіне тиісті болмаған нәрселерден аулақ болуы, нәпсісі мен тілің біреудің абырой-намысына тиетін ғайбат немесе жала жабу сияқты зиянды нәрселерден тыюды айтады.
3) Жан мен тән. Жан мн тәндегі (немесе рух пен денедегі) аманат - нәпсі мен қолды оған өлтіріп, немесе жарақаттатып немесе қинап зиян тигізуден сақтау.
4) Білімдер мен мағлуматтар. Білім беру мен мағлумат таратуға байланысты аманат дегеніміз - білімдермн мағлуматтарды бұрламастан және өзгертпестен тарату. Айтылған сөз иелерің шатастырмай дұрыстап көрсету, және айтпағанын айтты деп немесе нақты айтпағаның «былай деп ойлайды, былай деп меңзейді» деп пайымдамау және кесіп айтпау.
5) Басшылық. Басшылыққа байланысты аманат дегеніміз - хақыларды өз иелеріне қайтару, істерді сол іске лайықты болғандарға әрі қолынан келетіндерге тапсыру, қарамағында жүрген адамдардың мал-мүліктерің, рұхтароы мен денелерің, ақылдарын сақтау және соған зиян тиетің нәрселерден қорғау. Сол сияқты, Аллаһтың пенделерге ұнатққан дінің, үкімет сырлары мен дұшпандардан жасырылуы тиіс болған мағлуматтарды сақтау.
6) Куәгерлік және кеңесшілік. Куәгерліктегі аманат - куәлікті жағдайдың болғанындай беру және оны еш бұрламастан және өзгертпестен, ешнәрсе қоспастан және кемітпестен атқару. Ал кеңесшілікке келер болсақ, кеңес сұраған адамға адал болу. Хадисте: «Кеңес беруші - сенімді болуға тиіс» -деген. Өйкені кеңңес сұрайтын адам оны көрінгеннен емес, керісінше адал, адамгершілігі мол кісіден сұрайды. Кімде-кім өз бауырына бір кеңесті беріп дұрыс кеңес басқаша екенің білсе - оған қиянат жасаған болады.
7) Үкім шығару немесе билік беру. Үкім шығарудағы аманат - үкім беруге сенім тапсырылған сотың үкімді әділетілік нормаларға сәйкес шығаруы.
8) Жазу. Жазулардағы аманат - жаздырушының сөзіне сәйкес жазу, көшірген жағдайда тұпнұсқамен бірдей етіп көшіру, оны өзгерпей, оған еш нәрсе қоспай да одан ешнәрсе кемітпей жазу. Егер де жазылатың нәрсе жазушының өз ойынан шығатын болса- оның мазмұны өтіріктен немесе шындықпен ойнау сияқты т. б. нәрселерден ада болуы тиіс.
9) Сырлар. Сырлардағы аманат дегеніміз - оны ешкімге айтпау. Сырлар немесе құпия болған аманат оны жасыру арқылы жүзеге асады.
10) Жіберілген хат-сәлемдемелер. Бұл жердегі аманат - сәлемдеменің тілмен немесе хатпен немесе іспен болғанына қарамастан, жіберушінің талабы бойынша оны кемітпей де еш нәрсе қоспай да иесіне толық күйінде жеткізу.
11) Есту, көру және т. б. сезімдер. Адамың бойындағы көру, есту, және т. б. сезімдеріндегі аманаты - сол сезімдерді хұқық иелерне қастықпен өткізбеу, оны Аллаһ алдында күнәлі істерден сақтау, кеісінше, міндетті болған амалдарға бағыттау. Бір нәрсені үрланып тұрып тындау - қиянат, сығалап қарау немесе рұқсатетілмеген нәрсеге көз салу - қиянат, ұстауға харам болған нәрсені ұстау - қиянат6.
Екінші тарау:
Құран Кәримдегі аманат
а) Құран Кәрімдегі аманатқа байланысты аяттар.
1) Бақара сүресі, 283-аят.
Аллаһ тағала айтады:
" فَإِنْ أَمِنَ بَعْضُكُم بَعْضاً فَلْيُؤَدِّ الَّذِي اؤْتُمِنَ أَمَانَتَهُ وَلْيَتَّقِ اللّهَ رَبَّهُ "
« . . . Егер біріңе-бірің сеніп , аманат қойсаңдар, аманат қойылған адам аманатты тапсырсын 7 және Раббысы Аллаһтаң қорықсын . . . » 8.
Аяттың мағынасы: «Егер біріңе-бірің сеніп, аманат қойсаңдар - бодау алудын қажеті жоқ, аманат қойылған адам аманатты тапсырсын - мойнында болған иесіне қайтарсын және оны қайтаруда Раббысы Аллаһтан қорықсын»9. Жоғарғы аяттарда қарыз иесі қарыз алушы адамнан күдіктенген жағдайда одан куәгерлер алдында қарыз алғанын мойындаған тілхат алуды немесе орнына бодау алауды әмір етілгенмен бұл аятта қарыз алушы мен беруші арасында сенімділік болса көрсетілген нәрселерді жасамауға рұқсат беріледі. Аманат қойылған кісі - Аллаһтан қорыққан тақуа адам болуға тиіс. Бұл жағдайда аманатты орынадауы екі жақты болады: Біріншісі: Аллаһтың әмірің іске асыру арқылы Аллаһтың аманатың орындау болса, екіншісі: өзіне сеніп, аманатшылдығынан разы болған қарыз немесе мал(зат) иесі алдындағы борышты өтеу10.
2) Әлі Ъымран сүресі, 75-76 аяттар.
Аллаһ тағала айтады:
وَمِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مَنْ إِن تَأْمَنْهُ بِقِنطَارٍ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ وَمِنْهُم مَّنْ إِن تَأْمَنْهُ بِدِينَارٍ لاَّ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ إِلاَّ مَا دُمْتَ عَلَيْهِ قَآئِماً
« Кітап иелерінің кейбіреулеріне есепсіз малды аманатқа қойсаң қайтарып береді, және сондайлары да бар бір динар аманат етіп берсең де, басы-қасында болмасаң 11 қайтарып бермейді. . . »12.
Аяттың мағынасы: Әйгілі тафсирші Хафиз Ибн Кәсир осы аятты түсіндіріп былай дейді: «Аллаһ тағала яһудилердің ішінде аманатшылдар да қиянатшылардың да бар екенін хабарлап, мүміндерді олармен алданудан сақтандыра: «Кітап иелерінің кейбіреулеріне есепсіз малды аманатқа қойсаң қайтарып береді» -дейді. Яғни одан азырақ малды оданда бұрын қайтарады. «Және сондайлары да бар бір динар аманат етіп берсең де, басы-қасында болмасаң қайтарып бермейді» - яғни қайта-қайта сұрап, талап қылмасаң қайтармайды. Ал динардан көбірек ақшаны тіпті қайтармайды»13.
Имам әл-Құртуби айтады: «Аллаһ тағала кітап иелері арасында аманатшыл да қиянатшыл да адамдардың барын хабарлайды. Мұсылмандар осы сипатта олардан ерекшеленбегені үшін барлығынан да сақтану керек. Бірақ қиянатшылдық Кітап иелерінде көбірек болғаны үшін олар айрықша түрде аталып тұр. Бұл әдісті «Сөздін «махражул-ғаліб» көбінесеге байланысты шығуы» дейді»14.
3) Ниса сүресі, 58-аят.
Аллаһу тағала айтады:
إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤدُّواْ الأَمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ النَّاسِ أَن تَحْكُمُواْ بِالْعَدْلِ إِنَّ اللّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِ إِنَّ اللّهَ كَانَ سَمِيعاً بَصِيراً
«Расында Аллаһ сендерге аманатты өз иелеріне тапсыруларыңды және адамдар арасында билік қылсаңдар, әділдік пен билік қылуларыңды бұйырады. Аллаһтың сендерге қылған уағыз-насихаты қандай тамаша! Расында Аллаһ Естуші, Көруші» 15.
Әл-Жәзәири өз тафсирінде: «Бұл - адам баласына міндетті болған барлық аманат түрлерін қамтиды. Мейлі, Аллаһ тағаланың намаз, зекет, кәфәрат, нәзір, ораза және т. б. пенделерге жүктеген және өзгелер оны көре алмайтын хақылары болсын, мейлі пенделердің бір-бірі арасындағы уақытша қойылған және сол үшін белгілі айғақсыз борышты болған заттар сияқты. Аллаһ тағала аманаттың барлық түрлерін өтеуді бұйырып, оны бұл істемесе есесі қиямет күні қайтарылады"-деген16. Пайғамбарымыз с. ғ. с. сахих хадисте: «Барлық хұқықтар иелеріне қайтарылады. Тіпті мүйізі болмаған тоқты мүйізі болған қошқардан қайтарыллады» (Хадисті Муслим риуаят қылды) 17.
Тафсир ғалымдарының көбі бұл аяттың Ғұмсан ибн Талха әл-Хажәби әд-Дәриге байланысты түскенінің айтады. Аллаһтың үйі қасиетті Қағбаның кілті яғни Қағбаны ашып-жабу қызметі ерте заманнан Ғұсман ибн Талханың қолында болатын. Ғұсман ибн Талха Пайғамбар с. ғ. с. Меккені ашқан күні Қағбаны кілттеп, кілтті біреугі беруге қарсы болған еді. Али р. ъ. ол кісіге барып Қағбаның кілтің алып Пайғабарымызға с. ғ. с. бергенде ол с. ғ. с. Қағбаға кіріп намаз оқиды. Пайғабарымыз с. ғ. с. шыққанда Аббас р. ъ. келіп Қағбаның кілтін өзіне беруді өтінеді. Сол кезде осы аят түседі. Сонда Пайғамбар с. ғ. с. Алиге Қағбаның кілтін Ғұсман ибн Талхаға қайтарып беріп, кешірім сұрауды бұйырады. Ғұсман ибн Талха Алиге: «Мені мәжбурледің де қинадың енді кешірім сұрап келіп тұрсың ба?» -деді. Али: «Аллаһ саған байланысты аят түсірді» -деп аятты оқып бергенде Ғұсман исламды қабылдаған еді. Ал ол кісі қайтыс болғанда Қағбаның кілті інісі Шейбаға тиеді. Сондықтан Қағбаның ашып-жабу қызметі осы кісілердің ұрпақтарында Қиямет қайымға дейін қала береді. Өйткені Пайғамбар с. ғ. с. «Қағба қызметі сендерде мәңгілікке қалады, оны сендерден тек залымдар ғана тартып алады» -деген. 18
Аят жеке себепке байланысты түскенімен жалпы мағынаны білдіреді. Әс-Сәъди өз тафсирінде «Аманаттар - адамның мойнына түскен және оны орындауға міндетті болған борыштар. Аллаһ оны жасырмайда кемітпей әрі созбай, толыққанды түрде өтеуді әмір етті. Бұған басшылық, малдар, сырлар және Аллаһтан басқа ешкім білмеген бұйрықтар кіреді» -деген19.
4) Әнфәл сүресі, 27-аят.
Аллаһ тағала айтады:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَخُونُواْ اللّهَ وَالرَّسُولَ وَتَخُونُواْ أَمَانَاتِكُمْ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа, Оның елшісіне қылмандар және біле тұрып өздеріне тапсырылған аманаттарына қиянат қылмаңдар!» . 20
Аяттың мағынасы: «Ей, Аллаһқа Раббы, Мұхаммедке пайғамбар деп иман келтірген пенделер! Аллаһқа және Оның елшісіне сырттай бойұсын- ғандықты көрсетіп оларға деген күпірлікті жасырумен қиянат қылмаңдар және бір-біріне берген аманаттарына біліп қиянат қылмаңдар»
Әс-Саъди осы аятқа байланысты былай дейді: «Аманатты орындаған адам Аллаһтың көптеген сауаптарына лайық болады, ал оны орындамай, керіснше қиянат жасағандар қатты жазаға кіріптар болады да Аллаһқа, Оның Елшісіне және өз аманатына қиянат жасап, «қиянаткер» деген жаман сипаттармен сипатталғаны үшін өзін кеміткен болады да «аманатшыл» атауынан ажыраған болады»21.
Аяттың түсу себебі. Бұл аят Әбу Лұбабаға байланысты түскен еді. Пайғамбарымыз с. ғ. с. оны қоршауға алынған яһудилік Бану Құрайза тайпасына жіберіледі. Бану Құрайза руы Әбу Лұбабаны бала-шағасы соларда болғаны үшін іштеріне тартатын еді. Бану құрайзалықтар: «Әй, Әбу Лұбаба, Мұхаммедтің үкіміне түскенімізді жөн көресің бе?» -дегенде, ол қолымен тамағына нұсқап, «Үкіміне түссеңдер бауыздап тастайды» деген мағынаны білдірді. Бұл әрекет оның Аллаһ пен пайғамбарға жасаған қиянаты еді. Одан соң сатқындық істеп қойғанын түсінген Әбу Лұбаба мешітке келіп өзін-өі байлады да, осы байлағанын Пайғамбар с. ғ. с. нан басқа ешкім де шешпейді деп ант береді. Бұл жағдай Аллаһ тағала оның тәубесінің қабыл болғаны жайында аят түсіріп, Пайғамбарымыз с. ғ. с келіп өзінің мұбарак қолдарымен шешпейінше жалғасқан еді.
5) Мүмінун сүресі, 8-аят.
Аллаһ тағала айтады:
وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ
«Олар (яғни, мүміндер) аманаттары мен уәделеріне берік болатындар» 22. 23
Аяттың мағынасы: Аллаһ тағала мұратына жеткен мүмін пенделерің жан-жақты сипаттап келіп «Олар - аманаттары мен уәделеріне берік болатындар» -деді.
Ибн Кәсир былай дейді: «Яғни, аманат қылынса қиянат жасамайтындар. Керісінше, бір нәрсе аманат қылынса - иесіне қайтаратындар, уәде берсе уәделеріне тұратындар. Ал екі жүзді мұнафықтар болса, Пайғамбарымыз с. ғ. с. олардың нағыз сипаттарының бірің әшкерелеп: «Мұнафіқтың үш сипаты бар24 - сөйлесе өтрік айтады, уәде берсе айнып қалады, аманат қылынса қиянат жасайды» -деген. (Әл-Бухари және Муслим риуаят қылған) 25.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz