Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
I ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ
РӨЛІ 8
1.1 Адамның құндылықтық бағдарлары жүйесіндегі құндылықтардың орны 8
1.2 Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары 16
II ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ФУНДАМЕНТАЛДЫҚ 37
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ ПРОЦЕСС 37
2.1 Ислам мәдениетіндегі құндылықтардың өзара қатынастық сипатының тарихқа
әсері. 37
2.2 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы және негізгі
құндылықтарының алатын орны 40
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 51

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихында құндылықтардың
қалыптасуы мәселесі ерте заманнан – ақ ойшылдардың, ғұламалардың назарында
болып келді. Әсіресе, рухани құндылықтардың жүйесін қалыптастыру, оның
қалыптасу түпкі негіздерімен себептерін, қозғаушы күштері мен құрылымын
анықтау, өтпелі кезеңдегі оның әр түрлі көріністерін айшықтау өзектілігі
зор мәселе болып отыр.
Ислам мәдениетіндегі руханилық феномен жөнінде тарихи процесте әр
түрлі ғұламалар қандай пікірлер білдірді? Қоғамдағы көптеген қайшылықтардың
қайнар көздерін олар немен, қандай үрдістермен байланыстырды? Міне, осындай
көптеген сұрақтарға бұл диплом жұмысымда жауап табуға талпыныстар
жасалынған.
Бұл зерттеу жұмыстың көлемінде әлеуметтік философиядағы ислам
мәдениетінің құндылықтарын терең ашып, қоғамның рухани өміріндегі барлық
күрделі мәлелелерге толық жауап беру қиын. Бұл зерттеуде негізінен ислам
мәдениетіндегі адамның болмысының өзегін құрайтын құбылыс рухани
құндылықтар екені тұжырымдалып, олар әлеуметтік философия тұрғысынан
талдаудан өткізіледі. Адамның күрделі табиғаты тек қана материалдық
игіліктерді, сұраныстарды, мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді
қанағаттандырумен шектелмейді. Өмір сүріп жүрген қандай болмасын адамға
міндетті түрде діни ислами рухани құндылықтар қажет. Өйткені ислам
дініндегі ең негізгі рухани құндылық Алла болса, одан кейінгі Мұхамед
Пайғамбар (с.ғ.с.) және Оның қалдырып кеткен мұсылмандардың құдіретті
„Құран Кәрім” кітабы, хадистері. Сонымен қатар ақиқат, жақсылық, әсемдікті
өмірдегі өздерінің рухани бағдары еткен әлеуметтік субъектілердің ғана бұл
дүниеде шынайы мәнге, дамуға мүмкіндігі ашылады. Шын мәнінде адами дамудың
қайнар көзі осы мұсылмандық рухани құндылықтардың басымды күшке, факторға
айналған кезеңінен басталады. Қандай да болмасын қоғамның болашағы
адамзаттардың тарихта жинақталған рухани құндылықтарды құрметтеуімен,
өрбітуімен байланысты. Оларға бой ұсынбаған халықтың берекесі кетіп, сол
қоғамда ауызбіршілік жойыла бастайды.
Дамыған мәдениетті қоғамды қалыптастыру міндеттері әрбір этикалық
қауымдастықтың дамуы, мен берік мәдениет ретінде ұйымдасуына сәйкес келіп
отырады. Қандай этикалық топ үшін де жаңа азаматтық қоғамға, ашық қоғамға
өту жолындағы қайшылықтарды жұмыла көтеру болашағы тұр, өзара сұхбаттарды
үйлесімдендіру қажеттіліктері бар. 1
Әлеуметтік философиядағы ислам мәдениетінің құндылықтарын рухани
дүниені дамытуына қоғамда игілік үшін қызмет етуболып табылады. Аксиология
осы мәселелерді теориялық жағынан зерттейді, басқа ілімдердің
жетістіктерімен байланыстырады.
Теориялық сананың дамуының соңғы кезеңдерінде авансценада
эпистемологиялық структурализмнің орнына құндылықтар проблемасы шыға
бастады. Бұл процестердің түпкі тамыры Батыс пен Шығыс дүниетамырларының
өзара қатынастарының тереңдей түсуіне, модернизмнің ипосмодернизмге
айналуына, „тарихтың ақыры” (Ф. Фукуяма) сияқты идеялардың кең таралуымен
байланысты болып отыр. Міне, сондықтан да болар Батыста да, шығыста да
көптеген зерттеушілер құндылық мәселесіне жете мән беріп отыр. Әсіресе, АҚШ
пен Батыс Еуропада, Шығыста мұсылман елдерінде ғалымдар жиі-жиі ғылыми
конференциялар өткізіп, ислам мәдениетінің құндылықтарының қатынастары
мәселесінің көптеген көріністері жайлы пікірлерін ортаға салып, зерттеп
жатқаны белгілі. Соңғы кездері орта Азия мемлекеттері арасында да жаңа
бетбұрыстар байқалуда.
Құндылықтың қатынастар философиясының негізгі мәселесі „Адам - әлем”
қатынасының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол танымдық, болмыстық және
логикалық негіздермен қатар тұратын философиялық теорияның бір саласы,
әлеуметтік философияның зерттеу объектісі қоғамда қалыптасқан және өмір
сүретін құндылықтың қатынастарға, олардың жүйесіне қарап, сол әлеуметтік
болмыстың өзіндік келбетін, оның әлеуметтік портретін жасауға болады.
Әлеуметтік метафизикадағы Ислам мәдениетінің фундаменталдық
құндылықтары атты тақырыптың зерттелу деңгейі. Құндылықтарды зерттейтін
саланы аксиология деп аталатыны белгілі. Ал, осы құндылықтар мәселесіне
философия тарихында қандай пікірлер білдірілді.
Қысқаша тоқтала кетсем. Антика заманында өмір сүрген Сократ: „Игілік
дегеніміз не?” – деген сұрақты қойған болатын. Платон үшін ең жоғарғы
құндылықтар абсолютті түрде өмір сүреді, ал софистар болса, өздернің атақты
„Адам барлық нәрсенің өлшемі” деген тезисі арқылы барлық құндылықтарын
адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп, олардың салыстырмалы қасиетіне
назар аударған. Аристотель құндылықтар әлемін жіктеуден өткізу қажеттілігін
айтады. Ол адамның даналығының өлшемі – оның қандай құнды нәрсені таба
білуінде деген пікірді келтірген.
Антикалық дәстүрге тән құбылыс құндылықтарға өзіндік жіктеме беруде.
Мәселен, әсемдік пен сұлулық руханилылықтың эстетикалық типінде көрініс
берсе, жақсылық – этикалық мағынада қарастырылады. Платон өзінің ұстазы
Сократ сияқты адами құндылықтарды игілік категориясынан туындатады. Этика
мен эстетиканың ара жігін анықтаған, кейде бір – біріне қарсы қойған
Аристотель болып табылады. 2
Ф. Бэкон өзінің „Жаңа Оргононда” индуктивті методологиясы арқылы
игілік пен ақиқат сияқты құндылықтарға сүйенген руханилық адам даралығының
даму деңгейінің белгілі бір сатыларында ғана жүзеге асатынын айтады. 3
Неміс классикалық философиясында құндылықтар әлемі жаңа ұғымның кең
таралуымен сипатталады. Бұл „еркіндік” категориясы. Еркіндік – адамның ең
құдіретті құндылығы деген ұғым қалыптаса бастайды. Кезінде немістің ұлы
философтары Кант пен Гегель де құндылықтар мәселесіне назар аударып,
әрқайсысы талдаулар жүргізген. Кант құндылықтар адамның алдына қойған
мақсаттарына жету жолындағы факторлардың мәнділігінен туындайды деген ойды
білдірді. 4
Персоналистік онтологизм бағытының өкілі М. Шелердің басты ерекшелігі
– құндылықтар дүниесінде өзіндік иерархия бар деп есептеуінде. 5
Мәдени – тарихи релятивизм концепциясы бағытының өкілдері – Дильтей,
Шпенглер, Тойнби, Сорокин және т.б. Олар аксиологиялық плюрализм идеясын
ұсынады, яғни әр құбылыстың көпжақты құндылығы болу мүмкіндігіне тоқталған.
6
Құндылықтардың әлеуметтік концепциясы бағытының негізін салушы М.
Вебер. 7 Ол жаңакантшылдармен келісе отырып, олардың құндылықтық
нормаларын әлеуметтік іс – қимыл мен әлеуметтік білімді тұжырымдауға
қолданады.
Құндылық - әлеуметтік субъектіге қажеттілігі бар, маңыздылығы
айқындалған норма деп алынады.
Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлесін қосқан философ Ф. Ницше
болған 8
Әлемге, адамдарға, әсемдікке деген махаббат кешірімділік,
қанағатшылдық, мейірімділік, қай ғасырда болмасын өздерінің тұрақты
қасиеттерін сақтай алады, рухани дамудың іргелі категорияларына айналады,
рухани сабақтастықтың өзегі болып табылады.
„Философияның мақсаты құндылықтарды анықтауда” – деген Ницше. Ол
болмыс пен құндылықты бір – бірімен тығыз байланыста, ажыратпай, сіңістіре
қарастырады. Ал, М. Хайдеггер болса ол екеуінің ара – жігін ашуға тырысады.
Әлеуметтік философиялық антропологияға қарағанда (яғни адама
философиясына қарағанда) тұлға мен қоғамның салыстырмалы дербестігін
мойындайды, бір – бірімен қатынастағы феномендік дербестікті ескере отырып,
тұлғаның субъектілік мәртебесін жетекші рол етеді. Сондықтан философиялық,
әмбебап деңгейдегі сипаттама адамға деген ерекше бағалауды туындатады.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - әлеуметтік философиядағы ислам
мәдениеті құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік философия
тұрғысынан талдаулар жасау, ислам дініндегі негізгі құндылықтарды
сараптаудан өткізу. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына
мынадай міндеттер қойылды:
- ислам мәдениетіндегі құндылықтарды философиялық талдау;
- ислам мәдениетіндегі құндылықтар адам болмысының өзегі екендігін
анықтау;
- ислам мәдениетіндегі рухани құндылықтарды барынша ашып көрсету.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеген дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – ислам мәдениетіндегі
негізгі құндылықтарына әлеуметтік философиялық талдаудың жасалуында.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН ИСЛАМ
МӘДЕНИЕТІНДЕГІ РӨЛІ

1.1 Адамның құндылықтық бағдарлары жүйесіндегі құндылықтардың орны
Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді
рухани – практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары
арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның
сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық
реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі
оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды,
үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылылық т.б.
тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.
Құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір
эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі
ең жоғарғысы – қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін
болсын немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе,
қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен
деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар – қасиеттер.
Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас
бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері
ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлерін
игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойында моральдық
жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның
ең жоғарғы формасы – „жамандықтан” тазаруды білдіретін катарсис болып
табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің „Поэтикасындағы” трагедия
теориясымен байланыстырылады. Антик философиясында катарсис мәселесі
Аристотельге дейін – ақ қойылған болатын. Бұл термин антик әлемі
әдебиетінде эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да
қолданылады. 91
Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды
жалғандарынан ажырата білу. Ол теку теориялық жағынан алғанда ғана қиын.
Біз қайырымдылық (ізгілік) пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ
ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын „таза сумен” шайып, күмәнсіз ететін
гуамдылық өлшемі қызмет етеді. Бұл жерде, тек қайырымдылық пен адамға
қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның
рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның
адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз
құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына
деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар -
өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел
арасындағы байланысқы, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас.
Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттеліктерді өтеу мақсатында
қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік
идеалдары ие болуы мүмкін.
Әлемдегі, әлеуметтік шындықтағы құбылыстардың ішкі мәнін анықтауда
философиялық концепциялар көптеп кездеседі.
Ал, енді философия тарихында құндылықтарды анықтаудың барысында
көрініс берген бірнеше ағымдардың әдістемесін енгіздеріне тоқталатын
болсақ, рационалистік және ирроционалистік көзқарастағы философияның бұл
мәселені түсіндіру, қарастыру деңгейін талдап көрейік.
Белгілі иррационалист Шопенгауэр дүниенің, құндылықтардың терең мәнін
тек интуиция арқылы ашуға болады, ал сыртқы қатынастардың сырын түсіну үшін
ақылдың мүмкіндігімен шектелуге болады деген пікірді білдірген. 92
Ф. Ницше өзінің „өмір философиясында” адамның әлемге және қатынасына
үлкен мән бере отырып, әлем туралы түсінік – ол субъектіің әлемді айшықтауы
деген тұжырымдар жасайды. 10
Құндылықтар әлеміне әдістемелік негіз бола алатын принципті, әдісті
философия тарихындағы бір ағыммен ғана байланыстыра алмаймыз. Әрине
көптеген бағыттар бұл мақсатты өзіндік талпыныс, әрекеттер жасаған. Мысалы,
герменевтикалық әдіс „тарихи оқиғалардың, құбылыстардың, мәтіндердің
мағынасын қазіргі кезеңге сай концептуалды – сыни тұрғыдан ашуға
тырысукерек” – деген тұжырымға сүйенеді. 11
Бұл жерде герменевтиканың өзіндік ұмтылысы - өткен мен қазіргі кезеңді
біртұтас дүние ете қарастыруында болып отыр.
Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің универсальді (әмбебап)
философиясы деп атайды.
Адам тән мен зердеге табиғаттың арқасында ғана ие болған. Ал хайуанат
дүниесіне тән психикалық қасиеттердің жиынтығы мен адам болмысы
шектелмейді. Адам да оның еркіндігінің түпкі субстанциясы болатын „жан”
деген құдірет бар. Ол материалдық өлшемдермен айғақталмайтын ерекше құбылыс
болып табылады.
Әрбір қоғамның мәдени тұтастығы, оның ішкі бірлігі әлеуметтік ортадағы
жоғарғы құндылықтардың, таным мұраттарының, әсемдік пен адамгершіліктің
ішкі бірлігіне негізделеді. Ал егер сол құндылықтар мен мұраттардың
біртұтас өрісі ыдырай бастаса, онда кез келген мәдениеттің іргетасы қирай
бастайды, құрылымы ыдырап, өркениет күйреуі мүмкін болады. 12
Кез келген мәдениетте жалпы адамзаттық мағыналардың сан қырлы
қалыптасу құрылымында әлеуметтік тұтастықты байыта түсетін көріністермен
атрибуттар кездеседі. Әрбір мәдениеттің даралығын жоққа шығаруға да
болмайды, олардың басқа мәдениеттермен байланысын да ескерген жөн. Өйткені,
осы жалқы мен жалпының өзгешелік арқылы байланысқан диалектикасы
мәдениеттер сабақтастығының, интеграциясының ішкі қозғаушы күші болып
табылады. Бұл жерде мәдениет жасаған құндылықтар жүйесінде (әлемде
қайталанбас), ерекше қасиеттері бар басқа мәдениеттерден, адамзаттық
байлықтан еншілеген рөлі зор. Мәдени құндылықтар жалпы адамзаттық
мағыналардың, құндылықтардың бір көріністері ғана, олар мәдениеттің,
адамның мәнінің бір сәтін білдіретін, өзіндік адам аралық байланыс болып
есептеледі.
„Мәдениет философияның мақсаты – адам қалыптасуы үшін мәдениеттің
мағынасын, маңызын және құндылығын түсіну” – дейді Н.З. Чавчавадзе. 13.
Бұл жерде философ негізінен аксиологиялық жүйеде адам негізгі субъект болып
қалыптасуына меңзейді.
„Өмір дегеніміз не?”, „Ақиқат деген не?” деген сұрақтар ғасырдан
ғасырға жалғасып келеді. Бұл философияның негізгі проблемаларының
қатарындағы нәрселер.
Құндылықтарды анықтау үшін оның субъектісінің елестету, ойлау, бағалау
деңгейіне де көңіл аударуға тиістіміз. Өйткені көп жағдайда құндылыққа үлгі
болатын түсініктер. Әр түрлі мәдени ошақтарда біркелкі болмауы мүмкін.
Мәселен, сұлулықты эстетикалық тұрғыда бағалау кезеңінде әр түрлі мәдени
орталықтарда, өркениеттерде қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондықтан
бейнелерді жақындату үшін, ымыраластыру үшін рәміздер (символдар)
қажеттілігі туындайды. Әсіресе, бұл процесс кезеңінде бір үлкен ортақ
түйістіру өрісіне әкелу үшін қажет нәрсе.
Құндылықтар – универсальді өлшем ретінде мәдениеттің, адам болмысының
діңгегі болып есептеледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі
қалыптардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістер динамикасы
мұраттардың жаңа түрлерін туындатады, әлеуметтік ауқымда кең етек алуына
себепкер болады.
Мұрат - әмбебап, абсолютті құндылықтық өлшемдердің рөлін атқаратын
субъектілердің айқындаған құбылыстардың жетілген бейнелерін айшықтау
әрекеттерінің нәтижесі. Қоғам өзінің мұраттарын жасау арқылы болашаққа
ұмтылу үмітін әлеуметтік практикада жүзеге асырып отырады. Осы тұрғыдан
алғанда құндылықтың ең үздігі, ең үлгілісі, ең жетілгені мұратқа айналады.
Рухани құндылықтың көп жағдайда мұраттар деңгейімен сәйкес келетінін К.
Марданов өз еңбектерінде айтып кетеді. 14
Құндылықтар концепциясындағы социологизм негізін қалаушы М. Вебер
болып табылады. Ол жаңа кантшылырдың норма ретіндегі құндылықтар туралы
көзқарасын қабылдап, оны әлеуметтік әрекет пен әлеуметтік білімді
түсіндіруге қолданды. Ол құндылықты әлеуметтік субъект үшін маңызды норма,
болмыс тәсілі ретінде қарастырады. Онан әрі қарай құрылымдық –
функционалдық талдау мектібінде „құндылық” ұғымы әлеуметтік институттардың
қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды анықтаудың құралы ретінде
методологиялық мәнге ие болады.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір – бірімен
салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны
құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған және,
шындығында, кезкелген құндылық өзінің нақты тарихи пайымдалуы мен іске
асуында салыстырмалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмір сүретін адамдар
мен әлеуметтік топтар қажеттіліктер мен мүдделерін өтейтін игіліктер ғана
құнды және барлық өзге құндылықтар өлшемі болып табылатындай, адам алдында
категориялық талап ретінде қойылатын құндылықтар – мақсаттар жоқ деген
пікір туындамайды.
Әдебиеттерде құндылықтар жіктелуі әдетте былайша беріледі:
- витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.);
- әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік
және т.б.);
- діни (Құдай, сенім, ғұрып, мешіт және т.б.);
- моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық,
әділеттілік және т.б.);
- эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік және т.б.);
- саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық еркіндіктер
және т.б.).
Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени
реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Әр түрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық қатынастары
тәжірбиелерін қортындылай келіп, құндылықтардың қайталанып отыратын
кластарын қарастырады. Мысалы, Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады
деп есептейді:
- ғылым;
- дін;
- өнер;
- мораль;
- жетілген өмір;
- „құдіретті сүйіспеншілік” (Риккерт Г.О. системе ценностей
Логос. 1914, т. 1. Вып. 1). Г. Риккерттің құндылықтар
классификациясы қандай принципке негізделген және оның жүйесінің
негізі неде? Г. Риккерттің құндылықтар иерархиясы принципі
„бағалаушы субъекттен” келіп шығады. Жоғарыда айтылғандай,
құндылықтар қоғамдық – тарихи приактикалық әрекетіне енген
субъекттік – объекттік және тұлғалдық – қоғамдық қатынастар
көптүрлілігінен туындайды. Субъект объекттің қасиетін адамның
танымдық және өзгеруші әрекеті үдерісінде бағалайды. Өйткені
әлемді танудан оны өзгертуге көшу алуан түрлі бағалаулар жүйесінде
іске асады.
Адам бойындағы жақсы мінез құлықтар. Бір адамның және қоғамның жақсы
болған нәрселері өзгелер үшін жаман болуы мүмкін. Әр бір қоғамда ұлттардың
өздеріне тән әдет – ғұрпы болғанымен кейбір әрекеттер олар үшін жақсы және
жаман болып қолданылуы таңқаларлық мәселе емес. Бірақ адамзат үшін ортақ
болған көптеген мінез құлықтар бар.

Имандылық – ислам дініндегі қастерлі құндылықтардың ішіндегі
қасиеттісінің негізгісі.
Мұхаммед Пайғамбардың хадистері – имандылық негіздері бойынша Иман
сөзі – араб тілінен алынған, қазақ тілінде „сенім”, „наным”, иман келтіру,
яғни „Аллаға сенгендер” деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың хақ
екендігіне, Мұхаммедті Алланың елшісі екендігіне сеніп, Алла жолын,
Пайғамбар ұсынған хадистерді мүлтіксіз орындау, адамдықты асқан кісілікпен
ақтау деген сөз.
Әділетті болу.
Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті орнату тек әділетті билікпен ғана
жүзеге асады. Әділеттілік бірлікті әкеледі, теңдікті береді. Ислам
дініндегі әділетті болу ең басты ахлақи міндет. Аллаһ Тағала бұл турасында
Құранда көптеген аятта баян етеді: „Негізінде Алла әділетті, игілікті және
ағайынға қарайлауды бұйырады”, 15 „Мұхаммед (с.ғ.с.) айт: Раббым
әділдікті бұйырды”, 16
Әділ болу бұл тек жұмыста ғана емес, әр бір істеген ісімізде,
сөзімізде шыншыл болу. Атамыз қазақ: „Әділдіктің белгісі біле тұра
бұрмаған, жақсы адамның белгісі өткен істі қумаған” деп, бекер айтпаған.
Мысалы, әке баласына, ұстаз шәкіртіне, саудагер алымсаққа, прокурор
айыпкерге дұрыс баға беруі тиіс. Әділдік дүниенің тыныштығын орнататын
негіз болғандай, ақыреттегі бақытты өмірдің кілті. Себебі Аллаһ Тғала әр
дайым әділді болуды әмір етеді және әділ болғанды сүйетіндігін білдіреді.
17
„Негізінен Алла Тағала сендерге аманаттарды өз лайықты орнына
тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар әділдікпен билік
қылуларыңды әмір етеді”, 18
„Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар және
бір елдің өшренділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер
сол тақуалыққа жақынырақ және жолдан Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не
істегендеріңнен толық хабар алушы”, 19
Аллаһ әділ болуды басқа аяттарда, әсіресе сауда жасаған кісіге
тарзыдан жемеуін, жеген жағдайда ақыретте тозақта жанатындығын қатаң түрде
ескертеді: „Өлшегенде толық өлшеп, тура таразымен тартыңдар”. 20
Сүйіспеншілікті ұстану.
Ал, ислам дініндегі сүйіспеншілікті ұстану, бұл – адамзат бойындағы
сүйіспеншілік, жақсы көру сезімі жаратылысынан бар болған қасиет.
Сүйіспеншілік адамдар арасында, қала берсе қоғам тыныштығын сақтауда
ынтымақты, бірлікті сақтайтын негізгі принцип. Құран мұсылман кісінің
жүрегінің сүйіспеншілікке бөлінуіне көңіл бөледі. Өш алу, кек сақтау,
дұшпандық ету кәпірдің ерекшелігіне жататын іс әрекет. Аллаһ Тағалаға иман
еткендердің жүректеріне сүйіспеншілікпен араларын тығыз байланыстырған. Бір
аятта былай делінеді: „Және Ол мүминдердің жүректерін қосты. Егер сен жер
жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас
едің. Бірақ Аллаһ олардың араларын біріктірді”, 21
Мұсылман кісі үшін ең үлкен қуаныш, бақыт Аллаһтың сүйіспеншілігіне
бөлену. Аллаһтың сүйетін құлдары болса тақуа иелері, әділ болғандар,
құлшылықтарын жасағандар, тәуекел етушілер т.б. осындай қасиеттерге ие
болған тұлғалар. Бұл сипаттарға қайшы әрекет етушілер Аллаһтың
сүйіспеншілігіне емес қаһарына ұшырайды. 22
Аллаһ Тағаланың сүйіспеншілігіне бөленудің ең әдемі жолы
Пайғамбарымыздың жүрген жолымен жүру. Өйткені, аятта былай дейді: „Мұхаммед
оларға айт: Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерде
жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды”, 23
Жоғарыда айтылған көзқарастардың әр қайсысы жалпы құндылық феноменінің
әртүрлі қырын ашады, бір – бірін толықтырады. Сондықтан құндылықтар туралы
біртұтас концепцияны қалыптастыруға іргелі рөл атқарады.
Мысалы, діни наным – сенімдердегі адам мен атеистік бағытты ұстанған
адамның, моральдық – адамгершілік принциптерге сүйенген адам мен
өзімшілдік, нәсіп құмарлық қақпанында жүрген адамның құндылықтар әлемі
әртүрлі болып келеді.
Құндылықтарды зерттеу барысында оның өзіндік ерекшелігін, оны
айшықтаушысын, оған берілетін бағаны ажырата білу керек.
Әлемдегі құбылыстарға адамның құндылықтық қатынасы екі түрлі формада
көрініс береді – „нәрселік құндылықтар” және „субъектілік құндылықтар”.
Әлемнің көп түрлі құрылымы „нәрселік құндылықтар” түрінде сипатталып,
оларда жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әсемдік пен құбыжықтық,
әділдік пен әділетсіздік және т.б. дилеммаларда көзқарастық сұрыптаулардан
өтеді. Бұл құндылықтарға адамды қоршаған табиғи орта және оның өз қолымен
жасаған туындылары (материалдық және рухани) жатады.
„Субъектілік құндылықтарға” - әртүрлі нормаларды танытатын принуиптер,
рәміздер, ұстанымдар, талаптар, бағалаулар, шектеулер, ділдік ерекшеліктер
және тағы басқалар жатады.
Құндылықтар негізінен адам арқылы анықталатындықтан және олар адам
үшін, оның дамуы, жетілуі үшін қажет болғандықтан әлеуметтік сипатқа ие
болады. Сондықтан адамның іс - әрекетінсіз, әлеуметтік практикасынсыз
ешқандай құбылыс құндылықтық маңызға дейін көтеріле алмайды. Адам
құндылықтың мәнін анықтауы үшін алдымен әлеуметтік дүниеде өмір сүруі
керек.

1.2 Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары

Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні,
христиандық және ислам діні.
Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен
бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам
дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл:
- біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық
жағдайларға байланысты;
- екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың
ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді. Ислам
және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлер, муслиматун - бой ұсынушы
әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді
уағыздайды.
Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы - Алла. Барша әлем тек соның
хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының
фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық - жамандығын таразылаушы, заманның
ақырында оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір
Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа
келеді.
Ислам - адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары
жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед Пайғамбарға
жеткізіліп тұрған.24
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп
отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны
қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа,
еңбекке әрі білімге уағыздайды және Кұран - Каримдегі (қасиетті Құран)
аяттар мен Пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.
Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы - оның айқын рәміздерінің
болуы.
Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған:
- біріншісі - Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына;
- екіншісі - Мұхаммедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл
адам баласына жіберілген Пайгамбар екендігіне сену.
Сондықтан "Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде
"Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадүр - Расулүллаһ," - деген мүбарак қағиданы
тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл
сенімді (символды) Иман, сенушші Мүһмин деп атайды. Нағыз ислам жоғары
мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед Пайғамбар
өзінің хадисінде: "Дінде зорлық жоқ" - деген.25
Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге
жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен)
қабылдауы тиіс.
Ислам – монотеистік, яғни бір ғана Құдайды мойындайды, қоғамдық өмірді
діни ережеге бағындырады. Бұл тұтастанған дін.
Бұл діннің ерекшелігі – ол қоғамның барлық саласын, жеке адамның
өмірінің аөп сәттерін бастап мұсылмандық елдерде мұсылмандық шарттың,
рәміздің, дәстүрдің, салттар мен тәртіптің ықпалында болады. Соның
арқасында 1 миллиардтан аса өкілі бар бұл діннің ішкі тұтастығы мықты.
Тіптен, мәдениеттердің, тілдердің, саяси құрылымдардың әр түрлілігіне
қарамай мұсылман қауымдастығы рухани құндылықтары өте ұқсас келеді: Ең
негізгі рухани құндылық Алла болса, онан кейінгі Мұхаммед Пайғамбар және
оның қалдырып кеткен „Құран” кітабы, хадистері.
Ислам дініндегі құндылықтың ең негізгісі „Алла” болып табылады.
Алла – тіршілік дүниені және қиямен – қайымды жаратушы құдай есімі.
Ислам дәуіріне дейін арабтардың (негізінен Меккенің) Құдай ретінде сиынған
белгілі адамдарының қабірі. Алла исламда жалғыз құдай, адамдарға өзінің
елшісі ретінде Мұхаммед Пайғамбарды жіберді. Исламның қысқаша сенімі –
ұраны: „Алла мен оның елшісі Мұхаммедтен басқа ешқандай жаратушылары жоқ”.
Мұсылмандардың нанымы бойынша Құран Алланың өз сөзі. Алла бұл сөзін
Мұхаммед Пайғамбарға тікелей өзі немесе періште арқылы жеткізген.
Құран уағызының негізі – Алланы дәріптеу. Алла ұғымының мұсылмандар
арасында әртүрлі болғанымен Мекке мен Мәдинедегі кезеңінің Құрандағы
түсініктемесінде айырмасы жоқ. Құранның мазмұны да, тақырыбы да бір Аллаға
сену болғандықтан, көп құдайлы пұтқа табынушылыққа қарсы тұрған. Алла
жалғыз, оның ешқандай „теңдесі” жоқ. „Алла жалғыз, Алла мәңгілік, ол
тумайды, оны ешкім туған жоқ, оған тең келер ешкім жоқ”.
Құранда Алланың құдіреттілігі, қалтқысыздығы және ұлылығы туралы үнемі
айтылып келеді. Он сегіз мың ғаламның барлығы Аллаға бағынғандықтан дүниеде
оның әмірінсіз ештеңе істелмейді, тіршіліктің дамуы оның әмірі негізінде
ғана жүреді. Құран дұғасы осыны дәлелдейді. Сондықтан Алла өзі жаратқан
дүниеге әмірін жүргізеді, демек тіршілікті дамытады, өзгертеді, барлық
құбылысты өзі жасайды. Алла адамзатқа өте қайырымды, себебі ол адамның
санасына сенеді, адамға кешірімді. Адам Алла құдіретіне сенгендіктен, өзін
Құдайдың „құлымын” деп түсінгендіктен, дін жолына түсіп құдайға құлшылық
етеді. Құдайға құлшылық етуші мұсылман қауым, тіршіліктегі барлық құбылысты
Алланың ісі деп түсінеді.
Күндердің күнінде Алла жер бетіндегі тіршілікті жойып, өлгендердің
барлығын тірілтеді, кейін оларды өзіне жауап алуға жинайды. Ондағы мақсаты
адам баласының бұл дүниедегі істеген күнәсіна қарай жұмаққа, не болмаса
тозаққа жіберу жағдайын қарайды. Алла әмірінің маңызы мен оның күнәһарларға
қолданған жазасы Мұхаммед Пайғамбар уағыздарының негізгі бөлігін құрады.
Алла адамзаттың тіршілігінде жасап жатқан барлық іс - әрекетімен олардың
санасынан орын алған, өзінің құдіретін адам санасына Мұхаммед Пайғамбар
арқылы жеткізді. Алла даналығы, оның тек адамзат үшін істеп жатқан ізгілік
ниетінің нәтижесі. Ал, Құран Алланың ізгілік ниетін жеткізуші құралға
айналды.
Адам баласы өмір бойы не істейді, қалай күн кешеді, мұның барлығы
Алланың әмірі деген қағида Құранда көп қайталанады. Сонымен қатар дүниедегі
болып жатқан барлық құбылыс Алланың әмірімен және оның бұйыруымен жасалады.
Құран қағидасының негізгі мақсаты адам баласын тек адал өмір сүруге,
істеген ісіне жауапкершілікпен қарауға, күнәсін мойнына алуға шақырып,
Аллаға күнәсін кешіруін сұрап, жалбарынуға шақырады. Дер кезінде күнәсін
кешіруді өтінбесе о дүниеде күәға батып, Алланың алдындажазаға тартылады.
Мұсылман дінінде Алла туралы ілімнің негізі – Құдайға, бір Алланың
өзіне құлшылық ету, демек, құдай жаратқан пенденің барлық өмірі бір Аллаға
қызмет етумен өтпек. 26-30

Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі „Мұхаммед Пайғамбар” болып
табылады.
Мұхаммед - ислам мен халифаттың негізін салушы.
Мұхаммед Ахмет б. Абд Аллах (570 – 632 ж. ш.) – Пайғамбар, ислам дінінің
негізін салған діни уағызшы, Құрайыш тайпасынан шыққан. Ол Меккеде дүниеге
келген.
Біздің дәуіріміздің ҮІІ ғасырында Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб
шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы
араб тайпаларының бас араздығы салдарынан бір кездегі қуатты мемлекеттер
ыдырап, аймақтағы ықпалынан айрылып қалды. Оның халқы теріскейінде
негізінен христиандықты, оңтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты уағыздады.
Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырды.
Ол кездері Африка мен Йеменнен Палестинаға және Месопотамияға өтетін
сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтер Иранын, Химьярит және
Аксум патшалықтарын байланыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында
орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады. Оның
маңында жыл сайын өтетін сауда жәрмеңкесіне барлық араб тайпалары жиналып,
бас қосатын болды.31
Жәрмеңкеге жиналатын айда соғыс қимылдарына тыйым салынды. Бұл ай араб
жұртының басты діни орталығы - Меккедегі Қағбаға құлшылық жасау мерзімімен
орайластырылды. Бұл ай зуль - Хиджа, яғни қажылық айы деп аталды. Демек,
оның әуел бастан дүниелік маңызынан діни маңызы айқынырақ болды. Араб
тайпалары қай дін жолында болмасын осы айда Меккеге сапар шегуді өздеріне
міндет санады. Ислам діні кейбір ғылыми орталарда "Ибраһим діні" деп те
аталады.
Меккеде қасиетті Қағба, Зәмзам құдығы, Сафа және Маруа таулары - бәрі
осы Ибраһим есімімен байланысты. Осыдан хажылық сапарында Қағбаны жеті
айналып шығады. Олар осымен қатар өзге де толып жатқан құдайларға тағзым
етті. Мәселен біздерге Манат, Лат, Узза деген әйел құдайларының есімдері
белгілі. Қағбада осылардың және басқа да кұдайлардың мүсіндері қойылды.
Сонымен катар VI - VII ғасырда ханиф ілімі (жалғыз құдайға илану) кең тарай
бастады. Мұны түптеп келгенде саралы діни ілім деуге де болмайтын еді. Одан
араб тайпаларының монотеистік дінді орнықтыруға деген ұмтылысы басымырақ
көрінді.32
Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілерімен бір құдайға табынуды
жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі
немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен
орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын.
Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ
дінді саясатшы көсем емес, дін уағызшысы, Алланың елшісі насихаттап,
Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет - Араб
халифатын орнықтырды.
Адамзат тарихында осындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді
құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шықкан Мұхаммед пайғамбар еді.33
Ислам "Мұхаммед Пайғамбарлардың мөрі"- деп атайды. Өйткені ислам діні
адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың
соңғы елшісі саналады. Осыдан соң Пайғамбарлық тынады, халифтер
(ізбасарлар) келеді.
Мұхаммедтің өмірі: ақиқат пен аңыз. Әшім, одан соң, оның баласы Әбд - әл
- Мүталлиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді, салиқалы адамдар болды. Әбд -
әл - Мүталлибтен Әбу - Тәліп, Әбу - Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ
деген ұрпақтар енді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина
атты қызбен некелескен, осы некеден Алланың рахымымен рабиғүл - әууәл
айының он екінші кешінде, бейсенбі күні, (23 маусым) 571 милад жылында
Мұхаммед ғ.с. Пайғамбар дұниеге келді.34
Мұхаммед ғалайһисаламның дүниеге келуі туралы ақиқат пен аңыздың арасы
пышақ жүзіндей, ажырату өте қиын. Тіптен оның туған айы - күнінде шүбә
болмаса, жылы кейбір деректерде 570 деп көрсетіледі. Бұл мынадай оқиғаға
байланысты: 570 жылы (милад немесе жаңа жыл санау бойынша) заратуштралық
Иранмен соғыстағы христиандық Византияға Аксум патшалығы жәрдемге келді. Ол
Хиджаз жазығы арқылы өтіп, жолында Мекке қаласын қоршауға алды. Меккеліктер
Аксум әскерінің жауынгер пілдерінен түршікті. Бұл олардың бұрын көрмеген
хайуаны еді. Осыдан Меккенің қоршалған жылын арабтар "піл жылы" деп атап
кетті.
Меккені қамауға алған бірінші түнде - ақ аксумдықтар арасында апат ауру
тарап, әскері қырыла бастады, қорыққан дұшпан Меккені тастап қашты. Иран
шахы шаттануы тиіс еді. Бірақ осы түні оның сарайында кереметтер болды:
Заратуштра кұрметіне жағылған мәңгілік шырақ кенет өшіп қалды, ал парсының
бас қазысының түсіне ноқта көрмеген атанды бір арабтың мұрындықтағаны
кірді. Түн күндей жарық болды. Осы түнде дүниеге Мүхаммед келді. Осы аңызды
негізге алсақ, Мұхаммед 571 жылы дүниеге келген болады. Мұхаммедтің
бірінші әйелі - Хадишаның жасы туралы да дерек екі түрлі.35
Ислам кітаптарында Мұхаммед жиырма бес жасында үйленді, әйелі он бес жас
үлкен, бай саудагердің жесірі еді десе, европалық дінтанушылар Хадишаның
осы некеден бес бала көтергенін алға тартып, оның жасын жиырма сегізде еді
деп көрсетеді. Шындық сол - Хадиша төрт қыз және Қасым атты бір ұл бала
көтерді. Осыған қарап кейде Мұхамедті Әбу - Қасым - Қасымның әкесі деп те
атайтын. Бірақ, Пайғамбардың көзі тірісінде Фатимадан өзге балалары тегіс
дүние салды. Қалай болғанда да ақиқаты - Пайғамбарымыз бен Хадишаның некесі
үйлесімді, абыройлы болды, араб дәстүрі рұқсат етуіне қарамастан Мұхаммед
Хадишаның көзі тірісінде оның үстінен әйел алған жоқ.
Пайғамбардың туылуынан екі ай бұрын әкесі, туғаннан кейін алты жасында
шешесі дүниеден қайтты. Сегіз жасына дейін атасы Ғабүл - Мүтәліптің, одан
соң немере ағасы, төрт шын абзал халифтің бірі - хазірет Әлінің әкесі Әбу -
Тәліптің қолында тәрбиеленді. Ол балалық шағынан адал, шыншыл еді. Осыдан
оны көбіне "Мұхаммадүл - Әмин", "Сенімді Мұхаммед" деп атайтын.
Мұхаммедтің балалық шағы туралы діни аңыздар былай дейді: ол замандарда
қала тұрғындарының жас нәрестенің таза ауамен тыныстанып, табиғат ортасында
еркін өсуі үшін қала сыртын мекендейтін тайпалардың әйелдерінен сүт - ана
тауып, кесімді мерзімге соған табыстау салты болатын. Мұндай әйеддер
Меккеге келіп, емшек сүтімен асырайтын нәрестені өздері таңдап алар еді.
Келушілердің көбінің назары Әминәнің перзентіне тоқтамады. Солардың
ішінен Халима есімді әйел ғана көңілін Мұхаммедке бөлді. Оның тұрмысы төмен
еді. Бірақ, Мұхаммедті бауырына алғаннан ризығы артты, құдығы суалмады,
жері көктеп тұрды, ақ мол болды. Бала үш айында аяғын басатын болды, жеті
айлығында жүгіріп кетті, тоғыз айында адам таң - тамаша боларлықтай есті
сөздер айтар еді. Үш жасына келгенде далада ойнап жүрген жерінен екі
періште адам кейпінде келіп оның кеудесін ашып, жүрегін ұйыған қаннан, Адам
-Атадан бермен келе жатқан бастапқы күнәдан тазартты, оған иман нұрын
салды.
Діни кітаптарда Мұхаммедке Пайғамбарлық қырық жасында келді, деп
жазылады. Оған дейін ол Дамшаққа - дейін керуен тартып, көп жерлерді көрді,
көп адамдармен дидарласты. Ол Хира тауына оңашаланып, терең ойларға
берілді. Осындай оңаша сәттерінің бірінде оған үн келді. Ол "оқы" деп әмір
етті. "Мен нені оқимын?" деді. Сонда құлағына Құранның беташар аяты келді.
Мұхаммед ғажаптанып жан - жағына қарады. Қайда мойын бұрса да, алдында адам
бейнесіндегі Жебірейіл періште тұрды.
"Мұхаммед! Сен Алланың елшісісің? - деді ол. Осыдан кейін де, ол
бірталай уақыт күмәнді болды. Бірақ, Жебірейіл арқылы Алладан тағы аяттар
аян болды. Хадиша оны мұның бәрі жаратушы хақ тағаланың әмірінен екендігіне
сендірді. Өзі мұсылман болды. Мұхаммедтің Пайғамбарлығы осылай басталып,
адам баласын адамшылық нәрімен сусындатты, қияметке дейін сөнбейтін ғылым,
білім, мәдениет күнінің шырағы бүкіл дүниені нұрландырды.
Ол ислам дінін үш жыл қ9пия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура
жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рухтары дүниялық пиғылдармен қарайып
қалған дін дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандық ойлады. Бұл кезде
оның сүйікті зайыбы - Хадиша мен қамқор ағасы Әбутәліп дүниеден озған еді.
Осы уақытында ол Йасрибтің (Медина) хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар
тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды.
Бұл қауым кейінде ансарилер (көмекшілер) деп аталып, дін жолында қарымды
істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі
жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті. Бірақ, көш алдында "Исраһа
– л - миғраж" аталатын ерекше оқиғаны бастан өткерді. Қағбаның маңында
тыныстап жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол әл - Барак атаған
бір жануарды келтіріп, соған отыруға бұйырды. Көзді ашып - жұмғанша
Хебронда, Вифлеем мен Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса
пайғамбарлармен мінажат етті. Содан соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде
болды. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық еді - ол қайтып оралғанда, төсегі
де суымаған, қисайып құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген ... 36
622 - жылы жиырмасыншы қыркүйекте (бір деректерде он алтыншы шілдеде)
Мүхаммед пайғамбар Йасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті
ашылды. Мұсылмандық жыл санау — хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан -
наби - Пайғамбар каласы деген ат алды.
Бертін келе, ол жай Медина, яғни "қала" аталып кетті. Хиджраның екінші
жылында тұңғыш мешіт (масджид) -
Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға Меккеден көшкенде жүз
жиырма адам ере келген еді. Бас – аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың
қол бастап аттанды.

Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хиджра.
Хиджра - ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды. Кейбір зерттеулерде
аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған Меккеден жай қоныс
аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңынан ергендер дін жолында
арабтар үшін аса қасиетті саналатын тайпалық қатынастарын құрбан етті.
Оларды ислам нұры қуаттандырды.
Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың "мұхаджир" деген сөзімен анықталды, ал
жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер, жоғарыда айтқанымыздай, ансарилер, яки
көмекшілер аталды. Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды, олардың
жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Исламды қабылдағандарды
дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді. Қауымда темір тәртіп
орнады. Ол Алланың жердегі өкілі - имамға ғана бағынатын болды. Мұхаммед
Пайғамбар бірінші жұма намазын және тұңғыш хұтпаны (өсиет) осында оқыды,
дейді діни жәдігерліктер.
Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды
мойындамады. Әбу - Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды бағындырмақ
болып жорық жасады. 624 жылы он алтыншы наурызда екі қол кездесіп,
мединалықтар айтулы жеңіске жетті. Араға бір жыл салып, тағы ірі әскери
қақтығыс болды. Соңында екі қаланың арасындағы соғыс созыла берді.
Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың
дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар
шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он жылға
бітім жасады. Келесі жылында, 629 жылы мұсылмандар келісімді пайдаланып,
хажылық сапарын атқаруға мүмкіндік алды. Мединалық мұсылмандарды бұрынғы
тайпаластары жылы қарсы алды. Көбі мұсылман болды. 630 жылы Мұхаммед
Пайғамбар Меккенің іргесіне он мың қолмен келгенде Әбу - Суфиянның өзі
қаланы соғыссыз берді. Осылай сегіз жылдан соң Мұхаммед Пайғамбар Меккеге
жеңімпаз ретінде салтанатпен енді. Қала түгел мұсылман болды. Қағба пұттан
тазартылды. Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Пайғамбар Византия мен
Иранға исламды мойындау туралы жаушылар жіберді. Ислам Араб түбегінен тысқа
тарала бастады. Бірақ, ол күнге Мұхаммед Пайғамбар жеткен жоқ. Меккеде ұзақ
аялдамай Медина қаласына оралды. Осында алпыс үш жасында дүние салды. Ислам
төрт халифті - Әбу - Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп
атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер,
кәміл мұсылмандар. Осы халифтер түсында ислам Египетке, Сирияға, Иракқа,
Ливияға, Иранға, т.б. еддерге тарады.
Бұл уақыттарда жихад - дін жолындағы күрестер жүрді. Оның бір нысаны -
ғазауат, дінсіздерге қарсы соғыс. Әр кәміл мұсылман дін жолында жанын пида
қылуды мақсат тұтты. Бірақ, жихадтың мағынасын тек соғыспен шектеуге
болмайды. Мұхаммед Пайғамбар айтқан:
- Муджахит деген сол адам - Алла жолына көндіру үшін өз - өзімен
күрессе;
- ал мүхаджир деген - барлық залымдықтар мен күнәлардан қашкан адам.
Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан:
- оның жоғарғы нысаны - рухани жихад. Мәні - өзін - өзі Алла жолына
әзірлеу;
- Екінші - найза жихады. Ол - дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт
болғандар жаннаттан орын алады;
- Үшінші - жүрек жихады. Ол - өзінің ерсі қылықтарымен күрес;
- Төртіншісі тіл жихады - тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін
күрес;
- соңғысы қол жихады - қолды адал істер істеуге үйрету, бейімдеу,
осы үшін күрес. Яғни, жихад - қару алып күрес ғана емес, негізінен
рухани күрес әрі адамның өзін өзі жақсы істерге дағды алуына
тәрбиелеуі үшін күресі.37

Құран - Кәрім.
Исламда төрт пайғамбарға жіберілген кітаптар хақ деп саналады, олар:
- Таурат - Мұса пайғамбарға түсірілген,
- Зәбур - Дәуіт пайғамбарға келтірілген,
- Інжіл - Ғайса пайғамбарға келтірілген,
- Құран - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Христиан дінінің құндылықтары
Тасаууф ілімі
Қазақ еліне ислам дінінің келуі
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Исламның пайда болуы
Қазақ жерінде ислам діні
Сопылық ілімі және оның ерекшеліктері
Ясауи ілімінің негіздері
Пәндер