Ибраһим Ата күмбезі


Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министірлігі.
Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық Сауда Университеті.
“Экономика Бизнес Факультеті”
“Экономика кафедрасы”
Тақырыбы: Дін мәселесінің арнайы жүргізілетін саяхаттың ерекшелігі
Орындаған: Жұмабеков Ж.
ЭБ 205т Туризм
Тексерген: Аға-оқытушы
Оразаева З. А.
Астана қаласы 2008 ж.
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I-Елдігіміздің белгісі - діни татулық
1. 1. «Қалам ұшында - дiни татулық» . . . 5
1. 2 . Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстанға іс-сапары . . . 7
II - Қазақстан Республикасының жеріндегі діни орталықтар
2. 1. Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысы . . . 9
2. 2 . Солтүстік Қазақстан облысы . . . 14
III -Діни орталық елі Тайландқа саяхат
3. 1. Таиландтың ең басты ерекшелігі - текті тарихы . . . 19
Қортынды . . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
.
Кіріспе.
Әлем тыныштығын түрлi елдердегi саясаткерлердiң дiндi жамылған саясаты жиi-жиi бұза бастады. Бұл жағдай жер бетiндегi әрбiр саналы адамдарды күрделi ойларға итермелеуде. Бұл тұрғыда ең бiрiншi мәселе, Исламдық бағыттағы елдермен бiрлiкте болу. Ал, бiздiң құрметтейтiнiмiз кiм? Әрине - Папа. Өлмеуiн дүйiм кәпiр жұрты мойнына бұршақ салып тiлесе де, түнеукүнi көз жұмған екiншi нөмiрлi папа . . . Бiрақ та назар салсақ, Папа II елiмiзде Ислам дiнiн орнықтыруға ешқандай үлес қоса алмайды. Себебi, оның мақсаты Ислам дiнiн терiске шығару. Папаның өзi ең алдымен өзiн әлемдiк дiн қайраткерi, нақтылап айтқанда, Рим Епископы, Ғайсаның жердегi iзбасары, Апостолдар Князының мұрагерi, Әлем Шiркеуiнiң Жоғары Бас Пiрi, Батыс Патриархы, Италья Примасы, Рим Провинциясының Архиепископы және Метрополитi, содан соң барып, Ватикан Шаһары мемлекетiнiң басшысы . . . көрiп отырсыз, Ислам жұртына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қазақтың дiнi - ол Ислам. Дәлел керек пе, онда Алладан түскен мұғжиза Құран Кәрiмнiң өзiне жүгiнелiк. Онда мынадай аят бар: «Бәдәуилер, «Иман келтiрдiк» - дедi Мұхаммед (с. ғ. с. ) оларға сендер иман келтiрмедiңдер. Алайда, «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткенi, иман жүректерiңе кiрмедi. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемiтпейдi. Шүбәсiз Алла, аса жарылқаушы, тым мейiрiмдi» - де. («Хұжырат» сүресi, 14-аят) . Елiмiз осы мәселенi оң тұрғыда шешу барысында көптеген iстер жүргiзуде. Соның бiрi әлемдiк Ислам лигасының Бас хатшысы Абдолла ибн Абдол Мухсин әт-Турки мырзаның өзi бас болып Алматыда өткiзген Халықаралық аймақтық Ислам конференциясы.
Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Түркiменстан, Тәжiкстан, Әзiрбайжан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия мемлекеттерiнiң дiн мекемелерi мен жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары мен ойшылдары қатынасты. Бiрақ көңiлге түйткiл орнататын нәрсе - Конференциядағы он мемлекеттiң дiн басшылары қатысып отырған осы алқалы басқосуға Қазақстан мұсылмандары дiн басшыларының қатыспауы. Сонымен қатар, бұл басқосуы Қазақстан үшiн қауiптi саналатын террорлық әрекеттердiң шешiмiн табатындай дәрежеде өткен жоқ. Қазақстанда басталып Израильде аяқталған бұл еуроазияттық еврей конгресi раввиндерi кеңесiнiң конференциясы болды да шықты. Конференцияға Еуропа, Балтық жағалауы, ТМД, Шығыс Азия елдерiнен және Австралиядан, барлығы 28 елден еврейлердiң дiни және қоғам қайраткерлерi қатынасты. Бiз бұл ретте достастық мәселесiне ши жүгiртiп отырғанымыз жоқ, тарихта Хазария атты Ислам мемлекетi болған. Дәуiрлеп, салтанаты артқан бұл мемлекеттi сырттан келген жымысқы жау еврейлердiң арбауына түсiп қалып, айбынды ел қысқа мерзiмде әлем картасынан мемлекет есебiнде атын өшiргенiн еске сала кеткiмiз келедi.
I-Елдігіміздің белгіс- діни татулық
1. 1. Қалам ұшында - дiни татулық
«Бiз барлық дiндердiң тең құқылығына кепiлдiк беремiз және Қазақстанда дiнаралық келiсiмдi қамтамасыз етемiз. Бiз исламдық және басқа да әлемдiк және дәстүрлi дiндердiң озық үрдiстерiн құрметтеп әрi дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз».
Н. Ә. Назарбаев.
Дiн мен Сөздiң арасында мол байланыс бар. Екеуi де адамды жақсы нәрсеге бағыттайтын фактор. Мұсылман жұртының көктен түскен құдiреттi кiтабы Құранның ең алғашқы жолы «Оқы» деп басталары мен және тағы бiр қасиеттi кiтап «Iнжiлдiң» алғашқы жолы «Әуелiм сөз пайда болған» деп басталуы да сөздiң, оқудың адамзат үшiн пайдалы қазына екенiн дәлелдесе керек-тi. Әлемдiк дiндер диалогына қатысты мәселе. Бұл идеяның негiзгi авторы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы.
Елбасының бастамасымен дүниеге келген бұл шара аясында 2003 жылы Астанаға, қазақтың қара шаңырағына Әлемдiк дiн өкiлдерi жиналғаны белгiлi. Мұның алдында ғалам жер шараның әкесi деп танитын Рим папасының Қазақстанға сапарлауы елiмiздiң мәртебесiн бiр көтерiп тастаған. Мұны да сол сапардың жақсы шапағаты деп түсiнуiмiз керек. Әлемдiк дәстүрлi дiндердiң съезi, сонымен қатар, өз жалғасын табады деп күтiлуде. Осы ретте, «Отан» партиясы дiн мен сөздi сабақтастырып, Қазақстан Жазушылар одағының басқармасымен де бiрлiкте жұмыс жасауда. Мұның себебi, халықтар арасына дiни алауыздық салдарына түскен қырғиқабақтыққа қатысты. Сонымен қатар, өзге, қолдан жасалынған дәстүрлi емес дiндердiң әдеби кiтаптары елiмiзге көптеп тарала түсуде. Бұған қарсы тұру үшiн ең алдымен идеологияны орнықтыра түсетiн қалам мен қағаз иелерiнiң арасында рухани келiсiм болуы қажеттi. Осы ретте, партия мен қаламгерлер арасында дiни алауыздыққа қарсы тұратын күш жинау мақсатындағы шаралар жақсы өтiп келедi. Қазақ қашаннан ақыны мен жазушысын құрмет тұтқан халық. Әр шығарма автордың iзгiлiк жайлы өз ойын айтса, оқырман соны көкейiне түйiп, әр адамның өзiне ұнайтын кейiпкерiне елiктерi даусыз. Сол кейiпкер сол адамды тәрбиелерi анық. Ал, сөздiң құдiретiн мансұқ еткен қоғамның халқы мұндай құндылықтан айырылары сөзсiз. Осындай көкейкестiлiктен соң «Отан» партиясының қаламгерлермен байланысы нығая түстi. Себебi, этносаралық және дiнаралық келiсiм қоғамдық өмiрдiң барлық салаларындағы кең көлемдегi сәттi жаңғырудың негiзгi шарттарының бiрi болып табылады.
Қазақстанда қоғамды бiрiктiруге бағытталған әр түрлi дiндер келiсiмi мен түрлi этностардың қайталанбас түсiнiгi қалыптасқан. Мұндай нәзiк нәрсенi өз ретiмен шешу үшiн бейбiтшiлiк идеясымен қаруланған мықты идеология қажеттi. Ақпарат құралдары, әдеби шығармалар мен басылымдар арқылы дiни экстремизм идеясын тарату әлемде дiни соғысты туындатып та отыр. Мұның отын ұшқындатпау үшiн ең әуелiм мәдениеттер мен өркениеттер бейбiт қағида бойынша жұмыс жасауы тиiстi. Ендiгi қатарда партия тарапынан Қазақстан Жазушылар одағы жанына «Қаламгерлер дiнаралық татулықты қолдайды» атты ассоциация құру кезекте тұр. Сонымен қатар, биылғы жылы екiншi мәрте өткелi отырған Әлемдiк және дәстүрлi дiндердiң екiншi съезiне «Жазушылар және дiнаралық татулық мәселесi» деген тақырыппен секция жұмысы енiп, әлемдiк деңгейдегi дiнаралықты қолдайтын жазушыларды шақыру да көзделiп отыр. Қаламгерлерге көмек беру мәселесi мұның сыртында тағы бар. Партияның жасап отырған аталмыш ұсынысына мейлiнше көмек көрсетерiн жеткiзген қаламгерлер де аз емес. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин мырза бастаған, Халық Қањарманы Қасым Қайсенов қолдаған, ақын Әубәкiр Нiлiбаев, Әкiм Тарази, Талаптан Ахметжан секiлдi қаламгерлер өздерi қабылдаған «Әр шаңырақ пен барша ғаламда бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтап қалу, iзгiлiкке қарсы идеяларға тосқауыл қою - адамзаттың негiзi борышы деген» ұран аясында қызмет етуде.
1. 2. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан еліне іс-сапары
Облысымызда Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті іс сапармен болды Екі ел арасындағы қарым-қатынас 1992 жылдан бері дамып келеді. Тараптар осы жылдары ішінде сауда-саттық пен саяси экономикалық байланыстарын нығайтуға барынша күш салуда. Бұл ретте әмірлік іскер топтарының біздегі елге салған инвестициясын айтуға болады. Тек үстіміздегі жылдың жарты жылында екі жақты тауар алмасу 76 млн. доллар құрапты.
2006 жылы екі ел басшылары тың жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде келісім жасасқан еді. Онда алюминий және фармацевтика зауыты, мұнай химия кешені мен бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысандар салу көзделген болатын. Н. Әшімовтің айтуынша мәртебелі қонақ өз отанына жақсы көңіл күймен аттанып барады. Бұл оңтүстікте туризмнің кең өріс жайып келеді деген сөз. Бұл маңызды келiсiмнiң үш пайдалы факторы болды. Бiрiншiсi, жалпы халықтық дiнаралық келiсiмдi сақтау, дәстүрлi дiндердiң мазмұны мен өз философиясының бұзылмауын қадағалау. Екiншiсi, халықты имандылыққа шақырып, жақсылық жолына тәрбиелеу. Үшiншiден, бүгiнде қоңыртөбел күй кешiп жүрген қаламгерлерге көмек көрсетуге ат салысу болып табылады. Бүгiнде құдайдың әр күнi әлемнiң бiр түкпiрiнен террорлық бағыттағы бiр жарылысы бұрқ етпесе көңiл көншiмейтiн заман болғанда, елдiң бiрлiгi мен ынтымағын сақтауда «Отан» партиясы мен қаламгер қаумының бiрлесе отырып руханият пен парасатты, иманды насихаттай түсуi болашаққа жасалған үлкен қадам. Дiни секталарға бөлiнушiлiк пен дiни ауытқушылық бiздiң қоғамда да бар екенi ақиқат. Атап айтсақ, жастарымыздың бойынан ар мен парасат мәселесiнiң аз кездесуi, өзге бағытқа насихаттайтын дiндерге өтiп кетуi бұл сөзiмiзге айғақ бола алар едi. Елбасымыздың биылғы Жолдауында осы мәселе - дiнаралық татулыққа ерекше тоқтауы да мұның айғағы. Әлемдiк ғаламдастыру саясаты да осы қимылдың қитұрқы жемiсi. Саясат - тыныш жатқан дiнге араласты. Саясаттың дiни сенiмдерге бұлай араласуы жекелеген елдердiң қақтығыстарын тудыруда. Ал, әлемдегi қақтығыстардың ең зауалдысы осы - дiнаралық қақтығыс. Солай бола тұра әлем саясаткерлерi отпен ойнағанды мақұл көрiп отыр. Ал, дiндi терiс қолдану арқылы соғыс оты туындаған Балқан, Ауған, Баткен, Үндi-Пәкiстан, бүгiнгi Израиль-Палестина, Ресей-Шешен, Парсы шығанағы секiлдi нүктелерi белгiлi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz