Шапағатын шашқан ислам діні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

Шапағатын шашқан ислам діні3

2 Негізгі бөлім11

2. 1 Ислам діні туралы әл-Фараби ойлары11

2. 2 Қазақ ағартушылардың Ислами көз қарасы. Абай, Ыбырай көзқарастары. 19

Қорытынды30

Кіріспе

Адам баласы дүниеге шырылдап келгеннен бастап ол баланы мұсылман баласы, не болмаса Пайғамбар ұрпағы деп түсінуге болмайды. Егер өзі дінге кіретін болса, Ислам, Будда, Христиан діндерінің ішінде біреуіне кірсе, сол қабылдаған діннің ұрпағы деп атауға әбден мүмкін.

Ислам діні бізге Құран Кәрім кітабын сыйлады. Ол, осы уақытқа дейінгі өзгермеген сөздері, оның бізге жеткенге дейінгі сақталуы дүниеде бір күш бар екенін көрсетеді.

Ислам діні (туралы) ғылымда, медицинада, тарихта айтылған. Оның елге тигізген пайдасы зор. Татулық, сыйластық, амандық сұрау, инабатты болуы бәрі-бәрі жазылған, көрсетілген.

Шапағатын шашқан ислам діні

Ислам діні Алланың жан-жақты жетілдірген ең соңғы діні екені қасиетті Құранда ашық та айқын айтылған Алла тағала он сегіз мың ғаламды жаратып, жер бетінің бүкіл қазынасына иелік ету үшін адамды жаратты. Құдіретті Алла өзінің тура жолын түсіндіріп, дағуат жасау үшін адамдар арасына мыңдаған Пайғамбарлары мен бірнеше қасиетті кітаптарын түсірді. Бірақ басым бөлігі шайтанның азғыруына ерген адамзат жер бетінде бір қалыпты өмір салтын құра алмады.

Адамдар алғаш қасиетті кітаптарға сенбеді. Оларды өздеріне лайықтап өзгертіп ала берді. Құдайдың заңдылық жолы бұзылды. Ақырында Алла тағала жер бетіне азған жұртты тура жолға салу үшін Мұхамедті (с. ғ. с) Пайғамбар етіп жіберді. Жәбірейіл (ғ. с) періште арқылы 23 жыл бойы Мұхамедке (с. ғ. с) қасиетті Құранның аяттарын түсірді.

Алла тағала Пайғамбарды бұл қасиетті кітапты өзінің құдіретімен қорғайтынына сендірді. «Құранды шынында Біз түсірдік және оны қорғайтынымыз да рас». Құран Кәрім жер бетіне түскелі он төрт ғасырдан асса да бір нүктесі өзгермеді, оны жоям деушілер де жоя алмады. Бұл - Алланың шынында да қорғаушы екенін дәлелдеп тұр.

Қасиетті Құранда өмірдегі және өмірден тыс барлық нәрселердің сананың рухани дамуының және әлемдегі тіршілік иелері мен тіршілік иесі еместердің тарихының негізі - ғалымның қайнар көзі екенін дәлелдейтін аяттарының құпия құдіретін танып-білу жолы жазылған.

Құранның осы құпиясына және оның аяттарының 23 жыл бойы бөлек-бөлек түсуіне (ретімен емес) таң қалған әлем ғылымдары көбейіп келеді.

Алла тағаланың діні - Ислам адамды жақсылыққа, адамгершілікке, мейірбандыққа және қайырымдылыққа үгіттейді. Сондықтан адамды ерекше бағалаған Алла тағала оған дұрыс жолға жүруі үшін сезім, ойлау, ақыл, түйсік, парасаттылық, білім және ерекше дарын берді. Адамдар бұ дүниедегі өмірін ақыл таразысына салып тура жол таба білсе өзінен кейінгілерге де жарқын жол салып береді. Алланың ақ жолын алға апаруда басқа діндерге қарағанда Ислам дінінің шоқтығы биік тұр. Ислам тәрбие құралы ғана емес, ол ғалымдар үшін ғылымның қайнар бұлағы.

Ислам сөзі арабша, оның аудармасы - бір Алланы тану, илану және сену мағынасын береді. Аллаға сенген адам мұсылман болып есептеледі. Ислам Алланың алғашқы елшісі Адамға (ғ. с) берілген және барлық Пайғамбарлар Ислам дінін насихаттаған. Бұл атау адамзатқа Алладан келген және ешкім оны өзгерткен емес. Құран аятында: «Бүгін мен сендердің діндеріңді жетілдірдім әрі игілігімді де аяқтадым. Сендердің тұтынуларыңа Ислам дінін қоштап ұнаттым» деді.

Ислам діні өте таза, қарапайым, тұрмысқа және елдің өмір сүру қағидаларына ыңғайлы. Денсаулыққа пайдалы. Осыдан-ақ Ислам дінін белгілі бір халықпен, территориямен немесе уақытпен шектелмейтіндігін білуге болады. Сондықтан Ислам діні бүкіл адамзатқа бағышталған болашағы көлемді әлемдік дін екенін мойындаймыз. Исламның басты ерекшеліктерінің бірі - халықты байқосшы, кедей, басшы-қосшы, үлкен-кіші немесе ұятқа, нәсілге және басқа өзгешеліктеріне бөлмейді. Исламның басты қағидасы дүниенің қай түкпірінде болмасын кім де кім бір Алладан басқа Құдай жоқтығын мойындаса, ол адам мұсылман болып саналады.

Осыны дәлелдеуде Алланың: «Құранның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін Біз оларға жер-көкті, тіпті өз бастарындағы ғаламаттарды, белгілерді көрсете береміз» - дегені шындық.

Ертедегі ата-бабамыз Қасиетті Құранның аяттарының құпиясына мән берді. Алланың бірлігіне, Алладан басқа жаратушы жоқтығына сенді.

Олар алғаш өздері Ислам діні жөнінде сауаттарын ашты. Құранның аяттарынан қуат алып, өз ұрпақтарын Ислам жолымен жүруге үйретті.

Сөйтіп ұрпағын адалдыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, парасаттылыққа, ұятжандылыққа, Отанын қорғауға және Ислам діні қағидаларына берік болуға үйретті. Сол дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Кез-келген діни, тарихи әдеби, ғылыми т. б. кітаптардың Құранға тең келмейтініне олардың көздері анық жетсе, ал ғалымдарымыз бұл танымдық бағаның дәрежесін биіктетіп келеді. Ғарыш, адамзат пен тіршілік иелері және жер жөніндегі ғаламаттарды бір өзінің ішіне топтаған Қасиетті Құран Ислам дінінің мәртебесін асыра бермек.

Қасиетті Құранда: «Көктің де, жердің де әміршісі Алла екеніне дау жоқ. Ол тірілтеді, өлтіреді деуі жаратушы Алланың шексіз құдірет иесі екенін дәлелдейді».

Сондықтан да Алла тағала пенделерінің әрбір істеген ісі, қимылы, жақсы-жаман әрекеттері ашық айтылған. Адамзат жаралғалы бері қоғамда, заман да өзгеріп келеді. Бір орында тұрақты қалған ешнәрсе жоқ. Алланың «Әр заманның өзінің ғылымы, әр заманның өзіндік құралы бар» деген Құрандағы аяты шындыққа айналды. Адам баласы алғашқы дәуірде тұрпайы көлік пен қарапайым құралдарды пайдаланса, ал қазір ғарыштық ұшу кемелеріне дейін меңгеріп, біз әлі көрмеген планеталар сырын зерттеп, үлкен жетістіктерге жетуде.

Бұның бәрін адам ғана өзгертіп отыр деу қате болар еді. Адамның миына, ойлау жүйесіне әсер етуші Алланың құдіретті күш әсері. Бұл жөнінде Құранда: «Көк пен жерді Алла тағала шындықпен жаратты, мұнда мүминдер үшін ақиқат дәлел бар» дегені жоғарыда айтқанға дәлел.

Алла тағала өзінің ілімін насихаттайтын мыңдаған Пайғамбарлары ішінен өзі қалаған Пайғамбарларына періштелері арқылы төрт қасиетті кітапты - Таураты (Мұса ғ. с-ға), Забур (Дәуіт ғ. с-ға), Інжіл (Иса ғ. с-ға) және Құранды (Мұхаммед с. ғ. -ға) түсірді. Алдыңғы үш қасиетті кітап сөздерін оған қарсылар мен адамдар өзгертті. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) қабылдаған Қасиетті Құран Кәрім ғана өзгеріссіз екенін зерттеуші әлем ғылымдары дәлелдеді. Қысқасы Құран Кәрімнің әр аятының «Кілті» бекітілген періштесі, шешімі, мақсаттық пайдалануы барын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) пен сахабалары, ғылымдары, оқымыстылары өз уағында анықтады. Біздің заманымызда кеше ғана ортамызда болған араб танушы академик марқұм Ақжан Әл-Машани Құранның аяттарының құпиясы мен пайдасы туралы зерттеулер жүргізді. Ғалым артына Ислам дінінің ерекше құдіреті жөнінде жазылған еңбектерін мұра етіп қалдырды.

Ал академик А. Әл-Машанидік пікір жазуымен Ислам дінін үгіттейтін алғашқы діни әліппеден бастап «Шығыстың таңғажайып ғаламаттары мен сырлары» және «Мекке - Мәдине» сырлары кітаптарын жазған қауымдастықтың діни - рухани үгітшісі, жасы жетпісті алқымдаған ағамыз Әмірбек қажы Есенбайұлының еңбегін жоғары бағалаған жөн. Бір ғана мұсылмандардың дін басқармасына барлық жүкті артпай, көп болып, діни сауаты барлар Ислам дінін насихаттайтын еңбектерін жазып, баспадан шығарып, халыққа таратса Алланың шапағат - нұрына бөленері анық. Мұндай жетістіктерімізге Пайғамбарымыз Мұхаммедтік (с. ғ. с) өзінің хадистерінде: «Ғылым дамыған кезде, Ислам да дамиды» дегені дәлел. Қазақ даласында алғаш Ислам діні енген уақыттан бастап, ғұлама ғалымдар Құран аяттарына зер сала бастады. Қазақ топырағында өмір сүрген ғұлама ғалымдар Әбунәсір әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни, Өтеубойдақ, т. б-лар артына мол зерттеулер қалдырды.

Құранның қасиетіне бас иген бабамыз Қожа Ахмет Иассауи еңбегіне баға жетпейді. Ал Құран аяттарының ғылыммен байланысын дамытуды ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы осыдан бес жарым ғасыр бұрын шебер меңгергенін оның «Шипагерлік баян» кітабынан табуға болады. Өтейбойдақ баба кітабының әр бетінің сөйлемінің бәрі Құран аяттары сөздері негізінде басталғанын, сөйлемдері құрылымы діни танымға жақындығын және аяқталғанда да аяттарға қатысты сөздермен қорытындыланатынын байқаймыз. Қысқасы, Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» кітабын алғаш «Құпия құлып» деп аталуы осыған байланысты болса керек.

Құранның жүздеген аяттарында ғылым, ақыл, ой және тәлімдік мәселелер туралы айтылуы тектен тек емес. Өкінішке орай, бүгінде дағуаттың нашарлығынан, сондай-ақ кейбір экономикалық тұрмыстық қиыншылықтарды сылтауратып өз қандастарымыздың ішінен басқа христиан, бақай, кришна, будда, Ахмадия, т. б. діндерге кетіп жатқандардың күні ертең-ақ Ислам діні құрметіне, қасиетті Құран Кәрімнің қасиетіне бас иері анық.

Құран Кәрімнің ерекше қасиетін ертеректе-ақ ұлы ақындар, басқа дін өкілдері Гете мен А. С Пушкин, т. б. әлемнің Исламды зерттеуші ғылымдары тани және бағалай білді. Бұл жетістік жөнінде Құранда: «Біз адам баласына көптеген мысалдар келтіреміз, алайда оларды ғалымдар ғана қорқады» дегенді. Исламды таныған ұлы ғалымдар мен зерттеушілерге арналғаны шындық.

Діни сауатсыздық салдарынан баспасөз бен бұқаралық ақпаратта еліміздің дін басшысын түсінбей жазықсыз сынаушылар көбейіп барып қазір бәсеңдегенімен, жұрт арасында олардың шала сауатты пікірлері үлкен толқу жасады. Тіпті қасиетті Рамазан айында (Ораза кезінде) дін басшысы муфтиді сынауды жалғастырған белді халықаралық «Түркістан» газеті басшылары қолдан Пархат деген «Емші-сымақты адамзаттың жаратушы» «Құдайына» теңеді. Діни сауаты жоқ бес уақыт намаз оқымайтын, әрі құдайға сенімсіз, өзі басқарып отырған газетінде бірде-бір Ислам дінін үгіттейтін мақала жаздырмайтын, дін басшылары мен халық арасында даулы мақалаларды бірнеше жыл жариялап, еш нәтиже шығармағандардан дін жөнінде кеңес алу, телеэкран алдында сөйлету енді абырой әпермесін түсінетін кез жеткен сияқты.

Бүгінгідей мәдениеті де, сауаты да, жағдайы да болмаған марқұм Карбоз Қантарұлы бұл діни кітапты жазғанына қарап, оның өзі халқы сүйген Исламды таза мойындаған Алланың адал құлы екенін тани аламыз. Ал енді осы қыр қазығы, сауаты шамалы марқұм Қантарұлы Карбозбен жоғарыдағы оқымысты «Түркістан» газетінің «діншілерінің» сауатына, имандылығына Ислам дініне «құрметіне» баға беріңіздер. Бұл баға ілгерідегі қазақ ұрпағы мен бүгінгі прогресшіл, мәдениетті қазақтардың діни рухани танымына әділ өлшем болмақ.

Кейбіреулердің тірі пендені жаратушы Алладан, оның Құран Кәрімнен және Пайғамбарларынан жоғары қойғанын жаратушы Иеміз біледі әрі көреді. Қасиетті Құранның «Ахзап» сүресі, 57 аятында: «Расында Аллаға, Елшісіне реніш білдіргендер, соларға дүние ахиретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындайды» - дегеніне сенуге болады.

Ислам діні - ол «Ақыл - парасат діні» Ол Алланың ақ жолы. Оның дәлелі Алла тағаланың әркімді әртүрлі ғып жаратқанынан, әр түрлі қасиетпен кереметтеп бергенінен айқын көрінеді.

Алланың Пайғамбарлары ішінде Ибраһим (ғ. с) отқа жанбаған, Мұсаның (ғ. с) алақаны әппақ нұр шашқан, Иса (ғ. с) өлген адамды тірілтсе, Жүсіп (ғ. с) түсінде Алладан аят алу арқылы болашақты болжаған бұл туралы қасиетті Құранда жазылған. Осы қасиеттерді өз пайдасына пайдаланып, атағын дүркіреткен «атаққұмар» емшісымақтар аз кездеспейді.

Бірақ, әр адамның бойындағы әлі ашылмаған, дәлелденбеген құбылыста (шын - өтірігі аралас) апарып Пайғамбарлар қасиетімен теңестіру ол Ислам діні қағидаларына жат қылық. Алланың Құран Кәрімінің «Ахзап» сүресінің 54 аятында: - «Бір нәрсені әшкерелесеңдер де, жасырсаңдар да әрине Алла тағала әр нәрсені толық біледі» дегені, тағы да Алланың құдіреті күшті екеніне дәлел. Ислам діні адамдарды адамгершіліктің ең жоғарғы деңгейіне тәрбиелейді. Құран Кәрім Алланың тірілер үшін жіберген қасиетті кітабы, Құран Кәрімнің 114 сүресінің аятының толық құпия сырын білу мүмкін емес. Оның сыры бір Аллаға аян. Ертедегі ғалымдар тек қана жеке-жеке аяттарды ғана тексеріп, оның құпия сырын ашқан. Құранның «Әнбия» сүресі 30 аятында.

«Әуелде көк пен жер тұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлықтың барлығын судан жараттық», деп адам дене құрылысының сексен пайызға жуығы, жердің жетпіс пайыздан артығы судан тұратын ескертеді. Бұл пайыздық сан бүгінгі ғылымның дәлдік санымен тепе-тең киелі Қасиетті Құран аяты құпиясының кереметтігін мойындату болмақ Ислам діні - адамды алдампаздықтан, зұлымдықтан сақтандырады.

Қасиетті Құранның «һуд» сүресі 101 аятында «Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар келген сәтте, олардың Алладан өзгеге жалбарынғандары өздеріне ешбір пайда келтірмейді. Сондай - ақ, зияндарын арттырғаннан басқа түкке тұрмайды» деген Алланың қаһарлы сөзі куә. Енді қолдан жасаған «әулие», «ана», «төре», «Алланың емшісі», «Жаратушы» т. б-ларға табынғандар алдында ауыр жазаның күтіп тұрғаның Ислам діні осылай ескертеді.

Ислам діні - тірілер үшін түсірілген, бір Алланы мойындаушы адамзатқа арналған. Өйткені адамзат тіршілік иелері ішіндегі ең саналысы. Осыны білген Алла тағала он сегіз мың әлемнің сырын білуге құштар адамдарға Қасиетті Құранды жібереді. Құранның «Ахзап» сүресі 72 аятында «Рас аманатты (дінді) көк пен жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны жіктеуден бас тартып оған қорықты. Ол адам баласына жүктелді. Өйткені ол өте зәлім, тым білімсіз . . . » деуі адамның білімі қаншалықты дамыды, өсті, бәрі біледі дегенмен Алланың білімімен салыстырғанда түкке тұрмайтынын білдірсек керек.

Дегенмен мұсылман халықтар тіршілігінің қуаты, рухани байлығы Ислам дінінің мәртебесін жоғары ұстап келеді.

Ислам діні - адамдардың денсаулығын қорғауына, қауіп-қатерден сақтауына ақ жол ашушы дін. Құран аяттары шын жүрегімен пайдаланған пендесіне қорған және рухани азық. Құран аяттарының мұндай ерекше қасиеттерін ертедегі ғалымдар мен дін мамандары айқын танып білген. Қазір адам денсаулығына шипалық емі бар «Исми Ағзам-тоқсан түрлі ауруға емдік дұғалар», «Шығыстың құпия ғылымы», «Нұрнама», «Дертке дауа дұғалар», «Пайғамбарлар дұғасы және «Ясин» сүресінің қасиеттері» т. б. кітапшалар мешіттердің жанында тұрақты сақталуда. Бұл кітапшаларды алып оқыған өте пайдалы.

Бір күні Жәбірейлі (ғ. с) періште мешітте отырған Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с. ғ. с) келіп сәлем беріп, «Ей, Мұхаммед, мына Исми Ағзам» дұғасы 72 түрлі дертке дауа» депті. Сондықтан қасиетті дұғалардың жақсылығын пайдалануды Алла тағала бәріңізге нәсіп етсін. Алланың қасиеті Құранның сөзі құрылысы мен мазмұнына тең келетін әлемде ешқандай шығарма жоқ. Бұнда адам өміріне байланысты барлық ережені, жол-жобаны рет-ретімен баяндайды.

Бұл ерекше құбылысты әлемнің мұсылман дін мамандары және ғалымдар дәлелдеп отыр. Мұндай ғажайып кітапқа бас иесің. Онда Алланың ақ жолының адамзатқа арнап өткен, бүгінгі және болашақ бағдарламасы жазылған.

Ислам діні - оқып үйренуге, білімге ұстаздыққа терең мән береді. Құранның көптеген сүрелерінде ғылым мен ғалымдарға деген үлкен сенім және құрмет айқын жазылған. Мәселен Мұхаммедке (с. ғ. с) алғаш ізгі хабар әкелген Жәбірейіл періште «Оқы! Жаратқан Иеңнің атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді» деді (Алақ сүресі: 1-5) . Бұдан Алла тағала ниеті соңғы Пайғамбары арқылы ғылымды білуге, оқып-үйренуге және оқытып - үйретуге бағытталғанын көреміз.

Пайғамбарымыз Мұхамед (с. ғ. с) өзінің көптеген өсиетінде ғылымды насихаттауға, білім алудың өте маңыздылығына баға беріп әрі талап етеді. Құран мен хадистерді нағыз ғылымдардың Пайғамбарлардың мұрагерлері ретінде сипатталуы да сондықтан болар. Бұл оң нәтиже. Ислам әлемінде қуатты ғылым жаңалықтары алғаш ашылуы еді. Ислам діні - білім алу жолын кәпір - мұсылманға және аймаққа бөлмейді. Үйрен, оқы деген өсиетнамасын мәңгілік мұрасы ретінде азаматтың миына, санасына қондырып келеді. Ислам дінінің жолының парасатты ақ жол деп түсінеміз Құран ұсынған қағидаларды өмірлік мұратымызға айналдыру, ол бірлігін дамыту, халықтар ынтымағын арттыру, жеке рухымызды жаңа деңгейге көтерумен моралдық - материалдық жетістікті дамытып, адалдықтың ақ жолын таба аламыз.

Ислам Алланың ақырғы хақ діні екеніне сенім мен қарап, бақытымызды осы тура жолдан табарымыз анық.

Шапағатын шашқан Ислам діні түбі әлем елдерінде берік орнығатыны анық. Басқа дінге кеткен мұсылмандардың әлі-ақ өкінетін күні алыс емес. Халық кім Ислам дінінің адал қорғаушысы, үгітшісі, кім екі ортаға от салып бүлдіруші, кім Ислам діні сатқын екенін ажырататын уақытта жақындап келеді. Алла тағала бәрімізге ынтымақ, ынсап беріп, бір Ислам діні ошағы аумағына жиналып, парасатты өмір салты мен шапағатты қоғам құруға күш қуат берсін.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Ислам діні туралы әл-Фараби ойлары

Осы діни көзқарастарға қарап біздің заманымызға дейінгі VII-ғасырдан бастап дінді қолға алған біздің елімізде Ағартушылық жолдарында көбінесе Ислам дініне қараған. Мысалыға: алып қарайтын болсақ. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин ағартушылық жолымен жүргенде діннің ықпалы тиген. Алғашқы уақытта, сонау заманда өмір сүрген әл-Фарабиді алып қарасақ.

Фарабиді шығыс Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол жүз алпысқа жуық трактат жазған. Ол ғылымның алуан түрлі саласын - философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минерология мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен социологияның, этика мен эститиканың проблемалары үлкен орын алады.

Фараби шығыс перипатетизмінің аса көрнекті өкілі, араби тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық - философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, социологияның, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.

Фараби шығыс перипатетизмінің аса көрнекті өкілі, араби тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық - философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, социологияның, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.

Фарабидің қоғам, этика, эстетика жөніндегі пікрлері мен философиялық концепцияларының қалыптасуына себеп болған жағдайлар төменгіде көрсетті.

Фарабидің философиялық әлеуметтік-этикалық эстетикалық ой-пікіріне көне грек заманының ұлы ойшылдары ықпал етті. Бірақ ол өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардың идеяларына сын көзімен қарады, олардың идеалистік, мистикалық пікірлерін қабылдамады. Әсіресе, Платонның мұндай жарықтарынан бойын аулақ салды.

2) Фарабидің философиялық, әлеуметтік - утопиялық идеясының адам бойындағы ең жоғарғы моральдық қадір-қасиеті туралы пікірлерінің қалыптасуына оның туған жері Қазақстан мен Орта Азияның бай ауыз әдебиеті төл тума мәдиеті халықтардың азаттық жолындағы күресі, бостандық сүйгіш ой-пиғылы ықпал етті.

3) Оның философиялық, әлеуметтік - этикалық және эстетикалық көзқарастарына әсер еткен Таяу Шығыс пен Орта Шығыс халықтарының ілімдеріндегі прогресшіл сарындар мен гуманистік идеялар болды.

Фараби ғылыми мұралары - орта ғасырдағы олқылығы мол заманның жемістері. Сондықтан оның тұжырымдары мен әлеуметтік - этикалық, эстетикалық концепцияларымен әлеуметтік - этикалық, эстетикалық концепциялары сол дәуірдің дәстүріне, тәліміне әуендес болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабит Мұқанов туралы
Қазақтың діни мерекелері
Бабыр және Ұлы Моғол империясы
Ораза айт
Ислам дінінің бес парызы
Ислам діні туралы жалпы түсінік
Шаманизм
Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi
Болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz