Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ислам дініндегі ер мен әйел құқықтары

Орындаған: I-курс, “Дінтану” бөлімінің студенті

Тексерген:

АЛМАТЫ 2003

Жоспары

II. Негізгі бөлім3

Кіріспе4

II. Негізгі бөлім6

2. 1 Ер кісінің әйел кісіден өзгеше болу себебі. 6

2. 2 Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану7

2. 3 Жұбайлардың хақтары9

2. 4 Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер10

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер13

Кіріспе

Ислам діннің бейбітшілік пен тыныштықты, діндераралық, ұлтаралық татулықты, рухани бірлігімізді, ұлттық салт - дәстүрлерімізді, ана тіліміздің ғасырлар бойғы мұраларын сақтап, нығайтудағы игі әсері өлшеусіз. Иманды да салауатты өмір салтын ұстанған отбасылар - Отанымыздың тірегі. “Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үйленбегендер - менің үмметімнен емес” - деген ардақты Пайғамбарымыз. Аса қамқор жаратқан иеміз Құран Кәрімде тіршіліктің бар саласын қамтитын тура

жолды көрсеткен. Соның ішінде отбасы тіршілігіне, ерлі - зайыптылардың

үйлестіріп әйел жынысын жаратқаны да (әйелді Адам атамыздың қабырғасынан жаратқан), араларымызға тіршілік ләззаты етіп сүйіспеншілік, мейірім бергені де Құран аяттарында ашық та анық айтылған.

Бабаларымыз ақ неке деп ардақтаған бұл игі қадам адам өміріндегі ұлы өзгеріс. Сіз кеше ғана жалғыз едіңіз, бүгін екеусіз. Қасыңызда тағдырдың түрлі сынағын бірге көтеріп, ыстық - суықты, жақсылық - жамандықты бірге бөлісер жан жарыңыз бар. Осы сезімнің өзі бойыңызға қуат беріп, жүрегіңізге нұр сыйлайтыны ақиқат.

Көптеген отандастарымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты - Аллаһтың алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Білсе де ескере бермейді. Үкіметтің неке сарайында заңды түрде үйленгендерін білдіретін неке куәлігін алсақ болды деп санайды. Әрине, өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің азаматы болғандықтан, сол елдің заңдарын мүлткісіз орындаған абзал. Әйтсе де, ең алдымен Аллаһтың алдында жүзіңіздің жарық болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Әлемдегі барлық нәрсенің бастауы бар. Солардың бір бөлшегі адамзат. Бұлар да туылады, өледі. Туылу мен өлу арасында тіршілік етуі тиіс. Оны қалайша, қай тұрғыда жүргізгені абзал? Әрине, адамгершілікке толы, әмбеге қолайлы баршаның мақсат - мүддесіне сай жол таңдалады. Өйткені, мұндай қағида - ережелер туындағын кезде мемлекет, саясат дегендер болмаған. Бұл дәуір нағыз демократиялық сипаттарға толы кезең болатын. Ол алғашқы қауымдық құрылыс (сана - сезімі төменгі тобыр) ыдырап рулық тайпалық одақ пайда болған заман еді. Сол рулық - тайпалық одақты әлемдегі барлық халық бастарынан өткерді. Амал не бәрі де (тек, біздің ата - бабаларымыздан, басқалары) сол дәуірдегі жасалған қағида - ережелерін ұмытып адамды - адам қанау, таптық теңсіздік пен әлеуметтік жіктелу процестеріне күш берді. Нәтижесінде тұрмыс формацияларын бастарынан кешіргені даусыз. Осы ретте біздің ата - бабаларымыз басқа жұрт өткен жолдармен өткенімен, алғашқы болмысын, оның қасиеттерін сақтап қалды. Ең бастысы алғашқы үлгі рулық тайпалық жүйені - осы кезеңге жеткізіп отыр. Бұл жүйемен бірге адамгершілікке толы ежелгі қасиеттер мен сипаттары ере келді. Олар: жақын туыстасына үйленбеу, әмеңгерлік, құда түсіп қалыңмал беру, туысқандық көмек, барымта, билік және т. б.

Ежелгі қалыптасқан қағида - ережелер жоғарыда айтылған екі сенімге дөп келді. Мұның басты мақсаты - адамның өзіне сенімді болуы, сол сеніммен өмір сүруі. Сенімі бар адамға сенуге болады. Сөйтіп, «Алладан өзге тәңірі жоқтығына сену; Мұхаммед оның елшісі әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену» - деп білуге болады. Мұхаммед (с. ғ. с. ), мұсылмандықтың бұл кілтін кеңірек түсіндірген, яғни: «әмәнту биллаһи уа мәләикатихи уа кутубихи уа расулихи уа иаумил ахириуәл қадари, хайриха уа шаррихи мин Алла Тағала уәл бағсу уа бағдал маутихи хаққум. Әшхаду ән лә иллаһа иллалла, уа әшхаду әнна Мухаммадан абдуху уа рассулуху». Мәні: «мен Алланың бірлігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандық Алланың жаратуы мен болатынына, өлгеннен кейін қайта тірілетініне (ахирет күніне) снемін». Бұл алты ереже иманның негізіне жатады. Аллаға құлшылық ету осы алты ережеден басталады. Мен бұл арада құлшылық пен табыуылықтың ара жігін айта кеткелі отырмын. Өйткені, табынушылық күпірлікке яғни күнәға жетелейді. Құлшылық етудің мәнін терең түсіну үшін оның қарама қарсы жағын да әбден білгеніміз мақұл. Әрбір мұсылман үшін Аллаға басқа нәрсені теңу, Аллаға оны пара - пар ету барып тұрған күнә. Алла Тағала жоққа табынушылық күнәсінен басқа күнәнің бәрін кешіруі мүмкін, Құранда: «Шындығында Алла өзіне серік жасаушыларды кешіре алмайды, бірақ кімді қаласа, оның мүнан гөрі кішірек күнәларын кешіреді. Өйткені, кім де кім Аллаға серік жасаса, әрине, онда ол тіпті алжасқандардың алжасқаны болады. » (4:116) .

Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы.

Ең алдымен, ислам дініне дейінгі иудей, үнді, христиан діндеріндегі әйел құқықтарының айырмашылығы мен артықшылығын көрсету. Қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім - тәрбиенің ұқсастығының молдығын көрсету.

Зерттеудің жұмысымның өзектілігі.

Әлемдегі барлық діндердің ішінде ислам діні ғана әйелдерді ер адамдармен теңестіріп, теңдей құқық бере алған бірден - бір дін. Және Қасиетті Құран Кәрімде ер мен әйелдің тең құқыққа ие екені жиі айтылады. Мұхаммед Пайғамбар (с. ғ. с. ) әйел құқығына ерекше мән беріп, «Сендердің ең ізгілерің мен жақсы қылықтарың - әйел құқықтарын құрметтеулерің, » - деп текке айтпағандығы бүкіл әмбеге аян.

Ислам діні ер мен әйелдің қосылып некелесуіне айрықша мән береді. Сондай - ақ отбасылық өмірде ер мен әйелдің араларындағы міндеттерін, парыздарын, әйел құқықтарының бұзылмауын қатаң қадағалайды. Міне, осы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін нақтылай аша көрсетеді.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен басты міндеті.

Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері жеке адамдар статусының құқықтарында жатыр. Негізінен, діни принциптерге негізделеді. Осы нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, т. б. Сол секілді жеке азамматтық құқықтарға (мәміле) : жекеменшік мәселелерін реттеу, әр түрлі келісім түрлері мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді орындау тәртіптері т. б. кіреді. Сондықтан менің алға қойып отырған мақсатым да, осы нормалардың адам құқығына нендей әсері мен айтарлықтай айырмашылықтарын айтып көрсету.

Көптеген отандастарымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты - Аллаһтың алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Білсе де ескере бермейді. Мұсылманның отбасылық өмірі қандай болуы керек, әйел құқығы, отбасылық өмірде нендей өзекті мәслелер бар, міне осы және басқа неке міндеттерін терең баяндап, мәнін ашып беру.

Курстық жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ер кісінің әйел кісіден өзгеше болу себебі.

Исламда неке адамның жаны мен жүрегінің рахат табуы деп танылады. Бұл - бірін - бірі шынайы ұнатқан, сүйген, бір - біріне деген қамқорлық қасиеттерін паш еткен және жанұялық сезіммен махаббатта перзенттер өсіріп, мұсылмандық отбасын құру ниетін мақсат еткен ер адаммен әйел адамның қосылып өмір сүруі.

Қасиетті Құран Кәрім осы бір ер және әйел адам арасындағы іңкәр да сүлу байланысты асқан шеберлікпен жаза келіп, көз алдымызға махаббат нұрын шашатын имандылық пен адамгершілікті, жан рахаты мен қауіпсіздігін елестеді.

Қасиетті Құранның “Рұм” сүресінің 21 аятында былай деген: “Сендерге, Оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарынан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен” 1 .

Шындығында, бұл - екі жанның шынайы махаббат пен пәктік сезімдері Аллаһ Тағаланың мейрімімен жасалған байланыс.

Исламда мұсылман әйел кісі Аллаһ Тағаланың ер адамға жасаған ұлы мейірімділігі және бұл өмірдегі ең керемет рахатынан болып табылады. Себебі ер адам одан күнделік өмір қауесеттерінен, қажымас еңбегінен және уайымдарынан тынығу табады. Сондай - ақ ол ер адамға дүниеде ешбір жаратылыс бере алмайтын ләззат пен жан рахатын сыйлай алады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) былай деген:

“Бұл жалған дүние бізге уақытша берілген, ал мұндағы өмірдің ең

бір кереметінің бірі - мүмін әйел болып табылады”2 .

Исламның некеге, әйелге, оның өмірдегі маңыздылығына деген көзқарасы осындай.

2. 2 Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану

Исламдағы некелік одақ кішігірім сезімдердің жарқ етуі немесе жан біткенге тән құмарлықтың іс жүзінде орындалуы ғана емес, ол бір үлкен ғалам. Олай дейтініміз нағыз мұсылман кісі ержүрек, шыдамды, кең пейілді адамгершілігі мен қайырымдылығы мол қасиетке ие және әйелінің ұнамсыз істері үшін ұсақ - түйекке, ашу - ызаға бара бермейді. Оған қоса нағыз мұсылман Жаратушы Иесінің өмірін жерге тастай алмайды, сондықтан да ол әрдайым әйелімен жақсы қарым - қатынаста болады. Бұл былай түсіндіріледі. Мұсылман кісі қашанда Жаратушы Иесінің сөздеріне құлақ асып, ойланып жүруінің себебі оған кейде бірдеңе ұнамай қалып, одан жиіркеніп қашуы мүмкін. Ал шын мәнісінде ол нәрсе, құбылыс немесе жағдай жақсылық пен жарылқаулыққа мол болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты ол кімді қалай ұнату, қалай ұнатпау керектігін біледі және соқыр сенімге иланбайды, мәнсіз істерге қадам баспайды, әрдайым қанағат пен әділдікті ұстанады.

Егер мұсылман кісіде Исламға ден қойған мұсылман әйеліне деген салқындық сезімі пайда болса, ол әйел ері қанағат тұтатын құрметке лайық бола алады, ол бұл әйелді жек көру үшін алдымен оның барлық қасиеттерін таразылау керектігін айтады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) былай деген:

“Дінге сенуші ер дінге сенуші әйелді жек көрмеуі керек, егер оның бір қасиеті ұнамаса, онда оның басқа жағынан қанағат табуы тиіс. ”

Жан тазалығын, ар тазалығын сақтағысы келген адам, әрине шариғат бойынша неке қиюдың қадір - қасиетін білуі керек деп ойлаймын.

Мұсылман үшін неке қиюдың 5 шарты бар:

  1. Қалыңдық пен күйеу жігіттің тілін кәлимаға келтіру.
  2. Олардың бір - біріне жар болуға ризалық білдіру.
  3. Махр - ер адамның қалыңдығына жасайтын сыйлығы.
  4. Куәлар - екі ер адам, не ер кісі мен екі әйел.
  5. Құтпа оқу.
  1. Кәлима “Лә иләһә илла-лла-һу, әшһәду ән-нә Мұхаммәдүр Расулул-лаһ” деп тілмен айтылып, жүрекпен орындалады.
  2. Екі жақтың ризашылығы айтылмай, неке қиюға болмайды.
  3. Күйеу жігіттің болашақ жарының ризалығына ие болатындай сыйлық жасауы. Махр - (сыйлық) жасалғаннан кейін, ол әйелдің

жекеменшік мүлкі болып саналады.

  1. Құран қағидасы бойынша куәлар яки келісілген адамдармен қоса, ақ некенің қиылғанына періштелер де куәлік етеді. Олар о дүниеде де, Аллаһтың алдында да куәлік береді.
  2. Құтпа оқылады.

Ал егер некеден кейін арақ ішіп, не басқалай харам істерге барса, ол

шаңырақтың тіршілігіне шайтан араласады. Ақ некенің қадірі қашады. Отбасының береке бірлігі, ынтымағы бұзылады.

Осы орайда, отбасындағы ер адамның 4 міндеті бар:

  1. Отбасына жан - жақты жағдай жасау.
  2. Ұзақ саларға шығарда үй - ішін қажетті заттармен қамтамасыз ету.
  3. Жұбайы сыйлау, оған күш көрсетіп, қоқан - лоққы жасамау.
  4. Бір жаққа кетерде қайда баратынын ескерту.

Осы төрт міндетке сәйкес Құран -Кәрімнің аяттарынан үзінділер

келтірейін. “Өзімен бірге қоректендіреді, киіндіреді, бетке ұрмайды, балағаттамайды, жалғыз қалдырмайды”. “Құдайдың жолына, кедейлерге және жақындарына жасаған садақадан өзінің туғандарына (отбасына) жұмсаған қаражаттың сауабы зор”. “Дәулет, тірек болатын садақа - садақаның ең жақсысы” делінеді. Туған - туысқа, пақыр - міскінге, ғаріп - жолаушыларға (садақа) ақысын беріңдер. Басқаға босқа шашылмаңдар. Қолыңды мүлде жұмып алма (сараңдық жасама), жайып та жіберме (төгіп-шашып) . Онда көзге түртілесің, немесе өкінішке қаласың (“Исра” 26-29 аяттар) . “Садақа беруге асығыңыздар, оның жолын бақытсыздық кесіп кетпес үшін” делінеді риуаяттарда. “Қолдың қайыры - мың пәледен сақтайды” - дейді халқымыз. “Кім әйелімен жақсы қарым - қатынаста болса, сол Сіздердің ең жақсыларыңыз” делінген хадисте.

Бұл орайда: “Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң етеді” дейді дана жұртымыз.

Енді осы орайдағы әйелдің 4 міндеті туралы:

  1. Болашақта дүниеге келер балаларын тәрбиелеу.
  2. Күйеуі ислам талабына сай, орынды ақыл - кеңес, өсиет сөз айтса орындау.
  3. Бір жаққа баруға жиналса, ерінен рұқсат сұрау.
  4. Күйеуіне қарсы шығып, дөрекі мінез көрсетпеу.

Осы міндеттерге қоса Құран Кәрімнің аяттары былай дейді: “Аналар

баланың емшектегі уақытын толық сақтағысы келсы, оның мерзімі толық екі жыл” (“Бақара” сүресі, 233-аят) . Кім өз қыздарына, балаларына қамқорлық жасап, оларға жақсы қараса, оның тозақ отынан қорғағаны болады. “Ол пейіштерде өз ерлерінен басқаға көз салмайтын, өз ерлерінен бұрын ешбір адам да, жын да жуымаған әйелдер тұрады. Олар бейне жақұттай (мөлдір), меруерттей (ақ) ” 3 (“Рахман” сүресі, 56-58 аят) .

2. 3 Жұбайлардың хақтары

Неке суы туралы

Осылайша шариғат талаптары жөнінде кеңінен түсінік берілген соң, күйеу жігіт пен қалыңдыққа неке суы ұсынылады. Ол таза да дәмді болуы керек. Оған жүзік тағы басқа зат салу дұрыс емес. Неке суының тазалығына, дәмділігіне баса көңіл бөлу жаңадан отау тіккен екі жастың махаббаты Адам ата иен Хауа ана, Мұхаммет (с. ғ. с. ) пайғамбар мен Хадиша анамыз, хазіреті имам Әли мен хазіреті Фатима анамыздай мәңгілік бақытқа бастайтын биік те тұнық, мөлдір де таза болса екен деген ниет білдіремін4. Осы орайда тағы бір айта кететін маңызды мәселе бар. Ол әрбір салауатты ерлі - зайыптылардың арасынан шариғат заңдылықтарын халал мен харамның айырмашылықтарын білулері міндет. Мысалы, көптеген бауырларымыз төсек ләззатынан кейін жан мен тән тазалығы үшін ғұсыл (бой дәрет) құйыну қажеттігінен де хабары аз Ал ғұсыл құйыну әрбір мұсылман орындауға тиісті парыз.

Осы орайда тағы бір айта кететін маңызды мәселе бар. Ол әрбір салауатты ерлі - зайыптылардың арасынан шариғат заңдылықтарын халал мен харамның айырмашылықтарын білулері міндет. Мысалы, көптеген бауырларымыз төсек ләззатынан кейін жан мен тән тазалығы үшін ғұсыл

(бой дәрет) құйыну қажеттігінен де хабары аз Ал ғұсыл құйыну әрбір мұсылман орындауға тиісті парыз.

Расында Ислам әйелді құрметтеді. Әйел үшін бірнеше хақ берді. Және әйелінде күйеуінің бірнеше хақы бар. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, бұл туралы ең үлкен жиналыста - қоштасу хажылығында Арафат тауында тұрған сәтте жариялады. Сол сәттегі Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасында мына сөздер айтылады. “Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені сіздер оларды Аллаһтың аманаты етіп алдыңыздар. Сондай-ақ олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен (неке) халал етіп алдыңыздар. Сіздердің олардағы хақтарыңыз: Олар сіздер жақтырмайтын ешбір кісіге төсектеріңізді бастырмайды, үйлеріне кіргізбейді. Егер олар бұны істеп қойса, онда оларды ауырытпайтындай етіп ұрыңыздар. Ал, олардың сіздерге хақтары: Оларды әділетпен асырау, киіндіру. Шынында, мен сіздерге бір нәрсені қалдырып бара жатырмын. Егер мұны мықты ұстасаңыздар, ешқашан адаспайсыздар. Бұл - Аллаһтың кітабы. Сіздер мен туралы сұраласыздар. Сонда не дейсіздер?” Айналасындағылар: “Расында, сіз өз міндетіңізді орындап жіберіп, насихат еткеніңізге куәлік береміз. ” Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сұқ саусағын аспанға көтеріп, адамдарға қаратып үш рет: “О, Аллаһ, куә бол” деді5.

(Муслим жеткізген) .

Бұл үлкен хұтбадан алынатын пайдалар.

  1. Әйелдердің хақтарын ақтауға әрі оларға жақсылық жасап, жақсы

өмір сүруге үндеді. Әйелдің хақтары баяндалған және оларды орындауға әлсіздік танытпауға үндеген тағы да басқа көптеген хадистер бар.

  1. Шариатта көрсетілген неке қию жолымен әйелдерге қосылу халал

болады. Аллаһ Тағала айтқан: “Өздеріңе жаққан әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер…” 6. (Ниса”4. 3) .

  1. Әйел кісі күйеуінің ұйіне күйеуі жақтырмайтын бірде - бір кісіні

кіргезуі мүмкін емес. Ол бөтен ер кісі әлде әйел кісі болады ма, әлде күйеуінің жақын туысқандарынан болады ма, бәрі бір. Өйткені, имам Ән-Науауи айтқандай қайтару барлығын өз ішіне алады.

  1. Егер әйел кісі күйеуіне қарсы келетін болса, онда күйеуінің жеңіл

-желпі ұруына болады. Әсіресе бетке ұрудан және бетті балағаттаудан сақ болу керек. Өйткені бұл Аллаһтың жаратқаны және соққыдан көз, құлақ секілді мүшелер залалданыпқалуы ықтимал.

  1. Сахабалардың Расулуллаһтың, салла Аллаһу уа сәллам,

пайғамбарлықты жеткізіп, аманатты орындап, үмметке насихат еткеніне куәлік беруі.

  1. Аллаһ Тағаланың жоғарыда, ғарыштың үстінде екенін дәлелдейді.

Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллһу алейһи уә сәллам, аманатты жеткізгендігінде Аллаһты куә ету үшін саусағын аспанға көтерді. Осы секілді басқа да көптеген аяттар мен хадистер Аллаһ Тағаланың аспанда екенін дәлелдейді. Төрт мазһабтың басшылары және басқалар да осы сөздерді айтқан. Ал, кейбір адамдардың “Аллаһ барлық жерде” деген сөздері қате. Себебі: Аллаһтың болуы мүмкін болмаған, дәретхана секілді, лас орындар бар. Бірақ, “Аллаһ өз білімімен барлық жерде бізбен бірге. Ол бізді көріп, естіп тұрады” десек, бұл дұрыс болады. Өйткені, Аллаһ Мұса мен Һарунға, алейһисәллам “Расында, мен сендермен біргемін. Сендерді естіп, көріп тұрамын. ” - деген. (Таһа 20. 46) .

2. 4 Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер

Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелері. Талақ, ажырасу деп некені бұзатын міндеттемені айтады. Алла рұқсат еткендері ішіндегі ең жаман көретіні - талақ. Мүмкін болса ажыраспағанды Алла жақсы көреді.

Мұсылмандық заңтану бойынша ажырасу міндеттмесі 4 түрлі:

  1. Талақ байн- некені бұлжытпай бұзатын ажырасу.
  2. Талақ ражиъи, еріне некені белгілі бір мерзімде қайта бастауқұқығын беретін ажырасу.
  3. Хальа - еріне ақы төлей отырып әйелінің ажырасуы.
  4. Мубарат - екі жағының келісімі бойынша ақы төлеп ажырасу-лары.

Талақ байн және талақ ражиъи

А. Ажырасудың қайсы түрі қашан, қандай жағдайда болады?

Талақ байн мына кездерде болады:

  1. Ері әлі жақындаспаған әйелімен некеде тұрғанда.
  2. Қайызы қартаюы, не жастығына қарай келмейтін некеге тұрғанда.
  3. Талақ ражиъи құқығымен ажырасып, екі рет қайта қосылып, үшінші рет ажырасуды жариялағанда.
  4. Хальа мен Мубарат ажырасу түрлерінің түпкілікті жариялануы.
  5. Талақ сөзін үш рет айтқанда немесе бірге тұрмауға ант ішкенде.

Талақ байн жасалуымен неке бірден бұзылады. Ері қайтадан тұруы үшін үйленудің барлық жол - жора, кәделерін істеп, ажырасқан ерлі - зайыптылар жаңадан некелік одақ құруы тиіс.

Талақ ражиьиде еріне әйелімен некесін қайта бастауға, ол үшін әйелінің келісімінің қажеті жоқ, қайта сөзсіз бағынуды міндеттейтін құқық береді.

Некені қайта құру іс - әрекетін рижаьат - дейді. Ол: сүйісу, құшақтасу, иығына қол салу т. б. секілді іс - әрекеттермен, сөздермен жария етіледі Имам Ағзам қағидасы бойынша әйеліне жақындап сүюі, құшақтасуы заңсыз іс - әрекеті деп саналады. Әрине, мұндайда ері қылмыстық жазаға тартылмайды, түзету жазасыда берілмейді, бірақ жасауға тең маһр төлеуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дiнiнің әлеуметтік құндылықтары
Лаңкестік
Ислам ахлағы
Ислам дінінің негіздері
Талақтың тілдік мағынасы
Ислам және адам тәрбиесі
Ислам дінің пайда болуы
МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРМЕН АРАЛАСУДАҒЫ ӘДЕПТЕР
Рабыта жайлы жалпы түсініктер
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің аспектілері және адамгершілік құндылықтар мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz