ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ және САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ және ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Исламдағы мінез-құлық (ахлақ)

Орындаған: I курс, “Дінтану” бөлімінің студенті
Унгурбаева Лаура Уатханқызы

Ғылыми жетекші: ___________ Құрманалиева А.

АЛМАТЫ 2005

Жоспары:
КІРІСПЕ 3
I. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР 5
1.1 Аллаға, Пайғамбарға, өзімізге байланысты міндеттеріміз. 5
1.2 Рух тәрбиесі 7
1.3 Елімізге, жұртымызға байланысты міндеттеріміз 9
ІІ ЕРІ МЕН ӘЙЕЛІНІҢ ӘДЕПТІЛІК МІНДЕТТЕРІ 17
2.1 Жанұя құрғандардың бір-біріне байланысты міндеттері. 17
2.2 Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) көп әйелмен үйленудегі асыл хикметтер
мен себептер. 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

„Мен көркем мінездерді толықтастыру үшін жіберілдім”
Қасиетті Хадис

КІРІСПЕ

Бүкіл адам атаулы, жаратылыс тұрғысынан екі нәрседен тұрады:
а) Ет сүйек, қан, май, сіңір тәрізді көзге көрінетін нәрселер:
ә) Ой-сезім, білім, қарар беру, айну, сүйіну,жан ашу сияқты көзге
көрінбейтін рухани нәрселер. Бұлардан біріншісі денеміз, екіншісі рухымыз
(жанымыз). Денемен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде
бір-бірімен соншалық сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісінде де
әсер етеді.
Абайсыздықтан денені баурап алған түрлі дерттер тұлғамызды
бұзады. Бірақ дауалау жалымен, өзіне тән дәрілермен сақаяды.
Ал, рухымыз да денеміз сияқты сырқаттанады, табиғи
жаратылыстан алшақтайды. Бұның да денеміз тәрізді дауалау жолдары бар.
Бұның емделуі үшін кейбір мықты сүйеніштер керек. Бұл сүйеніштерді және
бұлармен өмір сүруді „Ахлақ” (Мінез-құлық) деп атайды.
Басқаша айтқанда, ахлақ, денемізді әрі рухымызды
Жаратқанға және жаратқандарына борышты болған міндеттерді атқара
алатын дәрежеге көтереді.
Иман мен ғибадаттың негізгі бұлағы, қандай Аллаға
және Оның Кітабы Құранға, сондай-ақ Құранды түсірген Алланың
Пайғамбары Хазірет Мұхаммед (ғалейһіссалам) ке әрі оның мүбарак өміріне
тірелсе, ахлақтың негізгі бұлағы да дәл сондай.
Иман мен ғибадаттың нысанасы, иелерін толық адам ету.
Ахлақтың да көздеген міндеті сол. Сондықтан ардақты Пайғамбарымыз: „Мен
тек қана Ахлаки міндеттерді (мінез-құлықтарды) толықтастыру үшін
жіберілдім” деп бұйырған.
Адам баласы дербес немесе қоғамдық өмірінде, кейбір
ауыршылықтарға, сәтсіздіктерге, ауру-сырқауларға душар болса, тікелей
айтқанда, бұл дүниеде түрлі бейнеттерге тап болған болса, бұның себебі,
тіршілік және бет алыстарды ахлақи қағидаларға сәйкестірмегендіктері болып
табылады.
Ісін жолына қойған, Жаратқанға әрі жаратқандарына тән
міндеттерін біліп, толық атқарған және дүние тіршілігінің нәрін татқан
талапты кіслер жасампаздық жолдарын Алла және Пайғамбарының әмірлеріне
сәйкестірген,ахлақ жолында жүрген бақытты кісілер.
Уақытша дүние тіршілігіндегі өмірінде, ахлақсыздықтың
салдарынан түрлі пәлеге ұшырағандар мен Алла жолында, ахлақ жолында
жүріп рахаттық, бейбітшілік ішінде өмір сүрген бақытты кіслердің
жағдайлары, әлемнен кейінгі мәңгілік өмірде де жалғасады. Өйткені адам
баласы дүниеде не ексе ахиретте соны орады.
Зерттеудің жұмысымның өзектілігі.
Дүниеге келген әрбір адамзат өмір сүруге құқылы. Өмір сүрген соң
құқықтарды сақтап, міндеттерді орындауы керек. Мәселен, дүниеге келген
баланың, әке-шешенің ең маңызды міндеті болады. Туыстар, бір ағаштың
бұтақтары тәрізді. Бір тамырдан өскен бірге тәрбие көріп және бірге ішіп-
жеумен ер жеткен. Оның үшін туыстық байланыс: ақша, мал-мүліктің сияқты
нәрселердің салдарынан бұзылмауы қажет. Ағайын-туғандарға семьялық сезіммен
қарау, жақындық дәрежелері бойынша құрмет, сүйіспеншілік көрсету, мұң-
мұқтаждарын қамтамасыз ету, оларды естен шығармау, ыңғайы келеген кезде
үйлеріне барып көңілдерін алу, ұзақтағыларға хат немесе сәлемдеме жібері:
Өстіп ағайыншылық байланыстарын жағастыру да ахлақ борышы.
Мұсылман түрік ұлты, адамзат тарихының ең көне, ең даңқты да абыройлы
және ұлы ұлты болады. Түрік тарихы болса, адамгершіліктің жүзін ағартқан,
басқа ұлттарға аз нәсіп болған; басқаруда, әскерлікте, мәдениетте және
адамгершілік қасиетінде қыруар қаһармандықтары мол айтылатын болған. Ал
міне бұл теңдесіз қаһармандықтардың бұлағы және нәрі: Иман.
Өткен замандарда бұндай болғанындай бүгін де таңдаулы орынымыз
болғандығы үшін иманымызға борыштымыз. Отанды сүйю де иманнан келеді.
Имансыздың жүрегіне Отан сүйіспеншілігі болмайды.
Әр адам баласы үшін, мемлекетің және елін сүю, оның бақытты болуына,
дамуына тырысуы міндет болады.
Мемлекеттің ішінен және тысынан қорғалуы, қоғамдық істердің өз жолымен
атқарылуы үшін әркімнің малымен, жанымен өкіметке көмек етуі шарт.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен басты міндеті.
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері жеке адамдар статусының
құқықтарында жатыр. Негізінен, діни принциптерге негізделеді. Осы
нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері, отбасын
материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет,
мұрагерлік, қамқоршы, т.б. Сол секілді жеке азамматтық құқықтарға (мәміле):
жекеменшік мәселелерін реттеу, әр түрлі келісім түрлері мен оларды
қамтамасыз ету, міндеттемелерді орындау тәртіптері т.б. кіреді. Сондықтан
менің алға қойып отырған мақсатым да, осы нормалардың адам құқығына нендей
әсері мен айтарлықтай айырмашылықтарын айтып көрсету.
Көптеген отандастарымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты – Аллаһтың
алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Білсе
де ескере бермейді. Мұсылманның отбасылық өмірі қандай болуы керек, әйел
құқығы, отбасылық өмірде нендей өзекті мәслелер бар, міне осы және басқа
неке міндеттерін терең баяндап, мәнін ашып беру.
Ең алдымен, Дүние және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін мойынымызға
борыш болған ахлаки міндеттерді ашып көрсету.

Курстық жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР

1.1 Аллаға, Пайғамбарға, өзімізге байланысты міндеттеріміз.

Дүние және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін мойынымызға борыш
болған ахлаки міндеттеріміз мыналар:
1. Аллаға байланысты міндеттеріміз.
Алланың барлығына, бірлігіне, Одан басқа ешбір тәңір
болмағандығына ұлы сипаттармен сипаттағандығына сенген мүмін, оның ұлы
есімін ұдайы тағзым және құрметпен еске алады. Оған шынайы көңілмен
байланады, әмірлерін орындайды, тыйым салған нәрселерінен сақтанады. Оған
тән сезім және сыңайын әр нәрседен жоғары ұстайды. Осы сезімдермен көңілін,
ұжданын Аллаға байлаған түрде құлшылық міндетін өтейді. Осылайша дүние және
ахирет бақытына ұласады. 1

2. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз.
Алладан кейін, ең көп құрметке лайық болған, Оның Пайғамбары, ардақты
Пайғамбарымыз Хазірет Мұхаммед ғалейһіссаламды шынайы жүректен жақсы
көреміз. Өйткені ол ұлы Пайғамбар, Алланың әмірі және бұйрықтарымен күллі
адамгершілікті азғындықтан және қараңғылық түнегінен құтқарған. Әрі дүниені
білім, мәдениет және абырой сәулесімен нұрландырған.
Дүние-ахиреттің бақыт есіктерін ол ашқан, адамгершілікке ең тура әрі
ең жақсы жолды ол көрсетіп, бақтиярлыққа жеткізген. Оның абырой, атаққа
толы, адамгершіліктің жүзін ағартқан тап-таза өмірі де және адамгершіліктің
екі дүниеде шаттық әрі есендігі жайында күресумен өткен болатын.2
Бұндай ұлы бір кісінің, бүкіл дүниеге Пайғамбар етіліп
жіберілгендігіне, оның сызған және жүрген жолының ең тура, ең шынайы жол
болғандығына, және адам баласы үшін; құтылу жолының тек қана осы жол
болғандығына сену әрі оның ізінен еш айрылмай әр мүмін үшін міндет болып
табылады.

3. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
Жаратқанға әрі жаратқандарына байланысты міндетімізді
толық түрде атқара алу үшін; денемізді, рухымызды заттықжәне моральдық
сырқаттардан қорғау, мойынымыздағы міндеттерімізді орындай алатын қабілетке
жеткізумен болады.
Денеміз бен рухымызды, бұл міндеттерді кемшіліксіз атқаруға
кедергі болатын әр түрлі сырқаттардан қорғау; денемізді сау ұстай алу
үшін; денсаулық ережелерін білу әрі оларға сәйкес әрекет етумен мүмкін бола
алады. Оның үшін ардақты Пайғамбарымыз: „Қиямет күнінде адам баласы, әуелі,
денсаулығын қорғаған, қорғамағандығынан сұралады” деп бұйырған.3
Дінімізде ғибадаттар да орындалған дәрет және ғұсыл,
күллі денемізбен бірлікте жиі кірлейтін беті-қол, ауыз-мұрын, аяқ
тәрізді мүшелеріміздің әр уақытта таза болуын қорғайды.
Денсаулық, біз ие болған сансыз нығметтердің ең зоры.
Ардақты Пайғамбарымыз: „Алладан денсаулық тілеңдер. өйткені
ешбірімізге мықты бір иманнан кейін денсаулықтай зор бір нығмет берілмеген”
деп бұйырған.
Ауруға ұшырамау үшін, денсаулыққа әсер ететін әр
нәрседен қорғану; сырқат болғаннан кейін де сақаю үшін керекті әр шара
қолдануда селқостық істемеу, өзімізге байланысты ең елеулі міндетіміз анық.
Ардақты Пайғамбарымыз: „Алланың құлдары, емделіңдер. Өйткені Алла Тағала
емі болмайтын ешбір ауру жаратпаған. Ат және оқ жарыстарын жасаңдар. Оқта –
текте жүректеріңді рахаттандырыңдар” деп бұйырған. Әр түрлі жұқпалы
аурулардан сақтану; денсаулығымызға әсер ететін, дініміз тыйым салған
нәрселерді ішіп-жеуден сақтау, зиянды әрекеттерден қорғану да өзімізге
байланысты міндеттерімізденболады.
- Дініміздің тыйым салған, арақ-шарап тәрізді
ішімдіктерді ішу, аққан қан, өлген мал, доңыз етін жек,
құмар ойнау және зина сияқты зиянды нәрселерден қорғану.4

1.2 Рух тәрбиесі

Адам баласының рухы, жаратылыс тұрғысынан тап –таза. Жаратқанына және
Оның жаратқандарына байланысты болған міндеттерін орындай алу қабілетінде
жаратылған.
Деніміздің ауруларға ұшырағанындай рухымызды да ауруларға душар ететін
әсерлер бар. Бұлар, рухымыздың міндетін атқаруға кедергі болады.
Ахлақтың міндеті, рухымызды, міндетін орындауына кедергі болатын
сырқаттардан қорғау және ауруға ұшырамауы үшін алынатын шараларды үйрету
болады.5

Рух сырқаттары және емделуі қасарысқандық және қарарсыздық:
Қасарысқандық, ойламастан берілген қарардан қайтпау, ол жөнінде табан
тіреу. Бұндай кісі өз ойлағанынан басқа ешкімнің пікірін қабыл етпейді. Өз
дегенін істейді. Бұл жағдай, қалаудың, ойлаудың азғындығы. Бұндайлар ұдайы
маңындағыларды зиянға ұшыратып, қателік істеп күнәкәр болады.
Ал, қарарсыздық болса қалаудың, ойлаудың азғындығындағы кемшілігі.
Қасарысу сияқты қарарсыздық та рух сырқаты болып табылады. Бұндайлар
басқалардың ұгітімен әрекет етеді. Құлға құлшылық етеді. Бұның салдарынан
Аллаға және Алланың жаратқандарына байланысты міндеттерін дұрыс орындай
алмайды.
Емделу шарасы: Тұрақты, толғамды болу. Дүние – ахирет үшін пайдалы,
сапалы әрі сауатты істер, бұл сипатқа ие кіслердің ісі. Қасарысу және
қарарсыздық, тұрақтылық және толғамдылықпен жойылады. Дініміз бізге тұрақты
және толғамды болуды әмір етеді.
Шектен тыс мазасыздану және өте қорқақтық: Бір істің алды - артын
ойламай дереу ол іске кірісумен қауіп - қатерге түсу де рух ауруы болып
табылады.6
Бүкіл жамандық және қылмыстар осының салдарынан істеледі. Ызақорлық
және ашушаңдық жындылықтың бір түрі болып табылады. Өйткені ыза болып
ашуланған сәтте, ес-ақыл жұмыс істемейді. Меңгерілуден шығады. Кісің не
істегенін білмейтін халге келеді.
Ал, бұның керісінше болған өте қорқақтық та жаман нәрсе. Ардақты
Пайғамбарымыз: „Әй Алла, қорқақтықтан Өзіңе сиынамын” деп бұйырумен
қорқақтықтың жаман екендігін түсіндірген.
Емделу шаралары: Нәпсіге ие болу және батыл болу. Нәпсінің, шектен тыс
сезім және ауытқуларына ие болу ахлаки фазилат болып табылады. Бұндайлар,
сөздеріне де, істеріне де ие болғандар. Әрқандай бір уақиғада мазасызданып
абыржымай байсалдылығын сақтайды. Ақыл және білімнің сәулесімен дереу бойын
жмнап көркем мінез жолынан адаспайды.
Батылдық, жүректің қуаты және қалаудың, ойлаудың азғындығындағының
тұрақтылығымен болады. Бұндайлар өмірдің жаныштаушы қинауымен қайғысын
сабырмен қарсы алады. Шындығы істеу және сөйлеу жолында ешкімнен
иемденбейді. Шындық пен әділеттің ауқымына қарай әрекет етеді.
Бұл жағдайлар да рухқа жабысқан аурулар болып табылады. Адам баласы,
мейлі жаратылыстарында, мейлі заң бойынша бір-біріне тең. Сондай-ақ тең
құқыққа ие. Сонымен қатар тәкаппар біреулер, дәулеттеріне, орындарына тағы
басқа заттай байлықтарына сүйеніп өздерінен төмен санағандарын қор төмен
санайды. Өйткені, рухтарында тәкаппарлық ауруы бар болғандар, әр түрлі
жаман мінездерді жинап алады. Бұл мінездерді, олардың жақсы мінезді
майталман болуларына кедергі болады. Олар, шындықты қабыл етпейді. Өйткені,
бұл олардың ұждандарына ауыр тиеді. Алла тәкаппарларды жақсы көрмейді.7
Ал, енді бұның керісінше болған ынжықтық та жаман мінездерге жатады.
Өздерін ынжықтыққа бергендер, әр түрлі қорлыққа және бейнетке ұшырайды.
Міне бұл мінездердің екеуі де жаман қасиеттер. Бұлардың емделу
шаралары: Кіші пейілділік және байыптылық. Адам баласы кіші пейіл болумен
басқалардың сүйіспеншілігіне, байыпты болумен басқалардың құрметіне ие
болады. Алланың қасында беделді кісі, Оның жолында жүргендер болады. Мал-
мүлік, орын және ұқсастары тәрізді заттай байлықтар, кісіні жоғары дәрежеге
көтермейді. Ұлылық тек қана көркем мінезбен тығыз байланысты болады.
Байсалды кісілер болса, ұдайы дәрежелерін және адамгершілік абыройын
қорғайды. Кіші пейілділік пенен байсалдылық бір-бірін толықтастыратын ұлы
мінездер болып табылады. Бұл көркем мінезге ие болған кісілер, әрі Алланың
қасында, әрі адамдардың арасында сүйкімді, құрметті кісілер болады.
Сондықтан ардақты Пайғамбарымыз: „Алла, мүмін туысына кіші пейіл болғанды
жоғарылатады, ұлылық, тәкаппарлық көрсеткенді қорлайды” деп бұйырған. Ал,
кішіпейілділік үшін: „Кіші пейілділіктің қадірін білгендерге кіші пейіл,
білмегендерге қарсы тәкаппар болыңдар. Дандайсығанға қарсы дандайсу,
садақа” деп бұйырған.8

1.3 Елімізге, жұртымызға байланысты міндеттеріміз

Арсыздық, ұятсыздық:
Адамның рухына жабысқан аурулардың бірі де арсыздық, ұятсыздық. Бұл
дертке душар болған кісілер, қалаудың, ойлаудың азғындығындағына ие бола
алмайды. Сондықтан олар, әртүрлі жамандықты істеуден тартынбайды. Бұндайлар
Алладан қорықпайды да адамнан ұялмайды. Олар әр түрлі адамгершілік
қасиеттерден ылғи сыпырылып хайуандықтың да ең төменгі дәрежесіне
түскенболады. Бұлардың қолынан әр түрлі бұзақылық келеді. Ардақты
Пайғамбарымыз: „Ұялмағаннан кейін қалағаныңды істе”9 деп бұйырған.
Бұлардың емделу жолы: Ұяттың және әдепті болу.
Ар, ұят деген; діннің жаман көрген нәрселерінен, рухтың сығылуы,
әсерленуі болып табылады. Адамға фазилеттің, шынайы және тура өлшеуі әдеп
және ұятпен тығыз байланысты. Бұл қасиетке ие болған кісілер әр түрлі
азғындықтан, абыройсыздықтан ұзақ өмір сүреді. Ол мінез, иесін әр түрлі
ұятсыздықтан қорғайды. Өйткені Алладан именген Оның әмірлерін тұтады, тыйым
салғандарынан сақтанады. Адам баласынан ұялған кісі, ешбір түрде кісі
хақысына қол созбайды. Оларға байланысты міндеттерін бұлжытпай орнымен
атқарады. „Ұялу адамның зейнеті”, „Ұятты болғанның иманы кемшіл болады”.
Өтірікшілік және айлакерлік:
Өтірікшілік деген ауруға тап болғандар, ойлағандарының, білгендерінің
керісінше сөйлеуі. Бұндай адамдар әр түрлі адамгершілік қасиеттерден
мақұрым қалған. Өтірікшілік адамның рухынан тынышқытты, рахатты жояды;
адамдарды азапқа душар етеді. Өтіріктің ең жаманы: „өтірік куә болу, өтірік
ант ішу”. Алла тағала Құрани Кәрімде өтірікшілерге лағынет айтқан.
Өтірікшілік мұнапұлықтың белгісі.10
Айлакерлік те мұнапұлықтан: Айлакерлердің адамдар арасында қымбаты да,
абыройы да жоқ. Айлакерлік, қоғамның тәртібін бұзатын, қоғамның өмірін
дамытпайтын жаман бір мінез. Айлакер, шайтанның жолдасы. Мұндайлардан әркім
тіксінеді. Ардақты Пайғамбарымыз: „Дін және дүние істеріне, үмметіме
айлакерлік істегендерге Алла тағала лағнет етсін” деп қарғаған.
Мұның емделу әдісі: Туралық және шындық: Мұсылманшылықтың рухы
туралыққа сүйенеді. Сенімде, құлшылық міндеттерінде, дүние істерінде және
сөзінде туралыққа әмір етеді. Тура кісі ойлағанындай және білгеніндей
істеген болады.
Тура кіслер, әрі Алланың қасына әрі елдің алдында сүйкімді,
абыройлыболады. Сондықтан кейінгі ұрпаққа қалжыңдап болсада өтірікке
әдеттендірмеуіміз керек. Рухымызды өтірікшілдіктің кесірінен қорғау ең ірі
ахлақи міндетіміз. Ардақты Пайғамбарымыз: „Бір рет өтірік айтқан, үш рет
лағнетке лайық болады”. „Өтірік, ризықтың берекесін азайтады”. „Күнәлардың
ең үлкені, тілдің өтірік айтуы”12 деп ескерген.
Сыр сақтау да туралықтың бір тармағы және рухани міндеттерімізден.
Хазірет Ғали: „Сыр, яғни ішінде сақтаған уақыт, сен оның тұтқыны боласың”
деген. Бұнда зор хикмет бар.
Аманатқа қиянат:
Бізге тапсырылған бір аманатқа, арамдық істеу, аманатқа қиянат болады.
Мұсылманшылық, аманатқа қиянат еткендердің иманы болмағандығын,
мұндайлардың мұнапылықтардан болғандығын белдіреді. Қиянатшыл адамдар
қоғамның ішінде микорб болады. Ардақты Пайғамбарымыз: „Саған аманат еткен
нәрсені қайтарып бер. Өзіңе қиянат еткен кісіге де қиянат етпе”.
„Аманат бейне, байлық, яғни аманат қойылған кісі бай бір сенімге ие.”,
„Аманатқа қиянат еткендер, иманның кемелінен мақрұм” 13деп бұйырған.
Бұлардың емделу әдістер: Сенімді болу.
Аманат, мейлі заттай болсын, мейлі рухани болсын
қорғау үшінт кісіге тапсырылған бір міндетке жатады. Қорғалуы үшін
бізге тапсырылған ақша, мал-мүлік, намыс, абырой және сыр бір аманат
болады.
Бұларды қорғау, сақтау, қамдау және аман-сау иесіне
тапсыру, біз үшін елеулі бір міндет болып табылады.
Сондай-ақ Алланың әмірлері де аманат болады. Сондықтан оларды да
әмір еткеніндей орындау рухани
борышымыз екендігі айқын.
Бойымызға алған дербес әрі қоғамдық міндеттер де
аманатқа жатады. Бұларды да талапқа сай бұлжытпай өтеу рухани борыш.
Сондай-ақ адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеті сенімді болу. 14
Қорыта келгенде: Қасарысу, қарарсыздық (екі ойлылық), өте өршелену, тым
қорқақтық, дандайсу, ынжықтық, арсыздық, ұятсыздық, өтірікшілік,
айлакерлік, аманатқа қиянат ету, ызақорлық, көрсеқызарлық, кекшілді,
күңшілдік, әуесқойлық және басқалар сияқты адамның рухани дүниесін меңгеріп
алатын аурулардан тазарту үшін; мықты, байыпты, батылдық, нәпсіге ие болу,
кіші пейілділік, байсалдылық, ұят, әдеп, туралық, шыншылдық, сенімділік,
сабыр, қанағат, кешірімділік және осылар тәрізді рухымызды көтеретін
қасиеттерге өзімізді әдеттендіруді, адамгершілігімізге байланысты, істеуге
борышты рухани міндеттерден екендігін білуіміз керек.

Жанұя құрғандардың бір-біріне байланысты міндеттері
а) Үй-іші және жақындарымызға байланысты міндеттеріміз.
Жанұя: Ерлі-зайыпты, әке-шеше, балалар және жақындардан құрылған
топтың аты.
Қоғамның ең кішкентай мүшесі және үлгісі семья болып, қоғам
семьялардан тұрады.
Семья мүшелері арасындағы бір-біріне байланысты міндеттері өте елеулі
міндеттер болады. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар, қоғамның жалғасуына,
нығайуына қызмет еткен, істемегендер болса, қоғамның тәртібін бұзған,
дербес және әлеуметтік тәрбиеден үлесін ала алмаған бақытсыз болып
табылады.15
Адам баласы, Жаратқанына және Оның жаратқандарына байланысты борышты
болған міндеттерін; үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ
адамгершілік және отандастық міндеттерін от басында үйренеді. От басы,
сүйіспеншіліктің және көргендіктің алғашқы бұлағы болады.

Жанұяны құрағандардың бір-біріне байланысты міндеттері.
1. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне байланысты міндеттер.
2. Әке-шешенің балаларына, балалардың әке-шешелеріне байланысты
міндеттері.
3. Туыстардың бір-біріне байланысты міндеттері.
4. Ағайын-туғандардың бір-біріне байланысты міндеттері.16

1. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне байланысты міндеттер.
А) Ер мен әйел, жанұяның екі ірге тасы болады. Бұл ірге тас үйленумен
құрылады. Оның үшін Ислам дінінде, үйленудің өте елеулі орны бар. От
басының құрылуы, қоғамның майданға келуі үйленумен тығыз байланысты.
Сондықтан ардақты Пайғамбарымыз: „Үйленіңдер, көбейіңдер. Өйткені мен
қиямет күні басқа үмметтерге сендердің көптіктеріңді сақтаныш етемін” деп
бұйырған.
Ә) Бір халықтың ең құнды қазынасы санының көптігі болады. Әлеуметтің
тәртібі және жақсы өмір сүруі де бұған байланысты болады.
Б) Адам баласы, мұқтаж болған рақатты, бейбітшілікті ең шынайы
сүйіспеншілік, мейірбандық сезімдері ана құшағында, әкенің қара шаңырағында
табады.
В) Зор бір кедергі болмағанда тұрмыс құрмағандар, дербес әрі
адамгершілік міндетінен қашқан болады. Өйткені адам баласы адамгершілік
қасиетін, абыройын, намысын тек қана үйлену арқылы қорғай алады.
Г) Жанұяда еркек, семьяның төрағасы. Оның үшін бүкіл сыртқы істерді
атқару; үйдің әр түрлі керекті нәрселерін тамамдауға міндетті. Сондықтан
бір іс, жұмыс иесі болуға мәжбүр.
Семьяда ер, әйеліне дін, дүние білімдерін үйрету, әйелдерге әр заман
сыпайы, мейірімді және жұмсақ болуға міндетті.Ардақты Пайғамбарымыз: „
Әйелдерді, жомарт болғандар ғана сыйлайды. Оларды қорлап, құрметсіздік
еткендер сүйкімсіз адамдар болады” деп бұйырған.17
Ал әйел де семья ұясының аман-есен жалғасуы үшін, күйеуінің, үйдің
төрағасыболғанын мойындау, оған сүйіспеншілік және құрметпен мойын ұсыну,
балаларының денсаулықтарына, тәрбиелеріне, білім алуларына аса көңіл бөлу.
Ерінің табысын ысырап етпеу, үйінің тәртібіне және түзелуіне мәнберуге
міндетті.
Үйдің ішінде, тысында еріне толық бой ұсынып абырой, намыс және
құрметін қорғау да әйелдердің міндеті болып табылады.
Ардақты Пайғамбарымыз: „Қиямет күнінде әйел, намазынан кейін еріне
бой ұсынған, оразасын ұстаған, намысын арам жолдан сақтаған әйелдің баратын
жері тура жәннет” 18деп бұйырған.
Мұсылманшылықта жанұяның мәні өте зор. Бұл ұяның екі ірге тасы
болған ерлі-зайыптылар бір-біріне байланысты құқық және мәндеттерін біліп,
дұрыс әрекет етсе, от басы бақыт және шаттық бұлағы болады.

2. Әке-шешенің балаларына, балалардың әке-шешелеріне байланысты
міндеттері.
Дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздері ішінде болған ортаға
және күллі адамгершілікке пайдалы бір мүше етіп жетістіруді нысана етулері
әке-шешенің ең маңызды міндеті болады.
Сондықтан балаларын өмір сүретін қоғамға сәйкес әзірлеу мақсатымен,
дін және дүниесін үйренулеріне, дене және рух тәрбиелеріне өте ұқыпты болу,
әке-шешенің парызы болады.
Балаларын табыстарына сәйкес, халалдан жегізіп, киіндіру, оларға
деген сүйіспеншілікте, тәрбиеде, және игілікті әділеттен айырылмау әке-
шешенің борышы болады.
Алла тағала Құран Кәрімде, әке-шешенің хақысын әрі оларға байланысты
істелінетін құрмет және сүйіспеншілікті мына әмірлермен бұйырған:
„Құлшылықты тек қана Аллаға етіңдер, әке-шешеге жақсылық, игілік істеңдер,
олардың біреуі не екуі жандарыңда қартайса, оларға „Тух” деме, оларды
зекіме, екуіне де сыпай сөз сөйле, ол екуіне де кішіпейіл рахмет құшағыңды
жай да: „Раббым! Ол екуі, мені, кішкентайымда тәрбиелегендей сен де оларды
мархабатыңа бөлей көр!” де. Рабыларың көңілдегілеріңді жақсы біледі. Әке-
шешеге игілік етсеңдер, Алла сендерді жарылқайды: Өйткені ол, тәубе
етушілерді әлбетте жарылқаушы.”19
Әке-шешемізге дүние тіршілігінде өстіп құрмет еткеніміздей, олар
қайтыс болғаннан кейін де Рахмет және Ықыласпен еске алу, олар үшін үдайы
хайыр дұғада болу, борыштары бар болса өтеу, өсиеттерін орындау, жақсы
көрген жолдастарына құрмет ету: әулеуметтік міндет болып табылады.

3. Туыстардың бір-біріне байланысты міндеттері.
Туыстар, бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Бір тамырдан өскен бірге
тәрбие көріп және бірге ішіп-жеумен ер жеткен. Оның үшін туыстық байланыс:
ақша, мал-мүліктің сияқты нәрселердің салдарынан бұзылмауы қажет.
Өз туыстарының құқықтарына мән бекрмегендер, басқалардың құқықтарына
әсте мән бермейді. Бұл жағдай ислам қағидаларына сәйкеспейді.
Туыстарымыздың пайдаларын өз пайдамызбен тең ұстау рухани борышымыз. 20
Семьяда ағалар, әке-шеше орнында. Оларға да құрмет көрсету қажет.
Ардақты Пайғамбарымыз: „Ағалардың, інілердегі құқықтары, әкенің әулетіндегі
құқықтармен тең.” Деп бұйырған. Туыс құқығына мәнберіп олармен жақсы
шығысыңдар, баға жетпестей болған туыстық құқықтарын өмір бойы
жалғастырғандар, мәдениетті де абыройлы да бақытты адамдар.21

4. Ағайын-туғандардың бір-біріне байланысты міндеттері.
Ағайын-туғандарға семьялық сезіммен қарау, жақындық дәрежелері бойынша
құрмет, сүйіспеншілік көрсету, мұң-мұқтаждарын қамтамасыз ету, оларды естен
шығармау, ыңғайы келеген кезде үйлеріне барып көңілдерін алу, ұзақтағыларға
хат немесе сәлемдеме жібері: Өстіп ағайыншылық байланыстарын жағастыру да
ахлақ борышы.
Жақындарын сүймегендер жақсы адам саналмайды. Болымсыз нәрселерге
ашуланып, өкпелеу, оларды ызы-қылып, көңілдерін қалдыру, Ислам әдептеріне
сәйкеспейді. Семьялар ағайын-туғандармен көркейіп нығайады. Ардақты
Пайғамбарымыз: „әкесі жоқ баланың нағакшысы әке орнында”, „Нағашы әпке шеше
орнында”, „Немере аға да әке орнында” 22деп бұйырған.
Үйімізде қызмет етіп жүргендер үшін де дініміз құқық Таныған. Бұларға
өз жегендерімізді жегізу, киінгендеріміздлі киіндіру, оларға семьяның бір
мүшесі сияқты мән беру. Денсаулықтарына, рух тәрбиелеріне маңыз беру үшін
дін және ахлақ міндеті болып жүктеледі.
Ислам дінінде ағайындардан кейін көрші хақысы келеді. Көршілерімізді
ренжітпеу, олардың мұң –мұқтаждарын қамтамасыз ету, оларға ешбір зиян
келтірмеу. Көршілерімізге байланысты міндеттеріміз болады.
Ардақты Пайғамбарымыз: „Көршінің көршіге елеулі хақылары бар. Көршісі
аш, өзі тоқ болған кісі толық иман иесі бола алмайды”.
„Аллаға және ахиретке сенген кісі көршісіне игілік істесін”.
„Көршілері, кесірінен аман болмаған біреу нағыз мүмін емес”, деп
бұйырған.
Елімізге, жүртымызға байланысты міндеттеріміз
Адам баласы, топты түрде өмір сүру қасиетінде жаратылған. Адамзаттың
бұл жағдайын: Мәдени және қоғамдық жағдай деп атайды.
Дүниедегі әр ел, белгілі бір шекара ішінде саяси бір қоғам құрған.
Бұның атын: Дәулет, дәулеттің ие болған ықпалына өкілдік еткен басқару
орнына: Өкімет, мемлекет ішінде өмір сүрген, дәулетті және өкіметті құраған
елдің барлығын ұлт деп атайды.
Біздің дәулетіміздің аты: Түрік дәулеті; Өкіметімізге: Түркие ЖумҺуреті
өкіметі; ұлтымызды да: Түрік ұлты деп атайды.
Мұсылман түрік ұлты, адамзат тарихының ең көне, ең даңқты да абыройлы
және ұлы ұлты болады. Түрік тарихы болса, адамгершіліктің жүзін ағартқан,
басқаұлттарға аз нәсіп болған; басқаруда, әскерлікте, мәдениетте және
адамгершілік қасиетінде қыруар қаһармандықтары мол айтылатын болған. Ал
міне бұл теңдесіз қаһармандықтардың бұлағы және нәрі: Иман.
Өткен замандарда бұндай болғанындай бүгін де таңдаулы орынынмыз
болғандығы үшін иманымызға борыштымыз. Отанды сүйю де иманнан келеді.
Имансыздың жүрегіне Отан сүйіспеншілігі болмайды.
Әр адам баласы үшін, мемлекетін және елін сүю, оның бақытты болуына,
дамуына тырысуы міндет болады.
Мемлекеттің ішінен және тысынан қорғалуы, қоғамдық істердің өз жолымен
атқарылуы үшін әркімнің малымен, жанымен өкіметке көмек етуі шарт.
Малмен істелетін көмек: салық, жанымен жасалатын көмек: әскерлік.
Әскерлік, жауларға қарсы мемлекетімізді, намыс, абыройымызды қорғау
қызметі болады. Бұл абыройлы қызметті атқарған әскер, жағдайға қарай
жандарын пида етуге әзір тұрған құралды бір күш екені түсінікті. Сондықтан
әскерлік жұмысы мемлекетімізге, ұлтымызға істеген міндеттердің ең
абыройлысы. Өйткені әскерлік, жан әрі қан салығы болып табылады.
Ислам дінінде әскерлік дәрежесі өте ірі. Әскер соғыста өлсе, шейттік,
тірі қалса ғазилық мәртебесіне жетеді. Ақыретте, Пайғамбарлық мәртебесінен
кейін шейіттік мәртебесі келеді. Ардақты Пайғамбарымыз: „Құрлықта шеийт
болғандардың құл борышынан басқа күнәлары кешіріледі. Теңізде шеийт
болғандардың бүкіл күнәлары, тіпті құлборышы да кешіріледі” деп бұйырған.
Ал түрлі сылтаумен әскерліккебармау немесе барғаннан кейін қашу, қиянат
және зор күнә болады.
Бүкіл адам атаулыға байланысты міндеттеріміз және кісі хақылары.
Алла тағала адам баласын тәуелсізтүрде жаратқан. Бұкіл адам баласы,
өзгешелігі жоқ бәрі бір келкі тәуелсіз.
Ең көлемді ұғымы бойынша тәуелсіздік: әр адамның қалағанын және
ойлағанын істеу құқығына ие болуы. Бірақ бұл іс жүзінде мүмкін болмайды.
Бір адам өзін, басқалардың тәуелсіздігін мойындау шарты мен тәуелсіз
бола алады. Бұндай болғанда әр адамның тәуелсіздігі, басқалардың
тәуелсіздік шеңберінде тамам болады. Бүкіл адам атаулы тәуелсіздік құқығына
ие болумен қатар басқалардың да тәуелсіздігін тану, оған құрмет етуге
міндетті болады. Яғни, адамдардың өздері кейбір құқыққа ие болғанындай бір-
біріне байланысты да жауапкершіліктері бар.
Адамдардың бүкіл құқық және міндеттерін дініміз өте ашық бейнеде әрі ең
толық түрде әмір еткен. Алла тағала Құран Кәримде: Алла, әділет пен
ізгілікті және жақсылықты әмір етеді... „әділет істеңдер, ізгі істерге
көмектесіңдер!” деп бұйырған. Және ардақты Пайғамбарымыз, Адамдардың құқық
және жауапкершіліктерін назар аударарлықтай маңызда уағыздаған: „Өзің үшін
қалағаныңдай басқалары үшін де қала, өзің үшін қаламағаныңды басқалары үшін
де қалама.”23
Бұл және бұларғаұқсас әмірлерді әрі Құран Кәрим, әрі Алланың елшісі
бұйырған. Ислам дінінен басқа ешбір қоғам, ешбір философиялық көзқарас,
ешбір білім адамы, адам баласының бұл табиғи құқықтарын мұншалық айқын және
кең көлемді ортаға қоя алмаған.

ІІ ЕРІ МЕН ӘЙЕЛІНІҢ ӘДЕПТІЛІК МІНДЕТТЕРІ

2.1 Жанұя құрғандардың бір-біріне байланысты міндеттері.

Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан
салтты жоғалта алмайды. Қай халықтың болса да, соның ішінде біздің
халқымыздың да сенім – нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан,
ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыстар бар. Соның бірі –
отбасын құру.
Үйлену жаңа отау құру үміт – тілекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Руханилық үкімнің адамгершіліктің қалыптасуындағы маңызы
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Педагогикалық практикаға есеп беру
Құрандағы ахлақ мәселесі
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Еркекті адам ететін әйел
Ислам дініндегі қылмыс пен жаза
Діни туризм туралы
Христиан дінінің құндылықтары
Пәндер