Суфизмнің қазақ жеріне таралуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: “С У Ф И З М”

ОРЫНДАҒАН: ДУМЫШЕВА Б.

ТЕКСЕРГЕН: БӘЙТЕНОВА Н.Ж.

АЛМАТЫ 2006

Жоспар

1. Суфизмнің толысуы оның ұғымдары мен түсініктері
2. Суфизмнің қазақ жеріне таралуы

Суфизм- қазақша сопылық дүниетаным, ислам мәдениетіндегі өте көрнекті
құбылыс. Суфизмнің дәл бүгінгі күндегі тынысы мен оның "жұлдызды шағындағы"
қуатын, әрине, салыстыруға болмайды. Оның жұлдызы жанған уақыты- X-XV
ғасырға дейінгі аралық. Осы заманда тек мұсылман елдерінде ғана емес,
тіптен Батыс Европа елдерінде суфизмге деген ерекше ынта - ықылас
байқалады. Мұның көптеген себептері бар, оның ішінде айта қаларлығы-
суфизмнің мистикалық табиғатында (қазіргі богословия ғылымында жиі
қолданылатын "эзотерический", яғни грекшеден аударғанда құпия, сыры ішінде
деген мағына беретін ұғымда). Яки суфизм эзотериялық мәнді өзінше, яғни
христиандық түсініктен өзгеше қарастырған. Ірі суфистер, айталық, Ғазалы
т.б. мистиканы, тылсымды адам ынтасынан мүлдем өзге, сыры адамға жабық деп
қарастырмайды, қайта олар өз болмысын сол әлемдік тылсым құдіретіне тікелей
байланыстырады. Мұндай ұғым христиандық ұғымға жат. Себебі, онда адам-
құдай не оның баласы. Суфизмде адам әрқашан жаратушы ісіне, оның сырына қол
сұғып, құдай болам деп күнәға батпайды. Суфизмнің тарихы дегенде мынандай
екі ұғымға тоқталған жөн. Олар: мистика (тылсым) және аскетизм (тақуалық).
Бұл екеуі де суфизмге дейін болып- толып, арналарын тауып, тіптен
философиялық тұрғыдан да қарастырылып, ғылыми объективті мәндері бірсыдырғы
айқындалған.
Мистиканың суфизмге дейін философиядағы ең ақырғы көрінісі Плотин
еңбектерінде орын алған. Ал оның ұстазы Платонның өзі де мистикадан алыс
кетпеген. Платонның "идеялары" шын мәнінде ақылмен танылатын құбылыстар
емес-ті, олардың мазмұны- тылсым. Одан бәрі де Мұхаммед пайғамбардың ісі
және ілімі де мистикалық сипатта болатын. Мысалы, Алланың бірлігі барлығы
ешқандай рационалистік мәедегі дәлелдерімен анықталатын мәселе емес.
Жаратушының бір екендігін және бар екендігін жүрекпен сезіну керек еді. Осы
мәселе хадистерде, өзге де ғалымдар еңбегінде ғылыми танымдық жағынан гөрі
таза сенімге негізделген еді. Таза сенім күндердің күнінде күдік
туғызады,неге және неліктен деген сұраққа бастайды. Сонда қандай жауап
болмақ? Ойлаймын суфистер осы проблема төңірегінде топтасқан деп. Демек,
суфистер- ислам философиясының ілгері өрлеудегі қажеттілігін сезінген
ойшылдар. Бұл- суфизмнің бір жағы, екінші жағы- міндетті түрдегі тақуалар.
Аскетизм- көне құбылыс. Ертедегі Үнді елдерінде мұндай кезбе әулиелерді
архаттар деп атаған. Дүние қызығынан безініп, таза дін жолына түсушілерді
"тақуалар"дейді.
Суфизмде мистика мен аскетизмді тұтасқан күйінде бірінен- бірін ажыратуға
болмайды. Осы тұтастық ерекше дүниетанымды қалыптастырған. Бұл тұста бір
мәлімдеме жасыу қажет. Ол- суфизмнің тарихы туралы. Өкінішке орай біздің
қолымызда араб тілінде жазылып, жарық көрген авторлар еңбегі жоқ,
әдебиеттер шектеулі (Бертельс Е.Э. суфизм и суфисткая литература.
Москва,1965).
Суфизмнің пайда болуы туралы Е.Э. Бертельс өзінің нұсқамада көрсетілген
кітабының бір тарауын арнаған.
Ислам мәдениетін зерттеуші ғалымдардың мистика, яғни тылсым туралы
әңгімелерінде атақты Рабиға анамыз туралы көп айтылады. қасиетті Рабиға
туралы бірқатар аңыз- әңгімелер бар.
Рабиға Әдавияның айтқанын қысқаша байяндасақ, ол былай. Менің бар
болмысымның мәні жаратушы бір Алланың дидарына ынтықтық, ол өзінің Аллаға
деген ыстық сезімін махаббат деп атаған. Рабиға үшін Алладан өзге өзөмірін
сатп ететін ештеңе жоқ.Рабиға махаббатының мақсаты- жаратушымен толық
бірігуі. Бұл жерде Рабиға махаббатының екі мәселесі бар. Біріншісі- Аллаға
махаббат, оның рахымы үшін, яғни, пендесінің жаратушысына парызын өтеуі.
Абайдың "махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй, ол Алланың жаннан
тәтті" дегені осы мәселеге келеді. Алланы сүю арқылы жақсылық, рақымшылық
беруші жаратушысының алдында адам өз парызын өтейді. Екіншіден, Рабиға
махаббаты Алланың дидарына, яғни өшпейтін, солмайтын құдіретті сұлулығына
ынтықтық. Дүниедегі ең сұлу- Алла. Ол сұлулық Алланың дидарында. "Дидар"
деген ұғым Алланың нұры, сұлулығы деген мағына береді. Алла шебер, яғни ол
текөзі сұлу ғана емес, сол сұлулықты тудырушы да. Осы VII ғасырдағы Рабиға
айтқан махаббат кейінгі суфизмде кеңінен арна тапқан. Рабиғаның
тақуалығының сыры беймәлім, айтып түсіндіруге болмайды.Олай дейтінім,
әдетте мұсылман дінінде бұл жалған дүниеде жақсылық істесең, бақи мәңгілік
өмірде жұмақта боласың деген қағида бар. Рабиға анамыз бұған қарсы, ол
Аллаға махаббатын саудаға салмайды, оның істеген ғамали жұмаққа бару үшін
емес, жаратушысымен тұтасып, бірігіп кету. Мұны қазіргі санаға салсақ,
фанатизм дер едік, бірақ бұл үстүрт түсінік. Себебі Рабиға Аллаға берілуі
мақсатсыз, қалтқысыз берілу, мұндай істі фанатизм деуге болмас. Фанатиктер
дегеніміз - бір мақсат үшін күресушілер. Рабиға анамыз болса ешқандай
мақсатқа жеткізетін күрес туралы сөз айтпайды, ол өз сыры өз ішіндегі
адамның кереметке деген ынтасын жырлаған.
Біз басында айтып кеткендей Плотин суфизмге дейінгі мистикалық бағытты
ұстанған дедік. Енді қысқаша осы неплатонизмге түсінік бере кетейік, себебі
кейінгі суфизмді, оның гносеологиясын неплатонизмсіз түсінуге болмайды.
Бұл жерде біз неплатониктердің басты тұлғасы Плотинге ғана тоқталайық. Ол
біздің эрамызжың 204 жылы Египетте дүниеге келген, шығыстың дүниетанымдық
ілімдерімен толық таныс болған. Плотин сонымен бірге император Гордиан III-
нің парсы жорығына қатысып, зороостризм ілімін оқып білген. Плотиннің басты
шығармасы "Эннеады" деп аталады.
Плотинде "құдай" деген ұғым жоқ. Ол құдайдың орнына "алғашқы", "бір"
(единое) деген түсініктерді қолданған.
Құдай деген бір, ол қарама- қарсылықтардан тыс, онда ізгілік я зұлымдық
дегендер әлі ашылып дараланбаған, танылмаған алғашқы тұтастық. Әлем осы
тұтастықтан өрбіп- өседі, бірақ одан тұтастық өз қуатын азайтпайды. Ол
жатық сияқты,алыстаған сайын күңгіттене береді. Плотин эманацияның бес
сатысын нақтылап айтқан:
1) Бір (единое) 2) рух 3) жан 4) материя 5)әлемдік физикалық тұрпаттағы
көріністері.
Рух немесе ақылды Плотин бірдің бейнесі деген. Бір дегенде дүниедегі әр
түрлі сансыз заттар мүмкіндік ретінде аңғарылады. Ал жан болса, ол рухтың
бірге қатысы қандай болса, оның рухқа қатысы сондай. Адам жаны әлемдегі
тіршілікке дейін болғпн, ол жағдайда, қажеттілікке байланысты адамдар
денесіне ие бола алады. Демек, Плотин жан мен тәннің дербестігі әрі бірлігі
туралы ілім жасаған.
Сондықтан Плотиннің айтуынша, жан тәннің кірінен арылып, бірге (құдайға)
тартылуы қажет. Бұл істі ақылмен атқаруға мүмкіндік жоқ. Бұл мәселеде
жалғыз қолданылатын шара- экстаз. Осы күйде адам өзінің жеке мәнін ұғынып,
дүниемен тұтасып кетеді. Яғни, адаммен тұтастықтың бірігуі болмақ. Осы
жағдай кейінгі суфизмде әлденеше түрде айтылып келеді. Оның ең айғақты
дәлелі сопылардың зікір салуы.
Плотин философиясына зер салғанда, менің ойыма мұсылмандардың айтатын
қағидасы "Алла бір, пайғамбар хақ" дегені түседі. Алла бір, ол ең алғашқы
шындық. Алла бір болғанымен ол тұтас, оның тұтастығында қисапсыз өмірде
заттардың өмір сүруінің мүмкіндігі сақталған. Оны Плотин эманация сатылары
арқылы берген. Сондықтан Алла тағаланың хақтығы туралы ілімнің теориялық
негізін мұсылман философтары, әсіресе, суфистер Плотиннің еңбегінен алған
дегеннен қателеспеспіз. Алла бір, пайғамбар хақ. Яғни бәрі бірден өрбиді,
қайтадан бірге сияды. Бұл плотиндік көзқарас мұсылман философиясындай құдай
рухтан, жаннан, материядан бұрынғы шындық.Рух, жан, тән - сопылар
дүниетанымының да ең негізгі ұғымдары. Бұл жерде қосымша айтылар сөз тәнге
байланысты, суфистер нәпсі деген ұғымды жиі қолданған. Рух деген ұғым
суфизмде бірнеше мәнде пайдаланылғанымен, оны көбінесі мидың тынысы
(дыхание мозга) деп айтқан ислам философиясында.
Сонымен сөзімізді жинақтай айтсақ, суфизмнің гносеологиялық тамырларында,
оның тарихында неплотоникиердің алатын орны ерекше. Ол туралы әлі алда
талай сөз болмақ.
Суфизмнің толысуы оның ұғымдары мен түсініктерінің, яғни философиялық
терминдердің айқындалуымен анықталады. Осындай суфизмнің теориялық базасын
жасаушылардың алғашқыларының бірі Абу Абдалла харис ибн- Асад ал- Анази ал-
Мухасиби (857 ж. өлген). Ол "Ар-ри-айа ли хукук Аллах" ("Алланың әмірін
мойындау") деген кітабында адамға әсер ететін сыртқы күштер мен жүректің
қалауының арасындағы жайларды қарастырған. Мухасиби жанның жүрек арқылы
сезілетін күйін зерттей отырып, "хал" деген ұғымды қолданған.
Ал- Мухасибидің айтуынша, хал адамның ерекше күйі. Бірақ хал адамның ерік,
қайратына ғана қатысты көңіл- күйі емес, ол адамға жаратушының жасаған
мейірімі.
Хал адамның әншейін күйі емес, оның өзін- өзі ұмытып, экстазға түскен
кейпі. Халге түскен адам өзін- өзі тазартып, сауығып қалмақ. Бірақ сол
халге түсу жеңіл шаруа емес. Хал бір ғана сәтке өте шығуы мүмкін, алайда,
сол сәтте адамға аян берілуі ықтимал. Осы сопылық философиясының халдеген
ұғымы араб мәдениеті арқылы қазақ тілінің лексикалық қорына енген. Біз хал
деген сөзді жиі қолданамыз. Ал оның мәніне үңілсек, ол суфизмнің алғашқы
философиялық ұғымдарының бірі.
Вахидтер қозғалысынан, яғни IX ғасырдан басталған суфистік алғашқы
түсініктер- XII ғасырда біршама ұғымдар қалыптастырды. Осы үш ғасыр
аралығында суфизмді ислам философиясының жеке бір саласы деп қарастыруға
әбден боларлық.
Құдай жолына (мистикалық жолға) түскен сопы міндетті түрде үш сатыдан
тұратын ерекше күйге түсуі қажет. Олар: шариғат, тариқат және хақиқат
(ақиқат). Алғашқы саты- шариғат дегеніміз, әрбір мұсылманға ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлам әд-Дин әл-Жауһари
Қазақ халқының рухани мәдениеті пәнінен дәрістер кешені
Ислам дінінің таралуы
Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII ғ.)
Біз қалай мұсылман болдық?
Суфизмнің діни философиясы
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Ортағасырлық суфизм ілімі
Діни сенімдері, ислам дінінің таралуы
Рухани мәдениет. Дін. Өнер. Қазақстанның XIII-XV ғасырлардағы рухани мәдениеті
Пәндер