Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Қоғамтану кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау

Оқытушы: Аденов С.Т.
Студент: Сұлтанбеков Д.Қ.
Тобы: НДб-04-1к

Алматы 2006

Мазмұны

Сопы ұғымы 4
Қожа Ахмет Яссауи 6
Қ. А. Иассауидің жазба мұрасы 8
Қ. А. Иассауидің мәдени мұрасы 11
Қазақ жерінің Меккесі. Иассауи кесенесі 12
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер: 23

Сопы ұғымы
Сопылар грекшеден тікелей аударғанда (софистэс) білгір, шебер,
суретші, дана дегенді білдіреді. Б.д.д. V ғасырда Көне Грецияда пайда
болған ақылы философия мұғалімдерін, риториктерін (шешендер) және
эристиктерді (дауласу өнері) осылай деп атады. Платон мен Аристотельдің
арқасында бұл сөздер бүгінгі күнге дейін тұрақты мәнін сақтады: бос сөзге
әуес, оның мәнінен гөрі сөзуарлыққа көбірек салынатын адамдарды осылай
атайды. Платон сопыларға ақиқатқа жетудің қажеті жоқ, тек көз жетсе болды
деп уағыз айтты.
Сопылар бірыңғай мектепте болған жоқ, олар өзара бәсекелесті,
алайда оларды тек кәсіби білім беру ғана емес, сондай-ақ философияның
пәні мен әдісі біріктірді. Бұл туралы негізгі мәселе - әлем мен білімнің
қарым-қатынасы туралы мәселе болды. Құйтырқы өсек сөздің көмегімен ненің
ақ, ненің қара екендігін оңай дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға
болатындығына көз жеткізген сопылар объективті ақиқаттың жоқтығын, олардың
орнын, уақыттың, шарттың және адамның өзіне байланысты екендігін,
субъективті екендігін тиісінше әлемді танып болмайтындығын уағыздады
(Агностицизм - әлемнің толық немесе ішінара танылмайтындығы туралы ілім).
Ақиқаттың салыстырмалылығы туралы ілім ізгілік нормаларының қатыстылығы
туралы пайымдаумен ұштасты – кімге не тиімді болса, сол жақсы. Мұндай
көзқарас көп жағдайда, аморализмге (бейақлихаттыққа) апарып соқтырды.
Сопылар табиғатта ненің өмір сүретіндігін және де, қағида
бойынша, ненің өмір сүретіндігін нақты ажырата отыра физикамен шұғылданған
жоқ, олар ежелгі философия тарихында алғаш рет адамды көзқарастық
ізденістер астарына зер салуға жетеледі. Көне Грециядағы философиялық, діни
және қоғамдық өмірге сопышылдықтың ең прогрессивтік ықпалын оның өз мәнінде
қатып-сіңбеге қарсы екендігінен, тиісінше адамды беделге деген соқыр
сезімге қарсы өзіндік ізденіске итермелеуге қабілеттілігінен көруге болады.
Сопыларды шартты түрде жолы үлкендер – Протагор, Ксениад,
Горгий, Продик, Гиппий; және жолы кішілер – Алкидам, Пол, Калликл, Фразимах
және басқалар деп бөледі.
Протагор (б.д.д. 480-410 жж) Демокрит сияқты Абдерахта туды, көп
саяхат жасады, философияны оқытқандығы үшін алғашқылардың бірі болып ақы
ала бастады. Ол Фурий қаласы үшін заң жазды, Периклдің тапсырмасы бойынша
Афиныға арналған Конституцияны әзірледі, осы қалада құдайларға сенбегендігі
үшін ұсталып, сотталды, ал оның Құдайлар туралы кітабы жария түрде
өртелді. Протагор қаламынан Жаратылыс туралы, Ғылым туралы, Мемлекет
туралы, Құдайлар туралы, Пікір-сайыс немесе дауласу өнері сияқты
ондаған шығармалар туды. Алайда олардың бірде бірі бізге дейін жеткен жоқ.
Сондықтан да біз Протагордың ілімі туралы Платон, Секст-Эмпирик және басқа
философтардың еңбектерінде келтірілген мәліметтер арқылы ғана пайымдай
аламыз.

Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның
абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттерге сүйеніп,
дәлелдемек болады. Егер табиғаттың өзі абсолютті өзгерісте болатын болса,
онда оны танып-білуге бағытталған субъектінің білімі де өзгермелі,
тұрақсыз. Олай болса, өзгермелі, өзінің қарама-қарсы күйіне айналып жатқан
заттар туралы бір-біріне қарама-қарсы екі пікір айтуға болады және сол
пікірлердің екеуі де дұрыс болуы ғажап емес. Мұндай жағдайда адам әбден
шатысуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-қарсы пікірдің біреуін
қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа шығару керек. Осыдан келіп,
Протагор адам – барлық заттардың өлшемі деген қағиданы ең негізгі қағида
ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша маған заттар қалай болып көрінсе,
мен үшін олар солай болып, ал саған қалай болып көрінсе, сен үшін солай
болып қалады.
Білімнің салыстырмалы екендігі Протагор өздігінен ештеңе өмір
сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады
деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Сондықтан: Жел салқын ба?
немесе Жел дегеннің өзі бар ма? деген сұрақтардың өздері дұрыс емес.
Себебі, біреулер үшін жел болуы, ал басқа біреулер үшін болмауы мүмкін.
Олай болса, түйсіну субъективті құбылыс, бұдан шығатын қорытынды - әркімнің
өз түйсінуіне байланысты айтқан пікірлер - өздерінше ақиқат, тек соны
дәлелдей білу керек. Демек, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол
пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес.
Данышпандардың пікірлері басқа адамдардыкінен гөрі дұрысырақ келетініне
талас жоқ.
Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол
жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын, ал объективті
нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің
жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек.
Рақымшылдық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды
үйретуге бола ма? - деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді:
Ізгілікке, рақымшылдыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ
ізгіліктің, рақымшылдықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған
адамдарды оқыту, үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда
ізгілі, рақымды адам болып шығады. Осыған байланысты, қоғам ізгілікті,
рақымшылдықты тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерлерді жазалауға
болады, себебі, жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара
ғой.
Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде
Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы
данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп
көрсетеді.

Қожа Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет
Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін
насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға. Асқан шеберлігімен,
елге сыйлылығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл
түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулие атанған Қожа
Ахмет Иассауи туралы ел арасында тараған аңыз-әңгімелер көп. Оның ырғақты
өлеңдеріне жалынды ойларына табынушылар әр дәуірде, әр кезеңде де айрықша
болып отыр.
Өкінішке орай, Иассауи туралы бізге жеткен мәліметтер аз. Оның аты
аңыз бен ақиқатқа толы. Оның ең басты еңбегі "Диуани хикмет" ("Даналық
кітабы") және Қожа Ахмет Иассауидің әкесі жазған, 1991 жылы табылған,
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сақталған "Насабнамадан"
сіз оның ерте жетім қалғанын, софының: елкезу және дінге табыну, рух пен
денені шыңдау, ірі медреседе оқу, рухани ұстаз іздеу, қажылыққа бару және
өз Отанына оралу сияқты дәстүрлі жолынан өткенін білеміз.

Егер де тарихи деректерге жүгінсек, Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында
Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмудтің ұлы
Ибраһим пірдің семьясында туған. Әкесі диқаншылықпен айналысқан. Әйтсе де,
Ахметтің әкесі өте діндар, құдай жолын ұстанған атақты шайқылардың бірі
болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан
тегі туралы төмендегіше сыр шертеді:
...Исхақ баба жұрыны, шейх Ибраһим құлыны,
Машайықтар ұлығы – шейхым Ахмед Иассауи.
* * *

Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы – шейхым Ахмед Иассауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындық, олай
болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ. Ол шамамен
1093 жылы дүниеге келіп, 1166 жылы дүние салған.
Түрік ғалымы, доктор М. Кепрулу өзінің Түрк әдебиятында илк
Мутасаввифлар атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің
әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М.Е.
Массонда ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен дейді. Сопылық
мистикалық ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет
Иассауидің өмірбаяны толық белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана
жетіп отыр. Ол әлі көптеген ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді.
Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті
түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа
нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Ахмет өмірінің осы кезеңі
туралы халық мынадай әдемі аңыз қалдырған: "Мұхаммед пайғамбар дүниеден
озар алдында бүкіл халықты жинап, былай дейді: "Мен өлемін, менің
аманатымды исламның белгісін (ол-құрманың сүйегінде) кім қабылдап алады
және менің ойымды кім жалғастырмақ?!". Топтың ішінен Арыслан-Баба деген 300
жастағы бір адам "мен" деп жауап береді, ол - бұл кезге дейін отыз үш дінді
білетін, бірақ, исламды енді мойындаған еді. Арыслан - Бабаның келісімін
алған Мұхаммед Алланың рұқсатынан соң, аманатын Арыслан - Бабаға тапсырды.
500 жыл өткен соң Арыслан - Баба даладан бір баланы кездестіреді, ол
"Ақсақал, рахым етіңіз, менің аманатымды маған тапсырыңыз," - дейді". Осы
бала Ахмет болатын. Ашографиялық түпнұсқаларға қарағанда, Иассауидің бала
кезінен құдіреті күшті қасиеттері болған, олар жыл өткен сайын нығайып,
оның құдайы ілімге жақындап, тариқатты меңгеруіне, әулие атануына
көмектескен. Арсылан - Бабаның ұстаздығы да едәуір ықпал еткен. Соның
кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда
ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің,
жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы -
тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи
Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен
кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық
діни ағымның дінбасына айналады.
Жүсіп Хамадини ұстазы дүниеден озған соң, Қожа Ахмет Иассауи өз
Отанына оралып, атақты дінбасы, пір әулие бола отырып, өзінің сопылық
қауымдастығын құрады, ол "иассауи " деген атақ алады, бұл кейін Орта
Азиядағы ең танымал және ең ықпалды күшке айналады.
"Иассауианың" жазылмаған өсиеттерінің бірі - еңбек болады. Ахмет
Иассауи пірдің өзі отбасымен қарапайым ғұмыр кешіп, халықпен бірдей еңбек
етеді. Иассауи қауымдастығындағы дінге табыну мен құдайға құлшылық ету
үнемі шығармашылықпен жаңару түрінде болды.
Қожа Ахмет Яссауи жеке өмірінің үлгісімен және қарапайым тілімен
адамдарды мейірімділік жасауға, арамдықтан, қатігездіктен алыс болуға
үйретті. Өзінің атақты еңбегі "Диуани хикметте" ("Даналық кітабы") ол
сопылық ілімнің негіздерін насихаттайды, әртүрлі тұрмыстық кеңестер береді,
байлықтың баянсыз екендігін талқылап, әділдікті қорғауға шақырады.
Ахмет Иассуи халық жадында тек белгілі дінбасы ғана емес, сондай-ақ,
халықтың түркітілдес ақыны ретінде де танымал. Оның өлеңдері әлемдік
поэзияның қазынасына қосылған және әлі күнге дейін ықыласпен оқылады. Ахмет
Иассауидің ең басты еңбегі - әдебиетте де, қоғам өмірінде де араб және
парсы тілінің өктемдігі кезінде оғыз-қыпшақ диалектісімен туған түрік
тілінде жазып, оны әдеби қолданысқа ендірді.

63 жасында дүниеден озған Мұхаммед пайғамбар жасына жеткеннен соң,
Қожа Ахмет Иассауи мешіт жанынан жерастылық үңгір қаздырып, қалған өмірін
сол жерде өткізеді. Үңгір жанында оның бүкіл әулетімен қоса, пірден дәріс
алған көптеген шәкірттері де сол жерге орналасады.
Ахмет Иассауи дүниеден озған соң, оның мәйітіне мыңдаған мінажат
етушілер ағылады. Пірдің зиратына соғылған әдемі белгі басында мүлде
қарапайым болады және уақыт өте келе тозады.
Ахмет Иассауидің жаңа мешіті Әмір Темірдің басшылығымен Түркістан
қаласында пір өлгеннен кейін 233 жыл өткен соң салынған. Қожа Ахмет
Иассауидің мешіті 600 жыл бойына бірегейлігі және салыну құпиясымен
ғалымдарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді.

Қ. А. Иассауидің жазба мұрасы

Әрбір уақытта адамдардың әрқилы кезеңге өз көзқарастары болды. Біз
үшін Ахмет Иассауи – ең алдымен ақын, оның өлеңдері адамзат мәдениетінің
алтын қазынасына енген.
Халық жадында ол далаға Ислам сәулесін әкелген адам ретінде жатталып
қалды. Иассауи еңбектері жалпы адамдық өркениетке ірі философиялық көзқарас
ретінде танылған. Өз еңбектерінде ол адамдарды адалдыққа, әділдікке,
шыдамдылыққа, достыққа, бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынасқа
шақырады. Иассауи түркітілдес халықтар арасында, мұсылман әлеміндегі әулие
тұлға, исламды насихаттаушы дінбасы болып есептеледі. Даналық хикметтері
біздің ұлттық әлемтануымыздың негізі болып табылатын Иассауи сияқты ұлы
баба туралы әңгімелеу үшін, ең алдымен, қазіргі замандық иассауитанушылар
алдында тұрған бірнеше маңызды мәселені түсініп алу керек.
Иассауи өмірі мен шығармашылығы кеңес кезінде зерттелген жоқ. Ал,
"Дін – халық миын улаған апиын" нақылы оны мистикалық және діни ақын
ретінде танытып, шығармалары зиянкес деп түсіндірілді, ұлы өлеңдері туралы
ауыз ашылмай, ұмыттырылуға күш салынды.
Дегенмен, айды алақанмен жабу мүмкін емес қой.
Кез – келген тұлғаның таланты мен құдіреті туған орта, дәстүрлі
мәдениет, тәрбие және алынған білім әсерінен біртіндеп қалыптасады және
дамиды.
X ғ. көшпелі халық ортасында мұсылман діні көпшілікке таратылған жоқ.
Уақыт өте келе Қазақстан көшпенділері сопы түсіндірмелі ислам дінін
қабылдады. Оны қазақтар "екінші әулие " деп таныған ұлы ғұлама, сопы Ахмет
Иассауи әкелді. Иассауи қарапайым, сонымен қатар данышпандық қадам жасады.
Ол табиғат құдайларын жоққа шығарған жоқ, бірақ, олардың барлығы әртүрлі
бейнедегі бір Алла екендігіне көшпенділерді сендірді. Адам мен табиғат
арасындағы үндестік қарым-қатынас сақталды, бұл – исламның табысты тарауына
ықпал етті, сөйтіп көшпенділер құранды қабылдады. Ол Құранды жетік білді
және түсіндірді. Иассауи құранды түрік тілінде поэзиямен сөйлетті, ол Құран
мен Шариғаттың ережелерін білуге, жергілікті дәстүр мен әдетке сай діни
ыңғайлануға үйретті.
Оның дүниетанымы дәстүрлі түріктік дүниетаным шегінде болды, ал
данышпандық ойға толы өлеңдері өз халқы мен Отанына деген шынайы сезімге
толы еді. Ол түрік мәдениеті тудырған тарихи тұлға, сонымен бірге өткен
ойшылдардың асыл қазыналарын бойына сіңірді және келесі ұрпақтардың
дүниетанымының қалыптасуына да аса зор ықпал жасады.
Иассауи шығармашылығы XII ғ. ежелгі түріктердің рухани мәдениетінің
дамуына үлкен әсерін тигізді. Иассауи түріктік мәдениет пен әдебиетті
рухани байыта отырып, өз хикметтері арқылы Ұлы Даланы мекендеушілер –
түріктер, ғұндар, сақтардың ұрпақтарын мұсылмандыққа бұрды.
Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша,
оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі
жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі).
"Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII
ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес
халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Иассауи мұрасы оғыз-қыпшақтық және
басқа түркітілдес халықтар арасында ауызша белгілі болған: XV - XVI ғасырда
ол қолжазба күйінде таратылса, ал XIV ғасырда Қазан, Стамбул, Ташкент
қалаларында кітап болып басылып шығарылған. ҚР ҰК қолжазбаның бірегей
данасы сақталған. Бұл философиялық шығармада сопылық негіздері баяндалған,
оқырманға түсінікті тілде жазылған.
1992 жылы ҰК қорында Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани Хикмет" қолжазба
кітабы табылды. Көшіріп жазылған уақыты X. 1250 ж. (Милади 1834). Бұл
қолжазбаға Хазірет Нығметұлы Құл Шәріп, Хазірет Багаутдин, Хазірет
Нығметулла, Шәмсі Үзгенді, Хазірет Құл Сүлеймен сияқты оның шәкірттерінің
де хикметтері енген. Кітап аяқталмаған, 112 хикметтен тұрады. Бұл – бұрын –
соңды иассауитанудағы белгілі аса бағалы қолжазба. Аңыз негізінде жазылған.
Кітаптың бірінші бетінде араб қарпімен иесінің аты-жөні көрсетілген:
Ибрагим, Оразматтың ұлы, 1924 ж. (қор № 3999-үз).
Хикметтер халыққа түсінікті болу үшін, олар Құранның негізгі сөздеріне
сүйенген, тарихи фактілермен аңыздарды пайдаланған. Олар – көркем шығармаға
айналған. Хикметтер ағартушылық мақсатқа қызмет еткен және түрік тілінде
жазылған. Е. Бертельс осы жайға байланысты "Ақын әндерінің" фольклорлық
лирикамен тұтасатындығын және Кіші Азия халықтары арасында кең таралғанын
атап көрсеткен. Сондықтан да, Қожа Ахмет Иассауиді – түрік тілі мен
әдебиетінің негізін қалаушы деп атауға әбден болады.
Хикметтегі маңызды орын дінге сенушілерге берілген, сопылық құпиясын,
пірлік құпиясын білуге дайындаған. Мүрид (тыңдаушы) бұл ретте, кедей болып,
ораза мен намаздарға берілуі керек, өзінің жан-дүниесі арқылы Құдайға
ұмтылуы керек. Құдаймен "кірігу" үшін дәруіштіктің 40 ережесін қатаң
сақтауы керек - оның әрбір баспасы оннан – шариат, тариқат, мағрифат,
хақиқат. Шариғат – исламның заңдары мен тәртібінің жинағы, тариқат – сопы
идеясы (шыдам, аскетизм, Құдайға деген сүйіспеншілік және т.б.), мағрифат -
сенім жолын зерттеу, хақиқат – Құдаймен "тұтасу". Ахмет Иассауи бойынша
шариғат, тариқат, мағрифатты сезіну мен қабылдаусыз ақиқат болмайды. Осы
кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар
қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала"
(трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық
шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам
қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу
мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады.
Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері
жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі. Қолжазба XVI –
XVII ғасырларда көшіріп жазылған деп айтуға болады. Сөз жоқ, қолжазба аса
бағалы. Қолжазба көлемі кішкентай, барлығы 88 бет.
Ахмет Иассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қоқан басылымы болып
табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Оның 109 хикметі Иассауидің өзінікі
екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен
жыр жолдары болса керек. Көптеген түркі халықтары хикметті аудармасыз-ақ
қиналмай оқи алады. Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл.
Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне
өте жақын екенін байқар еді.
Бұл ескі қолжазбаның Қазақстанның философиялық ойын дамытуға үлес
болып қосыларына күмән жоқ.
1996 жылы Сүлеймен Бақырғанидың "Хикмет Хазірет Сұлтан әл Гарифин"
қолжазбасы табылды, ол Қожа Ахмет Иассауидің шәкірті, халықта Бақырған,
Бақырғани, Бақырған-ата, Құл-Сүлеймен атымен, белгілі ақын, ойшыл, ғалым
ретінде танымал.
Қолжазбаның негізгі бөлігі С. Бақырғани хикметтерінен тұрады (112-489
бет).
Алғашқы 111 бет "Диуани Хикметтегі", "Мінәжат" тарауынан тұрады; 489-
652 беттер Хазірет Ғазиз, Қызыр Шайық Ғалым, Ғазал Хазірет Шайқұл Ғалами,
Марсия Хазірет Шахадат Фана сияқты әртүрлі авторлардың хикметтеріне
берілген және Мұхаммед пайғамбар туралы Нағыт Ан Хазіреттің "Самалаху
галахи уа салам" поэмасымен аяқталады. XIX ғасырдың аяғында С. Бақырғанидың
хикметтері типографиялық тәсілмен шыққан, осы қолжазба түпнұсқа болып
табылады. Қолжазбаның 397 хикметі Бақырғанидікі, ал Иассауидің хикметтері
бұрын бізге белгілісінен мүлдем айрықшаланады. Бұл қолжазба ортағасырдан
(XVI-XVII ғғ.) бізге жеткен аса бағалы қолжазба болып табылады.
Сопы саяхат жасағанда бүкіл мұсылмандық Шығысты аралап өткен, негізгі
өмірін Түркістанда сүрген, бұл жер - әулие деп есептелген. Халық арасында
тіпті, мынадай нақыл бар: "Меккеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет".
Түркістан түсінігі Иассауи атымен тығыз байланысты. Қожа Ахмет Мұхамедтен
кейінгі әулие, ал Түркістан қаласы кіші Мекке болып есептеледі. Ол 63 жасқа
толғанда, Алланың елшісі – Мұхаммедтен аспау үшін жер астындағы тұраққа
көшеді. Қожа Ахмет Иассауи жер астынан он жыл бойына шықпай құдайға
құлшылық етеді. Сопылыққа уағыздаушылар мұны құдаймен рухани қарым-қатынас
жасау деп түсіндіреді. Ол жер бетілік рахаттан бас тарту, ішкі күшке
сүйену, аллаға деген үлкен сүйіспеншілік арқылы іске асады.

Қ. А. Иассауидің мәдени мұрасы

Иассауидің шығармашылығы ежелгі түріктердің рухани мәдениетін дамытуға
айрықша әсер етті. Иассауи өз шығармаларын араб және парсы тілдерінде жазу
дәстүріне қарамастан, түрік тілінде жазған. XII ғ. Иассауи өз хикметтері
арқылы Ұлы Даланы мекендеушілер - сақтар, ғұндар, түріктің ұрпақтарын
мұсылмандыққа шақырды, түріктік әдебиет пен мәдениетті дамытты, түрік -
исламдық әдебиеттің негізін қалады. Ол - поэзия тілінде әрбір түрікке
мұсылмандықтың мәнін түсіндірді.
Иассауи іліміндегі хикметтер үшінші мыңжылдықта да өз көкейтестілігін
жойған жоқ: Діннің мақсаты - Алланы тану. Аллаға деген сүйіспеншілік арқылы
күнәдан арылуға болады. Құдайдың алдында барлық адамзат бірдей. Құдайды сүю
- адамды сүю деген сөз және сол Тәңірдің қайырымдылығымен марапатталу. Өз
діндестеріңе және өзгелерге де төзімді бол. Мейірімділікке мейіріммен жауап
бер, қатігездікке төз. Әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті бағала.
Жалқаулықтан арылта отырып, әрбір адамды адал еңбекке үйрет. Адамның
дамуында білімнің айрықша маңызы бар. "Хикметтер" мыңдаған жылдар бойына
халықтың рухани бұлағы болып келеді. Соңғы жылдары (Тәуелсіздік жылдарында)
Қазақстанда "Диуани Хикмет" (334 сурет) 25 рет қайта шығарылды.
ҚР Ұлттық кітапханасы 1994 жылы шығарған Иассауидің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Арыстан баб
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Пәндер