Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы


Мазмұны
I-тарау . Отбасының қоғамда алатын орны мен рөлі . . . 3
1. 1 Отбасы - маңызды әлеуметтік институт ретінде . . . 3
1. 2 Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы
институтын қарастыруы . . . 6
II- тарау. Отбасыны зерттеуде теориялық
методикалық әдіс . . . 8
2. 1 Отбасы социологиясының пәні мен объектісі . . . 8
2. 2 Отбасы социологиясының зерттелу әдістері . . . 10
III - тарау Нарықтық қатынастар
жағдайындағы отбасы . . . 12
3. 1. Отбасының әлеуметтік мәні және құрылымы . . . 12
3. 2 Отбасылық қатынастарға нарық институтының әсер етуі . . . 17
3. 3 Нарықтық қатынастар жағдайындағы әйел мен еркектің рөлі . . . 23
3. 4 Қазіргі жағдайдағы неке және отбасы
қарым-қатынасының даму тенденциясы . . . 27
3. 5Қазіргі кезеңдегі нарық қатынасы жағдайындағы
некелесу мен ажырасудың деңгейі . . . 34
IV-тарау. Отбасылық дағдарыстардың
табиғаты және мәні . . . 38
4. 1. Отбасылық дағдарыстар түсінігі . . . 38
4. 2. Отбасылық дағдарыстардың жанұяда орын алуы мен
оның алдын алу жолдары . . . 42
4. 3. Отбасындағы некелік қатынастар . . . 43
4. 4. Ажырасу факторы және себептері . . . 47
4. 5. Ата-аналары ажырасқан балалардың жағдайы . . . 50
V-тарау. Мемлекеттік отбасы саясатының
мәні мен мазмұны . . . 56
5. 1. Отбасы саясатының принциптері мен стратегиясы . . . 56
5. 2 Отбасы саясаты мен отбасы тәрбиесі . . . 58
5. 3. Мемлекеттік отбасы саясатының жүргізілуі . . . 62
Қорытынды . . . 66
Пайдаланған әдебиеттер . . . 74
I-тарау . Отбасының қоғамда алатын орны мен рөлі.
1. 1. Отбасы - маңызды әлеуметтік институт ретінде.
Отбасы - адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең ежелгі формасы. Ол - дін, нарық, мемлекет, әскер, саясат, білім сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда ерте пайда болған.
Отбасы бұл туысқандыққа, неке және бала асырап алуға негізделіп, адамдарды қайта өндіретін және тұрмыстың ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілік және өзара көмекпен адамдарды біріктіретін әлеуметтік жүйе.
Отбасы қоғам ұйымы болып табылады. Сондықтан оның қызмет етуіне қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер әсер етеді.
Отбасы жэүйесінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі ол бір мезгілде әлеуметтік институт сипатына да және шағын әлеуметтік топ сипатына да ие бола алады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы өнегелік және құқықтық заңдастырылған, қоғамдық және мемлекеттік қолдауға ие, жұбайлар, ата-аналар мен балалар және басқа да туыстар арасындағы өзара қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалар, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы некеге, туысқандық немесе асырап алуға негізделген әлеуметтік қауымдастық ретінде қызмет етеді. Оның мүшелері тұрмыс ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілікпен және өзара көмекпен біріктірілген. (1)
Социологияның негізін салушы О. Конт қоғамды зерттеу үшін, алдымен, отбасына көңіл болу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну мен баскаруға үйренетін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О. Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам кұрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы - отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз кызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т. б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметгік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі кызметке байланысты.
Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы - неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді
болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-
қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне
әкеледі. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке
болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде
шектеулі болады; Отбасы - бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мүқтажын орындауды қамта-
масыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт
ретінде - оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді. Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының езгеру үлгісін жасайдьі. Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бакыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғамдык құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Коғамның негізгі максаты - адамдарды бакытты ету, ал мұнын өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы кажет. (3)
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың, өзара кұқыктары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамнын әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық жыныстык сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі -сүйіспеншілік (махаббат) . Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы - неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді
болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-
қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне
әкеледі. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке
болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде
шектеулі болады; Отбасы - бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мүқтажын орындауды қамта-
масыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт
ретінде - оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді. Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының езгеру үлгісін жасайдьі. Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бакыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғамдык құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Коғамның негізгі максаты - адамдарды бакытты ету, ал мұнын өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы кажет. (3)
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың, өзара кұқыктары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамнын әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық жыныстык сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі -сүйіспеншілік (махаббат) .
1. 2 Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы институтын қарастыруы.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы - адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытыңдысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Онын отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды. (2)
Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады, достасады, т. б. Жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны өлеуметтік институт жөне кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді. Отбасы - бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы - ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бүл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі - ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.
II- тарау. Отбасыны зерттеуде теориялық методикалық әдіс.
2. 1 Отбасы социологиясының пәні мен объектісі
З ерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелердің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады. Ерлі-зайыпты адамдардың арасындага қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. (4) Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпгы адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т. б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді. Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетгі бөлісу, балаларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т. б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т. б. қатынасу. Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, езгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылық еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді. Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі таңдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қаты-настар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т. б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т. б. жатады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зертгегенде мынадай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т. б. Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобыньщ, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже жоне топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мүндай зерттеу, ең аддымен, ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бүл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды, некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысыңца адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдық ережелер мен тәртіп үлгісімен және құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет. Отбасға кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер - отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының әлеуметтік-демографиялық құрылымы, отбасы тобының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т. б. 2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратън қызметі . (5)
2. 2. Отбасы социологиясының зерттелу әдістері
Отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т. б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық. Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда негізінен отбасының сыртқы қарым-қатынастары әңгіме етілсе, ал, отбасыньщ ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау - бүл әлеумегтанудың мәселелеріне тығыз байланысты, ал, екінші бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметгік-психологаялық мәселелері сөз болады. Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік. Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу. Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бүл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары - мемлекет, мешіт, шіркеу, т. б. институттардың қызметімен байланысты болады. Сонымен, отбасы мүшелерінің арасыңдағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан-ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т. б. өлшемдер арқылы анықталады, Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, ірі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады. Олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т. б негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды. Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық түлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салаларында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады. Сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.
Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіңдіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.
Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметгік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Соңдықтан әрбір тарихи кезендерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады. Түұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне, балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міңдеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап-тілекті орыңдауга, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді . (6)
III - тарау Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
3. 1 Отбасының әлеуметтік мәні және құрылымы
Отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел ( авторитет) , т. б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі зайыптылық моногамдық және полигамдық түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қоғамдық қауымға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтиында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогамдық (бұл керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір таптан серіктестік негізінде құрылады) сияқты категорияларда бар.
Отбасының құрылымы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз., оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің болмаса әйелдің не күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік бөлісіне сәйкес отбасының 2 түрі бар:
- Демократиялық
- Дәстүрлі немесе авторитарлық
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады.
- Көп балалы (3 бала одан көп) ;
- Орташа (2 балалы) ;
- Бір баласы бар;
- Баласыз отбасылар
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлыв жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына, табысына қарай да отбасы түрлерге бөлінеді. (жоғары, орта және төменгі) .
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады:
1. Дәстүрлі отбасы. Бұл ерлі-зайптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді.
2. Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанша ата-ана көмегі пайдаланады. Басшылық демократиялық сипаты болады.
3. Жас отбасы, мұнда бос уақытты біргілікте, бөлек те өткізеді. Бағыты 2 балалы болу. Шаруашылық тұрмыстық қажетіліктер тең іске асырылады.
Отбасының түрлерiн некелiк, туысқандық, ата-аналық және т. б. сипаттары бойынша анықтауға болады.
Отбасының қазiргi кезде негiзгi екi түрiн көрсетуге болады:
1. Нукелеарлы отбасы-әке шешесi және балалары, кейбiреулерi ержеткен және бөлек тұрады. Бұл отбассы формасында тек екi ұрпақ (поколение) қана тұрады.
2. Кеңейтiлген отбасы-бұл өзiне нукелеарлы отбасыны және көптеген туысқандарын қамтиды. Мысалы, ата-әже, немерелер, әпке, көке, немере аға, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz