Жас балардағы СПИД проблемасы тек


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ1

I СПИД ХХ - ХХІ ҒАСЫР ІНДЕТІ4

1. 1 Кең таралған дерт - СПИД-ке әлеуметтік талдау4

1. 2 СПИД ауруына қарсы күрес ұйымдастыру және осы саладағы халықаралық әлеуметтік қарым - қатынастар. 17

IIСПИД АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ЖАСАУ24

2. 1 Әлемдегі СПИД ауруына шалдыққандарға әлеуметтік жұмыстың жасалуы24

2. 2 Қазақстан Республикасында СПИД індетіне шалдыққандарға әлеуметтік көмектің жасалуы32

ҚОРЫТЫНДЫ41

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасыр обасы аталған ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш талшығының белгісі) (СПИД) дертіне аууда. Қазірдің өзінде млн-даған адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түпкір - түпкірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, қазір әлемде соңы СПИД - ке шалдықтыратын ВИЧ (АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) инфекциясын жұқтырғандардың саны 50 млн-нан асып кеткен. Оның ішінде шамамен 3, 5 млн-ы балалар. Алайда, барлық ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың тең жарымы 15 - 30 жас аралығында жігіттер мен қыздар. Осы мекеме мен БҰҰ - ның ЮНЭЙДС біріккен бағдарламасы сарапшыларының айтуынша щамамен 14 мың адам аталмыш ауруды жұқтырады екен.

СПИД - бұл жерде пайда болатын иммунды жетіспеушілік. Ал ВИЧ инфекциясы СПИД - қа шалдығудың соңғы сатысы. Адам ағзасында пайда болған қоздырғыш иммундық жүйенің маңызды клеткалары - лимфоциттерді (оларды Т4 халпер деп атайды) жояды. Кез - келген адамның қанындағы бір текше миллиметрде 800-ден 1200-ге дейін лимфоциттер болады. Егер бұл клеткалардың саны 500-ге төмендесе, ондайда адам әртүрлі қоздырғыш, микробтар алдында дәрменсіздік танытады. ВИЧ көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамға жұғуы мүмкін. Көптеген бозбалалар мен бойжеткендер СПИД-ты жұқтыру қаупі өз басына төнеді деп ойламайды. Тіпті үлкендер де өз бойынан емі жоқ ауру белгілері табылғанша қаннан - қаперсіз жүрген. Жеткіншек шағында олардың қаншасы ВИЧ иныекциясын жұқтырғаны белгісіз. Себебі, қоздырғыш белгісі адам бойынан табылғаннан бастап ауру дамығанша 10 және одан да көп жылдар өтуі ықтимал. Қазірдің өзінде „ғасыр дерті” 16, 3 млн. адамның өмірін „үзді”.

СПИД - адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Ол - тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Оның қаупін көтермелеудің қажеті жоқ, алайда, төмендету де орынсыз. Сондықтан, осы аурумен күреске барлық ғылыми күшті жұмылдыру керек және халықаралық қатынасты тығыз жүргізу қажет. Бұл - СПИД - ке қарсы қолданылатын дәріні және вакцинаны жасауды тездетудің бірден - бір жолы.

Зерттелу дәрежесі: СПИД ауруының зерттелу дәрежесі жайындағы проблемаға қатысты үлес қосқан шетел ғалымдарының ішінде француз ғалымы Л. Монтанье. Сонымен қатар АҚШ пен Еуропа және Азиядағы көптеген ғалымдар емі табылмаған бұл дертке қарсы көп еңбектер жасалуда. Айта кететін жәйт Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі де өте зор.

Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі: Қандай қоғамда болмасын адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, қамын жасағанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болады.

Осы ретте әлеуметтік жұмыстың теориясына тоқтала келіп, негізгі концепциялары мен категорияларына түсінік береді. Сондай - ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің дамуының тарихи кезеңдерін, ондағы қабылданған заңдар жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдардың және олардың бағдарламаларын атап өтеді. Ал, әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырып өтеді.

Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін, қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін айтуымыз керек.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - СПИД ауруына шалдыққандармен әлеуметтік жұмыстың Қазақстан Республикасында және басқа да Европа елдеріндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму тарихы мен ондағы негізгі ұйымдарды және олардың бағдарламалары мен ережелерін таныстыру. Сонымен бірге, бұл жұмыста СПИД ауруы қандай жолмен таралуда, осы тұрғыда қиын проблемаларды жан - жақты талқылап, баяндайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері мен БҰҰ - ның әлеуметтік жұмыс арқылы жүргізген мәліметірі бойынша әлемде қазір СПИД ауруына талдаулар жасай отырып, сараптама жасау. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • СПИД-ке әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау;
  • СПИД ауруына қарсы күрес ұйымдастыру және алдын алу жолдары;
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгіне отырып диаграммалық кестелер жасау;
  • Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы СПИД дертіне шалдыққандарға әлеуметтік көмектің жасалуын ашып көрсету.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.

Жасалған әлеуметтік жұмыстарға қарайсақ, СПИД дертіне шалдыққандардың ішінде әйелдер мен ерлер, байлар мен кедейлер, жастар мен егде тартқандар, терісінің түсі де әртүрлі адамдар бар. СПИД-ке әзірше дауа жоқ болып отыр, бір ғана жол бар - ол СПИД ауруының алдын алу.

Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыны мен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметтерге жүгіне отырып әлеуметтік талдаудың және сараптамалардың жасалуында.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша қолданылған метериалдардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I СПИД ХХ - ХХІ ҒАСЫР ІНДЕТІ

1. 1 Кең таралған дерт - СПИД-ке әлеуметтік талдау

Дүениежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өкілінің 1989 жылғы 5 қаңтарындағы хабарында жер жүзінде 1988 жылдың 31 желтоқсанына дейін СПИД ауруы 142 елде тіркелгені айтылған. Оларда 132976 ауру болды. Ал,, тоғыз айдан кейін, 1989 жылдың 4 қазанда бұл сырқат жер шарының 152 мемлекетінде табылып, оларда ауру саны 177965 - ке жетті. Дәл қазір бұл аурудың эпидемиядан (жұқпалы аурудың бір құрлық ішінде таралуы) пандемияға (жұқпалы) аурудың жер шарындағы барлық құрлықтарға таралғанын барша жұрт біледі. Айта кету керек. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы аурудың анық түрін ғана тіркейді. Соның өзінде де ауру саны жөніндегі анық мағлұматтар тек қана Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропа мемлекеттерінен алынады. Басқа елдерде, әсіресе, жаңадан дамып келе жатқан мемлекеттерде СПИД - пен ауырғандарды толық тіркеу мүмкіншілігі төмен болып отыр. Ал, кей елдерде „”туристер келуі азайып кете ме” деген ағат түсінік салдарынан СПИД - пен ауырғандар санын төмендетіп көрсету де орын алып келеді. Мысалы: көптеген мемлекеттер, әсіресе, Африка регионындағы елдер жоғарыда аталған ұйымға анықтама деректі соңғы рет 1987 жылдың шілде - желтоқсан айларында ғана берген. Сол сияқты дүниежүзі халықтарының басым көпшілігі тұратын Азия құрлығында 1988 жылдың 1 маусымындағы мағлұмат бойынша бар жоғы 254 СПИД - ке шалдыққан ауру бар екені тіркелген.

Соңғы деректерге қарағанда, СПИД - пен ауырғандардың саны АҚШ - та - 100885 адамға, ал Еуропада 15414 адамға жеткен.

СПИД ауруының эпидемиясын зерттеуде басты көңіл аударатын нәрсе - СПИД ауруын жұқтырғандар немесе оның вирусын тасымалдаушылар саны. Себебі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының белгілі маманы Джонатан Манның ойынша дәл қазір жер жүзінде СПИД вирусымен зақымданғандар саны 5 - 10 миллионға жетті. Таяудағы 5 жыл ішінде осылардың 10 - 30 проценті ауырады. Басқаша айтқанда бұл жаңадан 500 мыңнан 3 миллионға дейін ауру қосылады деген сөз.

Келтірілген мәліметтер СПИД - пен ауырғандардың шын санын ешкім анық білмейтінін көрсетеді. Сондықтан да болар, көптеген ғалымдар алға қойған медициналық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларға орай СПИД пандемиясын тек ядролық апатпен салыстырады.

АҚШ - тың ауруды бақылайтын Ұлттық орталығының өкілі доктор Карранның болжамы бойынша, 1991 жылы СПИД ауруы АҚШ - та бақытсыз, тосын жағдайлардан болатын өлімнен кейін екінші орынға шығады. Осы уақыт ішінде АҚШ - та СПИД - тен өлгендер саны 179 мыңға, ал әр жыл сайын өлетіндер саны 54 мыңға жетпек. Осы ауруға қарсы күресті ұйымдастыру үшін мемлекет жылына 66 миллиард доллар жұмсауы керек екен.

Жапонияда 1989 жылдың тамыз айының аяғында берілген статистикалық деректерге қарағанда, СПИД ауруына ұшыраған 106 адам тіркелген, оның 63 - і қаза болған. СПИД вирусымен зардапталғандар саны 7 мыңнан асады және ол өсіп келеді. ХХ ғасыр обасының көбею және тарау жылдамдығы Жапония үкіметі басшыларын алаңдатуда. Олар ауруға қарсы күрес программасын қабылдауға мәжбүр болды. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті үкімет өкілдері қажет деп тапса, ауру таратушыларды тексеруден өткізуге, еріксіз жіберуге құқысы бар. Шет елдерден, олардың ішінде АҚШ - тан келгендерді міндетті түрде тексеруден өткізу қажеттігі жайлы үкімет шешім қабылдады. Себебі, СПИД ауруын Жапонияға таратушылардың басым көпшілігі американдықтар деп есептеледі. Осы заңға сәйкес тексеруден бас тартқан азаматтарға 100 мың иенге дейін айып салуға болады. Медицина қызметкерлері тиісті органдарға қанынан СПИД вирусы табылған адамдар жайлы хабар беріп отыруға міндетті. Сол сияқты медицина қызметкерлері мен өкімет өкілдері СПИД - пен ауырғандар жайлы мәлімдеттерді жария етпей, құпия сақтауы тиіс. Егер бұл шарт бұзылса, олар заң бойынша 300 мың иенге дейін айып төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының хабарына қарағанда, соңғы уақытта Франция СПИД - пен ауырғандар саны бойынша АҚШ пен Швейцариядан кейінгі үшінші орынға шығып (7149 адам) отыр. Осыған байланысты Францияда 1988 жылы СПИД ауруына қарсы күреске 930 миллион франк бөлінді.

1988 жылғы наурыз айының соңында Мысырдың денсаулық сақтау органдары өз елінде СПИД - пен ауырған 36 адамның тіркелгенін хабарлады. Олардың 20 - сы - шет елдік, ал 16 - сы - СПИД - пен шет елдерде зардапталған мысырлық азаматтар.

Заир үкіметі барген статистикалық деректер бойынша мемлекет астанасы Киншаса қаласында СПИД - пен ауырған 400, оның вирусымен зардапталған 300 мыңға жуық адам бар екен. Осыған қарағанда Заир мемлекеті орталық Африка мемлекеттер арасында СПИД ауруы өте кең тараған мемлекет болып отыр. Сондықтан да СПИД - ке қарсы күреске бұл елде басқаларға қарағанда әлде қайда көп көңіл бөлінуде.

Заир мемлекетінің ауылды жерлерінде СПИД вирусын тасымалдаушылар саны қалалардағыдан аздау көрінеді. Сол себепті, Заир Денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрі Игандау Кабейя Киншаса қаласы тұрғындарының 8 - 10 проценті, ал елдің Лумумбаши, Колвези, Кисангани сияқты басты қалаларында осыған таяу СПИД вирусын тасымалдаушылардың барлығын айта келіп, СПИД ауруы қалаларда үлкен проблемаға айналғанын атап көрсеткен еді /1/.

Батыстағы көптеген мемлекеттерде СПИД ауруымен жиі ауыратын „қауіпті топқа” нашақорлар мен гомосексуалистер, ал Заирда жезөкшелер, туберкулезбен және безгекпен ауыратындар жатады екен.

Болашақ бағдарлауларға қарағанда, Заирда жыл сайын 1 - 3 процентке дейін азаматтар аурудың вирусын тасымалдаушылар қатарына қосылмақ.

Қазіргі кезде социалистік мемлекеттердің көпшілігі СПИД ауруы әзірге көп тарамаған мемлекеттер қатарына жатады. Бұл мемлекеттерге СПИД көбінесе шет елдерден келген азаматтар арқылы тарауда.

Еуропадағы социалистік мемлекеттер СПИД ауруымен күрес жүргізудің қажеттігін бір уақытта түсініп, алғашқы шараларды іске асыра бастады. Әрине, бұл күресті ұйымдастыруды әр мемлекет өзінің экономикалық, медициналық және емдеу - профилактикалық мүмкіндіктеріне сай жүргізуде.

Болгарияда СПИД - ке қарсы бағытталған күрес 1983 жылдан басталды. Қазір 300 мыңға жуық болгарлық және шет елдік азаматтар арнаулы тексеруден өткізілді. Олардың арасында ең алдымен тексерілгендер - қан тапсырушы донорлар, үйленгендер, кейбір екі қабат әйелдер және 8 мыңға таяу жезөкшелер, нашақорлар мен гомосексуалистер. Елде СПИД вирусын анықтауға бағытталған 46 лабароториялар арқылы апта сайын 20 мыңға дейін адамдар тексеруден өтуде. СПИД - пен ауырғандарды елге өткізбеу үшін Болгарияның барлық шекаралық пункттерінде арнаулы медициналық қызмет ұйымдастырылған. Осы тексерулер арқасында елде СПИД вирусын тасымалдаушы болгарлық - 50, шет елдік - 50 азаматтың бар екені анықталды. 1986 жылы Болгарияда СПИД - тен бір адам қаза болды.

СПИД - ке қарсы көптеген шаралар Германияда да іске асуда. Қысқа уақыт ішінде елдегі қан тапсырушы донорлар, жиылған қан мен қан препараттары түгелімен лабораториялық тексеруден өткізілді.

Өзінің СПИД - пен ауыратынын жасырушылар Германияда заң жүзінде айыпты деп танылады. Заң бойынша СПИД - пен ауырғандар жайлы мәліметтер тиісті органдарға міндетті түрде хабарланады, ал ауырғандар емделеді. Қажет болса, өз аты - жөнін айтпай анонимді (жасырын) түрде лабораториялық тексеруден өтуге жағдай жасалады. Осындай кең жүргізілген шаралар арқасында Германияда СПИД ауруы онша кең өріс алмай келеді. 1988 жылы СПИД вирусын 80 адам ғана тасымалдайтыны тіркелді, оның 45 - і Германияда тұратын шет елдіктер. Аурудың анық түрі төрт адамнан табылған, оның екеуі қайтыс болды.

СПИД - қарсы жан - жақты күрес Польшада да жүргізілуде. Қазіргі уақытқа дейін лабоаториялық бақылаудан 500 мыңға жуық азаматтар өткізілді. Ең алдымен тексеруден өткізілгендер шет елдік студенттер және СПИД көп тараған шет елдерде жұмыс істеп келген поляк азаматтары.

Қытай халық Республикасында СПИД - ке қарсы күрестің басты бағыты - оны өз шекарасынан өткізбеу Елде бар жоғы төрт азаматтан СПИД вирусы табылған, олардың бәрі шет елде жүргенде зардапталған деп есептеледі. Гемофилиямен (қан ұю) ауырған біраз азаматтар шет елдерден әкелінген СПИД вирусы бар қан препараттарын құю арқылы ауырған. Сондықтан қазір Қытайда шет елден қан сатып алуға тыйым салынды және осы жайлы арнаулы заң қабылданды.

Будапештте өткен пресс - конференцияда (1988) Венгрия Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау минстірлігінің өкілі елде СПИД проблемасымен айналысатын арнаулы комиссия құрылғанын атап өтті. Осы комиссияның хабарынка қарағанда, 1988-жылдың апрель айының соңына дейін Венгрияда СПИД - пен аурған 11 адам тіркеліп, оның төртеуі қайтыс болды. СПИД вирусымен зақымданғандар саны 150 - ге жетеді, оның 18 - і шет елдік азаматтар.

Венгрияда СПИД - тің алдын алу мақсатында жүргізілетін шаралардың ең бастысы - халық арасында оған қарсы профилактикалық шараларды кең уағыздау.

СПИД вирусы жайлы мағлұматтарды барша жұртқа жеткізу. Сонымен қатар, елдегі барлық медицина мекемелерінде жиналған қан және қан препараттарын лабораториялық бақылаудан өткізу қолға алынуда.

Қатерлі СПИД ауруымен күресу мақсатымен Куба астанасы Гавана қаласының бір ауланында барлық халықты арнаулы тексеруден өткізу басталған. Тексеруден өту әркімнің өз еркіне байланысты. Дегенмен, Куба медиктері „барлық адамдардың тексеруден өтуі өздеріне пайдалы” деген ойды түсіндіруге барлық күш қуатын жұмсауда. Соның арқасында Кубадағы 10 миллион адамның 1 миллион 650 мыңы тексеруден өтті.

Кубаның СПИД жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1988 жылғы сәуір айындағы есебі бойынша, 190 адам СПИД вирусын тасымалдаушы болып есептеледі, 21 адам СПИД - пен ауырып, 6 адам қаза болған.

Жоғарыда келтірілген деректер АҚШ - пен, кейбір Африка және Европа елдерімен салыстырғанда социалистік мемлекеттерде СПИД - аурының әлі де болса онша кең етек ала қоймағанын көрсетеді.

Бұрын бізге беймәлімдеу болып келген жұқпалы дерт, ғасыр тажалы атанған СПИД туралы әңгіме 1981- жылы АҚШ басылымдарында айтыла бастады. Содан бері бұл мәселе өршіп, әңгіме тереңдей түспесе, бәсеңсіген емес. Тіпті ол жыл өткен сайын тойтарыс бермес тажалдығымен үрейлендіре түсуде. Демек, СПИД „сері” дүние жүзі халықтары арасындағы сергелдеңін тыймай отыр. Егер БҰҰ - ның мәліметтеріне көз жіберсек, дәл қазіргі кезде 46 милион адам осы дертке ұшырап, оның 25 милионы қайтыс болған. Бұл қауыпті науқастан Қазақстанда құры алақан емес. Деректерге қарағанда 2000 - жылмен салыстырғанда онымен ауратындар саны 2001 жылы 4 есеге көбейген. Аурудың асқынуы дәрігерлерді ғана емес, жұртшылықты да алаңдатып отыр. Соған байланысты жыл сайын 1 - желтоқсан СПИД - пен күрестің бүкіл дүниежүзілік күніне орай айлық жарияланып, әртүлі тақырыпта шаралар ұйымдастылады.

Соның бірі - Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті мен қалалық СПИД - ке қарсы күрес орталығының ұйымдастырумен жыл сайын өтетін „Ғасыр дертіне тойтарыс қажет” деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел. Онда, СПИД аурумен күрес мәселесі, өткен жылдың желтоқсан айында қабыданған Қазақстан Республикасында СПИД - пен күрестің 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге қалай асқандығы мәселесі кеңінен сөз болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар СПИД - тің алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік және арнаулы орта, жоғары оқу орындары студенттері арасында СПИД туралы, басқа да жыныс қатынасы мен қан арқылы жұғатын жұқпалы аурулар туралы әңгімелерді жиі өткізіп тұру, жас ұрпақ санасына салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын кеңірек сіңіру қажеттлігін айтты. Жалпы, мұндай шаралар белгіленген күндер аясында ғана емес, жоспарлы түрде ай сайын өткізілсе деген ұсыныстар айтылды.

СПИД - туралы мағұлматтар біздің азаматтар құлағына жағымсыз естілуі де мүмкін. Дегенмен, тоқырау кезеңінде көптеген жылдар бойында кейбір проблемалар жоққа саналып, айтылмай немесе проблемалар деңгейі кішірейтіліп келгені мәлім. Бірақ бүгінде эпидемиялық салауаттылық елімізде алаңдатушылық туғызуда. Индустуриясы дамыған елдер арасында жалпы жұқпалы аурулар саны жағынан Кеңес Үкіметі кезінде көш бастап келген. Әрине, бұл тоқырау жылдарының жемісі екені белгілі. Сондықтан да өте қатерлі СПИД ауруына байланысты да „осы қайғылы статистика қайталанбас па екен?„ деген ой еліміздегі әр азаматқа терең ой салуы да заңдылық. Міне, осы СПИД ауыруының кең таралуына жол бермеу үшін біздің елімізде не істеліп жатыр, қандай маңызды шаралар іске асырылуда, осыған қысқаша тоқталайық.

Кеңес Үкіметі кезінде сыртқы істер минстрлігінің хабарлама бақармасының бастығы Г. И. Герасимовтың айтқанындай, 1988 жыдың аяғына шейін Кеңес Үкіметінде 17 милионнан астам адам тексеруден өткен. Осының нәтижесінде елімізде 112 кеңестік, 343 шет елдік СПИД вирусын тасымалдаушы азматтардың барлығы анықталды. 1989 жылы қыркүйек айының аяғында советтік вирус тасымалдаушылар саны 338 - ге жеткен. Шет елдік азаматтардың басым көпшілігі өз елдеріне қайтарылған. СПИД - пен анық ауратындар - 15, оның 10 - ы қаза болған.

Кеңес Үкіметі кезіндегі азаматтар арасында СПИД вирусын тасымалдаушы ең алғашқы адам 1986 жылдың наурыз айында табылған. Ал, СПИД - пен анық ауыратын алғашқы науқас 1987 жылдың 12 наурызында анықталды.

СПИД ауруы жер жүзінің әр территориясында және әрбір халық топтары арасында әртүрлі жолдармен таралған.

АҚШ, Батыс Еуропа, Канада, Латын Америкасы, Австралия және Жаңа Зеландия мемлекеттерінде бұл аурумен негізінен ауратындар гомосексуалистер (бір жыныстағы адамдардың табиғи заңынан тысқары жыныстық қатынасы) . Олардың үлесінде СПИД - пен ауырғандардың 75 проценті, нашақорлар үлесіне - 15-20 проценті, қан құю арқылы жұқтырғандар үлесіне - 1 проценті тиеді. Дегенмен, аурудың таралу жолдарын нақты анықтау мүмкін емес.

Әр топта СПИД дертінің осылай таралуы - мемлекет аралық қатынастарға ғана байланысты емес, Батыс елдерінде әсіресе АҚШ-та кең тараған „сексуалды революцияның” нәтижесі. „Адамның бас бостандығы” деген көпірме сөзден көлеңке табатын „сексуалды революция” әдепсіз жыныстық қатынастарға кеңінен жол ашты. Мысалы 70-ші жылдардың тиісті органдардың рұқсатымен АҚШ-та ашылған гомосексуалистер клубтарында 5 миллионға жуық мүше болған. Бұл сияқты жыныстық қатынастар кезінде жыныстық мүшелердің шырышты сілекей қабығы жиі жараланып, СПИД вирусымен зақымдалған ұрық (шәукет) арқылы ауру әріптесіне ауысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбас сүйектері
Сүйек тінінің дамуы
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция
Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуында ішкі және сыртқы факторлардың өзара әсері
Нәпсілік қатынас және денсаулық
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Жыныстық тәрбиенің негізгі бөлімдері
АИТВ - ның берілу жолдарын анықтау
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz