Макиавелли Николло



Кіріспе
Макиавеллизм
Қорытынды
Никколо Макиавеллидің әкесі - Бернардо Макиавелли мен анасы - Бартоломея ди Стефано Нелли әйгілі байырғы тектерге жатады, олардың өкілдері Италияға, әсіресе Флоренцияға ондаған әскери қолбасшыларды, үкіметтердің басшыларьш, діни кайраткерлерді берген. Оның әкесі заңгер болды және, сірә, осының арқасында да Макиавелли балалық шағынан заңтанудың негіздерімен танысу мүмкіндігіне ие болса керек.
Макиавелли ізгілікшілдік бағытын ғимараттың есігінде ілінген Дантенің бюсті бейнелеген Флоренцияның жекеше мектептерінде және қала мектебінде оқыды. Бала Паголо Рончильоне мектебінде латын тілін жаксы меңгерді. Қаражаттың тапшылығьшан отбасы оның одан әрі университетте білім алуын камтамасыз ете алмаса да, өздігшен білімге құштарлығы, атап айтканда - латын авторларын тұрақты үйренуі арқасында Макиавелли біркатар ғылымдарды кеңінен танып, өз дәуірінің аса білімді адамы деп есептелді.
29 жасында, 1498 жылдың мамыр айында белгілі діни реформаты Д. Савонароланы (1452-1498) өлім жазасына кескеннен кейін, Макиавелли Флоренция республикасы кеңсесінің ішкі істерін жүргізуші екінші хатшысы болып тағайындалады. Макиавелли 14 жылға жуық аткарған қазметіне қайта сайлану аркылы Флоренция республикасы үкіметінің мемлекеттік хатшысы міндетін орындады. Ол көптеген дипломатиялық сапарларда болды, олардың барысында қандай да бір себептермен ресми елшілерге тапсыру ыңғайсыз болатын тапсырмаларды орынздады, саяси шараларды, әскери науқандарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға катысты, осы кезеңдегі көрнекті саяси қайраткерлермен таныс болды, әр түрлі елдердің және Италияның карым-қатынасын үзген, бытырап кеткен калалар-мемлекеттер патшаларьш тікелей байқап, олармен аралас-құралас болу тәжірибесіне ие болды. Жұмыс істеген осы жылдар ішінде Макиавелли мыңдаған хаттар жазысып, жазбалар алысып, заңдар мен үкімет өкімдерінің жобаларын өзірледі. Макиавелли атқарған кызметтер аса қауырт күш-жігер жұмсауды кажет етті, бірақ мейлінше табысты кызметтер катарына жата да қоймады.
Макиавелли саясат мәселелерінде сұңғыла саясаткер, талантты стратег әрі тактик ретінде кейіннен мемлекет басшысына едәуір ықпалы болып, оның тұрақты кеңесшісі және ондаған жылдар бойы оның оң қолы болып қала берді. Макиавеллидің осы ерекше жағдайы оның жауапкершілігін арттырып, мемлекет қызметінің теориясы мен төжірибесі мөселелерін мұқият ойлана-толғана шешуге итермеледі.
1512 ж. Флоренция республикасы құлағаннан кейін үкімет, оның ішінде оның хатшысы да ауыстырылып, қуғынға ұшырады. Саяси өмірдің кайнаған ортасында ұзақ уақыт болған адамның белсенді саяси қызметі күрт үзілді. Макиавеллиге кандай да бір мемлекеттік кызметпен айналысуға тыйым салынды, ол бір жыл айдауда болып, ал кардинал Джованни Медичиге (кейіннен X Лев папа болған) қарсы қастандық үшін айыпталып түрмеге қамалды.
Осындай жағдайда Макиавелли мемлекеттік қызметтен мәжбүрлі түрде алшактатылып, еріксізден әдеби қызметті таңдап алады. Әдеттен тыс мінез-кұлыкты, уытты тілді, аса зерек те сындарлы ақылман қуғын көрген канцлер адам тағдыр талайымен бүкіл адамзатпен саясат пен қүқық туралы өзінің данагөй төжірибесімен, ой сарабымен бөлісуіне тура келді. Оның өмірдің әусерлі жұбаныштарының ешкімде де болмаған айрықша қасиеті: орасан зор, ұшқыр, шексіз батыл ойы болды. Макиавеллидщ ақыл ойына қайсыбір сәтте ұтымдылық тән болды, бірақ оның сыни сипаттағы күшіне таң-тамаша қалмасқа болмайтын еді. Макиавеллидің талдау кабілетіне шек болмады, бөріне де терең ой жіберіп, соңғы бастауларына дейін зер сала үңілді. Мәселені оқшаулай отырып шешу және оның иманенттік мәнің ашып көрсету шеберлігі ешкімде болған емес. Оның кейбір

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1 КІРІСПЕ
Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауіптен қашады, оңай олжаға жүгіреді.
Н.Макиавелли

Никколо Макиавеллидің әкесі - Бернардо Макиавелли мен анасы - Бартоломея ди Стефано Нелли әйгілі байырғы тектерге жатады, олардың өкілдері Италияға, әсіресе Флоренцияға ондаған әскери қолбасшыларды, үкіметтердің басшыларьш, діни кайраткерлерді берген. Оның әкесі заңгер болды және, сірә, осының арқасында да Макиавелли балалық шағынан заңтанудың негіздерімен танысу мүмкіндігіне ие болса керек.
Макиавелли ізгілікшілдік бағытын ғимараттың есігінде ілінген Дантенің бюсті бейнелеген Флоренцияның жекеше мектептерінде және қала мектебінде оқыды. Бала Паголо Рончильоне мектебінде латын тілін жаксы меңгерді. Қаражаттың тапшылығьшан отбасы оның одан әрі университетте білім алуын камтамасыз ете алмаса да, өздігшен білімге құштарлығы, атап айтканда - латын авторларын тұрақты үйренуі арқасында Макиавелли біркатар ғылымдарды кеңінен танып, өз дәуірінің аса білімді адамы деп есептелді.
29 жасында, 1498 жылдың мамыр айында белгілі діни реформаты Д. Савонароланы (1452-1498) өлім жазасына кескеннен кейін, Макиавелли Флоренция республикасы кеңсесінің ішкі істерін жүргізуші екінші хатшысы болып тағайындалады. Макиавелли 14 жылға жуық аткарған қазметіне қайта сайлану аркылы Флоренция республикасы үкіметінің мемлекеттік хатшысы міндетін орындады. Ол көптеген дипломатиялық сапарларда болды, олардың барысында қандай да бір себептермен ресми елшілерге тапсыру ыңғайсыз болатын тапсырмаларды орынздады, саяси шараларды, әскери науқандарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға катысты, осы кезеңдегі көрнекті саяси қайраткерлермен таныс болды, әр түрлі елдердің және Италияның карым-қатынасын үзген, бытырап кеткен калалар-мемлекеттер патшаларьш тікелей байқап, олармен аралас-құралас болу тәжірибесіне ие болды. Жұмыс істеген осы жылдар ішінде Макиавелли мыңдаған хаттар жазысып, жазбалар алысып, заңдар мен үкімет өкімдерінің жобаларын өзірледі. Макиавелли атқарған кызметтер аса қауырт күш-жігер жұмсауды кажет етті, бірақ мейлінше табысты кызметтер катарына жата да қоймады.
Макиавелли саясат мәселелерінде сұңғыла саясаткер, талантты стратег әрі тактик ретінде кейіннен мемлекет басшысына едәуір ықпалы болып, оның тұрақты кеңесшісі және ондаған жылдар бойы оның оң қолы болып қала берді. Макиавеллидің осы ерекше жағдайы оның жауапкершілігін арттырып, мемлекет қызметінің теориясы мен төжірибесі мөселелерін мұқият ойлана-толғана шешуге итермеледі.
1512 ж. Флоренция республикасы құлағаннан кейін үкімет, оның ішінде оның хатшысы да ауыстырылып, қуғынға ұшырады. Саяси өмірдің кайнаған ортасында ұзақ уақыт болған адамның белсенді саяси қызметі күрт үзілді. Макиавеллиге кандай да бір мемлекеттік кызметпен айналысуға тыйым салынды, ол бір жыл айдауда болып, ал кардинал Джованни Медичиге (кейіннен X Лев папа болған) қарсы қастандық үшін айыпталып түрмеге қамалды.
Осындай жағдайда Макиавелли мемлекеттік қызметтен мәжбүрлі түрде алшактатылып, еріксізден әдеби қызметті таңдап алады. Әдеттен тыс мінез-кұлыкты, уытты тілді, аса зерек те сындарлы ақылман қуғын көрген канцлер адам тағдыр талайымен бүкіл адамзатпен саясат пен қүқық туралы өзінің данагөй төжірибесімен, ой сарабымен бөлісуіне тура келді. Оның өмірдің әусерлі жұбаныштарының ешкімде де болмаған айрықша қасиеті: орасан зор, ұшқыр, шексіз батыл ойы болды. Макиавеллидщ ақыл ойына қайсыбір сәтте ұтымдылық тән болды, бірақ оның сыни сипаттағы күшіне таң-тамаша қалмасқа болмайтын еді. Макиавеллидің талдау кабілетіне шек болмады, бөріне де терең ой жіберіп, соңғы бастауларына дейін зер сала үңілді. Мәселені оқшаулай отырып шешу және оның иманенттік мәнің ашып көрсету шеберлігі ешкімде болған емес. Оның кейбір қисынды операцияларыньщ батылдығы өзінің замандастарын ғана емес, сонымен бірге ендігі жерде көптеген ғасыр бойы иезуит-тердің ашуызасын келтіріп, мораль айтушыларды азапка салды және буржуазиялық ғалымдардың жүйкесін тоздырды.
МАКИАВЕЛЛИ ЖӘНЕ САЯСАТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ҒЫЛЫМ. САЯСАТТЫҢ МОРАЛЬДАН БӨЛІНУ
Макиавелли өзінің саясат туралы пайымдауларында қоғамдық пікірдің, коғамдық сананың таптаурындарының, апологетиканың саяси дәстүрлерінің және биліктің мақсаттары мен іс-әрекеттерін бүркемелеудің "гравитациялык өрісінен" шығандай шығып, адамдардың қылықтарын өз атымен атап, олардың алдында тұрған мақсаттарын, олардың көздеген мүдделерін нақты анықтай алды. Макиавеллиді он бес жылдай іс жүзінде саяси енжарлық қызметке Медичидін тартуы тағдырдың қаруы болды - тарих үшін Макиавеллидің, әлбетте, әдеби шығармалары, теориялық қорытындылары мен көкірек-көзінің оянуы аса маңызды болды. Саяси енжарлығы мен әдеби белсенділнінің осы жылдарында ол "Патша" (1513 ж.), "Тит Ливийдің бірінпгі онкүндігіне арналған пайымдаулары" (1513-1516 жж.), "Мандрагора" комедиясы (1518 ж.) "Соғыс өнері туралы" ғақлиясы (1519-1520 жж.), "Флоренция тарихы" шығармасы (1520 ж. бастап) сияқты және баска да бірқатар шығармаларын жазды.
Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың өзім дегенде түйедей күшім бар деген сиякты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ - саудагерлер мен қолөнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н.Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. Патша деген еңбегінде Н.Макиавелли Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін, - дейді. Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой және сый-сияпат келеді, - дейді ұлы ойшыл.
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік үйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен Н.Макиавеллидің ойьшша, мемлекет адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ.
Н.Макиавеллидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады деген пікірге келеді. Сонымен өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.
Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды жұмаққа өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендердеп есептейді.
Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, - деген ащы пікірге келіп тоқталады ұлы ойшыл.
Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан акталып отырса негізінен алғанда ақсүйектердің ісі болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н.Макиавеллидің көрегендігі - саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын aшy, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап түру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда, саяси технология) жасау болды.
Макиавелли іс жүзіндегі саясат пен саясат теориясын біріктіруге ұмтылыс жасады және оның саясат саласына, саяси оқиғаларды бағалауға қатысты айтқан көптеген идеялары қайсыбір жағдайда әрекет жасау жөніндегі мемлекет басшысына (князге) берген нақты ұсынымдары мен іс жүзіндегі кеңестерінде айтылады.
Князьға мейлінше алдын болжай білетін, бақай есепке жүйрік, кулығын асыратын, бірақ сужүрек ақеүйектер мен неғұрлым қарапайым да сенгіш халықтың әр түрлі көзқарасын салыстыра келіп, Макиавелли ақсүйектер мен халықтың арасында қарамақайшылықтар болған жағдайда баска да бірдей реттерде халықты қолдауға кеңес берді. Ақсүйектерден гөрі, халық неғұрлым дұрыс мақсаттарды көздейді, өйткені бұлардың алғашқылары халықты қыспақта ұстауға, ал ол қыспаққа түспеуге ниет етеді. Флоренция тарихында ол сонымен бірге мынаны атап көрсетті: халық заң бойынша өмір сүргісі келеді, ал ақсүйек оларға әмірін жүргізуге ұмтылады. Мына мән-жайды да ескеру керек, деп ойлайды ол, аксүйек
саны жағынан аз және князь онсыз да іс-әрекет ете алады, оны әр күні құрып, жоя да алады. Халық - көп және билеуші "еріксіз белгілі бір халықпен әманда өмір сүруге тиіс". Халыктың арқасында мемлекет басшысы болған адам онымен достық қатынастарда болуға тиіс. Бірақ халықтың еркінен тыс билікке келген билеуші, Макиавеллидің ойынша, халықты өзінің қорғауына алып, сол халықтың қолдауына сүйенуге тиіс. Қорытындысында тек мынаны ғана айта аламын,- деп жазды Макиавелли, - Князь халықпен достасуға қол жеткізуге тиіс; олай болмаған күнде, мәселе колайсыз орайласқан кезде ол қысылтаяң жағдайға тал болады. Билеуші, Макиавеллидің ойынша, азаматтардың әрқашан барлық жағдайда да патшаға мұктаж болуына қамқорлық жасағаны жөн және азаматтар да оған адал болады.
Мемлекеттік билік және билеушінің қасиеттері туралы Макиавеллидің ілімі
Макиавеллидің саяси теориясының маңызды сәті мемлекетті түсінуге біршама жаңа көзқарас болды. Ол мемлекетті кұбылыс ретінде карастырып, оның мәні нақты өзгермелі нысандарда көрініс табатын қандай да бір нысанға саймайды. Мемлекет (stato), Макиавеллидің ойынша, бұл саяси жағынан ұйымдаскан адам қоғамы, қоғамның белгілі бір жай-күйі. "Мемлекет" термині мен ұғымын айналымға көне заманның ойшылдары - Платон мен Аристотельдің ізашарлары енгізді, сонымен бірге жаңа заманның ойшылдары мемлекет ұғымына жаңа бір қырынан келді,- мемлекетті аса кең көлемде және әмбебап тұрғыда ұғынуы сипатты бола бастады, мүның өзі жаңарған терминологияда да өзінің көрінісін тапты.
Мемлекеттің нысандары туралы пайымдай келіп, Макиавелли көне замандардан бері орныққан және Платонның, Аристотель мен Полибийдің еңбектерінде көрінісін тапқан топтастыруды ұстанды: үш жақсы және олармен өзара байланысты жетілмеген үш нысанды ұстанды. Ол терминологиялық тұрғыда Полибийді барынша костай отырып, дұрыс үш мемлекеттік нысанды - монархияны, аристократия мен демократияны, сондай-ақ жетілмеген, яғни дұрыс емес үш нысанды - зорлык-зомбылыкты, олигархияны және охлократияны бөліп көрсетті, олар тиісінше дұрыс нысандардан өсіп дами алады. Мемлекеттің дұрыс емес нысандары - оның дұрыс нысандарынан ауыткуы: зорлык-зомбылық - бір адамның (монархияның) дұрыс билігінен ауыткуы; олигархия - аздаған бай адамдардың билігі - аздаган адамдардың (аристократияның) дұрыс билігінен ауытқуы; ақыр соңында, көптеген адамдардың, көпшіліктің билігі кезінде - охлократия - тобырлардың билігі демократиядан ауытқу болып табылады. Жақсы мемлекеттік нысандарга қолдау жасау қиынға соғады, олар ұзақ өмір сүре алмайды, бұл тұрғысында олар жетілмегені былай тұрсын, сонымен бірге кауіпті болып табылады.
Макиавеллидің саяси көзқарастарының тағы бір сипатты белгісі - оның релятивизмі (теріске шығарушылығы), қоғамдык өмірді, әр алуан саяси институттарды, мемлекеттік нысандарды салыстырмалы құндылык ретінде қабылдауға ұмтылыс жасауы. Макиавеллидің көзқарасы тұрғысынан, мемлекеттік абсолютті нашар нысанның, - ол мейлі монархия, аристократия, демократия болсын,- болмайтыны сияқты, абсолютті жаксы, кіршіксіз таза мемлекеттік нысан да болмайды. Дүрыс нысандардың бәрі салыстырмалы түрде ғана дұрыс нысандар болады және - қандай да бір өмірлік мән-жайларға, тарихи міндеттер мен жағдайларға, нақты адамдарға, олардың белгілі бір сәйкестігіне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне қатысты жетілген нысандар болады.
Макиавелли көне заман ойшылдарының мемлекеттік нысандардың екінші бір мемлекеттік нысандарына айналуының заңдылыктары көзкарастарын қолдады. Бұл айналудың заңдылык тізбегі оның ұғымында шамамен мынаған саяды. Монархия зорлық-зомбылыққа, катыгез билеушілерге қарсы сөзбайласулар аристрократияның жеңісіне, олигархияда аристократияның біртіндеп дамуы болардьщ билігінің қалыптасуына әкеп соғады. Біртіндеп коғамдағы байлықтың шоғырлануы белгілі бір кезде халыктың наразылығын өріштіп, шегіне жеткізеді, ол олигархтар билігін құлатып, демократияны орнатады. Демократия уақыт өте тобырдың билігіне көшіп, охлократияға айналады, коғам одан құтылудың жолын бір адамның - монархияның тегеурінді күшінен іздеуге ұмтыла бастайды, мүның өзі одан әрі кайтадан зорлық-зомбылықты және т.т.с туғызады.
Қазаң төңкерісінде Ресейде социализмнің орнатыла бастауы, кейін КСРО кезіңде коммунизмді орнату жолында бесжылдықтар сәтті өтпеуі және сол қоғамның шешілмеген мәселелері кеңес халқының социализмнен капитализмге өтуге себеп болды.
Мемлекеттің күші мен тұрақтылығының маңызды факторы - оның билеушісі, билеупгінің қабілеті мен таланты, оның ерік-жігерлі қасиеттері. Мемлекет басшысының тағдыры, кызметі, қадір-касиеті мен кабілеті мемлекеттің өміріне, оның тарихына әсер етеді. Ұлы билеушілер мемлекеттің де мәртебесін өсіреді, сонымен бірге бұл көбінесе қиыншылықтар мен күйзелістер арқылы болады. ... Князьдар өздеріне көрсетілген кедергілер мен қарсылықтарды жеңе отырып, ұлы адамдарға айналады, - деп жазды Макиавелли,- және сондықтан тағдыр, әсіресе мұрагерліктен гөрі, айтулы есімге ие болуды қажет ететін жаңа Князьды ұлықтау ниетіңде болған кезде, оған дұшпандарын әзірлеп, олармен күресуге, оларды жеңіп шығуға және ол үшін дұшпандары аяғының астына төсеген сатылармен жоғары көтерілуге оны мәжбүр етеді.
Тарихта мысал ретінде Абылай ханның билікті және дипломатиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дауірі
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси құқықтық ілімдер
Буржуазиялық дәуірдегі психологиялық ілімнің дамуы
Қайта өрлеу және философиясы
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы саяси ой-пікірлер
Макиавеллидің саяси философиясы
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Саяси ойлар
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Пәндер