Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 Кедейліктің теориялық негіздері5

1. 1 Социологиядағы кедейлікті зерттеудің тарихы5

1. 2 Кедейлік социологиялық категория ретінде13

1. 3 Кедейлікті анықтаудағы ұғымдар мен көрсеткіштер20

2 Қазақстандағы кедейлікпен күрес және оны жеңудің принциптері25

2. 1 Кедейлердің әлеуметтік құрамы25

2. 2 Кедейлікпен күресудегі әлеуметтік институттардың орны33

2. 3 Қазақстандағы кедейлікті жеңудің принциптері39

2. 4 Кедейліктің ерекшеліктері мен факторлары41

Қорытынды47

Қолданылған әдебиеттер тізімі50

Реферат.

“Кедейлікті жеңудің принциптері” тақырыбында жазылған магистрлік диссертация қоғамның алдында тұрған өзекті проблемалардың біріне - кедейлікке арналған.

Кедейлік бүгінгі таңда жеке мемлекеттердің емес, әлем жұртшылығын мазалап отырған глобальды мәселе. Әлемдік Банктің 2000 жылғы есептеріне сәйкес, әлемде 2, 8 млрд. кедей бар.

Аталған жұмыстың басты мақсаты - шетелдік және отандық ғалымдардың кедейлік проблемасын зерттеуін қарастыра отырып, оның әлеуметтік мәнін түсінуге талпыныс жасау.

Кедейлік толық зерттелмеген тақырып. Сонымен қатар бұл ұғымның нақты қалыптасқан анықтамасы жоқ. Бұл, ең алдымен, кедейлік проблемасының күрделілігін көрсетеді. Осы проблеманы жеңу әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асады, сол себептен оған басты фактор маттериалдық негіз болғандықтан, экономикалық факторларды қарастырумен қатар басқа да факторларға үлкен көңіл бөлінді.

Қазақстандағы кедейлер құрамын анықтау да басты мәселелер қатарына жатады. Кедейлікпен күрестің маңызды принциптерінің бірі - адрестіліктің болуы осы жағдаймен тығыз байланысты. Сипаты жағынан отандық мақсатты топтар ТМД мемлекеттеріндегі кедейлік құрамымен ұқсас.

Қазіргі кездегі кедейлерді шартты түрде екі топқа бөліп қарастыруға болады: “жаңа кедейлер” мен “дәстүрлі кедейлер”. “Дәстүрлі кедейлер” кеңес өкіметі тұсында да болған әлеуметтік топтар болса, “жаңа кедейлер” кейін пайда болған бюджетті сала қызметкерлері, маргиналды топтар. Кедейлікті кешенді түрде қарастыру нақты проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді.

КІРІСПЕ

Қоғам даму барысында әртүрлі сипаттағы проблемаларға кезігеді. Магистрлік диссертация осындай проблемалардың бірі кедейлікке арналған. Бұл мәселенің соңғы он жылдан астам уақыттан бері күрделі сипатқа ие болып, әлеуметтік мәселе ретінде көрінуі осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Аталған жұмыстың зерттеу объектісі болып кедейлер әлеуметтік топ ретінде қарастырылады.

Пәні кедейліктің қоғам өміріне әсері және оны жеңудің жолдарын іздестіру болып табылады.

Магистрлік жұмыс екі негізгі бөлімге бөліне отырып, қарастырылған. Бірінші бөлім кедейліктің тарихына, кедейліктің социологиялық категория ретіндегі өзіндік белгілерін қарастыруға және оны анықтауда қолданылатын ұғымдар мен көрсеткіштерге арналған. Бұлар магистрлік диссертацияның теориялық маңызын көрсетеді.

Екінші бөлім кедейлерлің әлеуметтік құрамына, әлеуметтік институттардың проблеманы шешудегі орнына, кедейлікті жеңудің принциптеріне және факторлары мен ерекшеліктеріне арналған. Бұл шаралар магистрлік диссертацияның мақсатын анықтайды.

Тарихсыз пәннің теориясы жоқ, бірақ пәннің теориясысыз оның тарихы туралы ой да болмайды, себебі сол пәннің зерттеу заты, мазмұны туралы түсінік болмайды деп Н. Г. Чернышевский айтқандай, магистрлік жұмыс ең алдымен кедейліктің шетел және отандық социологтарының зерттеулерін қарастырудан басталады.

Кедейлік посткеңестік аймақ үшін дұрыс зерттелмеген салалардың бірі. Оған терең көңіл бөліну тек ХХ ғ. 90-шы жылдарынан бастама алады. Посткеңестік аймақта кедейліктің зерттелуі Л. А. Беляева, В. С. Сычева, Л. С. Ржаницына, т. б. ресейлік социологтардың, ал Қазақстанда К. Ү. Биекенов, М. С. Әженов, М. С. Садырова, З. Ж. Жаназарова, т. б. социологтардың есімімен байланысты.

Шетелдік зерттеушілер бұл проблеманы ғылыми тұрғыдан 200 жылдай уақыт бойы зерттеп келеді. Отандық ғалымдар ғылыми ізденіс жүргізуде көбінде Батыс Европа және АҚШ ғалымдарының еңбектеріне сүйенеді. Бұл сол кездегі кедейліктің сипатын қазіргі кездегі күйімен салытыруға және әр кезеңдегі кедейлердің қажеттіліктерінің өзгеру динамикасын байқауға мүмкіндік береді.

А. Смит, Т. Мальтус; Г. Спенсер, т. б. классиктердің еңбектерін қарастыра отырып, кедейлік бұрыннан әлеуметтік және индивидуалды проблема ретінде қарастырылып келе жатқандығын көруге болады. Бұл жағдай әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Кедейлікпен күресуде көптеген бағдарламалар жасалуда, өзіндік жұмыспен қамту мәселесіне де көңіл көп бөлінуде. Бірақ өз жағдайларын түзетуге талпынбайтын, тағдырларын ойламайтын “әлеуметтік тұңғиыққа” түсіп кеткен қоғам өкілдері қазір де бар. Олар маргиналды топ өкілдері немесе андекласс деп те аталады. Ғалымдар кедейлікті негативті құбылыс ретінде бағалай отырып, қоғамдағы басқа да әлеуметтік құбылыстар сияқты бар болуға құқықты құбылыс, заңдалық ретінде де анықтайды.

Қазақстан және Ресей социологтары социологиялық және статистикалық зерттеулер жүргізу барысында, кедейлікті қоғам өмірінің деңгейіне, жеке тұлғаларға негативті әсер еткен әлеуметтік құбылыс ретінде түсіндіреді.

Кедейлердің әлеуметік құрамын қарастыру - осы жұмыстың мақсаты. Оны жан-жақты зерттеу, талдау, әлеуметтік бейнесін көрсету, принциптерін көрсету де магистрлік диссертацияның мақсатын анықтайды. Кедейлік ресми деңгейде талқыланбағандымен де, құбылыс ретінде кеңестік дәуірде орын алған. Сол кездегі мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар сияқты дәстүрлі кедейлермен қатар, қазіргі кезең мигранттар, жалақысы төмендер, әлеуметтік ауруларға душар болған азаматтармен толықтырылып отыр. Кедейлердің өз ерекшеліктеріне сәйкес бағдарламалар жасалуда бұл жағдай ескеріледі. Осы аталған мәселелермен қатар, жұмыста әлеуметтік институттардың кедейлікке әсері, оны жеңудің принциптері, факторлары мен ерекшеліктері қарастырылған.

1 Кедейліктің теориялық негіздері

1. 1 Социологиядағы кедейлікті зерттеудің тарихы

а) Батыс Европа және АҚШ-та кедейлік проблемасының зерттелу тарихы.

Социология көптеген гуманитарлық ғылымдар сияқты адамзат дамуына байланысты мәселерді қарастырады. Бұл мәселелер әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бірі қоғам дамуына жағымды әсерін тигізсе, екіншілері шешуді талап ететін күрделі мәселелер.

Осындай орталық мәселелердің бірі - кедейлік мәселесі.

Жалпы, кедейлік шешуді керек ететін мәселе ретінде ежелден белгілі. Мәселен, б. ғ. д. 1750 жылы Вавилонда жақын адамдарды жақсы көру, кедейлерге қамқорлық танытуға шақыратын азаматтық акттер пайда бола бастаған. Осындай іс-әрекет ежелгі Грецияда да “филантропия” атымен (грек тілінен аударғанда адамзатқа махаббат таныту дегенді білдіреді) белгілі болған.

Кедейлік қоғам дамуының барлық кезеңдерінде болып отырған, бар және болады да. Бұл әлеуметтік құбылыс болғандықтан жоюға келмейді, оны зерттеп, күрделі элементтерін жеңілдету арқылы реттеп отыруға болады.

Кедейлік мәселесін батыс ойшылдары да, отандық ғалымдар да зерттеген. Ғылыми тұрғыдан бұл мәселеге XVІІІ ғасырдан бастап көңіл бөліне басталды. Бұл проблема негізінен әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие болғандықтан, оны ең алғашқы болып батыс экономистері қарастырған.

Кедейлікті XVІІІ ғ. А. Смит, Т. Мальтус, Д. Рикардо сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған.

Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзат руының тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана артады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады дейді1.

ХІХ ғ. ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі деген баға береді. “Әлеуметтік статика” атты еңбегінде кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді, яғни өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу мүмкін емес деген көзқарас білдіреді.

Кедейлік, Спенсер бойынша, қоғамдық құбылыс емес, әр адамның жеке проблемасы. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Г. Спенсер, сондай-ақ, оның нақты критерийлерін анықтау мүмкін еместігін өзінің методологиялық тұжырымдамаларында көрсетеді. Қажеттіліктің ең ауыр түрі - қайыршылық - осы құбылыстың жай ғана көзге көрінетін белгісі. Сонымен қатар Спенсер бұл мәселені тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде бағалайды2.

Ф. Гиддингс та Спенсердің ойын жалғастыра отырып, осы құбылысты бір жағынан жоюға болмайтын зұлымдық десе, екінші жағынан әлеуметтік прогресс серігі, әлеуметтік игілік дейді.

Француз ғалымы Ж. Прудон бойынша, кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек өнімділігінің өсуімен қатар ашылады. Ол бұл құбылыстың екі түрін көрсетеді: салыстырмалы және абсолютті. Салыстырмалы түрі адамзатқа тән белгі, өйткені өндіріс өскен сайын адамдардың қажеттіліктері өседі де, белгілі бір себептерге байланысты қоғам талаптарына сәйкес келе алмайды. Ол “негізгі қажеттіліктер” ұғымына тек физиологиялық қажеттіліктерді өтеуге керектілерді ғана емес, сондай-ақ қоғамда ел қатарлы өмір сүруге керекті заттарды да енгізген.

Социолог Э. Реклю “Байлық пен кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең күрделі күйі - қайыршылықты бөліп көрсетеді. Тек негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алатындарды кедейлер санына жатқызып, минимум керекті заттарды есептеп көрсеткен. Оның ойынша, кедейлікті жеңудің шарты - ауыл шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей бөлу керек.

Осы проблеманы зерттеуде үлкен жұмыс атқарған ағылшын ғалымдары, ірі бизнесмендер Ч. Бут пен С. Раунтри болып табылады. Олар ХІХ ғ. аяғында зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию және баспанамен қамтамасыз ету қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут табыс деңгейі және негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға, денсаулық пен жұмысқа қабілеттілікті сақтап отыруға керекті нормалар мен стандарттар сияқты нақты белгілерді анықтауға тырысқан.

Ч. Бут пен С. Раунтри бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Ч. Бут Лондонда және С. Раунтри Йоркта жүргізген зерттеулері арқылы халықтың 30% өмір бойы кедей күйінде болып отыратындығын дәлелдеген3.

Раунтри отбасыларды зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші түрлерін көрсетеді. Алғашқы түрі қаражатты дұрыс қолданудың өзінде отбасы негізгі қажеттіліктерін өтеуге жағдайы келмегенде қолданылса, екінші түрі ақшаны дұрыс қолданбаудың нәтижесінде туындайтын кедейлікке байланысты. Яғни ол алғашқы болып кедейлер мен жай ғана қаражаттарын дұрыс қолданбайтын адамдардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен. Раунтри тек қана негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға керекті отбасының деңгейін есептей отырып, кедейлік шегін анықтаған. Ч. Бут пен С. Раунтридің әдістері мен принциптері кейінгі уақытта осы мәселені зерттеуде үлкен әсер етті.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М. Оршански бюджетті сұраудың мәліметері негізінде тұрмыстың, киіну және т. б. ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80 жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті - табыс деңгейі төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түмеді.

70-шы жылдары тағы бір бағыт қалыптасты. Оған сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелінген. Бұл концепцияның қалыптасуы Маршалл мен Таунсендке байланысты және салыстырмалы жоқшылық концепциясы деп аталады. П. Таунсенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты әйгілі еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір деңгейі мен керекті диетасын ұстануға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі”. П. Таунсенд кедейліктің болуын капитализммен байланыстырады. Оның айтуынша, ағылшындардың 25% үнемі кедейлікте, ал 50% қорқынышта отырады.

Көріп отырғанымыздай, бұл құбылысты ғалымдар әртүрлі сипаттайды. Жалпы, олар бұның пайда болуын әлеуметтік себептермен қатар, жеке адамдардың да өздеріне жеке ерекшеліктерімен байланысты.

Қазіргі кезде кедейлік өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Оны зерттеу көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің басты көңіл бөліп отырған проблемасы ретінде сақталып қалып отыр. Жоғарғы экономикалық деңгейге жеткен Батыс Еуропа елдері пен АҚШ-та әлеуметтік сала ең дамыған салалардың бірі болып табылады. Онда әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қызмет орындары кеңінен дамыған, сондай-ақ кедейлікпен күресуде өз елдерімен ғана шектелмей, басқа да артта қалған елдерде де қызмет атқарады. Кедейлердің әртүрлі категорияларын, түрлі сипаттағы проблемаларды (экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, экологиялық, т. б. ) қарастыратын халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік Банк, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, т. б. с. с. ұйымдардың іс-әрекеті біздің елде де, басқа посткеңестік елдерде де белгілі.

б) Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі.

Отандык ғылымда кедейлік проблемасының зерттелу тарихы шетелдік тарихтан ерекше. Бұл қоғамның саяси бағытына байланысты болды. Елімізде бұл проблема соңғы 10-15 жыл көлемінде кеңінен зерттеліп келеді. Батыс Еуропа және АҚШ ғылымында зерттеулер үздіксіз жүзеге асырылып отырғандығына байланысты отандық ғалымдар көп жағдайда осы елдердің зерттеулерінің мәліметтеріне сүйенеді.

Бұл проблема Кеңес өкіметінің құлауынан кейін өзекті мәселеге айналды. Кеңес өкіметінің негізгі идеологиясы теңдік болғаны баршамызға белгілі, осыған байланысты әлеуметтік топтардың нақты жағдайы туралы мағлұматтар ресми белгілі болмаған.

Бұл кедейлік проблемасы сол кездегі қоғамда болмады деген сөз емес. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде барлық қоғамда кездеседі, бірақ әр елдің даму деңгейіне байланысты олар ерекшеленеді. Сол сияқты кеңестік дәуірдегі кедейлік те белгілі бір дәрежеде болғанымен, өзекті проблема ретінде қарастырылмаған.

Барлық еңбек жасындағы халықты жұмыспен қамту, әртүрлі топтағы көмекті керек ететін адамдарға мемлекеттік тараптан төлемақылардың болуы мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің алғышарттарының бірі болды.

Кеңес өкіметі кезінде кедейлік жойылды деген саясатқа байланысты бұл процесті зерттеу тоқтатылып, “кедейлер” ұғымының орнына “жағдайы төмен адамдар” ұғымы қолданылған.

Адамдардың әлеуметтік жағдайлары туралы зерттеулер өткізіліп отырғанымен де, олар ресми жарияланбаған. Халықтың жағдайындағы айырмашылықтар, өмір деңгейлері туралы мәліметтер кейбір мамандарға және жоғарғы рангтегі билік басшыларына ғана мәлім болған. Осындай сипаттағы мәліметтерді жариялау және бұл мәселені ашық талқылау мақұлданбаған.

Жалпы, кедейлікті зерттеудің тарихына келер болсақ, кеңес өкіметі кезінде С. Г. Струмилиннің бастауымен 1918 жылдың мамыр-маусым айларында Петроградтағы жұмысшылардың бюджеті мен тұрмысы алғашқы рет зерттелген. Кейін бұл жұмыс А. М. Стропанидің басшылығымен жалғасын тауып, КСРО-ның 40 қаласында зерттеу жұмыстары жүргізілген4. Кең түрде бюджетті зерттеудің алғашқы тәжірибесі азаматтық соғысқа байланысты біраз қиыншылықтарға тап болса да, үлкен тәжірибелік мазмұнға ие. Бұл зерттеулердің нәтижелері жұмысшы таптың материалдық күйі, тамақтану жағдайы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 жылы Ташкент, 1922 жылы Орал, т. б. аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер жүргізуге жол ашты.

С. Г. Струмилин жұмыс бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған ақпарат бойынша өмір құны индексін жасап шығарған. Оның методолгиялық жұмыстары Г. С. Полляктың басшылығымен өткізілген жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетін зерттеуге арналған алғашқы бүкілодақтық айлық зерттеудің негізінде қолданылған. Осы аталған зерттеулер Москвада, Петроградта және де басқа ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында жүргізілген. 1923 жылдан бастап осы зерттеулер қараша айында тұрақты жүргізіп отырып, қараша зерттеулері атына ие болып, 1928 жылға дейін ұйымдастырылып отырған. Осы зерттеу барысында 1190 жұмысшы отбасылары, 244 жалғызбасты жұмысшылар және 297 қызметкерлер зерттелген. Осы зерттеулердің жалпы сұрақтары Г. С. Полляктың және Н. А. Филиппованың мақалаларында көрініс тапқан.

Г. С. Полляк “КСРО-дағы жұмысшы таптың өмір деңгейі туралы мәселеге орай” атты мақаласында жұмысшы таптың өмір деңгейін өлшеудің әдістеріне байланысты мәселеге жаңаша қарауға тырысқан. Ол жеке жалақымен қатар жұмысшылардың бюджетіне мемлекеттік тараптан беріліп отырған ақшалай және әлеуметтік жәрдемдердің (ағарту, денсаулық сақтау, мәдени-тұрмыстық, т. б. ) барлығын ескерген.

1918 жылы міндетті минималды жалақы енгізу үшін өмір сүру минимумын есептеуге алғашқы талпыныстар жасалған, бірақ оны есептеудің методологиясы дайын болмаған. Сондықтан өмір сүру минимумы физиологиялық минимум ретінде қарастырылып, негізіне азық-түлікке кететін шығын алынып отырған. Өмір сүру минимумы нақты тұтынуға байланысты өткізілген бюджетті зрттеулердің немесе физиологиялық нормалардың негізінде есептелген. Іс жүзінде бұл есептеулер белгілі бір аймақтың шаруашылық өнімдерінің нақты мүмкіндіктеріне қарай есептелген. Ал бұл көрсеткіш физиолог-ғалымдарының есептеген физиологиялық нормаларынан әлдеқайда төмен болған. Азық-түлікке кететін шығындардың сыбағалы үлесі өмір сүру минимумының жалпы көлемінің 26-72 пайыз аралығын құраған.

Минималды жалақы өмір сүру минимумына тең болған және ол әр аймақта әр түрлі болған. Соған байланысты өмір сүру минимумы да әр түрлі болып, салыстыруға және минималды жалақы орнатуда қолдануға келмеген. Сол себептен де 1921 жылы жергілікті өмір сүру минимумын есептеуден бас тартыла бастады. Кейін бюджеттен көрсетілетін қызметтердің құны тек қана өмір құнының индексін және нақты жалақының динамикасын бағалауда қолданылып отырған. 30-шы жылдардың басында өмір сүру минимумын есептеу толығымен тоқтатылған. Оған себеп болған кедейлікті толығымен жойған социализмнің негіздерінің қалыптасып болғандыға туралы бағыт.

Осы мәселелерді зерттеу бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында 60-шы жылдары жандана бастады, бірақ ондағы мәліметтер қатаң түрде құпияда сақталып отырған. Халықтың жағдайы туралы ақпарат тек бірнеше ғалым-мамандар мен ірі билік басшыларына ғана мәлім болған.

1956-1957 жылдары халық шаруашылығында 27-35 сом көлемінде ресми минималды жалақы енгізілді. Сол кезден бастап алатын жалақысы бойынша жұмыскерлер мен қызметкерлер есептеле бастаған, бірақ бұл мәліметтер 1988 жылға дейін жасырын болған. 1968 жылы ресми минималды жалақы айына 60 сом, ал 1981 жылы 70 сом көлемінде болған.

Кеңес өкіметінің экономисттері мен саясаткерлерінің көпшілігі кедейлер деп елдегі қалыптасқан материалдық жағдайдың орташа деңгейінен табыс көлемдері едәуір артта қалған отбасыларды айтқан. Жағдайы төмендер салыстырмалы түрдегі категория ретінде қарастырылған.

1. 2 Кедейлік социологиялық категория ретінде

Қоғамдық құрылым - социологиядағы орталық мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым дербес қоғамдық құбылыс, біртұтас, нақтылы, өзіндік бөлшектері, элементтері бар әлеуметтік организм. Әлеуметтік құрылым дегеніміз - әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, арақатынастары.

Әлеуметтік құрылымның басты, негізгі элементтері әлеуметтік топтар, страталар, таптар болып табылады. Кеңінен қарастырар болсақ, оны үш үлкен таптарға бөліп көрсетуге болады. Олар - байлар, орта тап өкілдері және кедейлер. Ғалымдардың айтуынша, қоғам дұрыс өмір сүруі үшін қоғамдық құрылымда байлар мен кедейлер адамдардың аз бөлігін және орта тап басым бөлігін құрауы керек. Бай адамдар әрбір қоғамда орын алатын топ, олардың саны көп болмайды. Орта тап қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, алға жетелейтін категориясы ретінде қарастырылады.

Кедейлер де қоғамның өмір сүруінде орын алатын адамдар категориясы және олардың қоғамда өмір сүруі басқа да топтардың өмір сүруі сияқты заңдылық болып табылады. Бірақ кедейлердің шектен тыс көбеюі қоғамның әлсіздіктерін көрсетіп, шешуді талап ететін проблемалардың бар екендігін белгілейді.

Ғалымдар қоғамдық құрылымды әртүрлі геометриялық фигуралар түрінде көрсетеді. Осындай әдісті белгілі социолог Липсет те қолданады. Экономикасы дамыған, халықтың хәл-ауқаты жоғары қоғамның құрылымын ромб ретінде көрсуге болады, ал дамуы жағынан артта қалып отырған, яғни кедейлік деңгейі жоғары қоғамды пирамида ретінде көрсетуге болады.

Ромбты қарастырар болсақ, жоғары жағы мен төменгі жағы аз облып, басым бөлігі ортаңғы жағына, яғни орта таптың үлесіне келеді. Бұл фигура дамыған елдердің құрылымын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
Кедейлердің әлеуметтік топтары
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Мінез – құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде
Жеке тұлға психологиясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz