Территориялды еңбек мобильділігі миграция ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

СОЦИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстандағы еңбек мобильділігі.

Орындаған: IV курс, социология бөлімінің студенті Бейсембаев С. Н.

Ғылыми жетекшісі: соц. ғ. д., проф. Садырова М. С.

Норма бақылаушы: Есимова Д. Г.

Қорғауға жіберілген күні: “ ” 2005 ж

Кафедра меңгерушісі: соц. ғ. д., проф. Садырова М. С.

Алматы 2005

Территориялық еңбек мобильділігінің Әлеуметтік-экономикалық салдары (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

Кіріспе . . . 3

I ТАРАУ. Территориялды еңбек мобильділігін зерттеудің теоретикалық негіздемесі.

1. 1 Еңбек мобильділігі: түсінігі және түрлері . . . 6

1. 2 Территориялды еңбек мобильділігі миграция ретінде . . . 15

II ТАРАУ. Оңтүстік Қазақстан облысындағы территориялды мобильділіктің Әлеуметтік-экономикалық жағдайға Әсері.

  1. Аймақтағы еңбек мобильділігінің ерекшеліктері және даму тенденциясы . . . 19
  2. Еңбек миграциясының еңбек нарығын қалыптастырудағы ролі . . . 25
  3. Облыстық еңбек миграциясының мәселелері және шешу жолдары . . . 31

III ТАРАУ. Еңбек ресурстарының территориялды мобильділігін бақылау жӘне реттеудің маңыздылығы.

  1. Территориялық еңбек мобильділігін реттеудің шет елдік тәжірибесі . . . 38
  2. Қазақстандағы территориялық еңбек мобильділігін реттеудің механизмдері және оларды жетілдіру шаралары . . . 42

Қорытынды . . . 47

Қосымша . . . 50

Сілтемелер . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54

Кіріспе.

“Өмірдегі қозғалыс, қозғалыстағы өмір”, - бұл қарапайым философиялық тұжырымдама жалпы қозғалыстың бұл өмірдегі мәнін көрсетсе керек. Қазіргі қоғамның ақпаратандырылу заманында бұл социология ғылымы тұрғысынан қарастырғанда қоғамдағы қозғалыс түсінігі әлеуметтік мобильділік категориясына сәйкес келеді.

Біздің қарастыратын еңбек мобильділігі мәселесі осы әлеуметтік мобильділіктің бір көрінісі болып табылады. Қазақстандағы еңбек мобильділігін зерттеу қажеттілігі уақыт талабына байланысты туындап отыр. Олай деп айтуымыздың себебі жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту бұған дейін зерттелініп келген қоғамның көптеген салаларындағы құбылыстардың принциптеріне сыни тұрғыдан қайта қарастыруды қажет етеді. Себебі әміршіл-әкімшіл жүйе кезіндегі ғылым мен әлеуметтік өмір тұтасымен идеологиялық шектеулердің ықпалында дамыды.

Ал әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы мен демократиялану деңгейін көрсетететін индикатор болып табылады, себебі жабық қоғамдарда әлеуметтік мобильділік әр түрлі шектеулердің ықпалында болады.

Еңбек мобильділігі түсінігі жағынан кең құбылыс. Ол еңбек сферасына қатысты пайда болатын барлық әлеуметтік қозғалыстарды қамтиды. Күнделікті өмірде оның мысалы көптеп кездеседі: адамның кәсібін өзгертуі, бір жұмыс орнынынан басқа жұмыс орнына ауысу, қызмет шенінің өсуі, (немесе төмендеуі), т. б.

Көріп тұрғанымыздай еңбек мобильділігі көп қырлы құбылыс, оның барлық түрлерін бір зерттеу аумағында қарастыру мүмкін емес. Сол себепті бұл жұмыста еңбек мобильділігінің бір көрінісін - территориялық еңбек мобильділігінің Қазақстандағы ерекшеліктерін қарастыруды мақсат тұтады.

Территориялық еңбек мобильділік - индивидтің жұмыс орнын, мамандығын, кәсібін, қызметін ауыстыруына байланысты бір экономикалық ауданнан екіншісіне қоныс аударуы және әлеуметтік статусының өзгеруі.

Қазақстанда бұл процесс кеңестік жүйе өмір сүруін тоқтатқан соң кең етек жайды. Сипаты бойынша соңғы он бес жыл аралығында екі үлкен ағымға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, соңғы он бес жылдың бірінші жартысындағы жаппай жұмыссыздық әсерінен көптеген жоғары білімі бар қызметшіліердің (оның ішінде бюджеттік жұмыс орындарының қызметшілері) басқа квалификациясы төмен мамандықтарды игеруі, және осылайша жаңа нарықтық қатынастарға бейімделуі (бұл құбылыс толығымен М. С. Садырованың докторлық диссертациясында қарастырылған) . Немесе шет елдерге қоныс аударуы.

Екіншісі, негізінен экономиканың тұрақталуына, және халықтың біршама өмір сүру деңгейінің өсуіне байланысты басқа елдерден шет ел жұмысшыларының жұмысқа орналасу мақсатында қоныс аударуы. Біздің жұмысымыздағы негізгі акцент осы екінші процестің сипатын зерттеуге жасалмақ.

Социологияда бұл құбылысты зерттеу әр түрлі ғылымдар тоғысында қарастырылады. Негізгілері: экономика, демография және саясаттану ғылымдары.

Экономика ғылымы бұл процестің белгілі бір аймақтағы еңбек нарығын қалыптастыруына, жұмысбастылық пен жұмыссыздық балансына әсерін зертейді. Сонымен қатар территориялық еңбек мобильділігіне әсер етуші экономикалық факторларға (жалақы айырмашылығы, табыс көлемі) сипаттама береді.

Демография үшін бұл құбылысты миграция түрінде қарастырудың маңызы зор. Мұнда зерттеу объектісіне жұмыс күшінің иммиграциясы мен эмиграциясы, олардың демографиялық құрылымы (жасы, жынысы, білім деңгейі), және аймақтағы демографиялық жағдайға әсері жатады.

Саясаттану ғылымы ең алдымен еңбек ресурстарының қозғалысының геосаясаттағы ролін анықтайды.

Территориялық еңбек мобильділігінің өзектілігі жоғарыда айтыған аспектіліерге байланысты туындайды.

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның нарықтық экономика құруда жетістіктерге жету нарық талабына сай еңбек нарығын қалыптастыруға тәуелді. Ал сауатты еңбек нарығын елдегі еңбек ресурстарын өндіріс талабына сай орналыстыру, бағыттау және бақылаусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Әсіресе елдегі экономиканың дамуы осы қарқында сақталатын жағдайда, болашақта өндірістің кейбір салаларында мамандардың қажеттілігі өседі. Қазірдің өзінде техникалық мамандардың жетіспеушілігі салдарынан Қазақстан шет елден жұмысшылар әкелуге мәжбүр. Егер елдегі жұмыссыздар санын ескерсек, бұл бағытта арнайы зерттеулер нәтижесінде мемлекет тарапынан іс-шаралар қолданудың қажеттілігі өседі.

Қазіргі таңда территориялық еңбек мобильділігінің бір қыры - еңбек миграциялары мәселесін зерттеудің маңызы зор. Оның ішінде заңсыз миграция мәселесі Қазақстанда ғана емес басқа елдердің де күн тәртібінде тұрған мәселе. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде өркениетті еңбек нарығын қалыптастыру мәселесіне баса назар аудару керектігін айтты. /1/ Сонымен қатар өзекті мәселе ретінде оңтүстік аймақтардағы заңсыз миграция аталды, және осы сұрақты реттеу жұмысын Үкіметке жүктеді.

Қазақстанда әр түрлі эксперттердің айтуы бойынша Қазақстан аумағында 500 мыңнан 700 мыңға дейін заңсыз мигранттар еңбек етеді. Бүкіл әлемдегі экстремизм мен терроризм қаупі төніп тұрған жағдайда бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатер келтіруі мүмкін.

Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеу үшін бір облыс аймағын алу өте тиімді. Оңтүстік Қазақстан облысы географиялық орналасуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша еңбек миграциясын зерттеудің идеалды объектісі бола алады. Себебі бұл аймақта еңбек миграцияларының әсерінен әлеуметтік салада қарама-қайшылыққа ие күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Соңғы он бес жылдағы еңбек ресурстары қозғалысының аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсеріне комплекстік анализ жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Теориялық білімдер арқылы территориялық еңбек мобильділігі мен еңбек миграциясының ара қатынасын белгілеу;
  2. Миграцияның статистикалық көрсеткіштерін пайдалана отырып, аймақтағы жұмыс күшінің қозғалу динамикасына анықтау;
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында еңбек миграцияларының еңбек нарығына және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне әсерін көрсету;
  4. Еңбек ресурстары қозғалысы ықпалынан туындаған, және туындауы мүмкін мәселелер шеңберін жасау.
  5. Сараптама қорытындыларына және шет ел тәжірибесіне сүйене отырып республикадағы территориялық еңбек мобильділігін реттеу мен бақылау механизмдерін жетілдіру жолында ұсыныстар дайындау.

Жұмыстың жазылу барысында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттеу мақсатында, “Репутация” коммуникативтік технологиялар орталығымен жүргізілген эксперттік сұрау нәтижелері пайдаланылды.

  1. I ТАРАУ. Территориялды еңбек мобильділігін зерттеудің теоретикалық негіздемесі.

1. 1 Еңбек мобильділігі: түсінігі және түрлері.

Кез-келген қоғамның экономикалық сферасындағы және өндірістік қатынастар жүйесіндегі сапалық өзгерістер әлеуметтік құрылымға тікелей әсер ететіні даусыз. Социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы трансформациялар және әлеуметтік дифференцациясының жаңа формалары пайда болуының динамикасы өте тез қарқында жүруде. Соған байланысты қоғамда әлеуметтік процестердің өзгергіштігімен, меншіктің әр түрінің пайда болуымен, билік қатынастарындағы қайта құрулармен сипатталатын күрделі құрылым қалыптасып отыр. Осының бәрі бір жағынан субъективтік деңгейде әлеуметтік қабаттар арасында интенсивті әлеуметтік ағымдарды тудырса, ал екінші жағынан жеке тұлға үшін, топтар үшін әлеуметтік жылжу кезінде күрделі кедергілердің пайда болуына себеп болады.

Қазіргі экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастыру, дамыту жағдайында қоғам дамуында әлеуметтік факторлардың ролі өседі. Қазақстанның нарықтық экономикасының ерекшелігі болып еңбек нарығының еркіндігі болып табылады, және нарықтық экономика заңына сәйкес еңбек ресурстарының, жұмысбастылықтың өз бетінше реттелу жүйесі пайдаланылады.

Еңбек мобильділігі - бұл жұмысшының жұмыс орнын ауыстыру барысында өзінің қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орнын ауыстыруына себеп болатын әлеуметтік мобильділіктің бір түрі. Ал қоғамдық еңбек бөлінісіндегі индивидтің орны мен оның атқаратын жұмысының сипаты бұл индивидтің әлеуметтік тұрпатын анықтайтын негізгі қасиеттердің бірі болғандықтан, еңбек мобильділігі әлеуметтік мобильділіктің ажырамас бөлшегі болып табылады, және қоғамның әлеуметтік құрылымына әсер етеді.

2

  • көлденең, индивидтің бір әлеуметтік деңгейдегі топтарда орын ауыстыруы;
  • тігінен, индивидтің немесе топтың әлеуметтік дәрежесі жоғары топқа өтуі;

3

Сонымен бірге П. Сорокин “әлеуметтік кеңістік”, “әлеуметтік каналдар” түсініктерін жан- жақты сараптап, социология ғылымындағы мобильділікті зерттеуде орасан зор үлес қосты.

Жалпы “әлеуметтік мобильділік” категориясын теоретикалық сараптау арқылы келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

  1. Әлеуметтік мобильділіктің құрылымдық функционалдық анализі П. Сорокиннің, Т. Парсонстың, И. Хербердің, Б. Барбердің, М. Болтьенің және басқа да американдық социологтардың жұмыстарында көрсетілген.
  2. Әлеуметтік мобильділіктің эгалитарлық теориясымен С. Липсет, Р. Бендикс айналысты. Олар қоғамның индустриялдық дамуының әлеуметтік мобильділікке әсерін көрсетеді.

XX ғасырдың орта шеніндегі ғылыми-экономикалық прогресс қоғамдық қатынастардың барлық қырларынан көрініс тапты. Әсіресе еңбектік қатынастардың дамудың жаңа сатысына көтерілуіне байланысты қоғамда еңбектің әлеуметтік-экономикалық институт ретінде ролі өсті. Соған байланысты қоғамдық ғылымдарда еңбекті ғылыми жоспарлауға, еңбектік қатынастарды басқаруға қатысты көптеген зерттеулер жүргізілген болатын.

Еңбек мобильділігін зерттеудің алғышарты ретінде жоғарыда айтылған жағдайлармен қоса өндірістерде, экономикалық аймақтарда еңбек тиімділігін арттыру үшін еңбек ресурстарының қозғалысын бақылау, зерттеу қажеттілігінің туындауы әсер етті.

Ең бірінші болып еңбек мобильділігін зерттеумен айналысқан Батыс социологтары болды. Олардың ішінде алғаш рет «еңбек мобильділігі» (“Labour mobility”) түсінігін пайдаланған Г. Парнс пен Г. Палмер болатын.

Кеңес Одағында идеологиялық талаптарға байланысты бұл мәселе бойынша зерттеулер шектеулі көлемде жүргізілді, және бұл зерттеулер теориялық негіз ретінде К. Маркстың таптар теориясына сүйенді. Атап айтар болсақ олар: Т. И. Заславская, Е. Д. Малинин, Р. В. Рывкина, И. С. Ладенко, Н. А. Аитов және т. б.

Т. И. Заславская еңбек мобильділігін экономикалық және социологиялық тұрғыдан зерттеудегі ерекшеліктерді ажырата келіп, бұл мәселені зерттеудегі методологиялық мәселелерге көңіл аударады.

Жалпы Кеңес Одағындағы қоғамдық ғылымдар саяси мотивтерге байланысты Батыстың “буржуазиялық” теорияларымен текетірес бағытта дамығандығы белгілі. Соның әсерінен социология ғылымында сол кездегі жүргізілген зерттеулердің “антибуржиязиялық” сипаты анық байқалады. Мысалы Заславская Т. И. өзінің “Трудовая мобильность как предмет социально-экономического исследования” ғылыми мақаласында еңбек мобильділігін зерттеудегі Одақтық ғылымның Батыстық ғылымнан артықшылығын атап көрсетеді. Оның ойынша Батыстық зерттеулер ең алдымен капиталистердің, байлар табының мүддесін қорғауға бағытталған, ал Кеңес Одағы зерттеушілері жұмысшылардың еңбек қатынастарындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Бірақ сол кездегі ғылыми әдебиетті сараптап қарайтын болсақ еңбек мобильділігін зерттеудегі келесідей ерекшеліктердің куәсі боламыз:

  • жұмысшы күшінің қозғалысы глобалды процесс ретінде қарастырылды, және ғылым оның себептері мен мотивтерін зерттеуден гөрі оны бақылауға көп көңіл бөлді;
  • жұмысшы қозғалысын бақылау жеке тұлғалардың қажеттіліктерінен бұрын өндірістік қажеттіліктерді ескерді, және жұмыс орнын таңдау, ауыстыру мәселелері жеке қалау бойынша емес, әкімшілдік күштеу сипатында болды;
  • социология ғылымының қатаң бақылауда болуына байланысты еңбек мобильділігін зерттеумен дені экономист ғалымдар айналысты, бұндай жағдайда тұлғаның қажеттіліктері ең соңында ескерілмеді;

Н. А. Аитов осы мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізе келе еңбек мобильділігін (жұмыс күшінің қозғалысын) келесідей төрт түрін қарастырады:

  1. демографиялық қозғалыс (зейнетке шығу, жас жұмысшылардың алғаш жұмысқа келуі, декретке шығу, т. б. )
  2. әлеуметтік қозғалыстар (жұмысшының ауылдан қалаға келуі, оқуға кетуі, т. б. )
  3. техникалық прогреске байланысты кадрлер қозғалысы (жаңа мамандықтардың пайда болуы, ескі мамандықтардың жойылуы)
  4. кадрлер тұрақтамаушылығы (текучесть кадров) - жұмысшының өз еркімен кетуін білдіретін, экономикалық тиімсіз және стихиялы құбылыс. /4/

Қазақстанда еңбек мобильділігі тақырыбы салыстырмалы түрде социологияның аз зерттелген аймағы. Әлеуметтік және кәсіби құрылымның жалпы мәселелерімен Н. А. Аитов, М. С. Аженов, Б. А. Алдашев, М. Ф. Пузиков, М. Тажин сияқты отандық зерттеушілер айналысты. Олар негізінен қоғамның құрылымдық өзара байланысының сипаты мен әлеуметтік топтардағы стратификациялық процестерге көп көңіл бөледі.

Қазақстанда ең алғаш еңбек мобильділігін, оның ішінде кәсіби мобильділік тақырыбында зерттеу жасап, диссертация қорғаған - Садырова М. С. Өзінің бұл диссертациясында Садырова Қазақстандағы интеллигенция тобының кәсіби мобильділігінің теоретикалық мәселелерін қарастыра келе, нақты социологиялық зерттеу арқылы 90-ы жылдардағы интеллигенция мобильділігінің динамикасына анализ жасайды.

Экономистер еңбек ресурстарының мобильділігін жұмысшының кәсіби және квалификациялық статусының өзгеруімен, еңбек ресурстарының қайта өндірілуі тұрғысынан қарастырады.

Әлеуметтік психологтар негізінен кадрлер мобильділігін қарым-қатынас, байланыстар жұмысшының белгілі бір топтық ортаға жатуымен байланысты зерттейді.

Ал еңбек мобильділігін зерттеудің социологиялық тұрғысы еңбек мобильділігінің әлеуметтік тегіне, жағдайына, оның әлеуметтік механизмі мен қоғамға, ұжымға тигізетін әсерін зерттеуге бағытталады.

5

Жұмыс күшінің қозғалысын зерттей келе А. А. Сухов еңбек мобильділігін жұмыс күші қозғалысының ерекше формасы деп анықтайды. Оның ойынша жұмыс күші өзінің дамуы барысында еңбекке деген қатынасы өзгеріп отырады.

6

7

8

Еңбек мобильділігі екі бағдарда зерттелінеді:

  • кең мағынада, еңбек әрекетінің барлық динамикалық процестерін, яғни жұмысшының қызметінің кез келген өзгерісін еңбек мобильділігінің көрінісі деп түсіндіріледі;
  • тар мағынада, еңбек мобильділігі бұл нақты тарихи жағдайда жұмысшының еңбектік сипатын өзгертуі арқылы әлеуметтік жағдайын да өзгертуі;

Тар мағынада еңбек мобильділігі эмпирикалық негіздеме ретінде келесі жайттарды енгізеді:

Еңбекке баулу, жұмысқа келу, адаптация, жұмыс орнын ауыстыру (кадрлер тұрақтамаушылығы, миграция), квалификациясын жоғарылату, қызмет көрсету аумағының кеңейуі, жұмыс орнынан кету.

Еңбек сферасындағы новациялар, алдын ала жоспарланудың шеңберінен тыс шығу. Бұл жерде еңбек мобильділігінде жұмысшы дамуының сатысы белгіленеді.

Осылайша еңбек мобильділігі қоғамдық өндірістің формалды құрылымымен (сала, өндіріс, цех) шектелген түрлі орын ауыстырулардың кең шеңберін қамтиды.

Еңбек мобильділігі глобалды процесс ретінде жекелеген жұмысшылардың жұмыс орнын ауыстыру әрекеттерінің жиынтығынан құралады. Осындай әрекеттердің құрылымы мен механизмін зерттеу еңбек мобильділігі туралы теоретикалық ілімдерді қалыптастырудың қажетті элементі болып табылады.

Еңбектік қозғалыстың негізгі алғышарты болып, біріншіден, жұмысшының соған сәйкес стимулының болуы, екіншіден, жұмыс орнын ауыстыруға мүмкіндігінің болуы.

Жұмыс орнын ауыстыру мүмкіншілігі әр түрлі факторлардың қажеттілігімен анықталады: 1) бос жұмыс орын болуы; 2) жұмысшы ол орын туралы ақпараттандырылуы; 3) жұмысшының бос орынға кәсіби-квалификациялық және жеке бас қасиеттерінің сәйкес келуі; 4) индивидпен байланысы бар басқа топтар (семья, бұрынғы жұмыс орны) жұмыс орнын ауыстыруға келісімі;

Алайда жұмыс орнын ауыстыру үшін жоғарыда айтылған мүмкіншіліктің болуы жеткіліксіз. Маңызды алғышарт ретінде жұмысшының жұмыс орнын ауыстыруға объективті стимулы болуы қажет. Стимул дегеніміз әлеуметтік жағдайлармен анықталатын жұмысшының жеке қызығушылығын қозғай отырып, субъективті қозғаушы күш бола алатын жағдаяттар. Басқа жұмысқа ауысудың стимулы ретінде өмірдің материалдық, әлеуметтік, психологиялық жағынан жақсаруы бола алады.

Алайда еңбектік қозғалысқа кедергі болатын объективті факторлар туындауы мүмкін. Оларға біріншіден, басқа жұмысқа ауысудың өзімен байланысты қиыншылықтар (басқа қалаға көшу, жұмыс іздеу, жаңа мамандыққа үйрену), екіншіден, жаңа өндіріс орнына мекен-жайға бейімделу мәселесі. Кез-келген орын ауыстыру индивид үшін рухани, физикалық және материалдық шығындарды талап етеді.

Сонымен бірге бірдей мүмкіндіктер мен стимулдың болуына қарамастан әр индивид әртүрлі шешім қабылдайды. Бұл ең алдымен әр индивидтің қайталанбас тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Тұлға типологиясы әр түрлі негіздерге сүйенуі мүмкін. Еңбек мобильділігіне қатысты келесідей тұлға типтерін ажыратқан маңызды: бір жағынан мобильділікке немесе тұрақтылыққа потенциялды бейімділігі бар, және екіншіден жұмыс орнының сапасын бағалаудағы әртүрлі типтер.

Жұмысшының кейбір топтары жұмыс орнындағы тұрақтылықты (тұрақты ұжым, бірқалыпты жалақы) әр түрлі бағалайды.

Потенциалды тұрақты тұлға кез-келген өзгерісті қауіппен қабылдайды, және жұмыс орнының өзгеру кезіндегі қиыншылықтарға асыра баға береді. Керісінше потенциалды мобильді тұлға жаңа жұмыс орнына ауысудағы кедергілер мен қиыншылықтарға жеткіліксіз көңіл бөледі. Нәтижесінде кейбір жұмысшылар жақсы жұмысқа ауысуға барлық мүикіндіктердің болуына қарамастан ескі жұмыс орнында қала береді, ал басқа топ кейде бұрынғы орнынан кем түсетін орынға ауысады.

Еңбек мобильділігн зерттеуде жұмыс орнына қатысты жұмысшылардың құндылықтық бағдарына назар аудару қажет. Мұнда жаңа жұмыс орнымен байланысты материалдық және рухани игіліктер, жұмыстың мазмұны мен сипаты, жаңа жайдың сипаты секілді факторларды ескеру барысында айырмашылықтар пайда болуы мүмкін. Осы орайда ең алдымен материалдық игіліктерге бағытталған, еңбектің шығармашылық сипатына бағытталған тұлғаның типтері бөлінеді.

Индивидтің белгілі бір мәселеге байланысты шешім шығаруы күрделі, әрі болжануы қиын процесс. Сондықтан болар адамдардың іс-әрекеті әр кезде рационалдық принципіне сәйкес келе бермейді. Кез-келген әлеуметтік-психологиялық топқа кіретін индивид сол топтың нормалары мен ережелерін қабылдайды. Бұл процесс негізінен еліктеу арқылы жүреді.

Еңбек мобильділігінің зерттеу аймағында еліктеу мінез-құлқының көрінісін ауыл түлектерінің қалаға кетуі мысалынан байқауға болады. Ауыл оқушыларының жаппай қалаға оқуға кетуі қоршаған ортада (ата-ана, мектеп, достар) қалыптасқан қалаға көшу-міндетті нәрсе деген пікірдің болуы бірден-бір әсер етеді.

Еңбек мобильділігінің негізгі екі функциясын айтуға болады. Біріншісі, еңбек нарығындағы жұмыс орнына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыру. Екіншісі, индивидтің (жұмысшының) индивидуалдық қажеттіліктері мен жұмыс орнының әлеуметтік-экономикалық құндылығының арасындағы сәйкестікті арттыру арқылы тұлғаның дамуына максималды көмектесу.

Бірінші функция - негізінен экономика ғылымының зерттеу пәні болса, екіншісі - социология мен әлеуметтік психологияның еншісінде. Бұл еңбек мобильділігін зерттеудегі екі сапалық жағынан әртүрлі жолдың болуымен байланысты: біріншісі еңбек мобильділігін әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде, екіншісі жұмысшының әлеуметтік жылжуы мен тұлғалық дамуын қарастырады.

Еңбек мобильділігі сипаты бойынша түрлі қалыпта жүруі мүмкін. Еңбек мобильділігін классификациялаудың басты критериі болып оның мазмұндық ерекшеліктері болып табылады. Мазмұны бойынша еңбек мобильділігі келесі түрлерге бөлінеді:

  • кәсіптік-біліктілік;
  • территориялды;
  • салалық (салааралық)
  • ұйымішілік

Жұмысшыларда кәсіптік-біліктілік еңбек мобильділігінің аясы әр түрлі дәрежедегі біліктіліктегі еңбек кәсібінің дифференцациясымен, мамандар мен қызметшілерде - мамандық пен лауазым дифференцациясымен анықталады. Орын ауыстырулар мамандықаралық, лауазымаралық, персоналдың бір категориядан келесі категорияға өтуі секшлді сипатта болуы мүмкін. Сонымен бірге осы қатарға кәсіп ішілік және квалификациялық орын ауыстыруларды жатқызуға болады, біраұ бұндай жылжу кезінде әрқашанда индивидтің жұмыс орны өзгере бермейді, тек жұмысшының жұмыс орындары иерархиясындағы позициясы өзгереді. Кәсіптік-біліктілік мобильділігінің спецификалық функциясы әлеуметтік мобильділікпен тығыз байланысты. Белгілі бір мамандықты игеру көбінесе индивидтің белгілі бір әлеуметтік құрылым қатарына қосылуының кепілі, сондықтан мобильділіктің бұл түрі қоғамның әлеуметтік құрылымын жетілдіруге біршама әсер етеді деп есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы еңбекке қатысты анықтамалар
Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы таралуы
Қазақ жастары арасындағы интеллектуалды миграция
Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Жастар социологиясы
МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz