МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

І МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ. 8

1. 1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы8

1. 2. Мүмкіңціктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты20

II бөлім. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС27

2. 1. Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы27

2. 2. Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау33

ҚОРЫТЫНДЫ36

Қолданылған әдебиеттер тізімі:40

КІРІСПЕ

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.

Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975 ж. ) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік және ақыл - ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктердің өздігінше қамтамасыз ете алмайтын әрбір адам.

1992 ж. 5 мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік - денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға қоғамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.

Зерттеудің өзектілігі: Кез - келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болмақ.

Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуы мен өркениетті елдер қатарына қосқысы келетін мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.

Кез - келген елде, қай уақытта болмасын бұл мәселе ең алдымен шешілуді талап етеді.

Осы ретте әлеуметтік жұмыстың теориясына тоқтала келіп, негізгі концепциялары мен категорияларына түсінік береді. Сондай - ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің дамуының тарихи кезеңдерін, ондағы қабылданған заңдар жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың бағдарламаларын атап өтеді. Ал, әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырып өтеді.

Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін, қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін айтуымыз керек.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да Европа елдеріндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму тарихы мен ондағы негізгі ұйымдарды және олардың бағдарламаларын таныстыруға, сонымен бірге, кедейлік, жұмыссыздық деген сияқты шешілу түйіні қиын проблемаларды жан - жақты талқылап, баяндайды. Бәрінен бұрын мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қызметкерлердің профессионалды заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды проблемалар көтеріледі.

Зерттеу объектісі: әлеуметтік қызмет көрсету. Пәні: леуметтік қызмет көрсету проблемалары және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру, төмендегідей міндеттерді шешуді талап етті:

РЕФЕРАТ

Көпшілік алдына қорғауға ұсынылып отырған бітіру жұмысымның кұрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, әдісі мен әдістемесі, теориялық және тәжірибелік маңызы, қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеу нәтижесінің апробациясы қарастырылған.

Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қатысты еңбектер жазған ғалымдарының зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен нормалар, мерізімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қарастырылған.

Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Бірініш тараудың бірінші бөлімінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және оларды сипаттамасы, екінші тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты қарасытрылған.

Ал екінші бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы, екінші тарауда Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау заңдары қарастырылған.

Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар көрсетілген.

  • мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді зерттеудің методологиялық аспектілерін ашу;
  • мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы;
  • мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясатын қамту.

Теориялық маңыздылығы: Мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді жұмыспен қамтуды экономикалық категория ретінде мәнін ашу.

Жаңашылдығы: Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын түтас құжаттар, заңдар қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің" стандартты ережесінің аясында анықтау.

Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселесін шешуге, мүмкіндіктері шектеулі клиенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу.

Зерттеу әдістемесі: Себеп - салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық және т. б. әдістемелер.

Күтілетін нәтижелер: Теориялық тұжырымдамалар, адамдардың жеке басын дамыту факторы ретінде дәлелденуі.

Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан Паула Пиетила, Топиас Кенккеля және т. б. көптеген ғалымдар.

Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудыртады:

Дементьева Н. Ф., Шаталова Е. Ю., Соболь А. Я., Повленко П. Д. және т. б. көптеген ғалымдар.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасына қатысты Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой - пікірлер айтып жүрген Межибовская И. В., Аманбаев А. А., Калтаева Л. М., Медиев К., Иманалиев К. И., Думбаев А., және т. б.

Магистрлік диссертацияның құрылым және көлемі:

Жұмыс кіріспеден, II бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде екі сұрақ, екінші бөлімде екі сұрақ қарастырылған. Бірінші бөлімде мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді зерттеудің методологиялық аспектілері және мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты қарастырылған.

Жұмыстың нақты тақырыбын ашатын екінші бөлім мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс. Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен практикасына арналады. Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәліметтері келтірілген.

І МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.

1. 1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы

Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.

1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын бектілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.

1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс - әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуте және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.

Мүгедек - балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата - анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.

БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.

Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.

1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.

Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т. б. финанстық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.

Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.

Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.

Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз - отбасы, үй - интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға
әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар
қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.

Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.

Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл - күйлеріндегі қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға) мүмкін.

Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.

Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:

Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т. б.

Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.

Мысалы: мүгедек - баласы бар отбасының өмірлік циклі:

  1. бала туу - балада патология бар екендігі туралы хабар алу, эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
  2. мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау, құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
  3. жеткіншектік кезең - баланың ауруының ұдайлық табиғатына дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың болашақ өмірін жоспарлау;
  4. "бітіру, шығару" кезеңі - отбасылық жауапкершіліктің жалғауына дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау, әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы мүшелерінің қайғыруы;
  5. ата - аналардан кейінгі кезең - ерлі - зайыптың өзара қарым - қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты жеріндегі мамандармен өзара қарым - қатынас жасау.

Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті", шарттын мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік - биологиялық критерий; алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған.

Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бұлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек - адам мен қоғамның өзара іс - әрекетінің бұзылуын сипаттайды.

Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар: құқықтық; әлеуметтік - орталы; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық; өндірістік - экономикалық, анатомиялы - функционалдық; медициналы - әлеуметтік; басқарушылық.

Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект

Құқықтық аспект; мүгедектердің құқығын, еркіндігін және міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.

Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:

  • Бірінші - бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек - балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді - жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес) ;
  • Екінші бір маңызды ереже - бұл мүгедектердің, өмір қызметіне, мәртебесіне және т. б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;
  • Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді; медициналы - әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады. Сонымен қатар, медициналы - әлеуметтік экспертиза мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында - мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау; халықтың мүгедектілік деңгейін және себептерін анықтау және т. б.

Заң, мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялыық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған. Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады.

Әлеуметтік - орталы аспект

Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы, үй - жай, жұмыс орны және т. б. ) және макроәлеуметтік айналамен (қалақұрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т. б. ) байланысты мәселелер кіреді.

Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің « ерекше категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т. б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша /1/ еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар:

84, 8% - жалпы аурулар,

6, 3% - соғыста болғандар (соғыс мүгедегі),

6, 3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды. Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45, 5% - толық, 28, 5% - толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% - жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84, 6%) . Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының (қызметкердің) рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды; моральды - психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету. Моральды - психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71, 5%), қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыру (17%) . Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60, 4%, толық емес жанұялардан - 84, 2% жалғыз бастылардан - 76, 9% мұқтаж екен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше - 27, 5%, 12, 3%, 3, 8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19, 8% толық жанұялар, 5, 9% толық емес және 26, 9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі мүмкін.

Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты талдаған кезде 71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік туғызса, жанұялардың жартысына жуығы (49, 5%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне, ал 17, 5% диспансерлік бақылауға мұқтаж болған. Толық жанұяларда көрсетілген медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктің рангілік орындары біраз басқаша: бірінші орында (50, 7%) учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік, екінші (40 %) - диспансерлік бақылауға, ал үшінші (30, 3%) - тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең басты мұқтаждық (37, 4%) диспансерлік бақылауда, 35, 4% жанұялар тар мамандық иелерінің кеңесіне және 26, 7% - учаскелік дәрігердің байқауына деген қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттілік басым (34, 3%) және де тең дәрежеде (22, 5%) учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік бақылауға да қажеттіліктер орын алған.

Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік - тұрмыстың қызметтіліктерге екен белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым сыртқы көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап қояды, яғни олар азық - түлік дәрі - дәрмектерін сатып алып береді, жеткізіп береді және оларға әр түрлі үйден тысқары шығатын негіздегі тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Сондай - ақ оны қазіргі кездегі әлеуметтік шиеленістермен, азық-түліктерді және тұрмыстық қызметтерді алудағы қиындықтармен де түсіндіруге болады. Осыған орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден жоғарылайды. Жанұялардың әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін бағалаған кезде келесілер айқындалған. Барлық зерттелінгендердің ең басты қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88, 5%), химиялық тазартуға

9

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу
Банкілік маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Корпоративтік сайттың құрылымы
Қонақ үйдегі салқындату желісі
Банктік өнім жарнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz