Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
І ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
6
1.1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ 6
ІІ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ 11
2.1. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі 11
2.2. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері
21
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел
болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп,
өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине,
қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым
аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен
оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,
әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады
десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи
дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған.
Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде
қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса,
кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған
өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек
айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей
түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды
тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!
Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ,
қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың
өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы
бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен
үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі – бүгінгі жастармен
әлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне қолдау
көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы патриотизм мемлекеттің әлеуметтік
құрылымының негізі, қоғамның рухани тірегі болып табылады.
Соңғы кезде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан
атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс сияқты күрделі
істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне
бүкілқоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада
өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.
Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе жастармен әлеуметтік
жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық
тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі
мәселеге айналып отыр.
Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі,
олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар
жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас
қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы
қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі –
елдің болашағы туралы мәселе. Осы орайда жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
жайы маңызды болып табылады.
Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла
бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың
орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың
ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу
кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы
республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері
құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар
тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті
анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін
арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық
орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен
кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру
пунктер жүйесін құра білді.
Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас
бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік
реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларға арналған
орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.
Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен
практикасын, әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі
дау тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан жастарының әлеуметтік
жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды мәселелерінің
қатарынан орын алуы заңдылық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп
шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ,
аталған тақырып бойынша бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми
еңбектер, монографиялар мен диссертациялар көзге түсе қоймайды.
Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері
Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И., Зайнышев И.Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов
М.В. және т.б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық
ғалымдарымыз Аитов Н.А., Джаманбалаева Ш.Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А.
Н., Калибеков Д. және т.б. еңбектерінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-
саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары
қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу
нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы
тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі
өте зәру болып табылады.
Тақырыптың мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі
жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер
мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы жастармен әлеуметтік жұмыс
жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін
айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну. Осы
мақсатқа қол жеткізу үшін бітіруші алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
– қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс тәжірибесін игеру үшін
отандық және шетелдік авторолардың еңбектеріндегі деректерді шолып, өзіндік
тұжырымдар жасау;
– әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық
негіздеріне ғылыми талдау жүргізу;
– Қазақстан жастарының бүгіні мен болашағына ой жүгіртіп, олардың
қазіргі саяси-әлеуметтік ахуалын, экономикалық жай-күйін ой талқысынан
өткізу;
– жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жасап, оларды жұмыспен
қамтудың тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;
– жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологияларын қарастыру.
Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан
бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның
тәуелсіздік жылдарындағыжастардың жай-күйі, әлеуметтік мәселелері сөз
болады.
Курстық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу
методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным
принциптеріне негізделді, сондай-ақ хронологиялық және хорологиялық зерттеу
тәсілдері де қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған мәселені
мүмкіндігінше объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа
көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау,
жүйелендіру, салыстыру т.б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ

Жастардың соцологиялық теориясында ұрпақ, жас ерекшелік табы,
жастық шақ, жастар, әлеуметтік жасы келгендік қарттық дсген ұғымдар
жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн ұрпақ терминінің көпмағыналығына назар
аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың
жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ
деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының
туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30
жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар
мен балалардың арасындагы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы
байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының үлғаюы үш емес, төрт
ұрпақтың бір мезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе
қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар
туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың,
дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы
бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты
шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды,
құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы
мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы
әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар,
жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл
ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық
кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің
ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып,
қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас жасөспірім шақ ұғымымен біріктіріледі
және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына
әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан
бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде
құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты
теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,
армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және
құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация неғұрлым нақты болады. Осы
кезеңді Л. Розенмайер жас ересектер деп айтады. Егер бірінші кезеңде бұл
кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық
гетерогенді (біртекті емес). Бүл құрдастар тағдырының айырмашылығына
байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың
саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір толығу шегіне
жылдам жақындайды.
Социолог В.Н. Боряз толығу шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас
ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі —
әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға
арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы
адамдарды кіргізеді.
Көптеген социологтар адам жасы тек есептегіш, өмір сүрген
жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы
көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің
динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам,
қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-
әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір
бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында
жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта
болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның Спартаға, ал іс-әрекет
спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар
екенін атап айтады.
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет
атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде
жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А.
Шопенгауэрдің Адамның жастары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда
ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік
ерекшеліктері және белгілері бар.
Аналогия үшін ІПопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді.
Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және
жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі
болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы
Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды.
30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш,
батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады.
Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста
оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты
оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді,
адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие,
басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай
ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.
Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың
қанағаттаңдырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік –
бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның
жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім
шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта
адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану
мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп
отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі
неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса,
онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін,
қолайльлықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді.
Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына
қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете
алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағьнбайды. Есейген шақ — іс-қимыл
жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және
бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне
қарамастан, өнімін тек шыңы таным: ағашының түбірі болып қалады.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне,
құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен
ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек
қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес. Экономикалық белсенді
тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым
қарқынды белігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне
өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі 1(16-29 жас).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жастардың жартысынан азы ғана жұмыспен
қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық
шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана
құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы
санының 54 процентін құрады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды
өзгерту үшін үнемі әрекет жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі
болмады. Осындай шаралардың бірі жастар кәсіпорыңдарын, кооперативтерді,
құру, олар үшін салық жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін
мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын
үй салуға және сатып алуға, жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білім алуға,
жас отбасылары үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен
жалпы экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық
қамтамасыз етуге кедергі болды.
Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының
нашарлауы олардың әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан
әрі тартылуынъң басты себебі болуы мүмкін.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмысекрлер қатарьның
жасарғанын атап керсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің
жартысы (54 проценті) – 14 пен 30 жас арасыңдағы жастар, барлық
қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 1418 жастағы кәмелетке толмағандар
құрайды. Қазақстанда тиісінше — 50,9 және 6,9 процент75. 1999 жылы ҚР
полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді
ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының
қылмыс жасаған студенттері 40 проценте жуық, ал мектеп, лицей және
гимназиялардың оқушылары — 23 процентке көбейді. Жасөспірімдер жене жастар
жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында
болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық -
бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік жиынтығы. Ең
қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мұндағы барынша еңбек
электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша
жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. Ең басты батырдың жүйелі
түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың
сенімін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы ересек қылмыстық мінез-
құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа
шығармай, жиі түрде өзінің кішісін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа
шығармайтын құқықтық, тыйым салуды бұзады. Осыңдай мінез-құлықты түсіңдіру
үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты
жеңілдету жағдайларынын іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің
әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады.
Сұраулар жасөспірімдердің көпшілігі өзінің қылмысыньң себебін сыртқы
жағдайлардан көретіндігін айтады, құрылғандардың ширегі осыңдай жағдайда
кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірліген зиянды қате
бағалау да жөн.
Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде заңдық практиканың
және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім
қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға
жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың жасару себептерінің бірі болып
табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. Жазаңызды өтеп келгеннен кейін
қылмыс жасайсыз ба? деген сұрақтың жауабы да қарапайым: Жоқ — деп
сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, Қалай боларын білмеймін — деп
кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32-сі жауап берді.
Жастар таңдауы ұйымының тең төрайымы А.Хаматдинованың айтуынша,
қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз
етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады.
Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие
беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр,- деді А.Хаматдинова 1.
Жастар таңдауы ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру
мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие
ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін
тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға
тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен
несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.
Қазақстан ипотекалық компаниясы ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан
Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15
жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан
ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның
нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек,
қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді
Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің
шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын
үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді.
Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі
бағдарламалар қабылдаған және іс-шаралар жоспарын жасаған орынды. Онда
мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестіруші іс-әрекеттер
көзделгені жөн:
1. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау.
2. Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында
жағдайлар жасау.
3. Өңірлерде жастар саясатын іске асыру.
4. Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерін
қамтамасыз ету.
5. Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
6. Жас таланттарды дамыту мен қолдау.
7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
8. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.
9. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.
10. Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту.
11. Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.
Бағдалама республика жастарында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік
және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін
іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру
арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталуы, ол оның нарық
жағдайында ойдағыдай әлеуметтендірілуіне ықпал ететін болуы тиіс.
Бағдарламаның іске асыру тетігі Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында
көрсетілген іс-шараларды жастармен жұмыс істейтін барлық мүдделі
құрылымдарды тарту арқылы, кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған
мемлекеттік органдардың үйлескен іс-әрекеттерінен тұрғаны лазым.

ІІ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

2.1. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі

Тарихтың тар жол, тайғақ кешу жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының
бірден-бір жолы - осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының
сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің
стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери
күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып
табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін
қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз
қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі
саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-
күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық
тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап
табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз
заңды.
Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық
жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады.
Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы
халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады.
Бұл өз кезегінде оларға деген билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы
орынды.
Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің
бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталады. Реформалар бағамын қолдау
немесе оған қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау
дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.
Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс
немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен
алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік
идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл
болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей
әсері бар “сенім” феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.
Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін
Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай
мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім
болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.
Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын
факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау
процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.
Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара
әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу
мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру
мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші
ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси
шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы
мен белсенділігін де жатқызамыз.
Қазіргі еліміздегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда жастар
қауымының еліміздің ішкі саясатындағы алатын мардымсыз үлесі олардың
мемлекетті басқару процесінен алшақ екендігін көрсетіп отыр. Олай
дейтініміз, білімді, әрі белсенді жастардың жоғарғы мемлекеттік билік
орындарындағы басқарушы лауазымдарға тартылмауда, тіпті жастар ісімен
айналысатын мемлекеттік органдарды басқарып отырған көптеген лауазым
иелерінің жасы аталмыш категория қатарынан әлдеқашан шығып кеткенін
байқаймыз.
Бұған қарамастан еліміздегі жастар демократиялық қоғам принциптерін
қолдана отырып, осы қоғамды басқаруға қатысу үшін өз құқықтарын іске
асыруға тырысуда. Мәселен еліміздің азаматы ретінде жастар сайлау процесіне
қатысып өз кандидатураларын ұсына алады. Сол арқылы жастар проблемаларын
жоғарғы мемлекеттік органдарда көтеріп өз құқықтары мен міндеттерін
қорғауға жол ашады.
Айталық, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау
кезіндегі жастардың электоральді белсенділігі олардың айбынды күш екендігін
байқатты. Кең көлемде өткен “Біз кімді сайлау керектігін білеміз” акциясы
жастардың электоральді белсенділігін айтарлықтай дәрежеде жұмылдыра түсті.
Мұндай іс-шаралар жастардың электоральдық мінез-құлықын тәрбиелеуде маңызды
құрал болып табылады. Мұнда азаматтық позицияны және саяси мінез-құлық
желісін қалыптастыруды сипаттайтын басқа үрдіс қарастырылады.
Алайда, осы 2004 жылғы күзде өткен парламенттік сайлауда жастар едәуір
төмен электоральдық белсенділік көрсетті. Осы сайлаудан кейінгі
социологиялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жастардың 26,1% ғана өз
азаматтық борышын орындап, сайлауға қатысқан.
Өкілеттік билік органдарының сайлауына деген қызығушылықтың жоғалуы
көбінесе өкілеттік билік органдарының саяси өмірдегі кейбір рөлінің
төмендеуімен, яғни, жастар тарапынан оларға деген сенімнің азаюымен
байланысты. Демек, Қазақстанның саяси өміріндегі Парламент өкілдігінің
төмендеуі, жастардың осы өкімет органына қатынасын біршама салқындатқандай.
Оның үстіне депутаттықа үміткер кандидаттардың бағдарламалары да
айтарлықтай жастардың көңілін тарта алған жоқ. Шын мәнінде, олардың
жастарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау туралы жалпы дәйектері,
әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралары, концептуалдық тұрғыдан негізсіз
тұғырнамалары жас ұрпақты қызықтыра алмады. Демек, саяси процестерге қатысу
тәжірибесіне қарамастан, жастардың басым көпшілігі өкілеттік өкімет
органдарын сайлау үрдісін елемеуді қалаған сияқты.
Жалпы, саяси жүйені трансформациялау, азаматтық, демократиялық қоғам
белгілерінің бірі болып табылатын көп партиялықты қалыптастыру, өз
позициясын орнықтыру, өзін қандайда болмасын саяси күшке қатыстыру, онымен
сәйкестендіру желісі бойынша қарастырылады. Айталық, кейбір зерттеушілердің
жүргізген социологиялық сауалнамасының нәтижесіне қарасақ Қазақстан
жастарының 56% саяси партия мен ұйымдардың жұмысына араласуға оншалықты
асықпайтындығын көрсеткен.
Осындай жағдайда жас ұрпақтың негізгі бөлігі еліміздегі саясатқа
қатысу мүмкіндігінен, нақтырақ айтқанда, саяси ұйымдарға мүше болып,
олардың жұмысына белсенді түрде қатысудан гөрі, уақыт өткізудің басқа
түрлерін артық санайтын сияқты. Мұндай тенденция, біздің көзқарасымыз
бойынша, саяси мәдениеттің тек жастар арасында ғана емес, жалпы мемлекеттік
деңгейде жеткілікті дәрежеде қолға алынбай отыруымен байланысты.
Алайда, елімізде болып жатқан процестер мен оқиғаларға жастардың
бағасы бір қалыпты, әрі жайбарақат. Ал олардың керісінше саяси позициясы
барынша кемелденген және тиімді болуы жастардың өз құқықтарын,
бостандықтарын және міндеттерін елдегі реформаларды дамытуда маңызды құрал
екендігін сезінген сәтте ғана туындайды.
Мысалы, социологиялық сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей,
Қазақстандағы жас азаматтардың құқығын қорғау жастардың көңілінен шыққан.
Олардың көбі отандық заңнамада қандайда болмасын құқықтық қайшылықтар мен
проблемаларды шешетін, өркениетті елдерге тән позитивті құралдардың болуын
қолдайтын сияқты. Демек, қоғамда орын алатын саяси процестерде жастар өз
құқықтарын сақтаудың бірден-бір жолы ретінде – бейбіт митинг, шеру,
ереуілдерге қатысуды қолдайтындығын жасырмайды .
Бұл қалыптасқан жағдайда жастардың басым бөлігі барынша ынтымақты және
тұрақты. Сондай-ақ, жастар өздерінің мақсатына жетудің бірден-бір жүйелі
тәсілі деп сотқа шағымдану, келіссөздер мен өзара келісімдерге келуді,
конструктивті ұсыныстармен өкімет органдарына бару, сайлау мен
референдумдарға қатысу сияқты жолдарды санайды.
Жастардың жаппай саяси шеруге шығу акциясы экономикалық, еңбек
қатынастары, әлеуметтік аясының тарылуы, азаматтық құқығының аяқ астына
тапталып, қысымшылығы асқынған кезде болуы мүмкін. Олардың үлес салмағының
көбеюі жастардың мәртебелік позициясының нашарлауымен немесе азаматтық өз
құқықтарының аяқ асты болуы мүмкін.
Сонымен, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей,
Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен
ерекшеленеді. Яғни, жастардың санасында батыс елдеріне тән жекелік,
дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі өз
басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың
санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық,
қазіргі республика жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-
экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу
үрдісі орнығып келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі
мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді
және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді.
Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан
жастарының көпшілігі қоғамдағы демократиялық процестерді қолдап,
мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өткен жөн. Осы
социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай - жастардың
басым бөлігі (74,3 %) өз отаным деп Қазақстанды көрсетіп, әрбір екінші
жасөспірім өзін патриот деп санаған.
Алайда, бұл мәселенің толық шешімі табылды деген сөз емес. Өйткені,
жоғарыда атап өтілген жағымсыз факторлар желісі бүкіл жастарымыздың
жартысына жуығын потенциалды коcмополит, яғни рухани құлазуға дайын
объект ретінде көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекетімізде
жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік,
патриоттық рухты көтеретін толыққанды жалпы ұлттық идеологияның әлі де
жетіспейтіндігі.
Сонымен бірге, жастарымыздың құқықтық сана-сезімінің төмендігі
өздерінің құқықтарын барынша пайдалана алмауы олардың кей жағдайда
қылмыстық топтардың құрығына түсуіне жағдай туғызуда. Осындай жағдайда
мемлекеттің негізгі міндеті - жастарға конституциялық құқық пен еркін
азамат ретінде кепіл болу. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы Республикамыздың азаматарының, соның ішінде
жастардың да құқықтары мен міндеттерін айқындап берді.
Жастарды құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі де бірқатар шешілген
тәрізді. Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 1999
жылдың 28-ші тамызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар
саясаты туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін
шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2001-2002 жылдарға Қазақстан
жастары атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші
азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік
қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.
2001 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан жастарының І
Конгресі болып өтті. Бұл Конгреске жастар ұйымдарынан 700–ге тарта өкілдер,
ТМД және шет елдерден қонақтар келіп қатысты. Алғашқы отырысқа Қазақстан
Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, өз баяндамасында
жаңа буын өкілдеріне азаматтық және патриоттық тәрибие беру өзекті де өткір
мәселе болып отырғандығын басып айтты. Сөз жоқ, еліміздің болашағы бүгінгі
жастарымыздың білікті де білімді қолдарында екендігі дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиома.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының үкіметінің N155 жарлығымен 2003
жылғы 13 ақпанында 2003-2004 жылдарға жастар саясаты бағдарламасы
бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - жастардың әлеуметтену
прецесіндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық
құрылымдарын құру мен патриоттық тәрбие беру, өзінің отанына, еліне деген
махаббат сезімін арттыруға жұмыс істеу. Бағдарламының міндеттері – кешенді
мерекелік патриоттық кештер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы
жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысып, олардың қоғамдағы маңызын
көрсету, жас азаматтарды кәсіпкерлікке және нарықтық ойлауға машықтандыру,
жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірлердегі
мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ұйымдастырушылық және құқықтық
механизмдерін жасау және жастардың қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік
құрылымдармен қарым-қатынасын дамыту.
Бүгінде қоғам әлеуметтік поляризацияны, саралау процесін басынан
кешіруде. Әлеуметтік құрылымда кәсіпкерлер мен банкирлердің, ұсақ
саудагерлер және өзге де жаңа экономикалық топтардың пайда болуы айқын
көрінуде. Қазақстандық қоғамның маргинализация процесі бөлігінде кіріс
тереңіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
Солтүстiк Қазақстан облыстық кешендiк бағдарлама
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері
Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КРАУДСОРСИНГ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Пәндер