Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРЛІ. 5
1.1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы 5
1.2 Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік
саясаты 8
II МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС 12
2.1 Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы 12
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі
әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды
және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық
және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу
екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын
көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан
осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс-әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975 ж.) мүгедек —
туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік және ақыл - ой
мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе
жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктердің өздігінше
қамтамасыз ете алмайтын әрбір адам.
1992 ж. 5 мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 сессиясының
реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік - денелік, психологиялық,
әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар
адамға қоғамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде,
отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің
болуы ретінде анықталады.
Зерттеудің өзектілігі: Кез келген қоғамда адамдардың әлеуметтік
жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы
орнықты сипатқа ие болмақ.
Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуы мен өркениетті елдер
қатарына қосқысы келетін мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын
ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік
жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.
Кез - келген елде, қай уақытта болмасын бұл мәселе ең алдымен шешілуді
талап етеді.
Осы ретте әлеуметтік жұмыстың теориясына тоқтала келіп, негізгі
концепциялары мен категорияларына түсінік береді. Сондай - ақ әлеуметтік
қызмет көрсетудің дамуының тарихи кезеңдерін, ондағы қабылданған заңдар
жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың
бағдарламаларын атап өтеді. Ал, әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын
проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырып
өтеді.
Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің
еліміз үшін, қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін
айтуымыз керек.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да Европа
елдеріндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму тарихы мен ондағы
негізгі ұйымдарды және олардың бағдарламаларын таныстыруға, сонымен бірге,
кедейлік, жұмыссыздық деген сияқты шешілу түйіні қиын проблемаларды жан -
жақты талқылап, баяндайды. Бәрінен бұрын мүмкіндіктері шектеулі
клиенттермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қызметкерлердің профессионалды
заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды проблемалар көтеріледі.
Зерттеу объектісі: әлеуметтік қызмет көрсету. Пәні: әлеуметтік қызмет
көрсету проблемалары және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру, төмендегідей міндеттерді шешуді
талап етті:
Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Бірініш тараудың бірінші
бөлімінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және оларды сипаттамасы, екінші
тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік
саясаты қарасытрылған.
Ал екінші бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда мүмкіндіктері
шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы, екінші тарауда
Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау заңдары қарастырылған.
Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың
мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар
көрсетілген.
• мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді зерттеудің методологиялық
аспектілерін ашу;
• мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы;
• мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің
әлеуметтік саясатын қамту.
Жаңашылдығы: Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын түтас
құжаттар, заңдар қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз
етудің" стандартты ережесінің аясында анықтау.
Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан
Паула Пиетила, Топиас Кенккеля және т.б. көптеген ғалымдар.
Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудыртады:
Дементьева Н.Ф., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я., Повленко П.Д. және т.б.
көптеген ғалымдар.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасына қатысты Қазақстандық
қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой - пікірлер
айтып жүрген Межибовская И.В., Аманбаев А.А., Калтаева Л.М., Медиев К.,
Иманалиев К.И., Думбаев А., және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде екі сұрақ, екінші бөлімде екі сұрақ қарастырылған.
Бірінші бөлімде мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді зерттеудің
методологиялық аспектілері және мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың
сипаттамасы. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің
әлеуметтік саясаты қарастырылған.
Жұмыстың нақты тақырыбын ашатын екінші бөлім мүмкіндіктері шектеулі
клиенттермен әлеуметтік жұмыс. Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен
әлеуметтік жұмыс технологиясы мен практикасына арналады. Қазақстандағы
мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәліметтері келтірілген.

І МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРЛІ.

1.1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы

Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына
сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында
бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы
конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар
өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық
және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын бектілген. Мұнда
мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек
етуі, медициналық көмек алуы т.б. үшін ақысыз көмек алуы (ата - анасының,
жақын, қамқорын адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге
асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар
оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін
максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы
айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу,
мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуте және
қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек - балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне
ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата
- анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет
тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы
мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы
тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық
пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және
психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап
көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған
"Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі"
болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы
бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың
денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының
тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады 1.
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен
жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т.б. финанстық инвестициялау бөлу
статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып,
аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз
өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде
қарастырады.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен
өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз
мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін
тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз — отбасы, үй
- интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің
шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға
әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б.
факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы -
үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік - экологиялық
моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар
қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге
оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне
сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай
қарауларынан да болды.
Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу
техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т.б. көрсетілмесе ол қозғалуға
да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен
бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын
тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға
қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені,
отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік
көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл - күйлеріндегі
қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға) мүмкін.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап,
отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.
Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең,
үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т.б.
Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі
өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.
Мысалы: мүгедек - баласы бар отбасының өмірлік циклі:
1. бала туу — балада патология бар екендігі туралы хабар алу,
эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
2. мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау,
құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру
және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
3. жеткіншектік кезең - баланың ауруының ұдайлық табиғатына
дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты
мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың
болашақ өмірін жоспарлау;
4. "бітіру, шығару" кезеңі — отбасылық жауапкершіліктің жалғауына
дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау,
әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы
мүшелерінің қайғыруы;
5. ата - аналардан кейінгі кезең – ерлі - зайыптың өзара қарым -
қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан
соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты
жеріндегі мамандармен өзара қарым - қатынас жасау 2.
Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек түсініктері "еңбекке
жарамсыз және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да
мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау
саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті" , шарттын
мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен
де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның
басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік
сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай
кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда
биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік - биологиялық критерий;
алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген.
Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның
әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі,
әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті
технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде
қарастырылмаған 3.
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның
әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің
салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бұлінуі бар,
денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік,
халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол
қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын,
адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек — адам мен қоғамның өзара іс
- әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің
проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері
бар: құқықтық; әлеуметтік – орталы; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық;
өндірістік-экономикалық, анатомиялы–функционалдық; медициналы-әлеуметтік;
басқарушылық.

1.2 Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мүгедектілік — маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне
тура келеді. Мүтедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға
байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік - экономикалық, экологиялық,
саяси, оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік - саясатының қалыптасуы үшін
негіз болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 8% құрайды
екен. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз
әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік-саясаттың приоритеті
— адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге
қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл адамдардың негізгі
құқықтарының мәселесі, және де заң. Ол құқықтарды әрбір азаматтқа кепілдеуі
қажет.
Соңғы 30 жылда мүгедектілік проблемасын шешуге деген бірқатар
көзқарастар белсенді түрде жүзеге асуда, туындауда. Халықтылық деңгейде бұл
жұмыс адам құқығын қорғау бойынша комиссиямен және БҰҰ Декларациясы,
мүгедектер қүққығы туралы БҰҰ Декларациясы, мүгедектерді қорғаудың Бүкіл
әлемдік іс - әрекеттік бағдарламасы қабылданған.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің
мәліметтері бойынша республикада 487 мың мүгедектер бар екен, олардың 40
мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адамының өзі Алматы қаласында тұрады екен.
Әрбір елде еңбекке қабілетсіз адамдар мемлекеттің қамсыздандыруының
пәнін құрайды, олар өз кезегінде өздерінің қызметтерінің басты бұрышына
әлеуметтік - саясатты қояды. Қарт адамдармен мүгедектерге қатысты
мемлекеттің негізгі қамсыздандыру жұмысы оларды материалдық қолдау болып
табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз адамдар тек қана материалдық қолдауға
мұқтаж болмайды. Оларға әрекеттік физикалық, психологиялық,
ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік
қызметкердің міндетті осы акдараттарды меңгеру және де өздері қызмет
көрсететін тұлғаға жеткізу, оларды хабардар ету және қажет болған жағдайда
заң бойынша оларға тиісті жеңілдіктерді пайдалануға көмек көрсету болып
табылады. Белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт
адамдарға қатысты құқықтық жүйенің негіздерін меңгеруі қажет.
Негізінен әлеуметтік - саясаттың аясында сөз қозғап отырғандықтан Орта
Азиядағы мүгедектілік проблемасының көрінісінен ой толғайық.
1. Ол елдегі мүгедектердің саны жалпы халықтың 2-5 % құрайды
(Қазақстан Республикасы туралы жоғарыда келтірілген).
2. Мүгедектер халықтың ең кедей және оқымаған бөлігін құрайды.
3. Ол елдердегі мүгедектердің жалпы саның ішінде жас мүгедектердің
саны өсуде.
4. Орта Азиядағы мүгедектерге қатысты заңдық базаның негізін бұрынғы
кеңес дәуіріндегі "ССРО мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы заң
құрайды.
5. Орта Азиядағы мүгедектердің бәрін де төмендегідей жалпы
проблемалар біріктіреді:
- қоғамның инфрақұрылымының дамымағандығы, бұл
инфрақұрылымның әр түрлі объективтеріне мүгедектіктің ене
алмайды;
- мүгедек - балалар және жас мүгедектер үшін білім негізінің
осалдығы, жоғары білімге қол жеткізілмеуі;
- мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы және оларды
жұмыспен қамту;
- мүгедектердің арасында шағын бизнестің дамымағандығы
және мүгедектердің кәсіпкерлігін, жұмысқа тұруын
ынталандырушы салық заңдылықтарының жоқтығы;
- қоғам мен мүгедектердің іріктірілуі үшін жағдайлар
жасамайтын қоғамдық - экономикалық өмірдіңбарлық
салаларындағы заң дардың базаңың осалдығы;
- мүгедектерді инватехникамен (коляска, балдақ, протездер,
есту аппараттары, сурдотехникалар және т.б.) қамтылу
проблемасы;
- мүгедектердің мәдени, спорттық, білімдік және басқа да іс
- шараларға белсенді қатысулары үшін жағдайларының
жоқтығы;
- Орта Азия елінің мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
санаулы-ақ, олардың материалдық - техникалық базасының дең
гейі төмен және де аймақтық, орталық өкіметтерімен өзара
әрекет етулері нашар;
- Орта Азиялық мүгедектердің қоғамдағы бірлестіктің көптеген
іс - шараларының басым бөлігі халықтардың ұйымдарының
грантына жүргізіледі және солардың қолдауымен өтеді.
Осы ретте Алматы қалалық мүгедектер қоғамының (АҚМҚ) іс - тәжірибесі
қызығарлықтай және де ол бірлестігі болып табылады. Онда әр түрлі санаттағы
45 мың мүгедектің мүдделері сақталады; естуі, көруі, тірек қозғаушы
аппаратының бұзылулары бар, жалпы аурулары бар, бала жастағы, еңбектік
мүгедектер, қарулы күштер және локалдық әскерлерінің мүгедектері,
Чернобылдың, мүгедек - балалар, мүгедек - әйелдер жөне т.б.
АҚМҚ инициативасы бойынша Алматы қаласының Әкімінде мүгедектердің
құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша координаңиялық кең ес құрылған, ол
қала әкіміне барлық өмірлік қызмет салаларында мүгедектердің проблемалары
бойынша ұсыныстарды жасайды және береді, олар яғни; әлеуметтік қорғау,
жұмысқа тұрғызу жұмыспен қамту, білім беру, ғылым, техника, мәдениет ,
спорт және т.б.
АҚМҚ және координационалдық кеңес инициативасы бойынша 2003 - 2005 ж.ж.
Алматы қалалық мүгедектерін оңалтудың (реаблитациялық) кешенді мақсаттың
бағдарламасы жасалған.
АҚМҚ қатысуымен Алматы қаласында барлық әлеуметтік мағыналы шаралар
жүргізіліп тұрады. Мысалы, жаңа жылды тойлау, 8 Наурыз мерекесі, Наурыз
көктем мерекесін атап өту, балалары қорғау күні және т.б., Сондай - ақ
көптеген спорттық сайыстар да жүріп тұрады. Алматы қаласының мүгедек -
спортсмен командасы Респуликасының чемпионаттар, спортакиадалар,
паралимпиялық ойындарының және халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін
жүлдегерлері болып табылады.
АҚМҚ-ның белсенді позициялары оның заңдық әрекеттерінде қатысуы,
өкіметтің аймақтық және орталық органдарымен өзара әрекет етуі Алматы
қаласында және Қазақстан Рспубликасы бойынша мүгедектердің проблемасын
шешуді бірден алға жылжыта түсті.

II МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

2.1 Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы

Қызметті технологияландыру әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға
жатады. Технологияның көзқарас - қазіргі әлеуметтік қызметтің ажырамас
қасиетті бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік саладағы технологиялық көзқарастың ерекшелігі, онда қоғам
тұтасымен алынады, яғни қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар
арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен сезімдері.
Әлеуметтік технология — бұл, объект және субъектінің қатынастарына
емес, айтарлықтай дәрежеде субъект - субъект қатынасына негізделген
технологиялық процестің бірден - бір түрі болуы ықтимал. Кәсіби көмек
көрсетілетін әлеуметтік процестің қатысушысының әрекетінсіз, индивидтің
жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз әлеуметтік технологияларды
қайта құру мүмкін. Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және жақындары
үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп айтуға болады. Ол жүргізілетін
қайта құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта отырып,
әлеуметтік басқару органдары қызметінің мақсаттары мен қызмет құралдарын
бөлісе отырып немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен қызмет
құралдарын қарсы қоя отырып әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік технологияның
жүзеге асырылуына қатысады 12.
Сондықтан да болар, кез келген әлеуметтік технологияда қандай да бір
фундамент, маңызды блок болады - әсер ету объектісі болып табылады. Қоғамды
тұтасымен және оның құрылымдық элементтерін тұрақты және терең оқып-үйрену.
Бұл, біздің қоғамдағы іс-әрекеттер заңдылығын толық, әрі жетік
білмеуімізбен емес, сондай-ақ оны құрайтын қоғам мен адамдардың өздері
әрдайым өзгеріп тұратындығымен, және де кешегі өте әсерлі және орекеттік
болған жайлар бүгінде күлкілі және ескіріп қалған болып көрінетіндігімен
түсіңдіріледі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің екінші бір маңызды блогы —
процестерді операцияландыру және процедураларының бірлігі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің үшінші блогы - әлеуметтік
технологиялардың жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін тұлғаның
және әсер етуді басынан өткеретін тұлғаның мәні. Осыған байланысты
әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдарда тек дана теориялық білім емес,
сондай - ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдары мен дағдырылары болуы
қажет.
Әлеуметтік жұмыстың объектілері әр түрлі болып келеді, зейнеткерлер,
мүгедектер, балалар, девианттық бағыттағы жасөспірімдер баспанасыздар,
мигранттар, толық емес немесе көп балалы жанұялар және т.б. 13
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологиялар деәгейін байланысты
төменгідей болып бөлінеді:
- жай (маман еместердің де қолынан келетін);
- күрделі, белгілі бір салада жұмыс істейтін маманда белгілі
бір біліктіліктің болуын талап ететін;
- кешенді, әр түрлі салада жұмыс істейтін бірнеше маман да
тиісті білікіліктің болуын талап ететін.
Әлеуметтік жұмыстың мәні - әлеуметтік қүқықтарды жүзеге асыруда
индивидтерге және әр түрлі топтарға көмек көрсету. Әлеуметтік құқықтар өте
көп шектілі болғандықтан және тұлғаның әлеуметтік қызмет атқаруын
қамтамасыз ететіндіктен, әлеуметтік жұмыс шешуге ұмтылатын проблемалар өте
кең ауқымды және әр қырлы болып келеді, оған қоса нақты бір әлеуметтік
жағдайда әлеуметтік проблемалардың әр түрлері мен типтері қиылысып отырады.
Ең алдымен әлеуметтік жұмыс объектісі тек қана жекелеген тұлғалар емес,
сондай - ақ олардың топтары болып табылады — жанұялар, еңбек және көршілес
ұжымдар, жастар немесе кәсіби топтары, ұқсас қиындықтарды басынан өткеруші
тұлғалардың бірігуі. Сондықтанда әлеуметтік қызметкердің әрбір іс -
әрекеті, оның қолданатын әрбір технологиясы немесе әдістемесі индивидуалдық
және топтық әдістерді үйлестіруі қажет, балалардың және ата - аналардың
қатынастарының, жүбайлар арасындағы қатынастарының проблемаларын, қандай да
бір кәсіпорын қызметкерлерінің жалғыз басты қарт адамдарды және
мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін 309 үйде әлеуметтік көмек көрсету
бөлімдері әрекет етеді, олар 31632 жалғыз басты қарт адамдарға қызмет
көрсетеді.
Протезді - ортопедиялық көмекке 28 мыңнан астам адам мұқтаж,
сурдотехникамен дамту етуге — 60 мыңнан астам мүгедектер - естуі бойынша
жөне 19 мыңнан астам мүгедектер көруі бойынша тифлоқұралдарға мұқтаждық
білдіруде.
Мүгедектерді, демалыс және спортпен айналысуды ұйымдастыру бойынша
нақты кепілдемелерімен қамтамасыз ету, осы бағытта мүгедектермен жұмыс
істеу үшін,кадрларды даярлаудың тәртібі мен жағдайын анықтау проблемаларын
заңдық тұрғыда шешу қажет 14.

Алматы қаласындағы мүгедектілік жағдайын талдау

Қалада барлық санаттағы 45 мың мүтедектр тұрады, оның ішінде ҰОС (ВОВ)
мүгедектері - 2346 адам, ҰОС теңдестірілген мүгедектер 934 адам, жалпы
аурудан I және II топтағы мүгедектер - 27,1 мың адам, III топтағы
мүгедектер — 7,9 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек - балалар — 2432 адам,
еңбектегі зақымданудан, кәсіби аурудан болған мүгедектер — 444 адам.
Мүгедектіліктің негізгі себептері: бірінші орында жалпы аурудан болған
мүгедектілік — 86 %, екінші орында соғыс және соған теңдестірілген
мүгедектер — 6,2 %, үшінші орында бала жастан мүгедектілік — 6 %, төртінші
орында еңбектегі зақымданудан — 1,8%.
Еңбекке қабілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы ұғым
Арнаулы білім берудегі тәрбие
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Пәндер