Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І Бөлім
1. Девиантты мінез-құлыққа жалпы анықтама беру
2.1. Девиантты жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың
технологияларның мәні мен ерекшеліктері
1.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы және аутогендік жаттығулар

ІІ Бөлім
2.1. Қоғамдағы қылмыскерлік проблемасы

ІІІ Қорытынды
3.1. Кесте
3.2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жастар – қоғам құрылымындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық
элементтермен байланыстардағы қиындықтарды, динамикалық ішкі өзгерістерді
басынан өткізіп, тез қабылдап алатын топ. Тұлға социологиясында жастар
мәселесi ерекше орын алады, әсiресе олардың тәрбиесi, бiлiмi, әртүрлi
жағдайлардағы, оқиғалардағы өзiндiк ұйғарымдары. Бiзге көбiнесе жастардың
iшкi әлемiндегi жалпы адамзаттық бағалылықтардың, адамзат тарихынан
қалыптасып келе жатқан дәстүрлiк мiндеттердiң, олардың iшкi жан
дүниелерiнде қаншалықты орын алатыны бiз үшiн көңiл алаңдатар мәселе.
Сонымен қатар олар қоғамымыздағы адамдардың басым көпшiлiгiн алады және
жағымды, әлеуметтiк, саяси, экономикалық маңызды тапсырмаларды шешкенде
арнайы ролдi атқаратынын ескеруiмiз қажет.
Жастар – тек қана жастық принциптерге сүйенетiн категория емес,
соншалықты әлеуметтiк және тарихи түсiнiк. Әртүрлi уақытта, әртүрлi қоғамда
осы жастар түсiнiгiне әртүрлi жастағы адамдар категориясы түсiп отырған.
Сонымен қатар жақындағы өткен заманда осы категорияға сәйкес салыстырмалы
жағынан осы категорияға өте тар аумақтағы жастық адамдар қабаты жатқан,
олар әлеуметтiк үлкендiктiң алдындағы тұрған үлкендер қатарына кiретiн
отбасын құратын адамдар тобын айтқан.
Қазiргi шындық кезеңiнде балалар көбiрек оқуға тырысады, және ата
анасының қол астында ұзақ жылдар бойы өмiр сүрiп келедi, тiптi олар отбасын
құрған жағдайда да ата анасының қол астында жүретiндерi де аз емес. Сол
сияқты балалық шақтан жастық кезеңге өтетiн кезең бiзде өткен дәуiрге
қарағанда ұзағырақ. Сонымен қатар балалық пен үлкендiктiң арасындағы
үйлесiмдiлiк жасөспiрiмдерге үлкендердiң роллдерiн меңгеруге деген
қиындықтар туғызады, көптеген iшкi және сыртқы конфликтерды тудырады.
Осындай жастық өтпелi кезеңнiң түрлерi қоғамның арнайы жастар категориясы
мен үлкендерге деген талаптарынан, нормаларының арасындағы
айырмашылықтарына байланысты.
Жастар – бұл жастық нормаларына тән ерекшелiктерiн игерген, мiнез-
құлықтың бағалылықтары мен стереотиптерiн меңгерген әлеуметтiк топ. Бiрақта
отандық социологиялық зерттеулерде көптеген ұзақ жылдар бойы арнайы
әлеуметтiк топ ретiнде бөлiнiп қарастырылған жоқ. БҰҰ-ның анықтауынша
жастар деп 15 пен 24 жас аралығындағы адамдардың категориясын ажыратады.
Осы статустың анықтау критериi ретiнде бiздiң елiмiзде хронологиялық жас
ерекшелiктерi арқылы жалпы жастық категориядан бөлiп қарастырады, олар 15
жастан 29 жасқа дейiн деген үйғарымдар жасалады.
Бiздiң көзқарасымызша бұл критерии қандай да бiр деңгейде формальдық
деңгейге сәйкес келедi деп есептеуге болады. Статустың бұдан да басқа
параметрлерi бойынша уақыттың вертикалдық (тiгiнен) деңгейiмен емес
горизонталдық (көлденеңiнен) деңгейiмен өлшенедi екен: ол отбасылық,
этномәдениеттiк, бiлiм берушiлiк, интеллектуалдық, генетикалық
өзгешелiктерiне сәйкес. Осы атап айтылған көрсеткiштердiң барлығы уақыт
параметрiмен сәйкестелiп қандай да бiр статустың деңгейiн анықтауға
көмектеседi, яғни ол жастық немесе әлеуметтiк топқа жатқызатын мiнездемелер
болып табылады. Отандық дәстүрде жас өспiрiмдер деп 13 пен 17 жас
аралықтарындағы жас адамдардың тобын айту қалыптасқан екен, ал шет елдерде
13 пен 19 жас аралығындағы жастық категорияға сәйес келетiн адамдардың
тобын жатқызған. Егерде бiз жастар деп 15 жастан бастап 29 жас
аралықтарындағы жас адамдар тобын айтатын болсақ онда 15 жас және 17 мен 19
жас аралықтарында адамды жас өспiрiмдер қатарына қосуға болады, және жастар
деп санауға болады.
Жасөспiрiмдер жасына қатысты қолданатын – олар өмiрлiк
бағалылықтардың, өмiрлiк позициялардың, өмiрлiк жоспарлардың активтi құрылу
кезеңiн айтамыз. Сол сияқты осыған негiзделген осы кезеңге анығырақ
мiнездеме беретiн үш негiзгi сапаларды ашып айтуға болады.
Олардың бiрiншiсi (жасөспiрiмдердiң жасы – 12 және 13 жас) – қоғамдық
сананың әртүрлi аймақтарындағы жинақталған әлеуметтiк категориялар мен
танымдардың игеруiндегi өте активтi кезең. Осы әлеуметтiк “бағалылықтар”
жасөспiрiм үшiн көңiл аударарлық мiнезде болады, немесе ол өзiндiк
тәжiрбиемен әлi де болса қалыптаса қоймаған, яғни осыған сәйкес келетiн
базаның жоқтығы. Осы өмiрдiң даму кезеңiнде (әлеуметтену) индивид басқа
адамның, яғни “бөтен” адамның жасаған сценариi бойынша, оның ұжымдылық
бағыттылығы мен нақты өмiрдегi мiнез-құлық iс-әрекеттерiнiң құрылуына
алғышарттар жасайды.
Келесi кезең (шамалағанда 13 пен 15 жас аралығы) тұла негiздерiн
құрайтын активтi индивидуалдық жетiстiктермен байланысты, үлкендердiң
әлемiндегi өз өздерiн тұрақтандыратын қасиеттер мен олардың өмiрдегi iс-
әрекеттерi мен өмiр “жағдайларын” меңгерумен сипатталады. Осы кезеңде
жасөспiрiмнiң әлеуметтену процессiнде тұлғаның индивидуалды дамуы мен
типтену тенденциясы (осы немес басқа да пропорцияда) қалыптасады. Мiнез
құлықтың ұжымдылық стереотиптерi жасөспiрiмнiң одан арғарай шағын топтардың
құрамына енуге бейiмдену сезiмiн оятумен сипатталады (өз жастағы балалар
сияқты болуы). Бұл деңгейде бiз әлеуметтенудi индвидуалынған формасы мен
индивидуалынған стандарттанған формасымен соқтығысатындығына көзiмiз
жетедi.
Жасөспiрiмдiк әлеуметтену процессiнiң үшiншi сатысы ретiнде (16-17-18
жас аралығын айтамыз) әлеуметтiк психологтар тұлғаның индивидуалды даму
процессiмен қатысты деген ұйғарымдар айтады. Бiз бiлетiнiмiздей “осы саты
басталғаннан бастап өте күштi тұлғалық қам жеуiнен, қайран қалуынан, немесе
соққыға әкелетiн уақиғалардың” болуымен қатар жүретiндiгi бiз үшiн аз
мәндегi сипаттамалар емес .

1. Девиантты мінез-құлыққа жалпы анықтама беру

Қазiргi кездегi жастар үшiн ең маңызды мәселе ретiнде бiрнеше
кедергiлер, қиындықтармен ұшырасып отырады, олар жұмысқа орналасу, тұрғын
үймен қамтамасыз етiлуi, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесiндегi бастапқы
капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуiр толғандыратын мәселелер болып
табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестiк жағдайлары,
профессионалдық бiлiмдер мен тәжiрбиенiң жетiспеуi, осының салдарынан еңбек
нарығындағы өз тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық
мiнез-құлықтың өсуi мен жұмыссыздық мәселесiнiң белең алуы таң қалдырарлық
жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың
жоғалуы мен қатар, өз орындарын таба алмай жас тұлға iшiмдiкке,
нашақорлыққа әуестене бастайды, өздерiн қоғамдық ағымға қарсы қоюмен жол
табуға үйiр бола бастайды. Бұндай құбылыстар жастар арасында массалық
көлемдi алып келедi, яғни бұл құбылыстар қоғамда моральдық-психологиялық
жағдай өз әсерiн тигiзедi. Бiрақта әлеуметтiк шындық жастардың қылмыстық
әлемге бой алдыруға жол бермейтiн механизмдердi әлi ойлап таба қойған жоқ.
Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк алғышарттарының барлығының
себептерi, ол Қазақстан Республикасындағы өндiрiстiк қатынастағы адамдардың
теңдiгi мен материалдық жағдайларындағы теңсiздiгi арасндағы қарама
қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсiз
дамуы объективтiлiгi мен тұтыну заттарындағы теңсiздiк мәселесi жастардың
өзiндік материалдық жағдайларымен қанағатсыздық танытуының бiр ден-бiр
себептерi, және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерiнiң қажеттiлiктерiн
әртүрлi жолдармен қанағаттандыруға белсендi ете түседi.
Девианттық мiнез-құлықтың дамуына арнайы бiр қоғамдағы әлеуметтiк
шындықтың бұзылуы, негiзгi демократиялық принциптердiң бұзылуы,
экономикалық реформаларды жүргiзгенде кеткен қателер нәтижесiнде осы жастар
арасындағы қиындықтардың пайда болуына алып келедi.
Девианттық мiнез-құлық мәселелерi әлеуметтiк жанжал теориясының
негiзiнде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтiк топтарға нақты қауiптi оның
ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерiнiң ауытқуын
азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мiнез-құлық жасайтын топтың
мүшелерiне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрiнедi. Жанжал
теориясына қатысты, әлеуметтiк жүйедегi мiнез-құлықтың мәдени бейнелерi
ауытқитын мiнез құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттiң
құндылықтарына негiзделген болғанда. Девианттық ауытқитын мiнез- құлық
теориясы арнайы социологиялық теория ретiнде құрылымдық функционализм
теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып,
девианттық мiнез-құлық теориясын мәдениеттiң жасайтын мақсаттарымен
әлеуметтiк-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда
болған келiспеушiлiктер деп түсiндiредi. Девиацияның әсiресе айқын
көрiнетiн мысалдары ретiнде адамгершiлiктiң жоқтығын көрсететiн iс-
әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсiп отырады, бiрақ бұл жерде
оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бiрақ кiсi өлтiрудiң өзi
арнай жағдайларда анықталып жатады. Қазақстанда осындай мiнез-құлықтың
элементтерi, мысалы, қылмыскерлiк, iшiмгерлiк және алкоголизм, нашақорлық
және суицид (өзiн өзi өлтiрушiлiк), көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға
сәйкес келетiн пәндердiң аясында зерттелiп келдi: олар криминология,
наркология және т.б. мен. Ал социологиялық зерттеулер 60-жылдардың соңы мен
70-жылдардың басындағы Я.И. Гилинскийдiң, В.С. Афанасьевтiң және тағы
басқалардың еңбектерiнен көруге болады.
Қазiргi кезеңдiк, отандық девианттық мiнез-құлық социологиясында Д.К.
Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – адамдардың
өмiр салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және
басқа да әлеуметтiк нормаларға сәйкес келмейтiн, тұлғаға, әлеуметтiк
топтарға немесе қоғамға зиян тигiзетiн (немесе пайда әкелетiн), қоғаммен
қолдау табатын немесе тигiзiлген зияндары үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiктер
тартатын iс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал деликвенттiк мiнез құлық
дегенiмiз – күрделi заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершiлiк
тартуға апарып соғады. Девианттық мiнез- құлықтың деликвенттiк мiнез-
құлықтан өзгешелiгi, девианттық мiнез-құлық деликвеннтiк мiнез-құлыққа
қарағанда кеңiрек түсiнiк ретiнде танылады. Девианттық мiнез-құлық
деликсенттi мiнез құлықты өзiнiң бiр бөлiгi ретiнде қарастырады. Девиация –
нормалардың кез келген бұзушылықтарын айтамыз, ал деликвенттiк – ол тек
қана қылмыстық жауапкершiлiктердi алып жүретiн мiнез-құлық актiлерiне
жатады. Алғаш рет аномия түсiнiгiн қолданған социолог Э. Дюркгейм. Аномия
түсiнiгiн ол “Индивидтiң мiнез құлқының анық реттеушiлiк процесстерi,
моральдық вакуум, ескi нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым
қатынаста жоқ болған тәсiлдерiн көрсететiн, ал жаңа құндылықтардың әлi
күнге дейiн толық iске қосылмаған әлеуметтiк нормалар жоқ қоғамдық жағдайды
қарастырады”. Отандық және шет елдiк әдебиеттердi зерттей келе девиацияның
мәселелерi мен мазмұнына қарай бiз келесi ұйғарымдарға келдiк, олар
ауытқудың негiзгi себептерi адамның өзiнде болады (биологиялық үйлесiм),
қоғамда (жанжал теориясы мен функционалистiк концепциялар), әлеуметтiк
қоршаған ортада (интеракционизм). Бiз анықтағандай девианттық мiнез-құлық
дегенiмiз – бұл құбылыстардың кең ауқымдылығы. Кең ауқымда қарастырғанда
девиант деген – нормадан ауытқыған кез келген адам. Осындай ұйғарымда
ауытқудың түрлерi мен көлемi туралы айтқанымыз жөн болар. Девианттық мiнез-
құлықтың түрлерiне қылмыстық шаралар, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелiк,
гомосексуалдылық, азартты ойындар, психикалық бұзылушылық, өзiн өзi
өлтiрушiлiк жатады.
Тар мағынасында алғанда девианттық мiнез-құлық деп қылмыстық шараларды
жатқызамыз оның iшiнде қылмыстық жауапқа тартылатындарды, заңға
қарсышығушылықты айтпағанда, осындай ауытқуларды айтамыз. Заңға қайшы iс-
әрекеттердiң жиынтығы немесе қылмыстық iс социологияда ерекше атпен
аталады, ол деликвенттiк (сөзбе сөз қылмыстық) мiнез-құлық деп аталады. Осы
екi мағынада – кең және тар мағынасы да социологияда екеуi де қолданылады.
Бiз девианттық мiнез-құлық мәселелерiн келесi параграфта қарастырып өтемiз,
яғни девианттық мiнез-құлық бөлiмiне арнаған.
Осы түсiнiктерге берiлген мiнез-құлықтың индивидуалдылық формалары
анықтамаларға мән берiп қарастырайық.
Негативтi ауытқу – шындық нормалардың қандай да бiр ауытқуларды да
қарастырады (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар қоғамға тұтастай
немесе жеке тұлғаға зиян келтiредi, сол үшiн де тек қана қатардағы
ауытқулар емес (девиация, аномия), патология ретiнде, мiндеттi түрде
қиылысатын ауытқулар түрiн айтамыз.
Позитивтi ауытқулар – бұл қандай да бiр жалған нормалардан ауытқу
(моральдық немесе құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян
келтiрмейдi, ол қарама-қарсы оның прогрессивтi арығарай дамуындағы
жоспарларына пайдалы, себебi олар ескiрген, шаршаған нормаларды ығыстырады.
Позтивтi ауытқулардың криминализациясы – құқықтық жүйенiң толығымен
реттелмегендiгi, оның әлеуметтiк адекваттылығы емес.
Қылмыс – ол қылмыстық құқықтың қандай да бiр нормаларын бұзатын
ауытқуды айтамыз. Қылмыстың жекелеген түрлерi қылмыстық кодекстiң
статьяларына сәйкес қарастырылады.
Деликт – бұл қандай да бiр норманың құқықтық түрiн бұзатын азаматтық,
административтiк және т.б. ауытқулар.
Девианттық мiнез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.
Девианттық мiнез-құлықтың индивиуалды формалары массалық ауытқудың
формаларына сәйкес келедi, олар әдебиеттерде мынандай түсiнiктермен
анықталады, “девианттық”, “заң бұзушылық”, “қылмыскерлiк”, “деликвенттiк”
және “аморальдылық”.
Сонымен қатар, бiз девианттық мiнез-құлықтың негiзгi категорияларын
қарастырдық. Ендi осыдан барып көптеген әлi басы шешiлмеген сұрақтар
қалады: әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн кез келген нормаларды бiз
ауытқитын мiнез құлыққа жатқыза аламыз ба жоқ па? Бұл сұрақ нелiктен туып
отыр, себебi көптеген авторлар “девианттық мiнез құлық”- деген түсiнiк екi
жақты мағына бередi, олар бiр жерлерде пайдалы iс-әрекеттерге де қатысты
айтылатын ұғым (көбiнесе, жаңалық ашуға, әлеуметтiк творчество) .
Кутыревтың айтуынша, “девианттық мiнез-құлық жағымды жағына да бағытталуы
мүмкiн; бiз бұлай дейтiн себебемiз, мысалы, оның жазуы бойынша – олар
көбiнде инициатива, кәсiпкерлiк” .
Бiздiң көзқарасымыз бойынша девианттық мiнез-құлық iс-әрекеттерi
қоғамда қалыпты жағдай ретiнде қабылдауға да болады. Осындай жағымды
девианттық мiнез-құлықтың формалары ретiнде қоғамдағы кездесетiн
антиәлеуметтiк немесе жалған нормалардан ауытқуды айтамыз. Бiрақта кез
келген девианттық мiнез-құлықтың формаларын абсолюттендiру, жалпы бiр
идеалды формаға енгiзу мүмкiн емес. Оны қабылдаудың өзi қатаң анализдi
талап ететiн нақты бiр жағдаймен байланысты. Бiздiң қоғамымыз үшiн, әсiресе
нарықтық қатынастар жағдайында, жаңашылдық, творчество, ескiрген
канондардың сынуы тарихи қажеттiлiк пен объективтi қажеттiлiк болып
табылады. Дамып келе жатқан, өсiп өнуге жаңалыққа бейiм организмдi
басқарудың әсерiмен ескiрген, тоқтауда тұрған формаларға үйрету мүмкiн
емес. Керiсiнше, формалар шаруашылықтың арнайы бiр тапсырмаларына қарап
мiндеттi түрде бiр қалыптарға сәйкестелулерi керек. Бұл жерде бiз ескiрген
нормалар туралы айтамыз, олар қоғамның прогресстiң дамуына тежеуiш болып
табылады. Бұл жағдайда жаңашылдық, творчество прогрессивтi нормаларды жоққа
шығармайды, немесе оның ары қарайғы дамуына – не құқықтық, не жағымды
нормаларға еш кедергiсiн тигiзбейдi. Құқық немесе жағымдылық әлеуметтiк
творчествоның активтерiн тек қана шектеп қоймайды және олардың дамуына
көмектеседi. Ал қылмыстық жағдайды алатын болсақ, оны басқаша қарастыруға
болады, қылмыскерлiк бiздiң нарықтық қоғамымызда өзiнiң барлық түрлерiмен
жабайы нарықтың пайда болуы мен етек ала жайылуына, және “либерализация”
процессiнiң болуына көмектеседi, яғни олар экономикалық кризистiң фонындағы
коррупцияның етек ала жайылуына нағыз алғышарттар болып табылады.
Девианттық мiнез-құлықтың келесi түрi ретiнде, бiз – деликвенттiк
мiнез құлықты айтуымызға болады
Девианттық немесе деликвенттiк мiнез-құлықты келесi негiздерi бойынша
ажыратуымызға болады: бiрiншiсi қатысты, белгiлi топтың мәдени нормаларына
қатысты емес. Бiрақ деликвенттi мiнез-құлық мемлекеттiң заңдарына
байланысты абсолюттi қарым қатынас. Әлеуметтiк төмендегiлердiң көшедегi
тонаушылықтары, бiр жағынан қарағанда ақша табудың немесе әлеуметтiк
әдiлеттiктi орнатудың қалыпты жағдайы ретiнде көрiнуi мүмкiн. Бiрақ бұл
ауытқу емес, қылмыс, себебi, абсолюттi норма бар жерде – юридикалық заң
бар, олар кiсi тонаушылықты қылмыс ретiнде тiркеп отырады. Яғни заңға қайшы
iс-әрекеттердiң барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алды, ол
деликвенттiк мiнез құлық деп аталады (сөзбе сөз ұылмыстық деп аталады).

Әлеуметтiк өмiрде мынадай жағдайлар болуы мүмкiн, ауытқитын мiнез-
құлық (девианттық мiнез құлық) кең әлеуметтiк қабаттарға, әлеуметтiк
институттарға, нормаларға, құндылықтарға тарап, сонымен қоғамның өзiндiк
құндылықтарына қауiп төндiредi.
Девианттық мiнез-құлықтың пайда болуы типологиялық топтардың
ерекшеленуi, спецификалық ерекшелiктерi бар жалпы сүлбелерi бар топтардың
ерекшеленедi. Кейiнгi кездердегi әдебиеттерде адамдардың санасында
негативтi құбылыстардың пайда болуын класиификациялау үшiн iс-әрекеттер
жасалған.
Девианттық мiнез құлықтың субъектiлерi ретiнде жекелеген индивидтер де
болуы мүмкiн, сол сияқты әлеуметтiк топтар, бұқаралықтар мен әлеуметтiк
институттар (еңбек коллективтерi, отбасы, мемлекеттiк органдар, ұйымдар
және т.б.). Девианттық мiнез-құлық кейбiр iс-әрекеттiң формасы ретiнде (iс-
әрекеттер жүйесi мен мiнез құлықтарында) және өмiр салттарында көрiнедi.
Маскүнем, нашақор, жезөкше, әртүрлі жыныстық жолмен жұққан аурулары
бар девианттармен қалай жұмыс істеу керек? Гомосексуалистерді, жезөкшелерді
және маскүнемдерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың нәтижесіз екені айдан
анық. Олардың көпшілігі ауру адамдар, медициналық, психологиялық және
әлеуметтік көмекке мұқтаж.
Девианттық мінез-құлық бастапқыда дәлелсіз болады. Жастар әдетте
қоғамның талаптарына сәйкес болғысы келеді. Бұған олардың албырттығы,
қоғамдағы өзінің әлеуметтік орнын жете білмеуі, әлеуметтік бейімделе
алмауы, қайыршылық өмір, т.б. жағдайлар әсер етеді. Девианттық мінез-
құлықтағы топтардың болуы заңға қайшы және адамгершілікке жат қылықтарды
істеуіне жол ашады. Осындай істерді жасағанда олар ләззат алып, әлеуметтік
бақылау тәсілдерінен тыс болады.

2.1. Девиантты жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың
технологияларның мәні мен ерекшеліктері

Технология түсінігі объектіні өңдеу және сапалы қайта өзгерту
тәсілдері мен құралдары туралы білім жүйесі дегенді білдіреді. Алғашында
бұл түсінік тек объектісі табиғат материалдары болып табылатын өндірістік
салада қолданылға. Қазіргі уақытта оны қолдану әлеуметтік салада жүріп
жатқан процестер технологияларының объектілерінің қосылуына байланысты
барынша кеңейіп отыр.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір
саласы. Ол қиын өмірлік жадайға ұшыраған азаматтарға көмек көрсетіп, қолдау
жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған .
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады.
Кең мағынада - әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, бағдарлама,
құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде.
Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық
басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында – жеке
техологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс
объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар
болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әр түрлі санаттарымен
мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б бойынша әлеуметтік жұмысты
ұйымдастырушылардың тікелей әрекеттерінде қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс
техологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды
қажет ететін белгілі-бір санаттарына, олардың өмірлік қиындықтардан алып
шығу мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді
ұйымдаструдың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік
жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:
1. процедура мен операциялардан (іс-әрекеттің тәсілі мен құралы
ретінде) тұратын бағдарлама;
2. осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.
Жастардың әлеуметік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері
көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең
көп тарағаны – объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б.
болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әр қайсысына
объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір әсер ету тәсілдерін
қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік
туады.
Жастар әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа
дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі
(бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға
жастардың әлеуметтік жұмысының мобильділік (басқаша атауы – көшедегі
әлеуметтік жұмыс) технологиясынын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттары
батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде
Қазақстанда аз танылып отыр. Оның сәні – ешбір жастар орталығынан, кеңес
беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ
девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау
жасау. Осындай жастарға рокерлер, спорттық және музыка фанаттары және
т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы -
әлеуметтік қызметкерді осындағы тусовкаға еңгізу, оның қатысушыларымен
өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы
негізде осындай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың
агрессивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық және тактикалық
сипаттағы технологиялар болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымы
қамтып, олардың өмір деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға
және т.б. мүмкіндік жасауға бағытталға технология. Екіншісі – жастардың
кейбір санаттарымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет
ететін топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстаның жағдайына
байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр,
себебі жастардың қауіптілік жігін, топтарының пайда болуын алдын-ала
саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
мемлекеттік қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілеті әлеуметтік
жұмыстың жүйесінде атаулы әлеуметтік көмек тұжырымдамасына ғана сүйенеді.
Соған қарамастан жастармен әлеуметтік жұмысты табысты жүзеге асыруда
тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық сипаттағы
технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен
жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек
көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оға бір
мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай,
балар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып,
оны болдырмау шараларын қолдану, қамқорсыздықтың алдын-алу шараларын
қолдануға бағытталға стратегиялық технологияны да жүзеге асырған дұрыс.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада
қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп
қарауға мүмкіндік береді:
• ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр
алуандылығына бағыттылығымен сипатталады, оны орталық жәе
жергілікті әкімшілік байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды
да, оған қажетті қаржы бөледі, оның жұмсалуына бақылау жасайды
және таңдалған технологияның қолдану нәтижесін бақылайды;
• кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі
кезеңге бөлуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған
технологияның объектісі – жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке
жасөспірім, бозбала, бойжеткен, олардың отбасының басындағы
жағдайларды терең зерттеумен байланысты. Осы кезеңде барынша
маңызды, алдымен шешуді талап ететін проблемалар анықталады. Бұл
кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің
клиентімен (жеке адам, топ) бірге проблеманы шешудің жоспарын
құрудан тұрады. Екінші кезең – жасалған жоспарға сәйкес жұмыс
жасау, ол психо-әлеуметтік және де басқа да қажетті көмекті
қарастырады жәе басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай
жасау, клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға
бағытталға.
• кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге
асыруға арнайы мамандар – психологтарды, әлеуметтік
педагогтарды, медиктерді және т.б. дайындауды қарастырады.
Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс істеуге арайы
дайындалған, клиентпен сенімді қатыасқа түсіп, оның басына түске
жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер ететін
адамдарды, қоғамдық (ресми жәе бейресми) институттарды және
байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жзеге асуыа бақылау жасаушы
маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір
маңызды қағидасы – саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарыда
аталғандардан басымырақ тсетідікте жеке қарасуды қажет етеді.

1.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы және аутогендік жаттығулар
Кез-келген іс-әрекетті бағалау белгілі бір нормамен салыстыруды
көздейді. Күдік тудыратын іс-әрекеттерді девиантты дап атайтыны бізге
белгілі. Девианттық мінез-құлық – не моральдық, не құқықтық, не мәдени, не
психикалық саулық нормасынан ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі.
Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияға бөлінеді. Бірішіден ашық
немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-
әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеуметті және мәдени нормаларды бұзатын
әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер елеңбейті болса, оларды
құқық бұзушылық дап, ал егер назар аударатындай және қылмыстық рет бойынша
жазаланатын болса, қылмыс деп атайды.
Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса үлкен қауіп тудыратын шақтар.
Неліктен? Біріншіден, психогорманальды процестерден басталып, Мен
концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар
әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы.
Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты
туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар
мен үлкендерге бағыушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері
қалыптасып үлгермеген.
Егер жасөспірімдік психопатологиясына психиатрдың емес, жай қалыпты
психолог көзқарасымен қарайтын болсақ, эмоция мен өзін танушылық
мәселелерінің тығыз байланыстылығы көзге түседі. Жасөспірімдердің өзіне
қианат етуі – қиыдықтан, ұрыс-керістен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Деструктивті мінез құлық
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ СОЦИОЛОГИЯСЫ
ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Тұлғаның әлеуметтенуі
Пәндер