Жастардың даму кезеңдері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І
Бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Жастар әлеуметтік топ ретінде
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2. Жастардың даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8
II

... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың технологияларның мәні
мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..12
2.2. Жастардың әлеуметтік
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Жастар - әлеуметтік-демографиялық топ екендігі белгілі, әртүрлі
әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық және жас, жыныс аралық
ерекшеліктермен сипатталады. Жастар жасы биологиялық тұрғыдан жан-жақты,
бірақ өмір жағдайларының объективті нақтылығымен детерминацияланған болып
табылады.
Заң ғылымдарында “жастар” ұғымы нақты ауысып отыру шекараларын
анықтайды. Жастар әлеуметтік топ ретінде, бұл ғылымда оған аса көңіл
бөлінбейді. Бұл ғылым жасөспірімді оларға белгіленген жас зонасы өкілі
екендігін қарастырады. Мұнда оның жасы нақты бір күнге дейінгі аралығы
анықталған. Жас 14 жасқа толған күннен 18-ге толғанға бір күн қалғанда
аяқталады.
Медицинаның кейбір бөлімдерінде “жастар” ұғымы антропологиялық
критерийлерден шығады.
“Жастық” ұғымының медициналық интерпретациясы индивидтің физикалық
дамуымен байланысты, бұл индивидтің конституциясының қалыптасу процесі
аралығының жүріп жатуы.
Медиктік-антропологиялық ұғым дамудың нақты биологиялық процесіне
негізделеді. Бұған дамушылықтың генеративті працесстері мен
конституциясының екінші өзгерісін қатыстыруға болады.
Медиктер “жастық” периодын индивид онтогенезіндегі уақыттың бір
кесіндісі ретінде қарастырады. Осыған орай, “жастар” термині медициналық
мағынаға кірмейді, ал жастық кезеңдегі жас индивидтің физикалық даму
этапымен анықталады.
Жас адамды ғылыми және жүйелік зерттеулер ХХ ғасырдың басында көріне
бастады. Бұл жерде Ш.Бюлер, Э.Шпрангер, О.Тумлирц, В.Хоффманның жұмыстарын
айтуға болады. Бірақ, олар өздерінің жас адамның психикасы жөніндегі
ойларын алдымен өткен философияға және де педагогикалық әдебиеттерге
негіздейді. Жастар психологиясының қалыптасу кезеңдерінің алғашында кейбір
эмпирикалық мәліметтер әлі де болса да қолданылмады, соның салдарынан да
жастардың психологиялық мінездемелері сол уақытта алынған мәліметтері аз
шындыққа сенімді болады. Кейбір концепцияларда жастық шақтың циклдық
анықтама тенденциялары байқалады. А.Швенк жастық периодты – балалық күйден
ересектік күйге өту деп сипаттайды. Яғни метаморфоздың динамикалық кезеңі.
Э.Шпрангер ұл бала 14-21 жас аралығын, қыздардың 13-19 жас арасын
белгіленген шекарадағы жастық шақтың ішкі жүйесімен анықтады. Бұл жастың
бірінші фазасы – балалық қажеттіліктерден босатылған кризиспен сипатталады.
Психологияда жастық кезең эмпирикалық мәліметтер негізінде анықталады.
Төменгі жас шекарасы медиктік-антропологиялық көзқарас тұсымен қатысты
болуымен байланысты. Ол физикалық даму процесімен басталып, жастық шақтың
ішкі дүниесінің ашылуымен аяқталады.
Жастар психологиясы жастық шақтың 18 бен 22 жас аралығының жоғарғы
шекарасын анықтайды. Осы жасқа дейін ересектің психикалық құрылымы
орнығады. Жас адамда бұл кезде дүниетанымдық позициялары, өмірлік
жоспарлары, өзінің болашақ жұмысының айқын көріністері бола алады.бірақ 18
жастағы жас 22 жасқа толған жас адамнан ерекшеленеді. Және осы жерде сол
немесе өзге жасқа қатысты сапаларды айту қиынға соғады.
Психологиялық түсініктемелердегі “жастарға” дамудың күйзелістік
периодын өткізетін, нақты ішкі немесе сыртқы факторлардан жоғары
сезімталдықпен көзге түсетін жасөспірімдерді кіргізеді.
1.1. Жастар әлеуметтік топ ретінде қалыптасуы.
Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байлаысты. Жастар мен қоғам
үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен
өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік
ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар,
келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі. Өмірдің әр
кезеңіне қабілетті және дамушы қоғам үшін барлық ұрпақпен үзілместей
байланыстар, түсінушіліктер, қарықатынастар жасай отырып аса маңызды болып
табылады. Осылардың барлығына қоғамның тұрақтылығының жемсі, қайар көзі,
жауаптылық танытады.
Жастар – қоғам құрылымындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық
элементтермен байланыстардағы қиындықтарды, динамикалық ішкі өзгерістерді
басынан өткізіп, тез қабылдап алатын топ. Дегенмен де ол қоғамдық-саяси,
мәдени, отбасылық, еңбек қызметіде түрлі деңгейдегі белсенділік танытады.
Жастар қалыптасқан қажеттіліктерге байланысты әлеуметтік мобильділгі бар,
біліктіліктері мен білмдері, қызығушылықтары, құндылықты белгілерді
бойларына жинақтаған әлеуметтік-демографиялық топ болып саналады.
Жастар – балық социогуманитарлық ғылымдардың зерттейтін объектісі.
Философия, психология, педагогика, демография, әсіресе әлеуметтану
ғылымдары жағынан қызығушылықтар туындап отыр. Зерттеушілердің жастар
ұрпағына деген қызығушылығының басты себебі - әлеуметтік негізделген
талаптардың өсуіне орай, өйткені қоғам олардың жоғарғы квалификациясыа,
шығармашылық тұрғыдан ойлана білуіне және де өздігінен шешім қабылдай
алуына, жауапкершілікті өз мойнына алу сияқтыларға көңіл бөледі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген еуропалық
елдерде, АҚШ пен Жапонияда 13 пен 14 жастан 29 бен 30 жас аралығында
қабылданған. Бірақ әр елдер “жастар” ұғымына түрліше қарайды. Ұлыбритания
мен Нидерланды да жастар ерекше топ болып айқындалмайды, тек жас
шекарасындағы балалармен бірлескен аймақты қамтиды, яғни 0 –25 жас аралығы.
Мұндай көзқарастың позитивті де және негативті жақтары бар, ол: бала мен
жастар саясатының бір-бірлерімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді, ал
оның негативті жақтары осы сфералар арасындағы көңіл бөлушілік пен
қызметтер бірдей емес деңгейде бөліну ықтималы. Испанияда жастар 14 пн 30
жас аралығымен анықталады, кейде 32 мен 34 жасқа дейін араласып отырады.
Бұл фактінің түсіндірілуінше, дәл осы жаста жас испандықтар өз беттерінше
жекелік, экономикалық тәуелсіз өмірлерін жүргізуді бастайды. Сонымен де
“жастар” ұғымы тек қана жас аралық шекара мен ғана анықталмайтындығы
көрсетіледі.
Дүниежүзілік қауымдастық, көптеген елдердегі жастардың қоғамның
әлеуметтік бөлектенген тобы болғанымен қатты толғанады. Жастардың рухани
бағыттары үлкен “дабылды” тудыруымен сабақтас болуында.
Жастарға арналған саясаттың өндірілуі мен жүзеге асуы әлемдік
қауымдастық деңгейінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және де Білім беру, ғылым
және мәдениет сұрақтары бойынша қауымдастыққа (ЮНЕСКО) тікелей байланысты.
1965 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен “Жастар арасында бейбітшілік
идеалын тарату мен халықтар арасындағы өзара сыйластық пен түсінушілік
Декларациясы” қабылданады. 1989 жылы өткізілген өзінің 31-сессиясында БҰҰ-
ның Әлеуметтік даму комиссиясы жас адамдардың қоғам өміріне енуінің
приоритетті тақырыбын қарастыруға ұсыныс жасайды.
Жастардың қоғам өміріне енуі жөнінде Халықаралық симпозиум 1990 жылы 4
нен 8 шілдеге дейінгі аралықта өтті. Симпозиумда осы мәселенің шешуші
құралдары мен жолдары анықталады. Алдымен жастарға қатысты комплексті
ұлттық саясатқа аса көңіл бөлінді. Жастардың Халықаралық жылы өтуінің
жетістігі ретіде әлемнің бірталай мемлекеттерінде жастарды қоғам даму
процесінің негізгі көзі мен маңызды объектісі болып табылуымен ұлттық
саясаттың құрылуы орын алды. Бұл, яғни мемлекет өмірінің барлық жақтарын
қозғауы тиіс: әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси. Сонымен қатар,
мұндай сясат жас адамдарға деген қарым-қатынастың қоғам өмір сүруінің түрлі
сфераларымен өңделген жоспарлар, стратегиямен бағдарлармен сәйкестендірілуі
қажет.
Қазіргі таңда жастар бүкіл әлемде санымен және тез өсіп келе жатқан
әлеуметтік топтардың бірі. Егерде қоғам жастарға жоғары талаптар қоятын
болса, онда жастар да қоғаммен байланысу белсенділігі кезінде көп талап
етуші болады. Бірақ та жастар – қоғамның өте проблемді топтарының бірі
болып саналады емес пе! Жастар проблемалары өздігінен пайда болмайды, олар
қоғам дамуымен тікелей байланысты.
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты халықтың түрлі топтарының
әлеуметтік орнының өзгеруіне әкеліп соқты, сонымен қатар дәстүрлі түрде
алдыңғы идеяларды тудырушылардың да. Жаңа жағдайлардағы негізгі орын –
жастарға арналған, себебі олар қандай бағыт таңдамасын олардың шешімі
болашақ қоғамды анықтайды.
Әлеуметтанулық жопарларда қоғамдық прогресстің объективті факторы
ретінде жастардың әлеуметтік даму тенденциясына әсер ететін екі түрі бар.
Бір жағынан, макроортаның объективті және субъективті жағдайларының өзгеруі
болашақ жастардың әлеуметтік түрін қалыптастыруымен қатар, әлеуметтік
құрылымның даму сатысын көрсететін қоғамның қоғамның әлеуметтік құрылымына
жастардың ерекше қосылуын тудырады. Басқа жағынан, қоғамдық прогресстің
факторлары, жастардың ойымен шағылысып, олардың өзіндік қажеттіліктеріне,
қызығушылықтарына, іс-әрекет бағдарламасындағы құндылықты бағыттарына
әсерін тигізіп, ақыр аяғында жастардың әлеуметтік түрінде бейнеленеді.
Өз бетінше іс-әрекет жасай алатын әлеуметтік-демографиялық топ ретінде
анықталып жастар, қоғамдық қатынастар мен қоғамдық формалар болып
сипатталады. Жастар ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде біріншіден,
өзіндік объективті болмысынан пайда болатын бірнеше ерекшеліктерді
қалыптастырған. Жастардың әлеуметтік ерекшеліктері спецификалық позициясы
арқылы анықталады, яғни олардың әлеуметтік құрылымының қайтадан жаңару
процесіне қатысуымен қатар, олар мұрагер және жас адамның өз күшімен
қоғамдық қатынастарды өзгертуші. Бұл процесс ішінде пайда болатын
қайшылықтар – толығымен алғандағы жастар проблемасының негізінде жатыр.
Жастардың жастар шекарасы қозғалмалы болып келеді. Олар адамның өмір
сүру жағдайы, мәдение пен игіліктерге жеткен дәреже, яғни қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Бұл факторлардың әсерінен
адамдардың өмір сүру ұзақтығы анықталады, жастар жасының кеңейген шекарасы
14-30 жас. Нақты осы жас аралығында жасөспірім әлеуметтік тұрғыда таңдау
құқығына ие болғандықтан (мысалы, оқуын жалғастыру, гуманитарлы немесе
техникалық жоғарғы орнына түсу немесе жұмыс істеу) төменгі жас шекарасы
анықталады. 30 жасқа тақап қалғада адамның ережеге сай кәсіби біліктілікке
жетеді, өзінің отбасын құрайды, қоғамда тұрақты өз орнын табады.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық
маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық
таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге
тұру, дүниеге сәби әкелу тағы басқалары.
Жасөспірімдер 18 жасқа дейінгілерді қамтиды – бұл негізінен мектепте
оқитындар мен кәсіби оқу орындағылар. Ережеге сүйенсек, олар ата-аналарының
қарамағында болатын және де толығымен азаматтық құқықтарын иеленбегендер
болып саналады.
18 бен 24 жас аралығындағы жастар, олар – жұмысшылар, студенттер,
белгілі бір оқу орнының түлектері. Олардың кейбіреулері ата-аналық
отбасылықтан бөлектенген, өздерінің жеке кірістеріне өмір сүретіндер.
Мұндай жаста некеге тұру, жас отбасылардың құрылуы мен бала туу
белсенділігі байқалады.
25 пен 29 тұсындағы жастар болып – кәсібилік шешім қабылдаған, нақты
квалификациясы бар және өмірлік кәсіби тәжірибелі деңгейінде болатындар.
Жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың өршігуіне орай, жас
ұрпақтың проблемалардың шешімін табу артта қалуда. Бұл, алдымен жастарды
тәрбиелеу мәселесін қозғайды. Мемлекеттік органдардың қаншалықты
әрекеттесуіне қарамастан, орта мектептер мен ондағы оқитындар жақсы емес
кезеңдерді бастан кешіруде. Оған ауыл мектептерінің жабылуы, оқулықтардың
аздығы республиканың көптеген региондарында жетіспейді. Осының салдарынан
толық білім мен тәрбие алмаушылырдың саны өсуде. Бұл білімі аз, мәдениеті
тмен адамдардың пайда болуына әкеледі.
Соңғы кезде жастар еңбек бөлінісі мәселелері бой көтеруде. Анализдің
көрсетуінше, білім алушылардың 9 %-ы 11 сыныпты бтірушілер толық білім
алмауымен жұмысқа тұра алмайды.
Дамыған елдерде ақыл-есі кем және физикалық ауытқушылығы бар
балалардың білім алуна көп көңіл бөлінеді. Ал Қазақстанда соңғы кездері
мұндай мекемелердің саны азайып кетуде. Қазіргі таңда ақыл-есі дамуында
кемшілігі бар жасөспірімдердің жағдайы қиындауда, мұндаймен жұмыс жасайтын
120 мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар жастар ортасында өз-өзін
өлтірушілердің саны жоғарлауда. Мұндай көрсеткіш еркектер арасында 25-29
жас аралығында өте жоғары, ал қыздардікі 20-24 жас аралығында болып отыр.
Айтып кеткендей жастар арасында түрлі проблемалар жетіп жатыр. Осындай әр
түрлі проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыскерлердің көмегі бірден-бір
қажет.
Е.Р.Ярская-Смирнованың айтуынша, жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі
міндеті – жастардың өз проблемаларын өздері шешуге және де жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға бейімделуіне қабілеттілік таныту.
1.2. Жастардың даму кезеңдері.
Жастардың даму кезеңдері үш кезеңнен тұрады: балалық шақ,
жасөспірімдік, жастық шақ.
Жасөспірімдік кезең адамның өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын
кезең, яғни өзімен-өзі ақылдасып, “жан дүниесіне үңілуге құштар” шағы деуге
болады. Адам өзінің сыртқы табиғатын біліп, оның күшін өз игілігіне
пайдалану үстінде өз жан дүниесінің жұмбақты сырларында білгісі келеді.
Өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол
сыртқы дүниенің тәнге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына
пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың
мақсаттары, бірі адамның өзін-өзі тани білумен сабақтас.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың психикалық дамуының қозғаушы күші
мектеп пен отбасының қоятын талаптары мен балалардың психикалық даму
дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелен жастардың
адамгершілік қасиеттерін, ақыл-ой және шығармашылық күштерін ұйлесімді
дамыту жолымен шешіледі. Әрбір жасөспірімдердің өзіндік санасын дамыту
арқылы моралдық-психикалық қасиеттерін бағалап толық түсінуіне бірыңғай
талаптар игі әсер етеді. Оқушы өзінің жеке өміріне, қабілетіне назар
аударады, қойылатын талаптарға мінез-құлығына сәйкес немесе сәйкес
еместігін сезеді. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында балалардың кейбір
ерекшеліктері еске алынады. Олар: өзін-өзі тәрбиелеу, келешек мамандақ
таңдау, жолдастық, сезім, достық қарым-қатынас, алғашқы махаббат сезімі,
т.б.
Өмірдегі еңбектің, білім алудың, тіпті өмір сүру формасының
адамгершілік-рухани қалыптасуы ондағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігіне,
тұрақтылығына байланысты. Адамның өз мінез-құлығын аңғара алуы оның ар-
ұжданына байланысты. Егер адам өз ар-ұжданының деңгейін біліп, оған кір
келтірмей жүрсе оның көңілі ылғи да көтерінкі болады, өзіне-өзінің сенімі
арта түседі.
Білім беру саласындағы жаңа идеяларды және тәрбие бағыттарын жүзеге
асыру үшін оларды өзін-өзі тәрбиелеу идеяларымен толықтырып, сондай-ақ оқу-
тәрбие әдістерін жаңарту, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын өзара
ынтымақтастыру арқылы адамгершілік дамудың жоғарғы деңгейіне жету көзделу
қажет деп ойлаймын.
Ос кезеңге дейінгі мектеп оқушысының оқуға, сабаққа, тәртіпке,
жолдастарына, үлкен адамдарға, ата-анасына деген сияқты қатынастарға жиі
көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта, біз білім беру қызметкерлері,
тәрбиешілер, ата-аналар баланың жеке өміріне көбірек көңіл аударып, оларға
көмектесу, дұрыс педогогикалық көңіл, әсіресе баланың өзіне-өзі көңіл
аударуын қадағалауымыз қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтеуі
мен сыйлауы, өзін-өзі реттеуі т.б. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағаламауы
немесе құрметтемеуі өзінің тұлғалық қасиеттерін немесе құндылықтарын
кемітуіне әкеліп соғады. Мәселен, өзінің бағыт-бағдарын анықтай алмай, өзін
құрметтемей, абыройын ойламайтын дәрежеде ол нашақорлыққа, ішімдікке,
жезөкшелікке салынуына, қылмысқа қол ұруына себепкер болады. Мұндай
жағдайға түсуіне себеп, оның бойында сенімсіздік пайда болып, қоғамнан
немесе ата-анасынан кек алуға өштеседі. Кейде оларға ешқандай жазалау,
қорқыныш, дәлел әсер етпейді, себебі ол өзінің болашағына сенбей,
пессимистік, эгоистік тұрғыда қарап, өзін-өзі құрметтеуден қалады.
Жасөспірімдік кезеңдегі жастар өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере
бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне маңызды сұрақтар қоя бастайды,
мысалы, “Мен 16 жастамын, ал мен отан, мемлекет үшін не істедім?”, “Мен
кіммін?”, “Мен қалай істеуім керек?”, “Отбасының, ата-ананың алдындағы
менің борышым неде?”, т.с.с. Мұндай сұрақтар жасөспірімдерді ойландырып, өз
бойларына талдау жасайды. Қайталанбас дара тұлға ретінде жасөспірімнің өзін-
өзі ашуы осы адамдар өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен
байланысты. Жасөспірімдік рефлекция, біріншіден - өзінің “Менін” ұғынуы,
яғни “Мен кіммін?”, “Мен қандаймын?”, “Менің қабілеттерім қандай?” т.б.,
екігшіден – дүниедегі өзінің жағдайын ұғынуы мен өзіндік реттеуі, яғни
“Менің өмірлік мұратым қандай?”, “Кім болғым келеді?” осы сияқты
психологиялық көріністерге ие.
Жасөспірім өзіне-өзі сұрақтар қояды. Осыған орай ол өзіне-өзі талдау
жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың, реттеудің
элементіне айналады.
Жасөспірімдік кезде бұрынғы ұғымдар жүйесінің бұзылуына және өзінің
жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке бас туралы түсінік
қайтадан қаралады. Жасөспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін
талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалауы
мүмкін және керісінше. Өзіне деген осындай негізсіз сенімділік көбіне
айналасындағыларды мезі етіп, көптеген тартастар мен түсінбеушіліктер
туғызады. Жас жеткіншек өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген
сынаулар мен қателесулерден кейін барып, әдетте мектепті аяқтағаннан кейін
біліп жатады.
Жоғарыда көрсетілгендей “Меннің” бейнелері күрделі, әрі бір мағынада
болмайды. Тіпті толық қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-
қайшылықсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бірі деп түсініп жатпайды.
Өзін білу, өзін-өзі сәл басып тану адам жанының тереңдігін тілейді. “Мен,
менен, менікінің” мағынасы екі деп ұлы Абай айтқандай “Мен” дегеннің
мағынасы әр түрлі. Адам бойында “меншіктік мен” және “әлеуметтік мен” бар.
“Меншік Мен” - бұл менің отбасым, әке-шешем, олардың қуаныш-қайғысы
менің де қуаныш-қайғым болады, сондай-ақ менің кітабім, үйім, киімім және
т.б-лар.
“Әлеуметтік Мен” – қоршаған ортаның, айналадағы дүниені Мен деп
ұғамын? Мұнда “әлеуметтік Меннен” “меншіктік Мен ” жоғары тұрады – сабабі,
ол менің ішкі өмірім, менің жан дүнием, рухым.
Жастық – бұл жасөспiрiмдiк шақтан кейiнгi ересектiк шаққа дейiнгi
период ( жастық шекарасы 15 – 16 дан 21 – 25 ). Бұл период адам өзiне
сенiмсiз, әрi ересектiкке ұмтылатын жасөспiрiмдiктен шынайы есеюге алып
келетiн жол.
Жастық шақта жастарда өмiрлiк құндылықтарын таңдауда проблема
туындайды. Жастық шақта жастар өзiне, басқа адамға, моральдiк құндылықтарға
деген iшкi позицияны қалыптастыруға тырысады. Нақ жастық шақта жас адам
саналы түрде жамандық пен жақсылық категориялары арасына өзiндiк орнын
қалыптастырады. “Ар”, “намыс”, “құқығы”, “парыз” және де басқа тұлғаны
сипаттайтын категориялар адамды осы жастық кезiнде көп алаңдатады. Жастық
кезеңде өз - өзiн сезiнуге тырысады, шыңдарға жеткен жеңiстерi мен одан
құлаған кездерi, яғни күрес, қоғамдағы өз орнын табу мен сол орынды игеру
үшiн күрес, бұл күресте жеңiлiстер де, жеңiстер де болады, бiрақ дәл осы
қателiктер арқылы адам есейедi.
Iшкi позицияны таңдау – қиын рухани жұмыс. Оған өз әсерiн балалық пен
жасөспiрiмдiк кезеңдердегi iс әрекеттерi тигiзедi. Ол өзiне өмiрлiк
позициясын адаптивтi немесе адаптивтi емес позицияларды таңдайды, сонымен
қоса өзi таңдаған позициясы жалғыз, әрi нақты, дұрыс болып көрiнедi.
Бiрақ та, қандай сенiң бағытың шынайы, нақты, бiлiмдi болғанымен
шынайы өмiрде оның тәжiрибесi аз, мiне сондықтан да жастық шақта өмiрдiң
соққысына соқтығады. Сонымен бiрге дәл жастық шақта табиғатпен берiлген
басқа жыныс өкiлiне ұмтылыс, талпыныс пайда болады. Бұл ұмтылыс түсiнiгi
бiлiмi мен қалыптасқан құндылықтарына қарамастан жас адамды тура жолынан
тайдыруы мүмкiн. Жастық кезеңде – бұл басқа сезiмдерге, өмiр позициясына,
басқа адамға деген құмарлық билеу мүмкiн.
Жастық шақта жас адам өзiнiң рефлексивтi жаттығуларын бағалайды, оның
мағынасына оның өзi, досы, жiгiтi немесе қызы және де түгел адамзат кiредi.
Жасөспiрiмдiк кезде бастаған тұлғасын қарым – қатынас жолдарын
қалыптастыруды ол жастық шақта өзiне мағыналы сапаларын жетiлдiрудi
жалғастырады. Бiрақ бiреулерде – рухани дамуын идеалмен идентификацияласа,
екiншiлерi - өзiнiң ұқсауына батырлыққа қарсылық таңдап, өзiнiң тұлғалық
дамуын сонымен байланыстырады.
Ол жастық шақта оңай жараланатын болып қалады, тек жастық шақтың
аяғына таман қорғаныс механизмi пайда болады, ол оны сыртқы, басқалардың
араласуынан қорғайды және де өзiнiң iшкi сезiмiн нығайтуға көмектеседi.
Жастық – адам өмiрiнiң мағыналы, маңызды кезеңi. Жасөспiрiм болып
жастық кезге қадам басып, жас адам бұл кезеңдi шынайы ересектiкпен
аяқтайды, яғни ол өз тағдырын анықтайды: өзiнiң рухани дамуы мен өмiрлiк
жолын таңдайды. Бұл кезеңнiң өзiндiк спецификасы бар: басқа жастық
кезеңдерге қарағанда жас адам “қызба” немесе “суық” болып келедi. Мұндай
адамдар қоғам, табиғат және жануарлармен қатынаста өз көрiнiсiн табады.
Нақ жастық шақта адамзаттық пен руханилық позициясының шырқау шегiне
жету немесе дәл осы жаста адам адамзатқа сай емес ең төменгi дәрежеге дейiн
түсуге барады.
Бiрiншi туылған жолын басынан кешiрiп, жасөспiрiм балалық шақтан өсiп,
жастық шаққа аяқ басқанда тұлғаның екiншi туылу мүмкiндiгiн алады. Адам
қоғамдық өндiрiске, еңбектiк қызметке қатыстырылған тұлға және адам ретiнде
өзiн - өзi анықтауға ұмтылады.
Жастық шақта, тұлға потенциалына жеткенде, екiншi тууға кiргенде,
өзiне жақын адамдардан тәуiлсiздiгiнен босалғанын сезедi. Бұл тәуелсiздiк
қатты уайымдаулар мен көп проблемаларға алып келедi. Ал нақты үлкен,
ересек, әрi әлеуметтi ересек адам дүниетаным, құндылықты бағыттар,
тәуелсiздiктi түсiну ғана емес сонымен қатар тәуелдiлiктiң керектiгiн
түсiнумен сипатталады, өйткенi тұлға өзiне қоғамдық қатынастардың болмысын
сақтайды.
Еліміз егемендігін алып, дүние жүзілік өркениетке ұмтылу барысында
өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді.
Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін
қалыптастыру қажет. Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық
әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – жер шарындағы небір
ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл ой туындыларының құдіретті иесі.
Студенттің тұлға ретінде дамуын бір жағынан оның тұлғалық ерекшелігін
қадағалай отырып, екінші жағынан жастардың оқуы мен тәрбиелеу
поцестеріне белсенді түрде әсер етуге болады.
Адамның жан-жақты дамуы әлеуметтік жағдайға тәуелді екенін 16-17 ғ.ғ
байқаған тұңғыш гуманист социал-қиялшылар Томас Мор және Томмазо
Кампанелло. Т.Мор жеке адамды дамытудың негізі жалпыға бірдей және міндетті
оқу, оқуды ана тілінде жүргізу балаларға ғылымның әр түрлі салаларынна
теориялық білім беру, оның еңбекпен ұштастыру деп “Утопия” деген еңбегінде
сипаттаған. Кампанелло адам баласының дамуы оның жарасымды қалыптасуы
тәрбие арқылы ақыл-ойын, қабілетін дамытуда игілікті, қажетті жағдайлар
жасау арқылы, бақытты өмір сүруіне мүмкіншілік туғызу дейді.
Сыртқы факторларға қоршаған орта, қоғам әсер етсе, ал ішкі факторға
адам дамуының биогенетикалық және физиологиялық ерекшеліктері кіреді.
Студент тұлғасының белсенді даму кезеңі бұл студенттің әр түрлі
шешімдері. Мәселен өз бетінше шеше алу деңгейінің көрсеткіші яғни оның
ұйымдастыра алушылық қабілетін және іскерлік деңгейінің қаншалықты екенін,
тұлғаның құндылықтары және қаншалықты дамығандығын анықтайды.
Студент қоғамда белгілі бір орын алады, белгілі бір қоғамдағы пайдалы
қызмет атқаратын және өзіне тән даралық және қоғамдық психологиялық
ерекшеліктерімен ерекшеленетін индивид.
II Бөлім

мен ерекшеліктері
Технология түсінігі объектіні өңдеу және сапалы қайта өзгерту
тәсілдері мен құралдары туралы білім жүйесі дегенді білдіреді. Алғашында
бұл түсінік тек объектісі табиғат материалдары болып табылатын өндірістік
салада қолданылға. Қазіргі уақытта оны қолдану әлеуметтік салада жүріп
жатқан процестер технологияларының объектілерінің қосылуына байланысты
барынша кеңейіп отыр.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір
саласы. Ол қиын өмірлік жадайға ұшыраған азаматтарға көмек көрсетіп, қолдау
жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған .
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады.
Кең мағынада - әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, бағдарлама,
құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде.
Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық
басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында – жеке
техологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс
объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар
болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әр түрлі санаттарымен
мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б бойынша әлеуметтік жұмысты
ұйымдастырушылардың тікелей әрекеттерінде қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс
техологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды
қажет ететін белгілі-бір санаттарына, олардың өмірлік қиындықтардан алып
шығу мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді
ұйымдаструдың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік
жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:
1. процедура мен операциялардан (іс-әрекеттің тәсілі мен құралы
ретінде) тұратын бағдарлама;
2. осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.
Жастардың әлеуметік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері
көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең
көп тарағаны – объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б.
болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әр қайсысына
объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір әсер ету тәсілдерін
қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік
туады.
Жастар әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа
дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі
(бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға
жастардың әлеуметтік жұмысының мобильділік (басқаша атауы – көшедегі
әлеуметтік жұмыс) технологиясынын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттары
батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде
Қазақстанда аз танылып отыр. Оның сәні – ешбір жастар орталығынан, кеңес
беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ
девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау
жасау. Осындай жастарға рокерлер, спорттық және музыка фанаттары және
т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы -
әлеуметтік қызметкерді осындағы тусовкаға еңгізу, оның қатысушыларымен
өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы
негізде осындай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың
агрессивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық және тактикалық
сипаттағы технологиялар болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымы
қамтып, олардың өмір деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға
және т.б. мүмкіндік жасауға бағытталға технология. Екіншісі – жастардың
кейбір санаттарымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет
ететін топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстаның жағдайына
байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр,
себебі жастардың қауіптілік жігін, топтарының пайда болуын алдын-ала
саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
мемлекеттік қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілеті әлеуметтік
жұмыстың жүйесінде атаулы әлеуметтік көмек тұжырымдамасына ғана сүйенеді.
Соған қарамастан жастармен әлеуметтік жұмысты табысты жүзеге асыруда
тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық сипаттағы
технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен
жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек
көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оға бір
мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай,
балар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып,
оны болдырмау шараларын қолдану, қамқорсыздықтың алдын-алу шараларын
қолдануға бағытталға стратегиялық технологияны да жүзеге асырған дұрыс.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада
қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп
қарауға мүмкіндік береді:
• ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр
алуандылығына бағыттылығымен сипатталады, оны орталық жәе
жергілікті әкімшілік байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды
да, оған қажетті қаржы бөледі, оның жұмсалуына бақылау жасайды
және таңдалған технологияның қолдану нәтижесін бақылайды;
• кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі
кезеңге бөлуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған
технологияның объектісі – жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке
жасөспірім, бозбала, бойжеткен, олардың отбасының басындағы
жағдайларды терең зерттеумен байланысты. Осы кезеңде барынша
маңызды, алдымен шешуді талап ететін проблемалар анықталады. Бұл
кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің
клиентімен (жеке адам, топ) бірге проблеманы шешудің жоспарын
құрудан тұрады. Екінші кезең – жасалған жоспарға сәйкес жұмыс
жасау, ол психо-әлеуметтік және де басқа да қажетті көмекті
қарастырады жәе басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай
жасау, клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға
бағытталға.
• кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге
асыруға арнайы мамандар – психологтарды, әлеуметтік
педагогтарды, медиктерді және т.б. дайындауды қарастырады.
Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс істеуге арайы
дайындалған, клиентпен сенімді қатыасқа түсіп, оның басына түске
жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер ететін
адамдарды, қоғамдық (ресми жәе бейресми) институттарды және
байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жзеге асуыа бақылау жасаушы
маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір
маңызды қағидасы – саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарыда
аталғандардан басымырақ тсетідікте жеке қарасуды қажет етеді.
Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде – күрделі және
іштей жіктелген (дефференция – лат. – айырма, айырмашылық) қауым. Ол шартты
түрде дербес бірлік болып табылады. Шындығында жастар өзара қоғамдық
қатынастар жүйесіндегі алатын орнымен, оқу мен еңбек сипатымен, білім мен
мәдениет деңгейімен, өмір салтымен, әлеуметтік-психологиялық, жас
ерекшеліктерімен ерекшеленетін, көптеген әртүрлі страталардан ( лат. –
жік), топтардан, жеке тұлғалардан тұрады.
Жастардың күрделі, жүйелі сипаты соған сәйкес келетін, адекватты
көзқарас қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың технологиясының ішінде
дефференциялық тәсіл осы түрге жатады және ол адам немесе адамдар тобының
ортақ қасиеттері мен сипаттарына қарай ерекшеліктерін есепке алу мен
қолданыуды зерттейді.
Әлеуметтік жұмыстың әдісі ретіндегі дефференциялық тәсілінің негізінде
әлеуметтік дефференциялау сияқты әлеуметтік түсінік жатыр, ол - әлеуметтік
макро және микро топтар арасындағы, сондай-ақ әртүрлі негізде бөлінетін
жеке тұлғалар арасындағы айырмашылық. Бұл негіздемелер объективті
(экономикалық, кәсіби, білімдік, демографиялық және т.б. айырмашылықтар)
болуы мүмкін, бірақ көпшіліктің, жеке тұлғалардың сана-сезімінің жағдайын
бейнелейді, онда да біріншісімен сәйкес келмейді ( мысалы, бейресми
бірлестікке, қандай да бір дінге, деструктивті сектаға және т.б жатуы).
Әлеуметтік жұмыстың тәжірибесінде әлеуметтік дефференцияның
социологияның екі тәсілі бар.Оның бірі әрбір жеке тұлғаның бағамын, оың
теңдесіздігін, өзін-өзі көрсете алуын, топта, қоғамда автономиялығын
мойындайды. Мұндай тәсіл жеке тұлғаның өз тағдыры, өз таңдауы үшін
жауапкершілігін сезінуге мәжбүрлейді. Екінші тәсіл әлеуметтік
дефференцияның әлеуметтік проблемалардың, әлеуметтік әділетсіздіктің,
мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің көзі деп қарастырады. Бұл жағдайда
жеке тұлға тағдыры үшін қоғам мен мемлекет жауап беретін, бүтіннің бір
бөлшегі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қызметкер үшін осы айқындамаларды
қарама-қарсы қоймай, ол қорғау мен қолдауды қажет ететін тұлғалар мен
топтармен жұмыс істейтіндіктен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz