Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ
РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы,
тенденциялары мен түсініктері 6
1.2. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы 17
ІІ БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ АУЫТҚИТЫН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ 19
2.1. Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
СІЛТЕМЕ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
КIРIСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын
социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр
жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтың, әсiресе
бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтың басқа да
жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда,
бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң,
бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың
девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi
құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.
Қазiргi кездегi жастар үшiн ең маңызды мәселе ретiнде бiрнеше
кедергiлер, қиындықтармен ұшырасып отырады, олар жұмысқа орналасу, тұрғын
үймен қамтамасыз етiлуi, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесiндегi бастапқы
капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуiр толғандыратын мәселелер болып
табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестiк жағдайлары,
профессионалдық бiлiмдер мен тәжiрбиенiң жетiспеуi, осының салдарынан еңбек
нарығындағы өз тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық
мiнез-құлықтың өсуi мен жұмыссыздық мәселесiнiң белең алуы таң қалдырарлық
жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың
жоғалуы мен қатар, өз орындарын таба алмай жас тұлға iшiмдiкке,
нашақорлыққа әуестене бастайды, өздерiн қоғамдық ағымға қарсы қоюмен жол
табуға үйiр бола бастайды. Бұндай құбылыстар жастар арасында массалық
көлемдi алып келедi, яғни бұл құбылыстар қоғамда моральдық-психологиялық
жағдай өз әсерiн тигiзедi. Бiрақта әлеуметтiк шындық жастардың қылмыстық
әлемге бой алдыруға жол бермейтiн механизмдердi әлi ойлап таба қойған жоқ.
Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк алғышарттарының барлығының
себептерi, ол Қазақстан Республикасындағы өндiрiстiк қатынастағы адамдардың
теңдiгi мен материалдық жағдайларындағы теңсiздiгi арасндағы қарама
қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсiз
дамуы объективтiлiгi мен тұтыну заттарындағы теңсiздiк мәселесi жастардың
өзiндік материалдық жағдайларымен қанағатсыздық танытуының бiрден-бiр
себептерi, және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерiнiң қажеттiлiктерiн
әртүрлi жолдармен қанағаттандыруға белсендi ете түседi.
Әсiресе қазiргi кезде жастардың үлкен-үлкен қалаларда,ауылдық жерлерде
тұратын басым көпшiлiгi үшiн кейiнгi кезде рухани қажеттiлiктердi
қанағаттандыру мәселесiнiң әлеуметтiк әдiлдiгiнiң жоқтығы жанға бататын
жағдай. Көптеген қалаларда немесе ауылдарда тiптi кинотеатрлар және
мәдениет үйлерi жоқ. Сонымен қатар олардың тұрғындарының негiзiгi бөлiгiн
жастар құрайды. Әрине бұндай аймақтарда девианттық мiнез құлықтың деңгейi
республикамен салыстырғанда өте жоғары болып саналады.
Бiрнеше әлеуметтiк мәселелердi бiз кейiнге қалдырамыз, оларды
“қалдықты үйлесiм” дейдi, яғни ондай мәселелердi бiз күн тәртiбiнде бiрiншi
орынға қоймағандығынан олар әсiресе бiздiң жастарымыздың өмiрiнен көрiнiс
табатын жағдайлар болғандықтан, және жас қыздар мен жiгiттердiң санасынан
орын тебетiндiктен жастар арасындағы әлеуметтiк әдiлдiк мәселесiнiң
шиеленiсуiне алып келдi.
Девианттық мiнез-құлықтың дамуына арнайы бiр қоғамдағы әлеуметтiк
шындықтың бұзылуы, негiзгi демократиялық принциптердiң бұзылуы,
экономикалық реформаларды жүргiзгенде кеткен қателер нәтижесiнде осы жастар
арасындағы қиындықтардың пайда болуына алып келедi.
Жоғарыда айтылған мәселелердiң барлығы социологиялық зерттеудiң
актуалдылығының негiзiн ашуға көмектеседi, оның мақсаты жастар арасындағы
девианттық мiнез-құлық социологиясының теориялық және эксперименталдық
аспектiлерiнде қарастырылуы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Девиантты мінез-құлық және сондай
жастармен жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол
зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал,
отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша еңбектер
санаулы. Олардың көпшілігі ғылыми мақала түрінде ғана.
Джаманбалаева Ш.Е., Казымбетова Д.К. еңбектерінде Қазақстандағы
девианттық мінез-құлық, осындай жастармен жұмыс жүргізу жайы, жалпы
проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін
арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады.
Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы
кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.
Тақырыптың мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі
жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер
мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы девиантты мінез-құлықты
жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен
өзекті мәселелерін айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың
технологияларын ұсыну.
Осы мақсаттарға сәйкес курстық жұмыс келесi міндеттерді алдына қойған:
- девианттық мiнез-құлықты анықтаудың әдiстемелiк және теориялық
үйлесiмдерiн қарастыру және айқындау;
- девианттық мiнез құлықтың негiзi мен маңызын әлеуметтiк құбылыс
ретiнде ашу;
- девианттық мiнез-құлықты зерттеген қазақстандық және ресей
социологтарының еңбектерiн негiзге ала отырып, жастардың девианттық
мiнез-құлықтарының әлеуметтiк детерминанттарына салыстырмалы талдау
жасау және зерттеу жүргiзу.
Зерттеу объектiсi - Жастардың әлеуметтiк нормалардан ауытқу феноменi.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Курстық жұмыс девианттық мінез-
құлықты, осындай ауытқыған жастардың әлеуметтік мәселелерін, олардың саяси
бағдарын, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына
сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі.
Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды девиантты жастармен
әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар
социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық
жұмыстарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың теориялық негiзi ретiнде Э. Дюркгеймнiң (әлеуметтiк
дезорганизация теориясы), Р. Мертонның (аномия теориясы), М. Вебердiң
(әлеуметтiк iс-әрекет теориясы) еңбектерi қарастырылды. Жұмыстың теориялық
көздерi ретiнде Я.И. Гилинскиидiң, А. Коэннiң, В.Н. Кудрявцевтiң, Н.
Смэлзердiң, П. Сорокиннiң, Д. Пискаревтiң және т.б. идеялары; сол сияқты
Қазақстандық оқымыстылардың еңбектерi – Жаманбалаева Ш.Е., Д.К.
Қазымбетованың идеялары қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылысы жағынан: кiрiспе, екі бөлiмнен, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тiзiмi, және өзiндiк жүргiзген зерттеу
қорытындыларынан тұрады.

РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары
мен түсініктері
Социология шегiнде арнайы социологиялық теория пайда болды және
қалыптасты – девианттық (ауытқитын) мiнез-құлық социологиясы. Әсiресе
осындай атпен қырыққа жуық зерттеу комитеттерiнiң халықаралық социологиялық
ассоциациялар жұмыс iстеуде. Оның қайнарының басында Эмиль Дюркгейм тұрды,
арнайы ғылыми бағыт ретiнде тұрақты құрылуы ең алдымен Р. Мертонға, А.
Коэнға, К. Томасқа және А. Знанецкийдiң еңбектерiмен көрiнедi, олар
әлеуметтiк дезорганизациядағы универсалды процесстердi әлеуметтiк
өзгерiстерiстердiң бөлiнбейтiн бөлшегi ретiнде қарастырды, Р. Феррис, Э.
Тириакьян, Т. Шибутани және басқалары девианттық мiнез-құлықтың әртүрлi
формаларын әлеуметтiк дезорганизация формалары ретiнде қарастырды.
Девианттық мiнез-құлық мәселелерi әлеуметтiк жанжал теориясының
негiзiнде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтiк топтарға нақты қауiптi оның
ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерiнiң ауытқуын
азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мiнез-құлық жасайтын топтың
мүшелерiне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрiнедi. Жанжал
теориясына қатысты, әлеуметтiк жүйедегi мiнез-құлықтың мәдени бейнелерi
ауытқитын мiнез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттiң
құндылықтарына негiзделген болғанда. Девианттық ауытқитын мiнез-құлық
теориясы арнайы социологиялық теория ретiнде құрылымдық функционализм
теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып,
девианттық мiнез-құлық теориясын мәдениеттiң жасайтын мақсаттарымен
әлеуметтiк-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда
болған келiспеушiлiктер деп түсiндiредi. Оның пiкiрiнше әртүрлi топтар үшiн
бiркелкi емес мақсаттарға жетудiң ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен
қамтамасыз етiледi, және осылардың функционалдық жетiспеушiлiктерi мақсатқа
жету үшiн қолданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негiз болады.
Девианттылықты бағалау критериi бұқаралықтың достастығына, “өзiне”
және “басқаларға” деген бiрлiгiнен, бiр бiрiне келiсiмге келу
мүмкiндiктерiнiң тудыруы өздерiнiң “мендiгiн" шектеу арқылы. Бұл жерде
адамның қай шекте девианттық мiнез-құлықтағы екендiгiн анықтайтын шегараны
анықтау қажет. Осы критерийдiң негiзiнде жеке және қоғамдық
қызығушылықтардың принциптерiнiң сәйкес келуi негiзделген. Бұл жерде менiң
еркiндiгiм басқа адамның еркiндiгiмен шектеледi – бұл ең басты принцип,
осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшiн де девианттық
мiнез құлықтың ең негiзгi рационалды критериi ретiнде осы мiнез-құлықтың
түрiнiң зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз.
Бiрақта девианттық мiнез-құлықтың спецификалық критериiнiң бағасын
анықтау, егер девиация әртүрлi дәуiрлерде тұрақты, жалпылығы бар, солар
арқылы девианттық мiнез-құлықтың әртүрлi түрлерiн салыстыруға мүмкiндiк
бередi.
Шындығында, қандай мiнез-құлық кез келген дәуiрде девианттық па әлде
девианттық емес па соны анықтап алайық? Кез келген мiнез құлыққа баға беру
оның басқа да мiнез құлықтармен салыстыруды мақсат етедi.
Девианттық мiнез-құлыққа баға беру критерiн анықтау бiр жақты емес,
себебi бiздiң қоғамымызда қандай мiнез-құлықты девианттық деп айту, және
оны ажырата бiлу өте қиын. Девиацияның әсiресе айқын көрiнетiн мысалдары
ретiнде адамгершiлiктiң жоқтығын көрсететiн iс-әрекеттер, олар әрқашанда
талқылауларға түсiп отырады, бiрақ бұл жерде оларға толықтай, нақты
анықтама беру өте қиын. Бiрақ кiсi өлтiрудiң өзi арнай жағдайларда ақаталып
жатады. Мысал ретiнде, алғашқы қауымдық кезеңде ашығу кезеңiнде кiсi
өлтiрушiлiк талқыға түспейтiн, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған iс-
әрекет деп түсiнген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндiрiстiк күштер
қатайған кезден бастап, және қоғам материалдық жағдайларды жасай алатын
кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшiн, денсаулық үшiн неше күш
керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық
жеңiлдiктерден болсады, яғни бiз үшiн қылмыс болып табылады. Бiз көрiп
отырғанымыздай iс-әрекеттiң бағасы тарихтан берi заман өткен сайын өзгерiп
отыруда, және олар әлеуметтiк-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер
мен, мәдениетпен өзгерiске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.
Көптеген жұмыстардың нәтижесiнде девианттық мiнез-құлық концепциясының
позициясына деген сенiм күмәнға ұшыраған, оның негiзгi нүктесi - әлеуметтiк
норма. Көптеген батыс зерттеушiлерi (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және
т.б.) дамытқан теориялар былай дейдi: iс-әрекеттердi девианттық деп
мойындау үшiн қоғамдағы әлеуметтiк топтардың қызығушылықтарымен анықталады.
Бiрақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңiлдетпейдi, себебi “билiк
етушi” деген ұғымның өзi объективтi емес баға беруде, билiк ететiн
топтардың өзiнiң жағдайларын ұсынады және азшылықтың мiнез-құлығының
түрлерi, олардың дәстүрлерi мен салттарымен әлеуметтiк жағдайларымен
санаспағандығынан барып туындайтын түсiнiктi девианттық деп айтуға болады.
Бұл жерде шешушi маңызды сл мiнез құлықтың өзi емес, адамдардың оған деген
қарам қатынасында болады. Аяуды бiлмейтiн қоғам тiптi қорғаусыз адамды да,
тiптi адал, кiнәсiз адамды даттай алады, яғни оны девиант жасай алады 1.
Жоғарыда айтылған зерттеушiлер әлеуметтiк нормалардың қоғамдық топтардың
қызығушылығына қарасты екендiгiн дұрыс аңғарғандығымен, бiрақ кейбiр
жағдайларда аяқ астынан пайда болатын жадайлардың әсерiнен қоғамдық
нормалардың құрылуы, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың объективтi
табиғатын естен шығарып алған, олар нормаларда көрiнетiн және сол сияқты
мiнез-құлықтардан да көруге болады (одан ауытқуын), әлеуметтiк-экономикалық
себептер мен осы да және басқа да құбылыстардың заңдылықтарын бұрмалаудың
арқасында көрiнедi.
Қазақстанда осындай мiнез-құлықтың элементтерi, мысалы, қылмыскерлiк,
iшiмгерлiк және алкоголизм, нашақорлық және суицид (өзiн өзi өлтiрушiлiк),
көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетiн пәндердiң аясында
зерттелiп келдi: олар криминология, наркология және т.б. мен. Ал
социологиялық зерттеулер 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басындағы Я.И.
Гилинскийдiң, В.С. Афанасьевтiң2 және тағы басқалардың еңбектерiнен
көруге болады.
Ал Қазақсанда осы мәселелердi кейiнгi жылдары ғана зерттей бастады.
Девианттық социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен
еңбектi академик В.Н. Кудрявцевке3 тиеселi.
Қазiргi кезеңдiк, отандық девианттық мiнез-құлық социологиясында Д.К.
Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – адамдардың
өмiр салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және
басқа да әлеуметтiк нормаларға сәйкес келмейтiн, тұлғаға, әлеуметтiк
топтарға немесе қоғамға зиян тигiзетiн (немесе пайда әкелетiн), қоғаммен
қолдау табатын немесе тигiзiлген зияндары үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiктер
тартатын iс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал деликвенттiк мiнез құлық
дегенiмiз – күрделi заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершiлiк
тартуға апарып соғады. Девианттық мiнез- құлықтың деликвенттiк мiнез-
құлықтан өзгешелiгi, девианттық мiнез-құлық деликвеннтiк мiнез-құлыққа
қарағанда кеңiрек түсiнiк ретiнде танылады. Девианттық мiнез-құлық
деликсенттi мiнез құлықты өзiнiң бiр бөлiгi ретiнде қарастырады. Девиация –
нормалардың кез келген бұзушылықтарын айтамыз, ал деликвенттiк – ол тек
қана қылмыстық жауапкершiлiктердi алып жүретiн мiнез-құлық актiлерiне
жатады. Осы жұмыста автор девианттық мiнез-құлықтың критерилерiн анықтайды,
олар оның әлеуметтiк маңыздылық критерийiн анықтап бере алады, осыған
байланысты оларды қоғамдық пайдалылығына байланысты позитивтi немес
негативтi және нейтралды деп бөлуге болады. Ауытқулардың осындай түрлерге
бөлiнетiндiгiнен қарап негiзделген саясат құруға болады, ол практиканы
профилактикаға бағыттап отырады және де барлық ауытқуларды жою емес тек
қана негативтi ауытқуларды жоюға көмектеседi. Девианттық мiнез-құлық
теориясының зерттеуiне Ш.К Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлесiн қосты,
ол мынадай тақырыпта: “Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк мәселелерi” 4
және оның монографиялары 4. Бұл еңбектерде автор девианттық мiнез-құлық
дегенiмiз – мiнез-құлық актiсi деп әдiлдiкпен айтады, ол адамдардың iс-
әрекеттерi немесе өмiр салттары, арнай қоғамдағы қабылданған әлеуметтiк
нормалар мен заңгерлік негiздегi салдарлы қоғамдық санкцияларды бұзатын iс-
әрекеттердi қарастырамыз. Берiлген анықтама бiрiншiден, осы мiнез-құлықтың
барлық көрiнiстерiн қамтиды (iс-әрекет, өмiр салттары); екiншiден, ауытқуды
тек ресми жағын ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтiк
нормалардағы бейресми ауытқитын мiнез құлық формаларын да қарастырады;
үшiншiден санкцияның әртүрлi түрлерiн қамтиды, олар көбiнде өздерi
девиацияға алып келедi – ол топтық ауытқудан, қоғамдық жақтырмауға және
сонымен қатар толығымен қоғамнан бөлiп тастауға алып келетiн санкциялар.
Бiрақта девианттық мiнез-құлықтың критерииiн анықтау өзгеруде, бұл
жағдайда бiз бiр iс-әрекеттi девианттық немесе оған жатқызбауымыз да
мүмкiн, яғни ол әртүрлi қоғамдарда, салт дәстүрлерге, өмiр шарттарына
байланысты өзгерiп отырады. Әлеуметтiк процесстердiң динамикасы, қоғамдық
өмiрдiң әртүрлi аймақтарындағы кризистiк жағдайлар девиациялық
процесстердiң өсуiне алып келедi, олар нормадан ауытқитын мiнез-құлық
нормаларынан көрiнiп отырады.
Әлеуметтiк норманың толығырақ анықтамасын беру үшiн, аномия сұрағының
негiзiне мән беремiз. Алғаш рет аномия түсiнiгiн қолданған социолог Э.
Дюркгейм. Аномия түсiнiгiн ол “Индивидтiң мiнез құлқының анық реттеушiлiк
процесстерi, моральдық вакуум, ескi нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты
қарым қатынаста жоқ болған тәсiлдерiн көрсететiн, ал жаңа құндылықтардың
әлi күнге дейiн толық iске қосылмаған әлеуметтiк нормалар жоқ қоғамдық
жағдайды қарастырады” 5.
Ал қазiргi кездегi автор В.Д. Плаховтың пiкiрiнше аномия таза күйiнде
кездеспейдi, себебi кездейсоқ кездесетiн процесстердiң iшiнде бiрнеше
ықтималдылық заңдылықтар кездесiп отырады 6.
Бiрақ бұларды бiр бiрiнен ажырату мүмкiн емес. Кез келген нормамен
аномия бiрге жүредi, және бiр бiрiн толықтырып отырады. Сол сияқты онда
нормативтi мiнез-құлықтың элементтерi болады. Осы аталған жағдайлармен
келiсуге тура келедi, себебi, Қазақстандағы әлеуметтiк жағдайды ескеретiн
болсақ, онда осы мәселелер бiзге ауытқитын мiнез-құлық белгiлерiн ажыратуға
мүмкiндiк бередi. Я. Гилинскидiң пiкiрiнше әлеуметтiк нормаларға қатысты
өзiнiң мазмұны мен мiнездемесi жағынан әртүрлi болуы мүмкiн, бiрақ ол әр
уақытта емес, бiр ғана мезгiлде, уақытта, бiрақ әртүрлi қоғамдар арасында,
әртүрлi топтар арасында болуы мүмкiн 7.
Мысалы, құдайлар нормасы мен “истеблишмент”, ұрылар заңы, көпеген
әртүрлi дiни бiрлстiктердiң заңдары, жастар субмәдениетiтiң нормалары
(хиппи, панктер, рокерлер және т.б.) бар. Моральдық нормалар қоғамның
мүшелерiнiң позитивтi бағаларына қатысты қоғамда құралады, және пайда
болады. Қазiргi кезде әлеуеттiк даму жылдамдықтарымен ерекшеленедi,
соныдықтан да бағалы құндылықтар мен адамдардың бағалылықтары тез өзгередi.
Құқықтық нормалар сол сияқты қатысты ұғым, мемлекеттiң орнатқан
заңдылықтарына қарамастан олар уақыт өткен сайын өзгерiске ұшырап отырады.
Немесе, мысалы, әрбiр мемлекеттегi iстелген қылмыстарға байланысты
жауапкершiлiкке тартылу жастары әр түрлi олар 11 ден 18-20 жас
аралықтарында белгiленедi.
Отандық және шет елдiк әдебиеттердi зерттей келе девиацияның
мәселелерi мен мазмұнына қарай бiз келесi ұйғарымдарға келдiк, олар
ауытқудың негiзгi себептерi адамның өзiнде болады (биологиялық үйлесiм),
қоғамда (жанжал теориясы мен функционалистiк концепциялар), әлеуметтiк
қоршаған ортада (интеракционизм). Социомәдени үйлесiм девиацияның пайда
болу себептерiн зерттеу көп факторлылыққа қарасты, сызықтық үйлесiмнен
алшақтау үшiн дисциплина аралық үйлесiмдi өзiне қосып алады. Жастармен
девианттық мiнез-құлықтарды жасауының себептерi туралы жұмысымыздың келесi
бөлiмiнде толығырақ тоқталып өтемiз.
Бiз алдыңғыда айтқанымыздай, кез келген нормалардан ауытқу девианттық
болып талбылады. Осыннан барып девианттық социологияның пәнi туралы айтуға
болады, ең алдымен әлеуметтiк нормалардың бағалылықты-квалификациялық
ролдер жинағын көрсетедi. Бұндай ұйғарымдарсыз девианттық мiнез-құлықтың
шекарасы мен аймағын танып бiлуiмiз мүмкiн емес, яғни нормалы немесе
нормалы еместiң арасындағы айырмашылықты ажыратуымыз мүмкiн емес. Егерде
осылай айтуға болатын болса, бұл тек қана зерттеудiң ресми бөлiгi ғана, бұл
тек зерттеудiң мiнездемесiне кiретiн объективтi бөлiгi ғана болып табылады.
Осы пәннiң басқа бiр бөлiгi, ол мазмұнды деп аталады: бұл жерде нақты
девианттық мiнез-құлықтың мазмұны туралы, олардың пайда болу көздерi,
түрлерi, себептерi, әрекет ету механизмдерi, салдары, олармен күресу
жолдары және т.б. туралы айтамыз. Осындай мазмұнды жоспарда девианттық
мiнез құлық әртүрлi құбылыстардың түрлерiнiң зерттеулерiне кiредi, ол
әлеуметтiк өмiрдiң контекстiнде, және олардың заңдылқтары ретiнде, текқана
нормаларды бұзу шегiнен емес, басқа да сапалы жақтарынан зерттеуге алу.
Осыннан барып кiлттiк негiзге жақындауға болады, яғни девианттық мiнез
құлықтың анализiн қарастыра аламыз.
Бiз анықтағандай девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – бұл құбылыстардың
кең ауқымдылығы. Кең ауқымда қарастырғанда девиант деген – нормадан
ауытқыған кез келген адам. Осындай ұйғарымда ауытқудың түрлерi мен көлемi
туралы айтқанымыз жөн болар. Девианттық мiнез-құлықтың түрлерiне қылмыстық
шаралар, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелiк, гомосексуалдылық, азартты
ойындар, психикалық бұзылушылық, өзiн өзi өлтiрушiлiк жатады.
Тар мағынасында алғанда девианттық мiнез-құлық деп қылмыстық шараларды
жатқызамыз оның iшiнде қылмыстық жауапқа тартылатындарды, заңға
қарсышығушылықты айтпағанда, осындай ауытқуларды айтамыз. Заңға қайшы iс-
әрекеттердiң жиынтығы немесе қылмыстық iс социологияда ерекше атпен
аталады, ол деликвенттiк (сөзбе сөз қылмыстық) мiнез-құлық деп аталады. Осы
екi мағынада – кең және тар мағынасы да социологияда екеуi де қолданылады.
Бiз девианттық мiнез-құлық мәселелерiн келесi параграфта қарастырып өтемiз,
яғни девианттық мiнез-құлық бөлiмiне арнаған. Ал ендi бiз кiлттiк
категорияларды қарастырамыз: девиация, позитивтi ауытқулар, деликвенттi
мiнез-құлық, саяси мiнез-құлық, жанжалдық девиация, әлеуметтiк аномия.
Алдымен бiз “девиация” түсiнiгiн қарастырамыз. Девиация (рп) латын
тiлiнен аударғанда бағыттан, эталоннан, ортадан, қалыпты жағдайдан ауытқу
дегендi бiлдiредi. Осыдан барып кез-келген нормадан ауытқу. Осындай
абстрактылы шекараны анықтауы бiздi қызықтыратын объектi мен пәнiн ерекше
зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Соныдықтан бiздi әсiресе әлеуметтiк девиация
қызықтырады, сонымен қатар девианттық және деликвенттiк мiнез құлықты
қарастырамыз.
Осы түсiнiктер арасындағы мағынасында әртүрi ерекшелiктер бар. Сонымен
әлеуметтiк девиация процессi мәселенiң философиялық -методологиялық
аспектiсiн, адамның дамуының креативтiк және жанжалдық жақтарын, әлеуметтiк
нормадан кез келген ауытқуларды (позитивтi және негативтi) қарастырады.
Қалыптасып қалған дәстүр бойынша девианттық мiнез құлықты әдебиетте
қолдануы ассоциалды, заңға қайшы мiнез-құлықты, әлеуметтiк нормаларға
сәйкес келмейтiн, мiнез-құлық ережелерi, нақты қоғамдағы бағалылықтарын
ашады. Девианттық түсiнiгi субъектiнiң жеке мiнездемесiн (индивидтiң,
әлеуметтiк топтың), және девианттық мiнез-құлыққа жақындығын көрсетедi.
Осы түсiнiктерге берiлген мiнез-құлықтың индивидуалдылық формалары
анықтамаларға мән берiп қарастырайық.
Негативтi ауытқу – шындық нормалардың қандай да бiр ауытқуларды да
қарастырады (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар қоғамға тұтастай
немесе жеке тұлғаға зиян келтiредi, сол үшiн де тек қана қатардағы
ауытқулар емес (девиация, аномия), патология ретiнде, мiндеттi түрде
қиылысатын ауытқулар түрiн айтамыз.
Позитивтi ауытқулар – бұл қандай да бiр жалған нормалардан ауытқу
(моральдық немесе құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян
келтiрмейдi, ол қарама-қарсы оның прогрессивтi арығарай дамуындағы
жоспарларына пайдалы, себебi олар ескiрген, шаршаған нормаларды ығыстырады.
Позтивтi ауытқулардың криминализациясы – құқықтық жүйенiң толығымен
реттелмегендiгi, оның әлеуметтiк адекваттылығы емес.
Қылмыс – ол қылмыстық құқықтың қандай да бiр нормаларын бұзатын
ауытқуды айтамыз. Қылмыстың жекелеген түрлерi қылмыстық кодекстiң
статьяларына сәйкес қарастырылады.
Деликт – бұл қандай да бiр норманың құқықтық түрiн бұзатын азаматтық,
административтiк және т.б. ауытқулар.
Девианттық мiнез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.
Девианттық мiнез-құлықтың индивиуалды формалары массалық ауытқудың
формаларына сәйкес келедi, олар әдебиеттерде мынандай түсiнiктермен
анықталады, “девианттық”, “заң бұзушылық”, “қылмыскерлiк”, “деликвенттiк”
және “аморальдылық”.
Сонымен қатар, бiз девианттық мiнез-құлықтың негiзгi категорияларын
қарастырдық. Ендi осыдан барып көптеген әлi басы шешiлмеген сұрақтар
қалады: әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн кез келген нормаларды бiз
ауытқитын мiнез құлыққа жатқыза аламыз ба жоқ па? Бұл сұрақ нелiктен туып
отыр, себебi көптеген авторлар “девианттық мiнез құлық”- деген түсiнiк екi
жақты мағына бередi, олар бiр жерлерде пайдалы iс-әрекеттерге де қатысты
айтылатын ұғым (көбiнесе, жаңалық ашуға, әлеуметтiк творчество) 8.
Кутыревтың айтуынша, “девианттық мiнез-құлық жағымды жағына да бағытталуы
мүмкiн; бiз бұлай дейтiн себебемiз, мысалы, оның жазуы бойынша – олар
көбiнде инициатива, кәсiпкерлiк” 8.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша девианттық мiнез-құлық iс-әрекеттерi
қоғамда қалыпты жағдай ретiнде қабылдауға да болады. Осындай жағымды
девианттық мiнез-құлықтың формалары ретiнде қоғамдағы кездесетiн
антиәлеуметтiк немесе жалған нормалардан ауытқуды айтамыз. Бiрақта кез
келген девианттық мiнез-құлықтың формаларын абсолюттендiру, жалпы бiр
идеалды формаға енгiзу мүмкiн емес. Оны қабылдаудың өзi қатаң анализдi
талап ететiн нақты бiр жағдаймен байланысты. Бiздiң қоғамымыз үшiн, әсiресе
нарықтық қатынастар жағдайында, жаңашылдық, творчество, ескiрген
канондардың сынуы тарихи қажеттiлiк пен объективтi қажеттiлiк болып
табылады. Дамып келе жатқан, өсiп өнуге жаңалыққа бейiм организмдi
басқарудың әсерiмен ескiрген, тоқтауда тұрған формаларға үйрету мүмкiн
емес. Керiсiнше, формалар шаруашылықтың арнайы бiр тапсырмаларына қарап
мiндеттi түрде бiр қалыптарға сәйкестелулерi керек. Бұл жерде бiз ескiрген
нормалар туралы айтамыз, олар қоғамның прогресстiң дамуына тежеуiш болып
табылады. Бұл жағдайда жаңашылдық, творчество прогрессивтi нормаларды жоққа
шығармайды, немесе оның ары қарайғы дамуына – не құқықтық, не жағымды
нормаларға еш кедергiсiн тигiзбейдi. Құқық немесе жағымдылық әлеуметтiк
творчествоның активтерiн тек қана шектеп қоймайды және олардың дамуына
көмектеседi. Ал қылмыстық жағдайды алатын болсақ, оны басқаша қарастыруға
болады, қылмыскерлiк бiздiң нарықтық қоғамымызда өзiнiң барлық түрлерiмен
жабайы нарықтың пайда болуы мен етек ала жайылуына, және “либерализация”
процессiнiң болуына көмектеседi, яғни олар экономикалық кризистiң фонындағы
коррупцияның етек ала жайылуына нағыз алғышарттар болып табылады.
Девианттық мiнез-құлықтың келесi түрi ретiнде, бiз – деликвенттiк
мiнез құлықты айтуымызға болады.
Әлеуметтiк нормаларды бұзу салқынқанды немесе салқынқынды емес, саналы
немесе санасыз болп табылмайды. Барлық күрделi ауытқулар, олардың
саналылығына немесе санасыздығына қарамай олардың барлығы заңға қарсы iс-
әрекеттер категориясының қатарына жатады, яғни деликвенттiк мiнез-құлық деп
айтуымызға тiптен болады.
Девианттық немесе деликвенттiк мiнез-құлықты келесi негiздерi бойынша
ажыратуымызға болады: бiрiншiсi қатысты, белгiлi топтың мәдени нормаларына
қатысты емес. Бiрақ деликвенттi мiнез-құлық мемлекеттiң заңдарына
байланысты абсолюттi қарым қатынас. Әлеуметтiк төмендегiлердiң көшедегi
тонаушылықтары, бiр жағынан қарағанда ақша табудың немесе әлеуметтiк
әдiлеттiктi орнатудың қалыпты жағдайы ретiнде көрiнуi мүмкiн. Бiрақ бұл
ауытқу емес, қылмыс, себебi, абсолюттi норма бар жерде – юридикалық заң
бар, олар кiсi тонаушылықты қылмыс ретiнде тiркеп отырады.
Яғни заңға қайшы iс-әрекеттердiң барлығы немесе қылмыстар,
социологияда ерекше атау алды, ол деликвенттiк мiнез құлық деп аталады
(сөзбе сөз ұылмыстық деп аталады).
Әлеуметтiк өмiрде мынадай жағдайлар болуы мүмкiн, ауытқитын мiнез-
құлық (девианттық мiнез құлық) кең әлеуметтiк қабаттарға, әлеуметтiк
институттарға, нормаларға, құндылықтарға тарап, сонымен қоғамның өзiндiк
құндылықтарына қауiп төндiредi. Қоғамның бұндай жағдайы аномия деп аталады,
ол сөзбе сөз талдау жасағанда қоғамның деформациясы, реттелмегендiгi.
Бұл әсiресе әлеуметтiк кризистер, тереңдетiлген реформалар, соғыстар,
революциялық төңкерiстер және басқа да үлкен әлеуметтiк қиыншылықтарда да
кездеседi. Девиацияның барлық саланы қамтитын формасының мiнездемесi
осындай. Қоғамға әлеуметтiк аномия жағдайынан шығудың екi формасы бар:
жедел, шешiмдi және компромиссiз, әлеуметтiк өмiрдiң ұйымдарының және
өзiнiң бағалылықтар жүйесiн өткiзу үшiн радикалды, ұйымдасқан және
динамикалық күштер орын алып отырады; ұзақ, қиындықты, ықтималдылық
iзденiстерi, жаңа әлеуметтiк бағалылықтар мен нормалардың ұйымдар мен
институттардың қоғамның қалыпты жағдайын ұйымдастыру үшiн ақырындап осы
қоғамның мүшелерiн қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi және қызығушылықтарын
алдыға тарту мәселесi. Сол үшiн де Қазақстан қазiргi кезде сы бағытта жұмыс
iстеуге тырысуда.
Девианттық мiнез-құлықтың пайда болуы типологиялық топтардың
ерекшеленуi, спецификалық ерекшелiктерi бар жалпы сүлбелерi бар топтардың
ерекшеленедi. Кейiнгi кездердегi әдебиеттерде адамдардың санасында
негативтi құбылыстардың пайда болуын класиификациялау үшiн iс-әрекеттер
жасалған.
Осыған ұқсас типтендiру адамдар санасындағы бұрынғыдан қалған ескi
қиындықтардан қалғандарға анализ жасауға өзiндiк үйлесiмнiң керек екендiгiн
мiндеттейдi. Бұлайша класиификациялау адамдардың санасына ең кем жағынан
бағытталған – яғни ол мiнез-құлықтағы ауытқуларға (мысалға, әйел адамға
феодалды-байлық қарым қатынас, ұлыдержавалық шовинизм және т.б.).
Басқа көзқарасқа сүйенсек формасы мен түрiне қарағанда ауытқитын мiнез-
құлықтың формасы мен түрлерiне қарап және адамдардың iс-әрекеттiң аймағын
топтастыруды жүзеге асыруда. Осыған сәйкес қарым қатынас аймақтарында
сәйкес – тiкелестiк, эгоизм, қаталды және т.б.; осы рухани өмiрдiң аймағына
– мәдениетсiздiк, бiлiм деңгейiн көтеруге тырыспаушылық және т.б.
Келтiрiлген классификацияда күрделi жетiспеушiлiктерден ада болған,
сол сияқты көптеген негативтi құбылыстардан, бiрiншiден, барлығы да еш
өзгерiссiз қоғамдық өмiрiң аймағына енген, екiншiден, осылардың жартысы
ауытқитын мiнез-құлық формаларын жат қылық деп санайды, себебi, адамдардың
санасы мен мiнез құлықтарында арнайы алып тастауларың бар екендiгiн
мiнездейдi.
Сол үшiн де бiздiң көзқарасымызша, ауытқитын мiнез-құлық формаларын
басқа негiздермен қарастыру мақсат саналық болып табылады, олар адамдардың
өмiр бейнелерiн екi маңызды реттеушiлер бар: олар мораль мен құқық.
Осы айтылған жағдайларға толығырақ тоқтап өтейiк. Құқық пен мораль
әрбiр азаматтың санасындаға өзiндiк марапаттың өсуiне негiз болады, сонымен
қатар осы уақытта ол адамның девианттық мiнез-құлыққа барудан бас тартуға
тәрбиелейтiнiн ескергенiмiз жөн.
Әрине осы түсiнiктердiң құқықтық мемлекет тұрғызу кезеңiндегi
тиiмдiлiгi осы мемлекет құрудағы кезеңде өте тиiмдi, себебi, егер тапсырма
қиын болған сайын оны шешудiң өзi де сол мезеттегi жылдамдығына әкелiп
соғады. Сол үшiн де құқықтық мемлекеттi құру кезiндегi құқық пен моральдың
сәйкес келуi ерекше орын алады.
Құқықтық және моральдық нормалардың сәйкес келуi ғылыми тұрғыдан
тұжырымдама беретiн болсақ, құқықтық мемлекет құрылғанда әлеуметтiк
нормалар жағдайында негiзгi заңдылқтардың өзара әсер етуi тұлғаның
девианттық мiнез құлықтың құқықтық реттеушiсi жағынан қысқартушы және
моральдық фактордың ролiнiң өсу тенденциясы жоғары орын алуда. Әлеуметтiк
нормалардың өзара әрекет ету тенденциясының күшеюi тұлғаның девианттық
мiнез-құлығын реттеуге әсiресе барлық әлеуметтiк нормаларды жақындастыру
формалары айқын көрiнедi.
Құқықтық нормалар олардың орындалуы мемелекеттiк билiктiң беделi
маңызды және қатысты қарым қатынастарды реттейдi. Оларды бұзу қоғамдық
қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына керi әсерiн тигiзедi.
Құқықтық нормаларды бұзатын мiнез-құлықтар, қоғамдық зиянды заңға қайшы
болып табылады. Ғылыми әдебиетте мiнез-құлықтың осындай актiсi заңбұзушылық
деп аталады. Қалған заң бұзушылықтар, моральдық және басқа да әлеуметтiк
нормаларды бұзушылық, әлеуметiк-құқықтық жүйелердi қозғайтын ережелердi –
бiз ассоциалды мiнез құықтарға жатқызамыз. Осындай заң бұзушылықтарға
қоғамдық зиянкестiктiң деңгейлерi жатады, оларды мақсат саналы түрде заң
бұзушылық мiнездемелерi деп атау заңға қайшы келмейдi.Ол дегеніміз қоғамдық
қатынастарға шектiретiн зиянның дейгейiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz